Александров селолық округі



жүктеу 41.33 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі41.33 Kb.
: uploaded -> mzh.sko.kz -> docs
uploaded -> «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
uploaded -> «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
uploaded -> Регламенті Жалпы ережелер «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
uploaded -> Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы «10» қыркүйектегі
uploaded -> Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
docs -> Авангард селолық округі
docs -> Бастомар селолық округі
docs -> Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша село, қала, аудандаға атқарушы органдардың жұмысы жөнінде халықтан ұсыныстар,секертулер, және тілектер жинау бойынша жәшіктерді орналастыру туралы
docs -> Надежка селолық округі
Александров селолық округі

Александров селолық округінің алып жатқан аумағы 29003 га. Екі елді мекен орналасқан: Александров селосы және Алуа ауылы, Александров селосында -473 тұрғын, Алуа ауылында -132 адам тұрады.

Қабылданған ауыл аймақтарын дамыту бағдарламасы барысында селолық округте оң өзгерістер бар. Осы жылы округ бойынша 21237 гектар жерге дәнді дақылдар себілді. Жалпы егіннің өнімі жақсы болды. Орта есеппен гектарынан 14 ц. өнім жиналды.

Мал шаруашылығының дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі және ауыл тұрғындарының өзін-өзі қамтуы егістік өніміне байланысты. Округте қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жақсы жағдай жасалған. Округ тұрғындарында ІҚМ -550, оның ішінде 335 сиыр, қой -445, жылқы- 216, шошқа -170, құстың барлық түрлері -1960 бар. Жеке меншік малдары бар село тұрғындары жем-шөппен толық қамтылғын. Село тұрғындары өз өнімдерін «Фиксель» ЖК арқылы немесе Петропавл қаласында жәрмеңкеде сатуға мүмкіндіктері бар. Ағымдағы жылы 2,5 млн. теңгеге мал өнімдерін өткізді.

Округ бойынша шағын және орта бизнесті дамытуда «Лива» микробірлестігі арқылы несиелер бөлінуде, 2010 жылы жұмысшыларға 660,0 мың теңге сомасында несие берілді.

Селолық округ аумағында Александровка селосында 2 дүкен бар. Осы дүкендер ауыл тұрғындарын қажетті күнделікті тұтыну тауарларымен толық камтиды.

Александров селосының тұрғындары скажина арқылы, Алуа ауылының тұрғындары магистралды су құбыры арқылы ауыз суымен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылда 500 метр су құбыры ауыстырылды.

Александров селосында 2 су тарату колонкасы жөнделіп мектеп ғимараты жанындағы су тарату колонкасына су тартылды.

Бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін округ салықтың барлық түрлерін 100 пайызға орындады.

Жолдардың сапасын арттыру қаржылық шығынды талап ететін негізгі міндет болып табылады.

Осы жылы Александров селосымен Алуа ауылында бір шама жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Возвышен жол учаскесі Александров –Возвышен жолын тегістеп, ойлы-қырлы жерлерді жөндеді.

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы жақсы байланыс орнатты, байланыс радиожетімділігі арқылы 135 абонентке және алыс –жақын шетелдермен байланысуға мүмкіндік туғызды. Александров селосында пошта торабы жұмыс істейді, онда жарыққа, телефон және басқада төлемдерді өтеуге болады.

Балалар – ел болашағы, осы орайда мемлекет жас ұрпақты өсіріп- оқытуға көп көңіл бөледі. Біздің селолық округте 2 мектеп бар, Александров селосындағы орта мектепте -70 оқушы, мектеп алды тобында 6 бала тәлім-тәрбие алып оқуда, Алуа ауылында мемлекеттік тілде бастауыш мектебі жұмыс істейбі онда - 7 бала оқиды. Алуа ауылының 20 баласы Возвышен мектеп-интернатында оқиды.

Барлық мектептер мамандармен толық қамтылған, телефон орнатылған және компьютермен қамтамасыз етілген, компьютерлер Интернет желісіне қосылған. Барлық оқушылар ыстық тамақпен қамтылған . Төменгі сыныптың 15 оқушысы «Эдельвейс» шаруашылық қожалығы есебінен тамақтанады (ұжым басшысы В.А.Кених) және 15 оқушы «Александров» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есебінен тамақтанады (басшысы В.П.Чернышев) .

Көпбалалы және отбасы аз қамтылған отбасы балалары жалпы оқу қоры арқылы матаериалдық көмекпен қамтылған, жазғы сауықтыру алаңдары ұйымдастырылған. 2009 жылдан бастап Александров орта мектебінде шағын орталық ашылған. Онда 13 бала оқиды, Алуа ауылындағы бастауыш мектепте шағын орталық бийылғы жылы ашылды, 6 бала оқиды. Шағын орталықтар мамандармен қамтылаған, онда жасөспірімдердің оқып демалуына барлық жағдайлар жасалған.

Жыл сайын біздің мектептердің материалдық базалары жақсаруда, жөндеу жұмыстары үнемі жүргізілуде. Александров орта мектебінде ауыр атлетика, волейбол, стол теннисі, баскетбол секциялары жұмыс істейді. Интеллектуалды, ойын-сауық және тәрбие жұмыстары бойынша іс-шаралар өткізіліп тұрады. Округтің дамуы бойынша ең басты мәселенің бірі адам денсаулығы. Бұл үшін округта екі медициналық пункт бар, Александров селосы мен Алуа ауылында. Оның ішінде қажет дәрі алу үшін дәріхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жыл сайын медициналық пунктерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады, медициналық құралдар және қысқы отын –көмірмен толығымен қамтылған.

Возвышен селолық ауруханасының дәрігерлері айына бір рет келіп азаматтарды қабылдайды. Тұрғындардың әлжуаз топтарына қолдау көрсету үшін кәсіпорын мен қожалық басшылары аудандық жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға ат салысуда. Әлеуметтік жұмыс орындары ашылуда. Осы жыл аралығында 42 адам жұмыспен қамтылды, уәкілетті органдар арқылы 23 адам, қоғамдық жұмыстарға 4 адам тартылды.

«Жол картасы» шеңберінде Жастар тәжірибесі бойынша 2 адам жұмыспен қамтылды. Округте мемлекеттік әлеуметтік көмекке мұқтаж 35 отбасы бар, олар балалар жәрдемақысын және 4 отбасы арнайы атаулы әлеуметтік көмек алады.

Мәдениет саласына келетін болсақ, округте Мәдениет Үйі жұмыс істейді және 8425 кітап қоры бар кітапхана қызмет атқарады. Округте Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Конститутция күні, Қарттар күні, Тәуелсіздік күндері мерекелік мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Кітапханада балалар мен село тұрғындарының қатысуымен мәдени іс-шаралар өткізілуде .

Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен кездесуінде айтылған ескертулер мен ұсыныстардың шешілгендері: телефон байланысы жақсарды, әр үйде антеналар орнатылды, тұрғындар өтініштері бойынша 120 штакетник жеткізілді, апат жағдайдан кейін электр желілері уақытында жөнделеді.

Александров орта мектебіндегі мұғалімге толық ставка беру мәселесі оң шешілді. Жыл бойы Булаев қаласында алыс бағыттағы поездардың тоқтауы жөніндегі мәселе шешіліп, алдымыздағы жылдағы мамыр айынан бастап поездар тоқтайтын болады. Александров-Соловьев шекара өткелінде жеңілдетілген пункт арқылы жүріп-тұру мәселесі толығымен шешімін тапты. Шекарадан ары-бері өту кестесі 1 сәуірден 1 қарашаға дейін сенбі-жексенбі бойы сағ.10.00.-18.00. дейін .

2011 жылдың басты бағыты елді мекендерді абаттандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.



Ел тұрғындарының бос уақытын мәдениетті өткізу, спорттың дамуына қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыс жүргізу қажет. Осы басты басымдықтарды іске асыру жолындағы іс-шаралардың орындалуы округ тұрғынының қолдауы мен түсінігіне байланысты.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет