Алға негізгі мектебі. Қазақ тілі,әдебиет пәні мұғалімі: Бекенова Алия Амантаевна



жүктеу 169.5 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі169.5 Kb.
: 42E4CCCB80027488
42E4CCCB80027488 -> Алға негізгі мектебінде 16-22 қараша аралығында өткізілетін тақырыбы: «Көңілді старт» атты іс-шаралар жоспары 2015-2016 оқу жылы
Алға негізгі мектебі.

Қазақ тілі,әдебиет пәні мұғалімі: Бекенова Алия Амантаевна

Жамбыл дүниеге екі рет келді:
тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан, тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды.
Ғ. Мүсірепов.

Жамбыл...... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жахан, айдай әлемге жария етті.

Қақаған қара аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

Сабақтың тақырыбы: « Жыр алыбы- Жамбылға 171жыл.

Сабақтың мақсаты:Б/К Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.

Д/Қ:Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.

Т/К: Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

Сабақтың әдіс- тәсілдері:әңгімелеу, мәнерлеп өлең оқу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ақын жазушылардың пікірі, буклеттер, ақын өлеңдерінен үзінділер,сурет, кітап көрмесі, сөзжұмбақ,Жамбыл әлемі фотосуреттер.

Сабақтың барысы: Кіріспе. Мұғалім сөзі.

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,

Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.

Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,

Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,

Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.

Көтерген көкке төбе тірелгенше,

Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған тәрбие кешіне хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.

      Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 170 жасқа толып отыр. Осы мерейтойға арналған би шашу.

Сахнада 2-4 сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.

1-жүргізуші:Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының  сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.

2-оқушы: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің  бар шындығын жырлады.

3-оқушы:Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын  оған ақ батасын берген.

    Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері,дастандары бар.

2-оқушы:  Тірек сызба мен жұмыс.

                          Поэзия алыбы.

Жүз жасаған.                              Айтыс ақыны.

Дастаншы.           Жамбыл

                                   Жыр алыбы.

Ауыз әдебиет алыбы.               Суырып салма ақын.

                             Қазақтың Гомері.

3-оқушы: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.

      Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге  ұқсамайтын дара , оқшау бет – бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә азаматтық әуеннің де        ақыны.                                                           М. Әуезов.

      Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.                    

                                                             С. Сейфуллин.

      Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың.                               І. Жансүгіров.

      Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі.               С. Мұқанов.

4-оқушы.Слайд. «Жамбыл әлемі» Фотосуреттер.

Жамбылдың үрім бұтақтары жөнінде әңгімелеу.

5-оқушы: « Халық –менің шын атым.

Жамбыл деген – жай атым,

Халық – менің шын атым,

Жай –құйрығым, қанатым,

Қазақстан- Отаным.

Қалаған бақыт мұрасын.

Кеңес – менің мыңдап жыл.

Аңсап тапқан мұратым.

Жаңқамды жауға бермеске,

Отанға берген бар атым.

 Миллион- миллион барлық жан ,

Арыстан жүрек ер балам,

Сарқылғанша талшы қан,

 Қорған, шебін құратын,

 Жау мойынан жұлатын-

 Атым осы болатын...

6-оқушы:Балаларға.

Балалар, аманбысың, шырақтарым,

Майысып көлге біткен құрақтарым!

Жүрмесем есендесіп, тұра алмаймын,

 Ішінен асып, кетсе бір аптаның.

 Қонаққа келді , міне , Жамбыл атаң,

 Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,

Қарт бабаң дәуіріне мейіріне қанған,

Қуанып жастығына сендей, ботам.

Білемін өмірлерің тұрған жайнап,

Күндіз- түн жастық үшін жарық сайлап.

 Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен

Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.

7-оқушы:Жаныс ақынға.

Менің пірім  Сүйінбай,

Сөз сөйлемен Сыйынбай!

Сырлы, сұлу сөздері,

Маған тартқан сыйындай!

Сүйінбай деп сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап,

Қара дауыл құйындай!

Екпініме кезіккен

Кетер ме екен жығылмай!

Құлаштап бір кетейін,

Көбен құсап тығылмай....

8-оқушы:Шындық туралы.

Осынау жалпақ жалғанда,

Жамбыл қартың талмады.

Іздеуден шындық жүрегі,

Бір уақыт та тынбады.

 Жетпіс бес жыл өткеше,

 Дауылда ұшқан кептерше,

 Көз ұшында бұлдырап,

 Қуған шындық зарлады.

 Ұшқыр ойым ұмтылды,

 Сонда да оған жетем деп,

Кешусіз теңіз, асусыз.

Таудан да зырлап өтем деп,

Бөгеттен бірақ өте алмай,

 Шындыққа қуған жете алмай,

 Ұзақ жүрдім тепеңдеп.

9-оқушы:Қайта келген жастық шақ.

Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты,

Тоқсаннан әрі кетіп, жүзге асты.

Шебер сөз , асыл меруерт, шаттық күйі

Жамбылдан енді, сірә, құтылмас-ты.

Бұл Жамбыл көрген бұрын талау- таран,

Кез болды енді оған алтын заман!

Кең жатқан байтақ ұлан шежіремін,

 Тарихтың домбырасын қолыма алам!...

10-оқушы:Жасымнан атым аян Жамбыл едім.

Жасымнан атым аян Жамбыл едім,

Сүрінбей қара өлеңге даңғыл едім.

Самғасам, сары түнде шалдырмайтын,

Қарқырап қайран даусым қалды менің.

Шалқыған самғап көкке қайран әнім.

Кіргіздің  талай жерде тойдың сәнін.

А десем, аузымнан бытырайды,

Көкірегің кірілдеп,

Көздің алды іріңдеп,

Қаз- қаз басқан баладай,

Буындарың дірілдеп,

 Қартайған соң , немене,

Қауіп ойлайтын күнің көп.

Айлашы екен кәрілік,

Бірге түнеп, бір жүріп,

Сыр білдірмей, сұрамай,

 Не көрсетіп тонамай,

 Мүшеңді алған біріңдеп.

12-оқушы: Алғадай баласына арналған өлеңдері.

                   Аттандыру.

Атаңнан бата ал ,балам,

Арғымақ атқа  мін, балам,

Ақ сақалым желбіреп,

Артыңнан қарап мен қалам.

Құлағыңда, құлыным,

Дауысым жүрсін жырлаған.

Алғадайым, арлы едің,

Ата сөзін сыйлаған....

13-оқушы: Балама хат.

Хатыңды, балам ,оқыдым,

Халіңді білдім сапардан.

Қуанып саған отырмын,

 Гвардеец атанған.

Сұраншы, Саурық секілді,

Болыпсың , балам, қаһарман.

Қайтармай жаудан бетіңді,

 Қаптаған қолға қасарған.

14-оқушы:Алғадай туралы.

Түне күні кеткеннен,

Ғали, жаңа келдің бе?

 Алғадайдың мүрдесін

Жол жөнекей  көрдің бе?

 «Топырағың торқа боп,

Тыныш ұйықта» дедің бе?

Қалай қиып қалдырдың

Қарт әкеңді еліңде?...

15-оқушы: Ленинградтық өренім.

Ленинградтық өренім ,

Мақтанышым  сен едің !

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағындай көремін.

Көпіріне қарасам,

 Көмкерген су көлемін

Өркеш- өркеш жарасқан

Шоқылардай дер едім....

16-оқушы:  Алатау

Тізілген таулары бар жетісудың,

Ішінде орман, тоғай біткен нудың.

Дариядай тулап аққан сол таулардан

Көресің тамашасын аққан судың.

Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,

 Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін

Өрік, алмағ алмұрт, жиде жемістер көп,

Бір татсаң , аузыңнан дәм кепейтін....

17-оқушы : Аққу едім.

Жамбыл ем, кеше кім едім,

Дуадақ едім шөлі жоқ,

 Аққу едім көлі жоқ,

 Сыбызғы едім үні жоқ,

Асыл едім құны жоқ.        

Енді , міне , кім болдым,

Елім сүйген жыр болдым.

Көрермендермен ойын. Сөзжұмбақ.

1.Жамбылдың әкесінің есімі.

2.Дүниеге келген айы.

3.1881жылы Жетісуде қай айтыскер ақынды жеңіп алды?

4.Жамбылдың ұстазы кім?

5.Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады.

6. Жамбыл1938жылы қандай орденмен марапатталды?

7.Жамбыл қанша жасаған?

8.Жамбылдың ұлының аты кім?

9. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп аталады?

10.Екі ақынның бір- бірімен жарысар өлеңі.

11.Жамбылдың шәкірті кім?

12.Алматы қаласының патшалық кезеңдегі аты.



 

ж

а

п

а

 

 

А

қ

п

а

н

 

қ

ұ

л

м

а

м

б

е

т

 

с

ү

й

і

н

б

а

й

 

 

ы

н

т

ы

м

а

қ

қ

а

 

л

е

н

и

н

 

 

 

 

 

ж

ү

з

 

 

А

л

ғ

а

д

а

й

 

 

б

а

т

а

 

 

а

й

т

ы

с

 

 

К

е

н

е

н

 

 

в

е

р

н

ы

й

 



























































































Келесі ән шашу 6 сынып оқушысы орындауында.                                                 

Мұғалім: Сиынып аруағына бабамыздың,

                    Киесін ұққандаймын даламыздың.

                    Жырлары-шежіресі еліміздің,

                    Сырлары-сағынышы санамыздың.

Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 171 жылдығына арналған тәрбие сағаты аяқталды.Ынта қойып,тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.



 

Жамбыл Жабаев (1846 - 1945жж.)


Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып - соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.

Руға, атаға, бай мен кедейге бөлінген ол кездегі ауыл ішінде Жамбыл кейбір ақындардың байларды мақтайтынын, керісінше, бірсыпырасының еңбекші халық мүддесін жақтайтынын көреді. Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері Жетісу бойына атағы жайылған Сүйінбайға қатты ұнайды, ол бала ақынға көп ақыл береді, сөз өнерін сүйе білуге баулиды.

Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: «... Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын елең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл», - депті.
Ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, оғын жоқтау үшін пайдалану қажет екенін түсінген Жамбыл өзінің алғашқы ірілі - уақты өлеңдерінде - ақ байларды мінеп - шенеп отырады. Әсіресе Досмағамбетпен айтысында мұндай әлеуметтік теңсіздік тақырыбын ақын тереңнен қозғауға ұмтылады. Жамбыл өз өлеңдерінде бай мен билердің, төрелердің елге жасаған қиянаттарын әшкерелейді, халық мүддесін өз өлеңдеріне арқау етеді.

Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады.
Байлардың, патша әкімдерінің ақындық талантты тұншықтырмақ болған әрекеттеріне Жамбыл батыл қарсы шығады. 1913 жылы Алматы уездік әкімдерінің Николай Романов патшаның тұқымын мақтап жырла деген бұйрығын орындаудан бас тартады.

ХІХ ғасырдың 70 - 80 жылдарында Жамбыл белгілі ақын болады. Бұ кезде ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығарады. Патша династиясының 300 жылдығына арналып Алматыда көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қазақ байлары ақ үйлерін тігіп, қымбатты дүниелерін қойып, жасауларын жияды. Қазақ байлары мен әкімдерінің бұл жағымпаздық қылықтарын шенеп, Жамбыл «Өстепкеде» (көрмеде, орыстың «выставка» деген сөзінен алынған) деген өлең шығарады.
Үйсін, найман саңлағы,
Өстепкеде жиылдың.
Елде жүрген Егейлер
Қалада құр үйілдің.
Ұлық көрсең ұйлығып,
Желді күнгі қамыстай
Жапырылып иілдің, Келтірдіңдер намысты,
Бек қорланып күйіндім.
Жоқшылықтан, қаналудан азып - тозған бейшара кедейлердің аянышты хәлі Жамбылға зор әсер етеді. Ол еңбекші халыққа себім, пайдам тисе екен деп ойлайды, солардың мүддесіне лайық өлең жырлар шығарады.
1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бірге болып, патшаның майдандағы қара жұмысқа адам алу туралы жарлығына қарсы үгіт айтады. Ел арасындағы толқуды көрген патша әкімдері халықты алдап, үгіт таратады. Бұған қазақ ақындарын да тартпақ болады. Осы мақсатпен патша әкімдері ел ішіндегі бір топ ақынды, ішінде Жамбыл да бар, Алматыға айдап әкеліп, ат қораға қамап қойып қорқытып, патшаның жарлығын қолдап жыр айтыңдар дейді.
Осы оқиға жөнінде Жамбыл:
Үгіт айт, патшаны мақта деді,
Болып жатқан соғысты жақта деді.
Жыр айтсаң, құдай менен пайғамбарды айт,
Онан басқа жырыңды таста деді, -
дейді.

Сөйтіп, әкімдердің бұл бұйрығын Жамбыл бастаған бір топ ақын орындамайды. Бір жеті қамап күштесе де, айтқанын істете алмаған патша әкімдері бұларды босатып жіберуге мәжбүр болады.
Халықтың азаттық көтерілісін патша үкіметінің жазалаушы отрядтары қарулы күшпен аяусыз басты. Көтеріліске қатысқан, оған басшылық еткен адамдарды қолға түсіріп, жазалап, атып - асып отырды. Бұл ауыр күндерді өз көзімен көрген Жамбыл «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» атты өлең - жырларын шығарды.
Бір жағынан, патша әкімдерінің, екінші жағынан, бай мен болыс - билердің қуғынына ұшырап, талан - таражға түскен халық қатты күйзеліске ұшырайды. Бұл кезде жасы 70 - ке жетіп қалған Жамбыл өлеңнен қол үзеді.

Революция туралы Жамбыл «Менің бақытым» деген әңгімесінде: «Мен шыңыраудан шығып, тамаша гүлдерді, жұпар иісті шөптерді, қыруар араларды, сымбатты үйлерді көрдім. Мен нағыз күнді көрдім. Таудың асыл тасындай таза ауада дем алдым. Менің жаным да алма ағашындай гүлдеді. Көзім жұлдыздай жайнап, кеудемді шаттық кернеді. Өлеңдерім Іле өзеніндей тасыды. Сен жасардым, 18 жасар жігіттей шығыма келдім», - дейді. Революция әкелген «тәуелсіздік пен бостандық» тек Жамбылдың ғана емес, бүкіл езілген еңбекші халықтың қуанышы болды.
20 - жылдары Жамбыл бастаған халық ақындары қазақ аудандарындағы құрылыс жұмыстарына белсене араласып, жаңа бостандық өмірді шаттық сезіммен жырлайды. «Қазақстан тойына» (1924), «Замана ағымы» (1927) атты ұзақ жырларында жамбыл қазақ еңбекшілерінің қол жеткен жеңістерін жырлайды.

1929 жылы Жамбыл колхозға мүше болып, өзі қайтыс болғанға дейін ол Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл атындағы колхозда тұрды.
1936 жылы Жамбыл халық өнерпаздарының республикалық слетіне қатынасып, ақындық жарысқа түседі. Осы слетте Жамбыл жыр, толғаулар шығарады.
Сол жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткізілді. Жамбыл осы онкүндікке қатысып, осы сапарда «Халықтың сәлемі», «Дастархан жыры», т. б. жырларын айтып, таратты.
Жамбылдың ақындығы бүкіл жұртшылыққа бірден танылды. Халық поэзиясын өркендетудегі еңбегін айрықша бағалап, кеңес өкіметі осы жолы Жамбылды Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтады.
Бұл құрмет, сый, қамқорлық Жамбылдың ақындық шабытын өрлетті. Бұл жылдары көптеген өлең - жырлар шығарды.
1937 жылы грузин халқының ұлы ақыны Шота Руставелидің туғанына 750 жыл толды. Одақтың барлық халықтары бұл мерекені зор құрметпен атап өтті. Грузияда болған салтанатты жиынға Қазақстан делегациясының басы болып Жамбыл қатысты. Қарт ақын бұл сапарында көп жерлерді көріп, туысқан Грузия халқының ақыны Шота Руставели туралы, Отан туралы, «Кавказға», «Ақынға», «Кавказға сәлем», «Өмір жыры» деген өлеңдерін шығарды.
1938 жылы мамыр айында Жамбылдың ақындық қызметінің 75 жылдық мерекесі өткізілді. Бұл күндері Жамбылды Кеңес Одағының барлық халықтары құттықтады. Шетелдердің прогресшіл мәдениет қайраткерлерінен де құттықтау телеграммалар келді. Мереке бір жағынан халқымыздың сан алуан, бай өнерінің, өсіп - өркендеген мәдениетінің зор айғағы болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Жамбылды Ленин орденімен наградтады.

1938 жылы КСРО Конституциясы негізінде Қазақ ССР - нің Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш сайлауы өткізілді. Жамбылды осы сайлауда халық Жоғарғы Кеңесіне депутат етіп сайлады. Жоғарғы Кеңесінің 15 - шілдедегі бірінші мәжілісін Жамбыл ашты.
Соғыс қарсаңында Жамбыл Москваға тағы да барып, ондаған оқу, өндіріс, мәдениет орындарымен танысады. Ақынның бұл кездегі бірсыпыра өлеңдері «Правда» газетінде басылады. Бұл өлеңдері туысқан республика халықтарының тілінде және шет тілдерге де аударылады. 1939 жылы үкімет Жамбылды Құрмет Белгісі орденімен наградтады.
Жамбыл өзінің Кеңес Одағының әрбір маңызды оқиға мен әрбір қол жеткен табысқа үнемі ақындық үнін қосып отырады.

«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты тарихи тақырыпқа арналған поэмаларын ақын асқан шабытпен, жаңа мән, мағына беріп жырлады. Ақын ол екі поэмасын да бүгінгі заманмен, бүгінгі өз сезімі, өз қуанышымен аяқтайды. 1941 жылы үздік шығармалары үшін Жамбылға Мемлекеттік сыйлық берілді.
Соғыс жылдарын Жамбыл жалынды, өткір өлеңдерімен халқымызды бейбіт елімізге тұтқиылдан тиген жаудан кек алуға жігерлендірді.
Өмірінің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болды.

1946 жылы Жамбылдың туғанына жүз жыл толуын республикамыз үлкен мереке етіп өткізді. Жамбыл шығармаларының академиялық жинағы басылды. Кейінгі жылдарда ақын еңбектері бірнеше рет орыс тілінде басылып шықты. Ғалымдар Жамбыл поэзиясының ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Жамбыл үйі мұражайға айналдырылды. Байтақ Отанымыз бен шетелден келген қонақтар осы мұражайға келіп, ақынның өмірімен танысады, шығармаларын оқиды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет