Алғашқы бөлім «Менеджерлердің ақпараттық технологиялардағы рөлі» деп аталады. Бөлім бірнеше тақырыпты қамтиды, ал тақырыптар өз кезегінде бірнеше тақырыпшаларды қамтиды



Дата01.10.2019
өлшемі33.04 Kb.
Henry C. Lucas, Jr автордың “Information Technologies for Management” атты кітабы ақпараттық технологиялар саласында басқаруға мүмкіндік беретіндей жеткілікті мәліметпен қамтылған. Кітапта әр түрлі теориялармен қоса осы ақпараттық технологияларды пайдаланып, оларды басқара білудің арқасында жетістікке жеткен фирмалар мен компаниялар мысалға келтіріледі. Жалпы алғанда, кітаптың мақсаты – ақпараттық технологияларды білу арқылы басқаруда жетістікке қол жеткізу.

Алғашқы бөлім «Менеджерлердің ақпараттық технологиялардағы рөлі» деп аталады. Бөлім бірнеше тақырыпты қамтиды, ал тақырыптар өз кезегінде бірнеше тақырыпшаларды қамтиды. Бірінші тақырып «Ұйымды өзгерту үшін технологияларды қолдану» деген атауға ие. Осы тақырыпта қарастырылған әрбір тақырыпшада қандай мәселелер көтерілгенін қысқаша көрестіп өтемін.

Бірінші тақырыпша «THE SENIOR MANAGER» - «Аға менеджер». Жалпы, бұл тақырыпшада кез келген жетістікке жеткен фирманың аға менеджерлері ақпаратттық технологияларды айтарлықтай түсінгенін көретініміз айтылған. Сонымен қатар ақпараттық технологияларды пайданалудағы артықшылықтар мен статистикалық мәліметтер көрсетілген. Жалпы менің есімде осы бөлімде айтылған мына сөз ерекше қалды: «Бірнеше эксперттердің болжауынша компанияның екі типі бар: технологияларды қалай басқару керек екенін білетін және оларды өздерінің қызығушылықтарында қолдана алатын компаниялар және бизнеспен айналысуды тоқтатқан компаниялар»

Екінші тақырыпша «INFORMATION TECHNOLOGY IN THE WORKPLACE» - «Жұмыс орнындағы ақпараттық технологиялар». Бұл тақырыпшада компьютерлердің басқару саласына келуінің қысқаша тарихына шолу жасайды. Ол кездерде компьютер «әлемді өзгерткен машина» деп аталып кетті. Тарихқа шолу барысында бізге 1990 жылдардың ортасында екі әйгілі топ-менеджерлердің жұмысынан ақпараттық технологиялардың кесірінен айрылғаны айтылады. Олар «денсаулықты қорғау ұйымында» жұмыс жасаған болатын. Ұйымға келген жаңа компьютерлерді басқара алмау себепті фирма шығынға ұшырайды. Осы ретте Solectron компаниясының жетістіктері мен оның қалай виртуалды түрде жұмыс жасайтынын атап өтеді. Тақырыпшаның қортындысында менеджердің ақпарттық технологияларды басқаруды меңгеру арқылы бәсекеге қабілетті бола алу қажеттілігі айтылады.

Үшінші тақырыпша «A VISIT TO BRUN PASSOT IN FRANCE» - «Франциядағы Брюн Пассоға бару». Бұл тақырыпшада алғаш рет клиенттерге тауарларды электронды түрде ұсыну арқылы ерекшеленген концелярлық өнімдерді шығаратын компания басқарушысы француздық Брюн Пассо туралы айтылады. Ол шығарған жүйе бойынша клиент тапсырыс берген кезінде тауар ақысы кредиттік карточкадан алынып отыратын болды. Бұл технологиялардың енгізілуі фирманың дамуында үлкен рөл ойнады. Бұл жағдайлардың барлығы фирманы технологиялар арқылы басқару қабілеттілігін көрсетеді.

Төртінші тақырыпша «WHAT IS INFORMATION TECHNOLOGY?» - «Ақпараттық технология деген не?». Бұл таұырыпшада бүгінгі таңда компьютерлер коммуникация үшін, сонымен қатар сақтау және есептеу функциялары үшін кеңінен қолданылатындығы айтылады. Яғни, бірінші есептеуіш кезеңі есептеулермен байланысты болса, қазір коммуникациямен байланысты болды. Менеджерлер тапсырмалар мен шешім қабылдауды ақпараттық жүйелерді басқару арқылы жасайды. Осылайша, ұйым клиенттерге жедел қызмет етеді.

Бесінші тақырыпша «TRANSFORMING ORGANIZATIONS» - «Өзгертілетін ұйымдар». Тақырыпшада ақпараттық технологиялар ұйымдарды қалай өзгертіндігі жазылған. Компанияның технологиялық инфрақұрылымы мен жұмыс жайында ақпараттарды осы тақырапшадан таба аламыз. Компанияның технологиялық инфрақұрылымы компьютерлер желісін қамтиды. Жеке клиенттік жұмыс станциялары желі арқылы серверлер ретінде жұмыс істейтін үлкен компьютерлерге қосылады. Ұйымда ішкі интрасеть бар, ал ішкі клиенттік компьютерлер интернетке қосылған, сондықтан фирманың қызметкерлері клиенттермен, жеткізушілермен және олармен өзара іс-қимыл жасау қажет басқа тұлғалармен байланыса алады.

Алтыншы тақырыпша «INFORMATION TECHNOLOGY AND THE MANAGER» - «Ақпараттық технология және менеджер». Бұл тақырыпша маңызды тақырыпша болып табылады. Менеджерлер ұйымның болашағына қатысты шешім қабылдауда маңызды рөл ойнайды. Сонымен қатар ақпараттық технологияларды ұйым үшін жобалауға қатысты шешімді де қабылдайды.


Жетінші тақырыпша «THE CHALLENGE OF CHANGE» - «Өзгеру мәселесі». Ақпартаттық технологиялардың ерекшелігі – олардың әрдайым өзгеріп отыратындығында. Бұл саладағы өзгерістер басқа да салардың дамуына әсерін тигізеді. Атап айтар болсақ ұйымдарға, ұйымдардың құрылымдарына, ұйымаралық қатынастарға, экономикаға, білім саласына өз әсерін тигізеді.

Сегізінші тақырыпша «SIX MAJOR TRENDS» - «Алты негізгі тенденция». Бірінші тақырыптың соңғы тақырыпшасында соңғы жылдары ақпараттық технологияларды қолдану әдісін түбегейлі өзгерткен 6 негізгі тенденция жайында сөз қозғалып, олар туралы ақпарат беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет