Алғашқы ветеринариялық көмек пәнінен мб-2 2015-16 оқу жылы эссе тақырыптары



жүктеу 170.34 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі170.34 Kb.
: ebook
ebook -> 8 зертханалық жұмыс Желілік хаттамаларды оқу №1 бөлім Жұмыстың мақсаты
ebook -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
ebook -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
ebook -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
ebook -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
ebook -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
ebook -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
ebook -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
ebook -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
ebook -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
Алғашқы ветеринариялық көмек пәнінен - МБ-2

2015-16 оқу жылы
ЭССЕ тақырыптары:

  • «Уланған жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету»

  • «Малдардың ішкі жұқпалы емес ауруларында алғашқы ветеринариялық көмек көрсету»

  • «Жануарларға акушерлік көмек көрсету»


Бақылау сұрақтары:

  1. Инфекциялық ауруға шалдыққан жануарларға алғашқы вет. көмек көрсету

  2. Малдардың улы өсімдіктермен улануы, алғашқы ветеринарлық көмек

  3. Малдардың өсімдіктерді техникалық өңдеу барысында алынған азықтардан уланғандаалғашқы ветеринариялық көмек

  4. Электр тогынан жарақаттанғанда алғашқы ветеринариялық көмек көрсету

  5. Малдардың зең саңырауқұлақтармен залалданған азықтармен улануы, алғашқы ветеринарлық көмек

  6. Сауынды сиырлардың мочевинамен улануы, алғашқы ветеринарлықкөмек

  7. Күйген малға көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек

  8. Тимпания (іш кебу), алғашқы ветеринарлық көмек

  9. Қуық спазмасы (тұтылуы), алғашқы ветеринарлық көмек

  10. Күйіс қайыратын малдардың қарнының гипотониясы, емі

  11. Плевросинтез, қолданылуы, техникасы

  12. Төлдеу (туу) уақытының ұзаруы,алғашқы ветеринариялық көмек

  13. Төлдің туу жолына дұрыс келмеуі, алғашқы ветеринарлық көмек

  14. Уроцистит, алғашқы ветеринариялық көмек

  15. Көмекей мен өңешке бөге заттың тұрып қалуы,алғашқы ветеринариялық көмек

  16. Шудың уақытында түспеуі,алғашқы ветеринариялық көмек

  17. Нефрит, алғашқы ветеринариялық көмек

  18. Туғаннан кейінгі парезді емдеу

  19. Трахеотомия, техникасы, қолданылуы

  20. Инфекциялық аурулар жөнінде айтыңыз

  21. Малдардың химиялық заттардан улануы, алғашқы ветеринарлық көмек

  22. Жануарлар ас тұзынан уланғанда алғашқы ветеринариялық көмек көрсету

  23. Жануарлар нитриттер мен нитраттардан уланғанда алғашқы ветеринарлық көмек

  24. Сүйектің ашық сынығы, алғашқы ветеринариялық көмек

  25. Жатыр түскенде алғашқы ветеринарлықкөмек көрсету

  26. Сүйектің жабық сынығы, алғашқы ветеринарлық көмек

  27. Атонияда алғашқы ветеринарлық көмек көрсету

  28. Алғашқы ветеринарлық көмек көрсеткенде зондтарды қолдану

  29. Қуыққа катетр енгізу техникасы

  30. Күйіс қайыратын малдардың қарнының гипотониясын емдеу

  31. Жануарлар уланғанда антидоттарды қолдану

  32. Фетотомия, қолданыу техникасы

  33. Қазақстанда өсетін улы өсімдіктер туралы айтыныз

  34. Туғаннан кейінгі парездің себебі, клиникасы

  35. .Инвазиялық аурулар туралы айтыныз

  36. .Инфекциялық ауруларға қарсы шаралар

  37. Қынаптың түсуінің себебі, клиникасы




  1. Қынап түскенде алғашқы ветеринариялық көмек көрсету

  2. Жануарлардың аса қауіпті инфекциялық аурулары, вет.санитариялық шаралар

  3. Жатырдың жиырылуын үдететін дәрілерді қолдану

  4. Гидроторакс, емі

  5. Алғашқы ветеринарлық көмек көрсеткенде парафинмен емдеу

  6. Жануарлардың нитраттармен, нитриттермен улануының себебі, клиникасы

  7. Сауын сиырлардың мочевинамен улануының себебі, клиникасы

  8. Тимпания (іш кебу), алғашқы ветеринарлық көмек

  9. Атонияның себебі, клиникасы

  10. Күн өткенде алғашқы ветеринариялық көмек көрсету

  11. Қуық спазмасы (тұтылуы), алғашқы ветеринарлық көмек

  12. Күйіс қайыратын малдардың қарынының гипотониясының себептері, клиникасы

  13. Руменосинтез техникасы

  14. Төлдеу (туу) уақытының ұзарғанда алғашқы ветеринариялық көмек көрсету

  15. Төлдің туу жолына дұрыс келмегенінің клиникасы

  16. Уроцистит, алғашқы ветеринариялық көмек

  17. Шудың уақытында түспеу себебі, клиникасы

  18. Инфекциялық ауруға күдік туғандағы ветеринар дәрігердің іс – қимылы



Тест сұрақтары
@@@ Ішкі жұқпалы емес аурулар.
1

Пневмоторакстың клиникалық белгілері:

A) Әлсіздік, жабырқау, ентігу.

B) Кеуде қуысының ашық жарақаты .

C) Тамыр соғысы жылдам, кілігей қабықтар бозарған.

D) Кеудені тыңдағанда темір үйкелісіне ұқсас дыбыс естіледі.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген белгілер.
2

Пневмотораксты емдеу:

A) Ашық жарақатты тігу.

B) Кеуде қуысына жиналған ауаны сорғызып алу.

C) Ауырсындырмау жасау.

D) Кеуде қуысындағы жарақатты емдеу.

E) А және B тармақтарында көрсетілген емдер.
3

Сиыр аяқ астынан азық жемей, су ішпей мойынын алға созып, басын төмен салып жұтына береді. Аузынан сілекей ағады. Іші кебуі мүмкін:

A) Атония.

B) Гипотония.

C) Тимпания.

D) Өңештің бітелуі.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.
4

Өңеші бітелген малға көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмектер:

A) Тыныштандыратын дәрілер, атропин сульфат егу.

B) Өңешке өсімдік майын құю.

C) Өңешке тұрып қалған заттарды қолмен уқалап шығару, зондпен алу.

D) Өңешке тұрып қалған заттарды алу басқа тәсілдермен мүмкін болмаса операция жасап, өңешті тіліп ашу арқылы алу.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.
5

Тимпанияның клиникалық белгілері:

A) Мал тынышсызданып бүйіріне қарай береді. Бауырын тепкілейді..

B) Сол жақ аш бүйірі томпайған. Дем алысы ауыр, кеудемен дем алады.

C) Кілегей қабықтары көгерген.

D) Күйіс қайыру, кекіру тоқтаған. Аузынан сілекей ағады.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.
6

Тимпанияны емдеу:

A) Троакармен мес қарынды тесу, газды шығару.

B) Мес қарынға 2% ихтиол дәріcін енгізу.

C) Томар дәрі (чемерица) ерітіндісін беру.

D) Тимпанол ерітіндісін беру

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.

7

Сиырдың тимпаниясын емдеу үшін мес қарынын тесу:



A) Руменотомия.

B) Руменосинтез.

C) Руменография.

D) Руменация.

E) Гастротомия.
8

Қарынның жиырылу процессінің әлсіреуі:

A) Атония.

B) Гипотония.

C) Тимпания.

D) Гипертония.

E) Инвагинация.
9

Қарынның жиырылу процессінің мүлде тоқтауы:

A) Атония.

B) Гипотония.

C) Тимпания.

D) Гипертония.

E) Инвагинация.
10

Атония мен гипотонияны емдеу:

A) Азықтарды талапқа сай беру.

B) Серуендету.

C) Қарынға уқалау жасау.

D) Тамыр(чемерица) дәрі немесе жусан тұнбасын беру.

E) А, В, С және D тармақтарындағы емдер.

11

Миокардиттің клиникасы:



A) Малдың жалпы жағдайы нашарлайды.

B) Дене қызуы көтеріледі.

C) Жүрек дүрсілі қатты, жүрек соғысы жиі.

D) Сәл күш түссе жүрек соғысы одан әрі күшейе түседі.

E) А, Б, В және Г тармақтарындағы белгілер.
12

Жүрек соғысының жылдамдауы:

A) Брадикардия.

B) Тахикардия.

C) Аритмия.

D) Систола.

E) Диастола.
13

Жүрек соғысының баяулауы:

A) Брадикардия.

B) Тахикардия.

C) Аритмия.

D) Систола.

E) Диастола.
14

Жүрек соғысының ырғағының бұзылуы:

A) Брадикардия.

B) Тахикардия.

C) Аритмия.

D) Систола.

E) Диастола.
15

Миокардите қолданылатын емдер:

A) Жүрек тұсына суық басу.

B) Оттегімен дем алдыру.

C) Антибиотиктер егу.

D) Қан тамырына кальций хлорид, глюкоза ерітінділерін егу.

E) А, В, С және D тармақтарындағы белгілер емдер.
16

Зәрдің мүлде бөлінбеуі:

A) Анурия.

B) Олигурия.

C) Поллакиурия.

D) Полиурия.

E) Гематоурия.
17

Зәрдің жиі - жиі бөлінуі:

A) Анурия.

B) Олигурия.

C) Поллакиурия.

D) Полиурия.

E) Гематоурия.
18

Зәрдің қалыптан аз бөлінуі:

A) Анурия.

B) Олигурия.

C) Поллакиурия.

D) Полиурия.

E) Гематоурия.
19

Цитоспазмның (қуық түйілуі) негізгі клиникалық белгілері:

A) Малдың қатты тынышсызданады, әлсін - әлсін зәр бөлуге әрекет жасайды.

B) Зәрдің аз – аздап, тамшылап бөлінеді, кейде мүлде тоқтаған.

C) Қуығы зәрге толы, көлемі ұлғайган.

D) Қуықты қысқанда зәр бөлінбейді, катетр енгізу қиын.

E) А, В, С және D тармақтарындағы белгілер.
20

Цитоспазмның (қуық түйілуі) емі:

A) Жылы клизма қою.

B) Неиролептиктер егу.

C) Катетр енгізіп қуықтағы зәрді шығару.

D) Бағып күтуін, азықтандыруын қалыпқа келтіру.

E) А, В, С және D тармақтарындағы емдер.

@@@ Жануарлардың уланулары.
21

Жануарлардың улануының негізгі клиникасы:

A) Іш өту.

B) Азыққа қарамау.

C) Іш кебу.

D) Дене қызуының көтерілуі.

E) Ас қорыту, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, іш өті, құсу.
22

Уланған жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:

A) Улы азықты беруді тоқтату. Асқазанды (құстың жемсауын) жуу.

B) Іш өткізетін дәрілер (глаубер тұзын) беру. Қан тамырға 40% глюкоза, тері астына 20 % кофейн бензот натрий егу. Жаңа сауылған сүт ішкізу.

C) Антибиотиктер егу.

D) Малды ашықтыру, клизма жасау.

E) А, В тармақтарындағы емдер.
23

Сиырдың мочевинамен улануына тән клиникасы:

A) Жалпы улану белгілері.

B) Іш өту

C) Іш тастау.

D) Азыққа қарамау.

E) Малдың денесіне сәл жанасу қатты тартылу, сіресу туғызады. Тамыр соғысы өте жылдам, минутына 100 – 150 рет. Дене қызуы 36 градусқа дейін төмендеген.
24

Мочевинамен уланған малдарға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:

A) Емі жоқ.

B) Мочевина беруді тоқтату. Мес қарынды жуу. 1% сірке қышқылын ішкізу. Глюкоза немесе қант ерітіндісін ішкізу

C) Сүт ішкізу.

D) Мес қарынға интраруминальді 0,3 мл.кг есептеп 1 литер суға езіп формальдегид ерітіндісін енгізу.

E) В, С және D тармақтарындағы емдер.
25

Нитраттармен уланған шошқаға көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек:

A) Нитраты көп азықты беруді тоқтату.

B) Асқазанды жуу.

C) Тері астына 1 мл.кг есептеп 2 % метилен көгін егу.

D) Кофейн бензот натрий, глюкоза, А,С,Д витаминдерін егу.

E) А, В, С және D тармақтарындағы емдер.
26

Жануарлар уланғанда қолданылатын антидоттар:

A) Уротропин

B) Глюкоза.

C) Натрий хлорид.

D) 5 % унитол.

E) А және D тармақтарындағы дәрілер.
27

Малдардың улы өсімдіктермен улануының себебі:

A) Ашығу.

B) Пішендемеде улы өсімдіктердің көп болуы.

C) Малдардың улы өсімдіктермен қоректенуі.

D) Жем – шөпке у қосылуы.

E) А, В тармақтарындағы себептер.
28

Мал қандай азықтан уланады;

A) Картоптың сабағынан, өскінінен.

B) Зең саңырауқұлақтарымен залалданған азықтармен.

C) Улы өсімдіктермен.

D) Өсімдіктерді техникалық өңдеу барысында алынған азықтардан.

E) А,В,С және D тармақтарындағы азықтардың бәрімен.
29

Сүттіген өсімдігінің негізгі улы заты;

A) Эфир майы

B) Метил спирті.

C) Өсімдік майы.

D) Акатнин алколойды

E) Зуробин қышқылы.
30

Улы өсімдіктермен уланған жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:

A) Улы өсімдіктер бар азықты беруді тоқтату.

B) Асқазанды жуу.

C) Ішке глаубер тұзын беру.

D) Қан тамырға 40% глюкоза, тері астына 20 % кофейн бензот натрий егу.

E) А, В, С және D тармақтарындағы емдер.
@@@ Акушерлік аурулары
31

Қынап түсуінің клиникасы:

A) Малдың сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуі.

B) Малдың сыртқы жыныс мүшелерінен қанды ірің бөліну.

C) Қынап қынап аузынан қызарып қатпарланып сырқа шығады.

D) Қынаптан қан ағады.

E) А, В, С және D тармақтарындағы белгілер.
32

Қынабы түскен малдарға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:

A) Қынапты дезинфекциялық дәрілердің жылы ерітінділерімен жуу.

B) Антисептикалық дәрілермен өңдеу.

C) Сакральдік анестезия жасау.

D) Қынапты орнына салу.

E) А, В, С және D тармақтарындағы емдер.
33

Қынап орнына салынған соң қайта шықпас үшін не істеу керек?

A) Қынапты тігу.

B) Сыртқы жыныс мүшесі аузына уақытша тігіс салу.

C) Сакральдік анестезия жасау.

D) Малдың бөксесін жоғары қою.

E) В, С және D тармақтарындағы емдер

34

Сиырдың жатырының толық түсуінің клиникасы:



A) Малдың сыртқы жыныс мүшесінен ісініп, қанталап көрінеді.

B) Малдың сыртқы жыныс мүшесінен қызарып көрінеді.

C) Жатыр малдың сыртқы жыныс мүшесінен төмен салбырап, тізесіне дейін созылып көрінеді. Пішіні алмұрт сияқты. Сыртында кедір – бұдыр төмпешіктері – карункулалары бар.

D) Алғашында түскен жатырдың түсі қызыл, соңынан қара көк. Былғанған, кеуіп ісінген, іріп шіріген.

E) С және D тармақтарындағы белгілер.
35

Малдың жатыры түскенде көрсетілетін емдер:

A) Консервативтік емдер.

B) Оперативтік емдер.

C) Антибиотиктермен емдеу.

D) Новокайн блокадасын жасау.

E) А, В,С және D тармақтарындағы емдер.
36

Малдың жатыры түскенде көрсетілетін консервативтік емдер:

A) Жатырды дезинфекциялық дәрілердің жылы ерітінділерімен жуу.

B) Жатырды антисептикалық дәрілермен өңдеу.

C) Сакральдік анестезия жасау.

D) Жатырды орнына салу.

E) А, В, С және D тармақтарындағы емдер.
37

Төлдеу кезінде ветеринариялық көмек көрсетіледі:

A) Мал өздігінен төлдей алмаса.

B) Төлдеу уақыты созылса.

C) Төл туу жолына дұрыс келмесе.

D) Дені сау малды тез төлдету үшін.

E) А, В, С тармақтары.
38

Қағанағы жарылмай, туу уақыты созылған малға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:

A) Жағдай жасап малдың өздігінен тууын күту.

B) Жатырдың жиырылуын күшейтетін дәрілер егу.

C) Антибиотиктер егу.

D) Қағанағын жару. Қынап арқылы қол салып, туу жолына дұрыс келген төлді суырып алу.

E) А, В, С тармақтарында көрсетілген көмектер.
39

Қағанағы ерте жарылып,туу жолы құрғап кеткен, туу уақыты созылған малға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:

A) Жағдай жасап малдың өздігінен тууын күту.

B) Туу жолына стерильді глицерин, өсімдік майын құйып, қынап арқылы қол салып, дұрыс келген төлді суырып алу.

C) Жатырдың жиырылуын көтеретін дәрілер егу.

D) Антибиотиктер егу.

E) А, В, С, Д тармақтарында көрсетілген көмектер.

40

Төлдің туу жолына дұрыс келмеуі себебінен төлдей алмаған малға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:



A) Жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрілер егу.

B) Қынап арқылы қол салып жатырдағы төлдің туу жолына денесімен дұрыс келуін қамтамасыз ету. Туу жолын жылы стерильді глицеринмен немесе өсімдік майымен майлап, төлді суырып алу.

C) Малға антибиотиктер егу.

D) Малдың өздігінен төлдеуін күту.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.
41

Төлдің аса ірі болуына немесе ісініп кетуіне байланысты төлдей алмаған малға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:

A) Туу жолын жылы стерильді глицеринмен немесе өсімдік майымен майлап, төлді суырып алу.

B) Аса ірі немесе ісініп кеткен төлді кесар тілігін жасап немесе жатыр ішінде арнайы құралдармен бөлшектеп кесіп алу.

C) Жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрілер егу.

D) Малдың өздігінен төлдеуін күту.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.
42

Фетотомия:

A) Жатырды кесіп алып тастау.

B) Аса ірі немесе ісініп кеткен төлді жатыр ішінде арнайы құралдармен бөлшектеп кесіп алу.

C) Аса ірі немесе ісініп кеткен төлді кесар тілігін жасап алу.

D) Аса ірі немесе ісініп кеткен төлді жатырға қол салып алу.

E) А, В, С және Д тармақтарында көрсетілгендер.
43

Туған соң аналықтың орнынан тұрмай, төлге қарамай, басын кеудесіне салып, есін білмей жата беруі:

A) Туғанға дейінгі парез (талықсу).

B) Туған кейінгі парез (талықсу).

C) Туған кейінгі салдану.

D) Туған малдың әлсіреуі.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.

44

Туған кейінгі парезді (талықсуды) емдеу:



A) Желінге жел толтыру.

B) Тері астына 20% кофейн бензот натрии егу.

C) Күре тамырға 40% глюкоза егу.

D) Денесін уқалау.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген емдердің барлығы.
45

Шу кідіруінің клиникасы:

A) Шудың түсу уақытының созылуы.

B) Малдың сыртқы жыныс мүшесінен қара қошқыл түсті сырты кепкен шудың салбырап тұруы.

C) Туған малдың сыртқы жыныс мүшесінен иісі жаман іріңді сұйық ағуы.

D) Дене қызуының көтерілуі.

E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген белгілердің барлығы.
46

Шуы кідірген малға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:

A) Жатырдың жиырылуын күшейтетін дәрілер егу.

B) Шуды ақырындап тарта отырып жатырдан ажыратып, суырып алу.

C) Қынап арқылы жатырға қол салып, шуды жатыр қабырғасынан ажыратып алып тастау.

D) Жатырды дезинфекциялық дәрілердің жылы ерітіндісінің бірімен жуу. Жатырға арналған антибактериалдық дәрілермен өңдеу.

E) А, В, С және D тармақтарындағы емдер.
47

Жатырдың жиырылуын күшейтетін дәрілер:

A) Окситоцин.

B) Питунтрин.

C) Нитокс – 200.

D) Септо – спрей.

E) А, В тармақтарындағы дәрілер.
48

Жатырдың жиырылуын күшейтетін дәрілер егілген соң қанша уақыттан кейін сиырдың шуы түспесе оны оперативті жолмен алады?

A) 1 сағат.

B) 2 сағат.

C) 3 сағат.

D) 12 сағат.

E) 24 сағат.
49

Қынап түсуінің клиникасы:

A) Малдың сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуі.

B) Малдың сыртқы жыныс мүшелерінен қанды ірің бөліну.

C) Қынап қынап аузынан қызарып қатпарланып сырқа шығады.

D) Қынаптан қан ағады.

E) А, В, С және D тармақтарындағы белгілер.
50

Қынабы түскен малдарға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:

A) Қынапты дезинфекциялық дәрілердің жылы ерітінділерімен жуу. Антисептикалық дәрілермен өңдеу.

B) Сакральдік анестезия жасау. Қынапты орнына салу.

C) Қынапты операция жасап сылып тастау.

D) Түскен қынапты орынына қайта салу мүмкін емес.

E) А, В тармақтарындағы емдер

@@@ Жұқпалы аурулар.


51

Иттен адамға жұғатын инвазиялық ауру:

A) Эхинококкоз.

B) Мониезиоз.

C) Гемонхоз.

D) Нематодироз.

E) Эймериоз
52

Жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруына жатады:

A) Аусыл.

B) Шешек..

C) Құс тұмауы.

D) Сібір жарасы.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.
53

Инфекциялық аурулардың ерекшеліктері:

A) Арнайы ауру қоздырушысының болуы.

B) Жұқпалылығы.

C) Індет процессінің жүруі.

D) Кең таралуы және зор экономикалық шығын әкелуі.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.
54

Инфекциялық ауруларды емдеу:

A) Ауру малдарды оқшаулау және қарсы арнайы дәрілерді қолдану.

B) Арнайы гипериммунды қан сарысуларын қолдану.

C) Арнайы вакциналар егу.

D) Антибиотиктер қолдану.

E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер
55

Инфекциялық ауруларды емдеуге қолданылатын дәрілер:

A) Бициллин – 3, Нитокс, Тилозин.

B) Ивомек, Аверсек, Айвен, Альбен, Панакур.

C) Неоцидол, Неостомазан, Каратэ.

D) Химкокцид, коккимед .

E) В, С және D тармақтарында көрсетілгендер
56

Инфекциялық ауруларға қарсы шара:

A) Дегельминтизация.

B) Дезакаризация.

C) Дезинсекция.

D) Дезинфекция.

E) А, В, С тармақтарында көрсетілгендер.
57

Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан негізгі ерекшеліктері:

A) Тез тарауы.

B) Көп мал ауруы.

C) Малдардың өлуі.

D) Көп экономикалық шығын әкелуі.

E) Аурудың өршуінің сатылылығы және індет процессінің болуы.
58

Індет процессінің буындары:

A) Алғашқы, ортаңғы және соңғы буындары.

B) Инфекция қоздырушысының жұғу жолы.

C) Жануар ағзасы.

D) Сыртқы орта.

E) Инфекция қоздырушысының көзі, берілу тетігі, ауруға бейім жануарлар.
59

Малдардың арасынан инфекцялық аурулар шықса мал дәрігері не істеуі керек?

A) Ауру малды міндетті түрде оқшаулатуы керек.

B) Ауру малды міндетті түрде өлтіртуі керек.

C) Ауру малды міндетті түрде сойғызуы керек.

D) Ауру малды міндетті түрде емдеуі керек.

E) А, В, С тармақтарында көрсетілгендер.
60

Инфекциялық ауруға шалдыққан малдарды емдеуге қолданылатын арнайы дәрілер:

A) Гипериммунды қан сарсулары, гаммаглобулиндер, бактериофактар.

B) Антибиотиктер.

C) Пробиотиктер.

D) Химиялық дәрілер.



E) В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет