Қалиев жабай Нұрмақұлы



жүктеу 75.64 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі75.64 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ҚАЛИЕВ Жабай Нұрмақұлы,

Мемлекет тарихы институты

Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің бастығы, п.ғ.к.,

Астана қаласы



МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ

Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сайлап алу. Өйткені, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады.

Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты. Танымал өнер иелері ғана емес, қолына тұңғыш рет қалам, қылқалам ұстаған мектеп оқушысынан зейнеткерге дейін мыңдаған отандастарымыз ойға ой қосып, өз жүрек дүрсілдерін жеткізуге асықты. Олардың арасында әр түрлі ұлт өкілдері, шетелдегі қандастарымыз бен тілеулестеріміз де бар.

Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Мемлекеттік рәміздердің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә. Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. 6 маусым күні Алматы қаласындағы Абай атындағы Опера және балет театрының әсем ғимаратында тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент үйінің төбесіне Ту көтерілді. Елтаңба орнықты. Егемен ел аспанында әнұран әуені асқақтады. Алты ай өткен соң, 1992 жылы 11 желтоқсанда, Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.

Біздің Мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі түс – бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.

Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. Кезінде Түркі қағанаты (552-630ж, 682-743ж), Хазар қағанаты (651-983жж.), Ұлы Селжүк қағанаты (1040-1157жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының (1465-1737жж.) бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920-1991жж.) мемлекеттік жалауында да шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылды. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жері шығыста орналасқандығын, Ұлы Дала өркениетінен бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігінің баян етіп тұрғандай.

Ал күн бейнесі – байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.

Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дүниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.

Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзінің мемлекетіне деген терең патриоттық сезім де, жалпылық сананы жетіктірудегі қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де бас көтерер азаматтардың айқын мақсатты әрекеттері де, тарихи сананы қалпына келтіру де, бәрі-бәрі барша қазақ ұлтының басын біріктірер бастаулар болып табылады.

Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымызды айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді. Рәміздер – Отан тарихының әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негізгі фактор. Мемлекетіміз саяси салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен иық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік талай игі істерге қол жеткізді.

Еліміздің тым ерте заманда-ақ отбасылық, тайпалық, кейінірек ұлттық рәміздері болған. Таңба, ту, белгі, ұран адамдарға рух береді, сондықтан рәміздерді рухани байлығымызға теңестіруіміз керек. Негізінде ең көне рәміздерге тотемдік белгілер жатады. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады. Қазақ халқы мен мемлекеттігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Өзіндік қызықты тарихы бар. Бұл – халқымыздың, Республикамыздың тарихы. Оның тарихын, мән-мағынасын түсіну, құрметтеу адамгершілігіміз бен мәдениетіміздің айғағы болмақ.

Әрбір мемлекет үшін Отансүйгіштік рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн».

Ал енді саяси тұрғыдан келсек ол – мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Қазақстан Туы БҰҰ сарайының алдындағы дүние жүзі елдерінің тулары қатарына 1992 жылы қосылды. Әлемдегі ең биік шың Эверестке (теңіз деңгейінен 8840 метр) тігілген тұңғыш ту – Ұлыбританияныкі. Қазақстан Туы Эверестке 1995 жылы көтерілді.

Әнұран сөзі туралы ХХ ғасырдағы көрнекті қазақ ақындарының бірі Ә.Тәжібаев: «Әнұран – сөзбен тоқылған ел туы» деп анықтама берген.

Мемлекеттік рәміздеріміздің де уақыт сынына тәуелді екендігінің бір дәлелі – 1992 жылы қабылданған Әнұранның өзгеріске ұшырауы. 2006 жылы 6 қаңтарда ел Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Конституциялық Заңының жобасы қаралды. Елбасы Заңға келесі күні қол қойды. Жаңа Әнұран баспасөзде жарияланған күннен – 10 қаңтардан бастап күшіне енді.

Осы күннен бастап халқымыздың дарынды да дара перзенттері дүниеге әкелген «Менің Қазақстаным» әні Қазақ аспанында күн сайын қалықтап келеді. Бұл Әнұранды халық таңдады. Ол уақыт сынынан өтті. Ешкім де халықтан биік емес, ешкім де уақыттан дана емес. Парламент халық сөзіне, уақыт үніне құлақ асты.

Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына «Отан», «атамекен», «ел-жұрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық пен әділдік», «азаматтық парыз», «қанағатшылдық пен жомарттық» сияқты тағы басқа ұғымдарды жатқызуға болады.

Еліміздің басқа спорттық жетістіктерін атамай-ақ, соңғы 200-ден аса мемлекеттен келген спортшылар күш сынасқан Лондондағы жазғы Олимпиада да Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет елге деген құрмет, патриотизм басталатынын айқын дәлелдеп берді. Лондон көгінде көк байрағымыз бірнеше рет желбіреп, әуелеп шырқалған Әнұранымыз талайлардың жүрегін тебірентті, Отанымызға деген мақтаныш сезімін арттырды. Байрақты бәсекелерде қазақстандық спортшыларымызды және Қазақстанды бүкіл дүние жүзі таныды. Спорттағы табыстарымызды әлем мойындады.

Ендігі жерде біздің мақсатымыз – ел рәміздерін рухани байлығымыз, ұлттық белгіміз екенін, оның нышанын таныта білу. Болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Елiмiз тәуелсіздiкке қол жеткiзген соң, жастарға ұлттық тәрбие беру уақыт талабымен бiрге келген игiлiктi мақсат екенi даусыз. Соған байланысты өсiп келе жатқан ұрпақты жарасымды әдеттiлiкке, ұнасымды iзеттiлiкке тәрбиелеу халқымыздың қасиеттi қағидасы деп бiлемiз.

Қазақстан Республикасы - тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекетімiздің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды «Отаным» деп таныған әр азаматтың осыған әлі келгенше үлес қосуы - бұның басты шарттарының бірі. Жастарға отансүйгіштік тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына Жолдауының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «...біздің балаларымыз бен немерелеріміз... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп үміт артқан.

Отансүйгіштік қасиет - адамның өзінің туып өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық отбасын құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байтақ Отанымызға деген сүйіспеншілік. Әр адамның Отанға деген сүйіспеншілігі осы жерде тұратын барлық адамдарға деген достық пен туысқандық сезімімен біртұтас болып табылады. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу нәтижесінде қандай ұлттың өкілі болмасын өзін біртұтас көп ұлтты мемлекеттің - Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезінеді, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзіне тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеді.

Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың хадистерiнде Отанды сүю асқан парасаттылық сезiмiмен бағаланады. Бiр хадисінде: «Отанды сүймеген адамның иманы болмайды», - деп көрсетсе, тағы бiр сөзiнде пайғамбарымыз: «Нағыз мұсылман - халқынан зәбiр көрсе де, оны сүюдi, оған қызмет қылуды тоқтатпаған жан» - деп, үлкен ұлағаттылық қасиет танытқан.

Атамекен дегенде біздің көз алдымызға еліміздің айдын шалқар көлдерi мен мөлдiр бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерi, алып таулары мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайлар, кең байтақ, ұланғайыр далалар келедi. Н.Ә. Назарбаев: «Әрбiр адамзат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагерi болуға ұмтылсын» - деген аталы сөз келтiрген.
Отан, Отан!

Сен болмасаң не етер ем?

Мәңгiлiкке бақытсыз боп өтер ем

Өмiрден бұл өксуменен өтер ем.
Құс ұясыз, жыртқыш iнсiз болмайды,

Отаны жоқ өмiрiнде оңбайды.

Өзiн-өзi қорлайды да, сорлайды.



Тiрi адамға – сол қайғы.
Күн көредi, әкесiз де, анасыз.

Өмiр сүрер, әйелсiз де, баласыз,

Ал Отансыз – нағыз сорлы панасыз.

Ақын М. Мақатаевтың Отан туралы ойлары осы үш шумақта кестеленген. Отансыз тiршiлiгiн елестете алмайтын бақытсыздығы мен ащы өксiгiнiң себебi сол ғана. Әкесiз, анасыз, жарсыз, перзентсiз өмiр сүрсек те, ал Отансыз өмір сүру мүмкiн емес.



Қорыта айтар болсақ, халық педагогикасы құндылықтарымыз әрдайым үздіксіз тәрбие мәселесінде адамгершілік, бауырмалдық, туыстық, қайырымдылық қағидаларын басшылыққа ала отырып үлкен мен кіші, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастық педагогикасын дәріптегендіктен, қазіргі ғылыми педагогика қағидалары да халықтық тәлім-тәрбиеден нәр алғанының айқын айғағы болмақ.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет