«Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»



жүктеу 303.17 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі303.17 Kb.
: sites -> default -> files -> gosuslugi -> standarty
standarty -> «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (дсн-код) беру»
standarty -> «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі»
standarty -> «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»
standarty -> «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standarty -> «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standarty -> «Бақылау-касса машиналарын (бкм) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Бақылау-касса машиналарын (бкм) есепке қою және есептен шығару»
standarty -> «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Салық есептілігін қабылдау»
standarty -> «Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standarty -> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standarty -> «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар)


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

12-қосымша


«Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер



 

1. «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:



1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-на тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінгенде:

лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 – тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша лицензияны беруден бас тарту себебі туралы уәжделген жауабы – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;



лицензияны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық емес топтамасын анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, ХҚКО-на - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, ХҚКО-на - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 – тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы уәжделенген жауабы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (бұдан әрі - лицензиялық алым) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді және мынаны құрайды:

1) лицензияны беру кезінде:

мыналарға:

сырадан басқа алкоголь өнімін өндіруге - 3000 АЕК;

сыраны өндіруге - 2000 АЕК;

2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен артық емес;

3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100%-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма–қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.



Портал арқылы сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

2) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;

3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензияны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2–қосымшаларға сәйкес өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;



алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен алкоголь өнімінің өндіру паспортының көшірмесі;

арақ пен айрықша арақ және ликер-арақ өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі;

ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;

3) лицензия жоғалған, бүлiнген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға, егер портал арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:



еркін нысандағы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

ХҚКО-на:


  1. лицензияны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2–қосымшаларға сәйкес өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен алкоголь өнімінің өндіру паспорты;

арақ пен айрықша арақ және ликер-арақ өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі;

ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттаы;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;



  1. лицензияны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттар;

3) лицензия жоғалған, бүлiнген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға, егер портал арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:

еркін нысандағы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚКО құжаттардың электрондық көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін осы құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО жүгінген жағдайда құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

ХҚКО дайын құжаттарды беру тиісті құжататрды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не болмаса нотариат куәландырған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ХҚКО арқылы алу үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді, ХҚКО ұсынған нысан бойынша.

ХҚКО нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде ХҚКО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды ХҚКО көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;

порталға:



  1. лицензияны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;



алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен алкоголь өнімінің өндіру паспортының электронды көшірмесі;

арақ пен айрықша арақ және ликер-арақ өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің электронды көшірмесі;

ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың электронды көшірмелері;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес этил спиртін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;



  1. лицензияны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;

ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электронды көшірмелері;

3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға, егер портал арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:



электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұраудың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген мәлімет жіберіледі.

10. Мынадай жағдайлар, егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) лицензиялық алым енгізілмеген;

3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайлар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.

ХҚКО–на мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4–қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

 

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық


мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе)
олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету
орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрліктің басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

ХҚКО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚКО-нің басшысына жіберіледі.

Шағымда:


  1. жеке тұлғаның - оның аты, тегі, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, байланыс деректері;

  2. заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінуге қол қоюы қажет.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

 



4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

 

13. Заңмен белгіленген тәртіпте қабілеттілігін толық немесе ішінара жоғалтқан немесе өз өзіне қызмет көрсету, өз бетімен қозғалу, бағдаралу қабілеттілігн жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы ХҚКО қызметкерлерімен көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.



14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www. kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, ХҚО-ның: www.con.gov.kz  интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.

«Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға

өтініші

Кімге


__________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

кімнен

____________________________________________________________________



(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

________________________________________________________________________________

(қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште _________

________________________________________________________________________________

(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, X белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы______________________________________________________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

Электрондық поштасы ________________________________________________________________________________

Телефоны ________________________________________________________________________________

Факс _______________________________________________________________________________

Банктік шоты ________________________________________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лар) _______________________________________________________________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

Қоса берілген құжаттар ____________ парақ.

Осы арқылы:

көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.


Басшы _________________ ______________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөрдің орны Толтырылған күні: 20___ жылғы «___» _________________

«Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

 
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға


өтініші

 

Кімге



_______________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

кімнен

__________________________________________________________________________



(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

____________________________________________________________________________

(қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ________________________________________________________________________________

(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, X белгісін қою керек) беруді сұраймын.

 

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы



________________________________________________________________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

Электрондық поштасы ______________________________________________________

Телефоны _________________________________________________________________

Факс______________________________________________________________________

Банктік шоты ______________________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары)______________________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

Қоса берілген құжаттар ____________ парақ.

Осы арқылы:

көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

 

Басшы _________________                   ______________________________________



(қолы)                                                       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

Мөрдің орны                            Толтырылған күні: 20___ жылғы «___» ______________


«Алкоголь өнімін өндіруге

лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2013 жылғы 30 қаңтардағы

№ 60 қаулысымен

бекітілген

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны

сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек

саудада сату жөніндегі қызметті

қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь

өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау,

көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату

жөніндегі қызметті жүзеге асыруға

қойылатын біліктілік талаптары және

оларға сәйкестігін растайтын

құжаттар тізбесіне



қосымша

Алкоголь өнімін өндіру, саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары

Этил спиртін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін:

1.1 Этил спиртін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) орналасқан жерінің мекенжайы (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі _______________________________________________________________________________;

2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ___________________________________;

3) меншік құқығы туындауының негізі __________________________________________;

4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні____________________________________________________________________________;

5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ___________________________________;

6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы _______________________________________;

7) салынған жыл _____________________________________________________________.

1.2 Стационарлық үй-жайда этил спиртін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз:

мыналарды көрсетіңіз:

1) стационарлық үй-жайды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың (шарттардың) атауы _______________________________________________________________________________;

2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ________________________________________.

1.3 Лицензиарға өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін спирт өлшеуіш аппараттар/есепке алудың бақылау аспаптары, іркіліссіз электр энергиясының қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде этил спирті өнімінің өндірілу көлемі туралы, автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін аспаптар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) аппараттарды/ аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _____________________________________________________;

2) аппараттар/аспаптар саны ___________________________________________________;

3) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоғы ______________________________________________________.

1.4 Этил спиртін өндіруге шикізатты сақтау, дайындау (өңдеу), беру үшін арналған қойма:

мыналарды көрсетіңіз:

1) меншік құқығы туындауының негізі __________________________________________;

2) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ___________________________________;

3) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _______________________________________________________________________________;

4) қойманың алаңы ___________________________________________________________;

5) біржолғы сақтау көлемі _____________________________________________________.

1.5 Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, этил спиртін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _______________________________________________________________________________;

2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы __________________________;

3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ___________________________________________.
2. Алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін:

2.1 Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) орналасқан жерінің мекенжайы (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жайдың) _______________________________________________________________________________;

2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ___________________________________;

3) меншік құқығы туындаудың негіздемесі _______________________________________;

4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні _______________________________________________________________________________;

5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ___________________________________;

6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы _______________________________________;

7) салынған жылы ____________________________________________________________.

2.2 Стационарлық үй-жайда алкоголь өнімін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз:

мыналарды көрсетіңіз:

1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы _______________________________________________________________________________;

2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ________________________________________.

2.3 Лицензиарға өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін алкоголь өнімдерінің өндірілу көлемін есептеу аспаптары (көмір қостотығымен қаныққанынан және шарап материалынан басқа)/есепке алудың бақылау аспаптары, іркіліссіз электр энергиясының қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде алкоголь өнімінің өндірілу көлемі туралы, деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін аспаптар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _______________________________________________________________________;

2) аспаптар саны _____________________________________________________________;

3) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоғы ______________________________________________________.

2.4 Алкоголь өнімін өндіруге шикізатты сақтауға, дайындауға (өңдеуге), беруге арналған қойма:

мыналарды көрсетіңіз:

1) меншік құқығы туындауының негізі __________________________________________;

2) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ___________________________________;

3) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _______________________________________________________________________________;

4) қойманың алаңы ___________________________________________________________;

5) біржолғы сақтау көлемі _____________________________________________________.

2.5 Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _______________________________________________________________________________;

2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы __________________________;

3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ___________________________________________.
3. Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату саласындағы қызметтің түрі үшін:

3.1 Жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі:

шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні көрсетіңіз _________________________________.

3.2 Қойма үй-жайдағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз:

мыналарды көрсетіңіз:

1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы _______________________________________________________________________________;

2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ________________________________________.

3.3 Мәлімделген қойма үй-жайда алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын екі немесе одан көп лицензиаттың бар немесе жоқ болуы туралы мәліметтер:

қойма үй-жайында екі немесе одан көп лицензиаттың бар немесе жоқ болуын көрсетіңіз _______________________________________________________________________________.

3.4 Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні _______________________________________________________________________________;

2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы __________________________;

3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ___________________________________________.
4. Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметтің түрі үшін:

4.1 Стационарлық үй-жайдағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз:

мыналарды көрсетіңіз:

1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы _______________________________;

2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ________________________________________.

4.2 Бақылау-кассалық машина:

бақылау-кассалық машинаны тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсетіңіз _______________________________________________________________________________.

4.3 Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _______________________________________________________________________________;

2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы __________________________;

3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ___________________________________________.

«Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша


Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініші
Кімге _____________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

кімнен _____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

_____________________________________________________________________

(қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

Электрондық почтасы _____________________________________________

Телефоны ________________________________________________________

Факс ____________________________________________________________

Банктік шоты_____________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ____________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

Қоса берілген құжаттар___________ парақ.

Осы арқылы:

көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

 

Басшы ____________ _____________________________________



(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

М.О. Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________

««Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

5-қосымша

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініші

Кімге _____________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

кімнен _____________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

_____________________________________________________________________

(қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште _______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, Х белгісін қою керек) беруді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

Электрондық почтасы ______________________________________________

Телефоны ________________________________________________________

Факс _____________________________________________________________

Банктік шоты_______________________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) _____________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

Қоса берілген құжаттар___________ парақ.

Осы арқылы:

көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

 

Жеке тұлға ____________ ___________________________________



(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

М.О. Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________


««Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

6-қосымша

(Тегі, аты, болса әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні)

немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)

________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы


15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) құжаттарды қабылдаудан Сіздің «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:



  1. _______________________________;

  2. _______________________________;

  3. ....

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.


(ХҚКО қызметкерінің) аты-жөні (қолы)
Орындаушы. аты-жөні

Телефон.


Алдым: аты-жөні / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _________





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет