Аллаһ елшісі – МҰхаммәД оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын



жүктеу 166.69 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі166.69 Kb.
: files -> book -> kaz -> sira
sira -> -
kaz -> Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»
kaz -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
kaz -> Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары: 1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады
kaz -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
kaz -> Тәубенің шарттары
kaz -> «Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!»
kaz -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
kaz -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
АЛЛАҺ ЕЛШІСІ – МҰХАММӘД

оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын
(Екінші түзетілген басылым)
Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа болсын! Аллаһтың игілігі мен сәлемі пайғамбарымыз Мұхаммәдқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың ізінен ергендерге болсын!
МҰХАММӘДТЫҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ

оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын
Жаратылыстың ең жақсысы, Аллаһ елшілерінің ең абзалы, пайғамбарлардың соңы – Мұхаммәд ибн Абдуллаһ ибн Абд әл-Мутталиб ибн Хашим ибн Абд Манаф ибн Қусайй ибн Киләб ибн Мурра ибн Ка’б ибн Лу’айй ибн Ғалиб ибн Фихр ибн Мәлик ибн ән-Надр ибн Кинан ибн Хузәйма ибн Мудрика ибн Илийас ибн Мудар ибн Низар ибн Ма’д ибн Аднан.

Аднан жайлы айтатын болсақ, ғалымдар бір ауыздан келіскендей, ол кісі Ибраһим ұлы Исмәйлдің (екеуіне Аллаһтың сәлемі болсын) ұрпағынан тараған. Бірақ қазірге дейін, Аднан мен Исмәйлдің (оған Аллаһтың сәлемі болсын) арасында қанша буын бар екені және олардың есімдері қандай болғаны белгісіз.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) анасы – Әмина бинт Уахб ибн Абд Манаф ибн Зухра ибн Киләб. Осылайша Киләб, пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әкесі жағынан алтыншы, ал анасы жағынан бесінші атасы болып табылады. Ол кісі иттермен аң аулауға жиі шығып тұрғаны себепті, оны Киләб, яғни «иттер» деп атап кеткен, шын есімі Хаким немесе Уруа болған.
МҰХАММӘДТЫҢ ТУЫЛҒАНЫ

оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мекке қаласында Хашим ша’басында (қаладағы өз алдына бастық болған қауым) дүйсенбі күні, тоғызыншы немесе жиырмасыншы Раби’ әл-Аууаль айында, піл жылы дүниеге келген. Бірінші дата әлбетте дұрысырақ, бірақ адамдардың арасында екіншісі кең таралып кетті. Бұл күн грегориан күн тізбесі бойынша жиырма екінші сәуір 571 жылға сәйкес.
ПАЙҒАМБАРЛЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ХАБАРЛАРЫ
Мұхаммәд (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пен құрайштардың арасындағы қарым-қатынас нашарлай бастады. Туысқандарының бұзылулары мен әдепсіздіктері қатты толғандырған себепті, ол қасіреттен сақтану үшін жалғыз қалып ойлануды бастады.

Жасы ұлғайа толғанулар көбейіп, Мұхаммәдтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жалғыз қалулары да жиеленді. Тіпті, біреу сол жалғыздыққа итермелегендей сезімдер пайда бола бастады. Ақыры, ол Хира тауындағы үңгірде1, әр жылда бір айдан, Аллаһқа Ибраһим (оған Аллаһтың сәлемі болсын) дінінің қағидаларымен құлшылық ете бастады.

Мұхаммәд (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үңгірде әр Рамазан айында жалғыз болып, ал ай біткенде, жаңа айдың бірінші күнінің таңында Меккеге келіп, Қағбаны тауаф етіп (айналып) үйіне қайтатын. Бұл амал үш жыл қайталанып жүрді.

Мұхаммәд (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қырық жасқа толғанында, кейіннен орындалған нәрселерді көріп, сондай-ақ әр түрлі дауыстарды ести бастады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде осы жайлы айтқанда: «Расында, маған белгілі Меккеде бір тас бар, ол мен адамдарға жіберілгенге дейін маған сәлем беретін еді»


ПАЙҒАМБАРЛЫҚТЫҢ БАСТАМАСЫ

ЖӘНЕ УАХИДІҢ ТҮСУІ
Рамазан айында, Мұхаммәд (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қырық жасында, Хира тауына барып, Аллаһты еске алып, Оған құлшылық жасап, жалғыз қалып жүргенінде оған Жәбрейіл періште (оған Аллаһтың сәлемі болсын) келеді. Осы жөнінде Айша (оған Аллаһ разы болсын) айтты:

«Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсетін уахидің бастамасы болып, оның көрген түстері болды және ол таң шапағатындай2 келген көрінулерден басқа ешнәрсе көрген жоқ. Сосын оған жалғыз қалуды ұнату беріліп, ол Хира тауының үңгіріне жиі баруды бастады. Ол жерде ол Аллаһқа құлшылық қылумен изгі амалдар жасап, көптеген түндер өткізетін. Үйге қайту қажеттіліктері туған жағдайда Хадижәға келіп, өзіне керек заттарды алып қайтатын. Осындай амалдар оған ақиқат ашылғанға дейін жалғасып отырды. Ол Хира тауындағы үңгірде отырғанда, оның алдына Жәбрейіл періште келіп: «Оқы!» деп айтты. Ал ол: «Мен оқу білмеймін»,- деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Сонда ол менің қолымды ұстап, мен қиналып кетпейінше қыса бастады. Сосын жіберіп: «Оқы!» деп айтты. Мен қайта: «Мен оқу білмеймін!»- дедім. Сонда ол қайта қолымды мен қиналып кетпейінше қыса бастады. Сосын жіберіп: «Оқы!» деп айтты. Мен үшінші мәрте: «Мен оқу білмеймін»,- деп айттым. Сонда ол менің қолымды қайта қысты да, жіберіп: «Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты!...» 3»

Сонда Мұхаммәд (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қорыққаннан жүрегі тарсылдаған күйде үйіне қарай жүгірді. Жүгіріп үйіне кіріп, Хадижә бинт Хуәйлидке (Аллаһ оған разы болсын): «Мені жамылдыр! Мені жамылдыр», - деді. Ол оны жамылдырып, қорқынышы кетіп тынышталмайынша осындай жайында қалдырды. Сосын тұрып, болған жағдайды Хадижәға айтып берді де: «Мен өзім үшін қатты қорықтым»,- деді. Оны тыңдап Хадижә (Аллаһ оған разы болсын) айтты: «Жоқ! Аллаһтың атымен ант етемін! Аллаһ сені ешқашан масқараламайды! Расында, сен туысқандық қарым-қатынасты сақтайсын, әлсіздерге көмектесесін, кедейлерге сыйлық бересін, адамдарға қонақжайлық көрсетесін және оларға өмір қиындықтарында көмегінді көрсетесін!»

Осыдан кейін Хадижә оны үйден шығарып, жахилиет4 заманында христиандықты қабылдаған, өз көкесінің баласы Уарақа ибн Науфаль ибн Асад ибн Абд әл-Уззаға алып барады.

Уарақа ілгеріде Інжілден сөздерді жазып алатын болғаны себепті, яхудилердің кітаптарында жазылғанды білетін. Ал осы уақытта ол жасы келген, соқыр қария еді. Хадижә оған айтты: «Менің көкемнің баласы, өз бауырыңның баласының сөзін тындашы!». Сонда Уарақа: «Менің бауырымның баласы, саған не көрінеді?» деп сұрады, ал пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған көрініп жүрген нәрсесін айтып берді. Уарақа тындап, кейіннен: «Бұл Аллаһ Мусаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) жіберген періште ғой! Әттен, мен жас болғанымда ғой! Әттен, мен сені өз халқың қуғынға ұшырататын күнде өмір сүрсем ғой!» - деді. Сонда Мұхаммәд (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрады: «Мені өз халқым қуғынға ұшыратады ма?», ал Уарақа: «Ия! Өйткені қандай да бір адам, сен алып келгенге ұқсас нәрсе алып келгенде, ол адаммен ылғи дұшпандық жасайтын. Егер мен сенің пайғамбарлығың басталғанға дейін өмір сүрсем, мен саған міндетті түрде көмектесемін!» - деп айтты. Дегенмен, Уарақа көп ұзамай қайтыс болды, ал уахилар уақытша тоқтады»

Бұл түн Рамазан айының Қадыр түнінде болған. Аллаһ айтты: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді» («Бақара» сүресі, 185 аят)

Сондай-ақ Аллаһ айтты: «Расында Құранды Қадыр түнінде түсірдік» («Қадыр» сүресі, 1 аят)

Ал сахих иснадпен келген хадистерде бұл оқиға дүйсенбіге қараған түні болғаны туралы келеді.


УАХИДЫҢ ТОҚТАУЫ

ЖӘНЕ ҚАЙТА БАСТАЛУЫ
Сонымен, Хира тауындағы үңгірде болған бірінші уахиден кейін түсулер уақытша тоқтады. Бұл жайт пайғамбарды (оған Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) жабығуға және уайымдауға алып келе бастады. Дегенмен, бұл нәрсе пайда да алып келді, өйткені бұл уақытта ол қорқыныштан айырылып, бірінші көргені секілді нәрсені көруге дайындық болды. Сондай-ақ, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахидің түсуіне асығып, күтуде болды.

Уарақа ибн Науфәйлмен кездескеннен кейін, пайғамбар (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) үңгірге қайта оралып, Рамазан айының соңына дейін жалғыз болды. Рамазан айы біткеннен кейін, шаууаль айының бірінші күнінің таңында, әдеттегідей үйіне қайтты.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Мен вәдиға5 жеткенімде, мені біреу шақырды. Мен алды-артыма, оңды-солды қарап ешкімді көрмедім. Сосын басымды көтеріп едім, мен бір нәрсені көрдім, ол маған Хира тауында келген періште еді. Ол аспан мен жердің арасында тақта отырды. Мен қатты қорқып жерге құлай түстім, сосын Хадижәға (жүгіріп) келіп: «Мені жамылдыр, мені жамылдыр, мені жамылдыр!» - дей бастадым, сонда олар менің үстіме су құйып жамылдырды да, қайта су құйды. Осыдан кейін келесі аяттар түсті:

«Ей, жабынушы!

Тұр да, (адамдарға) ескерт!

Раббыңды ұлықта!

Киіміңді тазала!

Жаманнан аулақ бол!

Жақсы нәрсе алуды қалап, мейіріміңді көрсетпе!

Раббың үшін сабырлы бол!» 6»
Бұл оқиға, намаз парыз болғанға дейін болған, осыдан кейін Уахилар бірінен кейін бірі түсе бастады.

Мұхаммәдтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) елшілік миссиясы аяттар түсе бастағананнан басталды. Осыдан түсінетініміз, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбар (нәби) болғаннан соң, жоғарыда айтылған уахидің түсуі тоқтатылған мерзімнен кейін Елші (расул) болды.

Ал аяттардың өздеріне келетін болсақ, онда пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі міндет, сондай-ақ аяттардан шығатын барлық нәрсені түсіндіру жүктелгенін көреміз.

Бірінші міндет, пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабарлау және ескерту жүктеді, өйткені Аллаһ айтты: «Тұр да, (адамдарға) ескерт...». Бұл: «адамдарға ескерт, егер олар Аллаһтан басқа біреулерге құлшылық етуін тоқтатпаса, Аллаһқа, Оның затына, Оның сипаттарына, Оның амалдарына басқа кез-келген нәрселерді теңестіруін тастамаса, сондай-ақ күнәлардан, адасушылықтарынан бас тартпаса, оларды Аллаһтың азабы күтіп тұрғанын ескерт» дегенді білдіреді

Ал пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екінші міндетіне келетін болсақ, ол Аллаһтың бұйрықтарын орындап, Оны ұлықтап, осының себебінен Аллаһтың разылығын тауып, басқа Аллаһқа иман келтіргендерге үлгі болу.

Бұл жайлы, жоғарыда келтірілген аяттарда айтылған:



«Раббыңды ұлықта!» - дегені: Онымен бірге ешкімді қоспай, тек Оны ғана ұлықта!

«Киіміңді тазала!» - дегені, сөзсіз: киіміңді және денеңді тазарт. Өйткені, Аллаһтың алдында тұрып, Оны ұлықтағанда кір немесе жүніп күйде болмау керек.

«Жаманнан аулақ бол» - бұл дегені: Аллаһқа бойұсынып, қарсы шығудан алыстап, Оның ашуы мен қаһарына түсіретін нәрселерден аулақ бол.

«Жақсы нәрсе алуды қалап, мейіріміңді көрсетпе» - бұл дегені: осы дүниенің өзінде жақсы нәрсе алуды қалап, жақсы амалдар жасама!

Осы аяттардың соңғысына келетін болсақ, ол жерде Аллаһ тағала пайғамбар (оған Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) туысқандарының дінінен ашық бас тартып, оларды Бір Аллаһқа құлшылық етулеріне шақырғанда, сабырлықты талап ететін олардың көрсететін қысымын айтып жатыр. Сол себепті Аллаһ тағала айтты: «Раббың үшін сабырлы бол!»


ПАЙҒАМБАРДЫҢ оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

СЫРТҚЫ ЖӘНЕ МІНЕЗ СИПАТТАРЫ
Аллаһ елшісі (оған Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) сыртқы келбетімен, сондай-ақ мінезімен басқалардан айырмашылықтары болған еді. Бұл жайында, біз төменде келтірмек тұрған көптеген хадистерден біле аламыз.
ПАЙҒАМБАРДЫҢ оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

БЕТ ӘЛПЕТІ
Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүзі ақ, беті сопақша, қызылдығы бар және толық ай секілді нұрланып тұратын. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қуанғанда, оның (оған Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) жүзі бұлттардың арасынан тесіп өтетін күн нұрын еске түсіретін, ай сәулесіндей нұрланушы еді. Бетінен аққан тер тамшылары маржандай болатын, ал одан мүңкіген иіс жұпар иісі секілді еді. Егер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ашуланған уақытында, оның жүзі қызарып, беттері анар шырынының түсін алатын.

Беттері тегіс, маңдайы кең, ал қастары иілген және қалың емес (басқа хабарларда керісінше қалыңдау) болатын.

Оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көздері ағында қызылдау реңі бар үлкен, қара болатын, ал кірпіктері қалың, тіпті, сүрмемен қолданған секілді еді, алайда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) онымен қолданбайтын.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұрыны имек, құлақтары жетілген пішінді және ауызы әдемі болатын. Тістері аппақ түсті, ол күлген уақытында аузының ішінен сәуле шығып тұратындай көрінетін.

Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сақалы қалың, әдемі, тек самайларында және иегінде кішкене ғана ақ түскен қара түсті болатын.
ПАЙҒАМБАРДЫҢ оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

БАСЫ, МОЙЫНЫ, ШАШТАРЫ
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басы үлкен, ал мойыны дарынды шебер жасаған күміс құмыраның мойынын еске түсіретін ақ, ұзын болатын.

Шаштары қалың, құлақтың ортасына немесе жұмсағына дейін, кейде иықтарына дейін төгіліп тұратын. Басында да бірнеше ақ шаштар болатын, бірақ сақалымен қосқандағы ақ шаштардың саны жиырмадан аспайтын еді. Шаштары кішкене бұйраланатын, және пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шашын және сақалын тарап, ал басының ортасынан шаштарын екіге бөліп қоятын.


ПАЙҒАМБАРДЫҢ оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

ҚОЛДАРЫ, АЯҚТАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІ
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шынтақтары, иықтары және тізелері ірі, білек сүйектері үлкен және ұзын, алақандары және табандары кең болатын. Қолдары жібектей жұмсақ, қардай салқын, жұпар иісті мүңкіп тұратын. Оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) иықтары кең және кеудесінің жоғарғы жағынан басталып кіндігіне жететін жіңішке жолақ түкті санамағанда кеудесінде жүндер болмайтын еді. Ал қолдары болса, олардың ішкі жағы да, сырты да түкті болатын. Қолтықтарынан да түк өсетін, ал арқасы күміс кесегі тәрізді болатын.
ПАЙҒАМБАРДЫҢ оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

ДЕНЕ БІТІМІ
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әдемі дене бітімімен ерекшелінетін. Мүсіні сымбатты, орташа бойлы, және не толық, не қатты арық болмайтын.
ПАЙҒАМБАРДЫҢ оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

ДЕНЕСІНІҢ ЖАҒЫМДЫ ХОШ ИІСІ
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесінен кез-келген иіссудан жағымдырақ хош иіс мүңкіп тұрушы еді.

Әнәс, оған Аллаһ разы болсын, айтты:



«Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесінен шыққан хош иіспен, не амбра иісі, не жұпар мүңкуі теңесе алмайтын»

Жәбир, оған Аллаһ разы болсын, айтты:



«Біреу пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүрген жолмен жүрсе, ол сол уақытта жағымды хош иісті сезіп, сол жермен кім өткенін түсінетін. Егер ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біреудің қолын ұстаса, ол адамның қолы күні бой мүңкіп тұратын, ал бір баланың басынан сипаласа, ол баланы басқалардан хош иісіне қарап ажыратуға болар еді. Ал Умм Суләйм болса, бірде Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кішкене терін шөлмекке, өзінің иіссуларымен араластырып тұруы үшін жинап алды, өйткені Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тері олардың кез-келгенінен жақсырақ болған»
ПАЙҒАМБАРДЫҢ ЖҮРІСІ

оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүрісі жеткізбейтіндей өте жылдам болатын, және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашанда жәй немесе салбыраған күйде жүрмейтін.

Әбу Хурайра, оған Аллаһ разы болсын, айтты:



«Мен ешуақытта Аллаһ елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жылдам жүретін адамды көрмедім. Ол жүргенде, жер оған қарай өзі жылжып тұрған секілді көрінетін, ал бізге оған ілесу қиын түсетін, бірақ ол оған назар аудармайтын»
ПАЙҒАМБАРДЫҢ оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

ДАУСЫ МЕН СӨЗ СӨЙЛЕУІ
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәл қырылдаумен сөйлейтін. Сөйлегені – әдемілікпен, ал үндемеуі – абыройлықпен ерекшелінетін. Сөздері түсінікті, және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан ештеңкені артық сөйлемейтін, ал бір жағынан сөздерінде ешқандай жетіспеушіліктер болмайтын. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әрбір әріпті нақты айтатын болған, ұқсасы жоқ шешендікпен ерекше болатын. Сөйлегені жатық, және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әрдайым кең мағыналы сөздерді және сөйлеу шеберлігін қолданатын.
ПАЙҒАМБАРДЫҢ оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

МІНЕЗІ-ҚҰЛЫҚ СИПАТТАРЫ ТУРАСЫНДА КІШКЕНЕ СӨЗДЕР
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әрдайым көңілді және сыпайы болатын, ешқашан дөрекілікке салынбай және базардағылар секілді айқайламайтын еді. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлығынан жиі жыймиатын, барлығынан аз ашуланатын, барлығынан тез келісімге асығатын, әрдайым екі жұмыстың жеңілін таңдайтын, егер ол күнәға алып келмейтін болса, ал егер ол күнәмен байланысты болса, ондай жағдайда оған ұқсаған барлық нәрселерден алыс болатын, және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан өзі үшін кек алмайтын, бірақ Аллаһ тыйымдарын бұзғандарды жазалайтын еді.

Одан бөлек, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдардың ішінде ең жомарт, кең пейілді, батыл, мықты, беделді және ұятты болатын, және егер оған бір нәрсе ұнамаған жағдайда адамға тіке айтатын.

Және де, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең әділ, рақымды, шыншыл, адал адам еді, соның себебінен оны «Әмин» (сенімді) деген атпен пайғамбарлыққа дейін атап кеткен. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ адамдың ішіндегі ең сыпайысы, тәкәппарлықтан ең алысы болды. Сөз берсе, оны ешқашан бұзған емес. Туысқандарымен ең жақсы қарым-қатынас жасайтын. Ең жанашыр, ең тәрбиелі болатын. Ешқашан әдепсіз сөздер айпайтын, қарғыс айтаудан алшақ болатын, өлгендерді соңғы сапарға шығарып салатын, кедей халықты жек көрмейтін, құлдардың өтініштеріне үн қатып, олар ішіп-жегенді ішіп-жеп және оған қызмет көрсеткендерді ешқашан ұрысқан емес.
ПАЙҒАМБАР оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

ӨМІРІНІҢ СОҢҒЫ КҮНІ
Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) күні болған дүйсенбінің таңы атарда, және Әбу Бәкр (Аллаһ оған разы болсын) адамдармен таң намазын жүргізе бастады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешіт пен Айшаның бөлмесін бөліп тұрған пердені көтеріп, адамдарға қарап күлімсіреді. Әбу Бәкр (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазға шығатынын ойлап, артқа шегіне бастады, ал адамдар қуанғандарынан намаздарын тоқтатқысы келді, алайда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жалғастыра берулеріне белгі беріп, сосын артқа қайтты да, пердені түсірді.

Сол күні (немесе сол аптада) Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне қызын Фатиманы (Аллаһ оған разы болсын) шақырып бір нәрсе айтты, сонда Фатима жылады, сосын ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайта бір нәрсе айтқанда, ол жымия бастады. Айша Фатимадан онын себебін сұрады, бірақ ол пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанға дейін ол жайлы еш нәрсе айтпады.

Ол жағдай болғаннан кейін, Фатима Айшаға (Аллаһ ол екеуіне разы болсын), бірінші ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы аурудан қайтыс болатынын айтқаны себепті жылағанын, ал сосын отбасы мүшелерінің арасында бірінші артынан еретін ол (Фатима) екенін айтқанда, жымиғанын айтты. Сондай-ақ пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Фатиманы (Аллаһ оған разы болсын) әлемдердің ханымы болатынын айтып қуандырды.

Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатты қиналып жатқанын көрген Фатима (Аллаһ оған разы болсын) айтты: «Менің әкем қандай азаптар тартты!», сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Осы күннен кейін сенің әкең ешқандай азап тартпайды!», сосын немерелері Хасан мен Хусәйнді шақырып екеуін сүйді, кейіннен өз әйелдеріне үгіт-насихат айтты.

Осыдан кейін ауыруы үдей түсті. Бұл нәрсе пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хайбарда өлтіргісі келген удың нәтижесі еді. Сосын бетін киімімен жауып, кейін ашып: «Пайғамбарлардың қабірін құлшылық орындары қылған яхудилер мен христиандарға Аллаһтың лағынеті болсын! Арап жерінде екі дінге орын жоқ!» - деп айтты.

Бұл сөздер пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы сөздерінен және өсиеті болды, сондай-ақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірнеше рет қайтарып: «Намаз, намаз және иеліктеріңдегі нәрсе!» - деді.


ПАЙҒАМБАРДЫҢ оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

ӨЗ РАББЫСЫНА ҚАЙТУЫ
Өлім алдындағы жанталасу басталғанда, Айша (Аллаһ оған разы болсын) пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басын кеудесіне қойды. Сол уақытта бөлмеге оның ағасы Абдур-Рахман ибн Әбу Бәкр қолында пальма бұтағынан жасалған тіс тазартқышпен кірді. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тіз тазартқышқа қарай бастады және Айша (Аллаһ оған разы болсын) оны алғысы келіп тұрғанын түсінді. Ол одан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол жайлы сұрағанда басын изеді. Сонда Айша тіс тазартқышты алып, тістерімен екінші жағын жұмсартып, Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) берді. Онымен тістерін ең жақсы тәсілмен тазалады. Алдында тұрған ыдыстағы суға қолын батырып, бетін сүртті де: «Аллаһтан басқа, шынайы құлшылыққа лайықты ешнәрсе жоқ! Расында, міне өлімнің жаршысы!», - деді.

Осыдан кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолдарын аспанға көтеріп (немесе бір саусағын үстіге қаратып), төбедегі бір нүктеге қарап, және еріндері жыбырлай бастады. Айша (Аллаһ оған разы болсын) мұқият тындай бастады да, оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын естіді: «Аллаһ нығметіне бөленген, пайғамбарлармен, шыншылдармен, шахидтермен, салихалылармен (ізгілермен)... Ия Аллаһ, мені кешір, мейіріміңе бөле және Өзіңе ал!»

Және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы сөздерін үш мәрте қайталап қайтыс болды. Бұл оқиға дүйсенбі күні, Хижра жыл санағы бойынша раби‘ әл-аууәл айының 12 күнінде, талтүске дейін болды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) 63 жаста еді. Расында, біз Аллаһқа тәнбіз және Оған қайтушымыз!
Ия Аллаһ! Пайғамбарды, отбасы мүшелерін, сахабаларын игілігіңе және сәлеміңе бөле! Және бізді Ақырет күні оның қасында жиналуға мүмкіндік бер!

Әмин! Ия әлемдердің Раббысы!


Дерекнама: «Рахикуль-Мәхтум» Мубарак-фури
сайт: www.kz.islamic.kz

1 Хира – Меккеден екі шақырымға жуық жерде орналасқан, қазіргі «Жәбаль ән-Нур» (Нұр тауы) тауының ескі атауы. Аталмыш үңгір тау шыңынын сәл төменінде орналасқан. Ол жерге тек шың арқылы баруға болады. Үңгір ұзындығы – 4, ал ені – 1,5 метр болады.

2 Ақиқаттығында еш күмән болмаған түстер

3 «әл-Аләқ» сүресі, 1-3

4 Жәхилия – «надандық, білімсіздік». Араб тарихындағы пайғамбар Мұхаммәд (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келгенге дейінгі кезең.

5 Вәди – құрғап қалған өзен аңғарларының және уақытша немесе белгілі бір мезгілде (мысалы: нөсер жаңбырлары уақытында) су ағындары болатын өзен жазықтықтарының арабша атауы.

6 «әл-Мудәссир» сүресі, 1-7




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет