Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған Интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



жүктеу 85.3 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі85.3 Kb.
Медициналық-әлеуметтік мекемелер бойынша мәлімет


  1. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған - Интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – интернат-үйі) стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауытқулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған мекеме ұйымдық-құқықтық түрде құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес медико-әлеуметтік ұйым болып табылады. Интернат-үйі 160 балаға арналған.






Директоры – Қиынбаев Тұрсын Тазабекұлы

Телефон – 394-16-00

Мекен жайы – Лебедева к-сі,31

Интернат үйіне орналасу үшін тұрғылықты жер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:



  1. қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның өтініш хаты (бекітілген үлгіде);

  2. баланың туу туралы куәлігі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі.

ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәліктері беріледі;

  1. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

  2. медициналық карта (бекітілген үлгіде);

  3. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.



  1. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған Интернат-үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Интернат-үйі) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан бірінші, екінші топтағы мүгедектердің стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.




Директор – Нұрбаева Светлана Мұратқызы

Телефон – 376-56-16

Мекен жайы – Каблуков к-сі, 119 а

Интернат үйіне орналасу үшін тұрғылықты жер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:



  1. қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның өтініш хаты (бекітілген үлгіде);

  2. жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі.

ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәліктері беріледі;

  1. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

  2. медициналық карта (бекітілген үлгіде);

  3. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

  4. 18 жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы шешімі (болса);

7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін - зейнетақы куәлігі;

8) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.


  1. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар басқармасының «Алматы қалалық Ардагерлер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ардагерлер үйі) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша өздерінің ата-аналарын (жарын) күтуге және қамқорлық көрсетуге міндетті кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жастағы балалары (жары) жоқ немесе шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркінен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен) туыстары бар бірінші және екінші топтағы мүгедектердің және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарт адамдардың тәулік бойы уақытша немесе тұрақты тұруына арналған мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.

Директордың м.а. – Ысқақова Данипа Төлепбергенқызы

Телефон – 255-78-62

Мекен жайы – Мамыр 7 ықшам ауданы, 8а

Ардагерлер үйіне орналасу үшін тұрғылықты жер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:



  1. қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның өтініш хаты (бекітілген үлгіде);

  2. жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі.

ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәліктері беріледі;

  1. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

  2. медициналық карта (бекітілген үлгіде);

  3. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

  4. 18 жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы шешімі (болса);

7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін - зейнетақы куәлігі;

8) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.


  1. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы » коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) денсаулығының жай-күйіне қарай жартылай стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық патологиясы бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың (бұдан әрі – балалар) күндізгі тәулікте ұзақ немесе уақытша (6 ай уақытқа) болуына арналған ұйымдық-құқықтық мекеме түрінде құрылған, заңды тұлғаның мәртебесіне ие коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.



Директоры – Танекеева Айгуль Төлеу қызы

Телефон – 398-63-23

Мекен жайы – Ақбұлақ ы/а, Шарипов көшесі, 47

Орталыққа орналасу үшін тұрғылықты жер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:


  1. қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның өтініш хаты (бекітілген үлгіде);

  2. баланың туу туралы куәлігі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі.

ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәліктері беріледі;

  1. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

  2. медициналық карта (бекітілген үлгіде);

  3. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының «Жалғызілікті зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалғызілікті ерлі - зайыпты және отбасы жұбайлары үшін әлеуметтiк тұрғын үй Дирекциясы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Әлеуметтiк тұрғын үй) жалғызілікті зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалгызілікті ерлі - зайыпты және отбасылық жұптарды (бұдан әрi – егде азаматтар) өз меншік құқығындағы тұрғын-үйлерін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берген жағдайда мемлекеттік мекемеде орналастырылуы мен тұруын, сонымен қатар олардың тұруына тұрмыстық жағдай жасау мен негізгі өмірлік мұқтаждықтарын іске асыруға арналған, ұйымдық құқықтық түрде құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме болып табылады.


Директоры – Оспанова Анар Қабдығалиқызы

Телефон – 392-37-83

Мекен жайы –Тлендиев к-сі, 256/1

Әлеуметтiк тұрғын үйде тұруға ниет танытқан егде азаматтар, турғылықты тіркеуіне қарасты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:

1) еркін түрде жазбаша арыз;

2) жеке басын растайтын құжаттар, бірыңғай нөмірі (ЖБН) бар жеке басының куәлігі;

3) ЖБН жоқ болған жағдайда салық төлушінің (пайдаланушының) тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке кодын алғаны туралы куәлігі қоса беріледі;

4) тұлғаларға зейнетақы алушы куәлігі;

5) жылжымалы мүлікке және оның техникалық сипаттарына құқықтық тіркелуі (ауыртпалық) туралы анықтама;

6) пәтерлердің меншік иелері кооперативінен коммуналдық қызмет төлеуі бойынша қарыздың бар немесе жоқтығын растайтын анықтама, соңғы айдың коммуналдық қызметтерінің төлеуі туралы куәлік қағазының көшірмесі;

7) амбулаторлық картасы;

8) өкпе құрт ауруларына қарсы диспансерден анықтама;

9) наркологиялық диспансерден анықтама;

10) тері-венерологиялық диспансерден анықтама;

11) психикалық денсаулық орталығынан анықтама.

6. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған мекеме ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.

Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды Орталыққа қабылдауды қызмет алушылардың жеке өзі барғанда немесе қызмет алушының нақты тұрған жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары, денсаулық сақтау, ішкі істер салаларындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы бойынша жүзеге асырады.


Директоры. – Жамбаев Бақытжан Абдірәліұлы

Телефон – 251-37-69

Мекен жайы –Олека Дундича к-сі, 2

7. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Самал» Пансионаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) ұйымдық - құқықтық түрде оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ретінде заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мәні халықты әлеуметтік қорғау және денсаулығын сақтау саласындағы қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты - соғыс және еңбек ардагерлерін, сондай-ақ жеңілдігі мен кепілдігі тұрғысынан оларға теңестірілетін тұлғалар, зағип мүгедектер, дәрігерлік қорытынды бойынша 1 (өзіне-өзі көмек көрсетуге мүмкіндігі бар), 2, 3 топтарға жатқызылатын және санаторий-курорттық демалысқа мұқтаж мүгедектер, сонымен қатар, зейнеткерлік құжаты бар еңбек ардагерлерін санаторий-курорттық емдеу мен қысқа мерзімді демалыс орталықтарында оңалту жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

Директоры –Тұрғанбаев Камал Ахметжанұлы

Телефон – 264-65-64



Мекен жайы –Сапар Байжанов к-сі, 100/10



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет