Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2014 жылғы 1 тоқсандағы жұмысының



жүктеу 112.12 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі112.12 Kb.
: files -> npd
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
npd -> Постановление От 19 декабря 2007 г n 90 об утверждении гн 1 2307-07
npd -> Қаулы 2012 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
npd -> Динамика численности населения города Алматы
npd -> Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2013 жылдың 9 айындағы атқарылған
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2014 жылғы 1 тоқсандағы жұмысының

қорытындысы туралы есеп
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың күнкөрісі төмен тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылады.

Табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар төленеді.

18 жасқа дейінгі балалары бар, адам басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы төленеді (1852 теңге). Азық-түлік себетінің ең төменгі көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайды (1 тоқсандағы мөлшер-11978 теңге). 2014 жылдың басынан бастап балалар жәрдемақысы 4,3 млн. теңге сомасында 443 отбасына (1096 балаға) төленді.

Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды (1 тоқсандағы мөлшері 7986 теңге).

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне атаулы әлеуметтік көмек 4,6 млн. теңгеге 113 отбасына (428 адамға) тағайындалды. АӘК –тің отбасының 1 мүшесіне шаққандағы орташа мөлшері 3620,58 теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмекті негізгі алушылар- балалар, жұмыссыздар, балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалар, студенттер, сондай-ақ мүгедектер мен басқа да азаматтар болып табылады.

Табысы аз азаматтарға белгіленген нормалар шегінде тұрғын үй–коммуналдық шығындардың төлемдері отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жыл басынан тұрғын үй көмегі 43,1 млн.теңге сомасында 3583 адамға тағайындалды.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнеткерлер, еңбек майданына қатысушылар, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруынан жапа шеккен бірінші топтағы мүгедектер, жасы бойынша мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалар ішінен 2013 жылдың желтоқсан айында арнайы қалалық жәрдемақы алмаған 21264 тұлғаларға қаңтар айында бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 36956 мың теңге жалпы сомасында арнайы қалалық жәрдемақы төленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы шешімі қабылданды.

Осыған орай, 2014 жылдың қаңтар айынан бастап арнайы қалалық жәрдемақының орнына бір айлық есептік көмек көлемінде (2014 жылы-1852 теңге) айсайынғы әлеуметтік көмек төленеді. Осы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі азаматтарға тағайындалады:


  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;

  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде әлеуметтік көмек бір айлық есептік көмек көлемінде 51,9 млн. теңге сомасында 13848 адамға төленді.

Бұдан басқа, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі әлеуметтік көмектің түрлері көрсетілген:



  • өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үйінен айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде отбасына 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін. Ағымдағы жылдың басынан әлеуметтік көмек 370,4 мың теңге сомасында 2 адамға көрсетілді;

  • жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің бір жарым есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға біржолдық әлеуметтік көмек 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Жыл басынан әлеуметтік көмек 1114,9 мың теңге сомасында 86 адамға көрсетілді.

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайына) жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің алты есе мөлшерінен аспайтын ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмек 3394,8 мың теңге сомасында 342 адамға көрсетілді.

Алматы қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 17 маусымдағы № 3/390 «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларға төленетін жәрдемақы мен оны тағайындау ретінің тәртібін бекіту туралы» қаулысына сәйкес мүгедек балаларды үй жағдайында оқытып тәрбиелейтін отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан тоқсан сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 12038 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. 2014 жылдың басынан жәрдемақы 5,5 млн. теңге сомасында, 536 адамға төленді.

Қаланың зейнеткерлері мен мүгедектерінің денсаулықтарын нығайту үшін жеңілдетілген санаториялық-курорттық ем беріледі. Жыл басынан санаториялық-курорттық емді 13,1 млн. теңге сомасына 159 адам алды.

ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері қоғамдық көлікте жүрулері үшін тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілуде. 2014 жылдың 1 тоқсанында 459 мың теңге сомасына 287 ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектеріне берілді.

Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 82 «Қоршаудағы кезенінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және Ленинградты қорғағаны үшін медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешіміне сәйкес жыл сайын Санкт-Петербург қаласына әуе және/немесе теміржол көлігімен бару және қайта оралу үшін толық құны өтеледі. Есептік кезеңде Санкт-Петербург қаласына бару және қайта оралу үшін Ленинград қаласының қоршауында болған бір адамға берілген шығын 85,6 мың теңгені құрады.

Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясының «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі қабылданды. Осы шешімге сәйкес Алматы қаласында ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде орташа табысы жан басына шаққанда күн көріс деңгейінің 2 есе мөлшерінен аспайтын келесі азаматтарға көрсетіледі:

бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;

зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.

Осы әлеуметтік көмектің түрін тағайындау үшін құжаттарды қабылдау 2014 жылдың 19 наурызынан басталды. Сәуір айында төленеді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Алматы қаласының әкімдігіне жыл басынан бастап 17 көп балалы аналардың құжаттары жіберілген, оның ішінде жеті және одан да астам бала туып өсірген 5 адам «Алтын алқа» алқасымен, алты және одан да астам бала туып өсірген 12 адам «Күміс алқа» алқасымен марапаттау үшін.

Есептік кезеңде Әлеуметтік тұрғын үйінде 43 адам, Ардагерлер үйінде – 335 адам, Психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған Алматы интернат үйінде -626 адам, Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған Алматы интернат үйінде -149 адам тұрады. Тұрақты орны жоқ адамдарға арналған Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының көмегімен 429 адам пайдаланды.

Бұдан басқа, қаланың аудан әкімдерінің аппараты жанындағы үй жағдайында әлеуметтік көмек беру 28 бөлімшелерінде жеке басты 2445 жалғыз тұратын мүгедектерге және зейнеткерлерге қызмет көрсетілді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының аясында, және ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттары» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік сектор арқылы АӘҚ жартылай стационар жағдайында және үй жағдайында 5 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 15 бөлімшеде, екі мүгедектерді оңалту орталықтарында (Алмалы және Әуезов) және күндізгі уақытта болу орталығында көрсетіледі. Сонымен, жартылай стационар жағдайында 150 адамға, үй жағдайында 1120 адамға, оның ішінде аудан бөлімшелерінде 599 адамға, оңалту орталықтарында 521 адамға қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында күндізгі уақытта болу бөлімшелерінде үкіметтік емес ұйымдар- «АРДИ» мүгедек балалар ата-аналарының Қауымдастығы, «Рух» ҚБ, «Мархабат» ҚҚ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, онда психоневрологиялық патологиясы бар 151 мүгедек балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға қызмет көрсетіледі.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер арнайы жүріп-тұру құралдарымен, тифло-сурдоқұралдармен, есту-протездеу көмегімен, протездеу және ортездеу қызметтерімен, арнайы гигиеналық құралдармен және жеке көмекшінің қызметімен, сондай-ақ ыммен сөйлесу тілінің аудармашысымен қамтамасыз етілуде. 2014 жылдың басынан бастап 1190 мүгедектер жеке көмекшінің қызметімен 69,0 млн. теңге сомасына, 520 мүгедектер протездеу және ортездеу қызметтерімен 27,1 млн. теңге сомасына, 258 бірінші топтағы мүгедектер және жүрдекше-арбашамен жүріп тұратын мүгедек балалар «инватакси» көлік қызметімен 5,0 млн. теңге сомасына, 70 мүгедектер санаториялық-курорттық еммен 6,5 млн. теңге сомасына қамтамасыз етілді.

Қалған қызметтерге және арнайы құралдарға мемлекеттік сатып алу іс-шаралары өткізілуде.

Негізгі салаларда мүгедектердің тіршілік әрекетіне кедергісіз ортаны жасау олардың өмірінің сапасын жақсарту үшін маңызды мәселе болып табылады. Осы мәселені шешу үшін барлық аудандарда жұмыс комиссиясы құрылған, олар мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, және әлеуметтік қорғау нысандарын қажетті талаптарға сәйкес келтіру үшін төлқұжаттауды жүргізеді. 2014 жылы 551 нысандарды төлқұжаттау жоспарланған.

Қаланың еңбек нарығындағы хал-ахуал тұрақты күйінде сақталуда, жұмыссыздар санының өсуі байқалмады. Статистиканың мәліметі бойынша 2013 жылдың 4 тоқсанында еңбек нарығында экономикалық белсенді халыққа шаққанда 794,2 мың адамды, жұмыссыздардың саны 45,1 мың адамды, ал жұмыссыздықтың деңгейі 5,7 пайызды құрайды.

Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш білдіргендердің саны – 2009 адам. Соның ішінен 248 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылары атанды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы 743 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, соның ішінен 315 адам әлеуметтік жұмыс орындарына. Қоғамдық жұмыстарға -185 жұмыссыз, 4,2 млн. теңге игерілді.

Есепті кезеңде кәсіптік оқуға 1000 адам жіберу жоспарланған, оған жолдау конкурстық рәсімдеу біткеннен кейін басталады.

Наурыз айының соңындағы жағдай бойынша есепке алынған жұмыссыздардың деңгейі 0,2 пайызды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің деңгейінде қалды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жұмыспен қамту көмегін алу үшін өтініш білдіргендердің саны 4,2 мың адамды құрады, оның ішінен жұмыспен қамтылғандардың саны 81 адамды не болмаса 1,9 пайызды құрады.

Жұмыскерлерді босату және жартылай жұмыспен қамтылу жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 62,1 мың адам жұмыс істейтін 212 мекемеге сұрау салынды. Ондағы жұмыстан босатылғандардың саны – 271 адам. Мәжбүрлі еңбек демалысына жіберілгендердің саны – 39 адам.

Қаланың Даму бағдарламасы аясында үш айда 5047 не болмаса жоспардан 25,2 % жұмыс орындары құрылды, оның ішінде ең үлкен меншікті салмақ сату саласына- 42,3%, құрылысқа-10,7%, өнеркәсіпке-10,6% келеді.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Г. Абдықалықованың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында сала басқарламаларымен бірігіп 2014-2018 жылдарға арналған мемлекеттік және сала бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жұмыс орындарының құруын болжамдау жасалған. 2014-2018 жылдары сала басқармаларының мәліметі бойынша 150321 жұмыс орындарын құру жоспарланды, оның ішінде 2014 жылы-27582 жұмыс орын.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Қалада бірінші және үшінші бағыттары іске асырылуда.

Бірінші бағыттың аясында сегіз инвестжоба білім нысандарын күрделі жөндеу және сейсмикалық тұрақтандыру және екі инвестжоба -медициналық әлеуметтік мекемелерді күрделі жөндеу үшін.

2014 жылдың 1 тоқсандағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 1446 адамды құрады, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында істегендер – 340 адам, жастар іс-тәжiрибесiне жіберілгендер - 343 адам, оқу орындарында бұрынғы жылдардан ауысқан контингенттен 763 адам кәсіби оқыту курстарынан өтті, оның ішінде 184 адам оқуды бітірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын іске асыру үшін мүгедектілігі бар азаматтарды белсенді өмірге тарту мақсатында ақпан айында «Тұран» университетінде жұмыс іздеген мүгедектерге арналған арнайы бос жұмыс орындар жәрменкесі өтті. Жәрменкеге 300 жақын жұмыс іздеген мүгедектер, және қаланың әр түрлі экономика саласындағы 31 жұмыс беруші қатысты. Жәрменкенің қорытындысы бойынша 66 адамға әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама берілді, 11 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты, 8 адам қоғамдық жұмыстарға қатысады, 23 адам кәсіби дайындау курстарына жіберіледі.

Ақпан айында қала әкімдігінде әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, «Нұр-Отан» партиясының Алматы филиалының, кәсіпкерлердің Алматыдағы Палатасының, Алматы қаласы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментінің қатысуымен мүгедектерді әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту сұрақтары бойынша мәжіліс өтті. Мәжілістің қорытындысы бойынша Алматы қаласында 2014 жылға арналған мүгедектерді әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту сұрақтарының кешенді жоспарын әзірлеуге келісті.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларға жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектерін беру үшін ЛА-155/6 мекемесінде еңбек заңнамаларын, Жұмыспен қамту заңнамаларында қарастырылған әлеуметтік қорғау түрлерін түсіндіру үшін семинар өткізілді.

Әлеуметтік әріптестікті әрі қарай дамыту және нығайту жұмыстары жалғастырылуда.

Алматы қаласы әкімдігі, Алматы кәсіподағы және Алматы қаласы кәсіпкерлері Палатасының арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған Аумақтық келісімнің жобасын дайындау үшін үш жақты комиссияның жұмыс тобының үш мәжілісі өткізілді. Қазіргі уақытта Аумақтық келісім келісілді және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелді. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу қалалық үш жақты комиссияның жұмыс жоспары дайындалып бекітілді.

Жыл басынан бастап ТМД елдерінен түскен қаланың кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс істеген жұмыскерлердің жұмыс орындарын және орташа жалақысын дәлелдеу үшін 7 сұраныс қаралды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу аясында телеарналарда 33 баяндамалар, 19 сұхбаттар ұйымдастырылып, телебағдарламаларда 6 репортаж бен бейнероликтер жарияланды. Жыл басынан қаланың еңбек ұжымдарында 38 кездесулер өткізілді, оған 1,5 мыңнан астам адам қатысты.



Бұдан басқа, халықаралық әйелдер мерекесінің алдында басқарма басшысы мүгедек әйелдердің белсенділерімен және Үкіметтік емес мүгедек ұйымдарының әйел басшыларымен кездесіп, мүгедектердің өмір сапасын жақсарту сұрақтарын талқылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет