«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»



жүктеу 178.93 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі178.93 Kb.
: files -> Konkurs
Konkurs -> Маршрут Первой Камчатской экспедиции
Konkurs -> Страховой рынок в целом, виды страхования
Konkurs -> Конкурсная документация по государственным закупкам способом конкурса охраны объектов по Павлодарской области
Konkurs -> Конкурс жариялайды: «Аққайың ауданы мәслихатының аппараты»


Алматы қаласы әкімдігінің

2014 жылғы « 15 » сауірінде

№ 2/249 қаулысымен бекітілді

«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
1. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы қаласының аумағында тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте шоттары болады.

4. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

6. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050010, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Д.А. Қонаев көшесі, 122 үй.

9. Толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Управление занятости и социальных программ города Алматы».

10. Осы Ереже «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттерін орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.



2. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің пайымы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері
13. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес табысы аз азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеруге көмектесуге және халықты жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру, халықка әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту саласында азаматтардың құқығын орындауды қамтамасыз ету болып табылады.

14. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 7, 8 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 5, 10 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 4, 11 баптарына сәйкес «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;

3) жұмыссыздықты төмендету, кедейшілікті ауқымды азайту және халықтың тұрмыс деңгейін көтеру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) әлеуметтік серіктестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) әлеуметтік көмекке мұқтаж зейнеткерлерге, жұмыссыздарға, мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға және басқа да топтағы жұмысқа жарамсыз халыққа қолдау көрсету мақсатымен ұйымдар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер және қайырымдылық қорларының өзара іс-қимылдарын үйлестіру;

6) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында халықаралық байланыстарды және ынтымақтастықты ұйымдастыру.

15. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 3 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңының 27, 28, 29, 30 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 4-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 7, 8 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 8 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 5, 10 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының 4 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 14 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 4, 11 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелерi туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 - 2013 жылдар) бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сәйкес жылдарға арналған Алматы қаласының Даму бағдарламасына мониторинг және талдау жасау;

2) гендерлік өлшемдерді ескере отырып, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге ықпал ететін, республикалық бағдарламаларды және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

3) қаланың ұйымдарында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу туралы ұсыныстарды әзірлеп, оларды жергілікті атқарушы органдардың қарауына енгізу;

4) өтінішпен барған азаматтар мен жұмыссыздарды қабылдауды, есепке алуды және тіркеуді жүргізу, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету, жұмысқа орналасуға және оқуға жолдамалар беру, азаматтар мен жұмыссыздарға кәсіптік бағдарлау бойынша тегін қызметтер көрсету;

5) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберу;

6) жұмыс берушілерден құжаттар қабылдап, қарастыру және Алматы қаласына Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау;

7) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың мерзімдерін ұзарту;

8) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды қайта ресімдеу;

9) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды қайтарып алу;

10) шетелдік қызметкерге оның жұмыс істеуіне рұқсат беру және жұмысқа орналасуына рұқсатты ұзарту;

11) шетелдік қызметкердің мерзімді еңбек шарты біткен соң, оның тұрақты тұратын еліне қайтуын қамтамасыз ететін кепілдік жарнаның қайтарылуына жазбаша рұқсат беру;

12) халықтың нысаналы тобының азаматтарын жұмыс берушілермен жасалған шарттарға сәйкес ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жіберу;

13) өтінішпен барған азаматтар мен жұмыссыздарды жұмысқа орналасудың мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтамасыз етудің мүмкіндігі туралы хабардар ету;

14) жұмыссыз азаматтарды өтінішпен барған күннен бастап 5 күннен кешіктірмей тіркеу және оларды есепке алу;

15) еңбек нарығы туралы деректер қорын қалыптастыру;

16) халық пен жұмыс берушілерді еңбек нарығындағы жағдай, жұмысқа орналасу және кәсіптік оқытудың мүмкіндіктері туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;

17) жұмыс берушілерге, олардың меншік нысандарына қарамастан қажетті қызметкерлерді іріктеуге көмек көрсету;

18) еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберу, оларды әрі қарай жұмысқа орналастыруға көмек көрсету;

19) еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес тұрмысы төмендердің санатындағы бос емес және жеті жасқа дейінгі жастағы балаларды күтумен айналысатын тұлғалар өтінген жағдайда кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберу;

20) халықты жұмыспен қамту мәселелерін қарайтын атқарушы билік органдары, жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіподақтар өкілдерінен құрылған кеңес беру комиссиялары мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

21) ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізу үшін ұйымдарды іріктеуді жүзеге асыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізуге шарттар жасасу, жұмыссыздарды кәсіби оқыту;

22) жұмыссыздарға жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру;

23) жұмыс күшіне сұранысқа, еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг, талдау және болжам жасау. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарлары негізінде республикалық халықты жұмыспен қамту Бағдарламасына ұсыныс әзірлеу. Еңбек нарығындағы жағдай туралы халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға хабарлау;

24) еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен, жұмыс берушілермен бірге жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара іс - әрекет ету;

25) халықтың және заңды тұлғалардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, белгіленген тәртіпте өз құзыреттеріне қарасты мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, арыз-шағымдары мен жеке өтініштерін қарау;

26) республикадағы басқа аймақтардың уәкілетті органдарымен тәжірибе алмасу, Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер өткізу;

27) халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;

28) бірыңғай ақпараттық бағдарламаларды, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы ақпараттарды өңдеу жүйелерін енгізу;

29) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің еңбек бойынша мемлекеттік органдардың бекіткен тәртібімен мемлекеттік реттеліп отыратын тарифтерге (құнға, мөлшерлемелерге, жиымдарға) енгізілетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) параметрлерін қарау және келісуге беру;

30) мүгедектерді тіркеу және оларды сурдо-тифло құралдарымен, арнайы қозғалу құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдарымен, жеке көмекшілер мен ымдап, қолмен көрсету тілі мамандарының әлеуметтік қызметтерімен және басқа да әлеуметтік көмектің шараларымен қамтамасыз ету;

31) жалғызілікті мүгедектер мен қарттарға, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психикалық жүйке аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге, тұрғылықты мекенжайы жоқ тұрғындарға арналған стационарлық үлгідегі, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда уақытша болуын ұйымдастыру, үйде қызмет көрсету, меншіктің мемлекеттік және мемлекеттік емес түрі бойынша арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;

32) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;

33) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу;

34) тұрғын-үй көмегін тағайындау;

35) әлеуметтік көмек жәрдемақыларын тағайындау және төлеу, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет қаражатының есебінен басқа да қосымша әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;

36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған жеңілдіктерге құқық беретін куәлік беру;

37) зейнеткерлерді, мүгедектерді, мүгедек балаларды, Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін санаторий-курорттық емдеуге арналған жолдамамен қамтамасыз ету;

38) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүруін қамтамасыз ету;

39) мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) мүгедектер мен қарттарға, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға, мүгедек балаларға, психикалық жүйке аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;

40) өзгенің қарауын қамтамасыз ететін мүгедектер және мүгедек балаларға, жалғызілікті, жалғыз тұратын егде адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;

41) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте еңбек ұжымынан тыс жұмыс істейтіндерді және жұмыс істемейтін көп балалы аналарды марапаттау қағаздарын толтыру;

42) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларына ұсынылған, жұмыссыздардың санатындағы мүгедектігі бар, зейнеткерлік жасқа жеткен көп балалы аналардың құжаттарын ресімдеу;

43) әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдарға жеңілдіктер мен кепілдіктерді беру мақсатында жұмыста соғыс және еңбек ардагерлері Кеңестерімен, қоғамдық қорлармен, бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасу, бұл жұмысқа қаланың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарын, меншік түрлеріне қарамастан, қатыстыру;

44) Алматы қаласындағы аудандар әкімдері аппараттарының жанындағы жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;

45) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуларды өткізу;

46) Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша есептер мен ақпараттар әзірлеу;

47) Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерді, кәсіпорындарды қаржыландыру мәселелерін қарау, келісу және бекіту, олардың есептерін бекіту;

48) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісімімен коммуналдық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және таратуды жүзеге асыру;

49) оралымды басқаруға берілген мемлекеттік мүлікті иелену және пайдалану құқығын (билік етусіз) жүзеге асыру;

50) Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен құрылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің тиімділігіне талдау жасау және бағалауды жүзеге асыру;

51) Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

52) мемлекеттік орган қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға Алматы қаласының әкімдігі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

54) тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамында қатысу;

55) жеке оқу жоспары бойынша мүгедектер санатындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;

56) мүгедектерге инвотакси көлік қызметін көрсету;

57) мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу және ұйымдастыру.

16. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының 15 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіпте құқықтары мен міндеттері бар:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан Басқармаға жүктелген функцияларды іске асыруға қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық материалдарды және тағы басқа да материалдарды сұрауға және алуға;

2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;

3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізуге;

4) белгіленген тәртіпте Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, мәслихаттың шешімдерінің жобаларын енгізу;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өзге де құқықтары мен міндеттері бар.



3. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

18. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

1) өз орынбасарлары мен Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтарға қол қояды;

5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерді бекітеді;

6) белгіленген еңбекақы төлеу қорының шегінде және қызметкерлердің санына қарай Басқарманың штат кестесі мен шығындар сметасын бекітеді;

7) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен қатынаста Басқарманың мүддесін білдіреді, мүлікке иелік етеді;

8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке билік етеді;

9) Алматы қаласы әкімдігінің қарауына жұмыспен қамту және әлеулеттік бағдарламалар мәселелері бойынша қаулылардың, шешімдер мен өкімдердің жобаларын енгізеді;

10) азаматтарды қабылдайды, өтініштерін қарайды;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды.

«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіліктерін оны ауыстыртын тұлға жүзеге асырады.

21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен қалыптастырылады.

23. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



5. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесі
1) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған Интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған Интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық Ардагерлер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жалғызілікті зейнеткерлер, мүгедектер, зейнет жасындағы жалғызілікті ерлі-зайыпты және отбасылық жұптарға арналған Әлеуметтік тұрғын үй дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған Әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Самал» Пансионаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

8) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласы Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;



9) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласы Алмалы аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет