Алматы қаласы " " 2012 жыл «Wikibilim» Қоғамдық қоры



жүктеу 35.23 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі35.23 Kb.
АВТОРЛЫҚ ШАРТ

№_______-АД

Алматы қаласы "____" _________ 2012 жыл

«Wikibilim» Қоғамдық қоры (бұдан әрі - Пайдаланушы) атынан Жарғы негізінде әрекет ететін Президенті Матжани Нұрбек бір жағынан және _________________________________________атынан әрекет ететін ______________________________________________ екінші жағынан (бұдан әрі бірге - Тараптар), төмендегі келісім-шартты (бұдан әрі – Келісім-шарт) жасады:

1. Келісім-шарттың мәнi

1.1. Автор (құқық иеленуші) келесі №1 қосымшада көрсетілген туындыны (-ларды) (бұдан әрi "Туынды") пайдаланудың келесі құқықтарын Пайдаланушыға тегін түрде пайдалануға бередi:

1.2.1. Туындының электронды нұсқасын жасауға;

1.2.2. Туындыны көпшiлiк алдында онлайн көрсетуге (көпшiлiкке көрсету құқығы);

1.2.3. Туындыны Creative Commons лицензиялары негізінде өзіне тиесілі сайтта орналастыруға;

1.2.4. Туындының электронды нұсқасын таратуға, соның ішінде Интернет жүйесі арқылы таратуға;

1.2.5. Туындылардың аудио нұсқасын жасауға, оны өзіне тиесілі сайтта орналастыруға және оны таратуға;

1.2.6. Автордың (құқық иеленушінің) немесе басқа да құқық иеленушiлердiң аталған Туындыларды кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы өзінде сақталады.

1.3. Пайдаланушы келесі іс-шараларды жасауға міндеттенеді:

1.3.1. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Автордың (құқық иеленушінің) мүліктік және мүліктік емес құқықтарын сақтауға;

1.3.2. Автордың (құқық иеленушінің) Туындыларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және басқа да жолдармен жарнамалауға;

1.3.3. Туындыларды ақысыз түрде оқырмандарға онлайн қол жеткізуге мүмкіндік жасауға;



2. Құқықтар берілетін мерзiм мен аумақ

2.1. Осы келісім-шарт Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз әрекет етеді. Келісім-шарт сотқа жолданбай бір жақты, тараптардың келісімі бойынша немесе соттық тәртіпте бұзылуы мүмкін. Келісім-шарт мерзіміне дейін бұзуға ниет білдірген Тарап, екінші Тарапқа Келісім-шарттың бұзылуына дейiн үш ай бұрын жазбаша хабарланған болса, тараптар шартты бұза алады.

2.2. Пайдаланушы осы шарт бойынша берiлетiн құқықты Қазақстан Республикасының аумағында және және оның сыртында барлық аумақта пайдалануға құқылы.

3. Тараптардың жауапкершілігі

3.1. Автор (құқық иеленуші) Туындыға (-ларға) мүліктік құқықтары толығымен өзіне тиесілі екенін және үшінші жақтардың авторлық құқықтары бұзылмағандығына кепілдік береді.

3.2. Пайдаланушы Туындыға (-ларды) көшіріп алу құқығын бермеуге міндеттенеді.

4. Дауларды шешу

4.1. Келісім-шарт бойынша пайда болған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі, ал ортақ шешімге келе алмаған жағдайда соттық тәртіппен шешіледі.

4.2. Осы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған Тарап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

5. Қорытынды ережелер

5.1. Келісім-шарт бірдей заңдық күші бар екі данада жасалып, біреуі Авторда (құқық иеленушіде), екіншісі Пайдаланушыда болады.

5.2. Келісім-шартқа енгізілген барлық өзгерістер, толықтырулар мен қосымшалар, оған Тараптар қол қойғаннан кейін ғана күшіне енеді.

5.3. Тараптар барлық хабарламаларды бір-біріне жазбаша жолдауға міндетті.

5.3. Тараптар барлық хабарламаларды бір-біріне жазбаша жолдауға міндетті.

5.4. Келісім-шартпен реттелмеген тараптардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.



Пайдаланушы
«WikiBilim» Қоғамдық қоры
Алматы қ-cы, Абылайхан д-лы, 105-үй
тел. 8 (727) 272-59-77
Президент___________________ Н. Матжани
мо

Автор (құқық иеленуші)
Аты-жөні: ____________________________
_____________________________________
Жеке куәлігі: _________________________

___________ авторлық шартқа қосымша

Туындылар тізімі


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«WikiBilim» Қоғамдық қоры

Автор (құқық иеленуші)

Президент____________Н. Матжани



__________/__________/

АВТОРЛЫҚ ШАРТ




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет