Алматы қаласы Білім басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған



жүктеу 2.02 Mb.
бет1/12
Дата28.04.2016
өлшемі2.02 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Алматы қаласы әкімдігінің

2011 жылғы «____»__________ № ___

қаулысымен бекітілді

Алматы қаласы Білім басқармасының

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары



Алматы қаласы, 2011 жыл



Мазмұны







бет

1.

Алматы қаласы Білім басқармасының миссиясы мен пайымы

3

2.

Ағымдағы жағдайды талдау

3-18

3.

Алматы қаласы Білім басқармасының стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және мақсатты индикаторлары, іс-шаралары және нәтижелерінің көрсеткіштері

18-44

4.

Алматы қаласы Білім басқармасының қызметтік мүмкіндіктерінің дамуы

44-49

5.

Ведомствоаралық өзара іс-қимылдар жасау

49-52

6.

Қәуіпті жағдайдыбасқару

52-53

7.

Бюджеттік бағдарламалар

53



  1. бөлім . Алматы қаласы Білім басқармасының миссиясы мен пайымы

Миссиясы: Қала тұрғындарының орнықты дамуын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін сай тұрақты дамуын арттыру үшін әлеуметтік интеллектуалдық әлеуметінің деңгейін көтеру және өзін-өзі таныту әлеуметін арттыру.

Пайымы: Тұрғындардың өзін- өзі танытуына жүйелі талпынысы, интеллектуалдық деңгейін жоғарылату, бәсекеге қабілетілігін арттыру.

  1. бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау


Алматы қаласында мектепке дейінгі және орта білім саласында 272,7 мың бала тәрбиеленеді. Барлығы 531 білім мекемесінде 22 мыңнан астам педагог жұмыс істейді.

Барлық деңгейдегі білім мекемелері тиісті жүйемен қамтылған. Сонымен қатар Алматы қаласының демографиялық ахуалындағы өзгерістер білім жүйесіне қатты әсерін тигізуде.

1. Стратегиялық бағыт Сапалы білім алуға қол жеткізу

1.1. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру

1.1.1.) Реттелмелі немесе қызмет саласының дамуынның параметрлері

2000 жылдан бастап балабақшалардағы орын жетіспеушілігі азайып келеді. Қазіргі уақытты жылдан-жылға мектепке дейінгі мекемелер көбеюде. Соңғы уақытта балабақша тәрбиеленушілерінің саны өсіп келеді. 2000 жылы 20,5 мың тәрбиеленуші болса, 2010 жылдың 1 қазанында 38,2 мың балаға дейін артты. (2009 жылдың 1 қазанында -35,5 мың бала)

Қалада 184 мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелер болса, онда 38,2 мың тәрбиеленуші бар.

Мектепке дейінгі балаларды қамту 32,8 %.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдықта-жаңа

экономиканың көтерілуі - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты бағдарламасын іске асыру аясында, мектепке дейінгі тәрбие және білім беруге арналған 2010-2014 жылдарға «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 мамыр 2010 жылғы № 488 қаулысымен қабылданды. Бағдарламаның негізгі бағыты – мектепке дейінгі тәрбие және білім беруде сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізу. Алматы қаласына осы бағдарламаны іске асыруға байланысты республикалық бюджеттен қосымша 4140 орын енгізу үшін 521 млн 424 мың теңге бөлінді.

«Балапан» бағдарламасы аясында Алматы қаласында қосымша 6472 мектеп жасына дейін тәрбие және білім беретін орын ашылды.

-соңғы 20 жылда тұңғыш рет, 2009 жылы және 2010 жылдың жартысында 1290 орындық 7 балабақша «Құлагер», «Шаңырақ -1,2», «Мамыр», «Жетісу-2», «Ұлжан» ықшамаудандарында және Казаков көшесіндегі бала бақша пайдалануға берілді.

-2010 жылдың қазан айында 320 орындық 2 балабақша «Дархан» және «Думан» ықшамаудандарында іске қосылды.

- «Қалқаман» ықшамауданында 280 орындық және «Көкжиек» ықшамауданында 120 орындық бала бақша құрылысы басталды.

-Одан басқа, балабақшалардағы орын санын көбейту үшін төмендегі шаралар қаралуда;

1. 24 жекеменшік мектепте 36 мектепке дейінгі тәрбиеленушілер тобы ашылу керек болса, бүгінгі күнде 20 мектепте 36 топ (720 орын) ашылды.

2. 15 жекеменшік балабақша ашылу керек болса, бүгінгі күнде 16 балабақша (850 орын) ашылды.

3. Өз мақсатына пайдаланбай тұрған 6 балабақша ғимараттарын коммуналдық меншікке қайтару жоспарлануда бүгінгі күні (420 орындық) 2 ғимарат қайтарылды.

4. Бала бақшаның бір бөлігінде жалға отырған (жекеменшік мектептер, колледждер, спорт және музыка мектептерін) шығару арқылы жоспарланған 8 топтың барлығы да (200 орындық) қайтарылды.

5. Мемлекеттік мектептерде 5-6 жастағы мектеп алды даярлық топтарын дайындайтын, шағын-орталық (4282 орынға) ашылды.

Жоғарыдағы көрсеткіштер бойынша 6472 мектепке дейінгі тәрбие және оқыту орындары ашылды.

Сонымен қатар «Балапан» бағдарламасы бойынша Алматы қаласы балабақшалардың жүйесін кеңейтуге байланысты 2011-2015 жылдарға 30 балабақша салуға 10 млрд 856 млн. тенге республикалық бюджеттен бөлініп отыр.

Қазақ тілінде тәрбие беретін топтар саны 20,1% немесе 50,7% артты.

Бір жылдық мектепалды даярлық тобы саны 25-ке артып бала саны 939 өсті. Соның нәтижесінде мектепалдыдаярлық тобына баратын бала саны 22 518 немесе 69,0% өсті .

Бұдан басқа да мектепке дейінгі даярлық жүргізудің басқа да түрлері енгізіліп жатыр.

Бүгінгі күні қалада;


  • 3 мектепке дейінгі 3 гимназия;

  • 7 оқу-тәрбие орталығы;

  • 10 бала-бақшаларда сауықтыру орталықтары ашылды.

  • -46 мектепке дейінгі білім мекемелерінде тереңдетілген көркем-эстетикалық бағытта тәрбие беретін топтар жұмыс жасайды.

  • 37 балабақшада сауықтыру және дене шынықтыруды тереңдетіп жүргізетін топтар жұмыс жасайды.

  • 114 балабақшада ағылшын тілін оқыту жүргізіледі.

  • 1.1.2.) Негізгі проблемаларды сараптау:

Мектепке дейінгі білім алу жалпыға бірдей қол жеткізу.

Қалада мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді қамту орташа 32,8%, бұл көрсеткіш республика көрсеткішінен төмен, Алматы қаласы бойынша мектепке дейінгі білім мекемелеріне орын жетіспеу мәселесесі өте күрделі -30704 орын қажет.

-1.1.3) Сыртқы және ішкі факторларға баға беру.

Алматы қаласының 2009 жылдың аяғындағы сыртқы факторы- қалада 164 балабақша бар. 2004-2009 жылдарда балабақшаларға баратын бала саны 10500, 2009 жылдың аяғында бала саны 35500-ге жетті.

Ішкі факторларға келсек – қала бойынша мектепке дейінгі білім беру 2009 жылы 32,8% артып 2004-2009 жылдардағы 9,5% .

1.2. Жалпы орта білім

-1.2.1) Саланың негізгі параметрі және жұмыс желісі.

Қалада 2010 жылы 181 күндіз оқытатын мектеп 158260 оқушы бар. Соңғы 5 жылда жаңадан 5 мектеп берілді.

Қазақ тілінде оқытатын мектептер 15, қазақ тілінде білім алатын оқушылар саны 7 мыңға артты.

Жаңа типтегі тәжірибе мектептер саны артты, бұл мектептердің жалпы тенденциясының өсуін анықтайды, соңғы 5 жылда жаңа типтегі мектептер саны 9-ға көбейді, сөйтіп жаңа типті мектептер саны 74 –ке жетті, бұл жалпы мектептердің 41% .

Қалада қазақ тілін оқытуға ерекше көңіл бөлінген, сонымен, тек Алматы қаласында:



  • қазақ тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытуда сыныпты екі топқа бөліп оқыту қарастырылған. Осы мақсатты іске асыру үшін жергілікті қаржы есебінен қосымша 157 млн теңге бөлінді;

  • орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытуда қосымша 2 сағатты екі топқа бөліп оқыту қарастырылған. Осы мақсатты іске асыру үшін жергілікті қаржы есебінен қосымша 96 млн. 157 мың теңге бөлінді.

75 мектепте 3 бағытта тәжірибелік жұмыс жүргізіледі:

- 12-жылдық білім беру жүйесіне өту;

- ерте бастан ағылшын тілін үйрету;

- сынып жетекшісіз жұмыс істеу үлгісін енгізу;



12-жылдық білім беру жүйесіне өту

12-жылдық білім беру жүйесіне өтуге байланысты, қаланың 7 мектебінде тәжірибе ұйымдастырылған.

-10-11 сыныптарда кәсіптік білім беру ұйымдастырылған.

- қоғамдық-гуманитарлық бағытта -61 мектеп;

- табиғи-математикалық бағытта -62 мектеп;

- қоғамдық-гуманитарлық және табиғи-математикалық бағытта- 46 мектеп.

Қала мектептерінде кәсіптік үлгідегі орталық жүйесін құру жоспарлануда:

- 49 гимназия және лицейде;

- 7 кәсіптік мектепте.

Алматы қаласы командасы жыл сайын республикалық және ғылыми олимпиадаларда командалық есеп бойынша ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуде, оның ішінде 1-ші командалық орын:

-5 жыл қатарынан жалпы пәндерден республикалық олимпиадада,

-республикалық ғылыми жарыстарда 8 жыл қатарынан.

2010 жылы халықаралық олимпиадалардан, ғылыми жарыстардан, оқушылар конференцияларына Алматы қаласы оқушылары 53 жүлделі орынға ие болды, сөйтіп алдыңғы жылғы көрсеткіштерінен 26 орынға артты. 2010 жылы Халықаралық математикалық олимпиадада 2 алтын медаль болса, № 134 гимназия оқушысы Овчинников Денис 99 елден 517 оқушы қатынасқан 51 Халықаралық математикалық олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.

2009-2010 оқу жылында Алматы қаласы оқушылары және түрлі олимпиадалар мен коференцияларда 132 жүлделі орындарға ие болды.



Ұлттық білім сапасын бағалау жүйесі.

ҰБТ 2009-2010 оқу жылында 4 маусым мен 9 маусым аралығында 7 жоғарғы оқу орындарында өтті, оған 6307 бітіруші қатысты (82,7%) (2009 жылы-80%), 2629 бітіруші мектепте емтихан тапсырды, 291 бітіруші денсаулықтарына байланысты емтихан тапсырудан босатылды, 68 оқушы олимпиада жүлдегерлері болғандықтан босатылды.



Қала бойынша 2010 жылы орта балл 86,8. Былтырғы жылмен салыстырғанда қала бойынша орта балл 11,1 баллға жоғары.

Өте жоғары көрсеткішке қол жеткізген № 90, 165, 166 лицейлер, №173,175,130,134,12,176 гимназиялар, КТЛ, жекеменшік мектептер «Достар», «Абылай-Т» және «Ж.Әубәкірованың» авторлық мектебі.

Бұл жылы Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің келісімімен және Бірыңғай ұлттық тестілеу орталығының ұсынысымен, облыстардың көрсеткіштері бітірушілердің қатысуымен ортақ баллды және пайызды анықтады.

Қала бойынша орташа балл-92,24.

Ең жоғарғы көрсеткіш:

-Избасарова Надира (№ 173 гимназия), Тулешов Азамат (№ 90 лицей), Прекеева Ақбота (№ 175 мектеп- гимназия), ең жоғарғы көрсеткіш 125 алғандар;

- 9 бітіруші 124 баллдан алды (№ 173-4 , № 138-1, № 159-1, №134-1, №90 лицейден-1, орта мектеп №82-1).

100 баллдан жоғары 1482 бітіруші алды (23,5%), республика бойынша (22,5%) . Өткен жылмен салыстырғанда 100 балдан жоғары алғандар 12,6 пайызға артты.

178 «Алтын белгi» аттестатына үміткерлерден 143 (80,3%) өз білімін дәлелдеді немесе бұрнағы жылдан 10,3 % жоғары.

Мектепте үздік бітірген 167 (78%) өз білімдерін дәлелдеді немесе 25% бұрғы жылдан жоғарғы көрсеткіш.

Материалдық-техникалық қор:

Жаңадан берілген мектептер арқылы білім мекемелері жүйесін арттыру, 2010 жылы Алматы қаласы бойынша:

1) Пайдалануға берілді:

- «Түрксібтегі Пятилетка» мектебі 1200 оқушыға ( «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен), жобалық құны 1 648,7 млн.теңге, (РБ)

-«Жұлдыз» ықшамауданындағы № 142 орта мектепке 288 оқушы орны қосылып салынды 291,2 млн.теңгеге.

- «Ұлжан» ықшамауданындағы 320 орындық балабақша құны 740,1 млн.теңге,

- «Думан» ықшамауданындағы 320 орындық балабақша құны 755,8 млн.теңге,

- «Дархан» ықшамауданындағы 320 орындық балабақша құны 822,1 млн.теңге,



2) Құрылысы жүргізілуде:

- «Қалқаман » ықшамауданындағы 280 орындық балабақша 596,3 млн теңгеге.

- (солтүстіктегі) «Көкжиек» ықшамауданындағы 258,5 млн.теңгеге.

-(оңтүстіктегі) «Көкжиек» ықшамауданындағы 255,6 млн.теңгеге



2010 жылы 13 білім мекемесіне ішінара-күрделі және кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- 1192,3 млн.теңгеге 11 мектепте (СШ №112,41,38,85,164,120,51,28,126,88,100) сейсмикалық күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді;

- 1608,2 млн.тенгеге (СШ № 112,41,38,85,164,120,51,28,126,88) барлығы 10 мектеп, Алматы жаңа технологиялар колледжі, Алматы бизнес колледжі күрделі жөндеуден өтті .

- жергілікті инвестициялық жобалау тізіміне сай Алматы қаласында 2010 -2015 жылдары 2 әрқайсысы 720 орындық кәсіптік лицей және екі жатақхана 600 орындық салынады.

211 мекемеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді барлығы 466,4 млн. теңгеге.

2008 жылы мемлекеттік білім мекемелерінің материалдық-техникалық қорын нығайту үшін 2 млрд. 514 млн. 419 мың теңгу бөлінді, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 2 есе артық, немесе 1 млрд. 291 млн. 163 мың теңгеге көп.

2008 жылы бюджет есебінен сатып алынды:

- лингафонды-мультимедиялық кабинет 1171,2 млн. теңгеге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 144, 1 млн. теңге.

- физика, химия және биология кабинеттері 147,3 млн. теңгеге

- асхана жабдықтары 603,9 млн.теңгеге.

- оқу кабинеттері жабдықтары, кәсіптік зертханалар, кәсіптік лицейлердің, колледждердің оқу шеберханалары 561 млн. теңгеге



-мүмкіндігі шектеулі балалар білім мекемелері үшін техникалық және компенсаторлық жабдықтар 89,23 млн. тенгеге.

- кір жуатын жабдықтар 12,75 млн.тенгеге,

- музыкалық жабдықтар 39,6 млн. тенгеге,

- мұғалімдердің біліктілігін көтеру және қайта дайындау институтының материалдық базасын нығайту үшін шағын баспахана 1,9 млн. тенгеге.



2009 жылы:

- лингафонды- мультимедиялық кабинет 100 015 мың теңгеге ,

- биология кабинеті 87 868 мың теңгеге ,

- техникалық-компенсаторлық құралдар 10 704,5 мың теңгеге,

- мектептен тыс білім мекемелеріне құрал-жабдықтар 13 406,1 мың теңгеге,

- интернатқа қажетті құралдар 10 368,0 мың теңгеге,

«Казначейства-клиент» бағдарламасын кіргізуге қажетті құралдар 65 302,0 мың теңгеге алынды.

Оқушылардың білім сапасының артуы, оқу жүйесінің жақсаруына пәндік кабинеттердің ықпалы өте үлкен. Қалада барлық мектептердің 56,9 пайызы лингафонды- мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. 2009 жылы оқу кабинеттерімен жабдықтау барысы: физика-53%, химия-20,4%, биология 20,9% барлығына шаққанда.



Ақпараттану

Қалада 181 орта білім беретін мемлекеттік мекемелері, 11 Кәсіптік лицейлер, 16 мектеп- интернат мекемелері, 7 аудандық оқу бөлімдері, қалалық мұгалімдердің білімін жетілдіру институты, қалалық білім саласын ақпараттандыру орталығы Интернет желісіне қосылған.

2010 жылы 16 оқушыға 1 компьютерден келеді.

Қала мектептеріндегі 181 кітапханаларда ақпаратты қатынас орнатылып барлығы Интернет жүйесіне қосылған.

Қала мектептерінде 960 интерактивті тақталар орнатылған, оның ішінде 160 мектепке республикалық бюджет есебінен 800 интерактивті тақта орнатылды.

Орта білім беретін 162 мемлекеттік мекеме Қазақстан республикасы БҒМ интерактивті сабақтарына қатыса алады және Алматы қаласының ең үздік мұғалімдері өткізген интерактивті сабаққа қатысады.



  • АҚББ ЖТҒӘО Интернет-класс бағдарламасын әзірледі. Мектеп бітірушілерді ҰБТ дайындау үшін , мектептерді басқаруды жетілдіруге байланысты АСУ-мектеп бағдарламасы құрылды, «Мұғалім-оқушы-ата-ана» атты әлеуметтік желі жасалынып іске қосылды.

Алматыда 218 білім мекемесін біріктірген корпоротивтік «School Net», мектептер желісі ашылды.

Келешекте желіні одан ары кеңейтіп жеке мектептер мен колледждер де желіге қосылады.

«School Net» желісінің іске қосылуына байланысты мектептер Интернетке шығуға мүмкіндік алды, басқа білім мекемелері мен интернет арқылы хабарласады, сайтқа өзінің хабарламасын жібере алады.

Білім басқармасының жеке порталында, қалалықтар өздерінің сұрақтарына жауап ала алады, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарымен таныса алады және өзіне керекті сұраққа жауап ала алады.



Педагог кадрлар және олардың мәртебесін көтеру

Білім беру саласында барлығы 22 мың 101 мұғалім жұмыс жасайды.

- 1 оқытушыға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені қоса берілді.

- 12 оқытушыға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді;

- 378 оқытушы ордендер мен медальмен марапатталды;

- 1899 – оқытушы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасы білім беру саласы құрметті жұмыскері» белгісімен марапатталды ;

- 1160 – Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды ;

Өз ісінің үздік мамандары атанған мұғалімдерді материалдық қолдау үрдісі жалғасып келеді:

Алматы қаласы Әкімінің Қаулысымен «Жыл мұғалімі» конкурсының жеңімпаздарына базалық қызметтік айлықтың 50 пайызы қосымша төленеді. Бұрынғы жылдарды қосқанда 2005 жылдан 205мұғалімге 40 млн 627 мың теңге осы қосымша төленеді.

Алматы қаласы Әкімінің «Жас мамандарды көтермелеу» туралы Қаулысына сай 360330 жас маманға, әрқайсына 15 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді, жалпы сомасы 5 млн. 400 мың теңге.

Өз жұмысын жетік білетін үздік мұғалімдерді анықтау үшін, мұғалімдік жұмыстың беделін арттыру үшін жыл сайын «Жыл мұғалімі» конкурсы өткізіледі.

Қалалық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында жыл сайын 5 мыңдай мұғалім өз біліктілігін көтереді.

Тұңғыш рет мемлекеттік білімді жетілдіру аясында 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырау үшін 2010 жылы институт сабақты ағылшын жүргізетін мұғалімдердің негізгі қызметі аясында үштілділік, европалық саяси мәдениеттілік, өз пәндерін ағылшын тілінде жүргізу үшін қайта даярлау курстарын бастады.
Оқушының денсаулығын сауықтыру және ауруды болдырмау.

Білім мекемелерінде балалар өмірінің қауіпсіздігіне, денсаулығының мықты болуына және өмірі үшін жауапты болуға басты көңіл бөлінген. Бес жыл қатарынан 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ берілді, 2010-2011 оқу жылында 66 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 2010 жылы 2 млрд. 363 млн. теңге, немесе 15 % өткен жылмен салыстырғанда өскен. Тамақтың бағасы 200 теңгеден 220 теңгеге артты. Жыл сайын күн көрісі төмен отбасы мен озат оқушылар қала сыртындағы демалыс лагерлеріне барып демалады. 2010 жылы 2658 баланың демалысына 105 млн теңге бюджеттен бөлінді.

1.2.2. Негізгі мәселенің талдауы

Мектептердің материалдық-техникалық базасы жағдайына келетін болсақ, жалпы 173 мектептің 95,6 % жаңа типтік мектептерде орналасқан, 4,4% ыңғайланған ғимараттарда, 14,4 % бір ауысымда, 85,6 % мектеп екі ауысыммен жұмыс жасайды.

Компъютер техникасының физикалық және моралдық тозуын есепке ала отырып жыл сайын оны жаңартуы керек. Бүгiнгi күнi мектептердегi (28% ) 2517 компьютерлер алмастыруды керек етедi. Мектептердi компъютермен қамтамасыз етудің (1 компьютерге 5-6 адам ) әлемдік көрсеткiштерiне жету үшiн қосымша 20198 компьютерлер алу керек, яғни дәл осы қолдағы барынан 3,2 рет көбiрек.

Мектептердiң интернет желiге шығуы маңызды болып табылады. Тiптi өте төмен тарифтегі интернеттiң өзі қымбат болып тұр.

Білім саласын ақпараттандыру тиiмдiлiгi, педагогикалық кадрлардың ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуіне тәуелді - (бұдан әрi - Икт ). Соңғы жыл iшiнде жабдықтармен жабдықтау уақытында мұғалiмдердi де қосып оқыту іске асырылды. Бұл білім саласының ең бір нашар көрсеткіші.

1.2.3. Ішкі және сыртқы негізгі жағдайларға баға беру.



Білімнің жалпыға бірдей стандарттарын бақылаудың жоқтығы білім сапасының диффиренциясының басты себебі.

Ақпараттық технология білім мекемелерінде жеткіліксіз енгізілген, жұмыс орнында автоматтандыру мекеме басшысы мен мекемелер арасындағы электронды құжат алмасулар жүйесі жеткіліксіз .

Басқарудың тепе-теңдігі болмағандығы, білім алудың аймақтық айырмашылығына әкелді. Білім мекемелерін адам санына қарап қаржыландыру керек. Қоғамдағы әл-ауқат жақсарғандықтан, білім жүйесіне деген талап та өсуде.

2. Стратегиялық бағыт. Қаланың әлеуметтік және экономикалық саласын білікті мамандармен қамту.

    1. Кәсіптік білім беру

2.1.1) Саланың жұмысының жетілуін қадағалау .

Алматы қаласы бойынша 83 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері 69,6 мың адам орта кәсіптік білімді маман жұмысшылар дайындайды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен 16,06 мың адам оқиды.

Кәсіптік техникалық білім беру жүйесіне жасалған талдаудың қорытындысы бойынша маман жұмысшыларды дайындауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс жылма-жыл өсіп келеді. 2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 6 мың орынға өсті немесе 30% . Техникалық және технологиялық мамандықтар дайындау артты.

Мемлекеттік тапсырыспен білім алушылар саны жалпы санға шаққанда, жылма-жыл артып келеді, 2009 жылы 16,06 мың немесе 23 пайызға .

Кәсіптік техникалық білім беру мекемелерін бітірушілер саны жылдан-жылға артып келеді, 2005 жылы 11,9 мың бітіруші болса, 2009 жылы 21,885 мың бітіруші болды, оның 3603 тен 3860-қа дейін мемлекеттік тапсырыспен бітірушілер.

Кәсіптік лицейлер мен колледждердің оқу-тәжірибе шеберханалары, кабинеттері, зертханасы, асханасы жаңа үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілді, оған 2008 жылы 652,538 млн теңге жұмсалынды, 2009 жылы 97,771 млн теңге бөлінді, ал 2007 жылы небәрі бұл мақсатқа 20,476 млн. теңге бөлінген.

Оқу процессіне интерактивті оқу жүйесі технологиясы енгізілді. Алматы қаласы Кәсіптік лицейлер мен колледждерінде интерактивті жабдықтар саны 129 артты, 2008 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 73 немесе 130% өскен. 2008-2009 оқу жылдарында №10 лицей негізінде базалық орталық құрылған, педагог мұғалімдер сол жерден интерактивті жабдықтармен жұмыс істеуді үйрететін курстан өтіп, біліктілігін арттырады.

Кәсіптік – техникалық білім беру саласында әлеуметтік серіктестік институтын құру өзекті мәселе.

Алматы қаласында кәсіптік–техникалық білім беру саласында еңбек нарығында қажетті мамандар даярлауға байланысты, ең үздік колледждер мен кәсіптік лицейлерде 7 салада оқу-орталықтары жұмыс жасайды. 2008 жылы №10 кәсіптік лицейде гипсокартон конструкциясын «Кнауф» технологиясымен өндіретін жұмысшылар дайындайтын орталық ашылды, Алматы құрылыс және менеджемент колледжінде аймақтық құрылысшы мамандығы бойынша дайындайтын аймақтық орталық құрылды, 2009 жылы № 6 кәсіптік лицейде техникалық мамандыққа даярлайтын және қайта даярлайтын базалық орталық ашылды.

2009 жылы жұмыс берушілермен мамандар даярлауға 796 келісім-шарт жасалынды. Жұмыс берушілердің озат оқушы мен кәсіптік білім беру саласы үздік оқытушыларына шәкіртақы тағайындауды реттейтін қамқорлық кеңесін құру туралы жұмыстар жүргізілуде.

Қалалық білім басқармасы мен «Атамекен» өндірістік одағы, Қазақстанның тамақ және тамақ өнеркәсібі одағы, Қазақстанның мейрамханалары мен қонақжай ассоцияциясы, Қазақстанның туристік ассоцияциясы, Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп мекемелері ассоцияциялары арасында әлеуметтік серіктестік құру туралы келісім жасалынды.

Жыл сайын колледждер мен кәсіптік лицейлер оқытушыларының жалпыға шаққанда 10 пайызы өз біліктіліктерін арттырады және қайта даярланады. Бұдан басқа мемлекеттік кәсіптік білім мекемелеріне, республикалық бюджет есебінен шетелдік мамандар жұмысқа тартылып отыр. (2009 жылы 4 ағылшын тілі пәні мұғалімі)

2.1.2) Негізгі мәселенің сараптамасы.

Кәсіптік–техникалық білім беру саласы еңбек нарығы сұранысына сай емес.

Бұған негізгі кедергі болып отырған оқу-методикалық құралдардың жеткіліксіздігінде, заманауи оқулықтар жетіспеушілігінен, әсіресе арнайы оқулықтар оның ішінде мемлекеттік тілдегі оқулықтар жетіспеуінен.

Кәсіптік–техникалық білім беру орындарын бітіргендер, жұмыс берушілердің талабына сай келмеуі және өндірістің жылдам өзгеретін технологиясын игере алмауы.

Сонымен бірге экономиканың қажеттiктерiмен сәйкес техникалық және кәсiби бiлiмнiң жүйенiң дамытуына жеке сектордың бөлiндiсiнiң тарту тетiгінiң жоқтығы болып табылуға кедергi келтiретiн негiзгi факторлар.

2.1.3) Ішкі және сыртқы факторларды бағалау.

1.Кәсіптік–техникалық білім беруде бизнес-құрылымын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық базаның болмауы.

2.Техникалық және кәсiби бiлiм беретін педагогикалық қызметкерлерiнің, әсiресе өндiрiстiк үйренудiң ұсталарына еңбек ақысын көбейту.

3. Кадр даярлау саласындағы әлеуметтiк әрiптестiк жүйенi жетiлдiру.

4. Кәсiби бiлiмiнiң еңбек нарығында бәсекеге түсе алатындай беделін көтеру.

5. Жаһандық тәжірибелерді iске асыра отырып - қазiргi өндiрiстiң қажеттiліктерiмен сәйкес жұмыс iстейтiн кәсiби лицейлер және колледждердiң материалдық базасын жасау.

6. Кәсіптік білімнің және технологиялық оқытудың мазмұнын әлемдік тәжірибені қолданып жетілдіру .



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет