«Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы»



жүктеу 182.63 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі182.63 Kb.
: about managing
about managing -> Конкурстық ҚҰжаттама
about managing -> Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарындағы байқау кеңесінің мүшелеріне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерімен конверттерді Ашу хаттамасы
about managing -> Конкурстық ҚҰжаттама
about managing -> Өткізілу уақыты: 09. 00 Өткізілу орны: Қалқаман ы а, №7 қалалық клиникалық аурухана Ұйымдастырушылар
about managing -> Созылмалы вирустық гепатит бойынша дөҢгелек үстелді жүргізу тәртібі басталуы
about managing -> Қорытындылау хаттамасы
about managing -> Ашық есік күнін өткізу туралы Баспасөз-релизі Өтетін мерзімі


Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «____»______________



№______ қаулысымен бекітілді

«Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже



  1. Жалпы ережелер




  1. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Алматы қаласы аумағының денсаулық сақтау саласында жалпы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

  2. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы көрсетілген мөрлері мен мөртаңбалары, мемлекеттік тілде белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  4. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  5. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер ол оған заңнамаларға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  6. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы»» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешім қабылдайды.

  7. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  8. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан орны: 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Жандосов көшесі, 6.

  9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:

  • мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

- орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Управление здравоохранения города Алматы».

  1. Осы Ереже «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  2. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

  3. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметтерді жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.



  1. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері




  1. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атқаратын пайымы белгіленген – Алматы қаласы бойынша денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

  2. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

  1. ана мен бала денсаулығын нығайту;

  2. әлеуметтік маңызы бар аурулардың салмағын төмендету;

  3. салауатты өмір салтын дамыту;

  4. медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін жоғарлату;

  5. дәрілік заттармен қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу;

  6. медициналық мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету.

15. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 10 бабына; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 «Мемлекеттік қызмет туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес белгіленген:

  1. денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады және денсаулық сақтау өңірлік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;

  2. денсаулық сақтау саласында, білім мен ғылымда Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

  3. азаматтар мен оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында медициналық тағайындау бұйымдары, дәрілік заттар және медициналық көмекпен, уақытша бейімделу мен детоксикация бойынша медициналық қызметпен қамтамасыз етеді;

  4. денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг және бақылау жүргізілуін ұйымдастырады және іске асырады;

  5. денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің қызметін іске асырады;

  6. тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті жабдықтаушыны іріктеуді іске асырады;

  7. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіпте тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету аясында профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, зарарсыздандыру) препараттарын, дәрілік заттарды сатып алуды іске асырады:

амбулаторлық деңгейде – өкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес;

стационарлық деңгейде - дәрілік формулярлар шегінде;



  1. медициналық тағайындау бұйымдары мен медициналық техника, медициналық емес құралдар, санитарлық автокөлік, сондай-ақ, денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу қызметін сатып алуды ұйымдастырады;

  2. денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелерін кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

  3. денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелерінің жабдықталуын қамтамасыз етеді;

  4. өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйе, ақпараттық-коммуникациялық желі құру және қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін;

  5. жоғары және орта медициналық оқу орындары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық базаларды ұсынады;

  6. төтенше жағдайларда медициналық тағайындау бұйымдары мен дәрілік заттармен қамтамасыз ету, тегін медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

  7. медициналық және фармацевтикалық кадрларды дайындау, біліктілігін жетілдіру, қайта даярлау бойынша қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;

  8. салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, дұрыс тамақтану, гигиеналық оқытуды ұйымдастырады;

  9. қоршағандарға қауіп тудыратын аурулар мен әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуы туралы тұрғындарды ақпараттандырады;

  10. азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен бірігіп әрекет етеді;

  11. статистикалық методология талаптарын сақтап, сәйкес әкімшілік-аймақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық бақылауды іске асырады;

  12. ведомстволық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйым басшыларының кәсіби құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді;

  13. лицензиялық бақылауды жүзеге асырады;

  14. денсаулық сақтау және фармацевтикалық қызмет саласындағы уәкілетті орган лицензия беретін қызметтің ішкі түрлерін қоспағанда, дәрілік препараттарды дайындау; медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау; дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу; медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу; медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу медициналық қызметке лицензия алу үшін біліктілік талаптарының өтініш иелеріне сәйкестігі туралы қорытынды береді;

  15. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері мен бөлімдері қызметінің тиімділігін бағалайды;

  16. гендерлік аспектілерді қарайды.

16. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқығы мен міндеттері:

1) қажетті ақпаратты Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан, өзге де мемлекеттік ұйымдарынан сұрау және алу;

2) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалармен шартқа отыру және келіссөз жүргізу;

3) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныс енгізу;

4) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселесі бойынша белгіленген тәртіпте Мәслихат шешімі мен әкімнің шешімдері мен өкімдері, әкімдік қаулыларының жобаларын енгізу;

5) денсаулық сақтауды дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанында арнайы комиссия, кеңестер, жұмыс топтары, кеңесу органдарын құру;

6) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген қаражат шегінде «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу ұйымдарын, жеке мамандарды жұмылдыру;

7) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі іске асыратын өкілеттіктерге сәйкес, қала өкілдерінің қатысуымен өткізілетін мәжіліс, жәрмеңке, көрмелерді ұйымдастыру және қатысу;

8) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс кодексінің 56 бабымен белгіленген тәртіпте сотқа талап жазу;

9) өзіне берілген мүлікке басшылық жүргізуге;

10) еркiн айналыстағы валютамен есеп айырысуға;

11) Қазақстан Республикасының заңнама актілерімен ұсынылған өзге де өкілеттіктерді іске асыру.





  1. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқаруды «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болатын бірінші басшы арқылы жүзеге асырылады;

18. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

19. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

20. Бірінші басшының уәкілеттігі:

1) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;

2) өз орынбасарларының және «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім бастықтарының міндеттемелері мен уәкілеттіктерін белгілейді;

3) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдауға жеке жауапкершілікте болады;

4) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

5) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте көтермелеу мен тәртіптік жазалар қолданады;

6) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және бөлімдері туралы ережені бекітеді;

7) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда өкілдейді;

8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктерін орындау, ол болмаған кезеңде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.





  1. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

22. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайда оралымды басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ, (ақша кірістерін қосқанда) өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік есебінен құрылады.

23. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билік етуге құқығы жоқ.



  1. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



«Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың тізімі:




Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әлеуметтік және еңбекпен оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орталық қалалық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Қалалық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4 Қалалық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№5 Қалалық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№7 Қалалық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аймақтық диагностикалық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№8 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№11 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№17 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№15 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№6 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық кардиологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Медициналық колледж» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Перинатология және балалар кардиохирургия орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы онкологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1қалалық перзентхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2қалалық перзентхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4қалалық перзентхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№5қалалық перзентхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық наркологиялық медициналық- әлеуметтік түзету орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Медициналық жедел жәрдем станциясы» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тері – венерологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Шаруашылық жүргізу құқығындағы медициналық жедел жәрдемнің мемлекеттік коммуналдық мамандандырылған автокөлік кәсіпорны



«Қалалық паллиативтік көмек орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Қалалық медбикелік күтім ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Алатау» Қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№2 балалар шипажайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№3 Алау балалар шипажайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№4 балалар шипажайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Қалалық ревматологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Изатима Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»



«Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Медеу аудандық қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Түрксіб аудандық қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Каменское плато» туберкулезге қарсы шипажайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№1балалар туберкулезге қарсы шипажайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Психикалық сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Әуезов аудандық қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«ЖИТС алдын алу және оған қарсы күресу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны



«№1 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№2 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№3 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№5 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№9 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№12 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№13 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№14 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№16 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Қалалық студенттер емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№18 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№19 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№20 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№21 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№22 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Емдеу-диагностикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Заря Восток» бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Құлагер» бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Қалалық стоматологиялық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Балалар стоматологиялық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№1 Қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»



«№3 Қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№4 Қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№7 Қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№8 Қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Қалалық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Қалалық патолого-анатомиялық бюро» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Қалалық балаларды оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«№ 1 қалалық балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«№ 2 қалалық балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Арнайы медициналық жабдықтау базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет