Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы №



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2016
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»


Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы «___» ________№___

қаулысымен бекітілді

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2010-2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

1. Миссия
Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) миссиясы– қала экономикасын басқару мен дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру, мемлекеттік жоспарлау мен тиімді әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру мақсатында бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану үдерісін басқару жүйесін енгізу.
Алдағы мақсат – Алматы қаласының бәсекелестік үстемдігін жүзеге асыруға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал ететін мемлекеттік жоспарлаудың тиімді де сенімді жүйесімен бірге экономиканы сапалы түрде өсіре беру.
2. Ағымдық жағдайға талдау
Қала ұзақ уақыттан бері елдің басқа өңірлері арасында көшбасшылық орында келеді. Қаланың негізгі экономикалық базасын сауда мен жөндеуден бастап қаржы-несиелік, білім беру және басқа да қызметтерге дейінгі әртүрлі қызметтер көрсету жөніндегі салалар құрайды. Алматы белгілі бір дәрежеде өнеркәсіп өндірісінен босаған сервистік орталыққа айналды.

Постиндустриальдық даму кезеңінің үлгілік өкілі ретінде Лондонның (Ұлыбритания) дамуын мысалға келтіруге болады. Бұл қала әлемдегі 50 мың аса ірі корпорациялардың штаб-пәтерлері орналасқан елдің қаржы және көлік орталығына айналған. Қала экономикасының 35% қаржы және бизнес қызметтері құрайды, туризмге, мейманхана ісіне, саудаға, тамақтандыру мен көңіл көтеруге де осыншама үлес тиген, ал өнеркәсіптің үлесі - небәрі 10% ғана. Алматының экономикасы да осыған ұқсас: ЖӨӨ 70%-ы сауданы қосқанда қызмет көрсету саласына тиесілі, ал өнеркәсіптікі – 6,5% ғана.

2005-2007 жылдар аралығындағы кезеңде Алматы қаласында экономикалық өсудің жоғары қарқынына қол жеткізіліп, оның тең жарымы құрылыс саласының үлесіне тиесілі болды. Құрылыстағы инвестицияның көлемі 2000-2007 жылдар аралығында 27 есе өсіп, қаладағы басқа бірде бір экономикалық көрсеткіш бұған теңесе алмады. Бұл ретте қала құрылысын қаржыландырудың негізгі көзі қарыз қаражаттары болып, соның салдарынан сырттан қарыз алудың тәуекелі арта түсті.

Коммуникациялық инфрақұрылым мен ілгері даму үшін зор әлеуеті бар жаңа заманғы қалаға тән ірі көлік торабы болғандықтан, қалада көлік пен байланыс салаларын дамытудың жоғары қарқыны сақталып келеді.

Алматы қаласы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі жағынан елдегі көшбасшы өңірлер тобына кіреді. Құрылыс, көлік пен байланыс салалары, сондай-ақ қаржы жүйесі капиталды орналастырудың басым бағыттарына айналды.

Алматыдағы инвестициялық қызметтің басты ерекшелігі болып инвестиция көзі ретінде қарызға алынған қаражаттардың пайдаланылуы саналады. Мәселен, 2008 жылы күрделі қаржыға арналған қарыз қаражаттарын тартудың орташа республикалық деңгейі 17% болса, Алматыда ол - 39% құрады, мұның өзі өңірдегі инвестициялық белсенділікті дамытуға салиқалы түрде қарау қажеттігін аңғартады.


Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында 2006-2008 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жүзеге асырылып, соның аясында қаржы секторы, кәсіпкерлік қауымдастықтары өкілдерінің, сондай-ақ әлеуетті инвесторлардың қатысуымен бірқатар инвестициялық конференциялар өткізілді. Инвесторлардың мүддесін көздейтін брошюралар, кітапшалар, басқа да ақпараттық материалдар тұрақты түрде шығарылып тұрады.

Алматы қаласына ресми инвестициялық рейтинг беру жөніндегі рейтингтік агенттіктермен жыл сайын жұмыс жүргізіліп отырылады. Бүгінгі таңда FITCH рейтингтік агенттігі қалаға ВВ+ деңгейіндегі (тұрақты) бағаны беріп отыр.

Соның нәтижесінде қаланың қолданыстағы экономикалық базасы Алматының республикадағы қаржы, білім беру, мәдени-спорттық және сауда орталығы ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік жасауда.

Алайда, 2007 жылдың екінші жартысынан бастау алған әлемдік қаржы және тауар нарығындағы тұрақсыздық бүкіл елдегі және Алматы қаласындағы даму қарқынына да әсерін тигізді.

2008 жылы инвестициялық түсімдер мен өнеркәсіп секторындағы тұтыну сұранысының төмендеуі салдарынан құлдырау 20,1% құрады. Қысқарту негізінен азық-түлік тауарларын, құрылыс материалдарын, машиналар мен құрал-жабдықтар өндіру саласында орын алды.

Сарапшылардың пікірі бойынша, қала өнеркәсібін тұрақты өсу траекториясына шығару үшін инвестициялық белсенділікті дамыту қарқыны 30% кем болмауға тиіс.

Қала бойынша тұтас алғанда негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі 12,5% төмендеді. Инвестиция құрылымында қаржыландыру көздері бойынша үлес арақатынасының өзгеруі байқалады.

Атап айтқанда, бюджеттік қаражаттар үлесі 2004 жылғы 6,6%-дан 2008 жылы 22%-ға дейін өсіп, мұның өзі рецессия жағдайындағы қаражаттарды басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағыттап отырған мемлекеттің тұрақтандырушы рөліне айқын куә бола алады.

Кәсіпорындардың төл қаражаттарының үлесі тиісінше аталмыш кезең ішінде 81,9-дан 38,5%-ға дейін төмендеп кетті. Бұл ретте қарыз қаражаттарына деген тәуелділік 10,4%-дан 38,9%-ға дейін өсті. Шет ел инвестициясының үлесі іс жүзінде нөлге теңеліп, қала экономикасына инвестиция тарту шараларының жеткіліксіз жүргізіліп отырғандығын көрсетіп берді.

Жалпы алғанда, мұның өзі Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының инвестициялық қаражаттарды ұлғайту мен басқару ісіндегі өзінің рөлі мен көзқарасын сапалы жаққа қарай өзгертуі қажет екендігін аңғартады.

2008 жылғы ақпан – қыркүйек айларының аралығында қала бойынша іске қосылатын тұрғын үй мөлшерінің құлдырау үрдісі байқалды. Ал 2008 жылдың қазан айынан бастап үлескерлерге мемлекеттік қолдау жасау мен Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тұйықтан шығудың сәті түсті.

Тұтыну сұранысының төмендеуі салдарынан көтерме сауда айналымының көлемі 2% кеміп, бөлшек сауда айналымы сол 2007 жылғы деңгейде тұрақтады.

2008 жылы нақты сектордың жеткіліксіз несиеленуі қаланың кәсіпкерлік қызметіне елеулі ықпалын тигізіп, жекелеген көрсеткіштердің төмендеуіне әкеліп соқтырды. Шағын кәсіпкерліктегі жұмыстар мен қызметтер өндірісінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2%, шағын және орта бизнес субъектілерінен жиналатын салықтық түсімдер 3% азайды. Аталмыш салаларда жұмыс істейтіндер санының азайып кету жағдайы кездеседі. Жыл аяғына қарай бұл салаларда 237,6 мың адам жұмыс істесе, мұның өзі 2007 жылғы көрсеткіштен 6,1% кем.

Өткен жылы қаланың аралас бюджетіне 722 млрд. теңге түсті, бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 8,2% кем.

Осыған қарамастан бюджеттің әлеуметтік блогын қаржыландыруды ұлғайту жөнінен қолдан келген барлық шаралар жасалды. Жыл аяғына қарай осы мақсатқа жұмсалған жергілікті бюджеттің шығыстары 77 млрд. теңгені құрап, өткен жылғыдан 44% асып түсті. Базалық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалған шығындар 130 млрд. теңгеге жетіп, 2007 жылғыдан біржарым есеге артты.

Осылайша қалыптасқан жағдайда жағымсыз тенденцияларды жойып, алдағы уақытта қаланың экономикасын тұрақтандыру бойынша алда үлкен міндеттер тұр. Сайып келгенде, мұның өзі, қала өміріне ықпал жасайтын экономикалық үдерістерді сапалық жағынан өзгерту мен кеңейту қажеттігін алға тартады.



Сондықтан да экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өз жұмысындағы бірінші кезектегі стратегиялық бағыт Алматы қаласы экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру мен жарақтандыру деп біледі.

Бұл ретте мыналарға баса көңіл бөлінетін болады:

- әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін болжамдау сапасын, оның ішінде, қала бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерін болжамдау сапасын арттыру;

- қаланың басым стратегиялық бағыттарын қалыптастыру арқылы қала экономикасын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;

- инвестициялық ахуалды жақсартып, іскерлік белсенділікке ықпал жасау;

- қала аудандарын тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау.
Бүгінгі таңда қаладағы жағымсыз үрдістерді жою мақсатында Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақтандыру жөнінен 2009-2011 жылдарға арналған қалалық Іс-қимыл мен шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурызда Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жол картасын жүзеге асыруда.

Құжаттарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі Республикадағы мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі аясында нәтижеге бағдар ұстау болып табылады.

Бұрыннан қолданылып келе жатқан жоспарлау жүйесі негізінен ұсыныс, болжам түрінде жасалатын. Сол бойынша мемлекеттік органдардың қызметі, әдетте, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерден алшақ болжамдау мен жоспарлау үдерістері мен процедураларына негізделетін.

Сонымен қатар, бағдарламалар жасаудың процедурасы мен әдістемесі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мен мемлекет қаржысын тиімді басқаруды қамтамасыз ете алмады.

Соның салдарынан бюджет қаражаттары жеткілікті дәрежеде негізді де тиімді жұмсалмады, ол жиі жағдайда, тіпті, орта мерзімді басым жоспарларды іске асырумен астаспай жатты.

Міне, мұның өзі 2009 жылға дейін тәжірибеде қолданылып келген жетілдірілмеген мемлекеттік жоспарлау үдерісінің кемшілігі болып табылады.



Сондықтан экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өз жұмысындағы басым стратегиялық бағыт – мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу деп санайды.

Әлеуметтік-экономикалық болжамдау мен бюджеттік жоспарлауды жетілдіру нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу аясында жүргізілетін болады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен мынадай жұмыстар жүргізілетін болады:

стратегиялық және операциялық жоспарларды әзірлеу сапасын арттыру;

индикаторлар мен олардың жетістіктерін айқындау жөніндегі қалалық құрылымдардың өзара тиімді іс-қимылдарын қамтамасыз ету;

нәтижелілік индикаторларының жоспарланып отырған бюджеттік шығыстар аясындағы іске асырылатын шаралармен өзара байланысын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар 2010 жылы Республика мен қаланың стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы жасалатын болады.

2009-2011жылдар кезеңінде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу басымдықтар мен бағдарламалардың иерархиясын түзіп, алға қойылған міндеттер мен қабылданатын бюджеттік шешімдердің, сондай-ақ қол жеткен жетістіктер жолындағы қалалық құрылымдар жауапкершілігінің байланысын орнықтырады.

Қазіргі кезде экономикадағы дағдарыс құбылыстарын жеңу жөніндегі тұрақтандыру шараларының аясында стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді азайту, оның ішінде, бұған лицензиялау жүйесін жетілдіру арқылы қол жеткізу белгіленіп отыр.

Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау мәселелері туралы» 2008 жылғы 30 шілдедегі № 3/626 қаулысына сәйкес басқарма 15 қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.

2008 жылы лицензиялау жөніндегі жұмыстар аясында лицензия алу уақытын үнемдеу мен сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болатын «бір терезе» ұстанымындағы пилоттық жоба жүзеге асырылды.

Аталмыш тәжірибені ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі оңды деп танып, оны елдің барлық өңірлерінде қолдануды ұсынды.

Сөйтсе де, Республикадағы лицензиялаудың мемлекеттік жүйесі тиісті деңгейінде жетілдірілген деу әзірге артығырақ болар. Бизнесті жүргізу жеңілдігінің рейтингі жөніндегі Бүкіләлемдік банктің бағасы бойынша, Қазақстан Республикасындағы лицензиялау жоғары бағаға ие бола алмады. Бұл орындалуы кәсіпкерлерден көлемді қаржылай және басқа да шығындарды талап ететін көптеген талаптардың қойылатындығына байланысты туындаған жағдай. Тіпті, сол талаптардың кейбіреулері лицензиялау мақсатына сай да келмейді.

Осы орайда заңнамалық базаға елеулі өзгерістер енгізген жөн.



Алматы қаласында лицензиялау саласында озық тәжірибенің енгізіліп те қойғанын ескере келе, басқарма лицензиялау жүйесін ықшамдау мен лицензия беру тәжірибесін оңайлату жөніндегі заңды жетілдіруге одан әрі ықпал жасауды өзінің алдағы мақсаты етіп қойып отыр.
3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және қызмет көрсеткіштері


Атауы

Аяқталу

нысаны

Есепті кезең

Жоспарлы кезең







2008

жыл

2009

жыл

2010

жыл

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Стратегиялық бағыттар 1. Алматы қаласын ұлттық экономиканың өсу белдеуінің бірі ретінде дамыту

1.Мақсат. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін болжаудың сапасын арттыру

Мақсаттық индикаторлар:

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің нақты мәнін олардың болжамдық параметрлерден 2010-2014 жылдары 8-10% шегінде ауытқуы.

Алматы қаласының бюджетін нақтылаудың саны жергілікті атқарушы органдардың ықыластары бойынша жылына 4 реттен аспайды.


Міндеті – экономикалық жоспарлаудың сапасын жақсарту үшін жаңа құралды енгізу – элеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлері

Төмендегі бағыттар бойынша Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингтер қатарын тұрақты негізде енгізу:

  1. өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту;

  2. қала өмірі мен қызметіне ықпал ететін коммуналдық кәсіпорындардың жағдайы;

3)құрылыс секторын дамыту;

4) бөлшек сауданың және тарифтердің, сондай-ақ бөлшек және көтерме тауар айналымының өзгеруі;

5) еңбек нарығының жағдайы;

6) қала бюджетіне кірістердің түсімі және бюджеттік шығындар.



Алматы қаласы Әкіміне есеп




12

12

12

12

12

12

Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы даму үрдістерін ай сайынғы талдауы

Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министрдің Кеңсесіне, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне есеп




12

12

12

12

12

12

Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және бекіту

Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы




1

1

1

1

1

1

Мақсат 2. Стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыру арқылы сапалы және тұрақты дамуды қамтамасыз ету

Мақсаттық индикаторлар:

2010 жылы ЖӨӨ 2,4 % өседі; 2011 жылы – 2,5 %; 2012 жылы – 2,9 %; 2013 жылы – 3,1 %; 2014 жылы – 3,9 %.

2010 жылы құнсыздану индексі – 109,0 %; 2011 жылы – 108,5 %; 2012 жылы – 108,0 %; 2013 жылы – 107,5 %; 2014 жылы – 107,5%.

ЖӨӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 4-5%;

2010-2014 жылдары өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өндеуші өнеркәсіптің үлесі 87-89 %;

2010 жылы 15 мың жұмыс орнын құру түрінде дағдарысқа қарсы шаралар аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан, 12 млрд. теңге салықтарды төлеуден, мемлекеттік тапсырыс көлемінде 70 % дейін қазақстандық үлесті қамтамасыз етуден нақты нәтиже алу



1 Міндет – Алматы қаласын дамытудың стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыру

Алматы қаласын дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған шараларды толық көлемде жүзеге асыру, және бөлінген қаражаттарды толық игеруді қамтамасыз ету, Бағдарламамен қарастырылған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық жоспарланған индикаторларына қол жеткізу

ҚР ПА, ҚРҮ, ЭБЖМ-не есеп

2

2

2













Қайталауды болдырмау үшін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында барлық қолданыстағы өңірлік бағдарламаларды оңтайландыру

ҚР ЭБЖМ-не есеп






















ҚР ЭБЖМ бекітуін ескере отырып, қолданыстағы өңірлік бағдарламалардың күшін жойғаны туралы қалалық мәслихаттың шешімінің жобасын әзірлеу

Мәслихат шешімінің жобасы







1













Алматы қаласының 2011-2015 жылдарға арналған (Ауданды дамыту бағдарламасы) дамыту Бағдарламасының жобасын және Ұсыныстарды әзірлеу

Бағдарлама жобасы, мәслихат шешімінің жобасы




1

1













Алматы қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасын жүзеге асыру

ҚР ЭЖБМ-не есеп










2

2

2

2

Алматы қаласының және Алматы облысының 2015 жылға дейін экономикалық жайластырудың Ұзақ мерзімді тұжырым-

дамасының ережелерін жүзеге асыру



ҚР ЭБЖМ-не есеп




1


1

1

1

1

1

Алматы қаласының 2015 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспары-

ның ережелерін жүзеге асыру



ҚРҮ, ЭБЖМ-не есеп




1

1

1

1

1

1

2 Міндет – Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру

Алматы қаласының 2009-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру бойынша іс-қимылдар Жоспарын және шараларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру

Алматы қаласы әкіміне есеп




12

12













Алматы қаласының әлеуметтік-экономика-

лық дамуындағы жағдайдың өзгеруін ескере отырып, дағдарысқа қарсы бағдарламаға өзгертулер

ді дер кезінде енгізу


Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы




1

1













Алматы қаласының дағдарыстан кейінгі дамуы бойынша ұсыныстарды дайындау

Ұсыныстар







1













3 Мақсат. Алматы қаласында инвестициялық ахуалды жақсарту және іскерлік белсенділікті арттыру

Мақсаттық индикаторлар:

2012 жылы негізгі капиталға инвестиция өсімі 11 %, 2013 жылы 11 %, 2014 жылы 11 %.

Халықаралық FITCH агенттігінің рейтингісі бойынша Алматы қаласында рейтингтің болуы ВВ+ (тұрақты) деңгейден төмен емес;

Өндіруші өнеркәсіппен айналысатын шағын кәсіпкерлермен өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің үлесі тауарлар мен қызметтер өндірісінің жалпы көлемінде шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 11-12 %



1 Міндет – нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» жаңа жобасының Тұжырым-

дамасының жобасына басқарма құзыреті шегінде ұсыныстарды әзірлеп, енгізу



Ұсыныстар






















Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен муниципалдық бағалы қағаздарды шығару мәселесі бойынша тиісті мемлекеттік ұйымдар-

мен, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволармен жұмысты үйлестіру



Ұсыныстар







1

1

1

1

1

2 Міндет – Алматы қаласында іскерлік белсенділікті қолдау

Алматы қаласының жыл сайынғы толық инвестициялық портфелін құру

Мәліметтердің электрондық базасы, есеп

1

1

1


1

1

1

1

Әзірлеуді және шығаруды қамтамасыз ету:

-Алматы қаласының жыл сайынғы басым инвестициялық жобаларының жиынтығын (3 тілде);

- ақпараттық СД дискіні – Алматы қаласының инфрақұрылымдық жобаларының тұсау кесерлерін (3 тілде);

-инвестиция салу үшін тартымды орын ретінде Алматы қаласы туралы ақпараттық-таныстырылымды кітап-атласты (3 тілде);



- инвестиция салу үшін тартымды орын ретінде Алматы қаласы туралы таныстыру кітапшалар (3 тілде)

Дананың саны

300

-

4000

2500

3500

4000

4000

Муниципалдық облигацияларды шығаруды қамтамасыз ету

ҚРҮ, ЭБЖМ-не есеп







1

1

1

1

1

«Самұрұқ-Қазына» ҰӘҚ құрылымына кіретін елді дамыту институттары, ұлттық компаниялар арқылы Алматы қаласының басым инвестициялық жобаларын жүзеге асыру

ҚРҮ және ЭБЖМ-не есеп







4

4

4

4

4

«Медеу-Шымбұлақ» курорттық-туристік кешенін дер кезінде ашу мақсатында дамыту жобасын жүзеге асыру барысында түйткілді мәселелерді шешуде көмектесу

ЭБЖМ-не есеп

1

1

1

1

1







Алматы қаласының кредиттік рейтингілер бойынша ұстанымын қолдау мақсатында жетекші халықаралық рейтингілік агенттіктермен тиімді өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету

ЭБЖМ-не есеп

1

1

1

1

1

1

1

Муниципалдық облигацияларды шығару есебінен жылына 1 жобадан қаржыландыруды қамтамасыз ету

ЭБЖМ-не есеп







1

1

1

1

1

4 Мақсат. Алматы қаласы аудандарының тұрақты дамуы үшін жағдайды қамтамасыз ету

Мақсаттық индикаторлар:

Халықтың 2011 жылдан бастап нақты кірістерінің өсімін 1,7-3,5 % дәлізде қамтамасыз ету;

2011 жылдан бастап нақты жалақының өсімін 0,1-1,6 % шегінде қамтамасыз ету;

2010 жылдан бастап жалпы жұмыссыздықтың деңгейін 7,8 %-дан 7,0 %-ға дейін 2014 жылы төмендету.



4 Мақсат. Алматы қаласының аудандарының тұрақты дамуы үшін жағдайды қамтамасыз ету

1 Міндет – Алматы қаласының аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау мен бағалау жүйесін жетілдіру

Әлеуметтік-экономикалық индикаторларды пайдалана отырып, Алматы қаласының аудандарын дамытудың рейтингтік жүйесін жетілдіру

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысының жобасы




1

1













Алматы қаласының мемлекеттік органдары қызметіне, олардың аудандардың стратегиялық жоспарлар индикаторларына қол жеткізгендігін ескере отырып, рейтингтік бағалауды енгізу

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысының жобасы













1







2 Міндет – аудандық әкімдіктерді олардың мемлекеттік қызметтерді сапалы орындауы үшін талдамалы - негізделген қаржыландыру

Тапсырыстарды құру және қаржыландыру лимитін анықтау сатысында бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру

Алматы қаласы әкіміне есеп




2


2

2

2

2

2

Бюджетті қалыптастыру кезінде Алатау ауданының дамуының басымдығын қамтамасыз ету

Бюджеттердің жобалары






















2 Стратегиялық бағыт. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу

1.Мақсат. Нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу

Мақсаттық индикаторлар:

Алматы қаласында мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу – 100 %



2010 жылы қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды мемлекеттік жоспарлаудың жаңа Жүйесіне сәйкес келтіру – 100 %

1 Міндет – бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін кезең бойынша жүзеге асыру

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу мәселесі бойынша тұрақты негізде әдістемелік қолдауды және түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Семинарлар, тренингтер




2

2













Бюджеттеу мәселесі бойынша мемлекеттік органдар үшін тренингтер мен кеңестерді өткізуді ұйымдастыру







20

20













Алматы қаласын дамытудың стратегиялық басымдықтарына сәйкес 3 жылға бюджеттік басымдықтарды анықтау

Ұсыныстар




1

1

1

1

1

1

2 Міндет – нәтижеге бағытталған бюджеттеуді қамтамасыз ету

Бюджетті әзірлеуге, үш жылдық бюджеттік жоспарлауға өтуге қатысатын экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және мемлекеттік ұйымдардың ақпараттық ресурстарын бейімдеу

Ақпараттық жүйе







1













Үш жылдық кезеңге бюджетті әзірлеу

Мәслихат шешімінің жобасы




1

1

1

1

1

1

Қалалық құрылымдардың бірқатар стратегиялық жоспарлары негізінде теңдестірілген индикаторлардың жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру

Пилоттық жоба













1







3. Стратегиялық бағыт. Халық үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыру

Мақсат. Лицензиялау саласында әкімшілік кедергілерді азайту, осы қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы кәсіпкерлікті дамыту

Мақсаттық индикаторлар:

Интернет арқылы лицензиялау мәселесі бойынша ақпараттарды (қызметтерді) пайдаланатын Алматы қаласының тұрғындарының санын өткен жылмен салыстырғанда арттыру;



лицензиялау мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін қысқарту;


1. Міндет – нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

Лицензиялау саласында заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу және дайындау:


ЭБЖМ-не және басқа да ұйымдарға ұсыныстар




1

1

1

1

1

1

Лицензиялау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша типтік стандарттарды, регламенттерді әзірлеу және бекіту

Құқықтық актілер







қызметтердің жаңа түрлерін лицензиялауды ЖАО беру

қызметтердің жаңа түрлерін лицензиялауды ЖАО беру

қызметтердің жаңа түрлерін лицензиялауды ЖАО беру

қызметтердің жаңа түрлерін лицензиялауды ЖАО беру

қызметтердің жаңа түрлерін лицензиялауды ЖАО беру

2. Міндет – лицензиялау сапасын арттыру

Электрондық құжат айналымы тәсілімен лицензиялау саласында қызмет алу мүмкіндігін кеңейту

ЭБЖМ-не есеп







1

1

1

1

1

Қала әкімінің www.almaty.kz сайтында лицензиялауға қатысты ақпараттық-анықтамалық және басқа да мазмұндағы бөлімдер мен айдарлар санын арттыру

бөлім саны

3

3

2

2

2

2

2

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қысқа мерзімде қарау

күн

15

15

10

10

10

10

10


  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет