Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімі



жүктеу 261.57 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі261.57 Kb.
: documents
documents -> Аэробус а-320 Самолет а-320 — флагман семейства среднемагистральных узкофюзеляжных самолетов европейского концерна Airbus. Самолет полностью сертифицирован для полетов в России и за рубежом. Технические характеристики
documents -> Эффективность применения коллоидной фитоформулы ангиомега комплекс в кардиологии
documents -> 2015 жылдың қазан айының репертуары
documents -> I. 2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
documents -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылға арналған Іс-қимыл жоспары



Алматы қаласы әкімдігінің

2010 жылғы «10» қарашадағы

№4/840 қаулысымен бекітілген



Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімі



Р/с


Ескерткіш атауы

Ескерткіштің түрі

Орналасқан жері

1

2

3

4



Боралдай обалар некрополі (қорымы)

археология

Боралдай елді-мекенінің оңтүстігі. Үлкен Алматы өзенінің сол жағалауы

(N-43º2015,5,

E-0765207,3)




Қорған

археология

20, 22 линиялар, Жандосов көшелері, 20-линия, 128 үй, Тәжібаева к-сі, 37

(N-431362,4,

E-0765326,9)




Қорған

археология

20, 22 линиялар, Жандосов көшелері, Тәжібаева к-сі, 37 АТП-2-нің шығыс және оңтүстік-шығыс жағында, мектептің жанында

(N-431362,4,

E-0765326,9)




Қорған

археология

ЖЭС-2 солтүстікке қарай

3км., «Батыс» зираты жолында, жолдың сол жағында

(N-4318802, E-07648557)




Қорған

археология

Рысқұлов к-сі, 51а, Лобачевский к-сінің қиылысы

«Алматы қалажарық» ААҚ ауласында (N-4317556,,

E-07655515)




Қорған (қалдықтар)

археология

Рахманинов к-сі, 83, Қарасай батыр к-сінің қиылысы

(N-431486,9,

E 0765292,0)




Қорған (қалдықтар)

археология

Қарасай батыр к-сі, 230, Аносов (Гайдар) к-сінің қиылысы

(N-431484,5,

E-0765306,3)




Қорған

археология

ҚР ҰҒА-ның Бас Ботаникалық саябағы, ботаникалық саябақтың оңтүстігіне қарай 600м., оранжереядан оңтүстік-батысқа 200м, орталық саяжолдың оңтүстігі

(N-431318,7,

E-0765446,5)




«Көкқайнар-3» қорған қорымы (4)

археология

«Көкқайнар» ықшам ауданынан 0,5км солт.-бат. қарай, биіктеген платода

(N-4318176,

E-07650164)




Қорған (апатты)

археология

Құрылысшы ықшам ауданының солт. бөлігі, Тереңқара мен Ащыбұлақ өзендерінің арасындағы мүйіс

(N-4316587,

E-07652362)




Қорған қорымы (9)


археология

ЖЭС-2 шығысқа 1,2км. «Батыс» зираты жолының оң жағындағы далада

(N-4317936,

E-07648868)




Қорған қорымы (3)

археология

Ремизовканың төменгі бөлігі, радиоантенна ауданындағы зираттан 500м. оңт.-бат. Қарай

(N-431219,2,

E-0765513,4)




Қорған (апатты)

археология

«Көкқайнар» ықшам ауданынан 0,7км.оңт.-батысқа, жолдың солтүстігінде

(N-4317047,

E-07649565)




Бұтақты-1 қонысы

(Бұтақты-1 археологиялық кешені)



археология

Медеу жолының 9км., «Көпір» аялдамасынан Бұтақты шатқалына қарай 300м. шығыста



Бұтақты-2 қонысы


археология

Бұтақты шатқалының ішінде 7,6км., спорт кешенінен 1км. Батысқа қарай

(N431097,77,

E-770488,7)




Қимасар тұрағы

археология

Қимасар асуы,

Медеу шатқалы

(N-430914,9,

E-0770561,3)





Батыр Райымбек Хангелдіұлының (XVIII ғасыр) бейіті

қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы, орталық зиратқа қарсы



Бұрынғы Әскери қамал – (бұрынғы Верный бекінісі, қазір - ҚР ҚМ «Қолдау» РМК өкілдігінің бөлімдері)

қала құрылысы және сәулет

Черкасск қорғанысы к-сі, 69а. (Куратов, Тәтібеков, Жетісу, Станиславский көшелері), Кіші Алматы өзенінің сол жағалауы



Бұрынғы Верный обсерваториясы, Бредихин астрографы академик Г.А.Титовтың үйі және мұнарасы (қазір – Алматы облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасының өкілдігі)

қала құрылысы және сәулет

Амангелді к-сі, 89,

Сейфуллин к-сі, 197,

Абай даңғылы қиылысы




Бұрынғы Верный телеграфы

(қазір – Қазақстан Республикасындағы Пәкістан елшілігі)



қала құрылысы және сәулет

Төлебаев к-сі, 25

Мақатаев к-сі қиылысы





Бұрынғы Верный балалар баспанасы

(Алматы қалалық медициналиқ училищесі, қазір – Алматы қалалық медицина колледжі).

Сәулетші П. Гурдэ


қала құрылысы және сәулет

Қабанбай батыр к-сі, 132, Наурызбай батыр к-сі қиылысы



Бұрынғы Қоғамдық жиналыс үйі (Қазақконцерт ғимараты, қазіргі Республикалық қуыршақ театры).

қала құрылысы және сәулет

Пушкин к-сі, 63



Әйелдер гимназиясының бұрынғы ғимараты (қазір - Алматы Мемлекеттік университетінің корпусы).

Сәулетші А.П.Зенков



қала құрылысы және сәулет

Уәлиханов к-сі, 64

(Төле би к-сі, 31)







Қазан құдайана шіркеуі.

Сәулетші П.М. Зенков



қала құрылысы және сәулет

Халиулин к-сі, 45-А

Тәтібеков к-сінің қиылысы (Кіші станиция)





Қасиетті Николь соборы (қазір – Қасиетті Николь кафедралдық соборы).

Сәулетші Н.И Лаванов.

Құрылыс жүргізген

С. Тропаревский



қала құрылысы және сәулет

Қабанбай батыр мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысы



Ғалым-ағаш өсіруші

Э.О. Баумның бұрынғы үйі (қазір – «Астана» ДКҚБ) Сәулетші белгісіз



қала құрылысы және сәулет

Амангелді к-сі, 68 а





Ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері, профессор

С.Д. Асфендияровтың үйі (қазір - Қазақстан Республикасындағы Түрік елшілігі)



қала құрылысы және сәулет

Төле би к-сі, 29

Пушкин к-сі қиылысы




Дәрігер Л.Н. Фидлердің бұрынғы үйі (Денсаулық қорғау министрлігінің дезинфекциялау бөлімінің ғимараты, қазір – Евразиялық банк)

қала құрылысы және сәулет

Қалдаяқов к-сі, 52

Қазыбек би, 18





Тұрғын үй (ХХ ғасырдың 30 – жылдары көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы Байтұрсынов тұрған, қазір – А. Байтұрсыновтың мұражай-үйі)

қала құрылысы және сәулет

Байтұрсынов к-сі, 60



Тұрғын үй (Бағбан Татариновтың бұрынғы үйі, санитарлық-эпидемиологиялық станция, қазір - Спорт жетістіктері мұражайы).

Сәулетші П.Гурдэ



қала құрылысы және сәулет

Сейфуллин даңғылы, 551

(Бөгенбай батыр к-сі, 154)





Тұрғын үй («Жетісу» аяқкиім фабрикасының №1 филиалының бұрынғы ғимараты, көпес И.Габдулвалиевтің бұрынғы үйі, қазір - «ГЦИ» ЖШС).

Сәулетші А.П.Зенков



қала құрылысы және сәулет

Төлебаев к-сі, 38



Тұрғын үй (көпес Филипповтың бұрынғы үйі, Облыстық ұлттар ісі жөніндегі бөлімнің ғимараты, қазір - «Қазқайтажаңғырту» РМК-нің ҒЗЖФ)

қала құрылысы және сәулет

Мақатаев к-сі, 20



Тұрғын үй (б. Верный қаласының ақсақалы

С.А. Сейдалиннің үйі, обл. Мұсылмандар бюросы, бұрынғы Республикалық халық аспаптары мұражайының ғимараты, қазір – Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың ғимараты)



қала құрылысы және сәулет

Панфилов к-сі, 99





Үй-жай (Ағайынды Бреусовтардың тұрғын үйлерінің бірі, қазір – «Казэкология» ЖШС ғимараты)

қала құрылысы және сәулет

Әйтеке би к-сі, 27



Байланыс үйі ғимараты (Баспошта)

Сәулетші Г. Герасимов



қала құрылысы және сәулет

Бөгенбай батыр к-сі, 134, Абылай хан к-сі қиылысы



М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театры ғимараты.

Сәулетшілер О. Баймұрзаев, А.Қайнарбаев,М.Жақсылықов; инженерлер А.Брохович, М.Плахотников; суретшілер Я.Нимец, Г.Завизионный



қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы,103



Бұрынғы Республикалық халық бақылау комитетінің ғимараты (қазір – «ҚР Халық банкі») Сәулетші М.Шугал

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 77



Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты (қазір «Нұр-Отан» ХДП штаб-пәтері).

Сәулетші Г.Кушнаренко



қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 79



Бұрынғы Қаржы министрлігі ғимараты (қазір - Алматы қаласы қаржы басқармасы). Сәулетшілер М. Шугал, В.Бирюков

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 97



Бұрынғы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы ғимараты (Саяси-ағарту үйі, қазір - Қазақконцерт). Сәулетшілер А. Леппик, Г.М. Симонов

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 83



Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты. Сәулетшілер А. Леппик, А.Ф.Иванов

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 105



Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ғимараты.

Сәулетші В. Бирюков



қала құрылысы және сәулет

Гоголь к-сі, 114



Қазақ тұтынушылар одағының әкімшілік ғимараты. (қазір – офистерге арналған әкімшілік ғимарат).

Сәулетшілер Б.Н.Стесин,

Г. Бобович, М. Беккер


қала құрылысы және сәулет

Төле би, 57



Қазақ Мемлекеттік шет тілдері институты (қазір - Қазақтың Халықаралық қатынастар мен әлем тілдері уаааниверситетінің ағылшын тілі факультеті). Сәулетшілер

Г.Вознюк, Ю.М. Кудрявцев



қала құрылысы және сәулет

Төле би, 84



Алматы Мемлекеттік медициналық институты (қазір - С.Д. Асфендияров атындығы Қазақ Мемлекеттік медициналық университет). Сәулетшілер А.Гегелло, Д.Кричевский

қала құрылысы және сәулет

Төле би, 94



Бұрынғы Қалалық клиникалық емхана ғимараты (қазір - Қалалық кордиология орталығы). Сәулетшілер Н.С. Длугач, А. Каплун

қала құрылысы және сәулет

Төле би, 93



Алматы мақта-мата комбинатының Мәдениет сарайы (қазір - Н.Сац атындағы Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театры)

Сәулетшілер А. Петрова,


З. Мұстафина, Г.Жақыпова

қала құрылысы және сәулет

Алтынсарин даңғылы, Шаляпин к-сінің қиылысы



Алматы-2 теміржол вокзалы ғимараты. Сәулетшілер А.Галкин, М.Кудрявцев, суретші И.Б. Вакех

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 1



Қазақ Ауылшаруашылық институты ғимараты. (қазір - Ұлттық аграрлық университет).

Сәулетші В.В.Бирюков



қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 8



«Арасан» емдеу-сауықтыру моншалар кешені (қазір – «Арасан» орталық сауықтыру орталығы). Сәулетшілер В.Т.Хван, М.К.Оспанов; инженерлер В.Чечелов, К.Төлебаев.

қала құрылысы және сәулет

Қонаев к-сі, 75



Бұрынғы Республикалық пионерлер сарайы ғимараты (қазір - Республикалық оқушылар сарайы). Сәулетшілер В.Н.Ким, А.П.Зуев, Т.С.Әбілдаев;

инженер Ю.Н.Верный



қала құрылысы және сәулет

Достық даңғылы, 114

Сәтбаев к-сінің қиылысы





Медеу шатқалындағы селден қорғау бөгеті.

Құрастырушы-инженерлер Г.И.Шапавалов, Ю.Н.Зиневич



қала құрылысы және сәулет

Медеу шатқалы



Офицерлер үйі.

Сәулетшілер


Ю.Г. Ратушный, О.Н. Балықбаев, Т.Е.Ералиев,

инж. И.П. Разин.



қала құрылысы және сәулет

Зенков к-сі, 24



Жазушы С.Мұқановтың бұрынғы мұражай-пәтері (қазір - С.Мұқанов пен

Ғ. Мүсіреповтің Мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені)



қала құрылысы және сәулет

Төлебаев к-сі, 125, 129 пәтер.



Неке сарайы ғимараты. Сәулетшілер М.Меңдіқұлов, Н.Оразымбетов. Суретшілер Н.Цивчинский, М.Кенбаев

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 101



Орталық стадион. Сәулетшілер А.Леппик, А.Қапанов, А.Коссов

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 48



Қазақ Мемлекеттік циркі ғимараты. Сәулетшілер В.Кацев, И.Слонов

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 50



Қалалық әуевокзал ғимараты.

Сәулетшілер А.Котов, И.Шевелева, А.Леппик



қала құрылысы және сәулет

Жібек жолы, 111



«Арман» кинотеатры ғимараты.(қазір – «Арман» киноорталығы). Сәулетшілер А.И.Коржемпо, И.Е.Слонов;

инженер В.Гарвард



қала құрылысы және сәулет

Достық даңғылы. 104,

Абай атындағы алаң





Лермонтов атындағы Академиялық орыс драма театры ғимараты

Сәулетшілер В.Давыденко, Г.Горлышкова.

Инженер М.Глебова


қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы 43, Абылай хан к-сі қиылысы



Бұрынғы Мәдениет үйі ғимараты (қазір - Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония). Сәулетшілер Д.Фомичев, Е.Цейтц. Инженер В.Райлян

қала құрылысы және сәулет

Қалдаяқов к-сі, 35



М.Әуезов атындағы Қазақ Академиялық драма театрының бұрынғы ғимараты (қазір - Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік Академиялық қазақ театры). Сәулетшілер А.Леппик, В.Кацев, Б.Тютин

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 38



«Қазақстан» қонақ үйі ғимараты. Сәулетшілер Ю.Г.Ратушный, Л.Л.Ухоботов, А.Е.Анчугов, В.Б.Каштанов; инженерлер Н.Матвинец, А.Деев, Т.Жүнісов

қала құрылысы және сәулет

Достық даңғылы, 52



«Отырар» қонақ үйі ғимараты Сәулетшілер С.В.Коханович, М.Р.Қабылбаев, инженер

Б. Цигельман, суретші

Я.Я. Нимец


қала құрылысы және сәулет

Гоголь к-сі, 65



«Алатау» туристік қонақ үйі

(қазір - «Алатау» қонақ үйі)

Сәулетшілер И.Кушнарев, А.Петров


қала құрылысы және сәулет

Достық даңғылы, 105



«Алма-Ата» қонақ үйі ғимараты

(қазір – «Алматы» қонақ үйі)

Сәулетші Н. Риппинский.

Инженер С. Қаламқаров.

Суретші М. Кенбаев


қала құрылысы және сәулет

Қабанбай батыр к-сі, 85



Бұрынғы «Жетісу» қонақ үйі (қазір - «Жібек жолы» туристік фирмасы). Сәулетшілер Е.Дятлов, Ким До Сен

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 55



Бұрынғы «Есік» қонақ үйі (қазір - «Цептер» фирмасының кеңсесі.). Сәулетші В.Крошин

қала құрылысы және сәулет

Бөгенбай батыр к-сі, 140




«Достық» қонақ үйі..

Сәулетшілер Ю.Ратушный, В.Захаров;

Құрастырушы В.Нос


қала құрылысы және сәулет

Құрманғазы к-сі, 36, Достық даңғылының қиылысы



«Ғалымдар үйі» тұрғын үй

қала құрылысы және сәулет

Жібек жолы к-сі, 60



Орталық мешіт.

Сәулетшілер

Қ. Баймағамбетов, Ж.Н.Шарапиев.

Құрастырушы К.Р. Төлебаев



қала құрылысы және сәулет

Пушкин мен Мәметова көшелерінің қиылысы



Қазақтың шет елдермен достық және мәдени байланысы қоғамының «Достық үйі» ғимараты (қазір - Қазақстан Халықтары Ассамблеясы). Сәулетшілер Л.А.Тимченко, Р.А.Сейдалин; инженерлер А.Фурдуй, Х.А.Якупбаев

қала құрылысы және сәулет

Құрманғазы к-сі, 40




Әуежай (қазір – Халықаралық әуе жолдарының әуежайы). Сәулетшілер Г.Елкин, Б.Заварзин

қала құрылысы және сәулет

Алматы 1.

Майлин к-сі, 1 «А»





Нан өнімдері министрлігінің бұрынғы ғимараты (қазір - Республикалық кітап мұражайы).

Сәулетші В.Твердохлебов.

Мүсінші И.Вахек


қала құрылысы және сәулет

Қабанбай батыр к-сі, 94



Құрманғазы атындағы Алматы ұлттық консерваториясының ғимараты.

Сәулетші А.Стременков



қала құрылысы және сәулет

Абылай хан к-сі, 90



Бұрынғы «Қазгеология» ғимараты (қазір – Қытайдың Ұлттық Мұнай компаниясы мен Қытай Сауда-өнеркәсіп банкінің әкімшілік ғимараты). Сәулетші А.Стременов

қала құрылысы және сәулет

Фурманов к-сі, 110



Малдәрігерлік институтының Хирургия клиникасы ғимараты (қазір – Ұлттық аграралық университеттің корпусы).

Сәулетші М.Ворзнюк



қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 26



Ішкі істер министрлігі басқармасының ғимараты (қазір – ІІМ басқармасының әкімшілік ғимараты).

Сәулетшісі М.Кудряшев



қала құрылысы және сәулет

Қабанбай батыр к-сі, 95



Телевизиялық мұнара.

Сәулетшілер Г.Терзенов, А.Савченко



қала құрылысы және сәулет

Көктөбе тауы



Республикалық Саяси-ағарту үйі. Сәулетшілер Ю.Ратушный, Т.Ералиев,

О.Балыкбаев



қала құрылысы және сәулет

Достық даңғылы, 85



Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейі.

Сәулетшілер Ю.Ратушный, З. Мустафина, Б.Рзагалиев



қала құрылысы және сәулет

Фурманов к-сі,

Самал-1 ықшам ауданы,44үй





«Алатау» шипажай кешені. Сәулетшілер Ю.Ратушный, О. Балыкбаев, В.Сидоров

қала құрылысы және сәулет

Жоғарғы Каменка ауылы



Бұрынғы Л. Брежнев атындағы алаң (қазір - Республика алаңы ансамблі). Сәулетшілер К.Монтахев, М.Павлов, В.Ким, А.Қапанов,

Р.Сейдалин. Инженерлер К.Нұмақов, А.Статенин,

М.Горохов, Б.Вагайцев


қала құрылысы және сәулет

Республика алаңы



Тәуелсіздік монументі.

Авторлық ұжымның басшысы

Ш.Е.Уәлиханов.

мүсінші Д.Жұмабаев,

Н.Далбаев, А.Боярлин,

М.Мансұров, К.Сұраншиев,

К. Сатыбалдин,К. Монтахаев


қала құрылысы және сәулет

Республика алаңы,

Қ.Сәтбаев пен К. Байсейітова көшелері







Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш. Мүсінші А.Әбдәлиев, архитектор

С. Фазылов



қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы. Орталық зират



Кеңестер Одағының батырлары Ә. Молдағұлова мен М. Мәметованың ескерткіші. Мүсіншілер

Қ. Сатыбалдин, В. Сидоров



қала құрылысы және сәулет

Төле би к-сі,

Астана алаңына қарама-қарсы саябақта





Абылай ханның ескерткіші.

Мүсінші К.Сатыбалдин

Сәулетшілер Т.Ералиев, С.Баймағамбетов


қала құрылысы және сәулет

Алматы – 2 вокзал алаңы



Ақын Ж. Жабаевтың ескерт-кіші. Мүсінші Б.Әбішев,

Сәулетшілер Т.Ералиев, Баймағамбетов, С.Фазылов



қала құрылысы және сәулет

«Искра» кинотеатрының алды, Достық даңғылы



Қазақстан Ғылым Академиясының Бірінші президенті, геолог

Қ. Сәтбаевтің ескерткіші.

Мүсінші Т.С.Досмағамбетов.

Сәулетші А. Қайнарбаев



қала құрылысы және сәулет

Сәтбаев к-сі, Байтұрсынов

к-нің қиылысы





Орыстың ұлы ақыны

А.С. Пушкиннің ескерткіші.

Мүсінші А. Бичугов,

Сәулетшілер А. Анчугов,

Т. Ералиев


қала құрылысы және сәулет

Ш.Уәлиханов к-сі,

ҚР Ғылым Академиясы ғимаратының шығыс жағындағы саябақта





Украин ақыны мен суретшісі

Т. Шевченконың ескерткіші.

Мүсінші В.Н. Рожин


қала құрылысы және сәулет

Шевченко к-сі мен Достық даңғылының қиылысы



М.Гандидің ескерткіші (Үнді елшілігінің Қазақстанға сыйлығы, үнді мүсіншілерінің жобасымен)

қала құрылысы және сәулет

Жароков к-сі, Жамбыл к-нің қиылысы (саябақ)



Жазушы С.Мұқановтың мүсіні.

Сәулетші Т. Жанысбеков



қала құрылысы және сәулет

С. Мұқанов пен Төле би

көшелерінің қиылысы





Т.Бокиннің ескеркіші.

Мүсінші Б.Әбішев



қала құрылысы және сәулет

Қонаев к-сі, Әйтеке би к-сінің қиылысында



Ғ.Мұратбаевтың ескерткіші.

Мүсінші Т.Досмағамбетов



қала құрылысы және сәулет

Достық даңғылы, Сәтбаев к-сінің қиылысы



Д.Фурмановтың мүсін-ескерткіші.

Мүсінші Н.С.Журавлев,

сәулетші Х.Я.Якупбаев


қала құрылысы және сәулет

Құрманғазы мен Фурманов көшелері қиылысы



О.Жандосовтың ескерткіші.

Мүсінші Н.Журавлев,

сәулетші Т.Сүлейменов


қала құрылысы және сәулет

Жандосов пен Гагарин көшелері қиылысы



И.Панфиловтың ескерткіші.

Мүсінші Б.А.Төлеков, сәулетші Т.К.Басенов



қала құрылысы және сәулет

Панфилов, Қарасай батыр көшелері қиылысы



М.О.Әуезовтің мүсін-ескерткіші.

Мүсінші Т.Досмағамбетов, сәулетші М.Меңдіқұлов



қала құрылысы және сәулет

Қабанбай батыр к-сі (Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының саябығы)



Жамбыл Жабаевтың мүсін-ескерткіші.

Мүсіншілер Х.И.Наурызбаев, В.Ю.Рахманов; сәулетші М.Меңдіқұлов;



қала құрылысы және сәулет

Қабанбай батыр к-сі (Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театрының саябығы)



Композитор М.Төлебаевтың ескерткіші.

Мүсінші Е.Рахмадиев



қала құрылысы және сәулет

Төлебаев к-сі мен Абай даңғылының қиылысы



Ақын Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші.

Мүсінші Н.Далбаев



қала құрылысы және сәулет

Желтоқсан мен Мақатаев көшелерінің қиылысы



Жазушы Ғабит Мүсіреповтің ескерткіші.

Мүсінші К. Сатыбалдин. Сәулетші В. Кацев



қала құрылысы және сәулет

Абылай хан к-сі, 38 Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер театры



Қазақстанның Халық суретшісі Ә.Қастеевтің ескерткіші.

Мүсінші Н. Далбай



қала құрылысы және сәулет

Сәтбаев к-сі, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының алды



Жазушы С.Шәріповтың мүсіні. Мүсінші П.Шорохов

қала құрылысы және сәулет

Қарасай батыр к-сі, Сейфуллин к-нің қиылысы



«Ауғанстан мен әлемнің басқа жерлеріндегі қақтығыстарда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге» ескерткіш.

Мүсінші К.Сатыбалдин,

Сәулетші В.Сидоров


қала құрылысы және сәулет

28-гвардиялық панфиловшылар атындағы саябағы



Әнші К.Байсейітованың (1912-1957) зират басындағы ескерткіші. Мүсінші А.Антропов

қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы,

орталық зират





Композитор М.Төлебаевтың (1913-1960) зират басындағы ескерткіші.

Мүсінші А.Антропов



қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы,

орталық зират





Жазушы, қазақ кеңес әдебиетінің классигі М.О.Әуезовтің (1897-1961) зират басындағы ескерткіші. Мүсінші В.Вучетич

қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы,

орталық зират





Қазақстан Ғылым Академиясының бірінші президенті, геолог Қ.Сәтбаевтың (1899-1964) зират басындағы ескерткіші.

Мүсінші А.Антропов



қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы,

орталық зират





Саяси қайраткер Ж.Шаяхметовтің (1900-1966) зират басындағы ескерткіші.

Мүсінші М.Меңдіқұлов



қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы,

орталық зират





Әртіс Қ.Қуанышбаевтың (1893-1968) зират басындағы ескерткіші.

Мүсінші О.Прокопьева



қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы,

орталық зират





Әртіс, режиссер Ш.Аймановтың (1914-1970) зират басындағы ескерткіші. Мүсінші В.Федоров

қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы,

орталық зират





Композитор А.Жұбановтың (1906-1968) зират басындағы ескерткіші. Мүсінші Е.Вучетич,

қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы,

орталық зират





Ақын И.Байзақовтың (1900-1946) зират басындағы ескерткіші

қала құрылысы және сәулет

Райымбек даңғылы,

орталық зират





Қазақстанның Халық суретшісі Ә.Қастеевтің (1904-1973) зират басындағы ескерткіші. Мүсінші Б.А.Төлеков, М.О.Әйнеков

қала құрылысы және сәулет

«Кеңсай» зиратында



Жазушы С. Мұқановтың (1900-1973) зират басындағы ескерткіші.

Мүсінші Х.Наурызбаев



қала құрылысы және сәулет

«Кеңсай» зиратында



«Мүсіндер саяжайы»

Мемориалдық кешені



қала құрылысы және сәулет

Үкімет үйінің (Қазақ-Британ техникалық университеті) солтүстігіндегі саябақ

______________________________







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет