«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті 1



жүктеу 107.46 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі107.46 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,
67 мекенжайында орналасқан Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
2-тармағының 1-1) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 бұйрығымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу ережесі
(бұдан әрі – Ереже) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – өтініш берушіге Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы (бұдан әрі – АӨҚО) ретінде аккредиттеу туралы куәлікті не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасымалдауышпен беру. АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттелген заңды тұлға туралы мәлімет Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.



5. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында басқа мүдделі мемлекеттік органдар қатыспайды.

 
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

6. Мемлекеттік қызметтер құжаттардың толық пакетін ұсынған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

7. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

8. Тұтынушыдан мемлекеттік қызметтерді алу үшін сұратуды алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтердің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңдері:

өтініш беруші мемлекеттік қызметтерді алу үшін Комитетке Стандарттың
11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін жібереді;

қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу;

ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру;

ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келген жағдайда:



АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы бұйрықтың жобасын дайындау;

бұйрықтың және Комитеттің заң бөлімшесінен өтетін құрылтай құжаттарын құқықтық сараптау;



АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу;

АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы бұйрықтың жобасына және куәлікке Комитет Төрағасының қол қоюы;

АӨҚО қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу;

АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті беру;

ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда:



АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеуден бас тарту себебі туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындау;

бас тарту себебі туралы дәлелді жауаптың жобасын және Комитеттің заң бөлімшесінен өтетін құрылтай құжаттарын құқықтық сараптау;



өтініш берушіге өтінішті және бұзушылықтар бар құжаттарды қоспағанда, бас тарту туралы дәлелді жауапты және ұсынылған құжаттарды беру.

9. Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға жүзеге асырады немесе құжаттар Комитеттің хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшігіне салынады не почта жіберілімі арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең төменгі саны құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті 1 қызметкер болады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысындағы іс-әрекеттердің

(өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау
10. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, өтініш берушінің қолына өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.

Талонды Комитеттің құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы жазып береді.

Тұтынушы құжаттарды почта жіберілімі арқылы жіберген немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.



Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға хат-хабарды электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде ашуды және тіркеуді және Комитет басшылығының қабылдау бөлмесіне беруді жүзеге асырады.

11. Ақпарат қауіпсіздігіне талаптар қойылмайды:

өтініш беруші ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

өтініш беруші туралы конфиденциалды ақпараттың пайдаланылуына жол бермеу;



АӨҚО-ның аккредиттелген қатысушыларының қалыптастырылған істеріне «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгі қойылады.

12. Мыналар мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне қатысады:

Лицензиялау департаменті – Қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті қабылдау және тіркеу. Бұйрықтың жобасын дайындау және АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу. Өтініш берушіге АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті беру;

Комитет басшылығы – АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы бұйрыққа және куәлікке қол қою.



13. Комитеттің әрбір құрылымдық бөлімшелері әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) сабақтастығы мен өзара іс-әрекетін мәтіндік кесте түрінде сипаттау әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды сабақтастығы мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

15. Өтініш берушінің атына жіберілетін хат еркін нысанда жазылады.

16. Өтініш беруші осы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барысы туралы ақпаратты Лицензиялау департаментінің хатшысынан мына телефон бойынша 8 (727) 2788 008 алуына болады.


4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында олар қабылдайтын шешімдер мен іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

18. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпаратты сақтауды, қорғауды және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

1-қосымша





1-кесте. Іс-әрекеттер сипаты




Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеті

1.

Іс-әрекет

1

2

2.

ҚФБ атауы

Лицензиялау департаменті

Комитет басшылығы

3.

Іс-әрекеттің атауы
және олардың сипаттамасы

Өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге қабылдау және тіркеу

1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексеру;


2) сәйкес келген жағдайда:

- АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы бұйрықтың жобасын дайындау;

- АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу;

- бұйрықтың жобасын келісуге және Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына бұрыштама қоюға енгізу;

- бұйрықтың жобасын Комитет Төрағасына қол қоюға енгізу;

- АӨҚО қатысушылардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу;

- АӨҚО қатысушылардың істерін ресімдеу.

Ұсынылған құжаттарды аккредиттеу туралы бұйрықтың жобасын құқықтық сараптама жүргізу



АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы бұйрыққа және куәлікке қол қою


4.

Аяқталу нысаны

өтініш берушіге АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті беру

АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы бұйрық және куәлік

5.

Орындау мерзімдері

________

Бір жұмыс күні ішінде


2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Негізгі үдеріс.


Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу

Лицензиялау департаменті

Комитет басшылығы

1. Қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті қабылдау және тіркеу

4. АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы бұйрыққа және куәлікке қол қою

2. АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы бұйрықтың жобасын дайындау және куәлікті ресімдеу

3. Бұйрықтың жобасына бұрыштама қою

5. Өтініш берушіге АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті беру





3-кесте. Пайдалану нұсқасы. Балама үдеріс.


Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу

Лицензиялау департаменті

Комитет басшылығы


1. Қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті қабылдау және тіркеу

4. АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тартуға қол қою

2. АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тартудың жобасын дайындау

3. АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тартудың жобасына бұрыштама қою

5. Өтінішті қоспағанда құжаттарды өтініш берушіге қайтару




«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

2-қосымша



Функционалдық іс-әрекеттер схемасы

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет