Алматы облысының аумақтық-әкімшілік бөлік



жүктеу 89.87 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі89.87 Kb.
: old -> images -> doc
old -> Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры
old -> Мағжан: «кінәні жүрекке қОЙ,Қойма мағАН»
doc -> Райымбек ауданының ауыл шаруашылығы саласы ауданның жер көлемі – 732801 га Төл алу
doc -> Қадірменді көпшілік!
doc -> Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдында есеп беру кестесі 15. 01-27. 01. 2015 жыл аралығы


Райымбек ауданы– Алматы облысының аумақтық-әкімшілік бөлік. Алматы облысының  Райымбек ауданының жер аумағы 14,2 мың шақырымды құрайды. ауданда 82,6 мың адам тұрады. Аудан бюджетінің шығысы биыл 2 млрд 520,6 млн теңге көлемінде жоспарланған.

Райымбек ауданы табиғатқа ғана бай емес, тарихы да тереңнен сыр шертеді. Ежелгі сақ дәуірінің, үйсіндер мәдениетінің белгілері қалған Қарашоқы, Таңбалы тас, Тұйық, Ақтастының алтыны, Байынқол мен Шалкөденің көнерген алтын кеніштері, Жібек жолы, Шығу, Құмтекей қаласының орындары бар. Шоқан Уәлихановтың Қашғарияға сапары осы өңір арқылы өткен.

1997 жылы Нарынқол мен Кеген аудандарының біріктірілуінен Райымбек ауданы құрылды. Бұл таулы өңірге өзіндік қиындықтарын ала келді. Ел-жұрттың, әсіресе, шекараға жақын жердегі мекендерін тастап, аудан орталығына, Алматы қаласына қарай көшуіне алып келді.

Айта кету керек, Нарынқол 1936 жылдан 1997 жылға дейін аудан орталығы болды. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы ең шеткі аймағы. Кегеннен шығысқа қарай 98 шақырым жерде, Нарынқол мен Байынқол өзендерінің қосылған тұсында, Меридианальный жотасының солтүстік баурайында, тау алдының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. 2004 жылғы мәлімет бойынша Нарынқол ауылында 8,8 мың адам тұрады. Бұл елді мекеннің іргесі 1872 жылы аңшылар тұрағы ретінде қаланған.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Шекарада» өлеңінде:

Міне,


Мен Отанымның шетіндемін.

Тыныштық.

Өтуде түн. өтуде күн.

Қасиетті жерімді қарауылдап,

Қайыспай күзетуге бекінгемін.

Мен,


Міне, Отанымның шетіндемін,- деп айтқан.

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дегендей, мемлекет болған соң, есігің құлыптаулы, шекараң қырағы күзетте болғаны жөн. Алдағы уақытта шекара маңындағы ауылдардың жағдайын дұрыстау арқылы сол жердің тұрғындарын тұрақтандыруға қол жеткізгеніміз абзал болар еді.

Райымбек ауданы ақындар мен батырлар ғана емес, талантты спортшылар өскен өңір. Ауылдардағы қарапайым жаттығу залдарында алғашқы қадамдарын бастаған Ардақ Назаров – ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы, Айсара Керімбекова – дзюдан әлем чемпионы, Руслан Жұмабеков – классикалық күрестен Азия чемпионы, Бауыржан Тәліп – қазақша күрестен әлем чемпионы атанды.

Халықаралық жарыстарда осы спортшылардың құрметіне Мемлекетіміздің Әнұранымыз шырқалып, көк байрағымыз биікте желбіреді. Жоғарыда есімдері аталған спортшылар тәуелсіз еліміздің мақтанышы.

Туризм - Қазақстан экономикасындағы қарқынды салаларының бірі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады.

Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі.

Туризмнің маңызы жылдан жылға өсуде. Оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде маңызы артуда.

Туризмнің басқада салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ықпалы бар (тур фирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешені, демалыс үйлер, санаторийлер, ұлттық парктер, тамақтану сферасы және т.б.) Бұл дегеніміз - әлемдік өндірісте әр 9-шы адамның жұмыс орны деуге болады.

Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен кызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор.

Ауданымызда туризмді дамытуға табиғи сұлұлығы бұзылмай тұнып тұрган қолайлы жерлер өте көп.Осы жерлерде инфрақұрылымды дамыту және инвестиция тарту арқылы табиғи қалпын сақтай отырып, өркениетті тұрғыда туризмді дамыту, бюджетке қомақты қаржы түсіру - алдағы тұрған негізгі міндеттердің бірі.



Ауданда 1 «Ақкөл» спорттық –сауықтыру лагері, 3 қонақ үй («Шырғанақ» - Кеген ауылында, «Көлсай» - Көлсай көлінің жағасында және «Шоғансай-Әлішер» - Шоғансай шатқалында), 12 туристерді қабылдайтын үй (10-Саты ауылында, 2- төмеңгі Көлсай көлінде) және 3 аңшылар үйі (2-Тұйық ауылында, 1-Ұзақ ауылында) жұмыс істейді.

Олар еліміздің демалушыларына және шетел туристеріне өздерінің арнайы маршруттары арқылы қызмет көрсетіп, аудандағы туризмнің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

2014 жылы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туристік қызметінен (туристтік жолдардан, автотұрақтан, палаткалардан, атпен серүең-

деуден, қонақ үйден және т.б.) 12 млн  790 мың 080 теңге қаржы түсірілді.

Ауданда туристік қызметті дамыту және оның беделін көтеру мақсатында туристік қызметпен айналысатын субъектілерді және олардың мамандарын облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған көрмелерге, байқауларға, семинарларға қатысуын үнемі қамтамасыз етіп отырамыз.

Бүгінгі күні ауданымызда туризмді дамыту жұмыстары жалғасын табуда.
Қазақстанның інжумаржаны атанған Көлсай көлі

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Райымбек ауданының теңіз деңгейінен 1500-ден 2800 метрге дейінгі биіктікте орналасқан. Осы аумақ өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай, оның ішінде олардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері де бар. Аумақта адам баласының қол-аяғы тимеген жеке табиғи учаскелерде кездеседі.

Аталған аумақта 30063 га, яғни 19 пайызы орманды жер, негізінен, көркем және құрылыстық маңызы бар Шренка шыршасы құрайды.

.

Саябақ территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафтар, әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Олардың ішінде аса құнды этнофаунаға 735 түрлі жәндік кіреді. Тау өзендері, құздар, көлдер мен өзендер, түрлі-түсті бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымдылығын және көріктілігін көрсетеді.

Бұл «жер жәннаты» болып есептелетін аймақтың ауа-райы демалу мен денсаулықты сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін де қолайлы. Жаз маусымында қапырық ыстық пен жел болмайды.

Күнгей Алатау жотасында «Солтүстік Тянь-Шань маржандары» атанған көрікті Көлсай көлдері орналасқан: Бұл көлдер шамамен 1887 және 1911 жылдар аралығында тектоникалық жағдайлармен Қайыңды және Көлсай өзендерінің арналарында пайда болды. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғары Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.

Ұлттық саябақ аумағында бүгінгі күнге дейін автокөлікпен жүру маршруты, 2 жаяу және салт атты экскурсиялық соқпақтары жасалынды Төменгі Көлсай маңында әрқайсысы 5-8 орыннан тұратын 10 коттедж және маусымдық 15 киіз үйлер туристер мен демалушыларға қызмет көрсетеді.



Тікұшақ қонатын орын, автотұрақ та күндіз-түні күзетіледі. Ұлттық саябақ меншігіндегі асхана Төменгі Көлсай көлінің маңында жұмыс істейді. Демалыс орындарындағы соқпақтар мен баспалдақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық-насихаттық аншлагтар жабдықталуда.

Демалушылар мен туристерге арналып жарнамалық, ақпараттық буклеттер, күнтізбелер, естеліктер үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) дайындалып, бақылау-өткізу таспалары мен мемлекеттік инспекторлар арқылы таратылуда.

Дамыған шет мемлекеттеріндегі сияқты «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы маңындағы тұрғындар да экологиялық таза өнімдерін өтікізіп, келген қонақтарға өздері үшін қызмет көрсетіп, ауданымызда құрылған ұлттық саябақтың туристік саласын өндірістік деңгейге көтерері сөзсіз.

Аумақта өсімдіктердің 704 түрі бар

Өсімдіктер ағаш бұта және шөптесін болып екіге бөлінеді. ҚР Қызыл кітабына осы өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан 12 түрі енген. Олар: күнгей бозы, жылтыр жанаргүл, Тянь-Шань жанаргүлі, Семенов айдаршөбі, Жирен ақбасқурай, Сабақсыз лейоспора, Бекетов неуроломасы, Семенов кортузасы, Алматы ақжапырағы, Гүлкекрелі себетбас, Шренка шыршасы, Күмбел саршатыры. Сонымен қатар, аумақта жабайы жеміс бұталары: шетен, қарақат, таңқурай, қойқарақат, итмұрын, шырғанақ және дәрілік өсімдіктер: шайқурай, жұпар шөп, уқорғасын, ат қымыздығы, қалақай, мыңтамыр, ермен, бақ-бақ, қылша, таушымылдық, марал түбірі, шоңайна, жалбыз, киік оты, түймедақ, мыңжапырақ, жылантамыр, жолжелкен т.б. өседі. Анықтауды қажет ететін түрлері де бар.

Ботаника институты қызметкерлерімен бірлесе «Көлсай көлдері» ұлттық саябағының аумағынан «Семенов Кауфманиясы» атты жаңа өсімдік түрі анықталды.

Жануарлардың мекендеуі де биіктік белдеулердің заңдылықтарына байланысты. Аумақта 226 жануарлар түрі кездеседі.

1) Құстардың 197 түрі бар болса, оның ішінде сирек кездесетіні —13.

2) Сүтқоректілердің 29 түрі бар, оның ішінде сирек кездесетіні — 6. Олар: Тянь-Шань қоңыр аюы, тас сусары, сабаншы, Түркістан барысы, Тянь-Шань арқары, Түркістан сілеусіні, ілбіс.

Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және балықтың 2 түрі кездеседі.

Тарихи-мәдени мұралары

Таңбалы тас петроглифі — Қарабұлақ ауылының шығыс жағына ағып келетін өзеннің басындағы Алматы, Қарабұлақ тас жолынан 1 шаршы метр жердегі жартастың жақтауына қашап жазылған ерте замандық белгілер.

Ашылы тоғай петроглифі — Қайыңды өзенінің Шелек өзеніне құйған жеріндегі Шелек өзенінің солтүстік ернеуіндегі жұмыр қара тастардағы ешкі-текенің, садақ тартып тұрған адам бейнесін қашап жасаған ерте заманғы суреттер.

Әден болыстың ағаштан қиып салдырған үйі шамамен 1902-1903 жылдары Қарасай өзені мен Қасқасудың түйіскен жерінен 500 метрдей Қарасай өзенінің бойына салынған қима ағаш үйдің төбесі түсіп кетсе де, керегесі әлі сақталған. Керегенің қима ағаштарында патша заманының балғасы (ен, таңба) ұрылған. Балғада патша тәжісінің суреті бейнеленген.

Сондай-ақ, Саты ауылынан 5 шақырым жердегі, Құрметі ауылына жақын маңда Махмуд Қашқари дүниеге келген ежелгі Барысхан қаласы бар.


Қайыңды

Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 1867 м биіктікте қарағайлы мен жапырақты ормандармен жабылған Күнгей Алатауында орналасқан. орналасқан. Осыдан шамамен 100 жыл бұрын 1919 жылғы жер сілкінісінен пайда болған.

Су тар сайды толтырып, шыршалы орманды басып қалған. Соның салдарынан Қайыңды көлінің бетіне шыршаның шығып тұрған діңдері әлі сақталған, ол көлге өзінше бір сән беріп тұр: суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері тура судың ішінен 15 метрге дейін көтерілгендей. Алайда, суға түсем дегендерді өзгеше көрініс күтуде: олардың көз алдарына желдің самалымен есілген су бетінде шағылып, күн сәулесінен тараған кемпірқосақтың барлық түстерімен ойнақтаған саз балшықпен басылған ағаштар діңгектері көрінеді.

2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлі сел тасқынымен шайылып кетті. Көлдің бүгінгі күндегі деңгейі 10 метрге төмендеген, ал судан өсіп тұратын шыршалы пейзажы енді қалпына келмес. Бұл орынға апаратын жол да бүлінген.


Саты ауылындаы қонақтарды қабылдайтын үйлер

Саты ауылында 12 отбасы келушілерді қонақүйлермен, көлікпен қамтамасыз етуде. Жергілікті 150 адам тұрақты жұмысқа тартылып, тұрғындарға отын, шөп, шабыстық, жайлымдық жерлер уақытымен берілуде.



Саты, Күрметі ауылдарында барлығы 313 отбасы өмір сүреді. Жергілікті тұрғындардың 70 пайызы малдарын ұлттық саябақтың рұқсат етілген аймақтарындағы жайлауда бағып, шөптерін шабады. Яғни, тұрғындар экологиялық тазалық жағынан қор-ғалған мал өнімдерін (ет, сүт, құрт, айран, кілегей, май, ірімшік, қымыз т.б.) келген туристер мен демалушыларға өткізулеріне толықтай негіз бар.





"Шоғансай-Әлішер" туризм эко туризм жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



Райымбек аудандық тарихи-өлкетану музейі

Аудандық тарихи-өлкетану музей 22 тамыз 2014 жылы ашылған. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Жалпы аумағы: 1670га. Ғимараттың көлемі: 1097 м кв.

Музей қорында 2070 экспонат бар.


  • Негізгі қорда 1828 экспонат

  • көмекші қорда 242 экспонат

  • Экспозицияға 480 экпонат қойылған

Музей 4 залдан тұрады:



  • табиғат залы

  • археология залы

  • Кеңес дәуірі жылдардағы өлке тарихы залы

  • Тәуелсіздік залы.

Шығармашылықпен айналысатын қызметкерлер:

Музей меңгерушісі- Тұрлыханов Серік

Ғылыми қызметкер- Шыңғысов Айбек

Қор сақтаушы-Зулқайнарова Аяулым

Экскурсия жүргізуші – Ердесбаева Айман.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет