Алтын балық Г. Жолдыбаева, І санатты бейнелеу жетекшісі Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы



жүктеу 28.79 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі28.79 Kb.
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»
Алтын балық
Г.Жолдыбаева, І санатты бейнелеу жетекшісі

Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы

1 «Қарлығаш» балабақшасы




Білім саласы: Шығармашылық

Тобы: Ортаңғы топ

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Алтын балық

Мақсаты: Ертегілер елінің таңғажайып құбылыстарын тамашалап, кейіпкерлерінің мүсінін жасап үйрену. Балалардың шығармашылық сезімдерін шыңдап, қол бұлшық еттерін және ұсақ саусақ моторикаларын дамыту.

Әдіс – тәсілдері: Психожаттығу, әңгімелеу, ойын, сергіту сәті, ғажайып сәт, домалақтау, есу, жалпақтау, табиғи материалмен жұмыс, барельефті бедерлеу, т.б.

Мотивациялық қозғаушы:

Балалар, біз бәріміз су асты патшалығына саяхат жасайық, 1,2,3, көзімізді жұмайық.

Көздерін жұмып, су асты патшалығына ойша саяхат жасайды. Айтылған әңгіме бойынша елестетіп отырады.

Іздену ұйымдастырушы:

Су астында сүңгіп келеміз. Қандай әсем балықтар, не деген сұлулық?! Сегізаяқтар, жұлдызшалар да бар. Су асты тастар мен балдыр шөптерге толы екен. Міне, су асты патшалығына да келдік 1,2,3, көздеріңді ашсаңдар болады.

Балалар көздерін ашқан кезде «Алтын балық» макетін қолына киіп тәрбиеші диктофон арқылы сөздерін жіберіп, қимыл-қозғалыс жасап тұрады.

Сәлематсыздар ма балалар, мені таныдыңдар ма?

Мен кіммін?

Алтын балықсың.

Дұрыс айтасыңдар, су асты патшалығына қош келдіңдер!

Мен мұнда ертегілер елінен келдім. Алтын балық туралы не білесіңдер?

Алтын балық ертегісін білеміз.

Балалар сендер сурет сала аласыңдар ма?

Сала аламыз.

Тағы не жасай аласыңдар?

Жапсыру жұмысын жасаймыз. Мүсін де жасай аламыз.

Ендеше бүгін менің мүсінімді жасап берсеңдер сендерге жақсы ойын үйретемін.

Жасап береміз.

Онда мен сендерге қалай жасау керектігін көрсетемін.

Мүсіндеу жұмысының орындалу реті:

1. Жарты сары түсті ермексаз үшке бөлініп қойылады;

2. Ермексаздың үлкен бөлігін алақан жылуларымен жұмсартып, домалақтап, ширатып жалпайтады;

3. Кішкене екі бөлік ермексаздан кішкентай қанат жасап, денесіне біріктіреді;

4. Кеуде бөлігін табиғи сары жармаға кезекпен аунатып, жапсырады;

5. Арнайы пышақпен аузын, көздерін жасайды;

6. Жылтыр картоннан қиылған «алтын» құйрықты балықтың артына орналастырады.

Балалар мен сендерге ризамын, ендеше осы мүсіндерді жасаған алақанымызды мақтайықшы.

Алақаным қандай жақсы, (қимылдары) Қолды ашып айналдыру,

Жасады бар еңбекті. Ашып – жұму,

Мүсіндерді жасап, жасап, Қолды бір – біріне айқастыру,

Алақаным терлепті. Қос алақанды ашып, үрлеу.


(2 рет қайталау)

«Алтын балықтарын» өз аттары жазылған сиқырлы дорбаға салып, көрмеге қояды.

Қимылды ойын: «Балықтар»

Ойын мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Денелерін, қолдарын ирелеңдетіп жаттығу жасап, бойларын сергіту.

Ойын шарты: Қолдарын беттестіріп, балықтарша жүзіп серуен құрып топтасып алаңсыз жүзеді.Кенет су түбінен үлкен жыртқыш балық шыққан кезде шашырай тез жүзіп, орындарын табады.

Сендерге рахмет балалар, мүсінді жақсы жасайды екенсіңдер.

Тәрбиеші: Алтын балық, біздің де сенімен қоштасатын сәтіміз жетті сау болыңыз.

1,2,3 көзімізді жұмамыз. Су астынан жоғары көтеріліп келеміз. Артымызда алтын балық қолын бұлғап қалып барады. 1,2,3 көздеріңді ашсаңдар болады.

Рефлексивті коррекциялаушы:

Балалар, біз бүгін қайда бардық?

Су асты патшалығына саяхат жасадық.

Кіммен кездестік?

Алтын балықпен кездестік.

Не жасадық?

Алтын балықтар мүсінін жасадық.

Сендерге ұнады ма?

Ұнады.

Осымен бүгінгі жұмысымыз аяқталды.Бәрің де мүсінді жақсы жасадыңдар.Сол үшін сендерге алтын балықтарды сыйға тартамын.



Су астының өздерін қызықтырған көріністерін әңгімелеп, мүсіндерді тамашалап, өздерінің және достарының жұмыстарын бағалап, талдайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Су асты тіршілігі жайлы білімдерін тиянақтады.

Түсінеді: Ертегілер елінің ғажайыптары көп екенін түсінеді.



Қолдана біледі: Ермексазды , табиғи жармаларды мүсін жасауда қолдана біледі.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет