«Алтын Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның клиенттеріне арналған ақпарат Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 16 шілдедегі №160 қаулысымен «Алтын Полис ск»



жүктеу 82.21 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі82.21 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Алтын Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның клиенттеріне арналған ақпарат

Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 16 шілдедегі № 160 қаулысымен «Алтын Полис СК» АҚ-ға ерікті жалпы сақтандыру бойынша, міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына және қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияларынан мыналарды:

- лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылған жағдайларды белгіленген мерзімдерде жоймағаны үшін;


- лицензиялардың қолданылуын бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтата тұрғаны үшін;

- сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бірнеше рет (он екі жүйелі күнтізбелік ай ішінде екі рет және одан көп) бұзғаны үшін айыру туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты, Агенттік заңнамамен белгіленген тәртіппен Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (бұдан әрі - МАЭС) «Алтын Полис» СК» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтініш жіберілді.



Алматы қ. МАЭС-тің «Алтын Полис» СК» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) және тарату ісін қозғау туралы шешімі 2009 жылғы 18 тамызда қабылданып, 2009 жылғы 3 қыркүйекте заңды күшіне енді.

Агенттік Төрайымының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 267 бұйрығымен «Алтын Полис» СК» АҚ тарату комиссиясы тағайындалып, оған таратылатын сақтандыру ұйымының мүлкін және ісін басқару жөніндегі өкілеттік берілді. Тарату комиссиясы сақтандыру ұйымының істерін аяқтау үшін, оның ішінде кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуларын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, таратылатын сақтандыру ұйымының атынан іс-әрекет жасайды және құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді дербес қабылдайды.


Кредиторлар мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады, оның құрамы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың ең үлкен сомасы бар кредиторлардан құралады.

Таратылатын сақтандыру ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабымен белгіленген тәртіппен және кезектілікпен жүргізіледі.

«Алтын Полис» СК» АҚ сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, бұл сақтандыру ұйымының кредиторларына «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-дан (бұдан әрі-Қор) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жолаушылар алдындағы тасымалдаушының АҚЖ, көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру шарттары бойынша кепілдеме төлемдерін алу құқығын береді.

Атап айтқанда, мұндай сақтанушылардың Қордан мына жағдайда кепілді төлем алуға құқығы бар, егер:


1) сақтандыру жағдайы мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңде басталса және «Алтын Полис» СК» АҚ сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартса (толық немесе ішінара) не толық көлемде жүзеге асырмаған кезде.

Осы жағдайда кредитор сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап екі ай ішінде Қорға мынадай растайтын құжаттарды қоса беріп, кепілді төлемді жүзеге асыру туралы жазбаша өтініш жасау қажет:

сақтандыру төлемін жүзеге асырудан заңсыз бас тартқан не сақтандыру төлемін толық емес көлемде жүзеге асырған жағдайда – сақтандыру ұйымы мен сақтанушы (сақтандырылушы) арасында жасалған сотпен бекітілген бейбіт келісім, сақтандыру төлемін не даулы сақтандыру төлемінің бөлігін жүзеге асыру туралы сот шешімі, «Алтын Полис» СК» АҚ-ның сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе ішінара жүзеге асыру туралы шешімі, жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің көлемін растайтын төлем құжаттары, сақтандыру жағдайының басталу және келтірілген зиян мөлшері фактісін растайтын құжаттар;

егер, сақтандыру жағдайы сақтандыру ұйымының лицензияларын қайтарып алғаннан кейін болған жағдайда – кредитордың сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы талаптарды қою барысында ұсынылатын, міндетті сақтандырудың түрлері туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген құжаттар, сондай-ақ «Алтын Полис» СК» АҚ уақытша әкімшілігінің не тарату комиссиясының болжанатын сақтандыру төлемінің мөлшерін көрсете отырып, осы талапты қарау нәтижелері бойынша шешімі не оны жүзеге асырудан бас тарту себептері.


Жоғарыда көрсетілген құжаттардан өзге, сондай-ақ Қордың кепілді төлемді жүзеге асыру үшін жеке куәліктің көшірмесі және банктік деректемелер туралы деректер ұсынылады.

Кепілді төлемді жүзеге асыру (жүзеге асырудан бас тарту) туралы мәселені Қор құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

2) сақтандыру жағдайы сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап сақтанушының Қордың қатысушысы басқа сақтандыру ұйымымен міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасаған күнге дейінгі кезеңде, бірақ соттың осы шешімінің заңды күшіне енгізілген күннен бастап, екі айдан астам емес уақытта басталса.

Осы жағдайда міндетті сақтандыру түрлері туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген мерзімде және тәртіппен сақтандыру жағдайының басталуы және сақтандыру (кепілді) төлемін жүзеге асыру туралы Қорға не қатысушы сақтандыру ұйымына өтініш жасауы керек.

Кепілді төлемнің мөлшері міндетті сақтандыру түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес анықталады. Сонымен қатар, кепілдік төлемі кредитордың моральдық залалын, алынбаған пайдасын, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбын өтемейді.

Кредиторларға кепілдік төлем Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мөлшерде және мерзімде тікелей Қор немесе агент банк арқылы тараптардың келісімі бойынша қолма-қол ақшамен не кредитордың банктік шотына қолма-қол жасалмайтын нысанда жүзеге асырылады.

Егер, «Алтын Полис» СК» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап, екі ай мерзімі аяқталғанға дейін сақтандыру жағдайының басталуына әкелген оқиға нәтижесінде кредитордың денсаулығы нашарласа (мүгедектігі немесе мүгедектіктің бұдан жоғарғы тобы белгіленеді) не қайтыс болса, онда Қор кредитордан немесе оның мұрагерлерінен келіп түскен өтініштің және тиісінше құжаттардың негізінде кепіл төлемі сомасын қайта есептейді.

Кепіл төлемі сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сома есепке алынады.

Егер, сақтанушыда «Алтын Полис» СК» АҚ-ның алдында сақтандыру сыйлықақылары бойынша берешек болса, кепіл төлемінің мөлшері берешек сомасына азайтылады.

Кепіл төлемін жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда, кредиторға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде кепіл төлемін жүзеге асырудан бас тарту себептері негізделген жазбаша хабарлама жіберіледі.

Бұдан өзге, егер сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күнге дейін «Алтын Полис» СК» АҚ сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі жоғарыда көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша аяқталмаса және сақтандыру жағдайы болмаса, онда сақтанушы сот шешімі күшіне енгеннен кейін екі ай мерзімі ішінде Қордың қатысушысы - басқа сақтандыру ұйымымен қалған уақытқа міндетті сақтандыру шартын жасай алады.

Оны жасау үшін Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымына мынадай құжаттарды қоса беріп, міндетті сақтандыру шартын жасау туралы өтініш беру қажет:

- сақтандыру полисінің түпнұсқасы (сақтандыру шарты) немесе оның телқұжаты;

- өтініш берушінің (егер сақтанушы – жеке тұлға болса) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не сақтанушының (егер сақтанушы – заңды тұлға болса) мүдделерін ұсыну құқығын растайтын құжат.



Сақтандыру ұйымымен осындай шарт жасалған жағдайда, сақтанушыларға сақтандыру сыйлықақылары төленбейді, ал сақтандыру ұйымы Қордан тиісінше өтемақы төлемін алатындығына назар аударамыз.

Жаңа шарт жасалған күннен бастап бұрын жасалған «Алтын Полис» СК» АҚ-мен көзделген мерзім аяқталған сәтке дейін қолданыста болады. Сонымен қатар, осы сақтандыру ұйымы міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен көзделген көлемде осындай шарт бойынша жауапкершілікті көтереді. Сақтандыру ұйымы «Алтын Полис» СК» АҚ сақтанушыларына міндетті сақтандыру шартын қолданылудың қалған уақытына міндетті сақтандыру шартын жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Кепілдік және өтемақы төлемдерінің тәртібі туралы толық ақпаратты www.fgsv.kz адресі бойынша Қордың веб-сайтынан не 8 (727) 272-31-36, 272-31-38, 292-11-13, 292-11-39 телефондары бойынша алуға болады. Қордың почталық адресі: 050040, Алматы қ., «Көктем-3» ықшамауданы, 21-үй.

«Алтын Полис» СК» АҚ барлық кредиторлары мен клиенттері төменде көрсетілген тарату комиссиясының телефондары мен адрестері бойынша өз сұрақтарын қоя алады.


«АЛТЫН ПОЛИС» СК» АҚ ТАРАТУ КОМИССИЯСЫ

ҚҰРАМЫНЫҢ ТІЗІМІ


Тарату комиссиясының төрайымы З.В. Голева тел. 292- 99- 74, ұялы тел. 87773834998

Мекен-жайы: Алматы қ., Мұратбаев көш., 211



Өңірлік филиалдар

Басшылардың Т.А.Ә.

Телефондары

Ақтау қ., 8 ықш-н., 38-үй, 304-офис

К.Ж. Қойшығұл

8(7292) 50-46-56

Атырау қ., Авангард, 2 ықш-н, 5-үй, 43-пәтер

А.Ш. Кәбесов

8(7122) 28-35-97

Ақтөбе қ., Маресьев көш., 95/1, 30-офис

М.Б. Шәкиева

8(7132) 56-31-94

Астана қ., Кенесары көш., 69-үй

К.О. Айтқожина

8(7172) 41-83-00

Қарағанды қ., Ленин көш., 4

А.В. Дычко

8 (7212) 42-53-95

Қызылорда қ., Есенов көш., 17А, 42-пәтер

Л.Б. Темірова

8(7242) 23-99-23

Қостанай қ., әл-Фараби көш., 134, 8-офис

Л.А. Карпенко

8(7142) 54-48-81

Көкшетау қ., Момышұлы көш., 41, 3-қабат, 4-каб.

Г. Баят

8(7162) 25-23-14

Павлодар қ., Байзақов көш., 112

С.М. Жүсіпова

8(7182) 32-57-35

Петропавл қ., Мұқанов көш., 54

М.К. Кәкенова

8(7152) 31-05-16

Семей қ., Уәлиханов көш. 124, 313-офис

К.К. Жазықбаев

8(7222) 77-00-50

Тараз қ., Сүлейменов көш., 96

Р.А. Кеншінбаева

8(7262) 34-30-19

Талдықорған қ., Шевченко көш. 113, 23-пәтер

С.К. Башанов

8(7282) 24-19-85

Орал қ., Мұхит көш., 78

В.С. Хайрлиева

8(7112) 26-71-05

Өскемен қ., Ворошилов көш., 156, 220-офис

Н.Н. Шимина

8(7232) 78-34-26

Шымкент қ., Тамерлан шоссесі, 34

М.Б. Оспанова

8(7252)23-30-31

Жезқазған қ., Некрасов көш., 65-үй, 31-пәтер

Ж.О. Мәметқұлов

8(7102)76-78-50




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет