Алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»



жүктеу 78.11 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі78.11 Kb.
: arhiv -> uslugi
uslugi -> «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
uslugi -> Регламенті Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»
uslugi -> Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі
uslugi -> «Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті
uslugi -> Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
uslugi -> Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер
uslugi -> «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
uslugi -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
uslugi -> «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
uslugi -> «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 10 сәуірдегі

№ А-4/130 қаулысымен бекітілді

 

 



«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көрсетілетін көмек

 алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»



мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 



1. Жалпы ережелер

 

          1. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және қалалық маңызы бар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) көрсетіледі.



Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) Аудандардың және қалалық маңызы бар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген;

2) ауылдық округ әкімі, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады, Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес;

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз.

3. Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады (бұдан әрі - анықтама).

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау



 

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №217 қаулысымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және олардың толықтығын тексереді – 5 минут. Нәтижесі – анықтама дайындау;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы немесе ауылдық округ әкімі құжаттармен танысады  – 5 минут. Нәтижесі - анықтамаға қол қою;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы немесе ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушыға немесе Орталық қызметкеріне тиістілігін растайтын анықтама (немесе тиістілігіне жатпайтын) көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алатын алушыларға келесі тоқсанда - 5 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының немесе орталық қызметкердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара



іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:



1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

          2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды        басшылыққа анықтамаға қол қою үшін қабылдайды және жібереді – 5 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы немесе ауылдық округ әкімі анықтамаға қол қояды – 5 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы немесе ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушыға немесе Орталық қызметкеріне  анықтаманы береді - 5 минут.

8. Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.



Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электронды-цифрлық қол қойылған электронды құжаттар нысанында, орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Орталықтың қызметшісі құжаттардың түпнұсқаларын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, сонан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

10. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат беріледі

төмендегілерді көрсету арқылы, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат:

өтінішті қабылдаған күні мен нөмірі;

сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

қоса ұсылынған құжаттардың саны мен атауы; құжаттың берілген мерзімі, уақыты мен орны; құжаттарды ресімдеуге қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефондары.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында, көрсетілетін қызметті берушіге сұраныс жолданады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру  «терезе» арқылы жеке өзі орталыққа өтініш білдірген кезде іске асырылады.

13. Егер де, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алу үшін орталыққа уақытында өтініш білдірмеген болса, онда орталық құжаттардың сақтауын 1 ай қамтамасыз етеді.

14. Бас тартылған жағдайда, Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 1 күн ішінде хабарлайды және мемлекеттік мекеменің бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша негіздемесін береді.

15. Егер,  көрсетілетін қызметті алушының тізілімге сәйкес қажетті құжаттар толық болмаған жағдайда, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушы Орталықтан құжаттарды қабылмаудың қолхаты беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынуға тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуі 2-қосымшада көрсетілген.



«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

регламентіне 1-қосымша

 

 



Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы

 


ҚФБ 1-тобы

ҚФБ 2-тобы

 

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы анықтамаға қол қою үшін құжаттарды басшылыққа жолдайды – 5минут




көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы немесе ауылдық округ әкімі анықтамаға қол қояды - 5 минут




 

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қызмет алушыға немесе Орталық қызметкеріне немесе ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушыға анықтама береді  – 5 минут




 

Ескерту: қысқарған сөздердің толық жазылуы:

ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»



мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

регламентіне 2-қосымша

 

 



Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы

 


Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесі (барысы,жұмыс легі)

ҚФБ 1-тобы

ҚФБ 2-тобы

ҚФБ 3-тобы

 

көрсетілетін қызметті беруші басшылығы немесе ауылдық округ әкімі анықтамаға қол қояды – 5 минут




көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды        басшылыққа анықтамаға қол қою үшін жібереді – 5 минут




Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді іске асырады – 5 минут

 





Орталық қызметкері ұсынылған құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйеден ұсынылған мәліметтермен сәйкестілігін тексереді және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды




 

Орталық көрсетілетін қызметті алушыға анықтама береді




көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі орталыққа хабарлама жібереді.

 

 






көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы немесе ауылдық округ әкімі көрсетіәлетін қызметті алушыға анықтама береді       - 5 минут




 

Орталық көрсетілетін қызметті алушыға  анықтама береді.




көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі орталыққа анықтама жолдайды.




көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут.




 

Ескерту: қысқарған сөздердің толық жазылуы:

ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет