Амангелді ауылдық кітапханасы



жүктеу 31.38 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі31.38 Kb.
: zkolib -> rus -> nav -> tas
tas -> Аудандық кітапхана. Аудан кітапханаларының тарихы «Қызыл отау»
tas -> Аудандық балалар кітапханасы
nav -> Абай ауылдық кітапханасының шежіресі
tas -> Оян ауылдық кітапханасы
nav -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана
tas -> Атамекен ауылдық кітапханасы
tas -> Ермольчев ауылдық кітапханасы
tas -> Кузнецов ауылдық кітапханасы
tas -> Қисықсай ауылдық кітапханасы
Амангелді ауылдық кітапханасы.

Амангелді кітапханасы 1971 жылы ашылды. Кітапхананың аумағы - 72,8 шаршы метр.

Кітапхананың алғашқы қоры-4824 дана болған.
Алғашқы кітапханашы болып жұмыс жасаған Сепетова Мумина 1951жылы дүниеге келген, білімі жоғары. Ол 1971-1972 жылдары кітапханашы болып жемісті еңбек атқарған. Кітапхана алғаш ашылғанда совхоздың жатаханасының екі бөлмесінде орналасқан болатын.

Кітапханадан ауыл тұрғындары мұғалім, студентер, зейнеткерлер, жастар, мектеп оқушылары кітап алып кітаппен сусындауда. Соның ішінде ең көп оқылатын әдебиеттер: Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ғабит Мүсірепов, Қадыр Мырзалиев, Жұбан Молдығалиев, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Әуезов, Сабит Мұқанов, Ақұштап Бақтыгереева, Фариза Оңғарсынова, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бауыржан Момышұлы. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, Батыс Қазақстан энциклопедиясы, Махамбет әлемі, Бөкей орда кітаптарын көп оқуда. Жылдан жылға кітап қоры молайып жаңа кітаптармен қамтамасыз етілуде. Мәселен «Мәдени мұра», «Әлемдік философиялық мұра», «Қазіргі қазақ прозасы», «Тарихи Тұлға тағлымы», «Сен білесің бе?», «Махамбет әлемі», «Бабалар сөзі», сериялармен көптеген әдебиеттер келуде. Кітапханаға мерзімді басылымдармен оқырмандарды қамтамасыз етеді.

1972 жылдың тамыз айынан бастап Аманғалиева Узипа Құмарқызы 1984 жылдың шілде айына дейін жұмыс жасады. 1951 жылы туған, арнаулы орта білім. 1972 жылдан Амангелді ауылдық кітапханасы Ю. Гагарин көшесіндегі үйге көшірлген. Сол кездегі ауыл жастарының барлық жұмыстарын осы кітапханада өткізілді. Жастар арасында түрлі кездесулер спорттық жарыстар ауданға, облысқа барып волейбол, баскетболдан жаяу жарыстан талай жүлделі орынғы ие болды. Кітапханашылар егін, бригадаларын аралап күнде бюллетень жұмыс тақтасын шығаратын. Сол еңбек жұмысын бағалап 1975 жылы кітапхана жұмысын абыроймен еңбек еткеніне мақтау грамотасымен марапатталды. Ол Ақтөбенің мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөлімін бітірген. Одан соң бірінші Шежін ауылының кітапханашы жұмысын атқарады. Бүгінгі күні зейнеткерлік демалыста. «Ауыл ардагерлері», «Аманкелді ауылының егін алқабы» - атты мақалалар, 1973-жылы 20-шы тамыз, 1977-ші жылы ақпан, 1978-шы жылы 10-шы наурыз, 2007 жылы 10-шы ақпан арасында «Орал өңірі», «Екпін» газеттерінде

мақалалар жарық көрді.

1984 жылдан бастап Сугірбаева Меруерт Бақсанқызы кітапханашы болды. 1954 жылы туған, арнаулы орта білімді. Кітапхана 2009 жылға дейін ауылдық мәдениет үйі жанында 2 бөлмеде орналасқан. 1984 жылдан бастап 2012 ж қазан айына дейін Сүгірбаева Меруерт Бақсанқызы кітапханашы болып жұмыс атқарған. Ол 1971-1974 жылдар арасында Ақтөбенің мәдени-ағарту училищесін бітірген. Аудандық мәдениет үйінде әдіскер болып қызмет атқарып, отбасы жағдайымен осы кітапханаға ауысқан. Сол жылдан бері кітапханада 25 жыл еңбек етуде. Осы жылдарда көптеген жұмыстар жасалды. Әртүрлі мақтау грамоталармен, алғыс хатпен марапатталды.

2006 жылы Ресейдің, Абай жылына байланысты «Ұлы Абай, Қазақстандағы Пушкин» жылына байланысты оқырмандармен поэзиялық кеш, Мұқағали Мақатаевтің 75-жыл толуына орай «Мұқағали жырлайды»-атты поэзиялық сағаттар өткізілді. Ауыл оқырмандарына арнап әдеби шолу, жаңа түскен кітаптарға библиографиялық шолулар үнемі өткізіліп тұрды. Кітапханада: «Мәдениетті сөйлей білу», «Адамның рухани құндылықтары», «СПИД - ХХІ ғасыр дерті», «Имандылық - тазалық негізі», «Жаңа ғасырда жастар қандай болу керек» т.б. кештер жоғарғы деңгейде өткізілді.

2012 ж дейін кітап қоры - 15960 дана. Мерзімді басылымдар - 38. Оның ішінде газет-15, журнал - 23 дана. Кітапхана өз ғимаратында орналасқан. Кітапханада комьютер, принтер бар, КАБИС бағдарламасына қосылған. Кітапхана жылу мен жарықпен қамтамасыз етілген.

Кітапханада «Жас кітапханашы», «Тіл әлемі» клубтары жұмыс жасауда. Онда «Экология және біз», «Жайық қаламгерлері», «Тұғыры биік тұлғалар», «Сен өз құқығынды білесің бе?» - атты мектеп жасындағы оқушылармен сайыстар, кітап көрмесі, пікір талас өткізілді.

Бүгінгі компьютер заманында ауыл кітапханасы өзінің қоғамдағы басты орынын сақтап, жас ұрпақтың қажетті орнына айналды. Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауын насихаттау барысында «Қазақстан жаңа даму қарсаңында», «Қазақстан Республикам менің»-атты кітап көрмесі, әңгімелер, шолулар өткізілді. 1991 жылы Амангелді ауылдық кітапханасына жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі келіп оқырмандармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақын осы кітапханаға өз қолтаңбасын қалдырды.

2012 жылдың қараша айынан бастап Есқалиева Гүлсім Салихатқызы кітапханашылық қызметті атқарып келеді. 1967 жылы туылған. Білімі жоғары. Бүгінгі таңда Амангелді ауылдық кітапханасында кітап қоры -16187.



2013 жылы облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапханашылардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру және жеке-шығармашылық қабілетін дамыту» атты семинарға қатысып тәжірибе алмасты.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет