Амишаева акбота шынтемировна қызылорда облысы суармалы алқаптарында күріштің экологиялық тиімді суару режимі



жүктеу 447.92 Kb.
бет1/3
Дата03.04.2016
өлшемі447.92 Kb.
  1   2   3
: Docs
Docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
Docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
Docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

ӘӨЖ 631.67:633.31:551.462.3(574.54) Қол жазба құқығында



АМИШАЕВА АКБОТА ШЫНТЕМИРОВНА

Қызылорда облысы суармалы алқаптарында күріштің экологиялық тиімді суару режимі

6М081000 – «Мелиорация, жерді баптау және қорғау» мамандығы бойынша ауылшаруашылығы магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Рефераты

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының докторы, профессор

С.И.Қошқаров


Ресми оппоненті: Қазақ ұлттық аграрлық университетінің

«Мелиорация және гидротехника»

кафедрасының профессоры,

ауылшаруашылығы ғылымдарының

докторы


О.З.Зубаиров

Қорғау 2013 жылдың «___» ________сағат___Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. (Мекен – жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 66, Плитехникалық институты, №5 оқу ғимараты, ауд ___ )

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Тақырыптың өзектілігі: Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз – адам баласының өмір сүріп жатқан ортасын жақсарту бағытында жасайтұғын әлеуметтік, экологиялық, агромелиоративтік шаралардың жиынтығы болып саналады. Адамзаттың қоршаған ортаға деген ықыласы арта түсуде. Өз қажеттіліктерін алу мақсатында табиғи ресурстардың сарқылып бара жатқанын байқамай да қалып жатқан жайы бар.

Қызылорда облысының егін шаруашылығы негізінен суармалы жерлерге негізделген. Сондықтан суды егіске тиімді пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Егістік жерлерді суаруды қамтамасыз ететін жалғыз су көзі бар, ол – Сырдария өзені. Соңғы жылдары өзен суының сапасының нашарлауы, жоғары минералдылығы дақылдан жоғары өнім алуға кері әсерін тигізіп отыр. Сол себепті өзен суының сапасына баса назар аудару, егіс алқаптарын суаруда суды тиімді пайдалану ауылшаруашылығы мамандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Оған қоса, өңірдің экологиялық ахуалын ескерсек, ауылшаруашылығы дақылдарынан, оның ішінде күріш дақылынан мол өнім алу жолында атқарар жұмыстар көп.

Сыр өңірі егіс шаруашылықтарында бірнеше дақылдар өсіріліп келеді. Соның ішінде басты дақыл ретінде күріш дақылы. Облыстың табиғи климаттақ және де топырақ – мелиоративтік жағдайы да күріш дақылынан мол өнім алуға ыңғайлы болып келеді. Аймақта бұл дақыл 19 ғасырдың аяғынан бастап өсіріле бастады. Сол жылдардан бастап өңірдің күріш егіншілігі жөнінен жеткен жетістігі аз болған жоқ. Дегенмен айта кету керек, облыстағы, күріш шаруашылығының өркендеген шағы деп 1980 жылдарды атауға болады. Күріштің өнімділігі де осы жылдары жоғары деңгейде болғандығы байқалады. 1980 – 1990 жылдары өнімділік 45 – 53 ц аралығында болса, тиісінше маусымдық суару мөлшері 22 – 27 мың текшеметрді құрады. Ал, 1990 – 2000 жылдар аралығында өнімділік 40 – 50 ц – ге және маусымдық суару мөлшері 20 – 25 мың текшеметрге тең болған. Бертін келе, өнімділік 40 – 45 ц, суару мөлшері бірнеше мың текшеметрге жоғарылағандығы байқалады. Сол себепті, дақылды суару үшін берілетін суару мөлшерін азайту қажет.

Егіске молынан су беріп, соған сәйкес жоғары өнім алу қате пікір. Себебі, егіске берілетін сулармен келіп түсетін тұз мөлшерін ескерсек, болашақта барынша аз су беріп, мол өнім өндіру, осы арқылы табиғатқа деген жүктемені азайту бүгінгі күнгі біз жүргізетін зерттеудің басты мақсаты болмақ.



Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып, облыстағы басты дақыл – күріштің экологиялық тиімді, барынша суды үнемдеуге бағытталған суару мөлшерін анықтау – аталған тақырыптың өзектілігі болып табылады.

Зерттеудің басты мақсаты: Жүргізілген зерттеу барысында күріш дақылының экологиялық тиімді суару мөлшері және де атыздағы судың қалыпты тереңдігі анықталды.

Зерттеу нысаны: Қызылорда облысы суармалы алқаптары. Зерттеу жұмыстары КазНИИ Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығының күріш алаңдарында жүргізілді.

Зерттеудің жаңалығы: Ғылыми – зерттеу жұмысының жаңалығы – бұл судың және топырақтың қолайлы тұздық және жылулық режимдерін сақтай отырып, күріш өскінін жетілдіру және оның өсуінің физиологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында күріш суару режимінің тиімді тереңдігін айқындау.

Бастапқы зерттеу мәліметтері: Жұмыстың бастапқы мәліметтері ретінде «Қазгидромет», «Қызылорда гидрогеологиялық – мелиоративтік экспедициясы», СРК «Казсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалы мекемесі мәліметтері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мәліметтері, Жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми – өндірістік орталығы мәліметтері пайдаланылды.

Жұмыстағы пайдаланылған зерттеу әдістері: Күріш атыздарының су теңгерімі В.Б. Зайцевтің әдісі бойынша зерттелді. Күріштің су тұтыну жиынтығы сорттық ерекшеліктері мен зерттеу аймағының климаттық сипатымен анықталады. Ертеректе мұндай зерттеулерді Е.М. Құтыбаев, В.М. Пертунин, А.Г. Рау, К.Д. Ділімбетов, С.И. Қошқаров орындаған болатын. Аймақтағы күріш өсірудің агроклиматтық жағдайлары М. Жаппасбаевтың зерттеулеріне кездеседі. Ол су жылулығының тәуліктік ағымы жылулық ағымына байланысты және алқап бетінің сипатына қарасты өзгеріп тұрады, бетінің жылулығы мен оның тереңдік бойына таралуы су мен жердің жылу физикалық қасиетімен анықталады. Зерттеу нәтижелері Доспеховтың әдістемесі бойынша қорытындыланды. Күріш алаңдарындағы қолайлы экологиялық – мелиоративтік шарттарды қамтамасыз ететін параметрлерді айқындауға қадам жасайтын алдан – ала нәтижелер алынды. Күріш атыздарындағы судың тереңдігі көпшілік жағдайда күріштік суару жүйесіндегі сулық, тұздық және жылулық режимдердің параметрлерін анықтайды.

Жұмыстың сыннан өтуі: «Студенттердің ғылыми – инновациялық шығармашылығы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» атты 13(67) студенттік ғылыми конференциясында баяндама жасалды.

Жұмыстың жариялануы: Диссертация тақырыбы бойынша 1 ғылыми еңбек жарияланды, ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілді.

Диссертацияның құрылым көлемі: Диссертация кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан, 40 кесте, 25 суреттен, 69 пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі 99 беттен құралған.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Кіріспеде диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы, жүргізілген зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты және тарауларға қысқаша тұжырым берілген.

Бірінші тарауда облыстың табиғи климаттық жағдайлары, топырақ жамылғысы, гидрогеологиялық жағдайлары жөнінде баяндалған. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша өсімдіктің таралған аудандары және оның даму қарқыны, сондай – ақ өнімі мен сапасы ең алдымен климаттық жағдайларға байланысты екендігі дәлелденді. Сондықтан күріш өсірудің агроклиматтық көрсеткіштерін анықтаудың маңызы ерекше. Қызылорда облысы – еліміздегі күріш егетін негізгі аймақтардың бірі.

Орташа айлық ауаның жылу көрсеткіші бойынша ең ыстық ай шілде – +26...28°С, ол кейбір күндері +44,6°С дейін көтеріледі. Ең суық ай – қаңтар, ол кезде ауаның орташа суықтығы – -7...11°С, ал абсолюттік минимум -33,4°С.

1 – ші суретте жылы кезеңдердің орташа айлық температурасының қалыпты мөлшерден ауытқуы көрсетілген. 2012 жылғы Қызылорда метеостанциясы мәліметіне сүйенсек, жылы кезеңдер бойынша, сәуір айында орташа жылулық – 19,6, мамырда – 22,9, маусым айында – 28,7, шілдеде – 29,6, тамызда – 27,8, ал қыркүйек айында ауа жылулығы – 19,2 градусты құраған. Негізі, көпжылдық қалыпты температура – сәуір – 13,3, мамыр – 20,3, маусым – 26,1, шілде – 27,8, тамыз – 25,7, қыркүйекте - 18,6 градус болып саналады. Сонда айлар бойынша орташа ауа жылулығы қалыпты нормамен салыстырғанда ауытқу – 24,6 - ға тең болады.

Облыс климатына келер болсақ, тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, әрі аңызақты. Ауа райының орта температурасы қаңтарда – 130, шілдеде – 26 – 280. Жазда ыстықтың көтерілу шегі – 42 – 440 барады. Жауын – шашынның орташа мөлшері – 100 – 115мм. Облыс территориясында солтүстік шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 3,1 – ден 6,0 м/с. Дауылдатып, топырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай – түлей жел жиі соғады, облыс жері шаңдатып жатады.

Облыс климаты біріншіден, географиялық орнына байланысты. Қызылорда облысы қоңыржай климаттың оңтүстігінде орналасқан. Шөл және шөлейт зонасында жатыр. Сонымен бірге, климатына батысындағы үлкен Арал теңізі айдыны мен Қызылқұм құмдары, жазда оңтүстік аудандарында тропиктік ауа массалары әсер етеді. Осы кезде теріскейден Дарбаза арқылы жел соғып, жергілікті желдер қалыптасады.

Жалпы, континенталды климатты ауданда ауа – райының жыл ішіндегі өзгерісімен бірге жылдар аралығындағы өзгерісі үлкен шамаға айытқып отырады. Арнасынан асып – тасып жататын өзендер жауын – шашынның аз түсуінен кейбір жылдары тартылып қалады, дегенмен, мұндай климат ерекшеліктері республиканың барлық территориясына бірдей тән емес.

Бұл өңірде күрделі топырақ – мелиоративтік зерттеулерді В.М. Боровский, М.А. Погребинский, А.И. Волков, Ю.М. Попов және басқа ғалымдар орындаған. Нәтижесінде облыстың топырақ жамылғысын төмендегідей топтарға бөледі:


  1. Аллювиальды – шалғынды тоғай топырақтары

  2. Аллювиальды – шалғынды ескі тоғай топырақтары

  3. Батпақты топырақтар

  4. Шалғынды – батпақты топырақтар

Сырдарияның төменгі ағысында суармалы алқаптар топырағының сортаңдану дәрежесі, ерекшеліктері анықталды. Осыған сәйкес Түгіскен алқабында егіс топырағы сортаңдығы төмен, Қызылорда алқабында топырақ сортаңдығы төмен және орташа, Қазалы алқабында бұл көрсеткіш орташа және одан жоғары.

Қызылорда облысы суармалы алқаптарының топырақ қабаты әртүрлі болғанымен, негізгі екі үлкен ауданға бөлінеді: біріншісі – егіншілік алқаптағы дымқылданған (гидроморфты) топырақтар, екіншісі – ертедегі суармалы егіншіліктің ізі сақталған шөл аймақтағы қаңсыған (субаэралды) топырақты аудан. Өзінің аймақтық тегі жөнінен аумақтың басым бөлігінің топырағы солтүстік шөл аймағының сұр топырақты белдігіне жатады. Сыр өңірінде суармалы алқаптарды зерттеу нәтижесінде (В.М. Боровский, М.А. Погребенский, А.М. Нұрғызарынов) жиналған деректерге қарағанда, Түгіскен алқабында топырақтың екі түрі орын алады: күріш егісінде орналасқан бөлігінде шалғынды – батпақты топырақтар, ал өзге жерлерде тақыр тәрізді тұзданбаған және аздап тұзданған топырақтар. Ш.Бегішовтың зерттеулері бойынша топырақтан судың сүзілу коэффициенті - 0,60-0,66 м/тәул.

Қызылорда облысы суармалы алқаптарында сортаң топырақтар да таралған. Ыза су деңгейі 3-7 м. Күшті тұзданған топырақтар, тұздану типі хлорлы – сульфатты , сульфатты – хлорлы. Гумус қабаты – 1-3 %. Осы аталған топыраққа күріш егіледі. Құрамындағы өсімдікке тиімді болып келетін қоректік заттардың қорына байланысты топырақтың құнарлылығы әртүрлі болып келеді.

Тың кезінде құрамында 4 – 6% қарашірігі және әрбір килограмм топырақта 80 – 120 миллигарммға дейін жылжымалы азот болатын шалғынды – батпақты жерлердің құнарлылығы өзге жерлерден гөрі басымырақ болған Сыр өңірінде суармалы алқаптарды зерттеу нәтижесінде (В.М. Боровский, М.А. Погребенский, А.М. Нұрғызарынов) жиналған деректерге қарағанда, Түгіскен алқабында топырақтың екі түрі орын алады: күріш егісінде орналасқан бөлігінде шалғынды – батпақты топырақтар, ал өзге жерлерде тақыр тәрізді тұзданбаған және аздап тұзданған топырақтар. Ш.Бегішовтың зерттеулері бойынша топырақтан судың сүзілу коэффициенті - 0,60-0,66 м/тәул.

Күріш өсіруші аймақтардың топырақ жамылғысы негізінен сазды сұр топырақ, тақыр тәрізді және тақырлар және гидроморфты (шалғынды – аллювий, шалғынды – батпақты, батпақты) болып келеді. Қазалы, Қызылорда, Шиелі аймақтарында топырақ жамылғысы негізінен гидроморфты топырақтарға жатады. Ал, Түгіскенде - тұзданбаған тақыр тәрізді және үрінді құм қабаты бар тақыр тәрізді топырақтар.

Негізінен облыс аумағы Тұран тақтасы шегінде орналасқан ерекше жазық аймақ. Солтүстік Қызылқұм синеклизазы Қаратау – Есіл ойпаңының девон – карбон әктастарының бетінде орналасқан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың конютиненттік кесекті жыныстарынан құралған. Арал Қарақұмының оңтүстік бөлігі бор шөгінділерінен тұрады. Сырдарияның сол жағалауындағы Қазалы массивінің тұсы палеогендік жыныстардан түзілген. Ал қалған аумақ түгелімен дерлік антропоген жыныстарынан тұрады. Төменгі протрезойда Сырдарияның оң жағалауын саяз теңіз басып жатты, ал сол жағалауы құрғақ жазық болған. Венд шөгінділері каледон антиклинорийлердің осьтік бөліктерінде дамыған. Жыныстардың құрамы әртүрлі. Қаратауда конгломерат құм – саз құм қабаттары, орта және қышқыл құрамды вулканиттер, туффиттер, карбонатты – кремнийлі жыныстар қалыптасқан. Палеозой тобының жыныстары бүкіл ел аумағында өте кең тараған. Тұран тақтасында палезойлық іргетасын мезо – кайнозойлық шөгінділер жауып тұрады. Төменгі кембрий жыныстарындағы фосфоритті және ванадийлі горизонттар Қаратау жотасында кездеседі. Девон кезеңінің басы теңіз аумағының кішіреюімен сипатталады. Неогенде облыс аумағы қазіргі келбетіне келген.

Облыс аумағынан өтетін Сырдария өзенінің бойында геологиялық деректер бойынша екі үлкен қазаншұңқыр болған. Оның бірі – Қызылорда қазаншұңқыры. Ол Сырдария, сарысу өзендерінің таудан ағызып келген шөгінділерімен толған. Қызылорда қазаншұңқыры сумен келген шөгінді жыныстармен толып, қазіргі жер бедерінің пішіні қалыптасқан.

Оңтүстік пен оңтүстік – батыста, Қызылордада бірнеше қашықтықта көлденең жағдайда, Қызылқұмға жақындау жерде 100 – 110 м – дейін көтерілген. Жаңа Дария арнасының бойымен, оңтүстік – батыста оның орталық бөлігінде, Аққар дөңесінің аумағында, борлы балшық 75 – 85 м көрсеткішке дейін көтеріледі. Ол тегіс толқын құрап, жер асты тепе – тең су бөлігі батысқа қарай Арал теңізі жағалауының шығысына қарай, 40 – 50 м көрсеткен биігіне дейін көтеріледі. Қорқыт – Қарақ – Аққыр – Қорқыт – Тау бағытына қарай антиклинтәріздес (45 – 85 м) көтерілген беткейді екі қазан шұңқырға бөлінеді: Қызылорда және Арал.




1-жаңа (яксарттық) шөгінді, 2-ескі (кельтиминарлық) шөгінді, 3-үштік-бор дәуіріндегі шөгінді,

4-қазіргі кездегі Арал теңізінің шөгіндісі. (В.М. Боровский, М.А. Погребинский, 1959)
7 – cурет. Параллель бойынша Қызылорда – Арал теңізінің геологиялық кескіні
Жасына қарай қабат қалыңдығы екі қорапқа бөлінеді: а) өте ежелгі, Дариялық – Тақыр шетінде орналасқан, өлген арналарда бойлай, ауданнаың оңтүстік батысына қарай, б) Қазіргі кездегі Тартоғай – Жосалы теліміндегі қазіргі Сырдария аумағында, ені – 60 км, әрмен қарай Сырдария арнасымен Жосалы мен Қазалыға қарай, қазіргі Қазалының батыс атырабына қарай жіңішкелей береді, тіпті қораптарды шөгінділер басып қалады.

Жазықтықтағы төрттік шөгінділер келесі қабаттардан құралады:



  1. Аз сортталған құм мен қиыршық тас. Олар тегіс емес бөлек – бөлек жерлерде жатады, жердің ойыс жерлерін толықтырады. Қуаттылығы 2-7 м көтеріледі.

  2. Майда және әртүрлі түйірлі құмдар. Олардың қуаттылығы өзгермелі, Қызылорда облысының орталқы бөлігін қамтиды. 60-80 м қазаншұңқыр айналасында жәймендеп азаяды да Қаракемір мен Жосалы құмдарына ұласады, Оңтүстік – батыс, Жаңадария арнасының бойымен қуаттылығы 30-45 м – дейін төмендейді, ал Шірік – Рабатта 6-20 м, Шығыс Арал өңіріңде, олар мүлдем болмайды және беткі қабатына тек шөгінділер шығады. Құмның жоғарғы бөлігінде төмпешік болып шығады.

Балшық қабатты қарап, саз бен құм. Балшық саз бен құмайт түйіршік шаң құрамдас, жоғарғы корбонатты және орман тәріздес көрініс береді. Жұқа және майда түйір құмдар, шаң тектес, 1-6 м тіпті 9 м – ге дейін аралықта тербеледі. Төменгі құмдар жаңа қораптармен тлотырылған, Дариялық – тақыр ауданында және қазіргі Сырдария арнасында, ( Жаңадария, Іңкәрдария) арналары бойында құмды аралдар көп кездеседі. Әрмен қарай облыстың батысына қарай майда шаң тәріздес құмдар жіңішкеленеді, ескі арнаны айнала, Оңтүстіктен Жаңадария мен Оңтүстік Арал өңірі құмдары жіңішке жолақ тәріздес шығанақ құрайды. Жасына қарай қабат қалыңдығы екі қорапқа бөлінеді: а) өте ежелгі, Дариялық – Тақыр шетінде орналасқан, өлген арналарда бойлай, ауданнаың оңтүстік батысына қарай, б) Қазіргі кездегі Тартоғай – Жосалы теліміндегі қазіргі Сырдария аумағында, ені – 60 км, әрмен қарай Сырдария арнасымен Жосалы мен Қазалыға қарай, қазіргі Қазалының батыс атырабына қарай жіңішкелей береді, тіпті қораптарды шөгінділер басып қалады. Жасына қарай қабат қалыңдығы екі қорапқа бөлінеді: а) өте ежелгі, Дариялық – Тақыр шетінде орналасқан, өлген арналарда бойлай, ауданнаың оңтүстік батысына қарай, б) Қазіргі кездегі Тартоғай – Жосалы теліміндегі қазіргі Сырдария аумағында, ені – 60 км, әрмен қарай Сырдария арнасымен Жосалы мен Қазалыға қарай, қазіргі Қазалының батыс атырабына қарай жіңішкелей береді, тіпті қораптарды шөгінділер басып қалады.

Қызылорда облысы гидрогеологиялық – мелиоративтік экспедицияның зерттеулеріне сүйенсек, Түгіскен алқабында ыза су деңгейі орта есепппен – 4,05м, Қызылорда алқабында – 3,5м, Қазалы суармалы алқабында - 3,0м.

Өзен суы тұздылығының өзгеруі әр жылдары түрліше деңгейде болған. Оны 4 – суреттен көруге болады. Мұнда Қызылорда облыс алқаптары бойынша өзен суының әр жылдардағы өзгерісі көрсетілген. Мысалы, 1960 – 1970 жылдары су тұздылығы қалыпты деңгейде және көрсетілген үш алқап бойынша тең дәрежеде болды десек болады.

Осы жылдары Жаңақорған алқабында – 0,5, Қызылорда алқабында – 0,5 және осы көрсеткіш Қазалы алқабында да сақталған. Ал 1980 жылдары алқаптарда өзен суының тұздылығы жөнінен айырмашылық болған. Бұл жылы Жаңақорғанда – 1,5, Қызылордада – 1,6, Қазалы алқабында – 1,7 шамасында болған. 1990 және 2000 жылдар аралығында аталған көрсеткіш біршама азайған. Бірақ, Қазалы алқабында жоғары мөлщерде сақталған, 1,7 шамасына тең. Ал, кейінгі жылдары, нақтырақ 2010 – 2012 жылы Сырдария суының тұздылығы әлдеқайда төмендеген.

Аймақтың гидрогеологиялық жағдайына екелер болсақ, өзен суы тұздылығының өзгеруі әр жылдары түрліше деңгейде болған. Мұнда Қызылорда олыс алқаптары бойынша өзен суының әр жылдардағы өзгерісі көрсетілген. Мысалы, 1960 – 1970 жылдары су тұздылығы қалыпты деңгейде және көрсетілген үш алқап бойынша тең дәрежеде болды десек болады. Осы жылдары Жаңақорған алқабында – 0,5, Қызылорда алқабында – 0,5 және осы көрсеткіш Қазалы алқабында да сақталған. Ал 1980 жылдары алқаптарда өзен суының тұздылығы жөнінен айырмашылық болған. Бұл жылы Жаңақорғанда – 1,5, Қызылордада – 1,6, Қазалы алқабында – 1,7 шамасында болған. 1990 және 2000 жылдар аралығында аталған көрсеткіш біршама азайған. Бірақ, Қазалы алқабында жоғары мөлщерде сақталған, 1,7 шамасына тең. Ал, кейінгі жылдары, нақтырақ 2010 – 2012 жылы Сырдария суының тұздылығы әлдеқайда төмендеген.

Екінші бөлімде М. Жаппасбаевтың зерттеулері бойынша күріш дақылының даму сатысына байланысты судың тереңдігі қандай тереңдіктк болуы керек, судың жылулығына, егісті суаруға жұмсалынатын судың сапасына және де жауын – шашынға, желге қойылатын талаптар жайында айтылған.

Күріш дақылының даму сатысының әр кезеңінде судың тереңдігі, температурасы, сапасы және топырақ пен ауа температурасы кезеңнің ерекшелігіне сай болуы тиіс. Осының барлығын жоғарыда біз талдаған зерттеулер нәтижесі көрсетіп отыр. Мысалы, күріш дәні 10-12 тәулікте көктеп, өніп шығуы үшін ауаның бір күндік орташа жылулығы 13-150С–тан кем болмауы керек. Себебі, осы жағдайда ғана топырақ пен судың жылулығы 16-18 градусқа жоғарылайды.

Қазақстанның күріш өсіруші аймақтарының ауа райы, температура ресурсы күріш егіншілігіне қолайлы. Соның ішінде Сыр өңірі суармалы аймақтарында жоғары жылы темпертураның жиынтығы Жаңақорған – Шиеліде (бірінші аймақ) 3800 – 42000С, Қызылорда массивінде (екінші аймақ) – 3700-41000С, Қазалы алқабында (үшінші аймақ) – 3500-38000С болып келеді [4]. Қызылорда облысының жағдайында ауа райының жылылығы 150С төмен болса, не 350С асып кетсе, онда күріш өсіру дәуірін тоқтатады да, оның пісіп – жетілу дәуірі ұзарады.

Өзіміз білетіндей, күріш дақылы жаз бойы су астында болады. Сондықтан да дақылдың даму сатысында су басты және маңызды рөл атқарады. Ғалымдардың пікірінше, күріштің өсіп– өнуі, оның организмінде болатын физиологиялық және биохимиялық процестер сусыз жүрмейді. Күріштің дәні егістікте тереңдігі 30 см су болған күннің өзінде де көктеп шыға алатындығын зерттеулер дәлелдеген.

Негізінен, күріш дақылын Қызылорда облысы жағдайында судың жылылығы 14 – 160С болған кезде еге бастайды. Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, күрішті судың температурасы 140С – қа жеткенде себуге болады. Бұл көрсеткіш облыс суармалы алқаптары бойынша бірдей болмайтыны белгілі. Осыған байланысты, Қызылорда суармалы алқабында сәуірдің үшінші онкүндігінің орта кезінде, Жаңақорған – Шиелі алқабында сәуірдің екінші жартысының орта кезінде, Қазалы алқабы бойынша аталған айдың үшінші онкүндігінің орта шенінде себіледі.

Көптеген тәжірибелерден байқағанымыздай, күріш өзіне қажетті қоректік заттардың көпшілігін топырақтан алады. Сол себепті, күріш егісі топырағы барынша құнарлы болуы тиіс. Әрине, кейбір топырақтарды құнарландыра түсу үшін тыңайтқыш қолданатынымызды майта кеткен жөн. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, күріш қышқылдығы – 4,0 – 6,0, азоты – 0,1 – 0,6, фосфоры – 0,04 – 17 пайыз болатын топырақтарда жақсы өседі.

Күріш дақылы үшін саз, яғни құрамы ауыр топырақтар қолайлы. Себебі, мұндай топырақтардың суды ұстау қабілеті жақсы және құнарлы болып келеді. Сонымен қатар, өзен аңғарындағы шөгінді, яғни, аллювиалдық, шалғынды – батпақты топырақтар да дақыл үшін қажетті топырақ түрі болып келеді. Демек, біздің өңірімізде күріш өсіруге ыңғайлы деген сөз. Мысалы, облыстың кейбір шаруашылықтарында күріш тақыр тәріздес топырақтарға егіліп, одан алынған өнім 40 – 60 центнерді құраған.

Күріштің суару режимін дұрыс ұйымдастыру, егінді суға бастырудың тиімді әдісін таңдай білу – дақылдан сапалы әрі мол өнім алу кепілі. Олай дейтін себебіміз, дақыл жер бетіне шыққаннан бастап пісу кезеңі аралығында атызға суды тиісті мөлшерде беріп, су деңгейін реттеп отыру басты шарт. Жалпы бұл дақылдың суару режиміне қоятын талабы ерекше. Себебі, күріш суға бастырылып өсетін гигрофиттік өсімдік болғандықтан, атыздағы су дақылдың физиологиялық талабын орындап қана қоймай, егістегі микроклиматты өзгертіп реттейді.

Күрішті мелиоративтік режимнің өзгеруінің бірден – бір себепкері ретінде ғана қарамай, одан мол да сапалы өнім алу жолында күрделі жұмыстар атқаруымыз қажет деп есептеймін. Осыған байланысты, біздің зерттеулердің басты мақсаты – өңіріміздегі экологиялық жағдайларды ескере отырып, облысымызда егілетін күріш дақылының қазіргі кезеңге сай экологиялық қолайлы, барынша суды үнемдеуге бағытталған маусымдық суару мөлшерін анықтау.

Үшінші тарауда суды тиімді пайдаланып, күріш егісінен сол өнім алу өндіру үшін күріш егісін суарудың негізгі шарттарын бұлжытпай орындау керектігі баяндалған. Дақылды дұрыс суару тек тегістелген жерлерде ғана ойдағыдай іске асырылады. Су мөлшерін реттеп отыру үшін әрбір атызға рейка қойылады. Сол арқылы атыздағы судың тереңдігін бақылап отыруға болады. Күрішті суару жердің қаншалықты сортаңданып кеткеніне, арамшөптерге қарсы күрес шараларына, тағы басқа жағдайларға қарай түрліше жүргізіледі. Келесі су берудің мерзімі тұқымның өнуіне қарай белгіленеді. Егер тұқымның көпшілігі өнгенше су топыраққа сіңіп кетсе және егістік құрғай бастаса, топырақты дымқылдандырып, қосымша су беріледі. Егер тұқым өне бастаған кезде атыздағы су топыраққа сіңіп кетпесе, судық қалғаны қашыртқыға жіберіледі. Олай етпеген жағдайда, өніп келе жатқан күріш тұқымы оттегімен толық қамтамасыз етілмейді және сирек шығатын болады.

Жерлерді интенсивті суғарудың экологиялық шарттарға тигізетін кері әсері жуық уақытқа дейін өсімдіктерді мелиорациялаудың топыраққа, қоршаған ортаға тигізетін әртүрлі әсерлеріне жіті назар аударылмауымен түсіндіріледі. Академик А.Н. Костяков жерлерді мелиорациялаудың басты мәселесі – химиялық заттар мен судың биологиялық және геологиялық айналымын басқару деп атап көрсетті. Ол қоршаған орта жағдайының нашарлауына жол бермеуге және топырақ өнімділігі мен құнарлылығын арттыру мақсатында қоректік заттар мен судың биологиялық айналымын күшейту мен судың геологиялық айналымын тежеу қажеттілігіне басты назар аударды.

Алайда, жерді суаруды жетілдірудің алдағы уақыттағы барысы мелиорациялауды жүргізудің дақыл өнімділігін арттыруға негізделуіне ұласты. Бұл Қызылорда облысында байқалады. Мұнда 1960 – 65 жылдарда күріш өнімділігінің орташа көрсеткіші 20 – 25 ц/га құрады. Күріш инженерлі суару жүйесінің құрылысы бұл дақылға бөлінген жаңа жерлерді игеру, оның максималды өнімділігін арттыру мәселесіне тікелей бағынышты болды. 1980 – 85 жылдарда күріштің жалпы өндірісі 420 – 450 мың.т, өнімділігі 48 – 50 ц/га құрады. Бұл арада облыстық су ресурстары комитетінің мәліметтері бойынша күріштің нақты суару мөлшері 30 – 35 мың.м3/га құрады.

Күріш дақылынан мол өнім алу үшін егістіктегі әрбір атыздарда оптимальды қалың (бір шаршы метр 320 – 380) күріш көгін өсіру керек. Бұл өте жауапты кезең. Сырдария өзені суының құрамында минералды тұздардың көбеюіне және инженерлік жүйелерде топырақтың тұздануының күшеюіне байланысты күріш көгі тек су бастырылған атыздарда ғана алынып жүр. Осыған сәйкес, тұқымның өніп, күріш көгінің тамырланып нығаюына жағдай жасай отырып, күрмек шиін арамшөптері көгінің өсуіне жол бермеу керек.

Осыған байланысты күріштің суару режимінде ақылға қонымды шамаларды пайдалану және оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін төмендетуді қамтамсыз ету мәселесін ұйымдастыра отырып, суару режимінің экологиялық элементтері тиімділігін белгілеу ұсынылады. Бұл күріштің суғару нормасы минималды болуы қажет, сонымен қатар зиянды химиялық байланыстар сияқты пайдалы қоректік элементтердің шығуы минималды болуы қажет деген сөз.

Суару режимі – әр дақылдың неше рет, қандай мөлшерде , қай мерзімде суарылатынын білдіретіні баршамызға аян. Суару режимінің экологиялық мәні зор, өйткені, дақылдың өсіп – өнуіне қажетті су мөлшерін дұрыс анықтамаса онда ол үлкен зиян әкеледі. Сөзімізді нақтылай кететін болсақ, егер егістікке су мөлшерден артық берілсе , онда сол суды егіс топырағы ұстап тұра алмай, нәтижесінде ол барып жер асты суына қосылады да, оның көтерілілуіне әкеп соғады. Бұл жағдай топырақтың тұздануына үлкен себепші болады.

Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтының зерттеулері бойынша, Қызылорда облысы жағдайында күріш егісінің мелиоративтік суару нормасы гектарына 18 – 22 мың текшеметр. Нақты жұмсалынып жүрген суару мөлшері облыс бойынша гектарына 28 мың текшеметр, кейбір шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 26 – 30 текшеметрге жетеді.

Қызылорда облысы егіс алқаптарындағы күріштің бүгінгі суару режиміне келетін болсақ, Күріш дақылы елімізде негізгі үш аймақта өсіріледі. Соның бірі және бірегейі – Сыр өңірі. Қазіргі кезде облыста 70,0 – 77,0 мың.га жерге күріш егіліп жүр. Болашақта ғалымдар егіс көлемін 705 мың.га – ға жеткізуді көздеп отыр. Дегенмен де бұл мәселені шешуді тежейтін жағдай – суармалы судың жетіспеушілігі болып отыр. Осыған байланысты, егіске суды үнемді, ұтымды пайдалану қазіргі кезедгі өзекті мәселеге айналды.

1982 жылдан қазіргі кезге дейінгі күріштің егіс көлемі көрсетілген. 1980 – 1990 жылдар аралығында дақылдың егіс көлемі қанағңаттанарлық дәрежеде болды. Осы жылдары Қызылорда облысында ауылшаруашылығын өркендету, нақты айтқанда егін өнімділігін арттыру, суармалы жерлерді, тыңайтқышты, техниканы және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану қарқынды жүрді (2 – сурет).

1995 – 2005 жылдар аралығында егістік жерлердің көлемі біршама азайған. Дегенмен де бұл жылдары күріш өндіру технологиясында орын алған кемшіліктер: дақылға қажетті мөлшерде қоректік заттарды бермеу және егістік жерлерді ережеге сай өңдемеу азайып келе жатқанын байқаймыз. 1960-1970 жылдар аралығында мелиоративтік жұмыстар қарқын алып, жоғары мәнге ие болған болатын. 1980 жылдары облыста күріш егісінің көлемі 93,4 мың.га – ды құрап, одан алынған өнім 431,4 мың тоннаға, ал әр гектарының өнімі 49,4 центнерге жетті. 1982-1994 жылдар аралығында күрішке тиесілі жер көлемі 94,89 – дан 73,41 мың.га – ға дейін кеміп, ал алынған өнім 45 – 50 центнердің аралығында болды. Бұл біздің өңір үшін нашар көрсеткіш емес.

Ал, 1995 – 2005 жылдар аралығында біршама экономикалық деңгейдің төмендеуіне, сонымен қатар, атыз бетінің тегістігі ±15-20 см-ге жетіп, одан да асып кетуі салдарынан атыздарда суды реттеу қиындап, суару режимінің бұзылуына байланысты күріштен алынатын өнім төмендеді десек болады (2-сурет). Нақты айтсақ, осы жылдары күріштің өнімділігі 40-45 центнер аралығында болды. Басты себеп – күріштік жерлерде агротехникалық шаралардың талапқа сай орындалмауы, суды дұрыс пайдаланбау, топырақтың тұздануы т.б.

Бүгінгі күні облыста жалпы 226,8 мың.га суармалы жер болатын болса, соның 179,2 мың.га инженерлік жүйеге келтірілген. Сонымен қатар, пайдаланылмаған жер көлемі – 54,0 мың.га жетіп отыр. Соның ішінде, күріш ауыспалы егістігіне тиесілі жер көлемі – 27,1 мың.га . Мұның басты себебі: тұздану, су басып кету, су шықпау, суландыру жүйесінің бұзылуы, коллекторлы – дренажды жүйенің ақаулығы және т.б себептер.


Өзімізге белгілі атақты күрішші Ы.Жақаев алғаш рет дүние жүзілік рекорд жасаған болатын, нақтырақ айтқанда сол жылдардағы күріштің өнімділігі гекарына 90 – 100 центнер болған[4]. Дәл осындай жетістікке жетудің басты себептері: күріш өндірудің барлық әдістері мен шараларына аса зор мән беру, оларды топырақ және ауа – райының нақты жағдайларына сәйкес өткізіп отыруы, барлық жұмыстардың белгіленген агротехникалық мерзімде сапалы орындалуы болып табылады. Бұл кезең 1960 жылдар, яғни Сыр өңірінде мелиорация саласына аса зор мән беріліп, мелиоративтік жұмыстар жоғары қарқын алып жатқан кезеңге сәйкес келеді.

Дақылдың суару мөлшері 1980 – 1990 жылдар аралығында орташа 26 – 28 мың текшеметр болған. Ал, соңғы жылдары бұл мөлшер біршама азайғаны байқалады. Қазақ күріш ғылыми – зерттеу мекемесінің мәліметіне сүйенсек, күріштің жаз бойы суды тұтыну мөлшері 8,5 – 9 мың текшеметр. Тағы да 3,5 – 4 мың текшеметр су көлемі күрішті алғашқы суға бастыру кезінде жұмсалса, 4,5 – 5 мың текшеметр су топырақтан төмен қарай сүзілуге кетеді. Сонда жалпы, 16,5 – 18 мың текшеметр су күріш дақылына қажетті ылғал мөлшері болып саналады. Кестеде көрсетілген мәліметтермен салыстырғанда бұл мөлшер әлдеқайда аз. Сондықтан да алдағы зерттеу жұмыстары әлде де болса күріш дақылының маусымдық суару мөлшерін азайтуға бағытталуы тиіс.

Қазіргі таңдағы өңірімізде орын алып отырған маусымдық суару мөлшері 28 – ші кестеде нақты көрсетілген. Күріш дақылының маусымдық суару мөлшері 2012 жылы гектарына 20,8 мың текшеметрді құрады.

28 – кесте. Қызылорда облысы бойынша күріш дақылының егіс көлемі және маусымдық суару мөлшері, өнімділігі

(Қызылорда облыстық су шаруашылығы кәсіпорны мәліметтерінен)



Жылдар

Егіс көлемі, мың.га

Маусымдық суару мөлшері,мың.м3/га


Өнімділігі, ц/га



1982

94,89

26,72

47,7

1986

87,58

21,85

49,2

1990

87,04

23,67

52,0

1994

73,41

25,06

49,4

1997

65,87

25,69

48,05

2000

62,24

21,46

40,00

2003

69,68

24,31

42,10

2006

72,14

23,92

39,40

2009

71,08

24,02

40,10

2012

74,87

20,8

47,8

Демек, біздің жағдайымызда жоғарыда келтірілген нақты су тұтыну мөлшерімен салыстырғанда 10-11 мың текшеметр су басқа шығындарға жұмсалуда. Сондықтан, біз облыстағы ірі суармалы аймақтарға ( Түгіскен, Қызылорда, Қазалы ) ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, күріш дақылының қазіргі кезеңге сай экологиялық қолайлы және барынша суды үнемдеуге бағытталған, экономикалық тиімді үнемділікті қамтамасыз ететін маусымдық суару мөлшерін анықтауымыз керек.



Сурет 14 – Қызылорда облысындағы күріш дақылының маусымдық суару нормасы

( Су шаруашылығы мемлекеттік кәсіпорны мәліметтерінен)
Жер бедерін тегістеу ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алуға, суарушылардың еңбек өнімділігін арттыруға, жер мен му қорын және ауылшаруашылық техникасын жақсырақ пайдалануға әсер етеді.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет