Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар



жүктеу 0.61 Mb.
бет1/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4
: laws -> law -> nnic
nnic -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
nnic -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
nnic -> Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар
nnic -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
nnic -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
nnic -> Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар
nnic -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің талабы Требования промышленной безопасности при производстве магния Астана 2009
nnic -> 1-тарау. Жалпы талаптары 1-параграф. Талаптардың қолдану саласы және тағайындалуы




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «18» қазандағы

№ 360 бұйрығымен

бекітілген



Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларға қойылатын

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар

1 - тарау. Жалпы талаптар
1. Осы аммиакты тоңазытқыш қондырғыларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі - Талаптар) көрсетілген объектілерде пайдаланылатын техникалық құрылғыларды дайындау, монтаждау, реттеу, қызмет көрсету және жөндеу кезінде тоңазытқыш агент ретінде аммиакты пайдаланумен тұйық цикл бойынша жұмыс істейтін стационарлы тоңазытқыш қондырғыларды (суықпен жабдықтау жүйесі) жобалауға, құрылысына, пайдалануға, кеңейтуге, қайта салуға, техникалық қайта жабдықтауға, консервациялауға және таратуға қолданылады.

2. Құрамында тоңазытқышы бар ұйымдардың оларға құжаттары болады, бұл ретте:

тоңазытқыш қондырғыға жобалық және атқару құжаттамасы;

технологиялық регламент;

тоңазытқыш және технологиялық жабдықтардың барлық түрлеріне паспорттар, сондай-ақ аммиакты құбыр өткізгіштерге паспорттар;

аварияны тарату жоспары (бұдан әрі - АТЖ);

осы талаптың 2 – қосымшасына сәйкес тоңазытқыш қондырғыға паспорт;

жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша технологиялық регламенттер.

3. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларды пайдалану ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

4. Компрессор цехында белгіленген үлгіде тәуліктік журнал жүргізіледі. Тоңазытқыш қондырғыларға қатысты және осы Талаптың келесі тарауларында санамаланған барлық журналдар нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.

5. Тоңазытқыш қондырғылардың машиналы, аппаратты және конденсаторлы бөлімдеріне бөге тұлғалардың кіруіне рұқсат берілмейді.

Бұл үй-жайлардың кіру есіктерінің сыртқы жағынан қызмет көрсету персоналын шақыруға арналған қоңырау орнатылады, ескерту жазбасы және қауіпсіздік белгісі орнатылады.

6. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларға кіретін технологиялық блоктардың Qв қатысты энергетикалық потенциалы қолданыстағы әдістерге сәйкес есептеледі.

Бұл ретте Qв < 27 (жарылыс қауіптіліктің ІІІ санаты) қамтамасыз ететін жобалық шешім қабылдау ұсынылады.

7. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларды және олардың схемалы шешімдерін орналастыру осы Талаптың 1 - қосымшасына сәйкес анықталады.

2-тарау. Аппаратты ресімдеуге қойылатын талаптар
8. Тоңазытқыш қондырғыда компрессордың сорғылық бетіне сұйық аммиак тамшысының түсуін болдырмайтын аппараттар көзделеді.

9. Суық тасымалдағышты суытуға арналған буландырғыш блогының булы сұйықты аммиакты қоспадан сұйық тамшысын бөлу және бөлінген сұйықты буландырғышқа қайтару үшін құрылғысы болады.

10. Тасымалданатын булы сұйық қоспадан сұйық фазаны бөлу үшін тоңазытқыш қондырғыларда тікелей суытумен әрбір қайнау температурасына сұйықты бөлгіш қызметін қоса атқаратын айналмалы (немесе қорғаныс) ресивер көзделеді.

Бұл мақсат үшін сұйықты бөлгіш қызметін қоса атқармайтын айналмалы (қорғанысты) ресиверлі құбыр өткізгіштермен жалғастырылған жеке сұйықты бөлгіштер қарастыруға рұқсат беріледі

11. Сұйықты бөлу қызметін қоса атқаратын тіреуішті айналмалы ресивердің геометриялық көлемі суыту құрылғысына аммиакты жоғары және төмен беретін сорғы схемасындағы әрбір қайнау температурасы үшін осы Талаптың 3 - қосымшасында келтірілген формула бойынша есептеледі.

12. Сұйықты бөлу қызметін қоса атқаратын Vз.р қорғаныс ресиверінің геометриялық көлемі әрбір қайнау температурасы үшін мына формулалармен есептеледі:

тік түрдегі аппараттар

Vз.р > Vc  0,5 м3

көлденең түрдегі аппараттар

Vз.р > Vc  0,6 м3

13. Сұйықты бөлу қызметін атқаратын тік ыдыстың немесе аппараттың булы аумақ өлшемі булы аумақ ағымында аммиак буының жылдамдығы 0,5 м/с артық болмауын қамтамасыз етеді.

Сұйықты бөлу қызметін атқаратын сепарация аймағының (булы сұйық қоспалы аммиактың тұтынушыдан кіру және будың компрессорға шығу арасындағы қашықтық) сәйкес ұзындығы есебімен көлденең айналмалы (немесе қорғаныс) ресиверлер үшін булы аумақ ағымында аммиак буының жылдамдығын 1,0 м/с дейін қабылдауға рұқсат беріледі.

14. Суытатын қондырғыларды, аппараттарды, ыдыстарды және блоктарды сұйық аммиактан авариялық (жөндеулік) босату үшін, суытатын қондырғылардың ыстық бумен ерітілуі кезінде конденсатты жою үшін анағұрлым аммиак сыйымды аппараттан, ыдыстан немесе блоктан аммиак қабылдауға есептелген кәрізді ресивер қарастырылады.

Кәрізді ресивердің геометриялық көлемі оның 80 % артық толтырылмауы есебінен қабылданады.

15. Тоңазытқыш қондырғылардың желілі ресиверлерінің геометриялық көлемі технологиялық аппараттар мен буландырғыштардың аммиактық бөлігінде үй-жайдың суытатын қондырғыларының жиынтық геометриялық көлемінен 30 % артық болмай қабылданады.

Аммиактың өлшемді заряды бар тоңазытқыш машиналар үшін желілі ресивер қарастырылмайды.

16. Аммиактың жылдық қорын сақтау үшін қосымша желілі ресиверлер (ресивер) қарастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте ресиверлерді геометриялық көлемінің 80 % артық толтыруға рұқсат берілмейді.

17. 1000 кг дейін аммиакпен толтырылған тоңазытқыш қондырғылар үшін көлемі аммиактың жылдық қорына есептелген және 13 - тараудың талаптарына сәйкес болатын бір желілі ресивер қарастырылады.

18. Аммиакты жобамен негізделген және аммиакты бір көліктен қабылдауға мүмкіндік беретін сыйымдылықта сақтауға арналған ресиверлер қарастыруға рұқсат беріледі.

19. Тоңазытқыш қондырғыларда қорғаныс, кәрізді немесе айналмалы ретінде желілік ресиверлерді (бірыңғайлы емес), ал сыртқы құбырлы буландырғыштарды конденсатор ретінде және керісінше пайдалануға рұқсат берілмейді.

20. Ыдысқа жоғары қысым жағынан ыдыстарға (аппараттарға) аммиак буын беру кезінде төмен қысым жағында оларды сұйық аммиактан босату және майдан тазалау үшін бұл ыдыстардағы (аппараттағы) қысым осы Талаптың 4 - қосымшасына сәйкес тығыздыққа сынау қысымынан аспайды.

21. Жалпы айдау магистралында жылу алмасу аппараты болған кезде (жылытылған аммиак буының жылуын пайдалану үшін) оған бекіту шұрасымен айналдыру сызығы құрылғысы қарастырылады.

22. Ауа және басқа да конденсацияланатын газдар жүйеден суы бар ыдысқа ауа бөлгіш аппарат арқылы жіберіледі.

3 - тарау. Жабдықтарды орналастыруға қойылатын талаптар
23. Аммиакта жұмыс істейтін жабдық:

машиналы үй-жайда немесе аппаратты бөлімде;

суықты тұтынушылар үй-жайында;

ашық алаңда орналастырылады.

24. Тік құбырлы қабықты, буланатын және ауа конденсаторлары, магистралды айдағышты құбыр өткізгіштердегі май бөлгіштер ашық алаңдарда орнатылады. Конденсаторларды машина бөлімдері астына, ал желілі ресиверлерді үй-жайдың ішіне де, сыртына да орналастыруға рұқсат беріледі.

25. Сумен жабдықтаудың кері айналмалы жүйесінің су сорғыларын, конденсатор орналастырылатын ғимарат астында, сорғы станциясы үй-жайында орналастыруға рұқсат беріледі.

26. Машиналы (аппаратты) бөлім үй-жайында компрессорлы агрегаттар, блокты тоңазытқыш қондырғылар, айналмалы (қорғаныс) ресиверлер, аралық ыдыстар, аммиакты сорғылар, май жинағыштар, көлденең құбырлы қабықты конденсаторлар орнатылады. Буландырғыш блоктарды, май сақтауға арналған ресиверлерді, айналмалы, қорғаныс және кәрізді ресиверлерді, аммиак пен суықты тасымалдағышта айдауға арналған сорғыларды ашық алаңдарда, егер бұл жабдықтарды климаттық орындауға мүмкіндік беретін болса, машиналы (аппаратты) бөлімнен тыс орналастыруға рұқсат беріледі. Орналастыру орны жобалық құжаттамамен анықталады.

27. Машиналы (аппаратты) бөлімнің сыртында орналасқан аппараттан (ыдыстан) жарыққа қашықтық ғимарат қабырғасынан 1,0 м кем болмайды. Талап контейнер түріндегі машина бөлімдеріне таратылмайды.

28. Тоңазытқыш қондырғыны:

жанатын, улы және жарылыс қауіпті өнімдермен технологиялық құбыр өткізгіш эстакадасы астына;

аммиактың төмен орналасқан жабдыққа түсуін болдырмайтын герметикалық (тығыздамасыз) сорғыларды пайдалану жағдайларынан немесе қауіпсіздік шараларын қабылдау кезден басқа ашық сорғылық және компрессорлық қондырғылар үстіндегі алаңдарда орналастыруға рұқсат берілмейді.

29. Тоңазытқыш қондырғылар үшін:

жабдыққа қызмет көрсету үшін орталық өтетін жер ені 1,5 м кем болмайды;

ені 1,0 кем болмайтын өтетін жер аппараттардың, ыдыстардың, компрессор агрегаттарының және қуаттылығы 55 кВт артық емес электр қозғалтқышты блоктық тоңазытқыш қондырғылардың шығыңқы бөліктері аралығында көзделеді;

жеке тұрған компрессорлық агрегаттар мен қуаттылығы 55 кВт артық емес электр қозғалтқышты блоктық тоңазытқыш машиналардың шығыңқы бөліктері арасындағы өтетін жерлер 1,5 м кем болмай қарастырылады;

ішкі колонкалы үй-жайларда машиналы (аппаратты) бөлімдерді орналастыру кезінде колоннадан жабдықтың шығыңқы бөліктеріне дейінгі қашықтыққа қалыпты ені бар басқа өтетін орындар болғанда өтетін жер енінің 0,7 м болуына рұқсат беріледі.

30. Еденнен 1,8 м биік деңгейдегі жабдыққа (арматураға) тұрақты қызмет көрсету үшін қоршауы мен баспалдағы бар металл алаң көзделеді. Алаң ұзындығы 6 м артық болған кезде, баспалдақтар алаңның екі жағынан орнатылады.

Оларды алаңдарға бекітуге арналған жабдықтары бар тасымалданатын немесе жиналатын баспалдақтар қарастыруға рұқсат беріледі. Тұтқаның биіктігі 1,0 м, алаңдардағы жақтаулар 0,15 м кем емес.

31. Айналмалы және қорғанысты ресиверлер және аммиакты сорғылар астында тұғырық немесе шұңқыр қарастырылады.

Неғұрлым аммиак сыйымды ыдыстан тұғырыққа хладагенттің (шұңқырға) авариялық ағуы жағдайында сұйық аммиактың деңгейі тұғырық (шұңқыр ернеуінен) қоршауынан төмен қамтамасыз етіледі.

Айналмалы ресиверден құйылған аммиак көлемі ыдысты жұмыстық толтыру бойынша, ал қорғанысты ресиверден ыдысты барынша көп толтыру бойынша анықталады.

Шұңқыр тереңдігі 2,5 м артық емес. Шұңқырда кемінде екі баспалдақ орнатылады, ал шұңқыр 2 м артық терең болған жағдайда, тікелей сыртқа шығу қарастырылады.

32. Сызықтық және кәрізді ресиверлер тұғырықта орнатылады.

Сұйық аммиактың авариялық жағдайда оның неғұрлым көлемді ыдыстың тұғырына ағуы кезіндегі деңгейі тұғырық қоршауынан төмен қамтамасыз етіледі. Сызықтық немесе кәрізді ресиверден төгілетін аммиактың көлемі оның барынша көп толтыруынан 80 % есебінен анықталады.

Сызықтық ресиверлер күн сәулесі мен жауын-шашыннан қорғалады, кіретін есіктері құлыпқа жабылатын 1,5 м артық емес биіктікте қоршаулармен қоршалады.

33. Аммиак жүйесін зарядтау үшін аммиакты цистерналар мен баллондарды жалғастыруға арналған тоғысу түйіндері қарастырылады.

34. Машиналы немесе аппаратты бөлімдерде құбыр өткізгіштерді, аппараттарды, ыдыстарды, әр ыдысқа, аппаратқа немесе аммиакты құбыр өткізгіш бөлігіне сынау өткізу мүмкіндігі үшін сығылған ауаның стационарлы құбыр өткізгіштер жүйесін сынауға арналған ауа компрессорын орнату қарастырылады. Қысым түсіруге арналған компрессордағы құбыр өткізгіштердегі бекіту шұралары, бақылау манометрі, компрессорды басқару батырмалары жабдық сыналатын үй-жайдан тыс шығарылады. Сығылған ауа құбыр өткізгішінде сақтандырғыш клапан орнатылады.

Ауа компрессорын басқа мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат берілмейді.

Пневматикалық сынаулар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 28 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген «Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптарына» және 2009 жылғы 27 шілдедегі № 176 бұйрығымен бекітілген «Технологиялық құбырлар желісінің құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану талаптарына» сәйкес жүзеге асырылады.

4 - тарау. Құбыр өткізгіштер мен арматураға қойылатын талаптар
35. Құбыр өткізгіштердің неғұрлым аз созылымдылығы болады. Жабдықтар мен құбыр өткізгіштердің орналасуы монтаждау және жөндеу жұмыстарының қауіпсіз өндірісіне арналған шарттарды, оларды сырттай қарау мүмкіндігін қамтиды.

36. Машиналық және аппараттық бөлімдерде бу тәрізді аммиактың құбыр өткізгіштерін жоғары ажырату (компрессордан жоғары) қарастырылады.

Бұл құбыр өткізгіштердің төменгі ажыратуына (компрессордан төмен) кейбір жағдайларда ғана (мысалы, көлденең поршенді компрессорлар үшін) рұқсат беріледі.

37. Аммиакты құбыр өткізгіштерді өтетін немесе өтпейтін каналдарда төсеуге рұқсат берілмейді.

38. Машиналы (аппаратты) бөлімдерде құбыр өткізгіштерді жоғары айыру кезінде соратын және айдайтын аммиакты құбыр өткізгіштерді жалпы құбыр өткізгіштерге қосу құбыр өткізгіштерде (жұмыс істемейтін компрессорлар) май мен сұйық аммиактың жинақталуының алдын алу үшін жоғарыдан жобаланады.

39. Объект аумағы бойынша аммиакты құбыр өткізгіштерді тек жер үсті төсеу қарастырылады.

40. Аммиакты құбыр өткізгіштерді қолданыстағы өрт қауіпсіздігі нормаларының А және Б санаттарына жататын тұрмыстық, қосалқы, әкімшілік-шаруашылық, электр машиналы, электр таратқышты, трансформаторлы үй-жайларда, желдеткіш камералары, бақылау - өлшеу аспаптарының үй-жайы, баспалдақ торлары, өндірістік үй-жайлар арқылы төсеуге рұқсат берілмейді.

41. Аммиакты құбыр өткізгіштер басқа құбыр өткізгіштермен бірге төселеді.

Аммиакты құбыр өткізгіштерді күштік, жарықтандыру және басқа кабельдермен бірге төсеу электр қондырғы құрылғысына қойылатын талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.

42. Ғимарат қабырғасы немесе жабыны арқылы өтетін құбыр өткізгіштер үшін ішкі диаметрі сыртқы құбыр өткізгіш диаметрінен (жылу оқшаулауы есебімен) 10 - 20 мм артық құбырдан жасалған болат гильзалар қарастырылады. Құбыр өткізгіш пен гильза арасындағы саңылау екі жағынан да, құбыр өткізгішті оның ішкі кіріңкі осьіне ауыстыруға рұқсат беретін жанбайтын материалмен толтырылады.

43. Тоңазытқыш камералары мен технологиялық үй-жайлардағы құбыр өткізгіштер олардың тасымалданатын жүктермен немесе көлік құралдарымен зақымдалу мүмкіндігін болдырмайтындай орналастырылады.

44. Аммиакты құбыр өткізгіштерді ғимараттың өндірістік бөлігінің сыртқы қабырғалары бойынша есіктік және терезелік жақтаулар арқылы өткізуге рұқсат берілмейді. Бұл құбыр өткізгіштерді бітеу қабырғалар арқылы төсеуге рұқсат беріледі.

45. Аммиакты құбыр өткізгіштерді ғимараттар мен құрылыстардың үстінен тікелей суытатын тоңазытқыш және технологиялық жабдық орналасқан бөліктерін қоспағанда төсеуге рұқсат берілмейді.

46. құбыр өткізгіштерді суытатын құрылғылардан тарату құрылғыларына төсеуді суытатын камера, көлік коридоры және жүк вестибюльдері ішінде қарастырады.

47. Бөліктерінде май мен конденсаттың жинақталуы мүмкін соратын және айдайтын аммиакты құбыр өткізгіштер май мен конденсатты май жинағышқа немесе дренажды ресиверге бұру үшін шартты диаметрі 25 мм кем емес төменгі аумағында дренажды шұралармен жабдықталады.

48. Салынған бекіту органдары жоқ компрессорлар үшін айдау және сору құбыр өткізгіштерінде бекіту арматурасы қарастырылады.

49. Блокты тоңазытқыш қондырғылардың аммиакты құбыр өткізгіштерін немесе өлшемді зарядты машиналарды өзара қосуға рұқсат берілмейді. Осы талап қосымша құбыр өткізгіштерге қолданылмайды (аммиакты сақтандырғыш клапандардан авариялы лақтыру, дренажды ресивермен қосу, май құюға және қотаруға арналған қосылулар). Қосымша құбыр өткізгіштерде екі екіден бекіту шұралары (аммиак буын авариялық лақтырудан басқа) орнатылады.

50. Компрессорлардың айдау құбыр өткізгіштерінде және барлық типтегі сорғылардың ағынды желілерінде компрессор (сорғы) мен бекіту арматурасы арасында кері клапан қарастырылады.

51. Желілік ресиверден сұйықтық құбыр өткізгіште автоматты басқарылатын бекіту клапаны қарастырылады.

52. Құбыр өткізгіштер схемасында аммиак буын кез келген аппараттан, ыдыстан сорып алу мүмкіндігі қарастырылады.

53. Май жинағыштан май шығаруға арналған құбыр өткізгіште бактың сыртында орналасқан өңделген майды қабылдау үшін қосымша манометр мен бекіту шұрасы қарастырылады.

54. Аммиакты құбыр өткізгіштерде орналастырылған бекіту және реттегіш арматура басқару мен жөндеуге ыңғайлы орындарда орналастырылады.

Арматура есік, терезе жақтаулары үстінен немесе жабдыққа қызмет көрсетуге арналған өтетін жерлер үстінен орналастырылады.

Аммиакты арматураны тоңазытқыш камераларда орнатуға рұқсат берілмейді.

55. Машиналы немесе аппаратты бөлімдердің шегінен технологиялық тұтынушыларға шығатын барлық аммиакты құбыр өткізгіштерде хладагентті қабылдауды (беруді) жедел тоқтататын бекіту арматурасы қарастырылады.

56. Аммиакты суыту құрылғыларына төменгі беру кезінде жеткізуші құбыр өткізгішті сорғы тоқтап қалғанда және кері клапанның ақауында аммиактың төгілуін болдырмау мақсатында, суыту құрылғысындағы сұйықтың барынша көп деңгейіне тең биіктікке көтеру қарастырылады.

57. Құбыр өткізгіштерді суықты тұтынушылардан айналмалы немесе қорғаныс ресиверге дейін олардың нормаланбаған еңкеюінсіз (яғни, «қаптың» болуымен) бөліктерде төсеу мүмкін болмаған жағдайда, «қаптан» айналмалы немесе қорғаныс ресиверге дренаж (жөндеу немесе ұзақ тоқтау кезінде) қарастырылады.

58. Майысқақ түтіктерді (резеңке, пластмасса және басқа) буды сору мен сұйық аммиакты беру үшін стационарлы құбыр өткізгіш ретінде пайдалануға рұқсат берілмейді.

Аммиакка арналған майысқақ түтіктер аммиакты цистернадан құю (жүйені толтыру) операциялары кезінде қосмыша операцияларды орындау үшін (құбыр өткізгіштерді, аппараттарды, сүзгілерді аммиак, май қалдықтарынан босату) пайдаланылады.

Майысқақ түтіктерді қосымша оперциялар орындау үшін қосу тек бұл жұмыстарды жүргізу кезеңінде ғана рұқсат беріледі.

Түтіктерді құбыр өткізгіштермен қосу стандартты арматура көмегімен жүзеге асырылады.

59. Құбыр өткізгіштің жобалық құжаттамасында жобалық ұйыммен анықталған оларды пайдаланудың есепті мерзімі көрсетіледі.

60. Аммиакты құбыр өткізгіш схемасында сұйық аммиакты олардың авариялық қайта герметизациялануы жағдайында дренажды ресиверге кез келген аппараттан, ыдыстан немесе блоктан жою мүмкіндігі қарастырылады.

61. Құбыр өткізгіштер мен арматураның жылу оқшаулауын жобалау қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

62. Хладагент құбыр өткізгіштеріне түрлі түсті айыру сақиналары салынады. Бұл сақиналарды орындау бойынша ұсынымдар осы Талаптың 5-қосымшасында келтірілген.

5 - тарау. Қондырғылар ғимараттары мен үй-жайларына

қойылатын талаптар
63. Аммиакты жабдық орналастырылатын үй-жай өрт қауіпсіздігі нормасының талаптарына сәйкес болады. Жүйенің авариялық қайтадан герметизациялануы кезінде жарылыс қауіптіліктің төменгі шоғырлану деңгейіне жететін үй-жайларда жеңіл лақтырылатын құрылымдар қарастыралды.

64. Егер қабылданған технологиялық және көлемді-жоспарлы жобалық шешімдерде суыту құрылғысын немесе құбыр өткізгішті авариялық ашу кезінде камера ауасында аммиак қойылуы жарылыс қауіптіліктің төменгі деңгейінен аспаса, тікелей суытылатын камералардың үй-жайы өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес Д санатына жатады. Бұл ретте суыту аспаптарының байлауын олар жеке технологиялық блоктарға аммиактың барынша аз мөлшерінде бөлінетіндей орындау қарастырылады, ал аммиакты блокқа беретін сұйықтық аммиактық құбыр өткізгіште камера ауасында аммиак қойылуы 60 мг/м3 жеткен кезде іске қосылатын жылдам әрекет ететін автоматты бекіту арматурасы қарастырылады.

65. Суықты тұтынушыларға жақын орналасқан бөлу құрылғысын орнатуға арналған үй-жайлар, аммиак болатын технологиялық жабдықта суықты тұтынушы-цехтар өндірісінің үй-жайы да Д санатына жатады. Бұл ретте аммиакты аппараттарға немесе бөлу құрылғыларына беретін сұйықтық аммиакты құбыр өткізгіштерде бұл үй-жайлардың ауасында аммиак қойылуы 60 мг/м3 жеткен кезде іске қосылатын жылдам әрекет ететін автоматты бекіту арматурасы қарастырылады.

66. Аммиакты тоңазытқыш қондырғылар орнатылған және пайдаланылатын суықты тұтынушы объектілерден басқа объектілерге дейінгі қашықтық санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес анықталады.

67. Машиналы, аппаратты бөлімдер орналасқан ғимараттар және суықты тұтынушы объект алаңдарындағы басқа құрылыстар арасындағы қашықтық құрылыс нормалары мен өрт қауіпсіздігі ережесін есепке алумен қабылданады.

68. Ғимараттарда машиналы немесе аппаратты бөлімдерді орналастыру қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелері талаптарына сәйкес қабылданады.

69. Машиналы (аппаратты) бөлімдерді жертөле және астыңғы қабаттарда орналастыруға рұқсат берілмейді.

70. Машиналы және аппаратты бөлімдер үстіне тұрақты жұмыс орындары бар, тұрмыстық және әкімшілік үй-жайларды орналастыруға рұқсат берілмейді.

71. Машиналы, аппаратты бөлімдер үй-жайларында да бір-бірінен барынша алыс екіден кем емес эвакуациялық шығу орындары болады, бұл ретте шығатын орынның біреуі сыртынан орнатылады.

72. Қажеттілігіне қарай бөлгішпен бөлінген аралас үй-жайларда машиналы және аппаратты бөлімдерді орналастыру, бұл үй-жайлардан шығу 71-тармақ бойынша қарастырылады, бұл ретте бөлінген жерлерде есігі бар жақтаулар қарастырылады.

73. Қосымша (мысалы, тұрмыстық, автоматтандырудың командалық пункті) немесе басқа (слесарьлық, шеберхана) үй-жайға, коридорға машиналы (аппаратты) бөлім үй-жайдан аталған барлық үй-жайларды қосатын шығу құрылғысы, ауаны сүйеумен, өзі жабылатын және жабылу өлшемдері бойынша герметизациялайтын төсемдері бар, құлпы жоқ өртке қарсы есіктермен тамбур-шлюз арқылы орындалады.

74. Машиналы және аппараттық бөлімдердің барлық есіктері барынша аз қауіптілік жағына қарай ашылады.

75. Машиналық және аппараттық бөлімдердің едендері тегіс, тайғанақ емес және жанбайтын, ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалады.

Өтпейтін каналдар мен люктер алынатын плиталармен немесе лакпен жабылған металл кедір-бұдырлы табақтармен біркелкі болып жабылады.

Машиналы немесе аппаратты бөлімдердің жоспарланған аумақтан төмен тереңдеуіне рұқсат берілмейді.

76. Майды регенерациялау, тазалау және сақтауға арналған жабдықтар тікелей сыртқа шығатын орны бар үй-жайларда орналастырылады.



6 - тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың

инженерлік жабдықтарына қойылатын талаптар
77. Машиналы және аппаратты бөлімдерді жылыту және желдету жүйелері құрылыс нормалары талаптарына сәйкес орындалады.

Машиналы және аппаратты бөлімдердегі ауа өлшемдері жұмыс аумағы ауасының санитарлы-гигиеналық талаптарына сәйкес болады.

78. Үй-жайда орналасқан машиналы, аппараттты бөлімдер, конденсаторлы бөлімдер және бөлу құрылғылары сору-айдау және авариялық сору механикалық желдету жүйелерімен жабдықталады.

79. Жойылатын ауа атмосфераға тазалаусыз лақтырылады.

80. Трансформаторлы бекеттер, бөлу құрылғылары, электр щиттер, диспетчерліктер, операторлықтар, басқару пункттері, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (бұдан әрі – БӨАжА) үй-жайлары электр қондырғы құрылғылары талаптарына сәйкес болады.

Тәуелсіз көздерден электрмен жабдықтаудың екі көзі бар объектілерде жұмыс және авариялық жарықтандыру шамдары әр түрлі электрмен жабдықтау көздерінен қоректенеді.

Бір электрмен жабдықтау көзі бар объектілер үшін авариялық жарықтандыру электрмен жабдықтау көзінен ажыратылған кезде аккумулятор батареяларынан қоректенуге автоматты ауыстырылады.

Машиналық, аппараттық және конденсаторлық бөлімдерде, тоңазытқыш камералары және басқа суықты тұтынушылар, бөлу құрылғылары үй-жайында авариялық жарықтандыру қарастырылады.

81. Тоңазытқыш қондырғылар «Камерада адам!» дабыл берудің қол жүйесімен жабдықталады. Жарықтық және дыбыстық «Камерада адам!» дабыл бергіштері тұрақты кезекші персоналы бар үй-жайға (диспетчерлік, операторлық, өтетін жер) беріледі. «Камерада адам!» жарықтық таблосы адамы бар камера есігінің жоғары жағында сыртынан жанады.

Камерадан дабыл беруге арналған құрылғы камерадан шығатын жерде ішкі оң жағында еденнен 0,5 м артық емес биіктікте орнатылады, оларды жүктермен үйіп тастауға болмайтыны және зақым келтіруден сақтану туралы жазылған жарықтандырылған көрсеткіштермен белгіленеді.

82. Суытатын камералардың ішкі жағынан кіру есігін жарықтандыру үшін үнемі жанып тұратын шам және «Камерада адам!» дабыл бергіш құрылғысы (батырмасы) қарастырылады. Шам кіру есігінің оң жағынан дабыл белгісі батырмасының үстінен орнатылады.

Суытатын үй-жайларға кіретін жерде (коридорда, эстакадада) тоңазытқыш камераларында жұмыс жүргізу және суыту батареялары мен аммиакты құбыр өткізгіштерді зақымдалудан қорғау бойынша технологиялық регламент ілінеді.

83. Тоңазытқыш қондырғының барлық жабдығын электр қоректенуден авариялық қолмен ажырату үшін (желдеткіштің электр қозғалтқышынан басқа) барлық машиналық және аппараттық бөлімдерге кіретін жерлердің қабырғасының ішкі жағында ажыратқыш құрылғы (батырма) орнатылады.

Электрмен қоректендіруді ажыратумен бір уақытта авариялық және жалпы алмасу сору желдеткіші, сондай-ақ жарықтық, дыбыстық дабыл бергіш іске қосылады.

84. Жалпы алмасу және авариялық желдеткіштің желдетілетін үй-жайдың ішкі жағында қосалқы іске қосу құрылғысы болады.

85. В-1б жарылыс қауіпті аумағы бар үй-жайға жататын машиналық, аппараттық және конденсаторлық бөлімдерде: ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау, найзағайдың қайтадан пайда болуынан қорғау, жер асты және жер үсті коммуникацияның жоғары потенциалын бұзылудан қорғау құрылғысына қойылатын талапқа сәйкес ғимаратты ІІ санат бойынша найзағайдан қорғау құрылғысы қарастырылады. Үлкен аумақты (ені 100 м артық) ғимарат ішінде потенциалды тегістеу бойынша шаралар.

86. Машиналық және аппараттық бөлімдер үй-жайлары, ТБ, ТҚ, электр щиттік, диспетчерлік пункттер, операторлықтар (БӨАжА үй-жайлары) автоматты өрт дабыл бергішімен жабдықталады.

Өрт туралы дабыл түскен кезде бұл үй-жайларда жұмыс істейтін сору және тарту желдеткіштері ажыратылады.




  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет