Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы



Дата02.05.2016
өлшемі85.28 Kb.
Ақмола облысы

Есіл ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 12 желтоқсандағы

а-12/349 қаулысымен



бекітілген


«Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі


  1. Жалпы ережелер

  1.«Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленгін тәртіп бойынша құрылған, ауыл шаруашылығы және жер қатынастарын реттеу саласындағы іс-қимылды жүзеге асыратын қызметті орындауға уәкілетті орган болып табылады.



2.Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Мемлекеттік мекеме мемлекеттік тілде өзінің атауымен мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес банктерде шоттары бар заңды тұлға болып табылады.

Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарда өз атынан кіріседі.

Мемлекеттік мекеме, егер ол оған Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастарда мемлекет атынан тарап болып сөйлеуге құқылы.

4.Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген заңнама тәртібімен, Есіл ауданы аумағында міндетті заң күші бар бұйрық түрінде акт шығарады.

5.Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын Есіл ауданы әкімдігі бекітеді.

6.Мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, 020900, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 13.

7. Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: государственное учреждение «Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Есильского района»;

мемлекеттік тілде: «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

8. Мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы Есіл ауданы әкімдігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттары Есіл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № а-12/349 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы» қаулысы және осы Ереже болып табылады.

9.Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.


  1. Мемлекеттік мекеменің қызметі негізгі міндеттері мен құқығы


10.Мемлекеттік мекеменің негізгі міндетері:

1) ақпараттық, аналитикалық, ұйымдастыру және бөлім қызметін құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

2) жер ресурстарын басқару, жер қатыныстарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

3) жер заңнамасын, аудандық өкілетті және атқару органдарының, олардың құзыры шегінде қабылданған шешімдерін орындау;

4) жер қорларын басқару жөніндегі жұмыстарды, жерге орналастыруға

арналған шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

5) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингінің жүргізілуін ұйымдастыру;

6) жер қатынастары саласында мемлекеттің мүддесін қорғау.

7) жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік мекеме, Қазақстан

Республикасының Жер Кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері құзырына қатысты басқа да мәселелер тапсырмаларын орындайды.

11.Мемлекеттік мекеме жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау

негізінде келесі қызметтерді атқарады:

1) аудан аумағында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Републикасының заңдарына сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілерін осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;

3) агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен механизмдері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

4) агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) береді;

5) ауыл шаруашылығы саласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекет үлестеріне ие болу және пайдалану құқығын жүзеге асыру;

6) ауданның жергілікті өкілетті және атқару органдарымен жер

қатынастарын реттеу, жерді пайдалану және қорғау, жер реформаларын жүргізу мәселелері бойынша өзара байланыса іс-қимыл жасайды;

7) жер заңнамасының қолданылу тәжірибесін қорытады, оны жетілдіруге арналған ұсынысты жобалайды;

8) жерді пайдалану және қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, сызбалардың және жобалардың сараптамасын жасайды;

9) қала жер қорларының жағдайы туралы мәліметтер қорын құрады және жүргізеді;

10) елді мекендер аумағының шаруашылық-жер құрылғылары

жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

11) жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын

жүзеге асырады;

12) ауданның жер балансын құруды жүзеге асырады;

13) меншіктегі жер учаскелері және жер пайдаланушылар, сондай-ақ жер құқығы қатынасындағы басқа да субъектілердің есебін жүргізуді жүзеге асырады;

14) жерге орналастыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекітуді ұйымдастырады;

15) мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізу мақсатында, ғылыми-зерттеу, жобалы зерттеу, топографиялық-геодезиялық, жұмыстарға мемлекеттік тапсырыстар жасауға қатысады;

16) аудан жерлерін тиімді пайдалану бойынша жерді аймақтарға бөлу жобаларын және бағдарламаларын, жобалары мен сызбаларын әзірлейді;

17) ауданда жер учаскелерін сатуға және жер учаскелерінің жалгерлік құқығын сатуға арналған сауданың (конкурстардың, аукциондардың) өткізілуін ұйымдастырады;

18) пайдаланылмайтын жерлерді және заңды бұзу арқылы пайдаланылып жүрген жерлерді анықтайды;

19) жер алу кезіндегі жер учаскелерін жалға алу, сатып алу сату келісім

шарттары мен уақытша ақысыз жер пайдалану келісім шарттарының ресімделуін жүзеге асырады;

20) жер учаскелерін беруде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

21) жер учаскелерін бергізу мәселелеріне арналған комиссияның қарауына материал дайындайды;

22) жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен немесе ықтиярлы бас тартудан кейінгі аудан әкімдігінің жер учаскесін беру туралы қаулысының жобасын әзірлеп және келістіруді жүзеге асырады;

23) ауданның жергілікті атқару органының жер учаскесін беру және олардың мақсатты тағайындалу өзгерістері жөніндегі ұсыныстары мен шешім жобасын әзірлейді;

24) ауылшаруашылығы танаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;

25) жер қойнауын пайдалану, магистральды құбыр өткелін төсеу, мұнай мен газды қайта өңдейтін кешен салу мақсатына жер учаскелері берілгенде облыстық атқару органының бекітуіне қажетті құжаттар жиынтығын дайындауға арналған жұмысты ұйымдастырады;

26) жер учаскесіне арналған құқығын растайтын құжаттарды тіркейді және береді;

27) ауыл шаруашылығына тағайындалған жер учаскелерінің паспортын береді;

28) жер учаскелерінің бөлінетіндігін немесе бөлінбейтіндігін айқындайды;

29) мемлекеттен жерді жеке меншікке сатқанда, пайдалануға бергенде

нақты жер учаскелерінің бағалану құнын (жерді пайдалану құқығын) аңықтайды;

30) жерге орналастыру құжаттарын бекітеді;

31) ауданның кезекші картасын жүргізеді;

32) иесіз қалған жер учаскелерін есепке алып отырады;

33) азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқықтық қатынастарына

арналған шағымы мен өтінішін қарайды;

34) жер учаскелерінің барлығы және жоқтығы туралы анықтама береді;

35) мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер учаскесін алу жөніндегі ұсынысты дайындайды.

12.Мемлекеттік мекеме жүктелген міндеттерді орындау үшін мыналарға құқылы:

1) өз қызметі саласында жер қатынастарын дамыту мақсаттары,

басымдықтары мен стратегиясы бойынша аудан әкімдігіне ұсыныс енгізуге;

2) жергілікті атқару органдарына олардың жер заңнамаларына қайшы келетін актілерінің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізуге;

3) мемлекеттік мекемелерден және өзге ұйымдардан жерді пайдаланып, оны қорғау мәселелері бойынша белгіленген мерзімге ақпарат сұратуға, алуға;

4) ауданның атқару органы атынан сотта мемлекет мүддесінде ізденуге;

5) өлімінің лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, қызмет куәлігін көрсету арқылы, меншігіндегі және қолданысындағы жер учаскелерін тексеру мақсатымен жерді пайдаланушы кәсіпорынға, ұйымға, өзге нысанға кедергісіз баруына құқық беріледі;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
13.Мемлекеттік мекеме оқшауланған мүлікті оперативті басқаруға құқылы.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік мекеме балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады. 
14.Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік, коммуналдық меншікке жатады.


15.Мемлекеттік мекеме оған бекітілген мүлікті өз бетімен оқшаулауға немесе басқа тәсілмен басқаруға құқығы жоқ.

Мемлекеттік мекемеге мүлікті басқаруға құқық берілуі мүмкін. Бұл мақсатта мемлекеттік мекеме басқара алатын мүліктің шекті мөлшері заңмен белгіленеді.
4. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
16.Мемлекеттік мекемені Есіл ауданының әкімі тағайындап және жұмыстан босататын бастық басқарады.

17.Бөлім бастығы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және мемлекеттік мекемеге өз қызметін жүзеге асыру үшін жүктелген міндеттерді орындау үшін дербес жауапкершілікте болады.

18.Мемлекеттік мекеменің басшысы бірегей бастама ұстанымымен іс

атқарады және мемлекеттік мекеменің қызмет мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленген құзырлығына сәйкес өздігінен шешеді.

19.Бөлім бастығының бекітілген құрылымға сәйкес, бөлім бастығының орынбасары болады.

20.Осы мақсатта бөлім бастығы:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бастықтың орынбасарын, мемлекеттік мекеме қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

2) өзінің орынбасарының, бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін анықтайды;

3) келісім шарттар жасайды;

4) сенім хаттар береді;

5) мемлекеттік мекеме жұмысының тәртібі мен жоспарын бекітеді;

6) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне белгіленген заң тәртібімен мадақтауға шара қолданады және тәртіптік жаза салады;

7) мемлекеттік мекемені сенімхатсыз мемлекеттік мекемелерде, және басқа ұйымдарда көрсете алады;

8) бөлім бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады және ол үшін жеке жауапкершілікте болады;

9) азақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

21.Бөлім бастығының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде бөлім қызметін үйлестіреді;

2) бөлім бастығы болмаған кезде бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды және бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына және олардың өз қызметтерін жүзеге асыруына жеке жауапкершілікте болады;

3) бөлім бастығы жүктеген басқа қызметтерді жүзеге асырады.

22.Бөлімдік құрылымның құзырына кіретін мәселелер бойынша, бөлім атынан басқа ұйымдарға жіберілетін құжаттарға бөлім бастығы, ал ол болмаған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
5. Жұмыс режімі
23. Жұмыс режімі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату
24.Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Каталог: res -> uploads -> images
images -> Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары»
images -> 2013 ж. ХалықҚа кітапханалық Қызмет
images -> Фамилия, имя, отчество Дата подачи заявления о предоставлении земельного участка
images -> Сообщение о местонахождении, границах избирательных участков и избирательных округов, составах участковых, окружных и районной избирательных комиссий по выборам депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан
images -> Красивинский селолық округінің әкімі міндетін атқарушы Тойшыбеков Байдилла Жорабекұлының
images -> Юбилейный селолық округінің әкімі Генералова Г. А. селолық округтің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, «Қазақстан -2050»
images -> Есіл ауданы әкімдігінің жылғы № а Қаулысымен бекітілген
images -> ЖШҚ «Агро-Шанс» табиғаттықорғау жоба шарасының қоғамдық тыңдау Хаттамасы Өткен күн: 16 қаңтар 2014 жыл Өтілетін жер: Ново-Кронштадка ауылы, қоғамдық кітапхана ғимараты МҰ «Шаңтөбе кенті әкім аппаратының»
images -> Телефон ы сельских Акимов и руководителей крупных хозяйств. Зерендинского района


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет