АҚмола облысы жарқайың ауданы «кен негізгі жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2015-2016 ОҚу жылына жылдық ЖҰмыс жоспары



бет1/7
Дата28.04.2016
өлшемі1.89 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ

«КЕН НЕГІЗГІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНА

ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Педагогикалық кеңесте қаралды және бекітілді

«______» ________ 2015 ж.

Мектеп директоры: ________ Кадиров Ж.Б.



«Кен негізгі жалпы білім беру мектебі»

мемлекеттік мекемесінің
П А С П О Р Т Ы

1. Толық атауы: «Кен негізгі білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі.


2. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Кен ауылы
3. Мектеп директоры: Кадиров Жомарт Болатович

білімі-жоғары, категориясы – 1, педагогикалық еңбек өтілі – 15 жыл,

директорлық еңбек мерзімі – 5 жыл.
4. Мектеп ғимараты – екі қабатты, жалпы ауданы: : 2712,1 кв.м.
5. Телефон, факс: 87164894410
6. Оқып жүрген оқушы саны: 46

1 сынып – 7 оқушы , 11 сынып жоқ

Сынып жиынтығы – 13,

мемлекеттік тілде – 8 сынып

орыс тілінде – 5сынып
7. Жалпы оқыту фонды: 322608

8. Мұғалімдердің сапалық және сандық құрамы:

Барлығы – 19 мұғалім

оның ішінде:

жоғары білімді – 17 мұғалім

орта арнаулы білімді – 2 мұғалім

аяқталмаған жоғары білімді – 0

орта білімді - 0


Мұғалімдердің категория бойынша құрамы:

Жоғары категория – 0

Бірінші категория – 6

Екінші категория – 7




Мектептің әдістемелік тақырыбы:

«Сапалы оқыту мен тәрбиелеу арқылы қазіргі қоғам талабына сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру».

«Через качественное обучение и воспитание формирование творческой личности, соответствующей требованиям современного общества».


2015-2016 оқу жылына арналған

Қазақстан Республикасының Заңдарын

жүзеге асыру жағдайында жұмыстың

мақсаты, міндеті, басымды бағыттары

Жалпы білім беру мекемелері жұмысының негізгі принциптері Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстан 2030» жолдауында, «Білім» Мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жаппай оқумен қамту туралы» Заңдарында анықталған және оқушылардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге және білімге бағытталған, ол үшін:

1. Педагогикалық мамандардың әдістемелік деңгейін үздіксіз арттыру жөніндегі мақсатты жұмысты жалғастыру;

2.Сыныптан тыс жұмыс сабақ қызметінің жүйесін үнемі жетілдіріп отыру;

3.Оқу процесінде оқушылардың танымдылығын, шығармашылығын, ойлау,

өздігінен қызмет етуін белсендіру және дамыту;

4.Инновациялық әдістерді насихаттау жөніндегі, олардың апробациясын және тарату жұмысын жалғастыру;

5.Дарынды балаларды анықтау және оқытудың мақсатты бағытталған жұмысын жалғастыру;

6.Оқу-тәрбие жұмысын мемлекеттік стандартқа сәйкес құру;

7.Барлық оқушыларды жазғы демалыспен қамту;

8.Жаңа буын оқулықтарын апробациялау жөніндегі жұмысты жалғастыру;

9.Ауылдық жерлерде білім беру қызметінің деңгейін арттыру;

10.Барлық мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту.



2015-2016 оқу жылына

1-9 сыныптардың сабақ кестесі




1 «А»

1 «Б»

2 «А»

3 «Б»

4 «А»

күні

1

2

3



4

әліппе

денешынықтыру

математика


физкультура

казахский язык

математика

грамота


әдебиеттік оқу

қазақ тілі

денешынықтыру


физкультура

казахский язык

математика

русский язык

литература


орыс тілі

математика

ана тілі

қазақ тілі




дүйсенбі

1

2

3



4

5


әліппе

математика

музыка

дүниетану



физкультура

казахский язык

математика

грамота


математика

әдебиеттік оқу

еңбек

қазақ тілі



физкультура

казахский язык

математика

литература



ана тілі

денешынық

математика

қазақ тілі

өзін-өзі тану


сейсенбі

1

2

3



4

5


денешынықтыру

әліппе


математика

грамота

грамота


математика

познание мира



математика

денешынықтыру

қазақ тілі

бейнелеу


русский язык

литература

математика

познание мира



бейнелеу

математика

орыс тілі

музыка


сәрсенбі

1

2

3



4

5


әліппе

ағылшын тілі

математика

еңбек


математика

грамота


физкультура

труд


математика

әдебиеттік оқу

ағылшын тілі

музыка


математика

литература

физкультура

труд


казахский язык

ана тілі

математика

қазақ тілі

еңбек


бейсенбі

1

2

3



4

5


әліппе

денешынықтыру

әліппе

еңбек


грамота

английский язык

самопознание

труд


өзін-өзі тану

әдебиеттік оқу

қазақ тілі

денешынықтыру



русский язык

английский язык

самопознание

труд


казахский язык

ана тілі

математика

денешынық

қазақ тілі

дүниетану


жұма

1

2

3



4

5


әліппе

бейнелеу


өзін-өзі тану

грамота

ИЗО


музыка

қазақ тілі

математика

еңбек


русский язык

ИЗО


музыка

математика




денешынықт

дүниетану

еңбек


сенбі


Факультатив,үйірме

сабақтарының кестесі



Пән / Предмет

Сынып

Өтілетін уақыты

Дата проведения



Мұғалімнің аты-жөні

Ф.И.О. учителя



Кабинет

Факультатив

Қазақ тілі

Ағылшын тілі

Тарих


Информатика

Биология

Ағылшын тілі

Өлкетану

Физика

Информатика



Қазақстан тарихы

Ағылшын тілі

Физика

Абайтану


Дінтану

Ағылшын тілі

Казахский язык

Әліппе


Математика

Математика

Дүниетану

Математика

Ана тілі

Қазақ тілі

Русский язык

Үйірме/кружок

«Домбыра»

«Талисман»

«Тоғызқұмалақ»

«Спорт және Біз»

«Юный шахматист»

«Жас қаламгер»

«Шебер қолдар- тынығуды білмейді»

«Халық даналығын білейік»

«Юный читатель»




5 «А»

5 «А»


5 «А»

5 «А»


6 «А»

6 «А»


7 «А»

7 «А»


7 «А»

8 «А»


8 «А»

8 «А»


9 «А»

9 «А»


9 «А»

8 «Б»


1 «А»

1 «А»


2 «А»

2 «А»


4 «А»

4 «А»


4 «А»

3 «Б»


5 «А»

7 «А»


8 «А»

9 «А»


8 «Б»

1 «А»


2 «А»

4 «А»


3 «Б»


Сәрсенбі 16.00-16.45

Дүйсенбі 16.00-16.45

Сейсенбі 16.00-16.45

Жұма 15.15-16.00

Жұма 16.00-16.45

Сейсенбі 16.00-16.45

Бейсенбі 16.00-16.45

Сәрсенбі 16.00-16.45

Сейсенбі 15.15-16.00

Сейсенбі 16.00-16.45

Бейсенбі 15.15-16.00

Дүйсенбі 16.00-16.45

Сейсенбі 16.00-16.45

Сәрсенбі 16.00-16.45

Бейсенбі 16.00-16.45

Вторник 16.00-16.45

Сәрсенбі 15.00-15.45

Жұма 15.00-15.45

Сәрсенбі 15.50-16.35

Жұма 15.00-15.45

Жұма 15.00-15.45

Сәрсенбі 15.50-16.35

Дүйсенбі 15.50-16.35

Среда 15.00-15.45

Бейсенбі 16.00-16.45

Жұма 16.00-16.45

Бейсенбі 16.00-16.45

Жұма 16.00-16.45

Среда 16.00-16.45

Сейсенбі 16.00-16.45

Бейсенбі 15.00-15.45

Бейсенбі 15.00-15.45

Пятница 15.00-15.45


Серикбаева З.М.

Мусаева Г.М.

Тасмағанбетова Ж.С.

Зұлпыбекұлы Д.

Молдрахметова Г.А.

Мусаева Г.М.

Тасмағанбетова Ж.С.

Зұлпыбекұлы Д.

Зұлпыбекұлы Д.

Жанадилов Т.С.

Мусаева Г.М.

Зұлпыбекұлы Д.

Мукашова А.М.

Тасмағанбетова Ж.С.

Мусаева Г.М.

Серикбаева З.М.

Балтамұратов А.Ж.

Балтамұратов А.Ж.

Мукашова А.М.

Мукашова А.М.

Мажиманов С.Қ.

Мажиманов С.Қ.

Мажиманов С.Қ.

Капашова Б.Б.

Ибраев Ж.Ж.

Туканаева Г.К.

Бакаев А.В.

Бакаев А.В.

Бакаев А.В.

Балтамуратов А.Ж.

Мукашова А.М.

Мажиманов С.Қ.

Капашова Б.Б.


№6

№4

№7



№3

№2

№4



№7

№2

№6



№7

№4

№2



№ 6

№7

№ 4



№6



2014-2015 оқу жылына

Кен негізгі мектебінің

оқу-тәрбие жұмысының есебі.

2014-2015 оқу жылы бойынша

Кен негізгі мектебінің оқу- тәрбие жұмысының есебі.

Жалпы білім бастауы – мектеп оның қайнар көзі десек те болады.Сондықтан, мектеп неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады.Нәтижесінде отбасы,қоғам,өмір жақсарып, сапалық көрсеткіштер жоғарылайды.Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң –ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле деген ғибрат бар.Бұл жауапкершілігі зор,салмағы ауыр міндет.Өйткені бүгінгі жас буын – ел болашағының ертеңгі кілті.

Кен негізгі мектебі бойынша 2014-2015 оқу жылының I тоқсанының аяғындағы мектептің педагогикалық құрамы 19 мұғалімнен құралады. Мектепте барлық пәндер бойынша мұғалімдермен қамтылған. Оның ішінде 15 мұғалім жоғары білімді, 4 мұғалім орта арнаулы.

I тоқсан аяғындағы мұғалімдердің біліктілік дәрежелері төмендегідей. Аталған 19 мұғалімнің алты мұғалім 1 санатты , 2 санатты бес мұғалім, санатсыз мұғалім саны сегіз.

2014-2015 оқу жылының I тоқсанында мектепте 13 сынып,12 сынып жиынтығы оқиды.Оның ішінде 1-4 сыныптарда /үш сынып қазақ тілінде,екі сынып орыс тілінде оқытылады /- 14 оқушы.Оқытудың екінші сатысы 5- 9 сыныптар /бес сынып қазақ тілінде , үш сынып орыс тілінде оқытылады./- 32 оқушы. Даярлық сыныбы оқыту қазақ тілінде оқушы саны 7-еу.

I тоқсан соңында мектепте барлығы 1-9 сыныптардағы оқушы саны – 46 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде оқытылатын оқушылар саны - 28, орыс тілінде оқытылатын оқушылар саны – 18 оқушы. Мектеп бойынша үлгірмеуші оқушы жоқ.

Оқу жылын «үздік» бітірген оқушы саны -5 оқушы. Қазақ тілінде оқытылатын сыныптардағы үздік оқушы саны – 3 оқушы.

1 «А» сынып оқушысы – Мұқыш Жанболат

3 «А» сынып оқушысы – Болатов Темірлан

8 «А» сынып оқушысы – Болатова Гауһар.

Орыс тілінде оқытылатын сыныптардаға үздік оқушылар саны – екі оқушы.

5 «Б» сынып оқушысы – Паизова Жасмин

9 «Б»сынып оқушысы – Паизова Камила

Екпінді оқушылар саны – 17 оқушы.

Мектеп бойынша білім сапасы - 49% , үлгірім – 100%
Сыныптар бойынша білім сапасы


Төменгі деңгей

(0-30%)

Ортаңғы деңгей

(30-50%)

Жоғарғы деңгей

(51% жоғары)

5 б – 25 %

4 б – 50 %

2 б – 100 %

8 а - 20 %

3 а – 50 %

4 а – 100%

9 а – 25 %




5 а – 67 %

1 а-33 %




6 а – 67 %

7 б – 25 %




9 б -60 %







7 а – 67 %

Мектептің жұмыс жасайтын әдістемелік тақырыбы : «Сапалы оқыту мен тәрбиелеу арқылы қазіргі қоғам талабына сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру».

Мақсаты: сапалы оқыту мен тәрбиелеу арқылы рухани бай, ел болашағын ойлайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мектептің әдістемелік жұмысы 3 бағытта жүргізіледі:

Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі Мукашова Айгул Медресовна

Гуманитарлық пәндер ӘБ жетекшісі Ильясова Ансаған Жұматайқызы

Жаратылыстану-математикалық ӘБ жетекшісі Алимгазина Асел Балғабаевна

Әрбір әдістеме бірлестіктерінің 2014-2015 оқу жылына жылдық жұмыс жоспарлары, сонымен қатар бірлестік мұғалімдерінің жеке әдістемелік және өзін-өзі жетілдіру тақырыптары әдістемелік бірлестіктің отырысында қаралып, талқыланы, мектеп директорымен бекітілді..

Мектебімізде «Жас мамандар» мектебі жұмыс жасайды.Биылғы оқу жылында мектебімізге келген жас маман бастауыш сынып мұғалімі Курахбаева Жанар Рамазановна, өзін-өзі тану және технология пәнінің мұғалімі Оразқызы Қымбат және бастауыш сынып мұғалімі Мажиманов Сырым Қасымұлы мектебімізде үшінші жыл жұмыс жасап жатқан жас маман.Биылғы оқу жылында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Мукашова А.М. аудан көлемінде өткізілген «Жас ауыл маманы» байқауына қатысып келді.

Жас мамандарға жыл басынан тәжірибелі мұғалімдерден тәлімгерлер бекітіліп, құрылған жылдық жоспарға сай жұмыс жүргізілуде. Жас мамандарға тәлімгерлер және ӘБ жетекшілерінің тарапынан үнемі әдістемелік көмек көрсетіледі.

Қыркүйек айының 15-імен қазан айының 15-і күндері аралығында 5 сынып оқушыларының ортаңғы сатыға бейімделуін байқау мақсатында сабақтастық жұмысының айлық жоспары құрылып, пән мұғалімдерінің ашық сабақтары ,мектеп психологының өткізуімен оқушымен жеке жұмыстар, сауалнамалық сұрақтар,суреттік сауалнамалар, жеке әңгімелесу жұмыс түрлері жүргізілді. Берілген ашық сабақтар: тарих пәнінен Тасмағанбетова Ж.С. «Еділ патша», қазақ тілі пәнінен Серікбаева З.М. «Зат есім», орыс тілі пәнінен Нурмуханбетова Г.О. «Предложение»,«Иван Царевич и Серый волк», ағылшын тілі пәнінен Мусаева Г.М. «Мынау менің досым», бейнелеу сабағынан Мангилев В.В. «В мире красок», сынып жетекшілері Тарковская И.П. және Оразқызы Қымбаттың ұйымдастыруымен «Что такое дружба» және «Төрт түлік - ырысым» ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Біздің мектебімізде дарынды балалармен жұмыс міндеттері төмендегідей:

   - оқушының тұлғалық және танымдық қабілетін дамыту;

   - оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастыру, білімдерін жетекшілер көмек беру арқылы жетілдіру;

   - пәнаралық сабақтастық арқылы басты мәселеге назар аудару;

   - сабақтан тыс қоғамдық жұмыстардың маңызын арттыру.

Оқу жылының басынан жеке пәндер бойынша дарынды оқушылармен пән мұғалімдері жоспарға сай жұмыс жүргізеді.

2014-2015 оқу жылының қыркүйек айында Трошина Анастасия Көкшетау қаласында өткізілген облыстық «Қазақстан – бақытымның ордасы» байқауына қатысып, 3 –ші жүлделі орынды иеленді.

Қазан айында аудан көлемінде орыс ұлт өкілдерінің арасында ұйымдастырылған «Тіл - парасат» байқауына мектебіміздің атынан қатысып, мектеп абыройын биікке көтерді. Аталмыш байқауда мектебіміздің дарыны Трошина Анастасия өзінің алғырлығымен өз қарсылыастарынан оза шығып, 1-ші жүлделі орынды қанжығасына байлап, облыстық байқауға жолдама алды. Көкшетау қаласында орыс жастары арасында өткен «Тіл-парасат» облыстық байқауында үздік алтылықтың қатарына еніп, бағалы сыйлыққа және марапаттау қағазына ие болды.

Мектебімізде «Дарын» оқушылардың ғылыми-шығармашылық қоғамы жұмыс жасайды. Биылғы оқу жылында төмендегі пәндерден 6 жоба жазылып, мектепішілік және аудандық оқушылардың ғылыми шығармашылық конференциясында қорғалады.



3 а сынып оқушысы Болатов Темірлан дүниетану пәнінен « Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы» жетекшісі Мажиманов С.Қ., 4 а сынып оқушылары Бөлтірік Аружан қазақ тілі пәнінен «Қазақ тілі сабағында құрт,құмырсқа жәндік атауларының алатын орны», Жұматай Әліби дүниетану пәнінен «Сүлік» жетекшісі Балтамуратов А.Ж. 7 а сынып оқушысы Пшенбаева Динара орыс әдебиеті пәнінен «Образы домашних животных в баснях И.А.Крылова» жетекшісі Нурмуханбетова Г.О., 9 б сынып оқушысы Паизова Камила ағылшын тілі пәнінен «Различия в произношении Американского английского языка и Британского английского языка» жетекшісі Мусаева Гулнур Мухаммедризаевна.

2014-2015 оқу жылындағы дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстың мониторингі:



Оқушының аты-жөні

Байқау түрі

Алған орны

мұғалімі

1

Бөлтірік Аружан

4 сынып

олимпиада

1

Балтамуратов А.Ж.

2

Трошина Анастасия

9 сынып

олимпиада

2

Серікбаева З.М.

3

Трошина Анастасия

«Тіл-парасат»

1

Серікбаева З.М.

4

Трошина Анастасия

«Қазақстан – бақытымның ордасы»

3

Серікбаева З.М.

5

Трошина Анастасия

«Жарқын болашақ»

1

Серікбаева З.М.

6

Кириллова Валерия

«Жарқын болашақ»

1

Серікбаева З.М.

7

Болатова Гауһар

«Жарқын болашақ»

3

Ильясова А.Ж.

8

Болатова Гауһар

«Абай оқулары»

1

Ильясова А.Ж.

9

Муканова Асем

«Махамбет оқулары»

3

Ильясова А.Ж.

10

Болатов Темірлан

Ғылыми конференция

3

Мажиманов С.Қ.

11

Исатаев Алишер

Ғылыми конференция

2

Нурмуханбетова Г.О.

12

Пшенбаева Динара

Ғылыми конференция

1

Нурмуханбетова Г.О.

Аудандық оқушылардың ғылыми конференциясының қорытындысы төмендегідей көрсеткішке ие болды.

сынып


оқушының

аты-жөні

тақырыбы

орны

жетекшісі

3 а сынып

Болатов Темірлан

« Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы»

3 орын

Мажиманов С.Қ.

5 а сынып

Исатаев Алишер

«Шоколад: польза или вред»

3 орын

Нурмуханбетова

7 а сынып

Пшембаева Динара

«Образы домашних животных в баснях И.А.Крылова»

1 орын

Нурмуханбетова

Мектебіміздің дарынды оқушылары үнемі әр түрлі облыстық және республикалық интеллектуалдық марафондарға қатысып, өз білімдерін шыңдап отырады. Атап өтетін болсақ биылғы оқу жылында Ұлы жеңістің 70 жылдығына аргалған республикалық шығармалар байқауына 8 сынып оқушысы Болатова Гауһар және 9 сынып оқушысы Трошина Анастасия өз жұмыстарын жиберіп сертификатпен марапатталды.

Сонымен қатар мектебіміздің мұғалімдері де үнемі өздерінің білімдерін жетілдіру мақсатында біліктілік арттыру курстарынан өтіп отырады және аудандық, облыстық байқауларға, жәрмеңкелерге қатысып жүр.

Атап өтетін болсам математика пәнінің мұғалімі Алимгазина А.Б. Атбасар қаласында өткен аймақтық семинарда информатика пәнінен «Информатика сабағында жаңашыл технологиялардың тиімділігі» тақырыбында баяндамасын жасады. 2015 жылы Көкшетау қаласында өткен «V Дүниежүзілік жәрмеңке – 2015» қатысып, сертификатпен марапатталды.

Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Нурмуханбетова Гулизат Оразовна аудан көлемінде өткізілген «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауына өзінің авторлық бағдарламасын ұсынып, қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды және Гулизат оразқызының оқушылары биылғы оқу жылында ғылыми шығармашылық конференцияның жүлдегерлері атанып,1 орын алған оқушысы Пшембаеваның жұмысы облыстық оқушылардың ғылыми конференциясына жіберілді.

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Серікбаева Зикен Мирашқызының оқушылары үнемі аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүреді.

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Бакаев Андрей Валерьевич аудандық «Ең үздік денешынықтыру мұғалімі - 2015» байқауына қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.

Мажиманов Сырым Қасымұлы жас мамандар арасында өткізілген республикалық «Ең үздік сабақ» байқауына өзінің сабағының үлгісін жіберіп, сертификатпен марапатталды.

Оқу жылы бойы бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдықтары жүйелі түрде тексеріліп отырды. Қазан айында 2-4 сынып оқушыларының оқу жылдамдықтарын бақылау мақсатында мектепішілік байқау өткізілді.

Тексеру нәтижесі төмендегідей:



Сынып

Класс

Оқушының

аты-жөні

Оқушы саны

кол.учащихся

Білім сапасы %

Качества %

Мұғалім

учитель

1 а

15-20


Мұқыш Ж

Жанадилов Д

Абельдинова М


30 сөз

24 сөз


22 сөз

100 %

Мукашова А.М.

3 а

65-70


Болатов Т

Тортай Е


95 сөз

30сөз

50%

Мажиманов С.Қ.

4 а

85-90


Жұматай Ә

Бөлтірік А

Қажығапар Д

Алясхарова А



100 сөз

109 сөз


105 сөз

102 сөз


100%

Балтамуратов А.Ж.

2 б

45-50


Дудин В

Тарковская В



69 сөз

51 сөз


100%

Капашова Б.Б.

4 б

85-90


Тарковская П

Пикулицкий И



92 сөз

82 сөз

50%

Капашова Б.Б.

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Мектептің білім бағдарламасы және оқу жоспары мемлекеттік мектеп функцияларын - мектеп базасын толықтыру және оқушылардың білім сапасын толықтыруды орындауға негізделген. Оқу процесін жоғары көрсеткішке жеткізу мақсатында әр баламен жеке жұмыс жасап жақсы көрсеткішке жетуді алдыға қойып отырмыз.



Кен негізгі мектебінің 2014 – 2015 оқу жылы

бойынша тәрбие жұмысының есебі
Тәрбие жұмысының тақырыбы:

«Оқушылардың мәдени деңгейін, парасаттылығын тәрбиенің әдіс – тәсілдері арқылы жетілдіру».



Тәрбие жұмысының мақсаты:

«Оқушылардың бойына азаматтық рухани ізгілікті, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру».



Міндеттері:

  • Ұжым мүшелерімен сыйластық қарым – қатынаста болу, ұжым өмірінің ережелерін білу, тәрбиелеу.

  • Мектепке, туған тілге, ел рәміздерін құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

  • Еңбексүйгіштікке, ұжымшылдыққа, шыншылдық пен адалдыққа азаматтық рухта тәрбиелеу.

  • Өз іс – әрекетіне қорытынды жасай білуге, тәртіптілікке, шынайы әрекетке тәрбиелеу.

Мектебіміздің жаңа оқу жылының басталуын білдіретін ерекше күн ол - Білім күні. Мектебіміз де осы күні барша қонақтарға, оқушылар мен ата – аналар, ұстаздарға есігін айқара ашты. Мектепте Білім күніне арналған «Қазақстан жолы – 2050» : бір мақсат – бір мүдде – бір болашақ» тақырыбында салтанатты сап түзеу өтті. Сап түзеуде бірінші сынып оқушылары ән айтып, өлең оқып, бастауыш сынып оқушылары «Да, здравствует школа!» биін биледі. Мектеп түлектері мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларына өз тілектерін өлең шумақтары арқылы жеткізді. Алғашқы қоңырауды соғу рәсімі тоғызыншы сынып оқушысы Трошина Анастасияға және бірінші сынып оқушысы Мұқыш Жанболатқа берілді. Басқа да еліміздің мектептеріндегідей осы тақырыпта сынып сағаттары да ұйымдастырылды. Әр сынып жетекші бірінші сабақтарына жақсы дайындалып, оқушыларға «Қазақстан жолы – 2050 : бір мақсат – бір мүдде – бір болашақ» тақырыбын әр сынып оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түсіндіріәп өтті. Осы тақырыпта мектебіміздің кітапханасында арнайы көрме жасалып, сабақтан кейін мұғалімдер мен оқушылар кітапханаға барып, кітапханашы Алясхарова Г.М. оларды көрмемен таныстырды.

Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан жолы – 2050 : бір мақсат – бір мүдде – бір болашақ» негізгі ұғымдардың бірі денсаулық, білім және халықтың әлауқаты болып отырғандықтан, еліміздің барлық жерінде жыл сайын қыркүйек айында «Денсаулық фестивалі» өткізіледі.

Біздің Кен негізгі мектебінде де «Денсаулық аптасында» барлық оқушылардың, ұстаздардың және ата – аналардың қатысуымен спорттық іс – шаралар ұйымдастырылды. Мереке ҚР – ның Әнұранымен басталып, оқушылардың ән айту, би билеуімен салттанатты түрде ашылды.

Бұл күндері барлық қатысушылар спорттық киім киіп, түрлі жарыстар, ойындарға белсене қатысты.

Қыркүйек айының 5 – 14 аралығында ҚР Тілдер фестивалі өтті. Мұнда қазақ тілі мұғалімдері мен сынып жетекшілер арнайы жоспар құрып, оқушылардың тілді құрметтеуге, өз ұлтымыздың, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында түрлі сайыстар, байқаулар ұйымдастырды.

19 қыркүйек күні Тілдер күніне арналған «Қазақстан – әр ұлттың ақ бесігі» атты мерекелік іс – шара өтті. Іс – шараның мақсат пен міндеттері:



  • Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің тілін, дәстүрін, ұлттық тағамдарын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу;

  • оқушылардың тілге деген құрметтерін, қызығушылықтарын арттыру;

  • оқушылардың өзара түсінісушілік, қарым – қатынас мәдениеттерін жетілдіру;

  • көп ұлтты мемлекеттің азаматтарын тәрбиелеу;

Қай халықтың болса да ақыл – ой тереңдігі, сана – сезім сергектігі, түрлі салалармен тармақтана – кеңее келіп тағы да сол ана тілінің алтын қорына қосыла ажарлана береді. Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Мектебімізде Тілдер күніне арнап өткізілген мерекелік іс – шара түрлі ұлт өкілдерін таныстыратын сыныптар сайысы ретінде ұйымдастырылды. Сайысқа мектебіміздің барлық сынып оқушылары, ата – аналар, қонақтар мен ұстаздар қатысты. Мерекелік іс – шара еліміздің Мемлекеттік Гимнінен басталып, ашылу сәтінде 6 сынып оқушысы Аляскарова Гулим «Туған жер» атты әнін шашу етті.

26 қыркүйекте «Рәміздерім – менің мақтанышым» атты мектепшілк іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара викторина түрінде өткізілді. 5-9 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете білді. «Рәміздерім – менің мақтанышым» атты сынып сағаттары да өткізіліп, оқушылар туған тілге, ел рәміздерін құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікті көрсетте білді.

Тәрбие жұмысының айлық жоспары бойынша қырқүйек айында «Жол ережесін сақтайық» атты айлық жоспарымен жұмыс орындалды, негізгі мақсаты: Оқушыларға жол ережесін жасына сай меңгерту, көшеде жүру ережесін білдіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу, барлық сыныптарда «Жолда жүру ережесін сақтаймыз» т.б. тақырыптарға сынып сағаттары өткізілді. 1 – 4 сынып аралығында Мажиманов С.Қ. ұйымдастыруымен «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Мектеп тәлімгері Оразқызы Қ. 5 – 6 сынып оқушыларын «Жас жол инспекторлары» ережесімен таныстырды. Барлық мектеп оқушылары қауіпсіздік техникасы бойынша танысты.

Әр дүйсенбі сайын жұмыс лездемесі өткізіліп отырады, лездемеде маңызды сұрақтарына жауап алынып, келесі болатын іс-шаралардың бағдарламасымен таныстырылады.

1 – қазан Халықаралық қарттар күніне мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл күні мектебіміздің төріне қариялар мен қонақтар жиналды. Жиналған қонақтарды дастархан басына жайғастырып, мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік концерттің жүргізушілері 7 «Б» сынып оқушысы Мотова Виолета мен 7 «А» сынып оқушысы Пшембаева Динара болды. Мерекелік концертте ең алғашқы құттықтау лебіздері ауыл ағаларына берілді.

Ауылымыздың өнегелі де өмір тәжірибесі мол ақсақалдарымызға ең бірінші болып 5 – 6 «А» сынып оқушылары «Асыл әжем әнін» тарту етті. Екінші болып мектеп оқушыларының орындауында «Не детское время» биі көрсетілді. Қарияларымызға «Күншуақ» шағын орталықтың, 4 «А» сыныптарының оқушылары өлең жолдарын сыйласа, 2 «А» сыныбының оқушылары көрініс көрсетті, «Орыс биін» нақышына келтіре орындады. Мерекелік концерт 4 «Б» сыныбының орындауында «Бабушка и дедушка» әніне шағын қойылым көрсетілумен жалғасын тапты. Мектебіміздің әншілері Алмас пен Жақсылық «Алматы түні» әнін, 8 «А» сынып оқушысы Муканова Әсел «Асыл әжем» әндерін тамылжыта орындады. Мерекелік концерт соңында осындай өнегесі мен парасаты мол қарттарымыздың күнінде жүргізушілер ауыл қарияларына денсаулық, ұзақ өмір т.б. жылы тілектер жазылған өлең жолдарын оқыды. Қариялар осындай мерекеде қарияларды сыйлап, қонаққа шақырған мектеп ұжымы мен оқушыларына алғысын айтып, ақ баталарын берді.

« Ұстазым - бір өзіңе бас иіп өтеміз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ұстаздар күні – өте жылы, оқушылар өздерін мұғалім рөлінде, ал ұстаздар өздерін оқушылар рөлінде көре алатын күн. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Осындай өнегелі де ардақты жандардың мерекесіне арнап Кен негізгі мектебінде 5 – қазан күні толықтай таңертең ұстаздарды қарсалып құттықтаудан бастап, сабақ беру, мерекелік концертке дейін оқушылардың ұйымдастыруымен өтті.

Оқушылар таңертең ерте ұстаздарды әсем әуенмен қарсы алып, ұстаздар күнімен құттықтады. Бұл күні мектебімізде өзін – өзі басқару күні деп алынып, барлық сабақтарды 8-9 сынып оқушылары өткізді. Оқушылар өздеріне тапсырылған сыныптарға сабақ беріп қана қоймай, тәртібін де қадағалауды өз жауапкершіліктеріне алып, ұстаздар күніне арналған концертке дайындады. Осы күні біздің мектеп ұстаздары да оқушылар болып жаңа күнді таңертеңгілік жаттығудан бастады. Қоңырау соғылған соң ұстаз «оқушылар» сабақта отырып, орыс тілі пәнінде диктант жазып, математика пәнінде есептер шығарып, дене шынықтыру пәнінде футбол ойынын ойнап, сынып сағатында тақырыпқа сай мақалдар, нақыл сөздер айтып, жұмыс жасап отырды.

Әдетте дүйсенбі күні екінші сабақтан кейін өткізілетін лездеме осы күні де өткізілді, мұнда оқушылар ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, құттықтау хаттарын жолдады. Осындай қызықты да әсерлі күн әрі қарай ұстаздарға арналған мерекелік концертпен жалғасты. Концертті 9 «Б» сынып оқушылары Трошина Анастасия мен Паизова Камила және 9 «А» сынып оқушылары Сейтен Алмас пен Қажығапар Әділ жүргізді. Жоғары сынып оқушыларыда өз өнерлерін ортаға салды. Біздің мектеп оқушылары тек ән мен биді айтып қана қоймай ұстаздардың көңілдерін бір сергітіп алу мақсатында түрлі қызықты көріністер көрсетті.

Мерекелік концерт соңында ұстаздарға құттықтау сөздері, жылы тілектер оқылып, «Осенний вальс» және 9 «Б», 7 «Б», 9 «А» сынып қыздарының орындауында түрлі бейнелерді бейнелейтін қызықты би орындалды.

Қазанның 18 – і күні Кен негізгі мектебінде «Алтын күз» атты күзгі бал өткізілді. Бұл іс – шараның мақсаты:


  1. Оқушылардың күз мезгілінің кереметтері жайлы білімдерін кеңейту;

  2. Ұйымшылдыққа, сахнада өзін – өзі ұстай білуге үйрету, айналасындағы адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасай білу мәдениетін дамыту;

  3. Күз мезгілінің әсемдігін сезіне отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

«Алтын күз» мерекесі мектептің акт залында өткізілді, зал шымылдығына екі тілде жазылған «Алтын күз», «Золотая осень» тақырып ілінді. әр сыныптың «Күз» тақырыбына салынған қабырға газеттері, шарлар, күзгі жапырақтар, ленталар ілініп, безендірілді.

Бірінші сайыс бойынша сыныптар өздерінің топтарын таныстырып өтті. Екінші сайыста топтар өздерінің күзгі киім үлгілерінің сәнін ортаға салып, таныстырды. Үшінші сайыста әр топ өздерінің күз тақырыбына арнап салған қабырға газеттерімен таныстырып, сол салған суреттерін қорғады. Төртінші сайыста әр топ өз өнерлерін нақышына келтіре орындап ортаға салды. Барлық сыныптар бұл мерекеге дайындалып, өнерлерін көрсете білді.



Қазан айында «Құқық» апталығы өткізілді, мақсаты: Жеке тұлғаның заңға және құқыққа деген қызығушылығын ояту, ізгілік және адами құндылықтарын арттыру. 5- 9 сынып жетекшілері «Менің құқықтық алаңым» атты сынып сағаттарын өткізді. «Сенің құқықтарың мен міндеттерің» жоғары сынып оқушыларының жиналысы, 19 қазан күні мектеп акт залында 5 – 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Құқық бұзушылық деген не?» тақырыбында Жарқайың аудандық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Швабауэр Т. Н-мен кездесу өтті. Оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.

5 «Б» сыныбында «Дружба» атты ашық сынып сағаты өткізілді. Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салып пікірталасты. Сынып сағаты қызықты, жұмбақтар мен мақал-мәтелдермен толықтырылды.

Танымдық сағаты. 5 «А» сыныбында «Төрт түлектер » атты ашық тәрбие өтті, жалпы сабақ құрылымы жақсы, балалары белсенді болды. Төрт түлектер туралы оқушылар өз білімдерін көрсетті білді. Осы сынып сағаттар сабақтастық және бастауыш сыныбынан келген оқушылардың ортанғы денгейге бейімделуіне мақсатында өткізілді. Мұғалімдердің өз оқушыларымен жақсы қарым-қатынаста екенің көрсетті.

Нашақорлықтың, ішімдіктің және шылым шегудің алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушылары агит тобын құрып, осы заттардың зияны туралы мәліметтер оқушыларға, мұғалімдерге, ауыл адамдарына таратты.

Бұл тоқсанда 1 сыныптан бастап 9 сыныпқа дейін кезекшілік жүргізілді. Әр сынып өздеріне жүктелген барлық жұмыстарды атқара білді, тек қана кезекші сыныптардың сынып жетекшілеріне келешекте өз кезекшіліктерін тиянақты жүргізсін деп айтқым келеді.

Барлық сыныптарда ата – аналар жиналысы өтті. Сынып жетекшілер сыныптың І тоқсан бойы өткізген тәрбие жұмысы жайлы есептерін тапсырды.

1 тоқсан бойынша оқушыларымыз аудандық жарыстарға, сайыстарына қатысып жұлделі орындарға ие болды. Мектеп оқушылары аудандық

КВН –ға қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды.

«Нүрсұлтан нұры» облыстық сайысында Паизова Камила 3 ирынға ие болды.

«Жастар-2015» спартакиадасы бойынша:

Былғары доп-2 орын

Шахмат-1 орын

Аудандық «Тіл парасаты» сайысы-1 орын (Трошина А.-9класс) және облыстық сайысына қатысып 6 орынға ие болды.

Біздің Кен негізгі мектебімізде «Президент күніне» арналған жоспар құрылды. Сынып жетекшілері «Менің президенттім » атты сынып сағаттарын өткізді. Кітапханашы Алясхарова Г.М. «Біздің Елбасы» атты көрме ұйымдастырды. Мектеп оқушылар белсене қатысып қойылған сұрақтарға жауап берді. Өз ойларын ортаға салып , пікірталасты. Қазақ және орыс тілінің пәндерінің мұғалімдері Серикбаева З.М. мен Нурмуханбетова Г.О. «Тұнғыш президентім» атты оқушыларымен шығарма жазды. Интернет арқылы сыртай сайысқа қатысып. Болатова Гаухар, Паизова Камила, Кириллова Валерия қатысқан үшін сертификаттарға ие болды.

Бастауыш сынып мұғалімдері Мукашова А.М. мен Мажиманов С.К. «Менің жерім» атты ойын саяхат өткізді. Денешынықтыру мұғалімдері Бакаев А.В., Жанадилов Т.С. оқушылар арасында мини-футбол өткізді. Сонында «Қазақстан менің елім» концерттік бағдарламасы құрылды. Жауапты мұғалімдер Ильясова А.Ж. мен Балтамуратов А.Ж. барлық сынып жетекшілері концерттік нөмерлерін дайындап көрсетті.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты лездеме өткізілді. Оқушылар көріністер көрсетіп. Желтоқсан құрбандары туралы мағлұматтар берді. Сынып жетекшілері «Тәуелсіздік күні» атты сынып сағаттарын өткізді. Нурмуханбетова Г.О., Мусаева Г.М., Ильясова А.Ж. Тәуелсіздік күні атты эссе байқайуын өткізді. Ең үздік эсселер марапаттау қағаздарға ие болды. Тарих пәнінің мұғалімдері Тасмаганбетова Ж.С. және Жанадилов Т.С. «Мен Қазақстанның болашағымын» атты дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып пікірталасты. «Менің елім Қазақстан» атты өлең сайысы өткізілді. Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдерді жатқа айтып , әділқазылар сайысты бағалап, оқушыларды марапаттады. Кітапханашы Алясхарова Г.М. «Сені Қазақстанным, сені әнге қосқым келеді» атты көрме ұйымдастырды. Мектеп оқушылар белсене қатысып қойылған ойынның сұрақтарына жауап берді. 18 желтоқсан күні «Жас улан» «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты лездеме өткізілді: 1 сынып және 5-6 сынып оқушыларын, олар екпінді, барлық мектеп іс шараларына қатысатын. Мектеп президенті Паизова Камила антты оқып, оқушылар барлық оқушылардың, мұғалімдер алдында ант берді. Төс белгілерін және галстуктерін тағу рәсімі мектеп басшысына, мектеп ұстаздарына берілді. Сонында жасулан әнұраны орындалды. Тәуелсіздік күніне арналған концерт өткізілді. Сыныптар өздері дайындаған нөмерлірін ортаға салып, ата –аналар тамашалап қоймай, көңілдерін бір сергітіп алды.

Облыстық «Нұрсұлтан нұры» сайысында 9 сынып окушысы Паизова Камила қатысып 3 орынға ие болды. 1 сайыс өзін таныстыру, 2 – Оратор «Если я была президентом», 3 –КВН көрсету болды. Барлық сайыстарда біздің оқушылар өздерінің жақсы дайындығын көрсете білді.

Желтоқсан айның 23 – інші жұлдызында 1 «А» сыныбында «Қөш бол әліппем» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке ата – аналар, мектеп ұстаздары, оқушылар белсене қатысып, 1 сынып оқушылары өз білімдерін білгендерін, үйренгендерін ортаға сала біліп, өнерлерін көрсетті

Әр дұйсенбі сайын жұмыс лездемесі өткізіліп отырады, лездемеде маңызды сұрақтарына жауап алынып, келесі болатын іс-шаралардың бағдарламасымен таныстырылады.

І жарты жылдықта мектебімізде 1 сыныптан бастап 9 сыныпқа дейін кезекшілік жүргізілді. Кейбір сыныптар өздеріне жүктелген кезекшілікті дұрыс атқаралмады.

Барлық сыныптарда ата – аналар жиналысы өтті. Сынып жетекшілер сыныптың І жарты жылдық бойы өткізген тәрбие жұмысы жайлы есептерін, ЖЖЕ, өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша жүргізген жұмыстарын, папкаларын көрсетті.

Мектебіміздің оқушылар Кеңесінің мүшелері, апта сайын сыныптардың санитарлық жағдайын, оқушылардың ұқыпты жүруін тексеріп, оларға түрлі танымдық «Оқушының міндеттері мен құқықтары», «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында әңгіме жүргізді.

Жаңа жылдық мерекесіне барлық сыныптар қатысты. Мектеп аланында ертегілер кейіпкерлерінің бейнелері салынды. Әр фигураны жасауға сыныптарға бөлінді. Жаңа жылдық құттықтау сурет сайысына барлық сыныптар ат салысып қатысты. Әділ қазылар суреттерді бағалап жүлделі орын алған сыныптарды марапаттау қағаздарымен марапаттады.

Жаңа жылға қарсы мерекеге қарсы мектеп безендірілді, терезелерге гирляндалар тағылып, кескін пішімдер жапсырылды.

Тәңертеңгі ертеңгілікке 1-5 сынып оқушылары қатысыумен қызықты өтті. Оқушылар сайыстарға қатысып, тәтті сыйлықтарына ие болды, өз өнерлерін ортаға салып көрермендерді қызықтыра білді.

Жоғары сыныптарының жаңа жылдық кеші ертегіден басталды, жалмауыз кемпірлер келген қауымды қызықтырып, көңілдерін ала білді. Әр сынып өз ертігілерін, өздерінің өнерлерін ортаға салып көрсете білді. Оқушыларға арналған Жаңа жылдық мерекелер қызықты өтті, ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, мектеп ұжымына сәттілік тіледі. Қысқы демалыс күндеріне жоспар құрылып. Барлық іс-шаралар уақытымен өткізілді.

ІІІ тоқсан бойынша ай сайын жоспар құрылды. Қазақстар Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың балалардың жаппай мектепке баруы жөніндегі бұйрығын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, және Ақмола облысының білім басқармасының хаттары негізінде, Жарқайың аудандық «Білім беру бөлімінің» ММ «Қамқорлық» акциясы және Кен негізгі мектебінің 15.01.2015 ж № 4 бұйрықтарының негізінде жаппай біліммен қамту шараларының жоспары құрылды.

Шағын мөлтек аудандарды аралау барысында оқумен қамтылмай қалып, үйде отырған мектеп жасындағы жастарды анықтау мақсатында, отбасылардың үй жағдайын, қысқы уақытта отынмен қамтылуын зерттеу мақсатында қаңтар айында мектеп мұғалімдерімен «Жастар», «Үкібаев», «Станционная» көшелерін аралау шаралары жүргізілді. Сабақты көп босататын балалардың ата – аналарымен әңгіме жүргізіліп, болашақта балаларының себепсіз сабақты босатпаулары керектігі айтылып түсіндірілді. Шағын мөлтек аудандарын аралау мақсатында кейбір отбасылардың мекен – жайы ауыстырылғаны анықталып, үй аралау дәптерлеріне өзгертулер енгізілді. Жүргізілген рейд кезінде ауылдың мектеп жасындағы балалардың барлығы біліммен қамтылып, барлық отбасының қысқы уақытта тұрмысқа қажеттіліктердің барлығы бар екені анықталды.

Қаңтар айы бойы мұғалімдер түнгі сағат 22:00 ден кейін көшеде қараусыз жүретін жас жеткіншектерді анықтау мақсатында кешкі рейдке шығып тексеріс ұйымдастырды. Тексеріс кезінде көшеде жүрген балалар анықталған жоқ. Сонымен қатар күн сайын оқушылардың сабаққа күнделікті қатысуын қадағалау жұмысы жүргізіліп отырады. Тексеріс кезінде сабақты ауыру, қатты аяз кезінде босатқан балалар анықталды. Оқу жылының басынан 1 – 9 сынып оқушылардың барлығы бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылған.

Тұрмыстық жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға киім – кешек, аяқ киіммен қамтып көмек көрсету мақсатында мектебімізде киім кешек, оқу құралдарын жинау пункті ұйымдастырылды. «Қамқорлық» акциясының шеңберінде тұрмыс жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға киілген бірақ жақсы жағдайдағы киім – кешекпен, оқу құралдарымен көмек көрсетілді. Барлық заттар есепке алынып, көмекті қажетсінетін, көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан тізім бойынша 12 балаға бөлініп берілді.

Жеке кәсіпкер Втюрин С.Н. қысқы спортпен айналасу үшін мына баларға Хамит Әділет, Бөлтірік Аружан, Беріктас Жақсылыққа коньки алып берді(15 000 тенге көлемінде). №5 Нан қоймасының басшысы Мұхамеддкалиев Ж.Н. Пикулицкий С.Е., Тарковская Т.Г. отбасыларына ақшалай (10 000 тенге) көмек көрсетті Мектеп мұғалімдерінен тұрмыс жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына 12 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Жыл сайын өткізілетін қамқорлық акиясына біздің мектептің мұғалімдері және жұмыскерлері ат салысып, өздерінің қамқорлығын көпбалалы отбасылар оқушыларға көмектесті.

«Қамқорлық» акциясына белсенді қатысқан мұғалімдер Нурмуханбетова Г.О., Балтамуратов А.Ж., Илясова А.Ж., Мажиманов С. К. болды.

Қаңтар айында өткізілген сынып сағаттарымен, іс-шаралар «Мен және менің болашақ мамандығым», «Ақша не үшін керек?», «ЖҚТБ туралы сөз қозғайық». Кітаптар көрмесі «ЖҚТБ туралы не білесің?» атты кітапханашы алясхарова Г.М. ұйымдастырылып өткізілді. «Біз салауатты болашақты таңдаймыз» сурет пәнінің мұғалімі Мангилев В.В. суреттер көрмесін ұйымдастырды. Мектеп психологы Тарковская И.П. мен медбике Абельдинова Ф.к. «Нашақорлық зияндық әкеледі» атты тренинг өткізді. «Дұрыс тамақтану – адам денсаулығының негізі» пікталастар жүргізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Жанадилов Т.С. «Жастар және дін » атты дөңгелек үстел ұйымдастырды, барлық ооғары сынып оқушылары белсене катысып , өз ойларын ортаға салды. Пікірталас өте қызықты өтті. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, дамыту мақсатында «Жұлдызды сәт» сайысын тәлімгер Абдрахманова Ж.К. ұйымдастырумен өткізілді, оқушылар өз өнерлерін көрсетте білді. Женімпаздар марапатталып сыйлықтар алды.

Наурыздың 7-сі күні мектебімізде «Ана - өмірдің гүлі»

атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кештің басты мақсаты нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Мерекелік кешті барлық ұстаздармен ата-анлар келіп тамашалады. Мерекені даярлық сыныбының биімен ашылды. Өздерінің жүрекжарды өлең жолдарымен бастауыш сынып оқушылары аналарын қуанышқа бөледі. 4 А сынып оқушылары аналарына арнап «менің анам алтын » атты әнін тарту етті. 5-7 сынып оқушылары аналарына арнап тамаша би сыйлады. Көздеріне жас алып, аналарына деген ыстық махаббатарын 9 б сынып қыздары «Мама не грусти» әнмен жеткізді. Мерекелік кештің соның 5-6 сынып оқушылары вальс биімен жапты. Мереке көңілді қызықты өтті.

22 наурыз күні мерекелік концерттік бағдарламасымен өткізілді. Барлық оқушылар, мұғалімдер белсене қатысып өз өнерлерін ортаға салды. № 5 Нан қоймасы, ауыл тұрғындары және мұғалімдер қатысты, олар сайыстарға қатысып өнерлерімен көрермендерді көңілдерін көтерді. Сайыстар 3 кезеңнен тұрды: ән-шашу, би, көріністер көрсету. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып көрермендердің көңілдерін ала білді.

Әр дүйсенбі сайын жұмыс лездемесінде маңызды сұрақтарға жауап алынып келесі болатын іс-шаралардың жоспарымен таныстырылады.

Барлық ата-аналар жиналысы өткізіліп, сынып жетекшілер шығармашылық есептерін тапсырды. Мектебіміздің оқушылар кеңесінің мүшелері, апта сайын сыныптардың тазалығын, оқушылардың ұқыпты жүруін тексеріп қадағалап жүрді. Сынып жетекшілер демалыс күндерінде оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып отырады.

Сәуір айы сенбіліктермен басталды, жоспарлар құрылып, педагогикалық кеңесте таныстырылды. Көктем келгенімен мектеп аланың қоқыстан жинау, ауыл көшелері жинастыру жұмыстар бірінші қатарға қойылды. Сенбілік әр беәсенбі күні жүргізіліп жалғасын тапты.

Кен негізгі мектебінде сәуір айының 15-і күні 1-8 сыныптар арасында «Жұлдызды сәт» байқауы өтті. «Жұлдызды сәт» – бұл оқушылардың өзіндік ерекше таланттарын көрсететін байқау. Басты шарты – өнер.

Барлық сынып оқушылары сахна төріне шығып, өз өнерлерін көрсетті. Осы жұлдыздардың өнерін бағалайтын әділ қазылар алқасы болып орыс тілі пәнінің мұғалімі Нурмуханбетова Гулизат Оразовна, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Серикбаева Зикен Мирашевна және бастауыш сынып мұғалімі Капашова Ботагөз Болатовна сайланды.

«Жұлдызды сәт» байқауының ашылу салтанаты 7 «А» және 8 «А» сынып оқушыларының көрінісімен басталды. Көрініс мектепте, сыныпта болған қызықты оқиғалармен және де бимен ұласты. Байқау 5 «А» сынып оқушыларының «Hafanana» биімен жалғасып, көрермендердің үлкен қошеметіне ие болды. Талайлардың жүрегін жаулаған мектебіміздің жас әншісі 5 «Б» сынып оқушысы Пикулицкий Антонның «Когда я стану взрослым» атты әнімен байқау одан әрі қыза түсті. 6 «А» сыныптың биші қыз-жігіттері де қалыс қалмай «Лока, лока» биін билеп, өз өнерлерін көрсетті. Келесі кезекте «Айымсың» әнімен 3 «А» сынып оқушысы Жұматай Әліби ән шырқап, көрермендер мен әділ қазылардың көңілдерін көтерді. Бастауыш сынып оқушылары «Облака» әнін шырқады. Мектебіміздің мың бұралған биші қыздары «Үнді» биімен тәнті етті. Байқауымыздың соңын 7 «Б» сынып оқушылары «Туған жер» әнімен аяқтады.

Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуда «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Кен негізгі мектебінде 2015 жылдың 1 сәуір мен 10 сәуір аралығында «Саламатты Қазақстан» атты онкүндігі ұйымдастырып өткізілді.

Мектепте 1-9 сынып арасында дәріс оқылды.



Мұндағы негізі мақсат: Оқушылардың жұқпалы аурудын алдын алу шараларын сақтап жүруі, тазалық гигиенасын және салауатты өмір салтын дұрыс бақылауда ұстану, Қазақстанды қорғайтын дені сау ұрпақ болып өсуіне тәрбиелеу.

Мектепте 1-9 сыныптар арасында «Правильное питание – залог здоровья» атты тақырыпта оқушылар қазақ және орыс тілдерінде диктант жазды. Барлық оқушылар қамтылды. Сәуірдің 2-сі күні 1-6 сыныптар арсында «В здоровом теле- здоровый дух» тақырыбы аясында суреттер сайысы өтілді. Сайысты бейнелеу сабағының мұғалімі Мангилев В.В. жүргізді. Ең жақсы салынған суреттер үшін мадақтама қағаздары табысталды. Осы күні 1-6 сыныптар арасында «Витамины: это вредно или полезно» тақырыбында дөңгелеек үстел өтілді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. Оқушылардың тақырыпқа байланысты дайындап келген баяндамалары тыңдалды. 5-9 сыныптар арасында «Физическая активность – залог долголетия!» атты тақырыпта пікірталас өтілді. Мақсаты: оқушылар арасында белсенді өмір сүру және дене шынықтырумен айналысуды дәріптеу. Сәуірдің 4-і күні «Папа, мама и Я спортивная семья» атты спорттық жарыс өтті. Жарыс 1-5 сыныптар арасындағы оқушылар мен ата-аналарымен ұйымдастырылды. Жарысты ұйымдастырушы Мажиманов Сырым. Жарыста ұйымшылдығымен, шапшаңдығымен алға шыққан топ жеңімпаз атанды. Сәуірдің 6-8 күндері арлығында тоғызқұмалақ, теннис және мини-футболдан жарыс өтті. Тоғызқұмалақ ойынына 1-5 сыныптар қатысты. Теннис ойынына 1-6 сынып оқушылары қатысты. Мини-футбол 5-8 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Барлық сайыстарда жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды. Сәуірдің 9-ы кітапханашы Алясхарованың басшылығымен «Здоровье мое богатство» атты 5-9 сыныптар арасында сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бройынша 8 сынып жеңімпаз атандыОнкүндіктің соңғы күнінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бакаев андрейдің жүргізуімен 5-9 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыс нәтижесі бойынша 9 сынп оқушылары 1-ші орынды иеленді.

. «Саламатты Қазақстан» атты онкүндікпен жалғасты. Онкүндік барлық сыныптарда диктант жазумен және де дөңгелек үстел, спорттық ойындардың болуымен өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығына орай түрлі мерекелік іс шаралар өткізілді. Құстар күніне байланысты оқушылар арасында көрме ұйымдастырылды. Сәуірдің 11-і күні мектептер арасында өткен ЮИД жарысынан 3-ші орынды иелендік. 23-і күні дүниежүзілік кітап күні қарсаңында кітапханашы көрме ұйымдастырды.

1 мамыр бірлік күніне байланысты барлық сыныптарға әр ұлт өкілдері беріліп сол бойынша оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, марапатталды. 9 мамыр Жеңіс күніне орай сыныптар арасында майдан туралы әндер байқауы өткізілді. Байқауда көзге көрінген жақсы шырқаған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 25 мамыр күні оқушылар оқуын жылын аяқтап, соңғы қоңырау соғылды. 9 сыныптыың түлектері дайындаған қоштасу концерттік бағдарламасы өтті. Барлық сынып жетекшілер өз сыныптарда жазғы демалыстарда кауіпсіздік ережелерімен оқушыларды таныстырды.

Жазғы демалыс мектебімізде 4 кезенге бөлінді, әр кезенге тәрбиешілер тағайындалып жоспарлар құрылды. Мектеп жанындағы лагерінде 24 оқушылар демалды. Қызықты кезендермен тәрбиешілер балаларды қызықтыра білді. Аудандық «Ақ Қайың» жазғы демалысында 11 оқушы оқушылар демалып келді. Және 2 тәлімгер аудандық «Ақ Қайың» жазғы демалыс орнында өз жұмыстарын атқарды.



Мероприятия

Классы

Сроки

Ответственные

1

«Правильное питание – залог здоровья» диктант на казахском и русском языках

1-9

1.04.15

Серикбаева З.М.

Нурмуханбетова Г.О.

Ильясова А.Ж.


2

Конкурс рисунков «в здоровом теле - здоровый дух»

1-6

2.04.15

Мангилев В.В.

3

«Витамины: это вредно или полезно» круглый стол

1-6

2.04.15

Медсестра Абельдинова Ф.К.

4

«Физическая активность – залог долголетия!» диспут

5-9

3.04.15

Какенова С.С.Абдрахманова Ж.К.

5

«Папа, мама и я спортивная семья»

1-5

4.04.15

Мажиманов С.К.

6

Тоғызқұмалақ

1-5

6.04.15

Мукашева А.М.

7

Теннис

1-6

7.04.15

Балтамуратов А.Ж.

8

Мини-футбол

5-8

8.04.15

Жанадилов Т.С.

9

«Здоровье мое богатство»

1-6

9.04.15

Библиотекарь Алясхарова Г.М.

10

Волейбол

6-9

10.04.15

Бакаев А.В.

Тәрбие жұмысы бойынша оқу жылының қорытынды мониторингі

Аудандық КВН байқауында негізгі мектептер арасында 1 орынға ие болды.

Аудандық КВН байқауында жастар арасында - 1 орынға ие болды.

«Менің идеялар менің еліме» атты әлеуметтік жобалар – 3 орынға ие болған Трошина Анастасия 9 сынып оқушысы.

Әлеуметтік жоба – 1 орынға ие болған Паизова Камила 9 сынып оқушысы.

«Үздік Ұланбасы» аудандық сайысында ие болған Паизова Камила 1 орынға ие болды.

Облыстық сайыста «Нұрсұлтан нұры » Паизова Камила 3 орынға ие болды.

Аймақтық байқау арасында біздің оқушылар КВН ойынына қатысып облыстық КВН –ға жолдама алды.

Облыстық КВН ойынына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысқан үшін марапатталды. Спорттада біздің оқушылар жүлделі орындарға ие болған.

Педагогикалық – ұйымдастыру

іс – шаралары

Педагогикалық кеңес тақырыптары





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет