Қан мен оның компоненттері донациясы алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидалары



жүктеу 375.8 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі375.8 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары


Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесіне

4-қосымша


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының

2009 жылғы 6 қарашадағы

№ 666 бұйрығымен бекітілген
Қан мен оның компоненттері донациясы алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қан мен оның компоненттері донациясы алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 166-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және қан мен оның компоненттерін дайындауды жүзеге асыратын медициналық ұйымдарда (бұдан әрі – қан қызметі ұйымдары) донорды қан мен оның компоненттері донациясы алдында медициналық зерттеп-қараудың тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидадаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:

1) қан мен оның компоненттерінің өтеусіз ерікті донациясы – аллогендік қан мен оның компоненттерін Кодекстің 167-бабына сәйкес донорға берілетін кепілдіктерден басқа, ақысыз іске асырылатын донация;

2) қан мен оның компоненттерінің мақсатты донациясы – аллогендік қан мен оның компоненттерін нақты пациенттер үшін тапсыру және Кодекстің 167-бабына сәйкес донорға берілетін кепілдіктерден басқа, ақысыз іске асырылатын донация;

3) қан мен оның компоненттерінің аутологиялық донациясы – бір адамнан алынған және кейіннен сол адамның өзіне ғана аутологиялық қайта құюға арналған қан мен оның компоненттерінің донациясы;

4) аяқталған (толық) донация – бұл ± 10% қол жеткізілген мақсатты көлеммен жаңа алынған қан эксфузиясы;

5) аяқталмаған (толық емес) донация (жеткіліксіз) – бұл мақсатты көлемге жеткізбей процедураны еріксіз тоқтатумен байланысты, бірақ эксфузия аяқтау кезінде 200 мл және одан артық көлемде жаңа алынған қанның жеткіліксіз эксфузиясы;

6) жүргізілмеген донация (тесілу) – бұл іске аспаған венепунция, сондай-ақ 200 мл дейінгі көлемде жаңа алынған қан эксфузиясы.

3. Донорды қан мен оның компоненттері донациясы алдында медициналық зерттеп-қараудың тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) донорды қабылдау және есепке алу;

2) донорды медициналық зерттеп-қарау.

4. Тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы айғақтары жоқ, медициналық мақсатта қан мен оның компоненттерінің донациясын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген он сегіз жасқа толған жеке тұлға донор болып табылады.

5. Қанды алғаш рет тапсыратын жасы 60-тан асқан тұлғалар, сондай-ақ жасы 65-тен асқан тұлғалар қан мен оның компоненттері донациясына медициналық зерттеп-қарауды жүргізетін дәрігердің ұйғарымы бойынша жіберіледі.

6. Қан мен оның компоненттері донациясының жиілігі мен реті бойынша донорлар мынадай санаттарға бөлінеді:

алғашқы донор - қан мен оның компоненттері донациясын алғаш рет іске асырған тұлға;

қайталама донор - қан мен оның компоненттері донациясын алдындағы донация кезінде де осы Қан қызметі ұйымында жүзеге асырған тұлға;

тұрақты донор – қан және (немесе) оның компоненттері донациясын тұрақты түрде жүзеге асыратын тұлға. Тұрақтылық деп қан донациясының жылына 3 рет және одан да артық, плазма мен қан жасушаларын жылына 12 және де одан да көп рет, эритроферез әдісімен эритроциттер донациясы - жылына 2 рет және одан да артық тапсыру тұрақтылығы ұғымы болып түсініледі.

7. Қан мен оның компоненттері донациясы мынадай түрлерге бөлінеді:

1) донация түрі бойынша:

қан донорлығы;

плазма, оның ішінде иммундық плазма донорлығы;

қан жасушалары донорлығы;

2) уәждеме бойынша донация:

өтеусіз (өтеусіз ерікті донация, мақсатты донация және аутологиялық донация);

ақылы негізде жүзеге асырылатын қан донациясы.

3) жаңадан қан донациясы рәсімінің аяқталуына орай:

аяқталған (толық);

аяқталмаған (толық емес);

жасалмаған (тесілу).

2. Донорды қабылдау және есепке алу

8. Донорды қабылдау қан қызметі ұйымдарында жеке басын куәландыратын құжаттар немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери билет негізінде жүргізіледі.

9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды көрсеткеннен кейін донорға өз бетінше немесе медициналық тіркеушінің қатысуымен, толтырылатын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, сауалнама, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ақпараттандыру парағы беріледі.

Осы тармақ перифериялық қанның гемопоэздік дің жасушалары (бұдан әрі - ГДЖ) донорына таратылмайды.

10. Перифериялық қанның ГДЖ донорларын қоспағанда, донордың төлқұжатын донорлар және донорлыққа жатпайтын тұлғалар туралы электрондық дерекқор мәліметтерімен салыстырып тексереді, бұдан кейін донордың электрондық немесе қағаз картасының төлқұжаттық бөлігіне донор жөнінде ақпараттың тексерілгені жөнінде белгі соғып, толтырады.

11. Перифериялық қанның ГДЖ донорын қоспағанда, донорды есепке алу бастапқы медициналық құжаттар бойынша жүзеге асырылады, оның негізінде донорлар туралы электрондық дерекқор құрылады.

12. Перифериялық қанның ГДЖ донорын қоспағанда, алғашқы донорларға қан мен оның компоненттерін донациялаудан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша донор куәлігі беріледі. Жоғалған донор куәлігінің дубликаты донордың жазбаша өтінішінің негізінде беріледі.

13. Перифериялық қанның ГДЖ донорларын қоспағанда, донорлықтан шеттетілген донорға уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша анықтама беріледі.

Донорлық қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін мынадай мәліметтер негіз болады:

1) қан мен оның компоненттерінің донорлығына жатпайтын донорлар мен тұлғалар туралы электрондық дерекқор;

2) қан және оның компоненттері донорының сауалнамасы;

3) алдын-ала зертханалық тексеру;

4) дәрігерлік қарау.

14. Донорлыққа жатпайтын тұлғалар туралы электрондық дерекқор мәліметтері ЖИТС-ке қарсы күрес және профилактикалау орталығынан (бұдан әрі – ЖИТС орталығы), туберкулезге қарсы ауруханалардан (диспансерлер), наркологиялық ауруханалардан (диспансерлер), тері-венерологиялық ауруханалардан (диспансерлер), психиатриялық ауруханаларынан (диспансерлер), тиісті аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінен алынатын ақпарат, сондай-ақ қан және оның компоненттері донациясы үшін қан қызметі ұйымдарына жүгінген тұлғаларды трансфузиялық инфекцияларға тексеру нәтижесі бойынша әзірленеді.

15. Қан қызметі ұйымдарын жаңадан анықталған тұлғалар туралы ақпаратты одан әрі жаңартумен, АИТВ инфекциясын жұқтырған тұлғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету облыстардың және тиісінше Астана және Алматы қалаларының ЖИТС орталықтары жүзеге асырады.

3. Донорды медициналық зерттеп-қарау тәртібі


16. Донорға сауалнама жүргізу алдында осы Қағиданың 2 және 7-қосымшаларына сәйкес ақпарат беріледі.

17. Донорға әрбір қан мен оның компоненттері донациясы алдында гемоглобин (гематокрит) деңгейін, АлАт деңгейін, ал перифериялық қанның ГДЖ әрбір донациясы алдында да перифериялық қанның алдын ала құрамын (гемоглобин, (гематокрит), эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) анықтау жүргізіледі.

Плазма донорында әрбір донация алдында қан сарысуындағы жалпы ақуыз құрамы қосымша анықталады.

Тромбоциттер донорында әрбір донация алдында тромбоциттер деңгейі қосымша анықталады.

Егер қан компоненттерін автоматты сепараторларды пайдалана отырып дайындау тағайындалса, әр донация алдында қанның ұю уақыты қосымша анықталады.

18. Перифериялық қанның ГДЖ доноры адамның 1,2 типті иммундық тапшылық вирусы (бұдан әрі – АИТВ 1,2), В вирустық гепатиті (бұдан әрі - ВВГ), С вирустық гепатиті (бұдан әрі - СВГ), мерез, цитомегаловирустық инфекция, токсоплазмоздың бар болу инфекциялық маркерлеріне бастапқы зерттеп-қарауды оны донацияға жолдап отырған медициналық ұйымда өтеді.

ГДЖ донорын трансмиссивті инфекциялар маркеріне зерттеп-қарау «Донорлық қан және оның компоненттерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қағидалары» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 684 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5930 болып тіркелген) бекітілген Донорлық қан және оның компоненттерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қағидаларына 3-қосымшаның 18 және 19-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Зертханалық зерттеулер Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген әдістермен, оның ішінде «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 735 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5935 болып тіркелді) бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу қағидаларына сәйкес Дәрілік құралдар, медициналық арналған бұйымдар мен медициналық техникаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу ісіне өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 735 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5935 тіркелген) бекітілген Дәрілік құралдар, медициналық арналған бұйымдар мен медициналық техникаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу ісіне өзгерістер енгізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жабдықта құрғақ химия әдістерімен жүргізіледі.

19. Донордың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға тестілеу үшін іріктеу қан және оның компоненттерінің донациясы кезінде жүзеге асырылады.

20. Донорды медициналық тексеріп-қарауды, шеттету немесе жіберу және қан мен оның компоненттері донациясын анықтауды трансфузиолог-дәрігер немесе қан қызметі ұйымының терапевті (бұдан әрі - дәрігер) жүргізеді.

21. Донорды медициналық зерттеп-қарау мыналарды қамтиды:

1) алдын-ала зертханалық зерттеу мәліметтерінің талдауы;

2) қан және оның компоненттері донорынының сауалнамасын талдау, анамнезді жинау және донорлармен тәуекел факторларын анықтау мақсатында құпия әңгіме жүргізу (сауалнама ақпараты сұхбаттасу процесінде берілген жауаптармен толықтырылуы мүмкін);

3) ағымдағы хал-жағдайын әңгіме жүргізу және физикалық бақылаудың белгілі әдістерін (дене қызуын, бойын және салмағын, қан қысымын, тамыр соғу ырғағы мен жиілігін өлшеу) пайдалану арқылы бағалау.

22. Гемотрансмиссивтік инфекцияларды жұқтыруға әкелетін қауіп-қатер факторларының болуына күдік болғанда, сондай-ақ өзге аурулардың белгілері бар болған кезде медициналық тексерудің көлемі донацияға жіберуді, жүзеге асыратын дәрігердің шешімімен ұлғайтылады және физикалық бақылаудың (терінің сыртқы қабын және көзге көрінетін шырышты қабықтарды қарау, аускультация, перкуссия, пальпация) зертханалық зерттеудің қосымша әдістері немесе маманның консультациясы тағайындалады.

23. Медициналық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес зертханалық зерттеулердің көрсеткіш нормаларын және осы Қағидалардың 5 және 6-қосымшаларына сәйкес қан мен оның компоненттерінің донорлығынан тұрақты және уақытша бас тарту өлшемдерін басшылыққа алады.

24. Зертханалық зерттеулер көрсеткіштерінің нормалардан ауытқулары болғанда донор қан мен оның компоненттері донациясынан осы Қағиданың 6-қосымшасында көзделген мерзімдерге сәйкес шеттеледі.

25. Қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, қан мен оның компоненттері донациясынан шеттету себебі түсіндіреді және тиісті медициналық ұйымдарда қосымша тексерілуден өту ұсынылады.

26. Перифериялық қанның ГДЖ донорларын қоспағанда, шеттету себебі донорлар мен қан донорлығына жатпайтын донорлардың электрондық дерекқорында және донор картасында тіркеледі.

27. Перифериялық қанның ГДЖ донорларын қоспағанда, донорлыққа қарсы көрсетілімдер анықталмаса, қан мен оның компоненттері донациясы түрі мен көлемін белгіленеді, бұл ретте мынадай өлшемдерді басшылыққа алады:

1) медициналық ұйымдардың қан компоненттеріне мұқтаждығы;

2) донордың қан мен оның компоненттері донациясына ерікті ақпараттандырылған келісімі;

3) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген қан мен оның компоненттері донациясының түрлері арасындағы ең аз интервалдарын

4) қан мен оның компоненттері донациясының барынша мүмкін мөлшерін:

қан үшін:

салмағы 50 кг артық және бойы 150 см артық донорлардан 450 миллилитр (бұдан әрі -мл) ± 10% қанның көлемін алу ұсынылады, бұл ретте 30-35 мл қан зертханалық зерттеулер мен донор қанының үлгісі ретінде сақтау үшін қосымша жинақталады.

салмағы 50 кг кем және бойы 150 см төмен донорлардан дене салмағының килограмына 4-6 мл құрайтын бірақ дене салмағының нормасы 6,5-7% құрайтын таралатын қанның жалпы көлемінен (бұдан әрі - ТҚК) 13% артық емес алынады.

плазма үшін:

салмағы 50 кг артық және бойы 150 см артық донорлардан 600-800 мл көлемде, бірақ 16% ТҚК артық емес көлемде алынады;

салмағы 50 кг кем және бойы 150 см төмен донорлар плазма донациясына қатыстырылмайды.

28. Қан және оның компоненттерінің тұрақты донорларына қосымша медициналық зерттеп-қарау жылына кемінде 1 рет, ал перифериялық қанның ГДЖ донорларына донация алдында жүргізіледі:

1) көкрек қуысын флюорографиялық тексеру;

2) 40 жастан асқан донорлар үшін электрокардиограмма.

29. Плазма және қан жасушаларын тапсырушы тұрақты донорды бақылауыш зертханалық зерттеу 4 айда кемінде 1 рет, қан донорларында жылына кемінде бір рет жүргізіледі және мыналарды қамтиды:

1) перифериялық қаннның құрамы (гемоглобин (гемтокрит), эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, эритроциттердің шөгу жылдамдығы және лейкоциттік формула);

2) жалпы ақуыз және ақуыз фракциялары;

3) жалпы несеп талдауы.

Қан мен оның компоненттері донациясы


алдында донорды медициналық
зерттеп-қарау қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Қан және оның компоненттері донорының сауалнамасы

Донорлық қанды қажет ететін пациенттерге көмектесуге ниет білдіргеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

Сізге қойылған сұрақтарға («иә» немесе «жоқ» деп жауап беру)
шынайы жауап беруіңізді өтінеміз, мархабат.

Осы сұрақтарға шынайы жауаптарыңыз Сіздің донор ретінде қауіпсіздігіңіз бен қаныңыз құйылатын пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.


Донордың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)________________________ ____________________________________________________________________

Туған күні _________ Жынысы _________ электронды мекенжайы __________

Мекенжайы (нақты және тіркелуі бойынша) ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Үй телефоны ____________________________________________________________________

Ұялы телефоны ______________________________________________________

Жұмыс телефоны____________________________________________________

Жұмыс орны_________________________________________________________







Сұрақтар

Жауаптары

1. Денсаулығының жалпы жай-күйі және эпидемиологиялық орта




1.

Өзіңізді жақсы сезініп тұрсыз ба?




2.

Бүгін түнде демалдыңыз ба?




3.

Соңғы 14 күннің ішінде тісіңізді жұлдырдыңыз ба?




4.

Соңғы 48 сағат ішінде алкогольдік ішімдік іштіңіз бе?




5.

Соңғы 12 ай ішінде Сізге екпе жасалды ма? Егер «иә» дейтін болсаңыз, қандай екенін көрсетіңіз




6.

Сіз соңғы 6 айда медициналық көмекке жүгіндіңіз бе?




7.

Сізге соңғы 12 айда донор қаны мен оның компоненттері құйылды ма?




8.

Сізге соңғы 4 айда хирургиялық операциялар (оның ішінде косметологиялық) жасалды ма?




9.

Сіз соңғы 2 аптада аспирин немесе антибиотикті қосқанда, дәрілік препараттарды, сондай-ақ өсіру гармондарын қабылдадыңыз ба?




10.

Сізге соңғы 4 айда тамырішілік немесе бұлшықет арасына инъекция жасалды ма?




11.

Соңғы 4 айда ине шаншу, татуировака, пирсинг жасалды ма?




12.

Сізде кенеттен қызудың көтерілуі, салмақ жоғалту, естен тану, түнгі терішеңдік болды ма?




13.

Сіз безгекпен (малярия), туберкулезбен, бруцеллезбен, мерезбен (сифилис) ауырдыңыз ба?




14.

Сіздің жұмысыңыз немесе әуестігіңіз өз өміріңізге немесе айналадағылар үшін қауіп төндірумен (транспорттық құралды басқару, биікте немесе су асты жағдайында болу, жоғары кернеудегі электр жүйесімен жұмыс жасау және тағы басқаларымен) байланысты ма?




15.

ЖИТС (АИТВ инфекциясы) және вирусты гепатиттер туралы ақпаратпен таныссыз ба?




16.

Тегіңізді өзгерттіңіз бе? Егер «иә» деп жауап берсеңіз – алдағы тегіңізді көрсетіңіз?




2. Сіз .... сияқты қандай да бір қатерлі аурумен ауырдыңыз ба?

17.

Жүрек ауруы, артериялық жоғары және төменгі қысым?




18.

Ауыр аллергия, астма?




19.

Құрысу немесе жүйке жүйесінің ауруы?




20.

Қант диабеті немесе онкологиялық созылмалы аурулар?




3. Сіз жақында немесе бұрын ...?

21.

Соңғы 3 жылда шетелге шықтыңыз ба? Елді атаңыз




22.

Бұрын-соңды донор ретінде қан тапсырдыңыз ба?




23.

Қан донациясынан шеттетілдіңіз бе?




4. Әйелдер үшін қосымша

24.

Қазір жүктісіз бе немесе соңғы алты айда жүктілік болды ма?




25.

Сіз бала емізесіз бе?




5. Өзін-өзі бағалау үшін қосымша




26.

Өзіңізге қандай да бір дәрілік немесе есірткі құралдарының инъекциясын жүргіздіңіз бе?
Сіз бұрын сексуалдық сипаттағы қызмет үшін төлемақы алдыңыз ба?
Соңғы 12 айда мына адамдармен жыныстық қатынаста болдыңыз ба?
- АИТВ инфекциясы бар немесе вирусты гепатиті бар;
- тамыр арқылы есірткі заттарын қолданатын;
- сексуалдық сипаттағы қызмет үшін төлем ақы алатын немесе алғандар;
- басқа еркектермен? (ерлер үшін)
Жыныстық жолмен берілетін ауруларға шалдықтыңыз ба?
Гепатитпен ауыратын адаммен қатынаста болдыңыз ба (отбасында немесе жұмыста)?
Сіздің шырышты қабатыңызға басқа адам қанының тамып кетуі немесе инъекциялық инемен тесіп алу болды ма?

Ескертпе:

Егер Сізде осы тармақтың бір немесе одан да көп сұрақтарына соңғы алты айда «иә» деп жауап берудің себебі болса - «ИӘ» деп жазыңыз, осы тармақтың бір немесе одан да көп сұрақтарына «иә» деп жауап беруге себеп болмаса – «ЖОҚ» деп жазыңыз.




Мен, менің қаным мен оның компоненттері медициналық мақсатқа үшін қолданылуы мүмкін болғандықтан, қан және оның компоненттерін ерікті, ешқандай мәжбүрлеусіз тапсыратынымды растаймын.

Мен, менің қанымды АИТВ, мерезге, В және С гепатитіне және басқа да инфекцияларға тексерілетіндігіне келісімімді беремін.

Маған осы инфекция маркерлеріне тестілеуде оң нәтижені алған жағдайда мәліметтер диагнозды нақтылау және ем туралы шешім қабылдау үшін тиісті медициналық ұйымдарға берілетіні ескертілді.

Мен, менің қаныма зертханалық тексерулер тек пациенттің қауіпсіздігі үшін ғана жүргізілетінін түсінемін.

Мен, осы ақпараттың мен және пациент үшін маңызды екенін сезіне отырып, сауалнамадағы барлық сұрақтарға түсініп, шынайы жауап бергенімді мәлімдеймін.

Мен, менің дербес ақпаратым донорлар базасын қалыптастыру мақсатында пайдаланылатыны және өңдеу автоматталған ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылатыны туралы ескерілгенмін.

Мен, донорлыққа қатысу үшін шақыру мақсатындағы ақпараттық хабарламаны мобильдік байланыс пен электронды пошта бойынша алуға келісемімді беремін.

Маған жалған мәліметтер берген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылуым мүмкін екендігі ескертілді.

Мен ____________ тілінде дәрігер ________________ түсіндіруімен жоғарыда аталған барлық сұрақтарға түсінгенімді растаймын.


Донордың қолы ___________________

Дәрігердің қолы ___________________Күні ________________________



Қан мен оның компоненттері донациясы
алдында донорды медициналық
зерттеп-қарау қағидаларына
2-қосымша

Ақпараттық парақ

Құрметт донор!

Сіздің денсаулығыңыз қанағаттанарлық болған жағдайда, Cіз тапсырған қан құюды қажет ететін науқастардың өмірін сақтап қалуда көмек тигізе алады. Орталықтағы қанның барлығы вирустардың болуын болдырмау үшін қатаң тексеруден өтсе де, алайда, кейбір АИТВ немесе гепатит вирустарын жұқтырудың алғашқы кезеңінде анықтау оңайға соқпайды. Егерде сіз жұқтырып алу қаупіне душар болсаңыз, онда қаныңыз ауру тасымалдаушысы болады және құйылатын пациенттерге қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да ақпаратты мұқият оқып, сауалнамада берілген сұрақтарға шынайы жауап беру, сонымен қатар сізбен консультация өткізетін дәрігердің сұрақтарына барынша адал жауап бергеніңіз өте маңызды. Сіз берген барлық ақпарат құпиялық санатына жататынына және тек қауіпсіз қан құю мақсатына ғана пайдаланылатынына сенімді болыңыз. Сіздің қаныңыздың тексеру нәтижесі жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсеткенде, өзіңізге ғана көрсетіледі. Вирустың бар-жоғына талдаудың нәтижесі оң болғанда ақпарат қаланың тиісті медициналық ұйымдарына да ұсынылады. Сізді одан арғы тексеруге шақырту мүмкін, бұл денсаулығыңыз үшін маңызды болып табылады.

Құрметті донор!

Егер де Сіздің қалауыңыз ЖИТС-ке тексерілу болса, онда ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығына немесе учаскелік дәрігерге жүгініңіз, бірақ донорлық қанды тапсырмаңыз. Қызметкерге кез келген кезеңде Сіздің қаныңыз науқасқа құю үшін жарамсыз екендігін айтып, қан тапсырудан бас тартатыныңыз туралы хабарлауыңызға болады.

Тіркеу шарасы мен донацияны іске асыру ұзақтығы шамамен 30 минут. Қан донациясы алдында сізге кондитерлік бұйымдармен қант қосылған шай ұсынылады.

Донорлық қанды қажет ететін пациенттерге көмектесуге ниет білдіргеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

Қанды тапсырғаннан кейін донорға берілетін ұсыныстар:




р/с №


Қан тапсырғаннан кейін нені істеу керек?

Қан тапсырғаннан кейін нені істемеу керек?

1.

Ине көктамырдан алынып, қол таңылғаннан кейін, білекті бүгіп, оны сол қалпында 5-10 минут ұстау керек.

2 сағат ішінде темекі шегуге және алкогольдік ішімдік ішуге болмайды

2.

Молынан су ішу және қан орталығының үй-жайында шамамен 10 минут демалу, сонымен қатар жуық арадағы 24 сағат ішінде бұрынғыдан да көп көлемде сұйықтық ішу.

8 сағат ішінде едәуір физикалық күшті талап ететін жұмыспен айналыспау керек

3.

Өзіңізді нашар сезінген жағдайда тез арада қан орталығының кез келген медициналық қызметкеріне хабарлаңыз, қан орталығынан медициналық қызметкердің рұқсатынсыз кетіп қалмаңыз.

12 сағат ішінде қан алған қолыңызбен ауыр жүк көтеріп, қозғалыс әрекеттерін жасамаңыз.

Қан мен оның компоненттері донациясы


алдында донорды медициналық
зерттеп-қарау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Донор куәлігі

Беткі жағы Артқы жағы





блок-схема: процесс 1 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрлігі

Донор куәлiгi_____________________

(куәлiк берген мекеме)

Тегі __________________________

Аты __________________________

Жөні __________________________

Жеке куәлiгi № ______________

Берiлген күнi _______________

Қан тобы

Резус тиістілігі

Басқарушы _______________

(қолы)



Донация
күнi

Донация түрi

Жауапты
адамның
қолы

Ес-

керт-


пе

Қан

Плазма




























































































Қан мен оның компоненттері донациясы


алдында донорды медициналық
зерттеп-қарау қағидаларына
4-қосымша

Зертханалық зерттеу көрсеткіштерінің нормалары


р/с№

Көрсеткіштер

Құбылу шектері

Зерттеу әдістері*

1.

Гемоглобин

Ерлерде кемінде 120 грамм/литр (бұдан әрі - г/л),

Әйелдерде кемінде 110 г/л



Коториметрикалық әдіс, автоматты талдауыштар

2.

Гематокрит

Ерлерде – 0,40–0,48
Әйелдерде – 0,36–0,42

Центифугамен айландыру әдісі

3.

Эритроциттің мөлшері

Ерлерде – (4,0-5,5)х1012/литр,
Әйелдерде – (3,7-4,7)х1012/литр

Автоматтық есептегіште немесе Горяев камерасында есептеу

4.

ЭШЖ

Ерлерде – сағатына 10 миллиметр (бұдан әрі - сағ/мм)
Әйелдерде – сағ.15 мм

Панченков микроәдісімен, автоматты анализатормен

5.

Тромбоцит мөлшері

кемі 160х109/литр

Горяев камерасында есептеу, қанның боялған жұғынында есептеу және автоматты есептеуіште санау

6.

Лейкоцит мөлшері **

(4 - 9) х 109/литр

Горяев камерасында және автоматты есептеуіште санау

7.

Ретикулоцит-тер

2-10 %

Қанның боялған жұғынында санау

8.

Қан сарысуының жалпы ақуызы

кемінде 65 г/л

Биурет әдісімен

9.

Қан сарысуының ақуыз фракциялары:

Альбумин 53,9-62,1 %

Глобулиндер 46,1-37,9 %:

a1 – глобулиндері -2,7-5,1 %

a2 – глобулиндері- 7,4-10,2 %

b- глобулиндері- 11,7-15,3 %

g-глобулиндері - 15,6-21,4 %



Электрофоретикалық әдіс

10

Қансырау уақыты

2-5 минут

Дьюк әдісі

11

Қанның ұю уақыты

5-10 минут

Ли-Уайт әдісі

Қан мен оның компоненттері донациясы


алдында донорды медициналық
зерттеп-қарау қағидаларына
5-қосымша


Қан мен оның компоненттері донорларына донорлықтан шеттету өлшемдері


Р/с


Атаулары

1

Инфекциялық аурулар: В және С вирустық гепатиттері, АИТВ инфекциясы, ЖИТС, мерез, туберкулез (барлық нысандар), туляремия, бөртпесүзек, лепра, В және С вирустық гепатиттері, АИТВ, мерез маркеріне зерттеудің оң нәтижелері

2

Инъекциялық есірткі тұтыну

3

Паразиттық аурулар: эхинококкоз, токсоплазмоз, трипаносомоз, филяриатоз, ришта, лейшманиоз.

4

Жіті трансфузиялық кеуекті энцефалопатиялар (бұдан әрі - ЖТКЭ): Куру, Крейтцфельда Якоба ауруы, Гертсманна-Штреуслер синдромы, отбасылық анамнезде ЖТКЭ барлығы, амиотрофикалық лейкоспонгиоз

5

Адам анамнезінде гипофиз, өсу гормоны препараттарымен емделгендері туралы ақпарат болуы

6

Жүрек–қан-тамырлық аурулары: II-III деңгейдегі гипертензиялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз; атеросклеротикалық кардиосклероз; облитерациялайтын эндартериит, ерекше емес аортоартрит, қайталанба тромбофлебит, эндокордиттер,миокардиттер,жүрек кемістігі (туа және жүре біткен)

7

Декомпенсация кезеңінде тыныстық жетіспеушілік белгілері бар тыныс алу мүшелері аурулары

8

Бауырдың созылмалы аурулары гепатиттер, соның ішінде токсикалық анықсыз этиологиялы, бауыр циррозы

9

Бүйрек және зәр жүру жолдарының декомпенсация кезеңіндегі аурулары

10

Функция мен зат алмасуының қайтымсыз бұзылуы кезіндегі эндокринді жүйе ауруы, қант диабеті (инсулинге тәуелді нысаны)

11

Орталық нерв жүйесінің органикалық аурулары

12

Дәнекер тіннің диффузиялық аурулары

13

Сәулелік аурулар

14

Көру мүшелерінің аурулары: толық соқырлық

15

Тері аурулары: генерализацияланған псориаз, витилиго, терең микоздар

16

Отоларингологиялық орган аурулары: озена, күрделі ағындағы созылмалы іріңу-қабыну аурулары

17

Қатерлі ісіктер және қан аурулары

18

Қол-аяғының біреуінің алынуымен, паренхиматозды және/немесе қуыс ағза немесе мүше (бауыр, бүйрек, өкпе, асқазан) бөлігін алумен жүргізілген операциялар

19

Созылмалы және жіті остеомелит

20

Ағзаларды трансплантаттау

21

Есту мен сөйлеуден толық айрылу

22

Анемнездегі анафилаксия расталған тұлғалар

23

Бір ағзадан артық зақымдалған аутоиммундық аурулар

24

Белгіленген генетикалық аурулар

25

Тұқым қуалаған және туа біткен, оның ішінде қан өндірім және иммундық жүйелерінің патологиялары

26

Психикалық аурулар және мінез-құлық бұзушылықтары

27

Онкологиялық,оның ішінде ремиссия сатысындағы аурулар

28

Жүктілік кезіңде цитостатикалық және тератогендік заттарды пайдалану

29

Нашақорлық, токсикомания, анамнездегі маскүнемдік

30

Соңғы 12 айдың ішінде қанды және оның компоненттерін құю, операциялық араласулар (оның ішінде жасанды түсік)

31

Босануға дейінгі 12 ай ішінде ине арқылы емделу, пирсинг немесе татуировка жасату

32

Донорлықтан тұрақты шеттету

33

Өлі туылғандық

34

Ананың бас тартуы

35

Жүкті әйелдердің жүктіліктің екінші кезеңіндегі анемия

36

Жүктілік бойы жүктілікті аяғына дейін көтермеу қауіпі

37

Гестация мерзімі жүктіліктің 38 аптасынан аз және 40 аптадан көп

38

Плацента жетілуінің екінші деңгейі

39

Ананың анамнезінде жүктіліктің бірінші жартысында ерекше емес инфекциялық ауруының бар болуы

40

Ананың жасы 40 жастан артық

41

Үшінші және одан артық босануы

42

Көп ұрықты жүктілік

43

Сусыз мерзімінің ұзақтығы 4 сағаттан артық

44

Кесарь операциясы

45

Қалыптың тәуекелді түрлерінің дәлелденген фактілері – сексуалдық қызмет көрсету, ретсіз жыныстық қатынасқа түсу

Ескертпе:

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23 тармақтарында көзделген донорлықтан тұрақты шеттету өлшемдері аутологиялық донорлар және перифериялық қанның гемопоэздік дің жасушаларының донорлары үшін пайдаланылмайды, оларды донацияға жіберу туралы құжатталған шешімді реципиенттің (аутодонор) емдеуші дәрігері қабылдайды.

1, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 және 34-тармақтарында көзделген донорлықтан тұрақты шеттету өлшемдері плаценталық қанның гемопоэздік дің жасушалары донорлары үшін пайдаланылады.

Жүктілік пен босану ағымының ерекшеліктеріне байланысты 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарда көзделген донорлықтан тұрақты шеттету өлшемдері бала туатын әйелге және сәбилерге медициналық көмек көрсету жөніндегі акушериялық гинекологиялық персоналдың жұмысын оңтайландыруға бағытталған және плаценталық қаның гемопоэздік дің жасушалары донациясында қажеттілігі кезінде есепке алынбайды.

Қан мен оның компоненттері донациясы


алдында донорды медициналық
зерттеп-қарау қағидаларына
6-қосымша

Қан және оның компоненттері донорлығынан уақытша шеттету
өлшемдері


Р/с


Атауы

Уақытша шеттеудің аралығы




1. Гемотранмиссиялық инфекцияларды жұқтыру факторлары:

1.

Қан мен оның компоненттерінің трансфузиясы (күйік реконвалесценттер және резус факторға иммундалған тұлғаларды қоспағанда)

12 ай

2.

Операциялық араласулар, оның ішінде түсіктер, аппендэктомия, холецистэктомия, репродуктивтік жүйе мүшелері және амблуториялық хирургия

4 ай

3.

Аллогендік қанның сілімейлі қабаққа түсуі немесе инъекциялық инемен укол алғандар

4 ай

4.

Аллогендік дің жасушаларын енгізу

4 ай

5.

Мөлдікқабықты, мидың қатты қабатын ауыстыру

4 ай

6.

Акупунктура, татуировка және пирсинг

4 ай

7.

В және С гепатитін жұқтырғандармен тұрмыстық байланыста болғандар (донор сөздерінен анықталады)

6 ай

8.

А гепатитін жұқтырғандармен тұрмыстық байланыста болғандар (донор сөздерінен анықталады)

35 күн

9.

Қан құю жолымен таралатын аурулар бойынша эндемикалық болып табылатын, тропикалық және субтропикалық климаттық елдерде (Азия,Африка, Оңтүстік және Орталық Америка) 4 айдан астам уақыт болғандар

безгекке тестілеу нәтижесі теріс болғандадонацияға қатыстыру 4 айдан кейін

10.

Тіс экстракциясы

Асқынулар жоқ болса – 10 күн, (кездейсоқ бактериемия тәуекелі салдарынан) күрделі асқынулар жоқ болғанда

11.

Мінез-құлықтың қауіпті формалары бар тұлғалар - сексуалдық қызметтер көрсету, ретсіз жыныс қатынастарына түсу

4 ай

12

ВГВ, ВГС, мерез, АИТВ маркерлерінің болуына расталмаған бастапқы оң нәтижелері жағдайында донорды уақытша шеттету кезеңі

Кейіннен бақылау тексерумен 6 ай

13

АлАТ жоғары белсенділігін байқаған жағдайда донорды уақытта шеттету кезеңі

Кейіннен бақылау тексерумен 1 ай

14

Жалпы клиникалық зертханалық тексеру нәтижелерінің ауытқуы жағдайда донорды уақытша шеттету кезеңі

Кейіннен бақылау тексерумен 1 ай




2. Ауырған аурулар және вакцинациялар

15.

Безгек

Клиникалық және зертханалық толық сауығу сәтінен бастап 4 ай

16.

Сарып (зерттеудің зертханалық әдістерімен расталған)

Клиникалық және зертханалық толық сауығу сәтінен бастап 2 жыл

17.

Ішсүзек

Айқын функционалдық бұзылулар болмаса, клиникалық және зертханалық толық сауығу сәтінен бастап 1 жыл

18.

Ангина

Сауығу кезінен бастап 1 ай

19.

Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекция

Сауығып, өзін-өзі қанағаттанарлық сезінгенде 2 апта

20.

Тұрақты шектеулер өлшемдеріне жатпайтын инфекциялық аурулар

Жазылғаннан бастап 6 ай

21.

Орналасуына қарамастан шиеленісу кезеңіндегі жіті және созылмалы аурулар

Жазылғаннан бастап немесе жедел уақытысы өткеннен соң 1 ай

22.

Жіті гломерулонефрит

Расталған толық жазулудан кейін 5 жыл

23.

Шиеленісу фазасындағы аллергиялық аурулар

Шиеленісу мерзімі басылғаннан кейін 2 ай

24.

Вегеттық-тамырлық дистония

Емделуден кейін 1 ай

25.

Q-қызбасы

Толық клиникалык жазылғаннан соң 2 жыл

26.

Жүктілік және бала емізу кезеңі

Босанғаннан соң 1 жыл

27.

Өлтірілген вакцинамен (В гепатиті, көк жөтел, паратифтер, тұмау, анатоксиндер, сіреспе, дифтерия және тағы да басқалары) егу алғандар

2 апта

28.

Тірі вакцинамен (сарып, оба, туляремия,туберкулез, қызылша, эпидемиялық паротит, ішсүзекке қарсы тірі бәсендетілген вакцина, сіріспеге қарсы тірі бәсендетілген вакцина, полиомиелит және тағы басқалары) егу алғандар

4 апта

29.

Құтыршақ ауруына, кене энцефалитіне қарсы вакцина

Жұқтыру көзімен байланысқа түскеннен кейін 1 жыл 1

30.

Манту реакциясы (егілген орынының айқын қабыну белгілері болмағанда)

2 апта




3. Көңіл-күйі себебінен және өзге де факторлар бойынша терапевттің шеттеуі

31.

Ішімдікті қабылдау

48 сағат

32.

Антибиотикті қабылдау

Қабылдап болғаннан соң 2 апта

33.

Анальгетиктер, салицилаттарды қабылдау

Қабылдап болғаннан соң 3 күн

34.

Тамыр соғуының жиілігі минутына 50-ден кем және 100-ден артық соққы, аритмия

48 сағат

35.

Систоликалық қысымы сынап бағанының (бұдан әрі – сын. бағ.мм) 180 миллиметрінен артық немесе сын. бағ. 100 мм кем

48 сағат

36.

Диастоликалық қысымы сын. бағ. 100 мм. артық немесе бағ.сын. 60 мм кем

48 сағат

37.

Дене қызуы 380С артық

2 апта

38.

Қанды тапсыру алдында түнгі ауысымдағы жұмыс

24 сағат




4. Эпидемиялық жағдайда донорлықтан шеттеу

36.

Эпидемиологиялық жағдайлар (мысалы, аурулардың өршіп көбейген жағдайлары)

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган анықтайтын эпидемиологиялоық жағдайға байланысты шеттету

Ескертпе: Донорларда осы тізімге кірмей қалған аурулардың белгілері болса, онда донорлыққа медициналық тексеру жүргізген дәрігердің шешімімен, қажет болса, тиісті бейінді маманның кеңесінен кейін қан тапсыруға жіберіледі.



Қан мен оның компоненттері донациясы
алдында донорды медициналық
зерттеп-қарау қағидаларына
7-қосымша

Донорларға айтылатын ақпарат


Қанды және оның компоненттерін донациялау алдында донор келесі сұрақтар бойынша ақпараттандырылады:

1. Қанды және оның компоненттерін донациялау шарасы, сондай-ақ қан компоненттерінің ауруларды емдеудегі қажеттілігі туралы.

2. Донорларды зертханалық зерттеудің мақсаты, анамнездің нақты деректерін алудың, сондай-ақ қанды және оның компоненттерін ерікті ақпараттандырылған келісімнің донациялау маңыздылығы туралы.

3. Қанды және оның компоненттерін донациялауға байланысты болжамды уақытша жанама реакциялар туралы.

4. Донордың қанды және оның компоненттерін донациялау шарасына дейін немесе қанды және оның компоненттерін донациялау шарасының қай уақытында болса да бас тарту құқығы туралы, ол донорға ешбір кері әсерін тигізбейді.

5. Донордың өзі туралы мәліметтердің құпия болатыны және тексеру нәтижелері туралы ақпаратты алу құқығы туралы.

6. АИТВ антиденелерін және В және С вирустық гепатиттер маркерлерін және өзге де трансфузиялық инфекцияларды табу донорды донорлықтан тұрақты шеттетуге, дайындаған қанды және оның компоненттерін жоюға және осы айтылған ақпараттардың денсаулық саласының тиісті ұйымдарына міндетті түрде берілуіне әкелетіні туралы.

7. Қанды және оның компоненттерін донациялаудан кейін 24 сағат аралығында ауыр және жүйкеге күш түсіретін жұмыстардан шектелуі туралы.

8. Қан және оның компоненттері арқылы берілетін инфекциялар туралы.

9. АИТВ клиникалық белгілері және оның берілу жолдары туралы.


Қан мен оның компоненттері донациясы


алдында донорды медициналық
зерттеп-қарау қағидаларына
8-қосымша

Қан мен оның компоненттерінің донациясы түрлері
арасындағы ең аз аралық интервалдар


Р/с


Бастапқы шара

Одан арғы шара

Жаңа алынған қан дона-циясы

Бір реттік плазмаферез

Екі реттік немесе аппараттық плазмаферез

Тромбоцитаферез

Бір реттік эритроцитаферез

Екі реттік эритроцитаферез

1.

Жаңа алынған қанның донациясы

60 тәулік

30 тәулік

30 тәулік

30 тәулік

60 тәулік

90 тәулік

2.

Бір реттік плазмаферез

7 тәулік

7 тәулік

7 тәулік

7 тәулік

7 сағат

7 тәулік

3.

Екі реттік немесе аппараттық плазмаферез

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

4.

Тромбацитаферез

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

14 тәулік

5.

Бір реттік эритроцитаферез

60 тәулік

30 тәулік

30 тәулік

30 тәулік

60 тәулік

90 тәулік

6.

Екі реттік эритроцитаферез

Ерлер үшін 120 тәулік
Әйелдер үшін 180 тәулік

60 тәулік

60 тәулік

60 тәулік

Ерлер үшін 120 тәулік
Әйелдер үшін 180 тәулік

Ерлер үшін 120 тәулік
Әйелдер үшін 180 тәулік

Ескертпе:

Плазма (оның ішінде иммундық) донациясы кезінде – дайындалған плазма антикоагулянт есебімен 1 жылда 20 литрден аспайтын плазма дайындалады. Плазма немесе тромбоциттерді әр жүйелі 20 донациядан кейін донорға бір айға демалыс беріледі.

Аферез әдісімен эритроциттер донациясы кезінде ұқсас мерзімде жаңа алынған қан донациясында эритроциттерден бірдей айырылу көлеміндегі эритроциттерді жыл бойы дайындау жүргізіледі.

Ерекше жағдайларда (қажетті қан тобы бар донор болмағанда) шараның аралық интервалы донорға медициналық тексеру жүргізген дәрігердің шешімімен қысқартылуы мүмкін.

Плазмаферез шарасы кезінде донорға эритроцит қайтарылмай қалса, онда қан мен оның компоненттері донациясы түрлерінің аралық интервалы жаңа алынған қан донациясы аралығына теңеледі.

Қанды аз мөлшермен дайындау жаңа алынған қанның 10–30 мл көлемімен аптасына 3 реттен аспай жүргізіледі.

Қан донациясының ең төменгі жиілігі:

ер донорлар үшін – 450 миллилитр (бұдан әрі - мл) ± 10% көлемде жылына 6 доза,

әйел донорлары үшін – 450 миллилитр (бұдан әрі - мл) ± 10% көлемде жылына 4 доза.



Перифериялық қанның ГДЖ донациясының жиілігі мен реті перифериялық қанның бір және одан артық микролитрінде 20 жасуша мөлшеріндегі CD+34 бастапқы деңгеймен және қорытынды өнімде реципиент дене салмағының 1 килограммына/2х106 CD+34 жасуша деңгейінде анықталады.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет