Ана тілім – ұраным, Ана тілім – құралым. Ана тілім болмаса, Болмас еді жыр-әнім. Ана тілім – елдігім, Ана тілін ақтаңдар, Ана тілім – ерлігім. Ана тілін сақтаңдар! Ана тілім болмаса, Ана тілмен безеніп, Бүтінделмес кемдігім



жүктеу 24.02 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі24.02 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары










Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр-әнім.
Ана тілім – елдігім, Ана тілін ақтаңдар,

Ана тілім – ерлігім. Ана тілін сақтаңдар!

Ана тілім болмаса, Ана тілмен безеніп,

Бүтінделмес кемдігім. Ата берсін ақ таңдар!



С. Кәттебайұлы
Туған тілім

Д. Әбілев
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім!


Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып –ақ алыңдар.







Жүрегімнің бөлшегі

Б. Үсенбаев

Қаның, жаның – тіліңде,

Арың, нәрің тіліңде.

Ұмтыл оны білуге.

Тілден алып ғибрат,

Құлшынасың білімге.


Ана тілің – ертегің,

Ана тілің - өркенің,

Ана тілің – ертеңің.

Қадірле ана тіліңді –

Жүрегіңнің бөлшегін.

Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету - әрбір азаматтың міндеті.



АНА ТІЛІ
Ана тілі – бар білімнің қайнары,

Аталардың өсиеті пайдалы,

Алақаны мейірімді анаңның,

Ұстазыңның жарқын жүзі жайдары.


Ана тілім – тастамайтын әліппем,

Болғаным жоқ әріптерін танып мен.

Өз тілімді жақсы көру арқылы

Достасамын басқа барлық халықпен.



Ә. Дәуренбеков


Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

С. Торайғыров
Тіл қаруы – сөз. Сөз қаруы – ой.

Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті.

Ғ.Мустафин


ТІЛ ТУРАЛЫ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕР
Ана тілі – бәріміздің анамыз, Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы. Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.

* * * * * *

Ана тілің алпыс тілге татиды. Ақынның тілі қылыштан өткір.

* * * * * *

Басқа пәле – тілден. Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.

* * * * * *

Қазақтың ақылы – көзінде, Қылыш жарасы бітер,
Қасиеті сөзінде. Тіл жарасы бітпес.

* * * * * *

Өз тілің – бірлік үшін, Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Өзге тіл – тірлік үшін. Тілімнен сүріндірмесін.

* * * * * *

Сөз – көмек, тіл – құрал. Тәрбие тілден басталады.

* * * * * *

Тілді қорлау – халықты қорлау. Ұлттың өшуі тілдің өшуінен басталады.

Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет