Аналитикалық жолмен жасалған есімдіктер



Дата28.04.2016
өлшемі94.22 Kb.

Аналитикалық жолмен жасалған есімдіктер


Тіліміздегі бірқатар есімдіктер аналитикалық жолдармен жасалады. Бұл ретте олардың бірігу, қосарлама айтылу және сөз тіркесі құрамында қолданылу жолдары жатады. Аталған осы жолдардың аясы да есімдік құрамында онша көп кездесе бермейді. Бұлардың өзін іштей саралап көрсетсек, мынадай заңдылықтарды байқаймыз.
Бірігу арқылы жасалған есімдіктер

Есімдіктердің осындай жасалу жолындаолардың белгілібір түрі әр уақытта да сөздердің біріге жұмсалуына негіз болып тұрады. Осы негізде бір есмдік түбірден бірнеше біріккен тұлғадағы есімдіктер өрбіп жатады. Мәселен, бір еш сөзінен болымсыздық мәндегі бірнеше есімдіктер туындайды: ешкім, ешқайда, ешқайсы, ешқандай, ешбір,ешқашан, ештеме.

Бірігу арқылы жасалған есімдіктердің құрылысына әлде есімдігіде себепшіболады. Осы есімдіктің негізіндебірнеше белгісіздік есімдіктері туындап жатады: әлдебір, әлдекім, әлдеқайда т.б. Ән шырқайды аулақта, әлдекімдер құбылтып... Сұлтанмахмұттың көз алдына әлденелер елестеді.Омашты тартатын көліктің көпшілігі – есек. Әлденешеуін парлап жеккен.

Осылар тәріздес белгісіздік есімдіктерінің біріккен түрінде әр есімдігі де айрықша қызмет атқарады: әрине, әркім, әрқайсы. Боз үйдің жанында бағанадан бері әркімнің атын атап шақырып тұрған дауыс басылды.



Қосарлана келген есімдіктер.

Қосарлана жұмсалған есімдіктер тілімізде өте аз кездеседі. Есімдіктердің қосарланған түрлерінің көпшілігі үстеуге айналып кетеді. Ал қосарлана жасалған есімдікті сөздер есім мағынасында қалса ғана өз табиғатын жоғалтпайды. Мұндай есімдіктер қатарына мына тәріздес сөздер жатады: өзін-өзі, ондай-мұндай, онысы-мұнысы т.б. Кімде-кім партиямен бірге болса, ол елімен бірге екені бәрімізге мәлім. (Ғ.Мүсірепов).



Етістіктің сөзжасамы

Етістік – күрделі сөзжасам жүйесі бар сөз табы. Ол туынды сөздерге өте бай, өз құрамын тілідң тарихи дамуы бойында үнемі толықтырып отырады. Етістіктің сөзжасам жүйесінде түрлі сөзжасамдық тәсілдер қолданылады. Олар – синтетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсілдер. Етістікте бұлтәсілдердің екеуі өте өнімді. Синтетикалық тәсіл арқылыбасқасөз таптарынан етістіктің құрамы үнемі толықтырылып отырады. Бұл – етістіктің құрамының толығуының негізгі жолдарының бірі.

Етістік жасауға негізгі түбір және туынды түбірлер негіз болады. Әрі қарай мағыналы морфемаларға бөлуге келмейтін: ал, аш,ақ, біл, ұқ т.б бір буынды түріндегілер – н е г і з г і т ү б і р деп аталады.

Қазіргі қазақ тілі тұрғысынан келіп, тас, шоқы, сандал. Тебірен т.т. көптеген етістіктерді де бүтін бір морфема, яғни, негізгі түбір дейміз. Осылай болғанның өзінде негізгі түбірлердің етістікке жататындары жүздеп саналады. Ал туынды түбірлі етістіктер мыңдап саналады. Етістікті санының молдығымен де, құрылымының әрқилылығымен аса күрделендіріп, ерекшелендіретін қасиет сол етістіктегі сөзжасалымның аса құнарлылығында. Бұл синтетикалық тәсілдің нәтижесі.

Бұл қатысатын сөзжасамдық элементтер түбір сөздер және сөзжасам жұрнақтары. Етістік сөзжасамында аналитикалық тәсілдің де алатын орны өте үлкен.

Етістіктің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы.

Туынды түбір етістіктер.

Туынды түбір етістіктің басым көпшілігі түбір морфемаларға жұрнақтар қосылу арқылы жасалады. Туынды түбір етістікке негіз болатын есімдердің ішінде зат есімдердің орны ерекше. Бұдан соңғы ауызға алынатын – сын есім. Сан еісм мен есімдік, үстеу,одағай, еліктеуіш, бейнелекішс өздерден де етістік жасалады.

Осы атап өткен сөз таптарынан жасалған туынды түбірлерінің ішінде ой-ла, жас-а, көл-кі, екеу-ле, ақ-та т.б.түп негізділерімен қатар тар-қ-та, өр-ім-де сияқты ол баста етістіктен зат есім болып барып, екінші рет етістікке қайта айналып келетіндер де аз емес. Мұндай екінші рет, кейде тіпті үшінші ретте бір сөз табынан шығып, оған қайта айналып келу әр сөз табының өзіне тән жұрнақтардың қызметінен шығады. Етістік жасайтын осындай жұрнақтардың ішінде көне замандардан күні бүгінге дейін ілкілдегісінен де қызметі арта түсіп, аясы кеңіп келе жатқан –ла,-ле, -да, -де, -та, -те жұранқтары қосылып, етістікке айналмайтын сөз табы жоқ десе де болады. Осы жұрнақ негізінде пайда болған –лан, -лен, -лас, -лес одан әрі күрделене түсіп, -ландыр, -лендір, -ластыр, -лестір т.т.етістік жасайтын аффикстердің де атқарар міндеті зор.

Есім негізді туынды түбір етістіктер

Есімдерге қосылып, етістік жасайтын аффикстердіәр сөз табы тұрғысынан есептесек, онда



  1. Зат есімге а) жалаңдардан: -ла, -ле, -ды, -а, -с, -ы, -і,,, -ра, -ре, -са, -се, -сы, -сі, -жі, -шы, -ші,-ыш, -ық, -ік, -ке, -қар, -кер, -қы, -кі,-р, -л,-пы, -т, -си, -пи, -ки, -ма, -зы; б) күрделілерден -лан, -лен, -лас, -лес, -ландыр, -ластыр, -ырқа, -ірке т.т қосылады.

  2. Сын есімге: а) жалаңдардан: -ла, -ле, -а, -е, -ы, -і, -ра, -ре, -сы, -сі, -се, -ық, -гер, -р, -л, -и, -т, -си, -ти;

б) күрделілерден: -лан, -лен, -ырқан, -іркен, -ірей т.т қосылады.

  1. Сан есімге: а) –ық, -ік, -ғыр деген жалаң; б)-лен, -лес, -лап, -леп, -лаған, -леген деген күрделі жұрнақтар үстеледі.

  2. Есімдіктерге –ла, -сі және осылардың –ла-п, -ла-ған, -сі-н деген түрлерінен ғана бірді-екілі туынды түбір етістіктер жасалады.

  3. Үстеулерге негізінен –ла, -ле аффиксі, сондай-ақ осы аффикстің етіс аффикстерімен қосылып, -дат, -дет,-датып, -детіп т.т. күрделенген түрлері қосылады.

  4. Одағайға үстелетіндер: а) –ла, -ле, -қа; б)-ңра, -ңре т.т.

  5. Еліктеуіш епн бейнелеуіш сөздерге: а) –ла, -ле, -қыр, -кір, -ыр, -ір, -ы, -і, -сы, -сі, -лік, -ар, -ен, -шы, -ына т.т. жалаң; б)-ырсы, -ырай сияқты бірді-екілі күрделі жұрнақ қосылып, етістікке айналады.

  6. Бейтарап сөз делінетін: бар, жоқ,аз, көп т.т. а) – ла, -лей, -ай, -ей, -сі,, -ыр жалаң; б)-сын, -сін, -ырқан күрделі жұранқтарымен қолданылады.

  7. Мына жұранқтармен біте қайнасып барып, туынды түбір етсітік болып есептелетін, олжұранқтарсыз өлі түбір деп есептелетін жағдай да бар: а)-ла, -ле, -й, -шы т.т. тәрізденіп келетін –л, -н, -т, -р т.т. бірсыпыра аффикстілер.

Осы санап өткен жұрнақтарға зер салсақ, барлық сөз табына да қосылып етістік жасайтын ортақ афиикстер бар екені айқындалады. Бұлар ең алдымен –ла, -ле, және осыдан өрбіген –лан, -лен аффикстері. Бәріне болмағанда да осы көпшілігіне қосылатын –сы, -сі, -ы, -і, -а, -е, -ыр тәрізділері де бар. Бакрлық сөз табына қосылып, туынды түбір етістік жасайтын –ла, -ле, аффиксін бөлек, күрделі –лан, -лен және –лас, -лес, -лат, -лет аффикстерін одан соң әр сөз табы тұрғысынан рет-ретімен баяндау қажет болады.

-ла, -ле аффиксті туынды түбір (тт) етістіктер (е)

Зат есім негізді тт. Бұл топтағы туында түбір етістіктер Дмитриев Н. өзінің “Башқұрт тілі грамматикасында “үнемі сабақты етістік болады”, - дегеніне келе бермейді. Бұл автордан жарты ғасыр бұрын “олар сабақты етістік те, салт етістік те бола береді ”, - деп Катанов атап өткеге сай келеді.

А) бас-та, көз-де, ой-ла, арқа-ла, т.т. етістіктер тойдыбаста, мақсатты көзде, жүкті арқала тәрізділерде нені? кімді? Деген сұрақтарға жауап болатын тура толықтауыштарды меңгеріп, сабақты етістік болады.

Б) мұз-да, тізер-ле, өкпе-ле, тымау-ла, ызың-да ыңыл-да т.т. салт етістік болады.

-ла, -ле аффиксі қосылғанға дейінгі зат есімдер дегендеолардың ішінде а) бас, бала, аяқ, өкпе, қол т.т. негізгі; б)же-м, тара-қ, тұз-дық, тізе-р т.т. туындытүбірлер кездеседі.

ТТ етістіктерге негіз болған есімдердің бұл сияқты түбір өзгешеліктерні есептемей-ақ, сабақты не салт етістік болуы жағынан екі топқа бөліп, әрқайсысын мағыналарына қарай іштей саралап, таратып беруге болады.

Күрделі етістік

Қазақ тіл білімінде күрделі сөз проблемасы ертеден түрлі ғалымдардың зерттеу обьектісі болып келді. Күрделі сөздерді арнайы зерттеу түркологияда да қазақ тіл білімінде дебар.

Күрделі сөзө түркологиядағы өте ірі проблемаларға жатады, оның әлі шешуді керек ететін мәселелері де көп. Солардың біріне күрделі етістіктер жатады. Түркологияда күрделі етістік деген термин өте кең мағынада қолданылып, оған сырттай ұқсастығы бар тілдің түрлі фактілеті жатқызылып келеді. Мысалы, жәрдем, ет, жүрек жұтқан, келіп кет, келе алмау сияқты түрлі типті сөздердің бәрін күрделі етістік деп тану түркологияда біраз уақыт орын алып келді.

Тілдің әрбір құбылысын зер сала зерттеу түркологияда кең орын алуына байланысты күрделі етістік деген терминге сыйғызылып жүрегн тіл фактілерінің ерекшелігі ашылып, олардың тілдің түрлі құбылысы екенін зерттеушілер дәлелдеуде. Түркологтар ең бірінші аналитикалық етістіктердің ерекшелігіг ашып қарауда. Бұл арада көптеген зерреушілердің бір пікірдеболғанын, тек оларды атауда, терминде түрлілік болғаныны ескерте кеткен жөн.

Бір топ зерттеушілер оларды құранды етістіктер, екінші топ күрделі етістік, үшінші топ нанлитикалық етістіктер деп атайды. Бұл зерттеушілердің бәрі де есім-көмекші етістік моделімен жасалған етістіктердің компоненттері етістіктерден жасалған күрделі етістіктерден ерекше екені дәлелденген. Соңғы кезде күрделі етістк құрамынан аналитикалық формаларды бөліп алудың қажет екені ғылыми тұрғыдан дәлелденді.

Бірде күрделі етістік, бірде тұрақты сөз тіркестері құрамында қаралып жүрген тіркестердің ерекшелігі арнайы зерттеліп,олардың тіл біліміндегі орны айқындалуда.

Ғалымдарымыздың соңғы кездегі ғылыми еңбектерінің бұл бағыттағы зерттеулерін ескере отырып, қазақ тілінің фактілерін зерттеудекүрделі етістікке сыйғызылып жүрегн тілдіңтүрлі құбылыстары , олардың әрқайсысының өзіндік белгілері бары айқындалады. Атап айтқанда олар мынадай:


  1. күрделі етістік, 2)аналитикалық етістіктер, 3)тұрақты тіркестер, 4)аналитикалық формалы етістіктер т.б. Күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістіктер – тілдегі біріне-бірі өте ұқсас құбылыстар. Тілдегі аналитикалық формалы етістіктер аналитикалық форманттар арқылы жасалады. Мысалы: Ол ойыне толық айта алмады. Осы сөйлемде айта алмады – аналитикалық формалы етістік. Ол сөйлемде айтылуға тиісьі мүмкіндік моральділігін білдіру үшін қолданылады.Бұл, әрине, күрделі етістк емес. Осы етістіктің күрделі етістікке жатпай, аналитикалық формасына жатудың үлкен себебі бар. Олардың мұндағы модельділік мағыналары оны білдіретін тілдегі нақтылы көрсеткішті атауға болады. Аталған көрсеткіштегі алма көмекші етістігі өзінің лексикалық мағынасынан мүлдем айрылған, лексикалық мағынасы жоқ. Күрделі сөз жариясы бойынша күрделі сөз жасауға тек қана мағыналы компоненттер қатысады. Күрделі сөздің мағынасы лексикалық мағыналы компоненттердің мағынасынан шығады.

Құранды етістік


Дербес сөзге тіркесіп, оның лексикалық мағынасын өзгертетін, бір сөз табынан екінші сөз табына ауыстыратын аналитикалық форманттар сөз жасаушы аналитикалық форманттарға жатады.

Мысалы, жүрегінтолтырған қуанышты да, назды мұң мен толқынды ыстық ой да,барлық пердесіз, қытықсыз шынын, осы әнге табыс еткен. Бұл сөйлемдегі табыс еткен деген морфологиялық түйдекті алайық.Қазақ тілінде ол құранды етістік деп аталады. Өйткені мұнда есім сөзге тіркескен көмекші етістік оған қимыл мағынасын қосып, оны етістікке ауыстырады.Бұл құранды етістіктің синонимі – тапсырған деген дара етістік. Бұл дара етістіктің қимыл мағынасының тпбыс еткен деген құранды етістікпен синонимдігі ондағы көмекші етістік арқылы берілген, өйткені табыс деген зат есімде қимыл мағынасы жоқ.

Қазақ тілі мұндай сөз жасаушы аналитикалық единицаларға кедей емес, олар тіл құрылысынан белгілі орын алады. Бұлар синтетикалық единицалармен жарыса өқызмет атқаратын болғандықтан, оны синтетикалық тұлғаларға қарама-қарсы аналитикалыфқ тұлғалар арқылы сөз жасау деп қараған жөн.

Құранды етістіктер – етістіктің аналитикалық тәсілі арқылы жасалуының нәтижесінде тілге қосылған етістіктердің үлкен бір тобы. Құранды етістіктер есім сөзге көмекші етістіктердің тіркесуі арқылыжасалады дегенбіз Мысалы: Темір кереуетті сақыр-сұқыр еткізіп, әрі-бері аунап жатты. Келтірілген мысалды сақыр-сұқыр еткізіп деген құранды етістіктер қолданылған. Бұл құранды етістіктер ет көмекші етістігінің сақыр-сұқыр деген есім сөздерге тіркесуі арқылы жасалған. Ет көмекші етістігі - құранды етістік жасайтын ең өнімді көмекші етістік.



Үстеу сөзжасамы

Сөз табының бірінен санеалатын үстеудің жасалу жолы әртүрлі амалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай амал-тәсілдерді өзара саралып топтағанда, олар екі үлкен арнаға жіктеледі: синтетикалық, аналитикалық тәсіл. Бұлардың қайсысы болса да, үстеу сөз табын туындатуда өзіндік қызмет атқарады. Үстеудің жасалу барысын түбір негізбен байланыстыратын болсақ, бұл ретте оның әр сөз табы негізінде өрбіп отыратындығын байқаймыз. Мәселен: қыста, күзде тәріздес үстеу сөздер зат есім негізінде қалыптасқан. Осы сияқты басқа сөз таптары арнасында да түрліше амал-тәсілдердің қатынасуымен үстеулер жасалып отырады.



Үстеудің морфологиялық тәсілдер арқылы жасалуы.

Сөзжасам саласында үстеудің синтетикалық тәсілдер арқылы жасалуы әрқилыболып келеді. Өйткені бұл сөз табының қалыптасуына түрліше жұранқтар қатынасады. Мұндай жұрнақтар үстеудің туындауында үстеу сөз табының өзіне не болмаса басқа сөз таптарына жалғанады.



Үстеу сөздің өзінен пайда болған үстеулер.

Мұндай үстеу сөздердің негізі мезгілідк ұғымда (кеше, бүгін, қазір, әзір, ақыры, ерте , жаңа т.б.) жұмсалып, өзімен біте қайнасып кеткен қосындынаы да осындай мәнде болуға бағыштап тұрады. Қараңыз:

Үлкен айдынмен үркіте, шошыта келген қалың қайрат, қара бұлттай қатты ашу қазірде қайта серпіліп, уақытша сабасына түскендей болды.(М.Әуезов). Капитан бүгін азанда бір аса маңызды хабар есітіпті. (Ә.Нұрпейісов). Қарт бақтың ең шеткі жағында жаңадан ғана егілген жас ағаштарға Әсет Ережепті алып келді(Қ.Оразалин).

Кейде осы көрсеткіш басқа сөзжасам аффиксінен кейін мекен сатылап барып та жалғанады: Ертеректе осы өлкенің мекен еткен ағайынды екі жігіт болады. (Қ.Жұмаділов)



Зат есімнен пайда болған үстеулер.Бұл тәріздес үстеулер болған оқиғаның мезгіл-мөлшерін білдіріп тұрады.

Әбден әңгімелесіп, тамақ ішіп болған мезетте келді. (С.-Талжанов). Бұл мезетте совхоз орталығынан келе жатқан жүргіншілер декеліп жеткен еді. (Т.Қаупынбаев) ... Мынадай бір шана шөпті бір өзі көтереді дегенді өмірде ойламағанбыз.(М.Дүзенов).

Сын есімнен пайдаболған үстеулер. Мұндайда сөздің түбір қалпы сын есімдік мәнде келеді. Алайда мағыналық үндестігі жағынан кейде мұндай сөздер үстеулермен де астарласып жатады.

Ауылдары алшақта отырған Сүлеймен старшина мен Бәкір молда да келіп, ботаның басында болды. (С.Сейфуллин).

Есімдіктен пайда болған үстеулер. Үстеулердің бұл түрінде сөз түбірі есімдік болады да, -да, -де қосымшаларының әсерінен енді олар мездгілдік ұғымдағы үстеу сөз табын жасайтын болады. Анада Ерғали барып қайтқандабір сөзінен денем түршіккен. Еламан бұндайда өз бөлмесіне кетіп қалады. Күрес кезінде бұны біз естен әсте шығармаймыз.
Каталог: CDO -> 2005-2006 -> Sozjasam -> Data -> Kosimsha
CDO -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
CDO -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
CDO -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Kosimsha -> К‡рделі зат есім
2005-2006 -> Болады дейік (13-сурет) кесіндісін а Х
2005-2006 -> 1. Рим азаматтыќ ќ±ќыѓыныњ пєні болып не табылады? а жеке ќ±ќыќтыќ ќатынастар
Data -> 13 Тақырып: Күрделі етістіктер. Жоспар


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет