Қандай ақыл-парасат және дін терактілерді джихад деп атай алады?! Уа, жастар, естеріңді жиыңдар!



бет1/4
Дата16.04.2016
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4


«әд-да‘уәту-ссаләфия»

мақалалар сериясы

8-бөлім

Шейх


Абдуль-Мухсин әл-Аббәд әл-Бәдр

Қандай ақыл-парасат және дін терактілерді

джихад деп атай алады?!

Уа, жастар, естеріңді жиыңдар!



Бірінші басылым

Аудармасын және ескертпелерін дайындаған



сайтының редакциясы


Қазақ тіліне аударған



сайтының редакциясы
Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен
шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббәдтың1 кіріспесі
Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз. Йә, Аллаһ, оған, оның отбасы мен сахабаларына, және Ақырет Күніне дейін оның жолы мен басшылығына ілескендердің барлығына рахметің мен игілігіңді сыйлай гөр!

Ал содан соң:

Ақиқатында, шайтаның мұсылмандарды уәс-уәстайтын және адастыратын екі жолы бар. Олардың біреуіне ол күнәларға бейім, селқостыққа және дінге деген немқұрайлыққа берілетіндерді итермелейді. Мұндай мұсылманға ол күнәларды және нәпсісінің дегенімен жүруді әдемі етіп көрсетіп, оны Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мойынсынудан алыстатады.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Жәннәт (нәпсі) ұнатпайтын нәрселермен, ал Тозақ әуес-қалаулармен қоршалған». әл-Бухари 6487, Муслим 2822.

Ал басқа жолға шайтан ғибадатта және Аллаһқа бағынуда ыждағаттылық танытатындарды итермелейді. Мұндай адам үшін ол шектен шығушылықты әдемі етіп көрсетіп, дінді бұзу үшін, онда орынсыз нысапсыздық жасауға итермелейді.2 Пәк Аллаһ Тағала былай деді: «Йә, Кітап Иелері! Діндеріңде нысапсыздық көрсетпеңдер және Аллаһ туралы тек шындықты айтыңдар!» (ән-Нисә 4: 171).

Аллаһ Тағала сондай-ақ, былай деді: «Әй, Кітап иелері! Ақиқатқа қарсы діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар, және бұрынрақ тура жолдан тайып, адасушылыққа түскен және өзге көпшілікті адастырған адамдардың әуесін құптай бермеңдер!» - де». (әл-Мәидә 5: 77).

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз артық нәрселерден) абай болыңдар, өйткені сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі шектен шығушылықтары опат қылды!» - деді. Бұл хадис сахих болып табылады. Оны имам ән-Нәсәи тағы да басқалар келтіреді. Бұл хадис - Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығы кезінде айтқан хадистерінің қатарынан. Ол жөнінде толық шейх әл-Әлбәнидің «әс-Сильсилә әс-сахиха» сынан қараңыз 1283.

Және шайтанның шектен шығушыларға және нысапсыздық танытушыларға қатысты айлаларының қатарынан – бұл оның оларға өз әуес-қалауларына ілесуді және дінді бұрыс түсінуді әдемі етіп көрсетуі. Ол оларды ғалымдарға жүгінуден алыстатады, ғалымдар оларға ақиқатты түсіндіре алмауы және тура жолға нұсқай алмауы үшін, және сөйтіп оларды өз адасушылықтарымен алданып қала беруі үшін. Аллаһ Тағала былай деді: «Және әуес-қалауға ерме, әйтпесе ол сені Аллаһтың жолынан тайдырады!» (Сад 38: 26).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

«Аллаһтың басшылығынсыз өз қалауларына ергеннен кім артығырақ адасушы болып табылады?» (әл-Қасас 28: 50).

«Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны игілік деп санайтын біреу тура жолға ілесушімен тең бе? Аллаһ қалағанын адастырып, қалағанын тура жолга салады».(Фәтыр 35: 8).

«Ал сонда Раббысынан түскен басшылыққа ілескен біреу, өзіне жаман амалы әдемі көрсетіліп, әуестерін құптай берген біреумен тең бе?» (Мухаммад 47: 14).

«Ол - Аллаһ, саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар - Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ, астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық таратқысы келіп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі».3 (Әли ‘Имран 3: 7).

Имам әл-Бухаридің (4547) және имам Муслимнің (2665) жинақтарында Айшадан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен мына хадис риуаят етіледі. Бірде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда келтірілген аятты оқыды да: «Егер айқын болмаған нәрсеге ілесушілерді көрсең, біл: міне осылар – Аллаһ олар туралы айтқандардың дәл өздері, ендеше, олардан сақ бол!» - деді.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ кімге игілікті қаласа, Ол оны дінді жетік түсінуші қылады». әл-Бухари 71, Муслим 1037.

Бұл хадис Аллаһ өзінің құлына игілікті қалауының бір белгісі етіп оны дінді дұрыс түсінушілерден қылатынына нұсқайды. Сондай-ақ, осыдан - кімге Аллаһ игілікті қаламаса, Ол оны дінді түсінуге алып келмейтіні де шығады. Тіпті Ол оны діннің бұрмаланған түсінігімен зақымдайды.

Діннің бұрмаланған түсінігінің мысалы – Алиге, Аллаһ оған разы болсын, қарсы шыққан және кейіннен оны өлтірген хауәридждердің түсінігі болып табылады. Ақиқатында, олар шариғаттың мәтіндерін сахабалардың түсінуіне қайшы келетін бұрыс түсінумен түсінді. Міне сондықтан да, Ибн Аббас оларға Құран мен Сүннеттің мәтіндерін дұрыс түсіндірген және олардың дұрыс түсінігіне нұсқаған кезде, хауаридждердің бір бөлігі тәубеге келіп, өздерінің бұрыңғы көзқарастарынан бас тартты. Бұл уақиға имам әл-Хакимнің «әл-Мустадрак» атты еңбегінде 2/150-152 санымен, имам Муслимнің шарттарына сәйкес келетін сахих иснадымен келтірілген.

Бұл тарихи деректе алты мың хауәриждерден құралған топ халифа болып табылатын Али ибн Әбу Талибтен бөлініп шығып, «Харура» деген жерде қоныстанғаны туралы баяндалады. Және адамдар Алиге келіп: «Йә, муминдердің әмірі, адамдар саған қарсы шықты!» - деп айтуын тоқтатпады. Ол бұған: «Оларды қойыңдар, өйткені, мен олармен, өздері бірінші болып бастамайынша, соғыспаймын, және олар жуық арада осыны істейді деп ойлаймын», - деп жауап беретін. Және барлығы осындай жағдайда болып тұрған кезде, Ибн Аббас бесін (зухр) намазынан кейін Алиге келіп:: «Йә, муминдердің әмірі, маған рұқсат ет: мен ол адамдарға барып, сөйлесейін», -деді. Али оған: “Олар саған жауыздық жасайды деп қорқамын”, - деп айтты.4 Сонда Ибн Аббас: “Мен жұмсақтық танытамын және олардың ешқайсысын қорлап сөйлемеймін!” – деді. Содан соң Али оған рұқсат берді және: “Олармен Құран арқылы айтыспа, Сүннет арқылы айтыс”, - деп айтты. Ибн Аббас: “Мен Аллаһтың Кітабын олардан жақсы білемін!” – деп жауап берді. Сонда Али оған: “Дұрыс, алайда Құранды әртүрлі тәпсірлеуге болады”, - деді.5

Ол хауәриждерге түстен кейін келді және оларды түскі тамақтың үстінде кездестіріп үлгерді. Ибн Аббас былай деп баяндаған: “Оларға келіп, мен ғибадатта олардан ыждағатты болған адамдарды ешқашан көрмеген адамдарды көрдім.6 Мені көріп, олар былай деді: “Сенімен амандасамыз, йә, Ибн Аббас. Сені бізге не алып келді?” Ол: Мен сендерге Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан – мухаджирлер мен ансарлардан, және оның көкесінің баласынан келдім. Құран оларға түсірілген еді, және олар оның мағынасын сендерден жақсырақ біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ! ” – деді.

Олардың кейбіреулері: «Онымен сөйлеспеңдер!» - деп айқайлай бастады. Сонда сол кезде әлі хауәридж болып жүрген Ибн әл-Кәуә орнынан тұрып, адамдарға қарап, оларды Ибн Аббастан сақтандырып: “Йә, Құранға ілесушілер! Егер бұл Ибн Аббасты біреулер білмесе де, мен оны білемін, міне соның халқы туралы Аллаһ былай деді: «Олар – керісуші адамдар болып табылады» (әз-Зухруф 43: 58). Оны қожайынына қайтарыңдар және Аллаһтың Кітабынан қайтпаңдар!” – деді.7

Ал басқалары былай деді: “Айта бер, біз сені тыңдаймыз”. Және сонда Ибн Аббас оларға Алидің келесі шарттарын жеткізді: “Сендер харам етілген қанды төкпейсіңдер, жолдарда қарақшылық жасамайсыңдар, және зиммийлерді8 жәбірлемейсіңдер. Және осыдан бір нәрсені істесеңдер, біз сендерге қарсы соғыспен шығамыз!”9

Сондай-ақ, Ибн Аббас оларға былай деді: “Маған сендер Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немере інісін, сондай-ақ оның қызының күйеуін бір нәрселерде күнәлап жатыр деген хабар жеткізілді. Ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы иман келтірген адам еді, ал сендер оған наразысыңдар ма?! Шынымен де солай ма?!

Олар: “Біз оған үш нәрсе үшін өте наразымыз“, - деді.

Қандай?” – деп сұрады Ибн Аббас.

Олар: “Біріншіден, ол адамдарды Аллаһтың дінінде сот етіп тағайындады, ал Аллаһ: «Үкім тек Аллаһқа тән»10, - дейді. (әл-Ан’ам 6: 57).



Екіншіден, ол Муъауия және Айшамен соғысқан кезде, олжамен тұтқын алмады. Егер олар кәпір болған болса, онда бұл рұқсат етілген еді, ал егер олар мумин болған болса, онда тұтқын алуға да, олармен соғысуға да рұқсат етілмеген еді!

Үшіншіден, мұсылмандар оған ант беріп, оны өздерінің әмірі етіп тағайындаса да, ол өзінен муминдердің әмірі (амируль муъминин) деген атақты алып тастады, ал егер ол муминдердің әмірі болмаса, онда ол кәпірлердің әмірі болып табылады! ” - деді.

Абдуллаһ: “Тағы қандайда бір сұрақтар бар ма?” – деп сұрады. Олар: «Жоқ, осы жеткілікті!» - деді.

Ибн Аббас: “Егер мен сендердің көзқарастарыңды Аллаһтың Кітабы және Пайғамбардың Сүннетімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)11 жоққа шығарсам, сендер өз пікірлеріңнен бас тартасыңдар ма?!” – дегенде, олар: “Ия”, – деп жауап берді.

Абдуллаһ сонда былай деді: “Оның адамдарды Аллаһтың дінінде сот етіп тағайындауына байланысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер! Сендер ихрамда аң өлтірмеңдер. Сендерден біреу оны қасақана өлтірсе, оның жазасы - өлтіргеніндей бір мал, оны сендерден екі әділ кісі Кағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді», - деп айтады ғой. (әл-Маида 5: 95).



Аллаһ Тағала, сондай-ақ, ері мен әйелінің арасындағы келіспеушіліктер туралы былай деді: «Егерде екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Аллаһ та екеуінің арасын үйлестіреді». (ән-Нисә 4: 35).

Аллаһпен сендерге жалбарынам! Айтыңдаршы, ал адамдардың қанына, өміріне және оларды табыстыруға қатысты адамдар соты маңыздырақ емес пе?!”

Олар: “Әрине, маңыздырақ“, - деді.

Ибн Аббас: “Қалай, енді бірінші іс бітті ме?” – деп сұрағанда, олар: “Ия, Аллаһпен ант етеміз”, - деп жауап берді.

Абдуллаһ былай жалғастырды: “Сендер Али соғысты, бірақ ол Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегендей тұтқын да, олжа да алмады дедіңдер. Сонда сендер күң ретінде сендердің аналарың Айшаны алып, оған күңге қатысты істегеңдеріңді істейін деп едіңдер ме?! Егер сендер: «Ия», - деп айтсаңдар, онда күпірлікке түсесіңдер, ал егер сендер Айша - аналарың емес деп айтсаңдар да, күпірлікке түсесіңдер, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Пайғамбар муминдерге олардың өздерінен жақын, ал оның жұбайлары – олардың аналары». (әл-Ахзаб 33: 6).

Кейін Абдуллаһ былай деді: “Қалай, енді мұнымен де іс бітті ме?”

Ия, Аллаһпен ант етеміз , – деп жауап берді олар.

Абдуллаһ өз сөзін жалғастырды: «Сендер, сондай-ақ, Али өзінің муминдердің әмірі деген атағынан бас тартты дедіңдер. Худайбия бітімі жасалған күні Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдармен жасасқан келісім-шартта «Мухаммад – Аллаһтың Елшісі» деп жазғысы келгенде, мушриктер наразы болып: «Егер біз сенің Аллаһтың Елшісі екендігіңе сенгенде, сені қуып жібермейтін едік және сенімен соғыспайтын едік. «Мухаммад ибн Абдуллаһ» - деп жаз», - деді. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың талаптарына көніп: «Йә, Али, мұны өшір де, «Абдуллаһтың ұлы Мухаммад» деп жаз, ал Аллаһ менің Аллаһтың Елшісі екенімді біледі!» - деді».

Осыдан кейін Ибн Аббас: “Қалай, мұнымен де біттік пе?” – деп сұрағанда, олар: “Аллаһпен ант етеміз, ия”, - деді.

Ибн Аббас былай деді: “Олардан (хауәридждерден) екі мың адам қайтты, және адасуда қалғандар өлтірілді. Және оларды мухаджирлер мен ансарлар өлтірді”.

Бұл тарихи деректе екі мың хауәридждер, ибн Аббас, Аллаһ оған разы болсын, оларға айқын және бұлтартпайтын дәлел ұсынғаннан кейін, өз адасушылықтарынан бас тартты деп жеткізілген.

Бұл деректе, сондай-ақ, ғалымдарға жүгіну - жауыздықтан және бүліктерден құтылу болып табылатындығына нұсқау бар. Ал Аллаһ Тағала былай деді: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).

Сондай-ақ, ғалымдарға жүгіну - мұсылмандар үшін олардың дінінде де, дүние істерінде де игілік болып табылатынына дәлел болып - имам Муслим өзінің хадистер жинағында (191) Язид әл-Фақирден жеткен мына хадис те табылады: “Бірде маған хауариждердің бір пайымдаулары ұнап қалған еді. Біз қажылық жасауды және содан соң адамдарға қарсы шығуды қалап, көп санды топтың құрамында сапарға шықтық. Біздің жол Мәдинаның үстінен өтті, онда мен күтпеген жерден Джәбир ибн Абдуллаһты көріп қалдым. Ол бағананың жанында адамдарға Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хабарлар жеткізіп отырған болатын. Өзге нәрселер қатарында ол джәханнәмийюн12 туралы да айтты . Мен оған былай дедім: «Йә, Аллаһтың елшісінің (Аллаһтың оған иглігі мен сәлемі болсын) сахабасы, сен не туралы айтып отырсың?! Аллаһ былай деді ғой: «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ!» (Әли ‘Имран 3: 192). Және Ол, сондай-ақ, былай деді: «…Қашан олар, тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі...» (Хадж 22: 22). Ал сендер не деп отырсыңдар?!» Ол: «Сен Құранды оқисын ба - деп сұрады. Мен: «Ия», - дедім. Ол: «Ал сен Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) орны туралы естіп едің бе, яғни оны Аллаһ алып келетін орын туралы?» - деп сұрады. Мен: «Ия», - дедім. Сонда ол: «Бірақ, міне осы - Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иеленетін мақтаулы орыны ғой (мәқамун мәхмуд), Аллаһ ол арқылы Өзі Оттан шығаратындарды Оттан шығарады!» - деді.13



Ал содан кейін ол сырат көпірі қалайша құрылытыны және адамдар одан қалайша өтетіні туралы айта бастады. Басқалар оның сөздерін жақсырақ есте сақтап қалды деп қорқамын, алайда, ол: кейбір адамдар Отқа түскеннен кейін одан шығады деді. Ол деген сөз, олар кунжіттің сабақтары дүниеге шыққан сияқты шығады және Жәннәттың өзендерінің біріне кіреді, ал содан соң олар сол өзенде жуынады, ал одан шыққан кезде (тап-таза) парақ сияқты болады.

Біз қайттық және былай дедік: «Өкініш сендерге! Сонда сендер осы қария (Джәбир) Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өтірік сөйледі деп ойлайсыңдар ма?!» Және қайтып келген соң біздің ешқайсымыз ашық түрде (хауәриждердің жағына) шыққан жоқпыз, бір-ақ адамнан басқа”.

Бұл хабарда осы топтың (хауәридждердің) үлкен күнәләр істейтін мұсылмандарды күпірлікте айыптауға және осындайлар Отта мәңгі қалатынына қатысты көзқарастарымен әуестенгеніне нұсқау бар. Алайда, олар Джәбирді, Аллаһ оған разы болсын, кездестіргенде және ол оларға адасқан нәрселерін түсіндіріп берген кезде, олар өз көзқарастарын өзгертті және өздері түсіп жүрген адасушылықтан бас тартып, ол нұсқаған ақиқатты қабылдады. Бұған қоса, олар қажылықтан кейін өздері жоспарлаған мұсылмандарға қарсы шығудан бас тартты. Және бұл – мұсылман адам ғалымдарға жүгінген кезде алатын ұлы пайда болып табылады.

Діндегі нысапсыздықтың және ақиқат пен әхлю-Суннә уәл жәмәаның жолынан ауытқудың қауіптілігіне Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Хузайфә жеткізген мына хадисі де нұсқайды. Онда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын, және оның әдемілігі оның келбетіне шығып тұратын, және ол Исламның қорғаушысы болатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды артына тастап қалдырады, өз көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылыш көтеріп тап береді». Хузайфә: “Йә, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын, айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?! ” - деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», - деді. әл-Бухари “әт-Тарих” 297, Ибн Хиббән 81. Хадистің сахихтығын имам әл-Хайсами, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3201.

Сондай-ақ, дінді бұрыс түсінудің себебі болып - жастық шақ та табылады. Бұған дәлел болып - имам әл-Бухари (4495) ‘Уруа ибн аз-Зубәйрдан келтіретін мына хадис табылады. Ол былай деп баяндаған: “Бірде мен – сол кезде мен жас едім – Айшадан мына аят жөнінде сұрадым: «Ақиқатында, Сафә мен Мәруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен. Және кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса, олардың арасын айналып өтсе – күнәхар болмайды». (әл-Бәқара 2: 158). “Сен бұл жөнінде не айтасың? Мен бұл екі төбенің арасын (Сәфуа мен Мәруа) айналып өтуді жасамауда проблема көріп тұрған жоқпын”. Ол былай деп жауап берді: “Жоқ! Егер бұл осылай болғанда, онда: «Оларды айналып өтпеген – күнә жасамайды», - деп айтылар еді. Бұл аят Исламға дейін Қажылығын Манат деген пұттың алдынан бастайтын, ал Ислам келгеннен кейін олар Сәфә мен Мәруаның арасын айналып өтуден қауіптенетін ансарлар жөнінде түскен. Олар не істеуін білмеді және бұл жөнінде Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл жөнінде сұрады, және Аллаһ осы аятты түсірді .

‘Уруа ибн аз-Зубәйр ең жақсы табиғиндердің бірі және Мәдинаның ең атақты жеті фәқиһтарының бірі болып саналатын. Алайда, Айшаға өз сұрағын қойған кезінде, ол әлі жас еді. Және осыда жастық шақ та - дінді бұрыс түсінудің себебі болып табылатындығына14, сондай-ақ ғалымдарға жүгіну - игілік және құтылу болып табылатындығына нұсқау бар!
Қандай ақыл-парасат және дін терроризмді джихад деп атай алады?!
Осы кіріспеден және шайтан, бұл хауәридждерден және олардың идеяларын жұқтырып алғандардан байқалатындай, ғибадатта ыждағаттылық танытушыларға, олардың дінін бұзу үшін, діндегі шектен шығушылық пен нысапсыздық жағынан келетініне нұсқағаннан соң, бүліктерден құтылудың жолы – ғалымдарға жүгіну болып табылатыны келіп шығады. Бұған мысал – Ибн Аббастың түсіндіруінен кейін тура жолға қайта оралған екі мың хауаридждер және, сондай-ақ, Джәбирді кездестірген топтың көзқарастарының түзелуі.

Міне, осы кіріспеден соң мен мынаны айтқым келеді: «Ақиқатында, терактілердің себебімен Әр-Риядта орын алған және осы жылдың (х.1424 ж.) басында Мекке мен Мәдинада орын алған нәрселер – осы міне - шайтанның уәсуәсінің нәтижесі және оның осыған беріліп кеткендерге шектен шығушылық пен нысапсыздықты әдемі етіп көрсетуі. Орын алған нәрселер – қылмыстардың ішіндегі ең жек көрінішті амал және жер бетіндегі бұзақылық болып табылады15. Бірақ, бұдан да жек көрініштісі – бұл шайтанның осыны істеген адамдарды осы – джихад деп ойлауға мәжбүрлеуі! Ал қандай ақыл-парасат және дін мұсылмандарды және муахадтарды (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірлер) өлтіру, адамдарға зәресі ұшатындай үрей салу, жесірлер мен жетімдерді қалдыру, сондай-ақ, ғимарат-құрылыстарды ішіндегі адамдарымен қоса қирату – бұл джихад болып табылады деп айта алады?!16

Мен бізден алдынғы шариғаттарда адам өлтіру күнәсінің үлкендігі және оның қауіптілігі жөнінде айтылғандарға қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндерін келтірдім. Сондай-ақ, мен қасақана немесе қателікпен жасалған өзін-өзі өлтіруге, мұсылмандарды және олармен келісім-шартта болған кәпірлерді өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндерін де келтірдім. Және мен оларды, «кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса да ашық дәлел бойынша тірі қалсын!» (әл-Анфәл 8: 42) деген мақсатта дәлел келтіру үшін келтірдім .

Және мен Аллаһтан тура жолдан тайғандарды тура жолға салуын ,және оларды қараңғылықтардан жарыққа шығаруын, және мұсылмандарды жауыздық жасаушылардан сақтауын тілеймін, ақиқатында, Ол – Естуші және дұғаларға Жауап Беруші!


Бізден алдыңғы қауымдардың шариғатында

адам өлтіру күнәсінің ауырлығын және қауіптілігін дәлелдейтін Құран мен Сүннеттің мәтіндері.
Пәк Аллаһ Тағала Адамның ұлдарының бірі туралы былай деді: «Сонда оның нәпсісі өз туысын өлтіруге итермеледі де, ол, оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды». (әл-Мәидә 5: 30).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Соның себебінен17 Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық таратпаған18 біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргендей болады, және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) - барлық адамды тірілткендей!» - деп жаздық».19 (әл-Мәидә 5: 32).

Ал Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Хақысыз адам өлтіру жасалған әрбір кезде, қантөгіс үшін күнә Адамның ұлына да жүктеледі, өйткені, адам өлтіруді сол бастады!» әл-Бухари 3335, Муслим 1677.

Аллаһ Тағала Өзінің Муса пайғамбары туралы, Хидр баланы өлтірген кезде, ол оған былай деп айтқанын баяндайды: “Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас жаман іс істедің!” - деді»»20 (әл-Кахф 18: 74).

Аллаһ, сондай-ақ, Муса пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы қиссасында оның өз руласына болысуы кезінде мысырлықты өлтіргенін баяндайды. Аллаһ Тағала былай деді: : «Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мусадан көмек тіледі. Сонда Муса оны жүдырықпен ұрганда, оған қаза жетті. (Муса): "Бұл - шайтан ісі. Өйткені, ол - ашық адастырушы дұшпан. Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» - деді. Сондықтан, Аллаһ оны жарылқады. Өйткені, Ол - тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді».21 (әл-Қасас 28: 15-16).

Имам Муслимнің сахих хадистер жинағында Салим ибн Абдуллаһ ибн ‘Умардың, былай дегені келтірілген: «Әй, Ирақтың тұрғындыры, сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді? Мен әкем 'АбдуллаҺ ибн 'Умардың былай дегенін естігенмін: “Мен Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бүлік ана жақтан келеді», - деп, қолымен шығысқа, шайтанның мүйіздері көрініп шығатын жаққа қарай сілтегенін көргенмін. Сендер бір біріңнің бастарыңды шауып жатырсыңдар, ал Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, Перғауынның қауымынан болған (адамды) өлтірді және Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ оған былай деді: «Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан құтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік». (Та ха, 40)». Муслим № 2905.



    Салим ибн Абдуллаһтың: «Сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді!» - деген сөздері оның әкесі - Ибн ‘Умардың әл-Бухариде (5994) келтірілген сөздеріне ұқсайды. Ол, Ирақтық біреудің, масаның қаны туралы қойған сұрағына былай деп жауап берген еді: “Сендер мынаған қараңдаршы, ол менен масаның қаны туралы сұрап тұр, алайда олар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немересін өлтірді, ал мен Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатынын естігенмін: «Олар мен үшін бұл дүниенің екі гүлі сияқты». Әл-Хасан мен әл-Хусейн туралы, Аллаһ оларға разы болсын, айтылуда.

Аллаһ Тағала Исраил ұрпақтары туралы былай деді: «Сендерден өздеріңнің қандарыңды төкпеулерің және бір-біріңді жұрттарыңнан қуып шығармауларың жөнінде уәде алған едік. Кейін сендер осыны мақұлдап, осыған куә болған едіңдер». (әл-Бәқара 2: 84).

Ол, сондай-ақ, былай деді: «Оларға Тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға – құн төлеу (қысас) жаздық».22 (әл-Мәидә 5: 45).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет