Анықтамалық Қаңтар-желтоксан 2014 жыл Ө Орал қаласының экономикасы неркәсіп



Дата02.05.2016
өлшемі191.12 Kb.
түріАнықтамалық


Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі


ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМАЛЫҚ


Қаңтар-желтоксан

2014 жыл

Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП


Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

млрд. теңге



Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің құрылымы



Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП

2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 106,3 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 97,2% құрайды. Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес (68%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, өндіріс көлемі 72,3 млрд. теңге, нақты көлем индексі 99,4% құрайды.

Аталған саладағы өндіріс көлемінің кемуі, өнім өндіру көлемінің азаюымен байланысты:

тамақ өнімдерін өндіру 2,3% (соның ішінде ет және тағамдық қосымша өнімдері 61,8%, консервіленген балық 26,4%, сары май 64,7%);

сусындар 2,1% (сыра 36,7%, алкогольсіз ішімдіктер 35,1%);

ағаш және тығын бұйымдар 1,1% (ағаш терезе және оның жақтаулары 44,1%);

жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту 70,5%;

резіңке және пластмасс бұйымдарды өндіру 37,8% (тұрбалар, пластмассадан жасалған тұрбалар 44,1%);

химия өнеркәсібі 33,1 % есе (стерол полимері бастапқы формада 33,1 1,3%);

металл бұйымдар өндіру, машина және жабдықтардан басқа 4,6%);

машинажасау 4,6%.

Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібінің қалған бағыттары бойынша өндіріс көлемінің өсімі байқалады:

тоқыма бұйымдарын өндіру 12,1% (соның ішінде төсек-жайма бұйымдарын өндірудің 20,4%, дайын тоқыма бұйымдары 17,2% өсу есебінен);

металлургия өнеркәсібінде 18,2%;

өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 28,2% ( бетоннан жасалынған бұйымдар 28,8%);

жиһаз өндіру 4,7% (отыру үшін жиһаз 3%, ас-үй жиһазы 43,5%).

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 4,3млрд.теңгені құрап, ол былтырғы жыл деңгейінен 22,8% төмен болып отыр. Су өндіру көлемінің 8,7% кемуінің негізгі себебі суды тұтыну көлемінің кемуі болып табылады. Осы дерек суды жеткізу бойынша қызметтер бағасының өсуіне себепші болып отыр.

Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 27,6 млрд.теңге немесе 29,4%, ол өткен жыл деңгейінен 3,1%-ға төмен. Өндірістің кемуінің негізгі себебі электр энергиясын тұтынуды үнемдеу мен кәсіпорындарда энергия үнемдеу технологияларын енгізумен байланысты.



Орал қаласының экономикасы

Аталған деректер жалпы өнеркәсіп өнімінің өсу қарқынына әсер етіп отыр.

Қала бойынша 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында тауарлы бетон өндірісі бойынша «СВ-Плюс» ЖШС және дайын металл бұйымдарын жөндеу бойынша қуатты «Азотный завод» ЖШС, жүгері таяқшасын өндіру бойынша «ЗКПК Ерка» ЖШС-нің цехы, «ЗККСМ» АҚ-ның құрылыс бұйымдарын өндіру цехы іске қосылды.

Сонымен бірге, Индустрияландыру картасы шеңберінде Орал қаласы бойынша 2014 жылға 4,2 млрд.теңге сомасында 2 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, ол 360 жұмыс орынын ашуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, «Бизнестің Жол Картасы 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің өтініштерін қарау жөнінде Аймақтық үйлестіру кеңесінің 24 отырысы өткізіліп, Орал қаласы бойынша 4,2 млрд.теңгеге 483 жұмыс орнын ашуға 57 жобасы мақұлданды. Оның 843,6 млн. теңгеге 9 жобасы өнеркәсіпке қарасты.

А
Орал қаласының экономикасы

УЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ



Бас




Орал қаласының экономикасы


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық аграрлық секторында 34 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде - 1 мемлекеттік кәсіпорын, 7 –жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 26 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады және соның 20,6%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығы өнімдері жалпы көлемі 4131 млн.теңге, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 104,7%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру -2369,6 млн.теңге, өсу қарқыны – 105,1%, мал шаруашылығында – 1575млн.теңге, өсу қарқыны – 105,5% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі ауылшаруашылық тауар өндірушілерді субсидиялау ретінде мемлекеттік қолдау шарасы аясында мүмкін болып отыр. Сонымен «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы 177,9 млн.теңге субсидия беріліп, оның мал шаруашылығы саласы бойынша 138,3 млн.теңге, өсімдік шаруашылығы саласы бойынша 39,6 млн.теңге.

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылы ірі қара малын сату 62,4%, сүт өнімдерін өндіру 98,2% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің (96,3%) негізгі үлесті «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.

Ағымдағы жылы кредит қаражаты есебінен: қуаты сағатына 10 тонна мал азығын дайындайтын «Орал құс фабрикасы» ЖШС-нің жем цехы және «ОралАгросервис» ЖШС-нің қуаты жылына 1600 тонна көкөніс сақтайтын қойманы іске қосу 2014 жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланып отыр.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында былтырғы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда тауық жұмыртқаларын өндіру 12,8% өсіп (76 294,6 мың дана), ет өнімдері 10,4%-ға (859,3 тонна) кеміді, сонымен бірге сүт өнімдері 2013 жылдың деңгейінде (5224,2 тонна) қалып отыр.

Ірі қара мал басы 3,9% кеміп, 3532 басты құрады, оның ішінде сиыр 1822 бас. Сонымен бірге қой 1,9%-ға (2684 бас), ешкі 3,8%-ға (1015 бас), шошқа 0,7%-ға (1224 бас) өсті. Сонымен бірге жылқы 0,5 % (214бас), құстар 4,9%-ға (369,1 мың бас) кеміді.

Дәнді дақылдардың орташа түсімі 5,2 ц/га, жалпы өнім 5,7 тонна немесе былтырғы жыл деңгейінен 14%-ға өсіп (2013 ж.-5,1 ц/га, жалпы өнім 5016 тонна), картоп 160 ц/га, жалпы өнім 18,4 тонна немесе 12,2%-ға артты (2013 ж.-156 ц/га, жалпы өнім 16,4 мың тонна), көкөніс және бақша өнімдері 178


Орал қаласының экономикасы
ц/га, жалпы өнім 14,5 мың тонна немесе 110,7% (2013 ж.-172га, 158 ц/га, жалпы өнім 13066 тонна), күзгі дақылдар 8,7 ц/га, жалпы өнім 2,7 мың тонна, 145% асады (2013ж. – 5,5 ц/га, жалпы өнім 1110 тонна).

Қала аграрлықтарымен 2015 жылдың өнімі үшін 1088 гектарға күзгі дақылдар егілді. Соның ішінде күзгі бидай – 822 гектар, қара бидай – 266 гектар.

Қалада 165 бау-бақша серіктестігі бар, онда 18 мың мүше тіркелген. Ағымдағы жылы олармен 745гектардан бақша және көкөністер орташа түсіммен 178 ц/га, жалпы өнім 13,3 мың теңге немесе 117% өндірілді. (2013ж.-715гектар, 158 ц/га, жалпы өнім 11297 тонна)

Тұрғындарды қыс мезгілінде көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 10,0 мың шаршы метр 5 жылы-жай шаруашылығы жұмыс істейді.

2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында Орал қаласының 10 тұрғыны мал шаруашылығын жүргізуге жалпы сомаға 27 млн.теңге жеңілдетілген кредит алды.

К
Орал қаласының экономикасы
ӨЛІК

Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.

Қаланың жүк автомобиль көлігі 32 кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары (құм, қиыршық тастар), дәнді дақылдар, комбикорм,тыңайтқыштар, газ және газ тәрізді материалдар және т.б. болып табылады. 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаланың барлық көлік түрлерімен тасымалданған жүк барлығы 6,8%-ға өсіп (27,3.тонна), жүк айналымы 3,1% (2319,4 млн.т/км) құрады.

Қоғамдық көлікте 7 тасымалдаушы-кәсіпорын 36 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 323 автобус және 188 шағын автобус шығады.

Жолаушы тасымалдау көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 0,5%-ға (423,4 млн.адам) өсіп, жолаушы айналымы 1,5%-ға өсіп, (6769,4 адам/ш) құрады.


Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ




Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2015 жылдың 1 қаңтарына қаладағы есепті деректер бойынша 28 017 шағын бизнес субъектісі тіркелген, (соның ішінде 4 926 заңды тұлға, 23 091 жеке кәсіпкерлер), олардың 25 848 (4 108 заңды тұлға, 21 740 жеке кәсіпкер) қолданыста (92,0%), еңбек ететіндер саны 40 102 адамды (12 023 заңды тұлға, 28 079 жеке тұлға) құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны 3,1%-ға азайған.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 60 843,8 млн. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы сақталады.

Салық комитетінің нақтыланған деректері бойынша 2014 жылдың қаңтар –желтоқсан айларында 2 540 куәлік берілді, тіркеу салымы 6 768,5 мың теңгені құрады.

Аталған кезеңге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 15 521,2 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 6 641,3 млн.теңге.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын бизнес субъектілеріне 23186,6 млн. теңге несие берілді, оның ішінде қысқа мерзімге – 11494,5 млн. теңге, ұзақ мерзімге – 11692,1 млн. теңге. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қысқа мерзімге берілген несиелер 1,8 пайызға, ұзақ мерзімге берілген несиелер 49,3 пайызға өсті.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 286(115,26 га) жер учаскелері бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 44 (3,39га).

Сонымен қатар 207 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сондай-ақ 129 нысан қайта жоспарланып іске қосылды, сонын ішінде: 63 дүкен, 4 дәріхана, 21 кеңсе, 3 тіс оңдайтын бөлме, 13 кафе, 4 шаштараз, 2 сауда кешені, 7 авто шеберхана, 1 сауна, 1 сұлулық салоны, 1 наубайхана, 5 асхана, 2 сауда павильондары және 2 ателье бар.




Орал қаласының экономикасы

м
лн.теңге




Орал қаласының экономикасы


САУДА

млн. теңге

Орал қаласының экономикасы


САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ
2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 161 440,6 млн. теңгені құрады, келесі кезеңге сәйкес былтырғы жылдан 19,4% өскен.

Нарық айналымының тауар айналымы жалпы көлеміндегі бөлшек салмағы 41,3% немесе 66 739,0 млн. теңгені құрап отыр. Нарықсыз тауар айналымы көлемі 58,7% өсіп, 94 701,5 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 257 701,9 млн. теңгені құрап, 14,0%-ға өскен.

Нарықтың тауар массасы жылдан жылға көбейіп жатыр, тауар ассортименті тұтынушыларға үлкеюін белгілеу керек. 2015 жылдың 1 қаңтарына тауар қалдықтарының көлемі: көтерме саудада – 11 106,3 млн. теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 8 193,0 млн. теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.

2015 жылдың 1 қаңтарына қалада 45 ірі сауда үйлері, 1546 дүкендер мен дүңгіршектер, 31 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 418 объект, 246 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 67 ателье, 223 авто шеберхана, 145 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 37 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.


Орал қаласының экономикасы



Т
Орал қаласының экономикасы



ауарлар мен қызмет көрсету бағаларының индекстері


Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР

Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі желтоқсан айында 2014 жылдың өткен айымен салыстарғанда 100,6%, өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 106,6% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 101,0% сәйкесінше 107,6% құрап отыр.

2014 жылдың желтоқсан айында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,6%-ға өсті.

Үстіміздегі жылдың желтоқсанында азық–түлік тауарларының баға индексі 101% құрады, бұл қарақұмық жармасы бағасы - 2,1%-ға, ірімшік және сүзбе – 2,2%-ға, макарон өнімдері – 2,9%-ға, көкөніс - 10,4%-ға, өсуімен белгіленген. Картоп бағасы – 8,1%-ға, алкогольді ішімдіктер – 1,6%-ға қымбаттады. Күнбағыс майы – 1,8%-ға, құмшекер – 2,8%-ға төмендеді.

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында азық-түлік емес тауарларының бағасы – 0,1%-ға өсті, сонымен бірге киім мен аяқ киім бағасы - 1,3%-ға, ойындар мен ойыншықтар – 2,7%-ға, фармацевтика өнімдері - 2,8%-ға қымбаттады. Дизель отыны 2,5%-ға, бензин – 7,3%-ға арзандады.

2014 жылғы желтоқсан айында халыққа көрсетілген ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,6%-ға өсті, сонымен қатар мейрамханалар және қонақ үйлер қызметі – 1,9%-ға, негізгі тұрғын үйді жалға алу үшін нақты жалгерлік төлем – 2,3%-ға, шаштараздар қызметі және сұлулық салоны - 2,4%-ға қымбаттады. Жолаушылардың темір жол көлігі 0,6%-ға өсті.

Батыс Қазақстан аймағының (Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қалаларымен Орал қаласын саластырғанда 2014 жылдың 15 желтоқсанына 18 позициядан статистика органымен сарапталған азық-түлік тауарлар топтары ішінде 11 атауы бағасы кем болып тұр.



Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ


млн. теңге



И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 51712,3 млн. теңгені (алдыңғы жылға 147,7% құрады), соның ішінде: республикалық бюджет қаражаты есебінен– 16797,1 млн.теңге, жергілікті бюджет -5713,1 млн теңге, ұйымдар мен кәсіпорындардың –27789,8 млн.теңге.

Қала экономикасына есепті кезеңде инвестиция көлемінің өсімі республикалық бюджет есебінен 4926,8 млн. теңгеге артық, жергілікті бюджет есебінен 4579,6 млн.теңгеге, сонымен қатар, жеке қаражаты есебінен 6830 млн.теңгеге артық жұмсалды.



Республикалық бюджет арқылы коммуналдық шаруашылық және сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, коммуналдық және несиелік үйлердің құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 577,9 млн. теңгеге әлеуметтік саланың 5 объектісі күрделі жөндеуден өткізілді: Круглоозерное ЖББМ, №7 ЖББМ, №6 «Шолпан» балабақшасы, №17 «Родничок» балабақшасы, №12 ЖББМ.

Одан басқа, облыстық бюджеттен мақсатты трансфертер арқылы, жалпы сомасы 13,1 млн. теңгеге Горький атындағы қалалық кітапхана күрделі жөндеуден өткізілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жалпы сомаға 573,4 млн.теңгеге көше жолдарын Алмазов (Меңдалиев-Құрманғазы) мен Еуразия даңғылы (Елизаров- Чаган-Набережный) көшесін қайта жаңғырту және Карев көшесін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді.

Бұдан басқа, жалпы сомасы 1563,3 млн теңгеге жаңа қалалық алаңмен 5-7 шағынаудан аралығында рекреациялық демалыс аймағының құрылысы басталды, 300 төсектік қалалық көп бейінді аурухана құрылысы жалғасуда.

Жергілікті бюджет арқылы Деркөлде дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда, Зашаған ауылы №20 ауданында гүлзарды абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Жеке қаражаты есебінен нақты құны 2108,8 млн. теңгені құрайтын 65 нысан іске қосылды, соның ішінде: жалпы алаңы 0,291 мың шаршы метр болатын 5 сауда дүкендері, 6,2 мың шаршы метр 6 қоймалар, кондитерлік цех, 200 орындық асхана, 3 сауда үйілері, 20 орындық монша, 10 кеңсе, 5 автосервис, автокешен, спортзал, 3 көлікжуғыш, жабық базар, 18 шағынмаркет, 2 супермаркет, дене шыңықтыру және сауықтыру кешені, паводкаға қарсы құрылыс, автожол т.б. нысандар іске қосылды.

Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі – 28670,7 млн. теңге құрады, былтырғы жылға 155,4% құрап отыр.




Орал қаласының экономикасы

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 159,1 мың шаршы метр 1445 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға-100,7%. Оның ішінде: жұртшылық есебінен-870 пәтер немесе 100,5 мың шаршы метр, былтырғы жылға 112,7% құрап отыр.

Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 10724 млн. теңге бағытталды(117,1% былтырғы жылға салыстырғанда), соның ішінде: республикалық бюджет қаражаты есебінен– 2474,5 млн.теңге, жергілікті бюджет -677,6 млн теңге, ұйымдар мен кәсіпорындардың – 400,6 млн теңге, жұртшылық есебінен-6547,7 млн теңге және банк несиесі -4 млн теңге, басқа қарыз қаражаттары-619,6 млн теңге.

Тұрғын үй құрылысы бағдарлама шенберінде Зашаған кентінде есепті кезеңге 7 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталып, тапсырысқа берілді, 6 көпқабатты үйдің құрылысы жалғасуда, 2015 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 68,0 мың теңге құрады(былтырғы жылға 102,5%).Соның ішінде: жұртшылық есебінен – 65,1 мың теңге немесе былтырғы жылдан 11,5% артады.


Орал қаласының экономикасы



БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге



Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ
2014 жылдың қорытындысы бойынша қала контингентінен мемлекеттік бюджетке түскені – 73513,8 млн. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке түскені – 15 531,2 млн.теңге, ол жалпы салық базасының 21,1% құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет кірістері контингентте 10794,6 млн.теңгені құрап немесе 117,2% өскен. Ол республикалық салықтар өсімі есебінен 8814 млн.теңгеге және реттейтін салықтар есебінен 1594,1 млн.теңгеге қамтамасыз етіліп отыр.

2014 жылдың қорытындысы бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары 100,1% орындалып, немесе жоспардағы – 27001,5 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені – 27 036,3 млн.теңге соның ішінде 9 669,3 млн.теңге - бөлінген трансферттер және 2 446,6 млн.теңге республикалық бюджетке қайтарылуға жататын ипотекалық кредит аясында пәтер сатудан түскен қаражат.

Меншікті салықтар мен жергілікті алымдарының түсімдері бойынша жоспар (ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен түсімдерді есептемегенде) 100,2%-ға орындалды, немесе жоспардағы – 13058,5 млн.теңге қала қазынасына нақты түскені – 13084,6 млн.теңге.

Реттейтін салықтар бойынша жоспар 100,2% орындалды, немесе жоспардағы – 9513,4 млн.теңгенің қалалық бюджетке нақты түскені – 9536,2 млн.теңге соның ішінде жеке табыс салығы бойынша жоспар 106,6%, әлеуметтік салық бойынша – 99,8% құрады.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша есепті кезеңнің жоспары 100,5% орындалып немесе жоспардағы 3027,8 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 3042,7 млн.теңге.

Сонымен бірге пәтер сатудан түскен түсімдер жоспары 101,1% орындалып немесе бюджетке болжамнан жоғары түскені 26,3 млн.теңге.

Аударымдарда ағымдағы жылы былтырғы 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда реттейтін салықтар ( 32,6%) 2343,5 млн.теңгеге өсіп, немесе 50,3% дан 2013 жылы қолданыстағы 60% дейін, 2014 жылға бекітілген, сонымен бірге салық базасының өсімімен байланысты болып отыр.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша өсу қарқыны есепті 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда -115,9%, немесе 416,9 млн.теңгеге өсті.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша толық алынбаған салықтың жалпы сомасы контингентте – 2,6 млрд. теңге, соның ішінде қалалық бюджет бойынша толық алынбаған салықтың сомасы – 358,8 теңгені құрады.


Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ



Орал қаласының экономикасы



БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 99,2% орындалды немесе жоспарланған 26 838 281 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 26 638 460,5 мың теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 411 419 мың теңге жоспарланса, одан 410 052,6 мың теңге немесе 99,7% игерілді;

- қорғаныс саласына 35 043 мың теңге жоспарланып, 96,2% немесе 33 707,3 мың теңге орындалды;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 142 206 мың теңге жоспарланып, 99,5% немесе 141 494,5 мың теңге орындалды;

- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 9 198 913 мың теңге сомадан 99,2% немесе 9 129 181,9 мың теңге игерілді;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 1 191 600 мың теңге жоспарланып, одан 99,4% немесе 1 184 981,7 мың теңге атқарылды;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған

10 769 058 мың теңгеден 10 717 262,8 мың теңге орындалды немесе 99,5%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған

912 786 мың теңгеден 912 171,3 мың теңге орындалды немесе 99,9%;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 66 076 мың теңге жоспарланып, оның 99,9%-ы игеріліп, 66 033,4 мың теңге құрады;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 91 954 мың теңгеден 92,1% игеріліп, атқарылған сома 84 726,2 мың теңге құрады;

- көлiк және коммуникация бойынша 1 934 413 мың теңге жоспарланып, оның 98,5%-ы игеріліп, 1 905 182,2 мың теңге құрады;

- басқалар бойынша 1 337 270 мың теңгеден 97,7% игеріліп, атқарылған сома 1 306 124,1 мың теңге құрады.



- трансферттер бойынша 38 933 мың теңге жоспарланып, барлық сома немесе 100% орындалды;

- қарыздарды өтеу бойынша 707 930 мың теңге жоспарланып, барлық сома немесе 100% орындалды;

2014 жылға қала бюджетінің шығыны жылдық жоспарланған

26 838 281 мың теңге сомадан нақты шығын 26 638 460,5 мың теңге құрады немесе 99,2% орындалды.

Алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бюджет шығынының құрылымында айтарлықтай өзгеріс болмады.



Орал қаласының экономикасы

ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 283314 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 45% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2,1% өскені байқалады.

Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады, тек 2003 жылдан 2013 жылға дейін Орал қаласының халық саны 24% өсті.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Теректі.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Есепті кезеңге АХАЖ органдарында 5853 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда- 0,9% азайып отыр.

Өлгендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 0,4% төмендеп, 2578 адамды құрап отыр, ал бір жасқа дейін өлгендер балалар саны 14,3% көбейіп, 56 адамды құрап отыр.

Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып отыр.

Есепті кезеңге халықтың табиғи өсімі 3275 адамды құрады, 2013 жылдың деңгейінен 1,3% кем.



Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ


адам


Орал қаласының экономикасы

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 7433 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,6% азайды.

Тіркелген жұмыссыздар саны 693 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,9% көбейіп отыр.

Есепті мерзімде 1284 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 22,7% азайып отыр.

Қоғамдық жұмысқа 1351 жұмыссыз тартылды және қайта оқуға 365 адам жіберілді.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 4952 жаңа жұмыс орындары құрылды (жоспар – 5122 орын. Оның ішінде: өнеркәсіп саласында – 325, ауыл шаруашылығында – 205, көлік және байланыс саласында - 99, білім саласында - 107, саудада - 341221, деңсаулық саласында - 169, коммуналдық шаруашылық саласында - 933, басқа салаларда – 325, уақытша маусымдық жұмыстарда – 2448.

Бір жұмысшының есепті кезеңінде орташа еңбек ақысы 91943 теңге құрады, былтырғы жылға 108%.

Есепті кезеңде жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының өсуі барлық салада байқалады.

Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы 16455 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 7% өскені байқалады.



Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Каталог: fileadmin -> user upload -> documents
user upload -> «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-не 2009 жылдың мамыр айына бағалық ұсыныс әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
user upload -> Регламенті Жалпы ережелер «Тұрғын үй көмегін тағайындау»
user upload -> Жеңіл автомобиль көлігіне қызмет көрсетуде баға ұсынымын жасау жөнінде алдағы конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыру. Астана қаласы, 2009 ж 16. 01
documents -> Програма самостійної роботи екстерна до кожної теми складається з трьох основних розділів: " Художні тексти"
documents -> Мазмұны Қолданылған қЫСҚартулар тізімі
documents -> БАҒдарламасы орал, 2016 мазмұны 1
documents -> Анықтамалық Қаңтар 2015 жыл Ө Орал қаласының экономикасы неркәсіп


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет