Анықтамалық Экономикалық теория пәні



жүктеу 384.13 Kb.
бет1/2
Дата17.04.2016
өлшемі384.13 Kb.
  1   2
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде
Экономикалық теория пәні бойынша қысқаша анықтамалық


  1. Экономикалық теория пәні – бұл адамдардың шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.

  2. Экономиканы зерттеу деңгейлері: микроэкономика - бұл жеке бизнесті, жеке фирманың іс-әрекетін талдайды; макроэкономика - бұл біртұтас жүйе ретінде жалпы мемлекеттік экономика деңгейін зерттейді; мезоэкономика – бұл микро және макроэкономика арасында: аймақ, аудан, облыс, қала бойынша зерттелінеді; мегоэкономика – бұл бүкіл әлемдік экономика жағдайын қарастыратын бөлім.

  3. Экономикалық заңдар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі, ұғымы. Олар бөлінеді:

    • Ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи даму заңдары.

    • Жалпы экономикалық заңдар. Бұл барлық тарихи дәуірге тән заңдар.

  4. Экономикалық категориялар – бұл адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі.

  5. Экономикалық теорияның әдістері:

Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстың өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету;

Талдау және жинақтау – бұл зерттелінетін құбылыс жеке бөліктерге бөлініп, әрбір бөлік талдаудан соң жинақтау процесінде тұтас бір құбылыс болып қалыптасады;

Индукция және дедукция – бұл әдістер бір-біріне кері әдістер. Индукция - жеке фактілерден жалпы қорытынды шығарады да, Дедукция - керісінше жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу арқылы нәтиже шығарылады;

Экономико – математикалық модель әдісі бұл құбылыстың сандық және сапалық жағынан зерттеу үшін графикалық, математикалық есептер, диаграммалық әдістер қолданылады;

Эксперимент - бұл арнайы жағдайлар жасап және бақылауға қойылған шарттар арқылы зерттеулер жүргізу;

Тарихи-логикалық әдіс: құбылыстың дамуын анықтау үшін оның тарихи пайда болуын, олардың өсу жолдарын көрсету үшін логика арқылы байланыстыру қажет болады. Сонымен қатар экономикада болашақты болжау әдісі де қолданады;

  1. Позитивті экономика – не бар, нақты деректер мен ұсыныстарға сүйенеді.

  2. Нормативті экономика – не болуы керек, ұсыныстар мен ұйғарымдар, яғни болжау арқылы мақсатқа жету үшін қандай шаралар жүргізу керектігін анықтайды.

  3. Экономикалық саясат – бұл экономиканың өзекті мәселелерін шешуде мемлекеттің қолданатын іс шаралары.

  4. Экономикалық мақсаттар: толық жұмысбастылық, баға деңгейінің тұрақтылығы, экономикалық тиімділік: аз шығын мен жалпы өнімнің ең жоғары деңгейіне жету, экономикалық өсу, экономикалық еркіндік, табыстың әділ бөлінуі, әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру: еңбекке жарамсыздарды, мүгедектерді, қарт адамдарды, жетімдерді камтамасыз ету.

  5. Танып білу қызметін қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең әрі жан-жақты зерттеп білуі және түсіндіруі тиіс.

  6. Практикалық қызмет нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеуімен түсіндіреді.

  7. Методологиялық қызмет ол экономиканың ғылым жүйесі үшін методологиялық тұрғыдан негіз болып табылады.

  8. Қажеттілік бұл тұтынушының өзіне қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу. Оларды пайдалануға ынта ықыласы Олар бөлінеді: бірінші қажетті өнімдерге және екінші қажетті өнімдерге.

  9. Қоғамдық өндірістің кезеңдері (фазалары): өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну.

  10. Альтернативті (балама) шығындар – бұл жүзеге аспаған мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайданы айтады.

  11. Экономикалық ресуртар – бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын жер және оның қойнауынан алынған байлықтардан адамдардың өндірген ресурстары (табиғи, еңбек, капитал, ақпараттық ресуртар, кәсіпкерлік қабілет.)

  12. Өндіріс факторлары бұл нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстар (жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілет)

  13. Өндіріс және ұдайы өндіріс. Өндіріс - ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтиды. Ұдайы өндіріс - бұл үнемі қайталанып, жаңғырып отыратын өндіріс түрі. Ұдайы өндіріс жай және ұлғаймалы болып бөлінеді.

  14. Жай ұдайы өндіріс - өндірістің тұрақты түрде қайталануы

  15. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - өндірістің өскелең түрде қайталануы

  16. Еңбек бөлінісі - бұл қоғамдық өндірісте адамдар арасындағы қатынастарды ұйымдастыру формасы, басқаша айтқанда, бұл еңбектің мамандандырылуы. Мамандандырылу – бұл өндірушілердің өнімнің белгіленген түрін шығаруға бағыт алуы.

  17. Бірінші еңбек бөлінісі мал шаруашылығынан егін шаруашылығының бөлінуі, Екінші еңбек бөлінісі қолөнердің бөлінуі, Үшінші еңбек бөлінісі сауда мен саудагерлердің бөлінуі

  18. Игіліктер – бұл тұтынушының белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін немесе өндірушінің көздеген мақсатына сәйкес қолдануы үшін материалдық және материалдық емес өнімдер.

  19. Экономикалық жүйе бұл экономикалық процестер элементтерінің жиынтығы (қоғамның өндіргіш күштері, технико-экономикалық қатынастар, әлеуметтік-экономикалық қатынастар, шаруашылық механизмі).

  20. Экономиканың үш негізгі сұрақтары: нені, қалай және кім үшін өндіру қажет?

  21. Экономикалық жүйенің типтері Ұйымдастыру сипаты бойынша (ашық, жабық); Меншікке байланысты (дәстүрлі, әкімшілік-әміршілік, нарықтық, аралас, өтпелі) Өндірістің дамуы бойынша (индустриалды экономикаға дейінгі, индустриалды экономикалық жүйе, постиндустриалды)

  22. Нарықтық экономикаға өту жолдары: экономиканы қайта құруды тәжірибеде екі жолмен жүргізіледі: біріншіден шұғыл реформалар (шок терапиясы арқылы) жүргізу, екіншіден әміршілік басқару элементтерін жаңа нарықтық қатынастарға жәйлап ауыстыруға бағыт алу. Қазақстан бірінші жолын таңдап алды, осы жолмен шығыс Еуропа елдері нарыққа өткен, ал екінші жолмен жүру Қытай елінің тәжірибесінде көрініс тапты.

  23. Негізгі экономикалық мектептер, олардың өкілдері және көзқарастары:

Меркантелизм – Т. Мен, А. Монкретьен. Қоғамның байлығы сыртқы саудада.

Физиократизм – Ф Кэне, А. Тюрго. Өндіріс маңыздылығы тек қана ауыл шаруашылығында.

Классикалық саяси экономия – У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо. Қоғамның байлығы барлық өндіріс саласында.

Марксизм – К.Маркс, Ф Энгельс, В. Ленин. Капитализм заңдылықтары қосымша құн (пайда) жұмыс күшінің қаналуы арқылы пайда болады деп дәлелдеген.

Маржинализм – К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальдос. Микроэкономикада шекті көрсеткіштердің қолдануын қарастырған .

Қазіргі кезеңдегі бағыттар:



Неокласикалық теория – Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу. Қоғамның дамуы экономика субъектілерінің еркіндігінде деп дәлелдеген.

Кейнсиандық – Дж. Кейнс. Капитализмді реттеу теориясымен айқындалады.

Институционализм – Т.Веблен, Д.Гэлбрейт. Бұл теорияда аралас экономиканың маңыздылығы қаралған.

  1. Жабық және ашық экономика. Жабық экономикада барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, шет елдермен қатынас болмайды. Ашық экономикада халықаралық қатынастар жүреді.

  2. Экономикалық жүйенің өндірістік революция мен ҒТП-нің деңгейі бойынша типтері: индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе, индустриалды және постиндустриалды жүйе.

  3. Меншік - бұл тұрмыстық мағынада белгілі бір затты иемдену арқылы адамдар арасында туындайтын қатынастар.

  4. Меншіктің экономикалық мазмұны – бұл адамдар арасындағы өндіріс құрал-жабдықтарын иелену қатынастары және өнімді өндіруде, бөлуде, айырбастауда, тұтынудағы қатынастар. Меншіктің экономикалық мағынасы мына қатынастармен сипатталады:

Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану; Жатсындыру – меншікті иеліктен шығару; Жекелендіру - әрбір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді; Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

  1. Меншіктің заңдылық мағынасы – ол мүліктік қатынастарға жатады.

  2. Меншік құқығы заңдылық тұрғыдан алғанда иемдену, иелік ету, мүліктерді пайдалану қатынастарының жиынтығы

  3. Қазақстанда меншік құқықтары. ҚР-ның азаматтық Кодексінде «Меншік құқығы – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және иелік құқығының заң актілерінің мойындауы және қорғауы»

Иемдену – меншік объектісіне заңмен бекітілген мүмкіндік бойынша ие болу. Пайдалану – оның пайдалы қасиеттерін қолдану және пайда алу. Иелік ету – меншік объектісінің заңмен бекітілген мүмкіндік бойынша тағдырын шешіп, билік ету.

  1. Оноре тізімі бойынша меншік құқығының түрлері:

Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы.

Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануда кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы.

Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға тйым салу құқығы.



Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

  1. Меншіктің түрлері және формалары. Бұл формалар бірнеше түрлерге бөлінеді:1.Жеке меншік (өзіндік меншік, өз еңбегіне негізделген меншік, жалдамалы еңбекке негізделген меншік); 2.Ұжымдық меншік (акционерлік, серіктестік, кооперативтік меншік); 3.Қоғамдық меншік (мемлекеттік және муниципалдық меншік).

  2. Меншікті мемлекет иелігінен және жекешелендірудің мақсаты: ол мемлекеттік меншіктің басқа формаларға өзгеруі, нарықтық экономикаға көшуге, кәсіпкерліктің, бәсекенің дамуына және көптеген меншік түрлерінің пайда болуына жағдай жасау.

  3. Қазақстанда жекешелендірудің бағыттары: 1.Кіші жекешелендіру (еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін) 2. Жаппай жекешелендіру – орта және ірі кәсіпорындар (200-500) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді; 3.Жеке жобалық жекешелендіру-ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары. Кезеңдері:1)1991-1992 ж. мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін; 2)1993-1995 ж. мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу; 3)1996-1998 ж. жеке сектордың басымдылығын күшейту мен халыққа мүліктің қайтарылуының аяқталуы; 4)1999-2000ж. мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

  4. Жекешелендірудің тәсілдері: 1)Аукционда конкурс бойынша сату және сатып алу. 2)Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды). 3)Жалға берілген кәсіпорын мүлігін сатып алу.

  5. Меншіктің объектілері: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік, ақша, асыл заттар. Меншіктің субъектілері: ұжым, халық, мемлекет, басқару органдары.

  6. Тауар және оның қасиеттері. Тауар-бұл айырбасқа арналған еңбек өнімі.Тауардың екі қасиеті бар: тұтыну құны және айырбас құны (өз құны). Тұтыну құны-тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетілігін қанағаттандыру қасиеті. Айырбас құны (өз-құны)-тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеті. Бұл қасиеттер оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:1)Нақты еңбек – жұмыскердің мамандығымен, арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді.2)Абстрактылы еңбек бұл тауардың өз құнын жасайтын еңбек. Яғни құн мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытымен өлшенеді (қоғамдық қажетті еңбек шығындармен).

  7. Натуралды шаруашылық: еңбек бөлінісі дамымаған, қолмен жасалатын еңбек басым болады. Экономикалық қатынастар тұйық тікелей байланысты болады. Өндірілген өнім айырбасқа түспей тікелей тұтынылады.

  8. Тауарлы шаруашылық: еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы, мамандырылған еңбек, экономикалық қатынастар ашық және жанама байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа түсіп, кейін тұтынылады.

  9. Нарық – бұл экономикалық проблемалардың тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауар өндіру мен тауарға айырбастауда туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формалары.

  10. Ақша және оның қызметтері. Ақша – бұл жалпылама эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Оның қызметтері: 1.Құн өлшемі 2. Айналым құралы. 3. Төлем құралы. 4. Қор жинау құралы. 5. Әлемдік ақша, халықаралық төлем құралы. (елдер арасында қарыз өтеу). Шетелден қолма қол ақша сатып алуға байлықты бір елден екінші елге көшіруде қызмет атқарады.

  11. Несие ақшалардың түрлері: вексель, чек, облигация, акция, банк сертификаты, несиелі карточка.

  12. Нарықтың пайда болу себептері. (Еңбектің қоғамдық бөлінісі, өндірушінің тәуелсіздігі, таңдау еркіндігі, жеке меншікке негізделіп өндірушінің экономикалық бөлініп шығуы).

  13. Нарық механизмнің элементтеріі: (сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке)

  14. Нарықтың түрлері: 1. Объектілердің экономикалық бағыты бойынша (тауарлар мен қызметтер нарығы, өндіріс факторлар нарығы, қаржы нарығы, құнды қағаздар нарығы т.б) 2. Орналасуы бойынша (әлемдік, ұлттық, аймақтық, жергілікті) 3. Сала бойынша (салалық, салааралық, сала ішіндегі нарық) 4. Тауар өткізу сипатына қарай (көтерме, бөлшек сауда нарығы) 5. Нарықтың дамуына байланысты. (дамыған және дамымаған) 6. Заңға сәйкес (ресми немесе жасырын нарық) 7. Бәсеке деңгейіне қарай (жетілген немесе еркін таза монополия, олигополия, монополиялық бәсеке нарығы)

  15. Нарықтың инфрақұрылымы: бұл өзарабайланысты нарықты белгілі бір жағдаймен қамтамасыз ету қызмет атқаратын арнайы мамандырылған мекемелер жиынтығы. (тауар биржасы, жәрмеңке, аукцион, жарнама, маркетинг, қор биржасы, банктер, сақтандыру компаниялары, еңбек биржалары т.б.)

  16. Нарықтың қызметтері Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушы тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді. Реттеушілік қызметі - капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартып белсенділер мен тапқырларға жол береді.

  17. Сұраныс – сұраныстың бағалық (баға) және бағасыз (тұтынушының табысы, саны, тұтынушылардың талғамы, бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлар бағасының өзгеруі, келешектегі өзгерістерді күту)

  18. Ұсыныс - ұсыныстың бағалық және бағалық емес (ресурстар бағасы, технология, салықтар және дотация, бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлар бағасының өзгеруі, сатушылардың саны)

  19. Нарықтағы тепе-теңдік – бұл сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

  20. Нарықтағы тапшылық-бұл нарықтық баға теңдік бағадан төмен болғанда сұраныс ұсыныстан артып ктеді

  21. Нарықта артықшылық-орнайды егерде нарықтық баға теңдік бағадан артық болса, онда ұсыныс сұраныстан артық болады.

  22. Икемділік бұл белгілі бір фактордың 1 % -ке өзгеруінен сол тауарға деген сұраныстың (ұсыныстың) қанша % өзгертетінін көрсетеді. Сұраныстың икемділігі бөлінеді: 1)Бағалық икемділік (мұның түрлері төменде график бөлімінде көрсетілген) 2)Табыс икемділігі 3)Қиылысқан икемділік. Табыс икемділігі деп есептеледі сұраныстың өзгеруі бөлінеді табыстың өзгеруіне. Ei=dQ%/dI%; мұнда Ei - тауар сапалығын анықтайтын коэффицент, Ei<0 сапасыз тауар, Ei>0 кәдімгі қолданатын тауар, 0бірінші қажетті тауар, Ei=1 екінші қажетті тауар, Ei>1 қымбат жиһаз тауарлары. Қиылысқан икемділік – бұл екі тауар (х және у) қандай қатынаста екенін көрсетеді: Exy=dQx% / dPy%; Exy>0-бірін бірі алмастыратын тауарлар (май мен маргарин); Exy<0 бірін бірі толықтыратын тауарлар (автомобиль мен бензин), Exy=0 бір біріне байланыссыз тауарлар (нан мен цемент).

  23. Бәсеке бұл қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін нарық субъектілерінің экономикалық жарысы.

  24. Бәсекенің түрлері: 1.Жүргізу әдісіне қарай (бағалық бағаны төмендету арқылы, бағасыз бәсеке сапасы, жарнама, сервис көрсету арқылы); 2. Ниет тәсілдері бойынша (адал және теріс пиғыолды бәсеке);

  25. Бәсекенің формалары: Жетілген және жетілмеген бәсеке. Жетілген (таза еркін) бәсеке нарығында кез келген ұқсас бірін бірі ауыстыратын тауарларды көптеген сатушылар мен сатып алушылардың құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді Себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарқтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келіп тез кетуге болады (ауыл шаруашылығы).

  26. Монополистік бәсеке (Э.Чемберлен теориясы) нарықта көптеген ұсақ сатушылар мен сатып алушылар, сатушылардың әрқайсысының өнімдері әр текті бір бірінен өзгешелеу алмастыруға болатын өнімдер (сапасы, сыртқы әрленуі, ассортименті, қызмет көрсету бойынша бөлінеді), олар фабрикасына қарай немесе басқаша белгі салу тиәсілдеріне қарай ажыратылады. Бағалық бәсеке орын алады, нарыққа кіру және шығуда оңай жеңіл.

  27. Олигополия (грек сөзі «олигос»-аздау деген сөзді білдіреді, «полео» сатамын) нарықта бірнеше ғана сатушылар, олардың өнімдері біркелкі, біртекті стандартталынған (кен немесе алюминий) немесе диференциалданған (автомолбиль және компьютерлер). Бұл нарыққа кіру өте қиын баға бекіту және қанша өндіру мәселелері сатушылар аздығынан бір бірінен тәуелді болады. Олигополист нарықта өз үлесін ұлғайту мақсатында өнімнің көлемін және бағасын бәсекелестерімен үйлестіруімен және келісу арқылы белгілейді

  28. Монополия бұл белгілі бір тауардың бір ғана сатушысы. Оның пайда болуына қарай түрлері: табиғи, жасанды, кездейсоқ монополия Монополияның пайда ьолуының басты себебі бұл өндіріс пен каприталдың шоғырланыдуың үш бағыты бар: 1. Көлденең бірлесу бір салада өндіріс жүргізетін компаниялардың бірігуі; 2. Тікелей ортақ технология арқылы әртүрлі саладағы компаниялардың бірігуі; 3. Диверсификация – технология жағынан байланысты жоқ әртүрлі саладағы фирмалардың бірігуі;

  29. Монополияның формалары: 1. Картель өнімінің көлемі және баға туралы укелісу арқылы бірнеше ірі фирмалардың бірігуі; 2. Синдикат кәсіпорындар тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік; 3.Концерн бірнеше бағыттағы фирмалардың біріңғай қаржы орталығына бірлесу; 4. Конгломерат бұл бас компанияның күштілігімен шаруашылық ісәрекетінде байланы сы жоқ фирмаларды өзіне тартыа, біріктіру; 5. Консорциум – бұл бірлесіп ірі жоба жасауда өнеркәсіптің, банктердің уақытша бірлесуі; 6. Трест бұүл меншікті, өндірісті, тауар өткізуді жалпы бірлесіп басқару үшін ұйымдастырылған бірлестік. Бұл өте күшті және қоғамға өте қауіпті. Монополияның бір түрі, сондықтан көптеген елдерде мұндай бірлесуге шектеу қойылады.

  30. Монополияға кіру кедергілері: лицензия нарықта белгілі бір ерекше іс әрекетпен айналысу үшін фирмаға берілген құқық, тауар белгісі фирманың тауарын немесе қызметін тануға қойылған ерекше белгі, авторлық құқық- әдеби ғылыми туындылар авторын анықтайтын және оларды сатуға, лицензия пайдалануға берілетін ерекше құқық. Патент өнертапқышқа ерекше авторлық құқығын куәландыратын құжат немесе саудамен, кәсіпшілікпен шұғылдану құқығын беретін құжат.

  31. Монопсония –нарықта белгілі бір тауардың бір ғана ірі сатып алушысы болады да, баға белгілеу тек соның билігінде болады .

  32. Олигопсония –бұл нарықта көп сатушылардың бірнеше ғана ірі сатып алушыларды болады

  33. Дуополия –бұл нарықта белгілі бір тауардың екі ғана сатушысы болады.

  34. Екі жақты монополия –бұл нарықта белгілі бір тауардың бір ғана ірі сатушысы бір ғана сатып алушымен түйеседі.

  35. Тұтынушының іс-әрекеті бұл жеке талғамы мен табысына байланысты тұтынушының әртүрлі тауарлар және қызметтерге деген сұранысының қалыптасу үрдісі (процесі).

  36. Тұтыну қоржыны бұл бір адамға ең қажетті пайдалығы бар тауар санының жиынтығы.

  37. Жалпы пайдалылық бұл тауар мен қызмет көрсетудің белгілі бір жиынтық бірлігін тұтынудан алынатын қанағаттану. Тұтынушының қолындағы игіліктің саны өскен сайын жалпы пайдалылық өседі. Бірақ та жалпы пайдалылықтың өсу қарқыны азаяды.

  38. Шекті пайдалылық бұл берілген тауар мен қызмет көрсетудің қосымша бірлігін сатып алудың нәтижесінде жалпы пайдалылықтың көбеюіне тең болатын пайдалылықтың өсімі. Шекті пайдалылық тауардың ақырғы санының пайдалылығымен өлшенеді. Шекті пайдалылық тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылық (зияндылық).

  39. Тұтынушының таңдауы – ақшалай табыстың шектеулі екендігін ескеріп, ең көп пайдалылық әкелетін ұтымды тауарлар құрамын тұтынушының анықтауы.

  40. Ең ұтымды пайдалылық – тұтынушы белгілі бір шектеулілікті (бюджет, баға) ескере отырып барлық қажеттіліктерді бірдей толық қанағаттандыратын игіліктер құрамын таңдайды.

  41. Фирма – бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылық жүргізуде еркіндік алған экономикалық субъект.

  42. Шағын, орта және ірі кәсіпорындар. Шағын – еңбеккерлер саны 10-20 адам. Орташа – еңбеккерлер саны 50-500 адам. Ірі кәсіпорындар – еңбеккерлер саны 500-ден астам адам.

  43. Франчайзинг және венчурлық фирма. Франчайзинг – белгілі бір аймақта, белгілі бір саладағы өздерінің шаруашылық іс - әрекетінде ірі фирманың фабрикалық марка құқығын қолдану туралы келісім – шартқа отырған ұсақ жеке фирмалардың жүйесі. Оларғатөмен баға жеңілдіктерін, тауар жеткізіп беруде, құрал – жабдық алуда, несие алуда т.б. көмек беріледі, яғни ұсақ фирмалар ірі компаниялардың бөлшек сатушылары болады. Венчурлы фирманың бизнесі жаңалықтар енгізуге негізделеді, яғни ғылыми зерттеу жасаумен айналысатын, өндірісті әріде дамытуға бағытталған коммерциялық мекеме.

  44. Жеке кәсіпорын – бұл жеке адамның бизнесі (немесе отбасының), оның ерекшеліктері: тиімділікке ынтасы өте жоғары, іс - әрекеті ерікті және икемді болады (сауда, фремер, қол өнері). Кемшіліктері: қаржы тапшылығы және тәуекел өте жоғары.

  45. Серіктестік түрлері: толық және командиттік. Толық серіктестік – үлестік меншікке негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздернің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Командитті серіктестік – ол да үлестік меншікке негізделген, бірақ та өзінің салымы бойынша жауапкершілік көтеретін мүшелер (коммандистер) мен қатар өзінің бар мүлкімен жауапты серіктестерді де қамтиды. Бұл серіктестікті басқаша «аралас» деп атайды.

  46. Жауапкершіліктің түрлері: 1) Шектеулі жауапкершілік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді; 2) Шектеусіз жауапкершілік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам фирманың міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады.

  47. Акционерлік қоғам: ашық және жабық. Ашық акционерлік қоғам – бұл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражатын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы құрылған кәсіпорын. Жабық АҚ- акциялар тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын – ала белгіленген адамдар арасында ғана бөлінеді.

  48. Унитарлық кәсіпорын – бұл мемлекеттік немесе муниципалдық кәсіпорын, мүлігі бөлінбейтін кәсіпорын (мүлігі қоғамдық меншікке негізделеді). Өзінің шаруашылық іс - әрекетін бекітілген қоғамдық өндірістік қорларды тез пайдалану арқылы жүргізеді.

  49. Акция, облигация және басқада құнды қағаздар. Акция – бұл акция ұстаушының осы қоғамға қаржы салғанын және пайда (дивиденд) алуды куәландыратын құнды қағаз. Акцияның екі түрі болады: 1) Жәй акция – АҚ – ды басқаруға, дауыс беруге және дивиденд мөлшері өзгермелі (фирманың таза пайдасына байланысты) түрде болуға акционерге құқық береді. 2) Ерекше (артықшылық) акция – иесі дауыс беруге құқығы болмайды және алатын дивидендті тұрақты түрде болады. Акцияның сату бағасы акция курсы – деп аталады. Акция курсы =дивиденд*100/несие пайызы. Облигация – ұстаушысына белгіленген пайыз немесе өзгеде мүліктік құқық алуына құқық береді. Вексель – бұл белгілі мерзімде қарыз соманы төлеуге берілген міндеттеме – құнды қағаз. Басқада құнды қағаздарға жататындар: чек, банк сертификаты, т.б.

  50. Капиталдың шеңбер айналымы және айналымы. Кәсіпорын капиталы бір мезгілде үш түрде болуы тиіс: ақша, өндіргіш және тауар формасында. Капиталдың шеңбер айналымы – бір функционалдық формадан (ақша, өндірістік, тауар) басқа формаға жүйелі түрде айналатын және алғашқы формасына қосымша өндірілуімен қайта оралатын үздіксіз капитал қозғалысы. А-Т...Ө...Т-А . Бірақ капитал қозғалысы бір қозғалыспен шектелмейді, қайталана береді. Капиталдың ұдайы қайталанып отыратын қозғалыс процесі капитал айналымы деп аталады.

  51. Негізгі және айналым капиталы. Негізгі капиталға (негізгі шаруашылық құралдарына): ғимарат, салынып жатқан құрылыс, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, т.б. яғни капиталдың пайдалануына (тозуына) қарай құнын өнім бағасына бөлшектеп ауыстыратын бөлігін негізгі капиталға жатқызады. Айналым капиталы, әдетте өндіріс процесі кезінде өзінің натуралды – заттық формасын өзгертеді, әрбір өндіріс циклы кезінде өзінің құнын дайын өнімге көшіріп және оны толық қолданады. Оған: шикізат, материалдар, жанармай және басқа да материалдық құндылықтар, аяқталмаған өндіріс және өздері дайындаған жартылай фабрикаттар шығындары, т.б.

  52. Айналым уақыты – бұл капиталдың бастапқы ақша формасының бір қозғалысынан өтіп алғашқы формасына (қосымша пайда өсімімен) қайта оралатын үздіксіз капитал қозғалыс уақыты. Айналым уақыты екі кезеңнен құралады: 1) Өндіріс уақыты – бұл капиталдың өндіріс процесінде жұмыс уақыты; 2) Айналым уақыты – капитал айналымда болады: ол тауар сатып алу (А-Т) және тауар өткізу (Т-А) уақыты.

  53. Инвестициялар – бұл пайда табу мақсатымен ел ішіндегі салаға немесе шетелге мемлекеттің немесе жеке капиталдың ұзақ мерзімге салынуы. Инвестиция: а) Жалпы инвестициялар – тозған негізгі капиталды ауыстыруға кеткен шығындарды да қамтыған капитал жұмсалымының барлық мөлшері; б) Таза инвестициялар – жалпы инвестициядан амортизацияны алып тастағандағы инвестициялар; в) Тікелей кәсіпорынға салынған инвестиция; г) Портфельдік инвестиция – пайда табу мақсатымен инвестициялардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқа да құнды қағаздарды сатып алуы.

  54. Мультипликатор және акселератор. Экономикалық өсу формуласының негізінде Кейнстің «мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейін «акселерация» теориясымен толықтырылды.Мультипликатор – көбейткіш, ал акселератор – жылдамдату, деген мағынаны білдіреді. Мультипликатор –бұл инвестицияның өзгерісімен ұлттық табыс өзгерісі арасындағы байланысты көрсететін коэффициент. K=dY/dI; мұнда: dY – ұлттық табыстың өзгерісі (өсімі), dI – инвестицияның өзгерісі (өсімі). Басқаша айтқанда, мультипликатор – қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетінін көрсетеді. Акселератор – ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне әкеледі. V= dIt/Yt-Yt-1, мұнда: dIt – ағымдағы жылдағы инвестицияның өсімі, Yt-Yt-1 - өткен жылдағы ұлттық табыстың өсімі, V – акселерация коэффициенті, яғни табыс өсімінің инвестиция өсіміне ықпалының көрінісі.

  55. Шығындар – бұл өнім өндіру процесінде өндіріс факторларын сатып алуға кеткен ақшалай қаражат.

  56. Тұрақты шығындар (FC) - өнім көлеміне байланысы жоқ шығындар.

  57. Өзгермелі шығындар (VC) - өндірілген өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар.

  58. Жалпы шығындар (ТС) бұл тұрақты (FC) және өзгермелі (VC) шығындардың қосындысы. (ТС) = (FC) + (VC).

  59. Орташа шығындар – бұл бір данаға шыққан шығындар. Олар бөлінеді: орташа тұрақты (AFC=FC/Q, мұнда Q -өнім саны ), орташа өзгермелі (AVC=VC/Q), орташа жалпы (ATC=TC/Q немесе ATC=AFC+AVC) шығындарға.

  60. Шекті шығындар (МС) – бұл шығындар өнім өндірудің ең жоғары көлемін анықтау үшін қолданады. Олар өндіріс көлемі бір өлшемге өскенде (кемігенде) жалпы шығындардың өсуі (кемуі), яғни қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. MC=dTC/dQ, мұнда: dQ - өнім көлемінің өзгеруі.

  61. Бухгалтерлік шығындар – бұл есепке алынған айқын шығындар. Экономикалық шығындар – бұл айқын (бухгалтерлік шығындар) мен айқын емес шығындардың қосындысы.

  62. Пайда. Бухгалтерлік пайда – бұл жалпы табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырмашылық. Экономикалық пайда – бұл жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы айырмашылық.

  63. Масштаб эффектісі – бұл ұзақ мерзім кезеңінде өндіріс процесінде пайда болатын жағдай - өндірістің күш – қуаты өсуі арқылы орташа шығындардың азаюы мен ресурстар тиімділігінің арту көрінісі. Өндіріс масштабы үш жағдай түрінде болады: 1) Жағымды (оң) эффект – ұзақ мерзімде өнім көлемі өскен сайын орташа жалпы шығындар азаяды; 2) Тұрақты эффект – ұзақ мерзімде орта жалпы шығындар өнім көлемі мен байланыста болмайды; 3) Жағымсыз эффект – ұзақ мерзімде өнім көлемі өскен сайын орта жалпы шығындар да өседі.

  64. Фирманың тепе – теңдігі - әр бір ресурсқа төленген ақша бірлігі біркелкі нәтиже немесе біркелкі шекті өнім беру арқылы ең аз шығынға жетуі (MC=MR=P). Қысқа мерзім кезеңінде фирманың тепе – теңдігін 4 типке бөлуге болады: 1) Өзінің орташа шығындарын (AVC=P) ғана жаба алатын фирма шектеулі деп аталады; 2) Шығындарын жаба алмайтын (AVC>P) фирма пайдасыз деп аталады; 3) Егер баға жалпы орташа шығындардан көп артық болса (P>ATC) – бұл артық пайда алатын фирма деп аталады; 4) Егер орташа шамада пайда алатын болса - әдеттегі (нормальдік)пайда алатын фирма деп аталады.

  65. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс. Жұмыс күшіне сұраныс – жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындар санының мол болуы. Жұмыс күшіне ұсыныс - әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлер санының болуы. Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысуы арқылы көрініс табады. Жұмыс күшіне сұраныстың азаюы – жұмыспен қамту деңгейін көтеруге және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың өсуі жұмыспен қамту жағдайын, жалақыны төмендетуге әкеледі. Жұмыс күшінің ұсынысының өсуі жалақының төмендеуіне, жұмыспен қамту жағдайын өсіруге әкеледі. Жұмыс күшінің азаюы – жалақының өсуіне, жұмыспен қамту жағдайының төмендеуіне әкеледі.

  66. Жалақының формалары: мерзімдік және кесімдік жалақы. 1) Мерзімдік жалақы – бұл еңбек ақы жұмыс істеген уақытына (айына, тәулігіне, аптасына, сағатына) байланысты төленеді. Мерзімдік жалақы өз кезеңінде бөлінеді: жай және мерзімді, мерзімді – сыйлықты еңбек ақыға; 2) Кесімдік (өнімділік) жалақы – бұл еңбек ақы өндірілген өнім көлеміне байланысты төленеді. Кесімдік еңбек ақы бөлінеді: тікелей кесімді, кесімді – прогрессивті, кесімді – сыйлықты, аккордты жалақыға.

  67. Жалақының түрлері: номиналды және нақты жалақыға. Номиналды жалақы – бұл ақшаға шығарып берілетін, яғни еңбеккердің өз еңбегі үшін алған ақша сомасы. Нақты жалақы – еңбеккердің алған номиналды жалақысына өзі және отбасы үшін өмір сүруге қажетті тауар сатып алуға болатынын көрсетеді.

  68. Жер нарығында сұраныс пен ұсыныс. Жердің өндіріс – құрал жабдығы ретінде ерекшеліктері бар: 1) Жер – кеңістік жағынан шектеулі; 2) Жер – адам іс - әрекетінің өнімі емес, ол табиғаттың жемісі, сондықтан оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар. Осы айтылғандарға байланысты жер ұсынысы икемсіз (абсолютті икемсіз). Жердің ұсынысына ықпалын тигізетін факторлар:

    • Жердің құнарлығы;

    • Жер участкесіні нарыққа алыс – жақын орналасуы.

Осы факторларға байланысты жердің бағасы қалыптасады. Жер иесі жерін жалға беріп жалгерден төлем ретінде рента алады.

  1. Абсолюттік және дифференциалды рента. Абсолютті рента – жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алынатын рентасы (табысы). Абсолютті рента – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны мен өндірістік бағасының айырмашылығы. Дифференциалды рентаның қайнар көзі – құнарлығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шарушылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, осы айырмашылық көлемінде рента төленеді (қоғамдық өндіріс шығындары минус жеке өндіріс шығындары).

  2. Дифференциалды I рента – жердің табиғи құнарлығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың жал төлемі ретінде жер иесіне көшуі. Дифференциалды II рента – бұл жердің құнарлығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайда.

  3. Жердің бағасы – жер тауар ретінде сатылғанда жер бағасы екі факторға байланысты қалыптасады: жер рентасына және банктің пайыз шамасына байланысты қалыптасады. Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады.


  1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет