Анықтамалық жолкөрсеткіші



жүктеу 265.08 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі265.08 Kb.
: documents
documents -> Аэробус а-320 Самолет а-320 — флагман семейства среднемагистральных узкофюзеляжных самолетов европейского концерна Airbus. Самолет полностью сертифицирован для полетов в России и за рубежом. Технические характеристики
documents -> Эффективность применения коллоидной фитоформулы ангиомега комплекс в кардиологии
documents -> 2015 жылдың қазан айының репертуары
documents -> I. 2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
documents -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылға арналған Іс-қимыл жоспары


Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебінің
Анықтамалық - жолкөрсеткіші

«Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ

Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8

+7 7172 70 30 30

info@kazguu.kz

www.kazguu.kz


3D-тур

http://kazguu.kz/3dtour.php



  1. Қазақстан туралы жалпы мәлімет


Қазақстан туралы жалпы мәлімет

Қазақстан Орталық Азияда, Еуропа мен Азияның торабында орналасқан. Бұл –әлемдегі көлемі бойынша тоғызыншы (2.717.300 шаршы метр) және ТМД елдері арасында екінші ел. Елдің батыс шекарасында орналасқан Каспий теңізі өзінің мұнай кенімен бай. Қазақстан Солтүстігінде Ресеймен, Шығыс жағында Қытаймен, Оңтүстігінде Қытай және Қырғызстанмен, Өзбекстан және Түркіменстанмен шектеседі. Қазақстан КСРО құрамынан республика ретінде 1991 жылы 16 желтоқсанда шығып, өз тәуелсіздігін жариялады.

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Республика қызметінің негізгі ұстанымдары: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, барлық халықтың игілігіне бағытталған экономикалық даму, қазақстандық патриотизм.
ТАРИХЫ
Қазақстан – бұл бай тарихы және мәдениеті бар ел. Еуразияның орталығындағы орналасқандықтан, Қазақстан әлемнің көне өркениеттерінің барлығымен дерлік ықпалдастықта өмір сүрді. Қазіргі Қазақстанды тарихтың әр кезеңінде осы аумақта өзіндік мәдени тарихымен туындап, дамыған мемлекеттердің заңды мұрасы ретінде тануға болады.
Қазақстан көне және орта ғасырларда
Біздің заманымыздың І мыңжылдығында қазіргі Қазақстанның аумағында біздің заманымызға дейін мәдени ескерткіштері сақталған көшпенді скиф-сақ өркениеті қалыптасты. Қазақстанның әр аймағындағы қорғандардан табылған «жануар» стиліндегі қола мен алтыннан жасалған тұрмыстық құралдар мен әшекейлер ерекше әсер қалдырады. Алматы қаласының маңындағы Есік қалашығынан табылған Алтын сақ сарбазы («Алтын адам») өзінің толық сақталғандығымен, сұлулығы, әрі көркемдігімен танымал.

Ортағасыр кезеңі бірнеше ірі мемлекеттерді құрған түркі тілдес тайпалардың өктемдігімен ерекшеленеді. Мысалы, Шығысында Сары теңізден басталып, батысында Қара теңізбен жалғасқан жерде орналасқан Түркі, Батыс Түркі, Түркеш, Қарлұқ, Қарахан, Оғыз, Қыпшақ қағанаттары. Бұл мемлекеттер өз заманында айрықша мәдениетімен, әсіресе, көшпелілік шаруашылыққа ғана емес, заманға сай қаланған қалалық мәдениетімен де ерекшеленеді.

1221 жылы Шыңғысханның қолбасшылығымен моңғол тайпалары Орталық Азияны жаулап алды. Моңғол шапқыншылығы аймақтың мәдение дәстүрі мен саясатына айрықша ықпал етті. Қазақстанның көп аймақтары Шыңғысханның үлкен ұлы әрі мұрагері Жошының ұлысы Алтын Ордаға енді. Қазақ хандары кейіннен оның тікелей ұрпақтары атанып, олардың биліктегі орындары Кеңес заманына дейін жалғасын тапқан.

Қазақ хандығы
ХV ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығының құрылуымен сәйкес келген қазақ этносы қалыптасып бітті. Алғашқы хан болып Шыңғысхан әулетінен шыққан Керей хан болып салтанатты түрде жарияланған. Қазақ мемлекеттілігінің саяси өркендеуі Қасым ханның кезеңімен тұспа-тұс келді. Оның кезінде Қазақ хандығының шекарасы едәуір кеңейіп, халқының саны 1 млн. адамға жетіп, ел сол кезеңдегі еуразиялық сахнада өзіндік саяси беделге ие болған атақты хандыққа айналды. Қазіргі елдің шекарасы саяси көшбасшы әрі қолбасшы Хақ-Назардың көмегімен белгіленген болатын. Қазақ хандығының соңғы ханы Тәуке хан болып табылады.

Қазақ мемлекеттілігінің ең ауыр да, қиын кезеңі Жоңғар шапқыншылығымен байланысты. XVII-XVIII ғасырларда қытай басшылары бағыттап отырған жоңғардың көшпелі тайпалары қазақ хандығына қатысты кең ауқымда соғыс ашқан. 1723 жылы қазақтар жоңғарлардан жеңіліс тауып, осы тарихи кезең тарихқа «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен енген.

Жоңғарларға қарсы басталған қарсылықты басқарған Абылай ханның шешім қабылдау қабілеттілігі мен қазақ батырларының еренділігінің, әрі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты қазақ билерінің елшілік қабілеттерінің, халық жанкештілігінің арқасында Қазақстанды толық жойылудан әрі халықтың жойылып кетуінен сақтап қала алды.


Отарлау
XVIII ғасырдың басында геосаяси жағдай қазақтардың пайдасында болмады. Еуразияның екі ірі мелекеттері – Қытай мен Ресейдің арасындағы табиғи құбылыстарға тікелей байланысты көшпелі Қазақстан экономикалық және саяси жағынан едәуір тұрақты көршілердің нысанына айналады.

1731 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр орыс бодандығына кіргенде онымен бірге Орта жүздің сұлтандары да Ресейге өз берілгенін хабарлайды. Қазақстанның Ресейге қосылуы бір жарым ғасырға созылып, 1865 жылы ғана аяқталады. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Ресей өзінінің бодандық саясатын жүргізе бастайды.




Кеңестік Қазақстан
1917 жылғы большевиктік төңкерістен кейін Қазақстанда Кеңес үкіметі орнаған. 1920 жылы Қазақстан автономиялы болып, 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтық республикаға айналды.

Экономикалық жағынан аймақтың аса дамымағанын ескерсек, одақтық үкімет Қазақстанда шаурашылық дамудың жеделдетілген түрін қолдана бастады. Соның арқасында 1941 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1913 жылға қарағанда сегіз есеге өседі.

Қазақстан – КСРО аймағындағы республикаларға қарағанда тұрғылықты ұлт санының өзгелерден едәуір кем болған жалғыз ел. Оған себеп: 30-жылдардағы большевиктік тәртіпке жақпаған КСРО-ның басқа республикаларынан жүз мыңдаған адамдарды Үкімет осы елге жер аударып, жіберіп отырған. Оған қоса, 1937-38 жылдардағы репрессияда ұлт санының күрт төмендеуін де ескеру керек.

Өткен ғасырдың 70-80-жылдары КСРО-ның экономикалық, әлеуметтік-саяси өмірінлегі дағдарыстар Қазақстанға өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Қатал жоспарлы жүйе елдегі экономика мен әлеметтік жағынан дамуын тежеп отырды. Кеңестік кез ел үшін трагедиялық 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларымен аяқталды.



Қазақстанның жаңа тарихы
1991 жылдың 16 желтоқсанында Республика Парламенті Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялады. 1991-1995 жылдары Республиканың саяси жүйесінің қалыптасуы мен конституциялық ресімделуі жүзеге асырылды. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында бейбітшіл саясаты мен әлемдік саясат ұстанымдарына қатысты айнымастықты көрсете отырып, негізгі аймақтық ірі мемлекетке айналды.
МӘДЕНИЕТІ
Қазіргі Қазақстан ұлттық және мәдени қайта өрлеу, жаңару дәуірін бастан кешіруде. Қазақ мәдениетінің бастаулары тас және қола дәуірінен бастау алып, өзінің дамуын орта ғасыр мен жаңа заманда жалғасын тапқан. Қазақстан аймағында өз шаруашылығымен тығыз байланыстағы көшпелі бірегей өркениет қалыптасты. Жануарларды бейнелудің скиф мәнері Қара теңіз жағалауына қарағанда Қазақстанда одан да ертерек қалыптасқандығы анықталған.

1970 жылы Алматы облысында табылған алтын бұйымдар Қазақстан аймағында 5-6 ғасырларда өмір сүрген тайпаларға телінуде.

Көшпелі мәдениеттің жарқын көрінісі ретінде халықтың бұрынғы заманнан бастап, қазіргі күнге дейін жеткен қолданбалы өнерін бойына сіңірген киіз үйді атауға болады. Ол сыртынан да, ішінен де бейнелі, көркем, айқын оюлармен безендірілетін.

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіндік ұлттық музыкалық аспаптары да қалыптасқан. Нәтижесінде ол бай музыкалық мәдениетке жол ашты. Айтыс, жыр, толғау мен әдет-ғұрып өлеңдері соның айқын дәлелі болып табылады.

Аты аңызға айналған Қорқыт (YIII-IX ғғ.), Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж) алғашқы музыкалық ноталық сауат үлгілерін жасады.

Орхон-Енисей жазба ескерткіштері түркі тайпаларының сөз өнері поэтикпалық қуатымен, ой тереңдігімен, бай мазмұнымен ерекшеленетінін дәлелдеп берді. Түркі әдебиетінің фольклорлық мұрасы аңыз, ертегі, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, батырлық жырлар, лироэпостық поэмаларымен ұсынылған. «Алпамыс», «Қобыланды» сияқты батырлық жырлар, «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Қыз Жібек» сияқты әлеуметтік-тұрмыстық эпикалық поэмалар, кейінгі «Айман-Шолпан», «Күлше-қыз», «Мақпал-қыз» жырлары әлем халықтарының өшпес мұраларының қатарында.

ІХ-ХІІ ғасырларда халықтың ауыз әдеби мұрасымен тығыз байланысты жазба әдебиетінің алғашқы бейнелері қалыптасқан. Тәрбиелік мәнімен, көркемдігімен ерекшеленетін Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігі мен жоғары білімді, белгілі түркі ақыны Жүсіп Баласағұнның дидактикалық сарындағы «Құтадғу білік» атты шығармасы өздерінің дана сөздерімен, ақыл-өсиеттерімен ерекшеленеді.

Қазақ хандығы кезінде ерекше бой түзеген қазақ жыраулары көне түркі мәдениетін одан ары дамытып, жанрлық жағынан байыта алды. Қодан-тайшы, Асан Қайғы, Бұқар, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Шал ақын т.б. сияқты жырау-ақындар елдің жақтаушысы, ханның кеңесшілері бола білген.

Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығымен қазақ жазба әдебиеті өркендей түсті. Өмірлік бейнелер туындап, Абай өлеңдері мен қарасөздерінен туындаған көркемдік қуатымен айрықша әсер ететін сұлу сөз бағыты дүниеге келді. Поэзия жанрында «Сегізаяқ» туындысымен жаңа жанр тудырған Абайдың көркем дүниелері адал еңбекке, мәдениеттілікке, жақсылыққа, білімділікке, әділдікке, халыққа деген сүйіспеншілікке, туған жерге деген махаббатқа толы.

Кеңес дәуірі кезінде туындаған, әлемнің 27 тіліне аударылған Мұхтар Әуезовтің атақты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай жолы» эпопеясы қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерді. Қазақ мәдениеті, сурет, құрылым өнері өзіндік ерекшеліктерімен байыды.

Қазіргі мәдениет өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсуде. Жаңа жанр түрлері туындап, ұлттық нақыштағы туындылар дүниеге келуде. Тәуелсіз Қазақстан «Шәкен жұлдыздары», «Дәстүр сыйы» сияқты фестивальдерімен және «Еуразия», «Азия дауысы» сияқты фестивальдерімен, «Тарлан» және «Кино Экшн-Астана» сияқты марапат түрлерімен танымал етуде.

2014 жылғы экономикалық сауда келісімі.

Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бола отырып, халықаралық интеграциялық экономикалық бірігуге қол жеткізді. Бұл Одақтың келісіміне еліміз 2014 жылдың 29 мамырында қол қойды. Келісім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енбек. Одақтың құрамында Қазақстаннан басқа Ресей, Белоруссия елдері бар. ЕАЭҚ әлем нарығында елдердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырып, жаңа сатыға көтерілу үшін құрылған.


ЭКСПО

Астана қаласында өтетін «Астана ЭКСПО 2017» көрмесі «Болашақ қуаты» ұранымен өтпекші. Бұл – тақырыбы жан-жақты қызығушылық туғызған, басты тақырыбы қуат, яғни энергия болып табылатын көлемді жоба. Көрме қоғамдастықтардың өмірі мен онда өмір сүретін адамдардың ең басты факторларының бірі ретінде тануға мүмкіндік береді.

«Болашақ энергиясы» жобасының басты мақсаттары – тұрақты қуат көздерін зерттеуге бағытталған бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге, қуат берудегі сенімділік пен тиімділіктті арттыруға, жаңа қуат көздерін пайдалануды арттыруға, әрі келушілерге қуат үнемдеуші өндірісті белсенді қолдаудың қажеттілігін және энергетика қорларын пайдаланудың тиімділігін көрсетуге бағытталған. Жобаның мақсаты мен міндеттері – халықаралық қоғамдастықты түрлі мекемелер, кеңселер, корпорациялар мен жеке адамдар көмегімен жауапкершілікке шақыру болып табылады. Ол жауапкершілік адамдардың қуат көздерін үнемдемей пайдалануы, соның негізінде қуат пайдаланудың бақылаусыздығы мен оның табиғатқа келтіріп жатқан залалдарын ұқтырумен тығыз байланысты. Соның барлығы Жер-Ана қорларын орынсыз пайдаланғандықтан болашақ экологиялық апаттарға әкелетіндігін көрсетуге арналған.

Астана қаласы және қаланың көрнекі орындары

Астана – 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының астанасы. 1961 жылға дейін Акмолинск, 1961-1992 жылдары Целиноград, 1992-1998 жылдары Ақмола болып аталған.

1830 жылы казактардың алдыңғы әскери бекінісі болып (форпост) қалыптасқан, бастапқы мәртебесі – Ақмола бұйрығы. Қалаушысы – Бородино шайқасына қатысушы полковник Фёдор Кузьмич Шубин-екінші.

1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Президент Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы астананың ауысуы туралы шешім қабылдады.

1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» атағы берілді.

Қалада сәулет өнерінің атақты шеберлері жобалаған бірегей құрылыс туындылары мен ғимараттар пайда болған. Сондай құрылыстардың бірі – аты аңызға айналған сәулетші Норманн Фостер салған «Хан Шатыр» орталығы. Биіктігі 382 шаршы метр болып табылатын әлемдегі теңдессіз құрылыс бірегей сауда-ойын-сауық орталығы болып табылады.



Қаланың көрнекі орындары

  • Бәйтерек – Астананың ең басты көрнекі орындарының бірі, әсерлілігі жағынан зор монумент.

  • Қазақ елі – монументі.

  • Сулы-Жасыл желекжол – ән айтатын су бұрқақтары бар Саяжолды рекреациялы жаяу адам жүретін аймақ.

  • «Ақ-Орда» - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

  • Тәуелсіздік Сарайы – дипломатиялық және басқа да халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған ғимарат; ғимаратта Астананың бар және салынып жатқан нысандары көрсетілген көлемді макет-жобасы бар.

  • Қазақстандық дәстүрлі және әлем дік діни сенімдер өкілдерінің саммиттері мен съездерін өткізуге арналған Келісім және бейбітшілік сарайы, Конгресс-холл.

  • «Шабыт» – Өнер сарайы.

  • «Хан Шатыр» – Сауда орталығы.


Қазақстанда нені жасауға болады және нені жасауға болмайды
Қазақстан зайырлы, демократиялық мемлекет болып табылады, сондықтан адамдардың өзін өзі ұстау мәдениеті еуропалық мәдениеттен қатты алшақ емес, бірақ кейбір мәселелерді есте сақтау керек:

1.Ұлттық заңнамаға бағынып, ұстану керек.

1. Жергілікті тұрғындармен кез келген тақырыпта сөйлесуге болады. Тек қана олардың ұлттық мәдениеті мен тұрмыстық өмірлерін, діни сенімдерін сынауға болмайды. Іскери серіктестермен қарым-қатынаста да сондай бағытты ұстану керек.

2. Мемлекеттік мекемелер мен банктердің көпшілігі сағат 9:00-дан бастап жұмыс жасайды, жұмыс күні сағат 18:00-де аяқталады, түскі үзіліс 13:00-де басталып, бір сағатқа созылады.

3. «Сен» деп тек жақын достар мен туысқандарға айтуға болады. Жақсы таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасағанда «Сіз» деген сыпайы сөйлесу түрін қолданып, әдеп ережелерін есте мықтап ұстау керек.

4. Қаламен серуенге шығарда не киетініңізге мұқият қараңыз. Киім қатты ашық-шашық, әрі түрлі-түсті болмауы керек. Астана тұрғындары джинсы мен спорттық киім киген адамның талғамы төмен деп есептеуі мүмкін. Сондықтан ең дұрысы іскери стильді таңдағаныңыз ұтымдырақ болады.

5. Қаланың жекелеген аудандарына өз бетіңізбен жалғыз бармағаныңыз жөн. Ол аудандарға бірнеше достарыңызбен жиналып бірге барған не тәжірибелі жолкөрсетуші ертіп алып барған дұрыс болады.

6.Алкогольдік ішімдіктерді ішуден аулақ болғаныңыз дұрыс. Діни мейрамдар мен ораза айларында алкогольді ішімдіктерді ішуге мүлдем тыйым салынуы да мүмкін.
2. Университет туралы жалпы мәлімет
Тарихы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақ мемлекеттік заң университеті ҚР Президентінің 1994 жылдың 14 наурызындағы № 1591 Жарлығымен құрылған.




Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев және

Қазақ гуманитарлық заң университетінің Президенті М.С.Нәрікбаев

ЖОО-ның алдында елдегі әлеуметтік-экономикалық жаңаша өзгерістер жағдайында құқықтық реформаны қамтамасыз ететін жоғары білікті заңгер мамандарды даярлау мақсаты қойылған. 2000 жылы М.Нәрікбаев ректор болып тағайындалған соң Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен ҚазГЗУ Алматы қаласынан Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласына көшірілді. Бұл тапсырманы жүзеге асыру ҚазГЗУ-дің Астана қаласында бөлімшесі негізінде Ұлттық құқық және мемлекеттік басақару институтын ашудан басталды.

Бұл реформа 2008 жылдың 2 маусымында Астана қаласының сол жағалауында Мемлекет басшысының университеттің заманауи жаңа ғимаратын ашуымен аяқталды.
Мақсаты

Университеттің негізгі мақсаты – сапалы және қолжетімді білім беру арқылы адамдарға қызмет жасау.

Сапалы білім беру – халықаралық стандарттарға сай, еңбек нарығының талаптарына жауап беретін білім түрі.

Қолжетімді білім беру – өнім мен тұтынушының орташа табысына бағытталған нақты әділ баға.


Міндеті

Әлемнің 100 үздік университетінің қатарына кіру арқылы әлемдік университет мәртебесіне жету.


Стратегиялық міндеттер

  • ҚазГЗУ-де ғылыми-зерттеу қызмет түрін дамыту

  • Сапалы білім берудің халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету

  • Әлемнің жетекші университеттерімен стратегиялық ынтымақтастық орнатуға ашық болу

  • Қазақстан жастары рухани және ұлтжанды дамуының орталығына айналу

  • Әлемдік талаптарға сай қызметкерлерді даярлау және олардың корпоративтік дамуын өркендету

  • ҚазГЗУ-дің академиялық беделін күшейту

  • Әлемдік стандарттардың негізінде инфрақұрылым мен материалдық-техникалық негізді дамыту

  • 2020 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттарды орындауға арналған қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету


ЖМ және зерттеу институттары
Қамқоршылық Кеңес – университетті жариялылық пен алқалық, бірдей құқықтық, еріктілік принциптеріне құрылған алқалық стратегиялық орган.
Қамқоршылық Кеңес ҚазГЗУ-дің Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі әлемдік деңгейдегі білім беру, ғылыми және мәдени орталығы ретіндегі тиімді қызметі мен дамуын, әрі маңызын арттыру мақсатында құрылған.

Қамқоршылық Кеңес университет дамуындағы мәселелерді шешуге қатысады, қоғамдық-кеңесші орган қызметін атқарады.

2010 жылдың 16 қыркүйегінде құрылған ҚазГЗУ Қамқоршылық Кеңесінің құрамы:




Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партия төрағасының бірінші орынбасары – Қамқоршылық Кеңес төрағасы.

Қоғамов Марат Шекішұлы, Қылмыстық іс жүргізу зерттеулері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ҒЗИ директоры – Қамқоршылық Кеңес төрағасының орынбасары


Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы, «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ Президенті – Қамқоршылық Кеңес мүшесі.


Бекетаев Марат Бақытжанұлы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы – Қамқоршылық Кеңес мүшесі.


Рақышев Кеңес Хамитұлы, «Sat & Company» АҚ Басқарма төрағасы – Қамқоршылық Кеңес мүшесі.

ЖОО құрамында келесі Жоғары мектеп пен орталықтар қызмет атқарады:



  • Жоғары оқу орнынан кейінгі оқу және халықаралық байланыстар институты;

  • Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебі;

  • Ұлттық құқық жоғары мектебі;

  • Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі;

  • Қашықтан оқыту орталығы.


3. Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебі
Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебінің Директоры-Жолаев Рахимбек Куатбекұлы.

Оқу-әдістемелік жұмыс Жоғары мектептің ең басты бағыттарының бірі болып табылады. Күн сайын 1000 студентке ерекше қызмет көрсетіледі. Барлық жұмыс пен студенттермен қарым-қатынастар Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жолаев Рахымбек Қуатбекұлының тікелей басышылығындағы мамандандырылған офис-регистраторлардың сүйемелдеуімен көмегімен жүзеге асырылады.

Жоғары мектеп тәрбие жүйесінің негізістуденттен кәсіби шебер тұлға мен азамат қалыптастыруға құрылған. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты мәдениетті, әлеуметтік жағынан белсенді, болашақта бәсекеге қабілетті маман, ұлтжанды жан-жақты азаматтың тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға бағытталған.

Жоғары мектептің ұйымдастыру-тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына Директордың ұйымдастыру-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, гуманитарлық ғылымдар магистрі Қажығалиева Айгерім Бекетқызы жетекшілік етеді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кучумова Гульфия Жасуланқызы.

Жоғары мектептің құрамына тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Құсайынова Жәния Дауылбайқызы басқаратын Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері кафедрасы мен «ҚР БҒМ 2012 жылдың үздік оқытушысы» атағының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенова Жайнагүл Сәбитқызы басқаратын Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық кафедрасы,филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ибраева Анар Бауыржанқызы меңгеретін Ағылшын тілі кафедрасы, филология магистрі Төлеубаева Ақнұр Мұхитқызы басқаратын Аударма ісі кафедрасы кіреді.

Профессорлық-оқытушылық құрамның Қазақстан Республикасы мен шетел Жоғары оқу орындарында дәрістер оқыған оқытушылары: философ.ғ.д., профессор Иманқұл Нұртас Насырұлы, тарих ғ.д., профессор Мухлисов Нұрлан Көшкенбайқызы, химия ғ.д.,т профессор Джалмаханбетова Роза Илемисовна, медицина ғ.к., профессор Окапов Найман Кабыкенұлы, тарих.ғ.к., профессор Мұқатаева Лепуда Кәрімқызы, филол.ғ.к., доцент Сапина Сәбира Мінатайқызы, филол.ғ.к., доцент Динаева Бекзат Бегалықызы, филол.ғ.к., доцент Иманғалиева Гүлназ Сәбитқызы, педаг.ғ.к., аға оқытушы Нұртаева Жанат Жолдыбайқызы, Үнді елінің профессоры Сучета Чакро Борти, Испанияның профессоры Сальвадор Паларес және басқа да ғылымның әр саласындағы доктор, кандидат, магистрлер оқытушылар болып табылады.  



Білім беру ұғымының философиясы
ҚазГЗУ студенттердің білімдерін іс жүзінде жүзеге асыруына бағытталған заманауи дидактикалық теориялар аясындағы жаңаша білім берудің үлгісін жетілдіруде. Бірнеше жыл бұрын Қазақстан Республикасы Болон келісіміне қол қойған. Бұл келісім білім беруде біліктілік ыңғайына негізделген.

«Құзыреттілік – бұл студентке тиесілі өзі дамытып, өркендететін машық не мүмкіндік, қабілет не қасиет». Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың ажырамас бөлігіне айналуда, ал ҚазГЗУ студенттердің болашағына қажетті халықаралық деңгейде білім алу мүмкіндігіне қол жеткіздіруге ұмтылады. Осыған орай, ҚазГЗУ бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерде іргелі біліктіліктерін дамытып, арттыратын Жоғары мектеп ашуда. Нақтыласақ – Жалпы білім беру пәндері және тілдік дайындық жоғары мектебі.

Барлық бірінші курс студентттері аталған Жоғары мектепте білім алады. Әрине, ҚазГЗУ-ге студенттер белгілі бір экономика, құқық, психология, т.б. салаларында маман болу үшін оқуға түседі. Бірақ, ҚазГЗУ-де біз жалпы академиялық машықтарды маман болудың алдында дамыту керектігіне сенеміз. Адамдар 1 Формулалы ұшқыштар не жүргізушілер бола салмайды. Мысалы, Михаэль Шумахердің өзіне алдымен қарапайым жеңіл көлікті жүргізуді оқудан бастау қажет болған. ҚазГЗУ Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебі (ЖББП және ТД) студенттерге модульдер бойынша әртүрлі білім беру бағдарламаларын ұсынады. Бағдарлама ҚазГЗУ түлегінің негізгі құзіреті мен біліктілігін дамытуға бағытталған:

«ҚазГЗУ түлегі үш тілді бірдей меңгерген, бастамашылықты өз қолына ала алатын және әртүрлі кәсіпкерлік көзқарастары мен пікірі бар, әлеуметтік жауапкершілікті ұғына отырып, халықаралық деңгейде азаматтық сана-сезімі жетілген жеке индивидтер болып табылады».

Жалпы білім беру және тілдік даярлық жоғары мектебі Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп жатқан ішкі және сыртқы саясат аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлей алатын студентті даярлауға бағытталған. Сонымен қатар олар Қазақстан Республикасы туралы, яғни, Қазақстан тарихы, саясаты, экономиканың теориясының негіздері, құқық негіздері сияқты негізгі ақпаратты да меңгере алады. Қазақстан Республикасының көшбасшылары және болашақ менеджерлер ретінде олар интегралды бағытқа негізделген нақты шешімдерді қабылдауға үйрену керек. ҚазГЗУ Қазақстан дамуымен байланысты әлеуметтану, экология, философия және бизнес әдебі сияқты түрлі бағыттағы өзара байланысты салаларда ойлауды дамытуға ерекше көңіл бөледі.Информатика, Академиялық жазылым және оқылым, ТҚН және дене шынықтыру сияқты пәндер 2-курста мамандық аясында білім алуға негіз бола алады. Студенттер университетке белгілі бір мамандықта білім алу үшін түссе де, көбісінің таңдаған бағыттары мен мамандықтары туралы ұғымдары бұлыңғырлау. Жалпы білім беру және тілдік даярлық жоғары мектебінде студентке өзі таңдаған мамандығының қырлары мен ол туралы ұғым-түсінігін қалыптасуына ықпал етеді. Оқу бағдарламасы аяқталған соң студент бұрын өзі таңдаған мамандығын жеке қабілеттері мен өз мүмкіндіктеріне қарай ауыстыра алады.



Модульдік жүйе және Болон процесі

Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебі модульдік жүйеге негізделген. Оқу жылы 4 тоқсанға (модульге), әр модуль 10 аптаға бөлінген. Бұл кезеңде студенттер өте толысқан, қанық бағдарлармен оқып, білім алады. Әр модуль 3 әртүрлі пәндер мен пәнаралық тапсырмалардан тұрады (есеп). Модуль аяқталған кезде студент әр пән бойынша емтихан тапсырады. Егер де тапсыра алмаған жағдайда тағы бір тапсыру мүмкіндігі беріледі. Емтиханды қайта тапсыра алмаған студентке қайтадан модульдік оқуды оқуына тура келеді. Барлық модульдер ірі және кішігірім аудиторияларға арналған дәрістерден (дәрістер, семинарлар, лабораториялық жұмыстар, он-лайн оқыту, мультимедиялық дәрістер, қонақ дәрістері және экскурсиялар) тұрады. Әр модульде оқытушылар және студенттер қолда бар материалдарымен ғана емес, сонымен қатар конақ дәрістер асындағы салалық компаниялар мен мемлекеттік мекемелерден шақырылған профессорлардың дәрістері мен семинарларын тыңдайды. Студенттер модуль бағдарламасы аясында университеттен тыс «өмірлік» тәжірибе жинау мақсатында компаниялар мен мекемелерге кем дегенде 2 рет экускурсияға шығып тұрады.

Оқу бағдарламасынан басқа ҚазГЗУ студенттері түрлі халықаралық олимпиадаларға, спорттан Жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға қатысады. Қызығушылықтарына байланысты ірі клубтарға оның арасында дебат клубына, поэзия клубына, студенттік кеңеске, музыкалық үйірмелерге мүше бола алады.

ҚазГЗУ-дің оқытушы ұстаздары (кураторлар), модуль үйлестірушілері, кафедра меңгерушілері 1-курс студентіне табысты әрі белсенді болуына қажетті машықтар мен біліктіліктерін дамытуға көмектеседі.



Құзырет

ҚазГЗУ бакалавриат бағдарламасындағы студенттердің негізгі құзыреттері:

«ҚазГЗУ түлегі үш тілді бірдей меңгерген, бастамашылықты өз қолына ала алатын және әртүрлі кәсіпкерлік көзқарастары мен пікірі бар, әлеуметтік жауапкершілікті ұғына отырып, халықаралық деңгейде азаматтық сана-сезімі жетілген жеке индивидтер болып табылады».

  1. Бакалавр дәрежесі келесі құзыреттерді меңгерген студенттерге беріледі (екінші кезең «Дублиндік Дескриптор»):

  2. Студенттер ҚазГЗУ-де оқығаны бойынша өз білімдерін көрсете алды.

  3. Студенттер бакалавриат деңгейінде ҚазГЗУ-дің оқу бағдарламасында өткен, жаңа идеялар мен олардың қолданысын, көбінесе зерттеу аясында өз білімдері мен ұғымдарын көрсете алады.

  4. Студенттер олардың білімдері мен ұғымдарын, өзіндік шешім қабылдай алу қабілеттерін жаңа немесе танымайтын кәсіби ортада, олардың білім алған саласы аясында қолдана алады.

  5. Студенттерде қиындықтарды шешу мен білімдерін біріктіру, толық емес не шектелген ақпарат бола тұра өз кезегінде олардың білімдері мен ойларын қолданумен тікелей байланысты әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті көрсете алатын ойларын құрастыру қабілеті бар.

  6. Студенттер нақты және бірізді ой қорытындысын өз білімдері мен логикалық негіздерге сүйене отырып түсіндіре алады.

  7. Студенттерде олардың өз білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік беретін дербес білім алу.

Академиялық жыл және күнтізбе



4. Студеттік қолдау және ұйымдар

Ыңғайлылық (кітапхана, мед. пункт, студенттік бөлім)

ҚазГЗУ кітапханасы Электронды кітапханалар мен жаңа ақпараттық технологияларды қолданатын және әзірлеушілердің Халықаралық Ассоциациясының мүшесі болып табылады (ЭБНИТ Ассоциациясы, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы), әрі ірі әлемдік электронды

қорларға қосылған (Thomson Reuters, Polpred.com, KazNet).

Университетте салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыруды қолдау үшін профессорлық-оқытушылық құрам мен әкімшілік-басқару қызметкерлеріне арналған жалпы көлемі 1 265,8 шаршы метр ауданды құрайтын спортзалы, гимнастика залы, фитнес-залы бар спорттық кешен бар.



Кампус аймағында 500 орынға арналған 5003 шаршы метр жерді алып жатқан жатақхана орналасқан. Тұру бағасы – айына 4000 теңге.

Университеттің студенттік асханасы 1 қабатта орналасқан. Жұмыс уақыты 9.00-дан бастап, кешкі 17.00-ге дейін.

ХҚКО (ЦОН)
Студенттердің сұрақтары мен құжаттарды реттеу жұмыстарын жеңілдету мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығы құрылған. Бұл студенттерге арналған орталық шет елде бұрыннан қолданылады. 2014 жылдың 1 наурызынан бастап қызмет көрсететін орталықта студенттер барлық қажетті мәліметтерін бір орталықтан ала алады. ХҚКО келесі бағыттар бойынша қызмет жасайды:

- Өтініштерді қабылдау және тіркеу;

- Өтініштерді қарау;

- Студенттік құрам бойынша бұйрықтарды тіркеу;

- Академиялық анықтаманы ресімдеу және тіркеу;

- Қаржылық қызметтер;

- Заңгерлік қызмет түрлері

Студенттерді қолдау және қызмет көрсету Басқармасының мақсаттары:



  • Студенттерге бір терезеден сапалы және тез қызмет түрін көрсету. Барлығы 40 операция түрі жүзеге асырылады. Студенттер, магистранттар, докторанттар, түлектер, абитуриенттер және олардың ата-аналары өздерін қызықтыратын не мазалайтын сұрақтарымен осы орталыққа хабарласа алады. Құжаттарды қабылдау, аудармалар, құжаттарды қалпына келтіру, академиялық демалыс беру, оқудың төлемақысын жекелеген кесте бойынша төлеу, оқуға жеңілдіктер беру, жатақханада тұру т.б. мәселелерді қарау осы Басқарма қызметіне кіреді.

Басқарманың міндеттері:

- студенттерге уақтылы әрі сапалы қызмет түрлерін ұсыну;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді түбегейлі жоюға шаралар жасау;

- ХҚКО арқылы (ЦОН) студенттерге оқу қатысты ақпараттық көмек көрсету;

- мәліметтерді бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланып, электронды құжаттар мен электронды пошта-жәшігі сияқты авоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы компьютермен қайта өңдеу түрлерін ендіру;

- студенттерге көрсетілетін қызмет түрлерінің мәдениеті мен сапасын арттыру.



Студенттік өмір


ҚазГЗУ Times

Біз университеттің жаңалықтары мен оқиғаларын, іс-шараларын көрсетіп, ақпарат таратып отыратын студенттік баспасөз орталығы болып табыламыз.





КТК командасы
КТК командасы «ҚазГЗУ құрамасы» - бұл ЖОО-ның кез келген белсенді, әзілқой студенті қатысқысы келетін студенттік ұйым.


ОРДА Дебат клубы

ҚазГЗУ студенттерінде қазіргі заманда ең қажетті қабілеттерді дамыта алады. Олар: креативтілік, ұйымдастырушылық, көшбасшылық, ұжымда жұмыс істеу, жауапкершілік, сыни ойлау.





New Art

«New Art креативті тобы» 2010 жылдан бастап Университет қабырғасында, одан да тыс жерлерде іса-шараларды өткізуге атсалысып жүрген ұйым. Біздің топтың кез келген іс-шараны атқаруға мүмкіндіктері бар.




Жан Шуақ студенттік қайырымдылық қоры

«Жан Шуақ» –2011 жылдың 5 қыркүйегінде құрылған студенттік ұйым. Мұнда қайырымды, жүрегі ашық, көмекке зәру адамдарға мейірімін бере алатын студенттер топтасқан.





«Батыр Ұрпақ»жастар ұйымы
«Батыр Ұрпақ» - ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық құндылықтарды, ұлттық дәстүрді, мәдениетті, тіл мен рухани бірлікті насихаттайтын ұлтжандылардың тобы.

«Sezim» поэзия клубы

«Sezim» -белсенді шығармашылықпен айналысатын студенттерге есігі ашық клуб. Атақты адамдармен, мәдениет қайраткерлерімен, қазақстандық ақын-жазушылармен кездесу өткізетін, Республика қалаларында туындыларын жариялап тұратын әдеби жастардың ұйымы.




Pro ЕtContra саяси дискуссиялар клубы

«Pro Et Contra» Қазақстан мен әлемдік қоғамдастықта орын алған саяси жағдайлар мен олардың көкейтесті мәселелерін қарастыратын студенттерді топтастырған клуб.





ҚазГЗУ Бизнес-инкубаторы – бұл табысты бизнес-жоспарларды іске асыруға, оларды құруға көмектесетін студенттік жастардың клубы.


Ар СОТЫ

«ҚазГЗУ» АҚ Ар соты Университет басшылығымен бірдей құқықтық деңгейде студенттік басқару аясында өз қызметін атқаруда. Университеттің Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет құруы жолында өзіндік үлес қосып жатқанын дәлелдей алатын клуб.





«Қазақтың Ата Заңдары»

«Қазақтың Ата Заңдары» - 2011 жылдың 25 қазанында құрылған жастардың ұйымы. Құрамына ғылыми-зерттеушілік қабілеттері бар 1, 2, 3 курс студенттерін қабылдайды.

Биді ұнататындар «ҚазГЗУ dance» және «Көркем» би үйірмелеріне қатысады.

Студенттер өз бойларындағы «Жас Өрен» атты домбыралық ансамбль құрамына ену арқылы өздерінің музыкалық қабілеттерін арттыра алады.

Студенттік театрда Сізді актерлік шеберлікке үйретеді.



5. Жалпы ережелер
№1-119/08 «ҚазГЗУ аймағы мен ғимаратында орналасудың кейбір шарттары» атты 03.03.2008 жылғы Бұйрыққа сәйкес мыналарға тыйым салынады:


  1. темекі шегуге;

  2. спирттік ішімдіктерді, оның ішінде аз алкогольдік құрамы барын да ішуге;

  3. сағыз шайнауға;

  4. уландырғыш заттар мен есірткі заттарын, олардың прекурсорларын (тізімі ҚР заңнамасымен айқындалған) сақтауға, қолдануға, таратуға,;

  5. құмар ойындар ойнауға;

  6. мас күйінде, не есірткі қолданған не масаңсыған күйінде келуге;

  7. жануарлармен келуге;

  8. жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдарды сақтауға, таратуға қолдануға;

  9. 22.00 мен 07.00 аралығындағы түнгі уақытта тыныштықты бұзуға .

2. Сонымен қатар ҚазГЗУ беделі мен іскерлік ахуалды сақтау үшін киімге қатысты мынадай талаптар қойылған:

2.1. ҚазГЗУ қызметкерлері мен студенттеріне іскери (офистік) киім үлгісін кию ұсынылады.

2.2. Студенттерге оқуға іскери стильге сай емес ( көйлектер мен жейделердегі декольте, сонымен қатар жеңсіз киім киюге, тізеден 5 см аса жоғары юбка мен көйлектер) киіммен келуге тыйым салынады. Сонымен қатар спорттық киім үлгісі мен жағажайдағы киім үлгісін, нақтылағанда аяқ киімді киюге де тыйым салынған.

Қауіпсіздік қызметкерлері ҚазГЗУ ғимаратына аталған тараушалардағы талаптарға сай емес адамды кіргізбеуге толық құқылы.




6. ҚазГЗУ-ге кіруге берілетін рұқсат
Өткізу тәртібі мен ішкі нысандық тәртіп
Өткізу тәртібі – университет ғимаратына кіретін, шығатын тәртіптің жиынтығы. оның ішіне адамның университет қабырғасына кіру және шығу тәртібі және көлік құралдарының университет аймағына кіру және шығу тәртіптері кіреді.
Өткізу тәртібі мына мәселелерді болдырмау үшін құрылған – АҚ ғимараты мен құрылыс ғимараттарына адамдардың өндіріс және қызметтік жағдайдан тыс рұқсат етілмеген жағдайларда кіруіне жол бермеуге, - бақылаудағы аймақтан құжаттар мен тауар-материалдық құндылықтарды АҚ басқарма рұқсатынсыз алып шығуға жол бермеуге, - жұмысқа АҚ қызметкерлерінің жұмыс уақытынан тыс мезгілде кіруге жол бермеуге.

«ҚазГЗУ» АҚ-ның құрылыс ғимараттары мен ғимаратына төмендегі қызметкерлерге кіруге рұқсат етіледі:

1.4 Проксимити карточкасы бар студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге, басқа қауіпсіздік қызметкерлері рұқсат етілген азаматтарға;

1.5 Бір реттік өту рұқсат қағазы бар университет қонақтары мен келушілеріне;

1.6 Проксимити карточкасын жоғалтқан уақытша өту құжаты бар студенттер мен оқытушылар мен қызметкерлерге;

1.7 Студент немесе қызметкер қатаң түрде тек өзіне тиесілі карточкамен өтуі керек;

1.8 Студент карточкасынан тыс өзімен бірге студенттік билетін де бірге қажет жағдайда көрсету үшін алып жүруі керек;

1.9. Бақылаудағы аймаққа көліктің немесе басқа да техниканың кіруіне тек қана АҚ басшылығы немесе Қауіпсіздік қызметі бастығы ғана рұқсат ете алады.


Барлық 1-курс студенттеріне студенттік билеттер табысталады.
Университет Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8 мекенжайында орналасқан. Қоғамдық көліктер: 44, 35, 17, 36 автобустары.
ХҚКО байланыс мәліметтері (ЦОН):

Call орталығы

Тел.: 8 (7172) 70 28 54

E-mail: tson@kazguu.kz



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет