Аннотация



жүктеу 1.75 Mb.
бет2/7
Дата18.04.2016
өлшемі1.75 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Агрессия











Жағдайдан шығу




Л.С.Выготский /29/ өз еңбектерінде жеткіншек жасындағыларды зерттеуде жаңа проблемалар анықтады: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Оның айтуынша, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады.

Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.

Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.

Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің орын алуы) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерленуіне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыш­тығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мүндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.

Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын. түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жаәдайлары мен нақтылы дара. жаәдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен кинофильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының бәрі, сондай-ақ махаббат пен жыныс проблемалары туралы жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің, эротикалық ойысушылықтар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы—қалыпты құбылыс.

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму, процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарды сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игілііктерді, үлкендерден және жолдастары мен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзiнің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады.

Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады және көптеген жағдайларға байланысты болады. Осы себепке байланысты «өтпелі кезеңнің» жүруі әр балада әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен ал, екінші жағынан, сол бір ғана кәмелетке толу жасындағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. А.А.Бодалев қазіргі мектеп окушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты деп түсіндіреді. Жеткіншектерде ересектіктің дамуын тежейтін жайлар:


  1. балалардың көбінде басқалардай тұрақты және байыпты міндеттер болмай тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қынжылыстардан, қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;

  2. ересектендіретін жағдайлар мазмұны сан алуан мәліметтердің орасан зор тасқыны болуынан; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі; жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуымен жыныстық толысудың акселерациясы.

Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мысалы, жеткіншектің басым көпшілігінің бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, бірақ, сонымен қатар, оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.

Л.Колбергтің пікірі бойынша жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интеллектуал» үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қоршағандардың барлығы оны әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен, комьютермен әуестенсе, ал екіншісі сабақта түк бітірместен, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнін шаштараз туралы мәселеге айналдырып отыратын ересек жасөспірімдер. Үшіншілерін «интеллектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Қыз балаларға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді.

Осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреуі үшін маңыздының енді біреуіне құны жоқ болып шығады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық дамуы және барлық құндылықтардың жалпы бағыты белгіленетіндігі. Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас ұзақ уақыттан бері болып келеді. Өйткені осы жас кезеңінде жеткіншектердің дамуындағы позитивтік әсерлер адамның болашағына үлкен әсерін тигізеді.

Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды, дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады. Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінін, (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі – жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.

Бүлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері үлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұнатанады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге карағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұәылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне козғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалу, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы ебедейсіздік, колапайсыздық). Бұдан күйзеле қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6—14 жас аралығында көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта, хореографияда ерекше шеберлік көрсетіп жоғары жетістік иесі болу мүмкіндіктері де артады.

Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы қан қысымының артуы, бастың ауруы бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрініс беруі мүмкін.

Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланыста болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт, өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыш­тығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мүндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.

Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғащқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Холл мен З.Фрейд /91/ болды. Олар жеткіншектің дағдарысы ен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады. Көптеген зерттеулерде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды.

Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті:

1) үздіксіз жүретін;

2) үзіліспен жүретін.

Баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің ролі жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. Осы кезеңге өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады. Осы кезеңге өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда болған кезде байқалады (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып жүреді және оның өзіне тән нәтижесі болады – ресми кемелеттілікке жeткeн кезде баланың ересектер ролін атқаруға әлі дайын емес екендігі анық байқалады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әр түрлі болады және оның ешқайсысы да кәмелеттікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.

АҚШ ғалымы К.Левин /46/ жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындықтан олардың бір-бірінен бөлінген­дігін, жеткіншектік кезеңде баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай ілгерілейтінін атап көрсетті. Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралыәындағы жағдайда болатын кезеңінің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және басқа шетел психологтары дамытуда, олар жеткіншектердің ерекше бір «субмәдениеті» бар дегенді, яәни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады. Л.С.Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады.

Жеткіншек жас кезеңіндегі балалардың даму ерекшеліктерін зерттеу барысында бұл жас кезеңіндегі «дағдарысты» түсіндіруге арналған теориялық ой-пікірлердің барлығы осы кезеңде орын алатын көптеген нормадан ауытқулар организмде жүретін өте күрделі психофизиологиялық өзгерістермен байланысты екенін көрсетеді. Жеткіншек жас кезеңіндегі пайда болатын жаңа құрылымдар, гамоналдық жүйенің жетілуі т.б. өзгерістер бала ағзасының сапасы өзгеріп, оның қысқа мерзім ішінде үлкендер ағзасының сапасына өтуіне байланысты болатыны дәлелденген. Осы өзгерістер баланың эмоционалдық жағдайына әсерін тигізіп, оның мінезінде көптеген ерекшеліктер көрініс береді. Сонымен қатар жеткіншек жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік жағдайлармен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.

Психологиялық қызмет көрсету барысында жеткіншектердің осы ерекшеліктерін ескере отырып, эмоционалдық үйлеспеушілік орын алған кезде эмоцияның мінез-құлыққа тигізетін әсерін, эмоционалдық жағдайлардың пайда болу себептерін, оның көрініс бері ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, толық түсіну қажет.


1.2. Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен
Эмоция қазіргі теорияларда білімнің маңызды түрі ретінде қарастырылады. Эмоция психологиясы психологияның белгілі аймағы болып табылады. Қазіргі эмоция психологиясында «эмоция» түсінігінің түрлі анықтамалары кездеседі. Бірақ, барлық теоретик –психологтардың тәжірибелі тұрғыдан сай келуі осы «эмоция» түсінігінің жалпы қабылдаған анықтамасының жоқтығында. Сондықтан да «эмоция» категориясы мамандар тарапынан үлкен қызығушылықты туғызып отыр. Осыған байланысты Э. Роштың прототивтік ағым бойынша талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зеріттеуін қарастырамыз. П. Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша, табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі.

1. Жиілік.

2. Прототиптілік.

3. Бейкатегориялық.

4. Доминанттылық.

А. Ортони, Дж. Клор және А. Коллинз /45/ өздерінің «эмоцияның конгетивті құрылымы», еңбегінде эмоцияға тек қана валенттілігі бар психикалық пайда болулар ғана жатуы керек, яғни, жағымды немесе жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік және осы сияқты феноменттер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу эмоцияға кіргізіледі.

К. Изарды «Адам мінез – құлқының фундаметальды принципі болып, эмоцияның қабылдауды, ойлауды және әрекетті ұйымдастыруы және күшберуі болып табылады, барлық эмоция эволюция барысында дамитын адаптивті функцияларға ие» деп, атап көрсетеді.

Эмоция – адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады. Мауер: «эмоция өз әсерімен мінез – құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді» деп, атап өтеді. Мінез – құлықтың негізгі қозғаушы күші эмоция болып табылады. Осы эмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық.

Эмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде эмоция кезінде электрофизиолгиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс мидің электірлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында да жүреді. (Симонов, 1975) ; Қатты ашулану немесе қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 – 60 дүрсілге көтеріледі. Күшті жүретін эмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай бірден өзгеруі барлық нейрофизиологиялық системалардың көп немесе аз дәрежеде бір – біріне қосылуына әкеліп соқты. Мұндай өзгерістер қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс әрекетіне әсерін тигізеді. Өзгерулер психикалық бұзылуға да әкеліп соғуы мүмкін.

Эмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді. Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына, белсене мән бермеу тән.

Сонымен қатар, эмоция танымдық процестердің басқада бөліктеріне әсерін тигізеді. Осының әсерінен субьектінің мінез – құлқы өзгереді.

Томкинс пен Изард эмоцияның пайда болуына қабылдаумен білім үлкен роль ойнайды деп атап көсетеді. Жалпы эмоция фудаментальді деп аталады. Өйткені ол 3 компанентен тұрады:

1. Арнайы ішкі детерминацияланған жүйкелі субстрат;

2. Мимикалық немесе жүйкелі бұлшықет тән комплекс;

3. Субьективті уайымдаумен ерекшеленетін немесе фенаменалогиялық қасиет.

Осы 3 компонент бірігіп, эмоцияны көрсетеді. Ал осы пайда болған эмоцияға түрлі сипат тән:

1. Қызығу – толқу – жиі уайымдалатын жағымды эмоция, ол оқуды, дағды, үйрену және шығармашылық талпынуды мотивациялайды. Яғни, осы қызығу нәтижесінде субьектінің белгілі нәрсеге деген процестері артады.

2. Қуаныш – максималды қажет эмоция. Ол сенімділік сезімімен сипатталады. Бұл Томкинс позициясы тұрғысынан қуаныш - жүйке стимуляциясының градиентінің қатты төмендеуінің нәтижесінде пайда болады.

3. Таңқалу эмоцияның бірнеше түрлерінен көрінеді, бірақ ол эмоция емес. Басқаларға қарағанда таңғалудың ерекшелігі - ол барлық уақытта өтпелі жағдаймен сипатталады. Ол жүйке стимуляциясының бірден жоғарлауы нәтижесінде пайда болады.

4. Қайғы – қасірет - бұл эмоция нәтижесінде адам өзін тастап жібереді. Жалғыздықты адамдармен қатынастың жоқтығын сезінеді, өзіне жалынышпен қарайды.

5 . Ашу – бұл кезде бет қызарып, қан қайнап кетеді.

6. Жек көру – ашумен бірге пайда болады. Ол физикалық немесе физиологиялық бұзылудың нәтижесінде пайда болады. Ол деструктивті мінез – құлыққа алып келуі мүмкін;

7. Көргісі келмеу – жоғарыдағы екеуімен бірге пайда болады. Осы, яғни эмоцоияның үш сипаты «жаушылық триадасы» деп аталады. Өзін күштімін яғни, басқадан ақылдырақпын, білімдімін, т.с.с) сезіну осыған алып келеді. Мұның бір қауіптілігі «суық» эмоцияға келіп тіреледі, ол индивид немесе топтың деперсонизациялануына алып келеді. Бұл эмоция біреуді өлтіруде көмегін тигізеді;

8. Қорқыныш – бұл эмоция адам психикасы үшін өте зиян: адам тіпті «өлуге» дейін қорқуы мүмкін;

9. Ұят – бұл адамның тығылу немесе жоғалып кетуіне кепіл болады немесе керісінше;

10. Күнә - моральды этикалық норманы бұзу нәтижесінде пайда болады.

Біз эмоцияны мінез - құлық бейнесі ретінде көреміз. Сонымен қатар, біз эмоцияның компоненттерін, сипатын атап өттік, енді оның комплекстерін атап өтеміз. Оның комплекстері:

1. Мазасыздану өмір ерекшелігімен байланысты, яғни субьект психикасының белгілі бір нәрсеге мазасыздық көрсетуі;

2. Депрессия – дипрессияның алғашқы психодинамикалық түсінігін Карл Абрахан берген. Ол мазасыздық пен дипрессияны қорқыныш пен қайғы аналогиясы ретінде қарастырды. Дефференциалды эмоция теориясында депрессия мазасызданудан да күрделі синдром деп аталады. Депрессия фундаменталды эмоциялармен қатар басқа да аффективті факторлармен сипатталады, яғни, өзін физикалық нашар сезіну, жоғары уайымдаушылық. Махаббат – аффектінің маңызды комплексі болып табылады;

4. Жаушылық – агрессияның негізі ретінде анықталады.

Жалпы осы сипаттамаларға сүйене отырып мынандай қорытындыға келеміз: «Адам мінез-құлқының әр түрлі жағын эмоциялар арқылы көреді екенбіз». Ал эмоция дегеніміз не? Оған анықтама бермес бұрын бірнеше теорияларға тоқталамыз.

Фрейдтің психоаналитикалық теориялары психология тарихында және мінез-құлық ғылымында белгілі бір себептерге байланысты үлкен роль алып отыр. Фрейд санасыздық, түс динамикалығын сақтау мезанизмдері санасының дамуы, қысылу, көтерілу, тұрақтылық, өзгергіштік, балалар сексуалдығы сияқты эвристикалық концепцияларды шығарды. Мұның барлығы аффект (эмоция) концепциясы болып табылады.

Фрейдтің инстинктік қызығушылық теориясы мотивацияның классикалық психоланалитикалық теориясының ядросы болып табылады. Сөйтіп Фрейд: «аффект немесе эмоция психикалық өмірде тек қана қозғаушы күш болып табылады». Сонымен қатар, ол кейінгі еңбектерінде: «аффект немесе эмоцияны адам психикасына фантазияны және тілекті итеруші күш ретіндегі интропсихикалық фактор» деп атап көрсетеді.

Психоаналитикалық теорияларды анықтай отырып, Рапапорт - инстинктік қызығуды немесе мотивті интропсихикалық күш ретінде анықтайды.

Түрлі теорияларға сүйене отырып, эмоция механизмі туралы келесі түсініктерді береді: Сөйтіп, қабылданған обьект танылмаған инстинкті энергияны мобилизациялау инициаторы болып табылады деп атап көрсетеді, егерде осы энергияның шығуына ашық жолдар болмаса, (яғни, бұл инстинктивті талаптың конфликті болу жағдайлары) онда ол басқа канал арқылы жол тауып, түрлі әрекеттерге әкеліп соғады. Осының әсерінен «эмоционалды түр» немесе эмоционалды сезім – симультанды немесе бірінен кейін бірі немесе жалғыз иекті болуы мүмкін. Біздің қоғамда инстинктің пайда болуының ашық жолдарының сирек болуына байланысты, түрлі интенсивті эмоционалды разряд жиі болып тұрады. Сондықтан да біздің психикалық өмірімізде «инстинкті эмоциялардан» басқа (бірден көтерілу, қорқыныш және т.с.с.) түгелдей эмоционалдық пайда болу иерархиясы бар (яғни, конвенционалдыққа, интелектуалдыққа негізделген).

Эмоция туралы, Рапапорт: «Аффект сигналдар жиынтығы секілді шындықты танудың ойлау механизмі»:

Джон Боулби: «Үйреніп қалғанннан басқа өте күшті сезіммен шығарылатын мінез-құлық жоқ (нет поведения сопроваждающегося более сильным чувством чем привязанность)» - деп көрсеткен.

Сонымен, эмоцияның толық анықтамасын беру үшін біз үш аспектіге тоқталып өтеміз:

а) Эмоцияны сезіну;

ә) Жүйке, эндокринді, тыныс және организмнің тағы басқа жүйелерінде болып жатқан процестер;

б) Бақылауға берілетін эмоциялық комплекстер, дәлірек айтсақ, түс арқылы белгіленетіндігі.

Сөйтіп, Шахер /44/ берген анықтама бойынша, эмоция дегеніміз, физиологияны қоздыру функциясымен біріккен функция оның бағасы және субьектінің сол жағдайға қатынасы. Бұл эмоцияның когнитивті теориясымен байланысты.

Ал Лазарус, Авериль оқиғаларға, өмір жағдайларына адамның берген бағасын танымдық процестерден пайда болған құбылыс деп суреттейді, ал Арнольд болса бағаны интуитивті автоматтандырыланған процесс ретінде анықтайды. Томкинс бұл проблеманы неврологиялық дәрежеде қарастыра отырып, эмоция нейронды стимуляцияның өзгеруімен бірге пайда болады деп көрсетеді.

Сонымен, мінез-құлық - психологиялық дәстүрлерде кеңінен қолданылатын жалпы термин. Биховиористер бұл терминді бақыланып отырған реакцияның мәнін ашуға қолданды., бірақ көптеген ғалымдар оны кез-келген организмдік функциялар ретінде (аффективтік, когнитивтік немесе қозғалыс) анықтауда қолданды.

Осыған байланысты, эмоция мінез-құлық ретінде қарастырылған жоқ, ол мінез-құлық негізінде жататын феномен ретінде қарастырылды.

Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық еркшелігімен ерекшеленеді. Ол даралық өзгешелік мінез болып табылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Сондықтан да, мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам мінезінің даралық еркшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – еретедегі грек философы Теофраст (б.э.д. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік санасына тән қасиет дейді.

Лабюерде (ХҮІІІ ғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. ХІХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады.

Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі, әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті дейді.

И.Кант (ХҮІІІ ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамға жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.

Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье және тағы басқалары мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді.

Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі мұндай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді, әйтседе мінез адамның жүре пайда болатын фенотипті ерекшелігі.

К.Рубин айтуы бойынша «баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы өзара интроиндивидуалды және макрожүйелі күйі әрекетімен реттеледі. Интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процесстерге жататаны темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылаы».

Темперамент - адам туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса – меланхолик. Сондықтан да, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін деп атап көрсетеді.

Адамдар түрлі іс-әрекеттермен айналысады, осы іс-әрекеттермен айналысу барысында оларды белгілі бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтың басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептер мен факторларды талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез-құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:

1. Жекелік фактор – жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, дағды, бағыттылық);

2. Ситуациялы фактор – сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т.с.с.).

Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян «өзіндік детерминация және ішкі мотивация» теорияларымен түсіндіреді. Ол бойынша мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтың да екі типі бар:

1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві немесе себебі бар мінез-құлық;

2. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.


Сыртқы мотивацияның әсері

Ішкі мотивацияның әсері

Іс - әрекет ұзақтығына байланысты ағым.

Сыртқы себебі бар мінез-құлық сыртқы күш кеткеннен кейін тоқтап қалады.

Ішкі себебі бар мінез-құлық оған пайда болуына әсер ететін заттар жоқ болып кетсе де, біраз уақыт созылуы мүмкін.

Зерттелушілер біршама жай тапсырмаларды тыңдайды, бірақ оны тек қана керек кезде ғана орындайды.

Біршама қиын тапсырмаларды таңдайды.

Іс - әрекет алгоритмизациясының дәрежелері

Канитивтілікке жағымсыз әсер қалдырады. Алгоритмдік әдістерді талап ететін іс - әрекеттердің орындалуын жеңілдетеді. Эвристикалық мәселелердің шешілу жылдамдығының сапасын төмендетеді.

Канитивтілікке жағымды әсер қалдырады. Эвристикалық әдістерді талар ететін іс - әрекеттердің орындалуын жеңілдетеді.

Креативтілік

Креативтілікті күшейтеді. Спонталдылықты төмендетеді.

Креативтілікке мүмкіндік береді.

Эмоция

Басқалармен өзара әрекет кезінде жағымсыз эмоцияларда пайда болады.

Қызығу эмоциялары пайда болады, қуанышты қозу туады т.с.с.

Мектептегі оқу




Ішкі мотивация кезінде мектеп бағдарламаларын нәтижелі игереді және теориялық мәліметтерді игеруде жоғары дәрежеге ие болады, мемоникалық процесстердің сапасының жақсаруы байқалады.

Өзін сыйлау




Ішкі мотивацияның болуы өзіндік бағалауын жоғарылатады.

Мінез-құлық формалары мен функцияларының жүйелілігін Л.С. Выготский келесі ретпен схемалық түрде көрсетеді.

1. Кең мағынасындағы жоғарғы психикалық функция:

Түрлері: 1. Сыртқы (экстрапсихикалық);

2. Ішкі (интрапсихикалық):

а) спонтанды түрі,

ә) еркін түрі. (Тар мағынасындағы жоғары психикалық функция)

2. Мінез-құлықтың жоғары формасы:

Түрлері. 1. Әлеуметтік.

2. Даралық.

3. Мінез-құлықтың мәдениетті формасы:

Түрлері: 1. Әлеуметтік (интерпсихикалық):

а) примитивті.

ә) жоғары.

2. Даралық:

а) примитивті.

ә) жоғары.

4. Мінез-құлықтың табиғи формасы (реактивті мінез-құлық),

5. Элементарлы психофизиологиялық функция.

Жоғары психикалық функцияның құрылымы:

1. Мәселе және мақсат.

2. Белгі – психологиялық қару ретінде:

Түрлері: а) Сыртқы;

ә) Ішкі.


3. Мағынасы:

Түрлері: 1. Сөздердің мағынасы:

а) Заттық қарау (денотативті мағынасы)

ә) Сигнификативті мағынасы (сонымен қатар, түсінік)

б) Ішкі формасы (этимологиялық мағынасы)

в) Мазмұны

2. Қабылдаудағы заттық мағына:

3. Заттың функционалды мағынасы.

4. Жағдайдың мағынасы немесе мазмұны.

5. Байланыстылық (салыстыру іс-әрекеті):

Түрлері:1. Затты шығару және қолдану.

2. Белгілерді шығару және қолдану.

5. Психологиялық функционалды жүйе:

Қасиеттері: 1. Жоғарылылық пен төменділіктің бірлігі.

2. Функционалдық аралық байланыс.

6. Сананың құрылымы:

Түрлері: 1. Жүйелілік.

2. Мағыналық.

Л.С.Выготский бойынша схемалық түрдегі жасалған мінез-құлықтың формалары мен функцияларының жүйелілігін былайша талдауға болады. Жоғары психикалық функция мінез-құлықтың өз-өзіне арналған әлеуметтік мүмкіндігі болып табылады.

Л.С.Выготский «Жоғары психикалық функцияның дамуы мінез-құлықтың жоғары формаларының дамуының екі бұтағын қамтиды» деп көрсетеді.

Бірінші – мәдениетті даму және ойлаудың сыртқы түрлерін меңгерумен, яғни, тілмен, жазумен, есеппен, суретпен көрінеді.

Екінші – дәстүрлі психологияда ерікті зейін, логикалық ес, түсінік деп аталатын анық анықталмаған, шектелмеген арнайы жоғары функцияның даму процесстері; осы аталғандарды балалардың мінез-құлқының жоғары формаларының даму процесі деп шартты түрде айтамыз (Выготский Л.С.).

Жалпы, Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияны екі мағынада қолданады.

1. Кең мағынада – мінез-құлықтың жоғары формалары.

2. Тар мағынада – арнайы психикалық функция.

Л.С.Выготский «баланың дамуындағы белгі және қару» деген еңбегінде жоғарғы психикалық функция ассортиментіне практикалық іс-әрекеттерді кіргізеді. Бірақ, тек қана оның жоғары формасында жалпы заттық әрекет, тіпті оны қолдану жоғары формаларға жатады. Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияларға дәл анықтама бермеген, ол «дәл анықтама ғылыми білімнің бастамасына жатпайды, сондықтанда мен империкалық және эвристикалық анықтамалармен шектелемін» дейді. Содан соң, бұл мәселелерді А.Р.Лурья шешуге тырысты. Ол Л.С.Выготский көзқарастарымен келісе отырып, психикалық функцияларға дәл және соңғы анықтама береді. Сонымен, жоғары психикалық функция – бұл күрделі өзін реттеуші процесс, өзінің шығуы жағынан әлеуметтік болып табылады, қалыптасуы бойынша байланысты және құрылу тәсілі бойынша ерікті, саналы.

А.Р.Лурья берген анықтама өзінің белгілер санының көптігімен ерекшеленеді. Мінез-құлықтың жоғары формаларының ерекшелігі өзінің мінез-құлығын басқару үшін жасанды, көмекші құралдарды қолдануда. Жасанды стимулдарды қолдану мінез-құлықтың жаңа формаларын анықтаудың формалары болып табылады. Мінез-құлықтың жоғары формаларының түріне келесілер кіреді.

а) Жоғары формадағы практикалық іс-әрекет.

ә) символикалық іс-әрекет.

б) Өзіндік жоғары психикалық функция.

в) Жоғары әлеуметтік функция (интерпсихологиялық функция).

Л.С.Выготский мінез-құлықтың негізгі мәдениетті формасы тіл және қаруды қолдану деп атайды. Л.С.Выготскийдің концепциясын талдау негізінде мінез-құлықтың формалары, функциясының жіктелу схемасы:

Л.С. Выготский мінез құлықтың нағыз табиғи формасына тек қана шартсыз емес, шарттыда рефлекстерді жатқызды. Сонымен қатар, К.Бюлердің (инстинк, интелект) теориясын жатқызады.

Үйлесімсіз психикалық жағдай күрделі өмір жағдайына байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықты әрекетті негізден алады, олар белгілі бір жағдайға және жасқа байланысты түрлі ұзақтықпен көрінеді, сонымен қатар интенсивтіліктің оптималды дәрежеден не төмендеуінен не жоғарылауымен сипатталады. Үйлесімсіздік келесі жағдайларда пайда болады:

1. Бұл жағдай күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады.

2. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз техникалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың когеренттігінің жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының бөлінуімен, яғни, стабилизациялану жаққа және әрекет нәтижесінің жоғарылылығы немесе сипаттамаларының төмендігі және әрекет нәтижелерінің төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын негіздейді.

3. Үйлеспеушіліктің жас ерекшелік және іс-әрекеттік ерекшеліктері белгілі. Жас ерекшелік даму барысында құрам күрделілігі және үйлесімсіз психикалық жағдайдың құрылымы мен ұзақтығының жоғарылауы жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.

Сонымен қатар, ауытқып бара жатқан мінез-құлықтың негізі болып табылатын үш кілті бар:





Мінез – құлық формалары мен функциялары



Табиғи

Мәдени байланыстылық




Әлеуметтік интерпсихикалық

Мінез – құлық және функциялардың даралық формалары




Примитивті

Жоғары

Примитивті

Жоғары



Сыртқы

(экстрансивтік) функция



Ішкі

(интрансивтік) функция








Спонтанды психикалық функция








жоғары психикалық

функция


1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі әрекеті болып табылатын оқу әрекеті жеткіншектің кезеңде де негізгі әрекет болып қала береді. Яғни, жеткіншектік кездегі оқуға құмарлық күлкі болып табылады. Сөйтіп олар қатарларымен араласа алмай қалады. Оқудағы жоғары белсенділік ауытқу болып табылады.

2. Жеткіншектер әлі «ойын кезеңін» басынан өткізе алмай жатыр, сөйтіп жеткіншектің кезеңде ойын бірінші орынға шығады.

3. Көп жоспарлы айналмалы әрекет. Имтимді жекелік және оқу-кәсібі жақтарының дисбаланс тудыруы.

Дж. Эйсондорфпен жазылған мотив аралық теория бойынша, балалардың әлеуметтік дамуындағы ауытқудың түрлі типтерінің пайда болуы жақындау және қашу мотивациялық механизмі арқылы қарастырылады. Осы мотивацияның бұзылуы қарым-қатынасты қиындыққа әкеледі. Дж. Эйсондорф мұндай бұзылыстың үш вариантын көрсетеді:

1. Бұл жақындасудың төмен мотивациясымен сипатталады. Мұндай мотивацияға ие балалар басқалардан бөлек болғанды қалайды. Бұл балалармен ерте кездегі жалғызды конструктивті және зерттеу белсенділігі кезінде пайда болады және бұл нашар әлеуметтенген адаммен байланысты емес. Жақындасудың төменгі мотивациясы балалардың заттық өмірге деген қызығушылығын меңгеруге негізделген.

Жақындасу және қашу мотивациялар арасындағы конфликтіге байланысты. Ол баланың басқа адамдармен араласқысы келеді, бірақ белгілі себептерге байланысты қатынас жасаудан қашады. Мұндай конфликт мінез-құлықтық компромиске әкелуі мүмкін.

Әлеуметтік жақындасу мотивацияның жоғарылауымен қашу мотивтерінің төмендеуінің қатынасы нәтижесінде мотивтердің іс-әрекетінен туады. Бұл мотивациядағы балалар басқа адамдармен қарым-қатынас шегі бейтаныс, ал қарым-қатынасты шектеуді сезбейді, қатарластары одан жиі қашады. Бұған агрессивті мінез-құлық тән.

Жоғары психикалық жағдай (қуаныш, мазасыздық, таңқалушылық) немесе төменгі психикалық жағдай (өкіну, көңілсіздік т.б.) үйлесімсіз жағдайларға жатады. Осы сипаттамалардың дәлелі ретінде А.О.Прохоровтың жүргізген зерттеулерінің нәтижесін қорытындылау барысында үйлеспеушіліктің келесі жағдайлары кездесті. Оқу әрекетінде жеткіншектер апатия, зұлымдық, ашу, өкпе сияқты жат жағдайларды басынан кешіріп отырса, жағымды жағдайлар ішінен қуаныш, бақыт, таңқалу, қозу сияқты мінез-құлық қасиеттері кездесіп отырған. Сонымен қатар, оқушылардың басынан кешіріп отырған мінез-құлыққа тәуелділігі анықталады. Тітіркенудің импульсивті формасы қиын жағдайға тән мінез-құлықтың формасы болып табылады. Сонымен қатар, К.Рубин өз еңбектерінде «әлеуметтік бөлектену» терминін қолданады. Әлеуметтік бөлектенудің инициаторы болып баланың өзі табылады. Оның бір көрінісі – ұялшақтық. Ұялшақтық – бала бейтаныс жандармен кездескенде қорқу немесе мазасыздану пайда болады. Оның негізгі себебі әлеуметтік бағадан қорқумен байланысты. Әлеуметтік бөлектенудің тағы бір көрінісі - өзін еркін сезінбеу немесе шегінушілік. Бұл жағдай баланың қатарластары арасында және тіпті жағдайға байланысты да туып отырады. Бұның негізі жаңадан және әлеуметтік бағадан қорқумен байланысты. Бұл жақындаудан қашудан күресуге негізделген ішкі конфликтілік мінез-құлық. Сонымен қатар, «әлеуметтік бөлектенуге» жақын, бірақ одан басқа «ұстамды» міне-құлық бар. Мұны жақын немесе бейтаныс адамдардың арасында баланың өзін ұстап, олармен қатынасқа түспей олардың әректені бақылаумен шектелу. Мұндай мінез-құлық баланың әлеуметтік стимул алдында сезінетін мазасыздануды бейнелейді. Сонымен қатар, мұның негізінде қашу себебі де жатыр. Бұл үндемейтін балаларға тән. Осы мәліметтер нәтижесі бойынша, үйлеспеушілік ерекше өмір жағдайында туады, яғни адам өмірінің күрделі де, қиын кезеңдерінде пайда болады. Оның пайда болуы рационалды емес, бейадекватты, агрессивті, кей кезде қайғылы да мінез-құлықтың себебі болуы мүмкін. Сондықтан да, субьект үшін бұл жағдайларды басқару күрделі болып табылады.

Жүйелі ағым және өзін ұйымдастыру концепциясы позициясы тұрғысынан үйлеспеушілік ағза және орта арасындағы симметрияның бұзылысы нәтижесінен пайда болатын күрделі функционалды құрылым болып табылады. Симметрия бұзылысы ашық жүйеге келетін хабарлар және энергиялар толқынына негізделген процесстер әсерінен пайда болады. Төмен тұрақтылық үйлеспеушіліктің маңызды қасиеттерінің бірі. Күнделікті өмірде үйлеспеушілік қарым-қатынастың үйреншіктік жүйесінің бұзылуынан, шектен тыс белгілі бір жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Үйлеспеушіліктің пайда болуына әсер ететін басқа жағдайларда бар. Атап айтсақ ол құрылымның негізгі белсенді элементтері және жеке адам жүйелері арасындағы диссонанс болып табылады. Яғни, негізгі себептер арасындағы мақсаттар, қажеттіліктер және «мен» құрылымы арасындағы қарсылықтар. Мұндай жағдайлар әсерінен пайда болатын үйлеспеушілік өте ұзаққа созылуы мүмкін және бұл сол жағдайға сай түрлі мінез-құлықпен өткізіледі. Егер энергеетика тұрғысынан қарайтын болсақ, үйлеспеушілік жете зерттелмеген олар тек уақытша координат ретінде қарастырылады. Осы себептерге байланысты үйлеспеушіліктің феноменологиясы, құрылысы, құрылымы, детерминацияның ішкі және сыртқы фаторлары белгілі бір жағдайдың динамикалық өзгеруі және кезеңі, өзара өтулері, динамикалы жағдайдың негізгі процессуалды сипаттамасы, үйлеспеушіліктің субьектінің мінез-құлқына тигізетін әсері жете зерттелмеген. Бірақтар педагогтар үйлеспеушіліктің негізгі себептерін жас ерекшеліктеріне байланысты деп талдауға тырысады. Бұл көзқарас түсінікті, өйткені бұл мәселе бала дамуының жас кезеңге бөлінуінің әртүрлілігіне байланысты.

Сонымен «үйлеспеушілік», «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты екен. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары үйлеспеушілікті (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді екен.

1.3. Жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық тұрақсыздықтың себептері
Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларды осы жағдайлардың әсерінен көзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың барлық бала өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылары үшін «сыналу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыналу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі.

Бірінші кезең – баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелер мен функцияларының қайта құруымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;

Екінші кезең – баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, яғни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектік ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар кауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең – жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері П.П.Блонский, Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.

Үшінші кезең – бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте маңызды және жауапты кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо («Эмиль» немесе «Тәрбие еңбегінде») саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ бұл кездегі әрбір қатенің белгілі бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа ие болуы да мүмкін. Сондықтан да бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына кіргізуіміз мүмкін. «Қиын жасты» екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады: 1. Кризистік; 2. Өте қиын, қауіпті. Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардың салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін.

Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған нормалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеуметтік дамуы қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.

Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты кризистік жас деп айта аламыз.

Л.С.Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициясынан» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.

Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары дарлық уақытта сапалы да, өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде қарастырады. Әрбір жас кезеңінде бала мен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтің жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы өтпелі кезеңдердің симптоматикалары мен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден, яғни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашылықтары бар.

Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады.

Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15 000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «псиопатия», «шизофрения», «гипомания», шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз.

Оқушылардың басқа да психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында КСРО мамандары С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген «Роршах» және «Тематикалық апперцепция» тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар, Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жасөспірімдер психиатры А.А.Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен қатар, әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты В.Д.Кисловская «проективті тест» көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе, жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану деңгейінің жоғарылылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында.

Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі - өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады. Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді.

Ол біріншіден, түсініксіз екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден қиын тәрбиелену қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стерстерімен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады. Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады. Жеткіншек жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік жағдайларымен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.

Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабақты үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:

1. Биологиялық ерекшеліктер;

2. Әлеуметтік орда.

Осы факторлар бойынша, А.Бек жүргізген зерттеулер эмоционалды үйлеспеушілікке әсер ететін факторлар қиындықтар жүйге келтірілген және олар біртіндеп балалардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікке алып келеді деп көрсеткен.

2 кесте.



Бек А. бойынша мінез-құлықтың үйлеспеуінің негізгі қозғаушы күштері:

Семьялық

Жағымсыз эмоцияның пайда болуына әсер ететін семьялық жүйенің ерекшеліктері

Симбиотикалы байланыстардан жабық семьялық жүйе

Жоғары ата-аналық талап, жоғары дәрежелі критика

Басқа адамдарға сенбеушілік, изоляция, жоғары бақылау

Семьялық қатынастағы эмоцияларды елемеушілік және пайда болуына жол бермеу

Жеке адам аралық

Адамдармен қарым-қатынас құрудағы және эмоционалдық көмек алудағы қиындық




Жоғары талап және басқалардан бірдеңе күту

Басқа адамдармен негативтік қатынас

өз ойын және басқаларды түсінудегі қиындық

Жекелік

өмірді, өзін, басқаларды қабылдауда жекелік қалыптасу және түсіністіктегі қиындық




Перфекционизмдік

Жабық жаушылық

«Сырттағы өмір»(алекситимия)

Когнитивті

Жағымсыз эмоцияларды және қиын түсінушілікті қалыпқа келтіретін когнетивті процестер

Дипрессивті триада

Мазасыздану триадасы

«Қорқыныш сезімдер»

абсолюттену

Асыра айту

Мойындамау

Негативті селекциялау, поляризациялау, жоғары қорытындылау т.с.с.

Операторлық ойлау

Мінез-құлықтық және симптоматикалық

Қиын эоциялық жағдай, өзіне жат дене ауырлығын сезіну, әлеуметтік дезадоптация

Пассивтілік, қайғы және қанағаттанбайды, біреуге көңілі қалған сезім

Қашып кету әрекеті, көмекті сезінбеуі, өзіне деген кризистік қатынастан қорқуы

Эмоциялар психикалық шағымсыз физиологиялық дәрежеде уайымдалып, жинақталады



2 бөлім. ОҚУШЫЛАРҒА ТӘН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСПЕУКШІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ
2.1. Эмоционалдық күй-жағдайды зерттеу нәтижелері
Айқындау экспериментін Жамбыл атындағы № 26 мектеп гимназияда және Қазыбек би атындағы № 36 орта мектепте 7 сыныптарда оқитын балаларды қамтыдық. Оқушылардың акцентуациясы мен мазасыздануының көрініс беруін зерттеудің нәтижелерін бір-бірімен ұштастырып салыстырмалы түрде талдадық.

Балалардың акцентуацияның түрлері мен оның көрініс беру деңгейін бағалау үшін Шмишек-Леонгард тестін пайдаландық.

Жеткіншектердің мінез акцентуациясының қыр-сырын жан-жақты зерттеген К.Леонгард жасаған теориялық қағидаларға сүйене отырып көптеген зерттеу әдістемелері жасалған. Бұл тестер арқылы жүргізілген диагностикалық бағдарлама баланың өмір жағдайы мен психологиялық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталған. Осы проблеманы зерттеу үшін 7 сынып оқушыларының дезадоптация, акцентуация, агрессия көрініс беруін және оның себептерін анықтауға арналған тестілерді жүргіздік. Жеткіншектердегі тек сол жасқа тән ерекше қасиеттерді анықтау үшін арнайы психодиагностикалық әдістер жүргізіледі.

Тест нәтижесін талдау. Балалардың тест тапсырмаларына берген жауаптарын талдау жоғарыда берілген акцентуация түрлерінің мінездемесі бойынша жүргізіледі.

Осы тест нәтижесін талдау барысында балалардың басым көпшілігінде акцентуацияның бір түрінің, кейде одан көп түрлерінің белгісі бар екені анықталды. Зерттелініп отырған жетінші сынып оқушыларында орын алған акцентуация түрлерін олардың жас ерекшеліктері сипаттамамен салыстырып көргенде жағдай шектен шықпаған, норма көрсеткіштерінің дисперсиясында орналасқанын анықтадық. Тек қана 4 оқушының акцентуациясы нормадан шамалы асық болды.
Шмишек тесті бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі.




Акцентуация типі

Анықталған балалар саны

1

2.

3.



4.

5.

6.



7.

8.

9.



10.

Гипертимдік тип.

Лабильдік тип.

Сенситивтік тип.

Шизойдтық тип.

Эпилептоидтық тип.

Тұрақсыз тип.

Астено-невротикалық тип.

Демонстративтік тип.

Циклоидтық тип.

Аффекті-экзальтациялық



5

7

3



0

0

3



0

0

6



0

Акцентуацияны зерттеу барысында 7 сынып оқушыларында акцентуацияның көптеген түрлері орын алатындығы анықталды. Олар кейде қосарланып, бірнеше түрі бір балада кездесетіні де орын алатын жағдай екенін байқадық. Жетінші сынып жағдайы кестеде көрсетілген.


Акцентуация түрлерін анықтау кестесі.



Балалар аты

Акцентуация түрі

1.

Айяжан

9-ші түрі анық көрініс берді

2.

Асан

2-ші түрі анық көрініс берді

3.

Айгүл

2-ші түрі анық көрініс берді

4.

Азиза

8-ші түрі анық көрініс берді

5.

Бақыт

9-шы түрі анық көрініс берді

6.

Гүлайша

1-ші түрі анық көрініс берді

7.

Газиз

2-ші түрі анық көрініс берді

8.

Даурен

9-ші түрі анық көрініс берді

9.

Данияр

8-ші түрі анық көрініс берді

10

Жазира

1-ші түрі анық көрініс берді

11

Жанна

1-ші түрі анық көрініс берді

12

Жаннұр

8-ші түрі анық көрініс берді

13

Луиза

3-ші түрі анық көрініс берді

14

Лаура

1-ші түрі анық көрініс берді

15

Нұрғали

2-ші түрі анық көрініс берді

16

Нұрсұлу

9-ші түрі анық көрініс берді

17

Маншук

8-ші түрі анық көрініс берді

18

Раиса

9-шы түрі анық көрініс берді

19

Толик

3-ші түрі анық көрініс берді

20

Тимур

2-ші түрі анық көрініс берді

21

Фатима

9-ші түрі анық көрініс берді

22

Халил

3-ші түрі анық көрініс берді

: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет