Ақпарат Ақпараттық және коммуникациялық технология



жүктеу 194.69 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі194.69 Kb.
: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - ҮИИДМБ) іске асыру жөніндегі 2011 жылғы I жарты жылдықтағы

ақпарат
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
Негізгі міндеттер

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) экспортқа бағытындағы бәсекеге қабілетті ұлттық секторды құру.

  

Мақсатты индикаторлар

 

АКТ саласының ЖІӨ-дегі үлесі, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қоса есептегенде 2011 жылдың I жарты жылдығында 3,4 %* құрып отыр.
Салалық дамудың негізгі бағытттары
Электрондық қызмет көрсету мен «электронды үкіметті» дамытудың шеңберінде Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі (әрі қарай — Министрлік), сондай-ақ бизнес пен халық мұқтажын өтеу, мемлекеттік органдардың жұмыстарын жеңілдету және оңтайландыру мақсатында мынадай іс-шаралар қолға алынды:

1. «Электрондық үкімет» архитектурасы бойынша:

1. IBM-нен «электрондық үкімет» шлюзі архитектурасының аудиті өткізілді. Аудит шеңберінде архитектураны жақсартуға қатысты ұсыныстар жасалды. Қазіргі уақытта үсыныстарды мен оларды іске асырудың жоспарын құру жүргізілуде. Сонымен қатар, осы жылдың II тоқсанында «электрондық үкімет» порталының аудиті жүргізілді.

2. Концептуалды түрде «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» МДҚ–ның ЭҮШ-мен өзара іс-қимыл веб-сервистерінің архитектурасы өзгертілген, бұл қазіргі уақытта екі анағұрлым қажет болып отырған 2 қызметтің тиімділігі мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызып отыр. Олар:

1) Жылжымайтын мүлік бойынша тіркелген құқығы бойынша анықтама беру;

2) Жылжымайтын мүліктің (бар болуы) жоқтығы бойынша ақпарат беру.

3. Қазіргі уақытта бір мезгілде, «Жеке тұлға» Мемлекеттік деректер қорының (бұдан әрі - МДҚ) ЭҮШ-мен өзара іс-қимыл веб-сервистерін модернизациялау жұмыстары жүргізілуде, оны 2011 жылдың қыркүйек айының басында бітіру жоспарлануда.

4. 2011 жылдың II тоқсанында «электрондық үкімет» порталының жаңа платформаға IBM WebSphere Portal 7.0. миграциялау жұмыстары жүргізілді. Жаңа версияның тестілеу жұмыстары жүргізілуде, одан соң «электрондық үкімет» порталы өндірістік версиясына көшуі жоспарлануда.
2. Жаңа электрондық қызметтерді әзірлеу бойынша, оның ішінде әлеуметтік қорғалған, денсаулық сақтау, көліктік және коммуникациялық секторында:

Қазақстан Республикасы Президенттің қатысуымен өткен 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 01-7.3 мәжілістің хаттамасында Қазақстан Республикасының Үкіметіне әр мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандыру бойынша іс-шаралардың жоспарын және халықтан талап етілетін құжаттардың санын қысқарту тапсырылды.

Бұл міндеттерді іске асыру үшін 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 48-ө ҚР Премьер-Министрдің өкімімен жұмыс тобы құрылды.

Бұлардан басқа, 2011 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінде кеңейтілген отырысыында Министрлікке 2013 жылға дейін «электрондық үкімет» порталы арқылы барлық әлеуметтік мәні бар қызмет көрсетулердіі ұсынуды қамтамасыз ету тапсырылды.

2011 жылғы 17 сәуірдегі № 01-7.4 Қазақстан Республикасы Президенттің қатысуымен өткен кеңейтілген отырысының хаттамасын орныдауды бықылау жөніндегі іс-шаралардың Жоспарын іске асырудың шеңберінде Министрлік «Жол картасын» әзірледі. Қазіргі уақытта 8 мемлекеттік қызмет ккөрсету электрондық формаға ауыстырылып жатыр: Министрлік – 1 мемлекеттік қызмет, 3 – Әділет министрлігі, 1 – Жергілікті атқарушы органдар, 1 – Ауылшаруашылық министрлігі, 1 – Ішкі істер министрлігі және 1 – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.
3. Электрондық лицензиялау, электрондық нотариат, электрондық сатып алу ақпараттық жүйелерін енгізу бойынша:

2011 жылдың I жартысына дейін е-лицензиялау МДҚ ақпараттық жүйе орталық Мемлекеттік органдардың 25 комитетінде, Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы әкімдігінің 8 басқармасында енгізу бойынша жұмыстар өткізілді.

Бүгінгі күнге дейін мыныдайі функционалдар әзірленді:


  1. Министрліктің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі - БАК) рұқсаттарын алу үшін өтініштерді жолдау және өңдеу.

  2. БАК 14 инспекцияларында енгізу өткізілді.

  3. Тауарларды және тауарлардың жеке түрлеріне экспорт/импорт лицензияларын алу үшін өтініштерді жолдау және өңдеу.

  4. Тауарлардың жеке түрлеріне рұқсаттарын алу үшін өтініштерді жолдау және өңдеу.

  5. Лицензияны қайта өңдеу, қолдану мерзімін ұзарту мен қолдану мерзімін тоқтату үшін өтініштерді жолдау және өңдеу.

  6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің корытындыларын алу, немесе келісу үдерісін автоматтандыру.

  7. Лицензиялаудың мәселелері жөніндегі құжаттарға (өтініш, лицензия) кіріс/шығыс тіркеу нөмірлерін қалыптастыру тетіктерін әзірлеу.

  8. Бақылаушы мемлекеттік органдар үшін есеп берудің ішкі жүйесін әзірлеу.

Бүгінгі күнде ЕЛ МДҚ АЖ арқылы 3228 лицензиялау бизнес-үдерісі өткізілді, оның ішінде 1727 электрондық лицензия құрылды.

Сонымен қатар, 2011 жылы 010 «Ақпараттық жүйелердің ведомствоаралық жұмыс істеуін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттiк бағдарламасының шеңберінде Министрлік пен «ҰАТ» АҚ арасында 2011 жылғы 25 наурызда «Өңірлік шлюз бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы» № 54 келісім-шарт жасалды. Келісім-шартқа сәйкес «ҰАТ» АҚ 2010 жылғы пилоттық аймақтағы 4 әкімдікте «Электрондық үкімет» шлюзінің ішкі жүйесі ретінде Өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖ) сүйемелдеу бойынша және 2011 жылғы пилоттық аймақтағы 6 әкімдікте тарату бойынша қызмет көрсетулерді көрсетеді.

Сүйемелдеу бойынша жұмыстардың шеңберінде электрондық кезек іске асырылған 2 қызмет көрсету («Мектеп жасына дейінгі балаларды (7 жасқа дейін) мектепке дейінгі бала мекемелеріне бағыттау үшін тіркеу», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті органдар жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою») бойынша базалардың импорты жөніндегі жұмыстар жүргізілді, әкімдіктермен тәжірибелік пайдаланудың басталуы туралы қаулыға қол қойылды, пайдаланушылардың ұсыныстары бойынша жүйені жетілдіру және ЖАО қызметкерлерімен консультациялық қолдау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Электрондық мемлекеттік қызметтерді заңдастырылуын жылдамдату мақсатында «ҰАТ» АҚ-да электрондық мемлекеттік қызметтерінің регламенттері әзірленді, олар әкімдіктерге келісуге жолданған болатын.

6 әкімдікте ЭҮӨШ АЖ таратудың шеңберінде 2011 жылғы пилоттық аймақ анықталды (Ақтөбе, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстары), кіріс/шығыс нысандарында, мәртебелер мен жұмыс істейтін 20 қызмет көрсетуді көрсетудің әр түрлі бизнес-үдерістері анықтау мәніне сауалнама жолымен экспрес-зерттеулер жүргізілді. 2011 жылғы пилоттық аймақтың әкімдіктерімен келісілген зерттеу бойынша есеп әзірленді. Әкімдіктермен бір мезгілде техникалық жабдықтау дайындау бойынша (серверлерді ЛБҚ, сатып алу, байланыс арналарын жүргізу) және электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді көрсетуге қатысатын ЖАО қызметкерлерімен ЭЦҚ алу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.



Жоба бойынша проблемалар – Бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерінің жоқ болуы.

ЭҮӨШ АЖ шеңберінде 2011 жылғы 22 маусымда өткізілген мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарының ағымдағы жағдайының талдауы, ҚР Үкіметінің № 745 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік кызметтер тізілімінде бар, 15 қызмет көрсетудің 4-іне ғана орталық мемлекеттік органдармен стандарттар бекітілгендігін көрсетеді.

2011 жылдың басынан бастап, Қазақстандағы бағалық ұсыныстармен сұрау салу әдісі бойынша мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі арқылы бюджеттік қаражаттардан 14 млрд. тенге үнемделді. Жалпы электрондық алаңның 3,5 жылдың ішіндегі жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу 52 млрд. тенгені құрады. Қазіргі уақытта www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдаланушылар саны 104 мың тіркелген қатысушылардан асады. Веб-порталда барлығы 6.7 млн. астам лоттар мен екі млн. астам хабарламалар орналастырылды.
4. Қазақстандық контентқа халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту шеңберінде:


  • бизнеске арналған электрондық коммерциялық алаң құрылады;

  • ұлттық интернет-ресурстар, соның ішінде жаңалықтық, мультимедиялық, әлеуметтік желілер құрылады.

Қазақстандық Интернет желілері сегментін дамыту саласындағы, оның ішінде электронды ақша және электрондық коммерция саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау мақсатында Министрлік «Казконтент» АҚ-мен бірге:

1) электрондық ақшаларды дамытудың мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Заң жобасын қарастыру бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобына белсенді түрде қатысты.

Қазіргі таңда «Электрондық ақшалардың мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентнің палаталары мақұлдады.

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде алғашқы оқылымда мақұлданған, «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын қарау бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобына қатысты.

Сонымен бірге, «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі жанынан құрылған жұмыс тобы шеңберінде талқыланған, «Электронды коммерция туралы» және «Электронды коммерцияның мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұжырымдамасының жобалары жасалды.

Жұмыс тобының құрамына «Зерде» ҰАКХ АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Казконтент» АҚ, «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» ЗТБ өкілдері кіреді.

Сонымен бiрге, көрcетiлген ұсыныстар Министрліктің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 10-01-10/1631 хаты арқылы мүдделі органдардың келісімін алу үшін оларға жіберілді.

Одан бөлек, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі Қазнетті дамыту бойынша отырыстағы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің тапсырмасын орындау мақсатында екінші деңгейлі банк өкілдерінің, Қазақстанда электронды коммерцияны дамыту бойынша кешенді жоспарды әзірлеу мәселелері бойынша ұялы байланыс операторларының қатысуымен отырыс өтті. Қазіргі таңда ұсыныстарды жинау және келісу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, 2011 жылдың 18 наурызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 267 қаулысымен бекітілген, 2012 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының перспективалық жоспарына сәйкес «Электронды сауда саласындағы заңнаманы жетілдірудің мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу қарастырылған, жауапты орындаушы ретінде Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі анықталды.

Министрлік «Қазконтентпен» АҚ бірлесіп тұрақты түрде Қазнеттің әлеуметтік-маңызды, жаңа және болашағы зор интернет-қорларына ақпараттық қолдау жасайды.

2011 жылдың қаңтарынан «Қазконтент» АҚ-ның порталдарында баннерлер орналастырылып, мынадай порталдардың мамандандырылған беттері ашылды:

www.bff.kz (интернет-дүкен, түсіндіріп таратудың нәтижесінде оның дамуы үшін инвесторлар табылды)

www.abai.kz (қазақ тілді портал)

www.ois2011-2012.kz

www.e.gov.kz

www.bsk.kz

www.edu-cip.kz

www.khabar.kz

www.elarna.kz

www.xit.kz

www.caspionet.kz

  www.pm.kz

www.1in.kz ж.т.б.

«Қазконтент» АҚ порталдарында 30-дан астам Қазақстанның интернет-қорларына сілтемелер мен сілтемелерге баннерлер орнатылды.

Семинарлар мен конференциялар өткізу кезінде, сондай-ақ БАҚ-пен сұхбат жүргізу барысында Қазнеттің әлеуметтік-маңызды жобалары түсіндірілді. www.yvision.kzwww.on.kzwww.tengrinews.kzwww.bff.kzwww.bsk.kz және т.б. сияқты сәтті жобалар, Қазнеттегі сәтті инвестициялар мен болашақта интернет жобаларды одан әрі дамыту мүмкіндігі мысалға келтірілді.

«Қазконтент» АҚ «Wikibilim» қоғамдық қорымен «Wikipedia» жобасын қазақ тіліңдегі мақаларымен толықтыру туралы бірлескен іс-шаралардың жоспары және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Wikibilim» Қазақстандағы Wikipedia белсенділері құрған қоғамдық қор болып табылады. Қазіргі таңда жоғарыда айтылған ұйым қазақ Wikipedia-сының әкімгері деген мәртебеге ие, сондай-ақ Қазақстанда жобаны дамыту үшін Wikipedia сауда белгісін пайдалануға рұқсат алған. Қазақстанда Local Chapter Wikimedia Foundation ретінде Wikibilim-ді мойындау туралы мәселе талқыланып жатыр.

2011 жылғы 16 маусымда бірлескен іс-шаралардың жоспары шеңберінде Алматы қаласында «Қазконтент» АҚ өкілдері Wikipedia жаһандық ашық энциклопедиясының қазақша бөлімін дамыту тақырыбындағы баспасөз мәслихатына қатысты.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатына мәжіліс депутаты М.Әбенов, Қазақ Энциклопедиясының директоры Б.Жақып пен Сенімді өкілдер кеңесінің төрағасы TingChen мырза (Mr. TingChen, ChairmanoftheBoardofTrusteesoftheWikimediaFoundation) қатысты.
5. Алматы. қаласы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі АЭА базасынды мемлекеттік сектордың ірі жеткізушілері болып табылатын халықаралық компаниялардың жабдығын техникалық қызмет көрсету және жинақтау бойынша кәсіпорынды құру бойынша:

Қазіргі уақытта 2 өндірісті құру бойынша жұмыстар жүргізілуде:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қажеттілігі үшін планшеттік компьютерлер.

Әлеуетті өндірушілерден 3 үлгісі алынды АТП АЭА жинақтаушы өндірісті орналастыру мүмкіндігі қарастырылуда.

2. STB өндірісі.

«STB өндірісін ұйымдастыру» жобасының шеңберінде «Зерде» Холдингпен STB әлеуеттік өндірушілерінің мүмкіндігіне алдын-ала талдау жүргізілді, нәтижесінде жоғары технологиялық жабдықтың әлеуетті өндірушілерінің тізімі. Бұдан басқа, пайдаланыстағы өндірістік алаңдарының мүмкіндігі қосымша зерделенді.

2011 жылы ақпанда STB әлеуетті өндірушілерімен «дөңгелек үстел» өткізілді, «дөңгелек үстел» қатысушыларының одан әрі қадамдары келісілді. Сондай-ақ, «Казтелерадио» АҚ STB әлеуетті өндірушілеріне қойылатын техникалық талаптарын ұсынды. Отандық өндірісті қолдаудың (қорғаудың) әлемдік тәжірибесіне талдау жүргізілді.

STB әлеуеттік өндірушілеріне жабдықтың тестілік үлгісінің өндірісін орындауға мерзімі берілді және «Казтелерадио» АҚ осы жылы жоғары технологиялық жабдықтардың отандық өндірістерінен STB 50 мың сатып алуға конкурс жариялады.


6. Алматы қ. «Алатау» «ақпараттық технологиялар паркі» АЭА базасында өнімдерді және инновациялық ақпараттық жүйені пайдаланушы және әзірлеуші, компанияларды құру бойынша:

АТП АЭА дамытудың шеңберінде «Зерде» холдингпен АКТ-кластерін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Министрліктің АКТ-кластерінің құрылысы және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін іс-шараларды 2012-2014 жылдар үшін қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінімі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 2011 жылғы 16 мамырдағы № 06-02-16/1809 хатымен жолданды. ТЭН сараптау және әзірлеу бойынша іс-шараларды қаржыландыру 2011 жылдың бюджетін түзету кезінде республикалық бюджет есебімен жүзеге асыру жоспарлануда.


7. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін дамыту:

Білікті кадрлық ресурстармен қажеттілікті қамтамасыз ету. 2009 жылмен салыстырғанда Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқу үшін инфокоммуникациялық мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар санын екі есе арттыру;

Қазіргі уақытта «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ-да 930 студент оқиды, соның ішінде 602-сі мемлекеттік тапсырыс бойынша.

Сонымен бірге, 2011 жылғы 6 маусымда Университеттің 296 студенті алғашқы болып iCarnegie сертификаттарын алды.


Техникалық регламентерді енгізу
Байланыс саласындағы стандарттар үйлесімділігі 2010 жылы ИКТ станларттары жалпы санының 67 пайызын құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 тамыздағы № 812 қаулысымен бекітілген «Электромагнитті үйлесімділік» Техникалық регламенті Министрлікпен әзірленді.

Одан басқа, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2010 жылғы 28 қарашадағы № 538-од бұйрығымен, Министрлік байланыс саласында 3 мемлекеттік стандарттарды әзірледі:

1) ҚР СТ «Телефонды аппараттар. Техникалық талаптар»

2) ҚР СТ «Ұялы байланыстың абоненттік (терминалдары) стансалары» Техникалық талаптар

3) ҚР СТ «Ақпараттық технологиялар. Автоматтандырылған жүйелер кешені. Автоматтандырылған ақпараттық есептеу жүйелері – биллингтік жүйелер»

2011 жылға Министрлік «Телефон байланысы қызметін ұсынудың сапалық нормаларын есептеу» мемлекеттік стандартын әзірлеуді жоспарланған.

Қазіргі уақытты «Телефон байланысындағы қызмет көрсету сапасының есептеу нормалары» мемлекеттік стандарт жобасын әзірлеп қызығушылық танытқан мемлекеттік органдарға және байланыс операторларына жолданды.


Инфокоммуникациялармен қамтамасыз ету
Негізгі міндет

 

Инновациялық экономика мен ақпараттық қоғамға көшу үшін инфокоммуникациялық технологиялапрды дамыту.

  

Мақсатты индикаторлар

 

2011 жылдың І тоқсанында Министрлік инфокоммуникациялық саланы дамыту бойынша жүйелік жұмыстар жасалды, ол арқылы мақсатты индикаторлар бойынша төендегі нәтижелерге қол жеткізілді.

2.1 «Жергiлiктi телекоммуникация желiлерiн цифрландыру деңгейiн 100 %-ға арттыру» – 93%;

2.2 «Интернеттiң кең жолақты желiсi абоненттерiнiң тығыздығы - 100 адамға 22» 100 тұрғынға 6.1абонент);

2.3 «Ұялы байланыс абоненттерiнiң тығыздығы - 100 адамға 135» 100 тұрғынға 133,6;

2.4 «Халықтың компьютерлiк сауаттылығының деңгейiн 40 %-ға дейiн арттыру» 43,7%;

2.5 «Әлеуметтiк маңызды мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң кемiнде 50 %-ын электронды нысанға көшiрудi қамтамасыз ету» - 17,5%;

2.6 «Қазақстан аумағын цифрлық эфирлi теледидар хабарларын таратумен қамту - 95 %» – Орындалуы 2012 жылдан бастап жоспарланған;

2.7 «Пошта байланысының 560 ауылдық бөлiмшесiн салу және жаңғырту» 38 бірл.

Іс-қимылдар стратегиясы
Негізгі әрі алдыңғы жобалар
1. Жоба «CDMA технологиясын пайдалану арқылы ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерін жаңғырту және дамыту»:

СDМА 450 сымсыз технологиясын пайдаланып ауылдық телекоммуникация желісін жылдам және тиімді дамыту және Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарының байланыс қызметіне сұранысын қанағаттандыру, және желіні жылдам жүргізу, қамту аймағының кеңдігі (радиусы 35 шақырымға дейін) сияқты көрсеткіштер, радиожиілік аясын тиімді пайдалану, сондай-ақ бір абонентке есептегендегі инвестициялық және пайдалану шығындарының салыстырмалы түрде төмен болуы «CDMA технологиясын пайдаланып ауылдық байланыс телекоммуникациясы желілерін жетілдіру және дамыту» жобасының мақсаты болып табылады.

Аталған шешім телефон байланысы жоқ аудандарда телекоммуникация желілерін шұғыл жүргізуге және ауылды жерлердегі телекоммуникация қызметіне деген сұраныстың қанағаттандырылуына мүмкіндік береді. Жоба аясында ескірген АТСК 50/200 қондырғыларын ауыстыру жүзеге асырылады. Осы мақсатта абоненттерге сымсыз қол жеткізу үшін елді мекендерде базалық стансалар орнатылуда.

Жобаны іске асыру кезінде 2011 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша:

- СДМА-450 желісінің сыйымдылығына 380 700 нөмірге 498 базалық станса орнатылды;

- 970 шақырым аса талшықты-оптикалық байланыс желісі және 700 шақырым цифрлы радиорелелік желі (ЦРРЖ) салынды;

- 33 Sky Edge (SE) спутниктік стансасы орнатылды;

- СДМА 450 желісінің коммутациялық жабдықтары орнатылды (Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Семей қалаларында BSC контроллерлері, SW коммутаторлары, Қазақстанның барлық облыс орталықтарында MG медиашлюздері).

2011 жылдың 1-тоқсанында осы жоба шеңберiнде мынадай жұмыс орындалды:

- 73 базалық станция құрастырылды;

- республиканың екі облысында 11 ЦРРЖ құрастырылды;

- 21 SE спутниктік станциясының жабдығы құрастырылды.

2011 жылдың 2-тоқсанында:

1) 4 базалық станция құрастырылды;

2) ЦРРЖ жабдықтарын, спутниктiк жүйелерді, WLL CDMA радиоқатынау желiсін кеңейту жабдықтарын жеткізу шарты жасалды;

3) терминалдар мен сыртқы антенналарды жеткізу басталды;

4) Қоғам филиалдарында негiздi станцияларды құрастыру үшiн объектілердiң инфрақұрылымын әзiрлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2. Жоба «Магистральды телекоммуникация желісін кеңейту» бойышна:

Осы жобаны іске асыру шеңберінде ТОБЖ ҰАСМ өткізу мүмкіндігін жекелеген учаскелерде 11 толқын ұзындығынан (11х10GЕ) 14 толқын ұзындығына (14х10GЕ) дейін кеңейту (сыртқы интернет порттарына қосылуды кеңейту, халықаралық операторлардың транзиттік әлеуетін арттыру, филиалдардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін) жоспарлануда.

2011 жылдың 1-тоқсанында:

- Петропавл - Астана, Ақтөбе - Көкшетау - Астана, Ақтөбе - Қандыағаш - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Алматы учаскелерінде жабдықты құрастыру аяқталды және жұмыс күйіне келтiру басталды;

- Ақтөбе - Орал - Атырау - Ганюшкино - Мақат - Ақтау учаскелерінде объектілерге жабдықты жеткізу аяқталды.

2011 жылдың 2-тоқсанында:

1. Петропавл – Астана», «Ақтөбе - Көкшетау-Астана», «Ақтөбе – Қандыағаш-Қызылорда – Шымкент-Тараз-Алматы», Ақтөбе – Орал - Атырау - Ганюшкино - Мақат –Атырау учаскелерінде жабдықты жұмыс күйіне келтiру аяқталды. Қабылдау сынақтары жүргізілуде.

2. «ТОБЖ Қостанай - Есiл - Арқалық – Ұлытау-Жезқазған-Жарық ТОБЖ құрылысы» жобасы бойынша мынадай жұмыс жүргiзілді:

- Ұлытау - Жезқазған - Жарық учаскесінде ТОБЖ жүргізу бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарына шарт жасалды;

- «Қостанай - Есiл учаскесiндегі ТОБЖ құрылысы» объектiсiнiң жобалау-смета құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталуда.


Негізгі жобаларды дамыту бойынша

1. Цифрлы телехабар таратуды енгізу бойынша:

Цифрлы спутниктік хабар таратуды іске қосуды құқықтық қамтамасыз ету мақсатында, 2010 жылдың желтоқсан айында байланыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қазақстандық телевизиялық нарығының шетелдік теле-, радиоарналарынан тәуелдігін төмендетуге мүмкіндік беретін мемлекеттік, сонымен қатар аймақтық және жеке телекомпаниялардың (30 теле-, радиоарналарынан астам) бағдарламаларын қамтитын теле-, радиоарналар пакетін Қазақстан азаматтарына тегін таратуды және қалыптастыруды қарастыратын түзетулер енгізілді.

Жиілік-аймақтық жоспардың негізінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, эфирлі цифрлы хабар таратуды енгізу үшін бюджеттен қаражат бөлу мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне келісуге жолданды.

Бірінші кезеңде эфирлі цифрлы хабар таратуды Қарағанды қаласында, келесі кезеңде Астана және Алматы қалаларында енгізу жоспарланып отыр.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін республиканың шекара аймақтарында шекаралық радиотелевизиялық стансалар орнатылады. Бір мезгілде республиканың облыстық орталықтарында эфирлік цифрлы хабар таратуды енгізу бойынша жұмыстар басталады.

Сонан соң, эфирлік цифрлық хабар таратуды қамтылмаған ауылдық елді мекендерде енгізу жоспарланып отыр.


2. 3G және 4G ұялы байланыс стандарттарын енгізу бойынша:

Үшінші буындағы 3G ұялы байланыс стандартын енгізу үшін (UMTS 2100 MHz) Министрлік «GSM Қазақстан ААҚ Қазақтелеком» ЖШС және «КаР-Тел» ЖШС ұялы байланыс операторларына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат құжаттарын берді.

Ұялы байланыс операторлары үшінші буындағы 3G желілерін пайдалануға енгізу жөніндегі жұмыстарды Астана, Алматы қалаларында және облыстық орталықтарда жүзеге асырылып жатыр.

Интернетке қол жеткізу қызметін дамыту аясында 2011 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі Ведомствоаралық Комиссиясы Қазақстан Республикасы аумағында байланыс желілерінің төртінші буыны 4G енгізу құқығын «Қазақтелеком» АҚ-на беру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Министрлік Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп LTE (Long Term Evolution) (4G) үшін жиіліктерді босату бойынша іс-шаралар жоспарын дайындап, оны Қазақстан Республикасы Үкіметіне жолдады.

Бұдан арғы жұмыстар LTE 4G (Long Tern Evolution) стандартын ендіру үшін радиожеліліктерді босату жөніндегі Іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Мобильді технологиялар Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне қол жетімділікті және енуді дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ілеспе қызметтердің ауқымын кеңейтуге (мобильді ТВ, сұрау бойынша бейне және т.б.), сапа деңгейін көтеруге және тарифтерді төмендетуге мүмкіндік береді.


3. Радиожиiлiк спектрінің мониторинг жүйесiн жаңғырту:

Қазіргі уақытта Қазақстанда 21 мониторингілеу және пеленгациялау стационарлық пункттері (бұдан әрі – МПСП) және 15 ұтқыр пункттері (бұдан әрі – МПЖП) еліміздің 19 қалаларында (Астана, Алматы, Көкшетау, Талдықорған, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Павлодар, Семей, Сарыағаш, Тараз, Өскемен, Орал, Шымкент) жұмыс істейді.

Жұмыс істеп тұрған қондырғылар 2002 – 2008 жылдар арасында жеткізілгендіктен, аппараттық құралдардың көпшілігі өзінің пайдалану амортизациялық мерзімін аяқтаған (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 маусымдағы № 506 «Радиожиілік спектріне мониторинг жүргізуге арналған радиобақылау жабдықтарының тиесілік нормалары» қаулысы).

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы радиожиілік бойынша ведомствоаралық комиссиясы отырысының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-5/007-812 (қбп) Хаттамасының 5-тармағына сәйкес, Министрлік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Радиожиілік спектрінің мониторингілеу жүйесінің (РЖСМЖ) модернизациясы бойынша инвестициялық жобаны әзірледі.

РЖСМЖ модернизациясы мынадай мемлекеттік міндеттермен қамтамасыз ету қажеттілігімен шартталады.

1) Қазақстан Республикасының шектелген ұлттық ресурстарын – радиожиілік спектрін (бұдан әрі- РЖС) рұқсатсыз пайдалануын бақылау;

2) халыққа сапалы қызмет көрсету үшін қолданылып жүрген радиоқызмет көрсетулердің (теле радио хабар тарату, жылжымалы байланыс және т.б.) кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, РЖС пайдалануды тиімді басқару;

3) халықтың өміріне және қауіпсіздігіне қауіп-қатер тудыратын, (мысалы, әуе кемесінің бүйір жабдығына тигізетін кедергілер – аэронавигация қауіпсіздігін қамтамасыз ету) қоғам қауіпсіздігіне араласуына рұқсат етілмейтін немесе/және бар кедергілерді бақылау арқылы қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;

4) Қорғаныс министрлігі мен әр түрлі арнайы техникалық қызмет көрсетудің мүдделерінде төтенше жағдайларды жою кезінде, құқық қорғау органдарының міндеттерін шешу және байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде радиоқызмет көрсетудің кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

Мониторингілеу және пеленгациялау ұтқыр пунктін ұялы операторлардың ең кең тараған аймақтарын алатын (желілерді құру ұялы байланыс операторлары ұсынатын деректерді тарату қызметтерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады). GSM-желісінің базасында деректерді тарататын арналар арқылы басқа жүйе компоненттерімен және басқару орталықтарымен қосу жоспарлануда.

Алдын ала есептеу бойынша үш мемлекеттік органда жобаны жүзеге асыру үшін үш жылға 16 млрд. теңге мөлшерінде қаржыландыруды талап етеді. РЖС-ны пайдалану бойынша қолданыстағы тенденцияларды есепке алғанда жобаның өтімділік мерзімі шамамен 4 жылды құрайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Министрліктің және Қорғаныс министрлігінің бірлескен ведомствоаралық бұйрықтарына сәйкес іске қосылған мемлекеттік органдардың ішіндегі мамандардан жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы бірлесіп техникалық тапсырмаларды дайындап, сондай-ақ техника-экономикалық негізіндегі жұмыстарды аяқтады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес, дайындалған техника-экономикалық негіздеу Экономикалық даму және сауда министрлігінде салалық және экономикалық сараптамасына жатады.

Дұрыс нәтиже болған жағдайда, жоба Қазақстан Республикасы республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізілетін болады.

Осы жүйені толықтай құруды аяқтау 2015 жылға жоспарлануда. Одан әрі техникалық сүйемелдеу ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша салалық бағдарламаның шеңберінде жүзеге асырылатын болады.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет