АҚпарат хат «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы», «Ахмет Ясауидің 850 жылдығы» тақырыбы аясында



Дата03.05.2016
өлшемі45.96 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТ ХАТ

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы», «Ахмет Ясауидің 850 жылдығы» тақырыбы аясында

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті 2016 жылдың 21-23 сәуірінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Дінтану пән олимпиадасын» өткізеді.



Олимпиаданың мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету.

дінтану және теология мамандықтарына талапты талапкерлерді тартып, олардың мамандыққа қызығушылығын арттыру, жеткіншектердің жеке тұлғалық және шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау, дін саласына ғылыми ізденушілігіне қызығушылығын арттыру.



Олимпиада тақырыптық бағыты: жалпы білім беретін мектептердің 9-шы сынып оқушыларына арналған «Дінтану негіздері» факультативтік пәнінің оқу бағдарламасы тақырыптары.

Сонымен қатар 6-11 сынып аралығындағы Дүние жүзі тарихы мен Қазақстан тарихы пәндерінің дін, ислам дүниесі мәдениеті, руханият, мәдениет, қазақ халқының рухани мәдениеті және т.б дінге қатысты тақырыптары.



Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушылары қатысады. Қазақстанның әр облысынан, Астана, Алматы және Түркістан қалалары білім басқармаларынан 3 оқушыдан қатыса алады.

Олимпиада мәреге жету кезеңі – екі турдан тұратын оқушылардың сайысы

1). Бірінші тур «Шығарма» - жалпы дамуға тапсырмалар (жазбаша, шығарма жазу);

2). Екінші тур «Таным» - теориялық білімге ауызша тапсырмалар;

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады. Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қ.А.Ясауи университетінің ішкі грантын және оқу жеңілдіктерін алу мүмкіндігі бар.

Олимпиадаға қатысуға құжаттар тапсыру:

Облыстардан қатысатын оқушыларды тіркеуге келесі құжаттар тапсырылады:

1. Ахмет Ясауи университеті президенті, профессор У.С.Абдибеков атына қатынас хат

2. Қатысушы оқушының сауалнамасы (аты – жөні, мектебі, сыныбы);

3. Жетекші мұғалімнің сауалнамасы (аты – жөні, қызметі).

4.Куәліктердің көшірмелері.

Құжаттар 2016 ж. 10-ші сәуіріне дейін төмендегі мекен жайға электронды түрде тапсырылады: 161200, ОҚО, Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы-29 № 1 оқу ғимараты Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті, дінтану кафедрасы.

Байланыс: Деканат. тел/факс: 8 (72533) 6-36-36 (ішкі 1097)

Дінтану кафедрасы: Бейсенов Айбек-87029960383; Оразбай Сержан-87015860269;

Кәсіби бағдар бөлімі: Алайдаров Ақәділ – 8(701)5745481



Эл.пошта: aybek.beysenov@ayu.edu.kz, din-teo@mail.ru.

Университет сайты: ayu.edu.kz; iktu.kz.

Олимпиаданың жұмыс күні 2016 жыл 22 сәуір. 21 сәуір қатысушылардың келуі, 22 сәуір олимпиаданың өтуі, 23 сәуір қатысушылардың қайтуы.

2016ж. 12 сәуірге дейін қатысушылар келетін күнін, сағатын, поездың немесе автобустың рейісі жөнінде мәлімет беруге тиісті. Олимпиадаға қатысушы оқушылар мен жетекшісінің өзінде жеке куәліктері немесе туылу туралы құжаттары, жол билеттері (түпнұсқа) болуы қажет.

Олимпиадаға қатысушы оқушылар мен жетекшілерінің жол, қонақ үй және күнделікті шығындары 100% толық университет тарапынан төленеді. Қатысушылар Түркістан қаласы «Зияратшылар орталығы» қонақ үйіне орналасады, тіркеу орны тел: 8(72533) 3-14-74;



Ұйымдастыру комитеті
Ахмет Ясауи университеті президенті, профессор У.С.Абдибековке
______________________________________________________

( Облыс немесе қала аты )

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы Дінтану пән олимпиадасына

төмендегі құрамда қатыстыруды сұраймын :
Жетекші____________________________________________________________________

( жетекші аты – жөні, қызметі )
1.Қатысушы _____________________________________________________________________

(қатысушы аты – жөні, сыныбы, оқитын мектебі )

2.Қатысушы _____________________________________________________________________



(қатысушы аты – жөні, сыныбы, оқитын мектебі )

3.Қатысушы _____________________________________________________________________



(қатысушы аты – жөні, сыныбы, оқитын мектебі )

Облыстық білім басқармасының басшысы аты-жөні

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы Дінтану пән олимпиадасына қатысушы оқушы

АНКЕТАСЫ


Облысы, ауданы, ауылы_________________________________________________________________________________

Аты-жөні______________________________________________________________________________


Мектеп атауы,сыныбы___________________________________________________________________

Тұрғылықты мекен жайы ________________________________________________________________

телефон ________________________________________________________________________________
Е-mail ________________________________________________________________________________

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы Дінтану пән олимпиадасына қатысушылардың жетекшісінің

АНКЕТАСЫ
Облысы, ауданы, ауылы_________________________________________________________________________________

Аты-жөні _____________________________________________________________________________


Қызмет орны, қызметі___________________________________________________________________

Мекен жайы ____________________________________________________________________________


телефон _______________________________________________________________________________
Е-mail _______________________________________________________________________________
Каталог: files -> zhalpy
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
zhalpy -> Кәсіби бағдар бөлімі ІІІ республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша 2016-2017 оқу жылына күндізгі оқу түрі бойынша бакалавр мамандықтарына білім алуға сертификаттар алған оқушылар


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет