АҚпарат өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің



жүктеу 61.75 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі61.75 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

2011 жылдың қаңтар –желтоқсан айларындағы Курчатов

қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 57,0 пайызға ұлғайып, 2 992,6 млн. теңгені құрады. Бұл тау - кен, өңдеу өнеркәсібіндегі өсімдер есебінен болды, осыған байланысты ағымдағы жылы Семей сынақ полигоны жерлері топырағының құнарлығын қалпына келтіру бойынша өнеркәсіптік өнімдер көлемі есепке алынды (2,4 млрд. теңге). Жеке индекс көлемі 2,4 есеге, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі - 3,0 есе, электрмен жабдықтау - 23,1 пайыз және сумен жабдықтау - 41,5 есеге өсті.

Өнеркәсіптік өндірістің негізгі үлесін сумен жабдықтау, құбыр жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау құрайды – 51,7 пайыз, соның ішінде қалдықтарды шығару саласындағы топырақ құнарлығын қалпына келтіру және басқа да қызметтер - 50,2 пайыз, тау - кен өндірісі және карьерлерді өңдеудің үлесі - 24,9 пайызды, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 16,4 пайызды, электрмен қамту, газ және бу беру, ауаны кондиционерлеу - 6,9 пайызды құрайды.


Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы түсімінің жеке индекс көлемі -102,2 пайызды (248,6 млн.теңге) құрады.

Тірі салмақта 142,3 тонна ет (өсім 0,7 пайыз), 670,7 тонна - сүт (0,2 пайыз), 47 мың дана жұмыртқа (өсім 1,3 пайыз) өндірілді.

ІҚМ басы 960 басты (өсім – 0,6 пайыз), қой және ешкі малдарының саны 2 730 басты (өсім – 0,4 пайыз), жылқы – 390 басты (өсім – 0,3 пайыз), шошқа – 154 басты (өсім 0,7 пайыз) құрады. Жеке шаруашылықтарда және шаруа қожалықтарды эпизодияға қарсы шаралар іс – шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі капиталға түскен инвестициялар 2 215,2 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 31,4 пайыз кем. Жеке индекс көлемі 67,2 пайызды құрады. Салынған ивестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың меншік қаражаттары құрайды – 49,0 пайыз, республикалық бюджет қаражаты – 39,4 пайыз, жергілікті бюджет қаражаты - 11,0 пайыз және қаржыландырудың басқа да көздері – 0,6 пайыз.
Ірі және орта кәсіпорындарының жалпы еңбек ақы қоры (филиалдарды есепке алғанда) 2011 жылдың қаңтар – қараша айларында 3 555,5 млн. теңгені құрайды (шұғыл деректер), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,4 пайызға төмен. Орташа айлық еңбек ақы 6,4 пайызға өсіп және 84 682 теңге деңгейінде қалыптасты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 067,5 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 169,2 пайыз. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне 189,2 пайыз немесе жалпы ауданы 15 808 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны 62 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 95,4 пайыз. Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны өткен жылдың деңгейінен 7,5 пайызға аз, 37 бірлік. Осыған қарамастан белсенді кәсіпорындар саны өткен жылдың деңгейінде қалды және 31 бірілікті құрады.
Бөлшек тауар айналымның көлемі 2 330,9 млн. теңгені құрады, ЖИК 120,8 пайыз.

Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. 2012 жылдың 1-ші қаңтарына жұмыссыздар саны 63 адамды құрайды, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 21,2 пайызға көп. Жыл бойы 367 жұмыс орыны құрылды, 469 адам жұмысқа орналастырылды; қоғамдық жұмысқа 175 адам, жастар тәжірибесіне - 15 адам жіберілді. Әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда: мемлекеттік әлеуметтік мекен – жай көмегін 44 отбасы, тұрғын жай көмегін – 143 отбасы алды, 209 балаға балалар жәрдемақысы төленді. Мүмкіндігі шектеулі 8 бала үшін үйде жеке оқыту ұйымдастырылған.
Салық және басқа да міндетті төлемдерден қалалық бюджетке түскен түсімдер 1 046,8 млн. теңгені немесе болжам бойынша 100,1 пайызды құрайды. Меншік кірістер 588,2 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16,5 пайыз өсімімен болжам бойынша 100,2 пайызды құрады.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 1 062,2 млн. теңге сомада немесе 99,7 пайызға орындалды. 2012 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетті дамытуға жолданған қаражаттар 117,3 млн. теңге сомасында немесе 100 пайыз игерілді. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 63,1 млн. теңге сомасында немесе 99,6 пайызға игерілді.


Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік –маңызды көрсеткіштердің тұрақтануы байқалады. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап барлық жылдарда ұлт денсаулығын жақсарту бойынша саясат жалғасуда.

1 желтоқсандағы жағдайы бойынша Курчатов қаласында 182 адам дүниеге келді, 80 адам қайтыс болды, табиғи өсім 102 адамды құрады.

Амбулатуралық - емханалық, стационарлық және диагностикалық қызметтер көрсету жетілдірілуде.

Он екі айда 66,99 мың адам емханаға қаралған, 5,1 мың адамға үйде ем көрсетілген.

1455 ауру стационарда емделген. Емхана ішіндегі күндізгі стационарда 693 ауру, 1111 ауру стоционарда емделген. 240 операция жасалған. Қала бойынша 2011 жылдың 12 айында туберкулез ауруымен ауратындар деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда – 99,3 құрады.
Білім беру саласын дамыту ең маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы жылы қала бюджетінің жалпы көлемінен білім беруге бағытталған қаражат үлесі 38,8 пайызды құрады.

Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру жүргізілуде. 2012 жылдың 1 қаңтарына қалада мектепке дейінгі білім берумен жалпы қамтамасыз ету 88,6 пайызды құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 29,4 пайызға артты.

Қала мектептерінің материалдық - техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, соның ішінде 5 жиынтық жиһаз, балаларды жеткізу үшін жолаушылар автобусы және т.б. алынды.

2011 жыл балалар музыка мектебі үшін табысты жыл болды. Облыстық жеті Дельфи ойындарында № 3 орта мектептің оқушысы Шаманбаев Степан баян номинациясынан бірінші орын алды, ал Республикалық Дельфи ойындарында жинақ сандықшасын алтын медальмен толтырды. Сонымен қатар басқа да музыкалық сайыстарда да жүлделі орындар алып тәрбиеленушілер қала намысын қолдан түсірген жоқ. Тоқтағанова Маржан Славян жазбалары және Головков атындағы мәдениеттер 17 облыстық конкурсының жеңімпазы, Аманова Аяжан «Субдоминанта» облыстық конкурсында -3 орын, Қуаныш Аружан балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалында «Эстрадалық әндер» номинациясы бойынша 2 – ші орын алды.



Мәдениет саласында қалалық мәдениет үйінің ұжымымен және қалалық кітапханамен 170 мәдени – бұқаралық іс – шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Қалалық кітапхана ақпараттарға қол жетімділікті ұсынып, өсіп келе жатқан ұрпақтардың интеллектуалды – білім әлеуетінің өсуіне нақты әсерін тигізеді, бұл қаладағы мәдениет маңызының артуына ықпал көрсетеді. Қалалық кітапхананың жалпы кітап қоры 28 554 дана, соның ішінде мемлекеттік тілде 4 517 дана. 2011 жылы 1 224 кітап алынды, оның 861 данасы мемлекеттік тілде.

2011-2012 жылдардағы оқу жылдарына Мемлекеттік тілді оқыту орталығында 8 топ қалыптастырылды, барлығы 100 тыңдаушы (бастаушы деңгей -1 топ-18 тыңдаушы, базалық деңгей - 4 топ – 46 тыңдаушы, жоғарғы деңгей - 3 топ – 36 тыңдаушы).

Ағымдағы жылы бұқаралық ақпараттар құралдарында тіл саясаты мәселесі бойынша 32 материал жарияланды.


Салауатты өмір салты, атап айтқанда дене шынықтыру және спорт күшті және дені сау қоғамды дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік құрал болып табылуда.

Қалада дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 18 спорт орындары жұмыс істейді: 8 спорт зал (соның ішінде БЖСМ 4 залы), 3 алаң, 3 спорт алаңы, 3 хоккей корты және 1 спорт кешені және спорт клубтары жұмыс істейді.

Үш мектепте 12 спорт үйірмелері жұмыс істейді. Тұрғындарды спорт үйірмелерімен қамту 4612 адамды (42 пайызды) құрайды. № 1 орта мектепте ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен көп функциональды хоккей корты алынып, орнатылды және № 3 орта мектепте демеушілердің көмегімен хоккей корты жөнделді, сонымен қатар жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Мектеп гиназияда және № 3 орта мектепте» жасанды шөппен екі спорт алаңы алынып, орнатылды.

Балалар - жасөспірімдер спорт мектебі және тау туризмін насихаттайтын балалар жасөспірімдер «Скала» клубы жұмыс істейді.

Апта сайын демалыс күні білім беру мекемелерімен және «Скала» жас өспірімдер клубымен «Берег» және «Ранчо» демалыс базаларына сапарлар, Ертіс өзенінің жағасына жорықтар (эстафеталар, «Әке шеше мен - спортышлар отбасы», пионербол, бадминтон, шағын –футбол, волейбол және т.б.) әр түрлі жарыстар енген «Демалыс күн маршруттары» шеңберінде іс – шаралар өткізіледі. Сонымен қатар әкімшілікпен қала кәсіпорындары мен ұйымдарына экскурсиялар кестесі бекітілген.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында ағымдағы жылы келесі жұмыстар аяқталды:


  • тұрғын үйлердің шатырын жөндеу;

  • қала жолдарын жөндеу, соның ішінде Абай көшесін;

  • үйлер алдындағы аумақтарды жөндеу;

  • сумен қамту жүйелерін жөндеу;

  • көше жарығын ағымдағы жөндеу;

  • Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен аумақтарды көркейту және тазалау, қала жолдарын орташа жөндеу жүргізілді.

№ 4 қазандықты қайта жаңарту жүргізілді. Қалалық бюджет қаражаты есебінен 1- ші көтерменің сорғы құралын жөндеу, сыртқы су құбыры жүйелерін жөндеу жүргізілді.

Ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен қатты тұрмыстық және улылығы төмен өнеркәсіптік қалдықтар полигонының құрылысы аяқталды.

Жеке меншік инвестициялар есебінен дүкен, жанармай құю станциясы, гараждар пайдалануға берілді.

Қала әкімі А.Н. Генрихтың тапсырмасы бойынша қала әкімдігімен және «Фортуна» кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің арасында жеке кәсіпкерлермен қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және көркейту мәселесі жөнінде өзара ынтымақтастық туралы 40 меморандум жасалды, жасалған келісім – шарттарға сәйкес жапсарлас аумақтардың қасбеттерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет