Ақпараттандыру саласындағы ақпараттық ресурстар мен жүйелердi қалыптастырудағы ынтымақтастық, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң мемлекетаралық бағдарламаларын iске асыру туралы келiсiмдi бекiту туралы



Дата30.04.2016
өлшемі276.16 Kb.
8 Ақпараттандыру саласындағы ақпараттық ресурстар мен жүйелердi қалыптастырудағы ынтымақтастық, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң мемлекетаралық бағдарламаларын iске асыру туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. 2002 жылғы 24 желтоқсан N 1357

      Қазақстан Pеспубликасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. 1999 жылғы 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған Ақпараттандыру саласындағы ақпараттық ресурстар мен жүйелердi қалыптастырудағы ынтымақтастық, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң мемлекетаралық бағдарламаларын iске асыру туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Ақпараттандыру саласындағы ақпараттық pecуpстар мен жүйелердi қалыптастырудағы ынтымақтастық, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң мемлекетаралық бағдарламаларын iске асыру туралы
КЕЛIСIM

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi Келiсiмнiң қатысушы мемлекеттерi үкiметтерiнiң тапсырмасы бойынша


      - тең құқықты және өзара тиiмдi негiзде экономикалық        кiрiгудiң ақпараттық базасын құруға өз үлесiн қосуға ұмтыла отырып;
      - әлуеттi пайдаланушылар үшiн ақпаратқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн технологиялық жағдайларды, ақпараттық және бағдарламалық құралдарды, телекоммунациялық жүйелердi құрудың қажеттiлiгiне негiзге ала отырып;
      - жоғары тиiмдiлiктi қазiргi құралдар мен ақпараттандыру жүйелерiн кеңiнен пайдалану экономикалық және мәдени дамудың маңызды факторы болып табылатынына кәмiл сене отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрiлетiн терминдер мынадай мағыналарға ие:


      мемлекеттiк тапсырыс берушi - осы Келiсiмге сәйкес қабылданған мiндеттемелерiн орындауға жауапты мемлекетаралық бағдарламаға қатысушы мемлекеттiң атқарушы өкiметiнiң органы (немесе өзге өкiлеттi ұйым);
      ақпарат - тiркеу мен таныстыру нысанына қарамастан, тұлғалар, заттар, фактiлеp, оқиғалар, құбылыстар және үдерiстер туралы мәлiметтер;
      ақпараттандыру - Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңдарымен қорғалатын, мемлекеттiк, коммерциялық және басқа да құпиялардан тұрмайтын, ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негiзiнде азаматтардың, мемлекеттiк өкiмет органдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мен құқықтарын iске асыру үшiн оңтайлы жағдайлар жасаудың ұйымдық әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесi;
      ақпараттық жүйе - ұйымдық тәртiпке келтiрiлген құжаттар (құжаттар ауқымы) және ақпараттық технологиялар жиынтығы, соның iшiнде ақпараттық процестердi iске асыратын есептеу техникасы мен байланыс құралдарын пайдалану;
      ақпараттық процестер - ақпараттарды жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, iздеу және тарату процестерi;
      ақпараттық ресурстар - пайдалану үшiн қолайлы және жарамды нысанда дайындалған және жүйеленген ақпараттық жүйелердегi (кiтапханалардағы, мұрағаттардағы, қорлардағы, деректер банктерiндегi, басқа да ақпарат жүйелерiндегi) құжаттар мен құжаттар ауқымы;
      үйлестiрушi - мемлекетаралық бағдарламаларды орындау процесiнде өзара келiсу бойынша олардың жедел өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ететiн, өзара консультациялар мен мемлекеттiк тапсырыс берушiлер арасында ақпарат алмасуды, мемлекетаралық бағдарламаларды жүзеге асырудың жекелеген кезеңдерiне жедел жоспарларды келiсудi, ынтымақтастықты жетiлдiру бойынша ұсыныстарды әзiрлеудi, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың аралық және түпкiлiктi нәтижелерiн пайдалануды ұйымдастыратын, осы бағдарламаның iске асуы жөнiнде мемлекетаралық органдарға келiсiлген ақпараттарды дайындайтын және ұсынатын мемлекеттiк тапсырыс берушiлердiң бiрi;
      Мемлекетаралық бағдарламаның үйлестiрушiсi ретiнде, сондай-ақ халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары мен ғылыми ұйымдар, ұлтаралық қаржы-өнеркәсiптiк топтар мен мемлекетаралық органдар көрiнуi мүмкiн. Егер мемлекетаралық бағдарлама мемлекетаралық бағдарламаға қатысушы тиiстi мемлекетi қаржыландыратын жекелеген жобалардан тұратын болса, онда осы жобалардың үйлестiрушiсi рөлiн осы жобалардың ұлттық мемлекеттiк тапсырыс берушiлерi орындайды;
      мемлекетаралық бағдарламалар - қызметтiң келiсiлген салаларында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ортақ күш бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын, түпкiлiктi нәтижелер бойынша өзара байланысты бағдарламалар;
      стандарттау - нақты қолданыстағы немесе әлеуеттi мiндеттерге қатысты жалпыға бiрдей және көп мәрте пайдалану үшiн ережелер тағайындау арқылы нақты салада тәртiпке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет;
      сертификаттау - техникалық және бағдарламалық құралдардың сәйкестiгiн растау тәртiбi, ол арқылы дайындаушы (сатушы, орындаушы) мен тұтынушыға (сатып алушы) тәуелсiз ұйым жазбаша үлгiде белгiленген талаптарға өнiмнiң сәйкестiгiн белгiлейдi;
      ЕДИ (Electronic Data Interchange) - ағылшын атауының аббревиатурасы (ЕDI) - деректердiң жалпы жұрт қабылдаған жiктеуiштер мен сөздiктерiн пайдалану арқылы келiсiлген жүйенiң (стандарттың) iскерлiк ақпаратын берудi қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйе;
      ЕДИФАКТ (Electronic Data Interchange for Adminisfration Соmmегсе аnd Transport) - ағылшын атауының аббревиатурасы ЕDIҒАСТ - басқару, сауда және көлiк үшiн қолданылатын ЕДИ құжатының БҰҰ-дың халықаралық стандарты.

2-бап

      Осы Келiсiм мыналарға бағытталған ақпараттандыру саласындағы Тараптардың өзара қатынастарын реттейдi:


      - ақпараттандыру саласында ынтымақтастықты дамыту және өзара тиiмдi мемлекетаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
      - мемлекетаралық бағдарламаларды құру және iске асыру;
      - осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерiнiң ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ, осы Келiсiмдi iске асыру нәтижесiнде солар apқылы құрылған жалпы ақпараттық ресурстарды құру, пайдалану, қорғау;
      - ақпараттық технологияларды және олармен қамтамасыз ететiн құралдарды жасау мен пайдалану;
      - ақпараттар процестерге қатысушы Тараптардың ақпараттары мен құқықтарын қорғау.

3-бап

      Әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық өзара iс-қимылды тиiмдi және сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк тудыратын мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау бойынша Тараптар қажеттi шараларды қабылдайды.



4-бап

      Тараптар мемлекетаралық бағдарламаларды әзiрлеу, келiстiру және iске асыру жөнiнде ынтымақтастықты жүзеге асырады. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламаларын жасау жөнiндегi басым бағыттардың базалық тiзiмi аталмыш Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын 1-қосымшасында келтiрiлген.



5-бап

      Ақпараттандыру, ақпараттық рынокты дамыту жөнiндегi бiрлескен iс-шаралар жүргiзу саласындағы ынтымақтастық Тараптар мүдделерiнiң тең құқықтығы, өзара тиiмдiлiгi және есепке алу негiзiнде жүзеге асырылады.



6-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын (2-қосымша) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламаларын құру мен iске асыру тәртiбi негiзiнде мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыруда ынтымақтастықты жүзеге асырады.



7-бап

      Тараптар ақпараттандыру саласында мынадай негiзгi бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытады:


      - мемлекетаралық бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
      - ақпараттық ресурстар рыногын, қызметтiң келiсiлген салалары бойынша қызмет көрсетулердi, ақпараттық жүйелердi, технологияларды, олармен қамтамасыз ету құралдарын дамыту;
      - ортақ пайдаланылатын ақпараттық ресурстар құру;
      - ақпараттық технологиялар дамуының қазiргi әлемдiк үрдiстерiн ескере отырып, ақпараттандыру саласында өзара тиiмдi ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ынтымақтастықты iске асыру;
      - ақпараттық технологияларды жасау;
      - нарықтық қатынас жағдайларында осы Келiсiмнiң әрбiр қатысушы мемлекетiнiң ұлттық заңдарын ескере отырып, ақпараттандырудың техникалық құралдарының, ұлттық өндiрушiлерiн қорғау;
      - ақпараттық қызмет көрсетулер үшiн өзара есеп айырысу мен төлемдердiң механизмдерi мен жүйелерiн жасау;
      - ұлттық тiлдерде жүйеге түсетiн ақпараттық ауқымдардың автоматтандырылған iлеспе аудармасының бағдарламаларын құру бойынша жұмыстар жүргiзу;
      - БҰҰ ЕДИФАКТ халықаралық стандарттарының негiзiнде хабарлармен электрондық алмасу жүйелерiн қалыптастыру;
      - қызметтiң келiсiлген салалары бойынша ақпараттық ресурстарды қорғау;
      - ақпараттандырудың техникалық және бағдарламалық құралдарын стандарттау;
      - ақпараттандырудың техникалық және бағдарламалық құралдарын сертификаттау;
      - ақпараттандыру саласында нормативтi құқықтық реттеудi үйлестiру;
      - ақпараттың жоғалуы, ұрлануы, бұрмалануы, жылыстауы, баямалануы және оқшаулануы салаларынан меншiк иелерiне, ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға, жүйелер мен технологияларға қаржы зиянын өтеу мақсаттарында ақпараттық салада сақтандыру рыногын құру және дамыту;
      - мемлекетаралық бағдарламалар жобаларының әзiрленуi мен iске асыруында инвестициялар тарту және ынталандыру механизмдерiн пайдалану;
      - ақпарат индустриясының маркетингi;
      - ақпараттандыру саласында бiлiктi мамандар даярлау.

8-бап

      Тараптар ынтымақтастықты мынадай нысандарда дамытады:


      - ұлттық және халықаралық ақпараттық ресурстарға қолайлы нысанда, арзан бағада және кепiлдiктi сапада рұқсат алуға бағытталған ақпарат берудiң ұлттық тораптарын құру мен дамыту бойынша техникалық өзара iс-қимылды жүзеге асыру және ақпараттық қызметтер көрсетудi ұсыну;
      - деректер беру және ақпараттық ресурстардың ұлттық тораптарын қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесу;
      - техникалық құжаттамамен және ғылыми-техникалық ақпаратпен, соның iшiнде ақпараттандыру саласында осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң саясатын қалыптастыру мен iске асырудағы құжаттармен өзара тиiмдi алмасу;
      - осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерiнiң мамандарын тарту арқылы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық (құрастырушылық) салада өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
      - жаңа ақпараттық технологияларды игеруде жұмыс жүргiзетiн бiрлескен ұйымдар, бiрлестiктер, кәсiпорындар мен фирмалар құруға жәрдемдесу;
      - осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ақпараттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
      - ақпараттандыру құралдары мен жүйелерiн және есептеу техникасын өзара сатып алуды кеңейтуге бағытталған нақты шараларды әзiрлеу және iске асыру.

9-бап

      Мемлекетаралық бағдарламаларды дайындау және iске асыру бойынша Тараптардың ынтымақтастығы бағдарлама бойынша олардың жүзеге асырылады iс-қимылдарының шарттары ескерiлген Келiсiмдi жасасу жолымен жүзеге асырылады.



10-бап

      Ақпараттандыру саласындағы өзара iс-қимыл жөнiнде келiсiм-шарттар жасасу кезiнде осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң жүргiзушi субъектiлерi өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарын басшылыққа алады.



11-бап

      Ашық ақпараттан басқа, бiр Тараптың екiншi Тараптан алған кез келген ақпарат, материалдар, бағдарламалық және техникалық құралдар, осыларды берушi Тараптың алдын-ала жазбаша келiсiмiнсiз, eшкiмге де берiлуi мүмкiн емес.


      Осы ереженi бұзған Тарап, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жауапты болады.

12-бап

      Өздерi қатысушысы болып табылатын Тараптар, олардың ұлттық заңдарына, сондай-ақ Халықаралық келiсiм-шарттардың ережелерiне сәйкес осы жұмыстардың барысында бiр Тараптың екiншi Тарапқа ұсынатын, ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық бағдарламаларын iске асыру кезiнде алынған бiрлескен жұмыстардың нәтижесiндегi санаткерлiк меншiктiң тиiмдi қорғалуын қамтамасыз етедi.


      Қандай да бiр Тараптың меншiгi болып табылатын ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу екiншi Тарап тек ақпараттық ресурстарды меншiктенетiн Тараптың рұқсатымен ғана жүзеге асырады. Тараптар ескертiлген ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудiң қағидаттары мен тетiктерiн бiрлесiп әзiрлейдi.

13-бап

      Тараптар халықаралық бағдарламаларды қаржыландыру мәселелерiнiң шешiмiн табуға жәрдемдеседi.


      Мемлекетаралық бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру Тараптар өздерiнiң қаржы мүмкiндiктерi мен мүдделерiн ескере отырып жүзеге асырады.

14-бап

      Осы Келiсiмнiң орындалуын үйлестiру үшiн жауапты құзыреттi органдар - ақпараттық pecуpcтap мен ақпараттық жүйелердi дамыту мәселелерiн үйлестiретiн осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ұлттық органдары болып табылады.



15-бап

      Тараптар осы бағдарламалардың жобаларын әзiрлеу мен олардың iске асуына қатысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн бiрлескен ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк -конструкторлық жұмыстарды орындау, ақпараттық құралдар мен жүйелердi өзара сатып алу және ғылыми-техникалық құжаттамалармен алмасу кезiнде ең қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.



16-бап

      Осы Келiсiм өздерi қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiм-шарттар бойынша Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.



17-бап

      Тараптаp ортақ Келiсiмi арқылы осы Келiсiмге өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн, олар хаттамалармен рәсiмделедi.


      Хаттамалар оларды барлық Тараптар, Келiсiмнiң 22-бабында белгiлендей Келiсiмнiң сол ретiмен келiскеннен кейiн күнiне енедi.

18-бап

      Бiр Тарап арқылы екiншi Тарапқа (Тараптарға) берiлетiн бүкiл ақпарат орыс тiлiне аударылады және олардың өзара келiсiмi бойынша орыс тiлiндегi жолма-жол аудармасы арқылы ақпарат Тараптың (Тараптардың) мемлекеттiк тiлiне аударылады.



19-бап

      Осы Келiсiмнiң қолданылуына немесе түсiндiрiлуiне байланысты даулы мәселелер осы Келiсiмге мүдделi қатысушы мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында жүргiзiлетiн консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi.



20-бап

      Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн алты айдан соң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару Комитетiн ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi дамыту мәселелерiн үйлестiруге жауапты органдар жөнiнде хабардар етедi.


      Тараптар, сондай-ақ, өзара келiсiлген мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi үйлестiрушiнi белгiлейдi.

21-бап

      Осы Келiсiм өзiнiң мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн басқа мемлекеттердiң қосылуына ашық, ол үшiн барлық Тараптардың келiсуiмен осындай қосылу жөнiнде депозитарийге құжаттарды тапсыру қажет. Қосылушы мемлекет үшiн осы Келiсiм осындай қосылуға келiскенi жөнiнде депозитарий соңғы хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.



22-бап

      Осы Келiсiм қол қоюшы Тараптар арқылы Келiсiмнiң күшiне eнуiне қажет мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы жөнiнде депозиторийге үшiншi хабарламаны сақтауға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.


      Қажеттi рәсiмдердi кейiнiрек орындаған Тараптар үшiн Келiсiм депозиторийге тиiстi құжаттарды сақтауға тапсырған күннен бастап енедi.

23-бап

      Осы Келiсiм күшiнe енген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Осы мерзiм аяқталған бойда, егер Тараптар ортақ келiсу арқылы оның әрекетiнiң тоқтатылуы жөнiнде шешiм қабылдамаса, онда Келiсiм өздiгiнен әр жолы бес жылдық кезеңге ұзaртылып отырады.



24-бап

      Тараптың әрқайсысы шығу күнiне дейiн алты айдан кешiктiрмей бұл жөнiнде депозиторийге жазбаша хабарлама жолдап, осы Келiсiм қолданған уақыт аралығында туындаған қаржылық және басқа да мiндеттемелердi алдын ала реттеп қойып, осы Келiсiмнен шыға алады.


      Мәскеу қаласында 1999 жылғы 24 желтоқсанда бiр түпнұсқа дана болып орыс тiлiнде жасалынды. Түпнұсқа дана осы Келiсiмге қол қойған әрбiр Тарапқа Келiсiмнiң расталған көшiрмесiн жiберетiндi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару Комитетiнде сақтаулы.

      ТМД Экономикалық кеңесiнiң мүшелерi:

      Әзербайжан Республикасынан
      Молдова Республикасынан
      Армения Pecпубликасынан
      Ресей Федерациясынан
      Беларусь Республикасынан
      Тәжiкстан Pecпубликасынан
      Грузиядан
      Қазақстан Республикасынан
      Өзбекстан Республикасынан
      Қырғыз Республикасынан
      Украинадан

Ақпараттандыру саласындағы  


ақпараттық ресурстар мен   
жүйелердi қалыптастыру,   
Тәуелсiз Мемлекеттер     
Достастығына қатысушы     
мемлекеттердiң мемлекетаралық 
бағдарламаларын iске асыру  
туралы келiсiмге       
1-қосымша           
1999 жылғы 24 желтоқсан   

ТМД қатысушы мемлекеттердi ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламаларын құру бойынша басым бағыттардың базалық тiзбесi
(экономикалық кiрiгудiң ақпараттық құрамдас бөлiгi)

--------------------------------------------------------------------


N| Әзiрленетiн  | Орындау. |    Күтiлетiн нәтижелер      |құжаттар.
р|бағдарламалар.|  шылар   |                             |ды ұсыну
с|дың атауы     |          |                             |мерзiмi
--------------------------------------------------------------------
1       2            3                    4                   5
--------------------------------------------------------------------
1. Еркiн сауда   ТМД Атқару     Мемлекеттерде ақпарат     2000-2002
   аймағын ақпа. комитетi,     алмасудың халықаралық         жж.
   ратпен        ТМД Статко.   стандарттарына (ЭДИФАКТ)
   қамтамасыз    митетi, КҚ    негiзделетiн электрондық
   ету           БК, СЭВ БК,   сауданың ұлттық орталық.
                 БАД және      тарын құру ұйғарылуда.
                 Достастықтың   Мұндай орталықтарды
                 басқа да      құру және оларды мемле.
                 мүдделi       кетаралық желiге бiрiк.
                 органдары     тiру тұтынушыларды және
                               өнiмдер мен қызмет
                               көрсетулердi өндiрушi.
                               лердi ақпараттық ресурс.
                               тармен қамтамасыз етуге,
                               Достастық мемлекеттерiн.
                               де рынок инфрақұрылымы.
                               ның дамуын елеулi
                               ынталандыруға мүмкiндiк
                               бередi.
                                Достастық мемлекеттерi.
                               нiң салық және кедендiк
                               қызметтерi үшiн ұлттық
                               заңдарға сәйкес барлық
                               буындар мен қызметтер.
                               дiң жұмыс iстеуiн
                               бақылауды қамтамасыз
                               ететiн және табыстарды
                               жасыру мен басқа да
                               терiс пайдалануларды
                               болдырмайтын бiрiктi.
                               рiлген ақпараттық
                               жүйелер құрылатын
                               болады. Құқықтық ақпа.
                               раттың, кедендiк ста.
                               тистиканың, биржалық
                               ақпарат пен дүниежү.
                               зiлiк баға бойынша
                               ақпараттың ақпараттық
                               жүйелерi мен мәлiметтер
                               базаларын, өнiм жеткi.
                               зушiлерi мен мәлiметтер
                               тұтынушыларының жiкте.
                               гiштерiн құру ұйғарылады.
                                Мыналарды:
                               - қазiргi төлем құрал.
                               дарын қолдануды қамта.
                               масыз ететiн банкаралық
                               есеп айырысу жүйелерiн;
                               - халықаралық стандарт.
                               таp бойынша банкаралық
                               есеп айырысу үшiн тиiстi
                               ақпараттық инфрақұры.
                               лымдарды;
                               - халықаралық туризмдi
                               қолдау үшiн ақпараттық
                               жүйелердi құру
                               көзделедi.

2. Электрондық   ТМД Атқару    ЭДИФАКТ БҰҰ ақпараттық     2000-2001


   құжаттанудың  комитетi,     хабарлар стандарттары         жж.
   халықаралық   ҮКК, ТМД      басқару салаларының,
   стандарттары  ТКК, СЭВ БК,  материалдық өндiрiстiң,
   негiзiнде     КС ТМД және   сауда операцияларының
   ТМД қатысушы  Достастықтың  жақындасуын, ресурстар
   мемлекеттер.  басқа да      мен тауарлардың, ғылыми
   дiң еркiн     мүдделi       зерттеулер және дүние
   сауда айма.   органдары     жүзiнiң барлық мемлекет.
   ғының құжат                 терiнiң басқа да қызмет
   айналымын                   түрлерiнiң ауысуын
   стандарттау                 қамтамасыз етедi. Бұған
   және бiрiз.                 дүниежүзiлiк ақпараттық
   дендiру                     жүйелерде айналыста
                               болатын және осылайша,
                               барлығы үшiн түсiнiктi
                               iскерлiк қатынас тiлiн
                               жасайтын құжаттардың
                               бiрыңғай нысандарының
                               есебiнен қол жеткiзiледi.
                               Сонымен бiрге, хабарла.
                               малар беру ондаған eceгe
                               жеделдейдi, құжаттар мен
                               мүмкiн болатын қателер
                               саны азаяды, қорыта
                               келгенде бұл ақпараттық
                               жүйелердi құру мен
                               пайдалану кезiнде аса iрi
                               үнем жасауға әкеледi.

3. Мына салалар. ТМД Атқару    ТМД ақпарат кеңiстiгiн    2000-2002


   дағы ынтымақ. комитетi,     қалыптастыру тұжырымдама.     жж.
   тастықты      БАД, МАК,     сын iске асыру бойынша
   қамтамасыз    ҮКК, МАК,     құжаттар мен шараларды
   ету үшiн      КҚ БК, СЭВ    дайындаудың перспективтi
   ақпараттық-   БК, ТМД ТКК,  жоспарына сәйкес Достас.
   телекоммуни.  Ресей Байла.  тық мемлекеттерiнде
   кациялық      ныс министр.  мүдделi ұйымдармен және
   жүйелердi     лiгi, ҮБА ФА  кәсiпорындармен өзара
   құру:         және Достас.  iс-қимыл жасайтын және
   - аграрлық-   тықтың басқа  оларды өнiм өткiзу
   өнер-кәсiп.   да мүдделi    рыногы, баға саясаты
   тiк;          органдары     бойынша ақпаратпен
   - отын-энер.                қамтамасыз ететiн ақпарат.
   гетикалық                  тық-талдамалық орталық.
   - өнеркәсiп.                тар, сондай-ақ мемлекет.
   тiк және                    аралық және халықаралық
   инвестиция.                 еңбек бөлiнiсiн есепке
   лық саясат;                 алатын тауарлар мен
   - көлiк және                қызмет көрсетулердiң
   байланыс;                   жаппай өндiрiсi үшiн
   - қаржы және                ұлттық және халықаралық
   банк;                       стандарттар мен сертифи.
   - ғылыми-тех.               каттарды құру ұйғарылады.
   нологиялық                  Бағдарлама шеңберiнде
   - радиохабар                қолданыстағылар әрi қарай
  және теледидар.              дамып және жаңалары құры.
                               латын, болады олар:
                               - көлiк қызметi,
                               электробайланыс және
                               почта қызметтерi, теледидар
                               және радиохабар рыноктарын.
                               дағы ақпараттық
                               технологиялар;
                               - аграрлық-өнеркәсiптiк
                               кешендер үшiн ақпаратпен
                               қамтамасыз ету жүйелерi;
                               - өнеркәсiп және инвести.
                               циялар жөнiндегi деректер
                               базалары;
                               - сұраныс пен ұсынысты
                               зерделеудiң ақпараттық-
                               технологиялары;
                               - көлiктiң барлық түрлерi
                               үшiн ақпараттық-есептеу
                               жерлерi;
                               - сыртқы сауда жүктерiн
                               тасымалдау бойынша
                               көлiктiк-логистикалық
                               жүйелер.

4. Табиғатты     ТМД Атқару     Барлық деректер мен       2000-2002


   пайдалану мен комитетi,     ақпарат жиынтығын жинау,     жж.
   қоршаған ор.  МЭК және      жинақтау, талдау мен
   таны қорғау,  Достастық.    тарату үшiн және әлеу.
   сондай-ақ     тың басқа     меттiк-экономикалық,
   сейсмология.  да мүдделi    гидрометеорологиялық,
   лық монито.   органдары     экологиялық, сейсмикалық
   ринг, төтенше               және Достастық мемлекеттерi
   оқиғалардың                 халықтарының қалыпты және
   алдын-алу                   төтенше жағдайларда
   және жою                    қауiпсiздiк кепiлдiгiн
   салаларында                 қамтамасыз ету жөнiндегi
   ынтымақтас.                 басқа да проблемаларды
   тықты қам.                  шешу үшiн қолдағы барды
   тамасыз                     дамыту және жаңа көп
   ету мақса.                  мақсатты ақпараттық-тех.
   тында                       нологиялық база құру
   ақпараттық-                 ұйғарылады (бөлiнген
   телекоммуни.                тұрақты көшпелi ақпарат.
   кациялық                    тық-өлшеуiш кешендерi,
   жүйелер құру                мониторингтер, ұлттық
                               және мемлекетаралық
                               телекоммуникациялық
                               жүйелер).

5. Әлеуметтiк-   ТМД Атқару     Әлеуметтiк салада         2000-2002


   еңбек сала.   комитетi,     Достастық мемлекеттерiнiң    жж.
   сында,        ТМД қатысушы  сақтандырылған тұлғаларын
   құқықтық      мемлекеттерi  жеке (дербестендiрiлген)
   ақпарат       халықтарының  есепке aлу бойынша корпо.
   алмасу,       Еңбек, көшi-  ративтi ақпараттық жүйе.
   денсаулық     қон және      лер құрылатын, сондай-ақ
   сақтау,       әлеуметтiк    ЭДИФАКТ халықаралық
   бiлiм,        қорғау        стандарттарының негiзiнде
   ғылым және    жөнiндегi     зейнетақы тағайындау үшiн
   мәдениет      консульта.    деректермен жедел мемле.
   салаларында   тивтiк        кетаралық алмасу реттеле.
   ынтымақтас.   кеңесi мен    тiн болады.
   тықты қамта.  Достастықтың   Жұмыспен қамту, көшi-қон,
   масыз ету     басқа да      әлеуметтiк қорғау, халық
   бойынша       мүдделi       еңбегiн қорғау мен жағдай.
   келiсiлген    органдары     лар және әлеуметтiк-еңбек
   ақпараттық-                 қатынастары саласындағы
   телекоммуни.                нормативтiк құқықтық
   кациялық                    құжаттар жөнiндегi дерек.
   жүйелер                     тер банкiн қоса қамтитын
   құру                        ТМД елдерiнiң ортақ
                               еңбек рыногының бiрыңғай
                               ақпараттық жүйесiн құру
                               көзделуде.
                                ТМД қатысушы мемлекетте.
                               рiн құқықтық ақпарат
                               алмасумен, алыстан бiлiм
                               алумен, оқу құралдарымен
                               тең құқықта және өзара
                               тиiмдi алмасумен қамтама.
                               сыз ету үшiн келiсiлген
                               ақпараттық-телекоммуника.
                               циялық жүйелер, сондай-ақ
                               халықаралық бiлiм беру
                               жүйелерiне қол жеткiзудi
                               қамтамасыз ететiн
                               телекоммуникациялық
                               жүйелер, электронды
                               оқулықтарды, анықтамалық.
                               тарды, оқу құралдарын
                               дайындау мен қолдануға
                               арналған жүйелер дами
                               бередi.
                                Денсаулық сақтау саласын.
                               да барлық санаттар және
                               профильдер бойынша меди.
                               циналық мекемелердi
                               кешендi ақпараттандыру
                               жөнiндегi автоматтан.
                               дырылған ақпараттық
                               жүйелер, қашықтық диагнос.
                               тика мен кеңес бepудiң
                               қазiргi технологиялары,
                               аурулар мен эпидемиялардың
                               таралуы туралы жедел
                               ақпарат алмасудың түрлi
                               нозологиялары бойынша
                               тақырыптық дерекқорларын
                               құру дами бередi және
                               қолданылатын болады.
                                Мәдениет саласында ұлттық
                               және халықаралық электрон.
                               дық мұражайлар мен галерея.
                               лар және Достастық мемле.
                               кеттерiнiң ұлттық мәдениет.
                               терi қазыналарының басқа
                               да электрондық болжамдарын
                               құру жөнiнде ақпараттық
                               жүйелердi дамыту көзделiп
                               отыр.
                                Достастық елдерiнiң өз
                               ресурстарын бiрлесiп қа.
                               лыптастыру мен пайдалану
                               бойынша ақпараттық кiтап.
                               ханалық желiлерiнiң өзара
                               iс-қимылдарын кеңейту,
                               ұлттық және халықаралық
                               электронды мұражайлар мен
                               галереяларды құру саласын.
                               дағы ынтымақтастықты, ны.
                               ғайту, сондай-ақ мәдениет
                               және өнер жөнiндегi деректер.
                               дiң бiрыңғай банктерiн
                               құру ұйғарылып отыр.

6. Нормативтiк-  ТМД Атқару     Сақтандыру бағдарламала.  1999-2002


   әдiстемелiк   комитетi,     рын iске асыру Достастық     жж.
   база құру     БАД, Ресей    мемлекеттерiнiң сақтандыру
   және ТМД      Байланыс      рыногының дамуын қамтама.
   қатысушы      министрлiгi   сыз етуге және ақпараттық
   мемлекеттерде және          жүйелердiң меншiк иелерi
   ақпараттық    Достастықтың  мен пайдаланушыларының
   тәуекелдердi  басқа да      бұзылған мүлiктiк мүдделе.
   сақтандыру    мүдделi       рiн қалпына келтiру
   жүйесiн       органдары     кепiлдiгiн қамтамасыз
   ендiруге                    етуге мүмкiндiк бередi.
   бағытталған
   шараларды
   жүргiзу

7. Достастықтың  ТМД мүдделi    ТМД АААЖ жетiлдiру мен    2000-2003


   (қатысушы     қатысушы      дамытуды жүзеге асыру:       жж.
   мемлекеттерi  мемлекеттерi, - Достастық мемлекеттерi.
   арасында      ТМД Атқару    нiң мемлекеттiк үкiмет ор.
   ақпаратпен    комитетi,     гандарының өз және ТМД
   алмасудың     ТМД қатысушы  жарғылық органдарының
   автоматтан.   мемлекетте.   араларында, соның iшiнде
   дырылған      рiнiң         еркiн сауда аймағын қалып.
   жүйесiн TМД   Парламент.    тастыру процесiнде де,
   АААЖ) және    аралық        ақпаратпен алмасуды ұйым.
   оның шағын    Ассамблеясы,  дастыру үшiн корпорациялық
   жүйелерiн     ТМД қатысушы  Internet желiсiн құру;
   жетiлдiру     мемлекетте.   - Достастықтың халықара.
   мен дамыту    рiнiң Шекара  лық ақпараттық қорларын
                 әскерлерi     ұлғайту (тиiстi мемлекет.
                 қол-басшыла.  аралық келiсiмдердi
                 рының кеңесi, қабылдау шамасына қарай)
                 ТМД қатысушы  және осы ақпаратқа ТМД
                 мемлекетте.   АААЖ абоненттерiнiң
                 рiнiң Iшкi    қолайлы рұқсат етiлген
                 iстер         енуiн қамтамасыз етiп,
                 министрлiк.   олардың бiрiккен мемле.
                 терiнiң       кетаралық ресурстарға
                 кеңесi, ҮБА   кiрiгуi;
                 ФА және Дос.  - ТМД қатысушы мемлекет.
                 тастықтың     терi шекаралық әскерлерi.
                 басқа да      нiң арасында ақпаратпен
                 мүдделi       алмасудың шағын жүйелерiн
                 органдары     құру (ТМД ШӘ АААЖ);
                               - ТМД АААЖ бiрыңғай теле.
                               коммуникациялық негiзi
                               және шифрленген құжаттық
                               байланыс жүйесi болып
                               табылатын "АТЛАС-ТМД"
                               деректер берудiң мульти.
                               хаттамалық (Х.25, IР,
                               FR) желiсiн құру.
                               - ТВ-Информды телекоммуни.
                               кациялық орта ретiнде
                               пайдалануды жалғастыру;
                               - ТМД мемлекеттерi
                               мемлекеттiк өкiмет орган.
                               дарының және ТМД жарғылық
                               органдарының арасында
                               (ТМД АААЖ және шифрленген
                               құжаттық байланыс жүйесiн
                               пайдаланушылар арасында)
                               ақпаратпен алмасуды
                               ұйымдастыру үшiн
                               "АТЛАС-ТМД" электрондық
                               почтаның бiрыңғай
                               жүйесiн құру;
                               - ТМД АААЖ iске асыратын
                               үлгiлiк шешiмдер мен
                               технологиялар негiзiнде
                               тиiстi мемлекетаралық
                               келiсiмдердiң қабылдануына
                               қарай ТМД АААЖ басқа да
                               қосалқы жүйелерiн құру
                               ұйғарылып отыр.
--------------------------------------------------------------------

      "Орындаушы" бағанындағы аббревиатуралаp былай түсiндiрiледi:


YКК - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер көлiк
      министрлерiнiң үйлестiрушi көлiк кеңесi
МАК - мемлекетаралық авиациялық комитет
МСК - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi
      мемлекетаралық кеңес
МЭК - мемлекетаралық экологиялық кеңес
БАД - байланыс саласындағы аймақтық Достастық
ТМД ТКК - Достастықтың қатысушы мемлекеттерiнiң темiр жол көлiгi
      жөнiндегi кеңесi
CЭB БК - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
      сыртқы экономикалық ведомстволары басшыларының Кеңесi
КҚ БК - Достастықтың қатысушы мемлекеттерi кеден қызметi
      басшыларының Кеңесi
ТМД Статкомитетi - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының
      мемлекетаралық статистикалық комитетi
YБ АФА - Ресей Федерациясының президентi жанындағы үкiметтiк
      байланыс пен ақпарат федералдық агенттiгi

Ақпараттандыру саласындағы  


ақпараттық ресурстар мен   
жүйелердi қалыптастыру,   
Тәуелсiз Мемлекеттер     
Достастығына қатысушы     
мемлекеттердiң мемлекетаралық 
бағдарламаларың iске асыру  
туралы келiсiмге       
2-қосымша           
1999 жылғы 24 желтоқсан   

ТМД қатысушы мемлекеттердiң ақпараттандыру саласында мемлекетаралық бағдарламалар жасау және iске асыру
ТӘРТIБI

I. Негiзгi ұғымдар

      1. Ақпараттандыру саласында мемлекетаралық бағдарламалар жасау және оларды iске асыру кезiнде Тараптар ұлттық заңнамада және осы Тәртiпте анықталған тәртiптi басшылыққа алады.


      2. Ақпараттандыру, саласындағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламалары (бұдан әрi - мемлекетаралық бағдарламалар) ТМД қатысушы мемлекеттерiнiң ақпараттандыру процестерiне ортақ тәсiлдердi әзiрлеу мен ақпараттық өзара iс-қимылдарды қамтамасыз ету ынтымақтастықтың нысаны болып табылады және олар мынадай бөлiмдерден тұрады:
      - мәселенiң мазмұны және оны бағдарламалық әдiстер арқылы шешудi негiздеу;
      - мемлекетаралық бағдарламаның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi, iске асыру мерзiмдерi мен кезеңдерi;
      - қажет болғанда жұмысқа орналастыру мен жаңа жұмыс орындарын құру шараларын қоса алғанда, бағдарламалық iс-шаралар жүйесi;
      - мемлекетаралық бағдарламаны ресурспен қамтамасыз ету (бюджет қаражаттары және/немесе бюджеттен тыс көздер есебiнен);
      - мемлекетаралық бағдарламаны iске асыру тетiгi;
      - мемлекетаралық бағдарламаны басқаруды ұйымдастыру және оны iске асыру барысын үйлестiру;
      - мемлекетаралық бағдарламаны iске асыру тиiмдiлiгiн, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық салдарларын бағалау;
      - атауы, мүдделi Тараптар үйлестiрушiсiнiң нұсқауы, сондай-ақ мақсаттары мен мiндеттерi, iске асыру мерзiмдерi, негiзгi iс-шараларды орындаушылардың нұсқаулары, қаржыландырудың көлемдерi мен көздерi, бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн түпкi нәтижелер мазмұндалған мемлекетаралық бағдарламаның төлқұжаты.
      Әр мемлекетаралық бағдарлама бойынша барлық бағдарламалық iс-шаралардың келiсiлуiн және олардың қаржы ресурстарының жобаланып отырған көлемдерiмен жүргiзiлу кезекшiлiктерiн, салалық және аймақтық мiндеттердiң келiсiмдiлiгi мен кешендiлiгiн қамтамасыз ету қажет. Таяудағы бiр-екi жылға бағдарламалық iс-шаралар, оларды қаржыландыру негiздеулерi бар, әлеуметтiк-экономикалық және техникалық-экономикалық бизнес-жоспар нақтылануы тиiс.
      3. Мемлекетаралық бағдарлама осы Тәртiптiң V бөлiмiнде көзделген тәртiппен толығымен немесе iшiнара орындалатын және қаржыландырылатын жобалардан тұруы мүмкiн.

II. Бағдарламалық әзiрлеме үшiн проблемаларды iрiктеу

      4. Тараптар, мемлекетаралық және үкiметаралық органдар, сондай-ақ ТМД қатысушы мемлекеттерiнiң мүдделi ұйымдары мен ведомстволары мемлекетаралық бағдарламалар әзiрлеудiң бастамашылары бола алады.


      5. Проблемаларды бастапқы iрiктеу ақпараттандыру саласындағы қазiргi мемлекетаралық (үкiметаралық) органдар арқылы жүргiзiледi (бұдан әрi - мемлекетаралық органдар).
      6. Әрбiр Тарап мемлекетаралық органдардағы өзiнiң өкiлi арқылы нақты мемлекетаралық бағдарлама жасау туралы ұсыныспен шыға алады.
      Проблеманың бағдарламалық әзiрленiмi туралы ұсынысқа мыналар қоса берiледi:
      - оның туу себептерiн талдау;
      - проблеманы шешудiң мүмкiн тәсiлдерi, ақпараттандыру, техника, технология, өнiмдi өндiру мен сату (жұмыс, қызмет көрсету), еңбек, шаруашылық және құқықтық қатынастар салаларында мәселенi шешу үшiн жүзеге асыру қажет iс-шаралардың ұсынылатын тiзбесi, оны iске асырудың мүмкiн мерзiмдepi;
      - мүмкiн көздердi тартудан және мемлекетаралық бағдарламаның жобасын iске асырудан түсетiн күтiлетiн табыстарды бөлудi көрсету арқылы қаржы ресурстарындағы қажеттiлiктердi негiздеу;
      - әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiк пен мемлекетаралық бағдарламаны iске асыру салдарын алдын ала бағалау, бағдарламалық iс-шаралардың экологиялық және басқа да талаптарға сәйкестiгi;
      - мемлекеттiк тапсырыс берушiлердiң, мемлекетаралық бағдарламаны әзiрлеушiлердiң, негiзгi жеткiзушiлер мен мердiгерлердiң тiзбесi;
      - мемлекетаралық бағдарлама жобасының даярлану мерзiмдерi мен құнын көрсету.
      7. Мемлекетаралық органдар мемлекетаралық бағдарламалардың жобалары бойынша мемлекеттерден түскен ұсыныстарды алдын ала қарайды және қарау нәтижелерi мен олардың мүдделiлiгiн зерделеудi ескере отырып осы бағдарламаларды жасайды.
      Мемлекетаралық органдар Тараптардың мүдделiлiгi және алынған материалдарды талдаудың негiзiнде мемлекетаралық деңгейде осы проблеманы шешу жөнiнде ұсыныстар дайындайды және оларды Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне (бұдан әрi - Комитет) тапсырады.
      8. Комитет белгiленген тәртiппен мемлекетаралық бағдарламалардың жобаларын жасау, оларды әзiрлеу мерзiмдерi, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесiнiң қарауы үшiн қаржыландыру көздерi жөнiнде мемлекетаралық органдардың ұсыныстарын енгiзедi.
      Iрi масштабты және ерекше маңызды проблемалар жөнiнде Комитеттiң ұсынысы бойынша мемлекетаралық бағдарламаларды орындау тұжырымдамалары әзiрленуi мүмкiн.

III. Мемлекетаралық бағдарламалаp мен жобалар жасау

      9. Мемлекетаралық органдар:


      - мемлекетаралық бағдарлама жобасын жасау бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесiнiң шешiмдерiн орындай отырып, олардың әзiрленуiн ұйымдастырады;
      - проблемаларды шешу және жобаларды бағалау жөнiнде Тараптардың ұсыныстарын жинауды жүргiзедi;
      - мемлекетаралық бағдарламаның келiсiлген жобасын түсiндiрме жазбамен, әлеуметтiк-экономикалық және техникалық-экономикалық негiздемесi бар бизнес-жоспармен және мемлекетаралық бағдарлама туралы үкiметаралық жобаны Комитетке жолдайды.

IV. Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды
сараптау және бағалау

      10. Комитет жобаларды таңдауды және бағалауды (сараптауды) ұйымдастырады, бұл орайда мыналарға назар аударады:


      - оның проблемасының басымдылық сипатына;
      - бағдарламалық iс-шаралардың негiздiлiгiне, кешендiлiгiне және экологиялық қауiпсiздiгiне, оларды iске асыру мерзiмдерiне;
      - ең алдымен мемлекеттiк мүмкiндiкпен үйлестiру арқылы орталықтандырылған ресурстар мен орындаушы ұйымдарға түрлi жеңiлдiктер беру есебiнен бағдарламаны iске асыру үшiн бюджеттен тыс қаражатты тартудың орындылығына;
      - мемлекетаралық бағдарламаны iске асыру тетiгiнiң тиiмдiлiгiне;
      - бағдарламаның тұтас алғанда әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiгiне, күтiлетiн түпкi нәтижелер мен олардың ТМД қатысушы-мемлекеттерi экономикасының құрылымдық қайта құрылу процестерiне ықпалы.
      11. Мемлекетаралық бағдарламаны Тәуелсiз мемлекеттер Достастығы Үкiмет басшыларының кеңесi бекiтедi.
      Комитет қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң қарауына мемлекетаралық бағдарлама мен үкiметаралық келiсiмнiң жобаларын жолдайды. Мемлекетаралық бағдарламаны iске асыруға қатысу шарттары және оны қаржыландыру тәртiбi Тараптар арасында олардың қатысу еркiндiгi мен өзара тиiмдiлiк негiзiнде жасалған, оған қол қойылғаннан кейiн, ол қаржыландыру мен iске асырылуға қабылданатын жеке үкiметаралық келiсiммен ресiмделедi.

V. Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру

      12. Мемлекетаралық бағдарламалар мен тұжырымдамаларды жасау бойынша жұмыстарды қаржыландыру Тараптардың келiсiмi бойынша олардың қаржылық мүмкiндiктерi мен мүдделiлiктерiн есепке ала отырып жүзеге асырылады.


      13. Мемлекетаралық бағдарламаны қаржыландыру қатысушы-мемлекеттердiң мемлекетаралық бағдарлама туралы үкiметаралық келiсiмiне сәйкес қатысушылардың мемлекеттiк бюджет қаражатты есебiнен осы мақсаттарға көзделген қаражаты шегiнде немесе мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың, өзге де салалық органдардың қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерiнен және/немесе жобаға қатысушылар тартқан көздерден, сондай-ақ, құрамдастырылған қаржыландыру, соның iшiнде шетел инвестициясын тарту арқылы да жүзеге асырылады. Мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыруға шетел капиталын тарту қатысушы мемлекеттердiң шетел инвестициялары туралы ұлттық заңнамасына сәйкес орындалады.
      14. Мемлекетаралық бағдарламаларды қаржыландыру тетiгiн Тараптар олардың қаржылық мүмкiндiктерi мен мүдделiлiктерiн ескере отырып жүзеге асырады.
      Тараптар мемлекетаралық бағдарламаның құрамына кiретiн бағдарламадағы өз бөлiгiн ресурстардың қаржы және басқа да түрлерiмен қамтамасыз етедi.

VI. Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды
iске асыруды басқару

      15. Мемлекетаралық бағдарламаны iске асыруды басқару қатысушы мемлекеттердiң осы бағдарлама туралы үкiметаралық келiсiмiне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекетаралық бағдарламаны уақытында iске асыру бағдарлама бойынша жұмыстарды орындаушыларды басқару, бағдарламаны iске асыруға бөлiнетiн қаражатты тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету жауапкершiлiгi бағдарламаны үйлестiрушiге жүктеледi. Мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыру тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында әрбiр Тарап мемлекеттiк тапсырыс берушi ретiнде осы бағдарламалардың қатысушыларын белгiлейдi.


      Мемлекетаралық бағдарламаның үйлестiрушiсi ретiнде мемлекетаралық (үкiметаралық) ұйымдар болуы мүмкiн.
      Егер мемлекетаралық бағдарлама, iске асырылуын тиiстi Тараптар қаржыландыратын жекелеген жобалардан тұратын болса, осындай жобалардың үйлестiрушiсi ролiн осы жобалардың ұлттық мемлекеттiк тапсырыс берушiлерi атқарады.
      Қажет болған жағдайда мемлекетаралық бағдарламаны үйлестiрушiнiң өкiлеттiктерi Тараптаp арасында жасалатын жеке үкiметаралық келiсiмге сәйкес бағдарлама бойынша жұмыстарды орындаушы - кәсiпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердiң бiрiнiң аумағындағы әкiмшiлiк басқару органдарына берiлуi мүмкiн.
      16. Мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыру конкурстық негiзде анықталатын жұмыстарды орындаушы-ұйымдармен үйлестiрушi жасасатын келiсiм-шарт (шарт) негiзiнде жүзеге асырылады.
      17. Бiрлескен жұмыстардың нәтижелерiн, соның iшiнде тауарларды/қызмет көрсетулердi сатудан түсетiн табыстарды нақты мемлекетаралық бағдарламаның қатысушы тараптары арасында бөлу, әдетте олар осы бағдарламаға үлестiк қатысуына сәйкес жүзеге асырылады және үкiметаралық келiсiмде анықталады.
      18. Мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыру қорытындыларын, қажет болған жағдайда тәуелсiз сараптаманы пайдалана отырып, бағдарлама туралы үкiметаралық келiсiмнiң шарттарына сәйкес Тараптар қарайды.
      19. Мемлекетаралық органдар мемлекетаралық бағдарламалардың үйлестiрушiлерi тапсырған есеп берулердi талдау негiзiнде жұмыстарды жалғастыру және бағдарламаларды қаржыландыру немесе оларды тоқтату туралы ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Комитетке жолдайды.
      Мемлекетаралық органдардың ұсыныстары бойынша мемлекетаралық бағдарламалар жаңа бағыттармен және бағдарламаның өзiнiң бекiтiлуi тәртiбiне ұқсас жобалармен толықтырылуы мүмкiн.
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Электрондық АҚпараттық ресурстар мен
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет