Ақпараттандыру туралы



бет2/4
Дата03.05.2016
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4

              саласындағы құзыретi

      Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретiне: 

      1) мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстармен өзара iс-қимыл жасайтын мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру және пайдалану тәртiбiн, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша айқындау; 

      2) ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлеу және уәкiлеттi органмен келiсу;

      3) орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерi мен жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерi арасындағы ақпараттық өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп айқындау;

      4) "электрондық үкiметтi" қалыптастыру, мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi, мемлекеттiк органдардың ақпараттық-коммуникациялық желiлерiн дамыту, олардың ақпараттық-коммуникациялық желiлерiн дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiндегi үйлесiмдiлiгi мен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету; 

      5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк ақпараттық жүйелерге қол жеткiзуiн ұйымдастыру; 

      6) мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң есепке алынуы мен тiркелуiн, сондай-ақ депозитке берiлуiн қамтамасыз ету;


      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,


              астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
              ақпараттандыру саласындағы құзыретi

      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы құзыретiне: 

      1) жергiлiктi атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарымен өзара iс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелердi құру және пайдалану тәртiбiн, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша айқындау; 

      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте iске асырылатын ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлеу және уәкiлеттi органмен келiсу;

      3) "электрондық әкiмдiктi" қалыптастыру және жергiлiктi атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн, ақпараттық-коммуникациялық желiлерiн дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiндегi үйлесiмдiлiгi мен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету; 

      4) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк ақпараттық жүйелерге қол жеткiзуiн, оның iшiнде осы қол жеткiзудi ұйымдастыру үшiн адамдар тұрмайтын үй-жайлар бөлу арқылы ұйымдастыру; 

      5) мемлекеттiк электрондық ақпараттық жүйелердiң есепке алынуы мен тiркелуiн, сондай-ақ депозитке берiлуiн қамтамасыз ету жатады. 

      2. Төмен тұрған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жергiлiктi атқарушы органдары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте электрондық қызметтер көрсетудi ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.


      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      9-бап. Ақпараттандыру саласындағы оператордың құзыретi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi -2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      Ақпараттандыру саласындағы оператор:

      1) ақпараттандыру саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдардың инвестициялық жобаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысады, сондай-ақ оларды дамытуға қатысуға құқылы;

      2) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң өзара iс-қимылын, олардың әлемдiк ақпараттық жүйелерге интеграциялануын қамтамасыз етедi; 

      3) Қазақстан Республикасының "электрондық үкiметi" инфрақұрылымының жобалық интеграторы қызметiн жүзеге асырады; 

      4) бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелiк-техникалық қызмет көрсетудi, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелер енгiзудi және (немесе) және оларды сүйемелдеудi жүзеге асырады, сондай-ақ осы мақсаттар үшiн персоналды оқытуға құқылы; 

      5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк ақпараттық жүйелерге қол жеткiзуiне техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз етедi; 

      6) алып тасталды - ҚР 2009.07.10. N 178-IV Заңымен

      7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң интернет-ресурсы мен Қазақстан Республикасы "электрондық үкiметiнiң" веб-порталын құру мен техникалық жағынан сүйемелдеудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары интернет-ресурстарының мониторингiн қамтамасыз етедi; 

      8) алып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

      9) "электрондық үкiметтi" қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетедi; 

      10) алып тасталды - ҚР 2009.07.10. N 178-IV Заңымен;  

      11) Қазақстан Республикасының "электрондық үкiметiн" қалыптастыру кезiнде жобаларды басқару және техникалық жағынан сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 178-IV Заңымен, 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк монополия

      1. Мемлекеттiк техникалық қызмет мемлекеттiк монополияға жататын қызметтiң мынадай түрлерiн:
      1) ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттық зерттеудi;
      2) мемлекеттiк органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерiн, ақпараттық-коммуникациялық желiлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттiк емес жүйелердi қорғауды қамтамасыз етудiң мониторингiн;
      3) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық өнiмдерiн, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткiзудi және олардың нормативтiк-техникалық құжаттамасына сараптама жүргiзудi;
      4) мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне сараптама жүргiзудi;
      5) Интернет желiсiне қол жеткiзудiң бiрыңғай шлюзiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының электрондық почтасының бiрыңғай шлюзiн техникалық сүйемелдеудi;
      6) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелер депозитарийiнiң, бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудi;
      7) ақпараттық-коммуникациялық желiлер мониторингi жүйесiн ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеудi;
      8) жоғарғы деңгейдегi қазақстандық домендiк атауға қызмет көрсететiн домендiк атаулар серверлерiнiң үзiлiссiз орнықты жұмыс iстеу мониторингiн;
      9) өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларының ақпараттық-коммуникациялық желiлерiн адрестеу және нөмiрлеу жоспарларын сүйемелдеудi жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
       Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10 N 178-IV Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9-2-бап. Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк


                ортасы операторының өкiлеттiктерi

      Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторы:


      1) мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң ақпараттық-коммуникациялық желiлерiн интеграциялауды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;
      3) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасына әкiмшiлiк етудi және сервистiк қолдауды, аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелiк-техникалық қызмет көрсетудi және мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық iс-шараларды жүзеге асырады;
      4) ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, мемлекеттiк органдарды және олардың аумақтық бөлiмшелерiн мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасына және әлемдiк ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады;
      5) ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасына қосылған жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, мемлекеттiк органдарға және олардың аумақтық бөлiмшелерiне байланыс қызметтерiн көрсетедi;
      6) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының байланыс арналарының қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 2-тарау 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9-3-бап. «Электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi операторының


               өкiлеттiктерi

      «Электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторы:


      1) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      2) мемлекеттiк органдармен төлемақы талап ететiн электрондық қызметтер көрсетудiң тiзбесiн кеңейту мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
      3) екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдардың клиенттерiне «электрондық үкiметтiң» транзакциялық сервистерiн ұсыну мәселелерi бойынша екiншi деңгейдегi банктермен, ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
      4) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi шеңберiнде жүргiзiлетiн операцияларға кепiлдiк берiлуiн қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      5) аударым операцияларын лицензиясыз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi операторының Қазақстан Республикасының ақша төлемi мен аударымы туралы заңнамасын орындауын бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 2-тарау 9-3-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР, ОЛАРДЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТIБI

      10-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлерi

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар меншiк құқығына қарай: 

      1) мемлекеттiк; 

      2) мемлекеттiк емес болып бөлiнедi. 

      2. Электрондық ақпараттық ресурстар қолжетiмдiлiк санатына қарай: 

      1) жалпыға ортақ қолжетiмдi

      2) қолжетiмдiлiгi шектелген болып бөлiнедi. 

      3. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдер арқылы алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк болып табылады.
      Мемлекеттiң экономикасы мен қауiпсiздiгi үшiн стратегиялық маңызы бар мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.

      4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдер арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк емес болып табылады. 

      5. Меншiк иесi немесе иемденушiсi пайдалану шарттарын көрсетпей беретiн немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ өзiне қол жеткiзу еркiн болып табылатын және оларды беру және тарату тәсiлiнiң нысанына байланысты болмайтын мәлiметтер жалпыға ортақ қолжетiмдi болып табылады.

      6. Оларға қолжетiмдiлiктi Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншiк иесi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда иеленушiсi шектейтiн мәлiметтердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.


      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      11-бап. Мүлiк құрамының элементi және меншiк құқығының


               объектiсi ретiндегi электрондық ақпараттық
               ресурстар

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар мүлiк құрамының элементi ретiнде мемлекеттiк және жеке меншiкте болуы мүмкiн. 

      2. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығы мен өзге де құқықтардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негiздерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi. 

      3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады, оның iшiнде:

      1) электрондық ақпараттық ресурстарды шаруашылық жүргiзуге немесе оралымды басқаруға беруге; 

      2) өз құзыретi шегiнде электрондық ақпараттық ресурстарға өңдеу, қорғау және қол жеткiзу режимi мен ережелерiн белгiлеуге; 

      3) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшiру және тарату кезiнде оларға билiк ету шарттарын айқындауға құқылы. 

      4. Заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олардың мүлкiнiң құрамына енгiзiледi. 

      5. Мемлекеттiк органдардың құзыретiне сәйкес олардың қарауындағы мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк мүлiк құрамында есепке алынуға және қорғалуға тиiс. 

      6. Субъектiлер мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн мiндеттi тәртiппен өздерi ұсынған электрондық ақпараттық ресурстарға өз құқықтарын жоғалтпайды. 

      7. Мемлекеттiк құпияларға жатқызылған мәлiметтердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тәртiппен билiк етуге құқылы. 

      8. Электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларға жатқызылған жағдайда, мемлекет оларды жеке және заңды тұлғалардан сатып алуға мiндеттi. Меншiк құқығы тоқтатылған кезде электрондық ақпараттық ресурстар олардың нарықтық бағасы негiзге алына отырып бағаланады. 

      9. Ақпараттық жүйелерге және өзге де электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу құралдарына меншiк құқығы басқа меншiк иелерiне тиесiлi электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығын туындатпайды. 

      10. Ақпараттық жүйелер құрамына енгiзiлген электрондық ақпараттық ресурстарға құқықтар электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi арасындағы келiсiммен айқындалады. 

      11. Қызмет көрсетулердi ұсыну тәртiбiмен немесе ақпараттық жүйелер мен өзге де өңдеу құралдарын бiрлесiп пайдалану кезiнде өңделетiн электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстардың иеленушiсiне тиесiлi болады. Бұл ретте жасалып, шығарылған өнiмнiң тиесiлiгi және оны пайдалану шартпен реттеледi.

      12-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру


               және пайдалану

      1. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi және (немесе) иесi оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып, еркiн пайдалануға және таратуға құқылы. 

      2. Ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық алмасу нысанасы болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану мен тарату осы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi және (немесе) иеленушiсi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 

      3. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн қалыптастырылады. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi қалыптастыру үшiн сатып алынатын немесе жасалатын бағдарламалық өнiмдердiң қазақ тiлiнде интерфейсi болуға тиiс.

      4. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалануды мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 

      5. Қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану, оларға қол жеткiзу мен қорғау ережелерiн олардың меншiк иесi және (немесе) иеленушiсi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындайды және қамтамасыз етедi. 

      6. Осы Заңның 14-бабында көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарды беруi мiндеттi болып табылады. 

      7. Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөнiндегi қызметi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.


      Ескерту. 12-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      13-бап. Дербес деректердi қамтитын электрондық ақпараттық


              ресурстар

      Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Дербес деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуi жинау мақсаттарымен шектеледi.

      2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн жеке тұлғалардан олардың жеке және отбасының құпиясын қамтитын жеке өмiрi, оған қоса олардың шығу тегi, денсаулығы, көзқарастары, саяси және дiни нанымдары туралы мәлiметтер берудi қоса алғанда, жеке тұлғалардың хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпияларын талап етуге немесе мұндай мәлiметтердi олардың еркiнен тыс өзгеше түрде алуға ешкiмнiң құқығы жоқ. 

      3. Дербес деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар үшiн сол деректер өзiне тиесiлi жеке тұлға оларды берген кезден бастап құпиялылықтың сақталуы мiндеттi. 

      4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды iске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берiлмейдi.


      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      14-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу

      1. Қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға ортақ қолжетiмдi болып табылады. 

      2. Қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпияларға жатқызылған және құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар болып бөлiнедi. 

      3. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттiк құпияларға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      4. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды құпиялыққа жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 

      5. Мыналарды: 

      1) мемлекеттiк құпиялардан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердi

      2) төтенше жағдайлар, табиғи және техногендiк апаттар, азаматтардың, елдi мекендер мен өндiрiстiк объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ауа райы, санитарлық-эпидемиологиялық, өзге де жағдайлар туралы мәлiметтердi; 

      3) мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ресми мәлiметтердi; 

      4) мемлекеттiк органдардың, кiтапханалардың, мұрағаттар мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерiнде жинақталған мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi шектеуге болмайды.

4-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ

      15-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi

      1. Ақпараттық жүйелер меншiк құқығына қарай: 

      1) мемлекеттiк; 

      2) мемлекеттiк емес болып бөлiнедi. 

      2. Ақпараттық жүйелер қолжетiмдiлiк санатына қарай: 

      1) жалпыға ортақ қолжетiмдi; 

      2) қолжетiмдiлiгi шектелген болып бөлiнедi. 

      3. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдер арқылы алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк болып табылады.
      Мемлекеттiң экономикасы мен қауiпсiздiгi үшiн стратегиялық маңызы бар мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын ақпараттық жүйелер ұлттық болып табылады. 

      4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдер арқылы алынған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк емес болып табылады. 

      5. Олардың меншiк иесi немесе иеленушiсi оларды пайдалану шарттарын көрсетпей беретiн немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ өзiне қол жеткiзу еркiн болып табылатын және оларды беру және тарату тәсiлiнiң нысанына байланысты болмайтын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға ортақ қолжетiмдi болып табылады. 

      6. Оларға қолжетiмдiлiктi Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншiк иесi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда иеленушiсi шектейтiн электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетiмдiлiгi шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.

      16-бап. Меншiк құқығының объектiсi ретiндегi ақпараттық
               жүйелер

      1. Ақпараттық жүйенiң меншiк иесiнiң ақпараттық жүйеге тұтас мүлiк кешенi ретiнде иелену, пайдалану және билiк ету құқығы болады. 

      2. Техникалық құралдардың, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi әртүрлi тұлғалар болған жағдайда, ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбi осы тұлғалар арасында келiсiммен айқындалады. 

      3. Егер электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi өзгеше белгiлемесе, ақпараттық жүйенiң меншiк иесi электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға және таратуға тыйым салуға немесе оған шек қоюға құқылы.

      17-бап. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру, қол


Каталог: sites -> default -> files -> Node 10380
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 10380 -> Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет