АҚпараттық хабарлама «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы»



жүктеу 39.22 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі39.22 Kb.
: banner
banner -> По состоянию на «29» сентября 2011 года
banner -> По состоянию на «25» декабря 2011 года
banner -> Сведения о претенденте
banner -> Сказъ о томъ, какъ вредно спать на урокахъ. В двухъ частяхъ. С прологомъ и эпилогомъ. Действующие лица
banner -> О выявленных фактах недостоверности сведений, представленных
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың 3 қараша күні (Астана уақытымен) сағат 11.00 www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында облыстық коммуналдық меншік объектісі Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде сату бойынша коммерциялық тендер өткізеді.

Коммерциялық тендер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып) (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Коммерциялық тендерге БҚО, Орал қ., М.Ықсанов көшесі 44/1 мекен-жайында орналасқан мүліктік кешен ретінде, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (әрі қарай – Жекешелендіру объектісі) қойылады.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы: 27 603 758 (жиырма жеті миллион алты жүз үш мың жеті жүз елу сегіз) теңге. Кепілді жарнасы – 5 111 807 теңге.

Жекешелендіру объектісі бойынша коммерциялық тендер шарттары:

1) Сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 10 жыл бойы Батыс Қазақстан облысы аумағында Жекешелендіру объектісінің қызметінің бейінін сақтау;

2) Сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 7 жыл бойы:

- Жекешелендіру объектісінің құрылымын сақтау (ұйымдастырушылық әдістемелік, кеңес беру-сауықтыру, «Жалын» жастар денсаулық орталығы);

- Жекешелендіру объектісінің қазіргі жұмыс күшінің 80% кем емес бөлігін сақтау;

3) Жекешелендіру объектісінің құқықтық мирасқоры ретінде 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін мердігерлермен жасалынған шарттар бойынша құқықтар мен міндеттемелерді қабылдау;

4) Тендерге әлеуетті қатысушылар: жеке тұлғалардың - жоғары медициналық білімі; заңды тұлғалардың – медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы болуы қажет.

Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Коммерциялық тендерде қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған коммерциялық тендерге қатысуға өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеу және кепілді жарна төлеуі қажет.

Коммерциялық тендерде қатысушылар мынадай құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса берумен өтінімді тіркейді:

1) мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірмелерді;

2) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен бағалық ұсынысты;

3) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариатта расталған көшірмелерін ұсынады.

Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді:

Кепілді жарнаны алушы– «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;

Банк - «Казкоммерцбанк»;

ЖСК KZ529261501102032004;

БСК KZKOKZKX;

БСН 050540004455;

КБе 16,

КНП 171;


төлемнің белгіленуі – коммерциялық тендерге қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді).

Коммерциялық тендерге қатысуға арналған өтінімдерді ашу, осы хабарламада көрсетілген, сауда-саттық күні мен уақыты болған кезде, автоматты түрде тізілімнің веб-порталында жүргізіледі. 

Ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн бiршама жоғары мәнге ие болған және тендердiң шарттарын қанағаттандырған қатысушы тендердiң жеңiмпазы деп жарияланады.

Аукционның немесе коммерциялық тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.



Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Сауда-саттық ұйымдастырушының мекенжайы және телефоны: БҚО, Орал қ., Ж. Досмұхамедов көшесі, 45, 301 кабинет, 8(7112)-50-50-65, 8(7112)-50-65-78.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет