АҚпараттық хат олимпиялық спорт және спорт



жүктеу 68.19 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі68.19 Kb.


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИЯЛЫҚ КОМИТЕТ

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ

УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

ҚАЗАҚТЫҢ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«ОЛИМПИЯЛЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ СПОРТ

БҰҚАРА ҮШІН»

XVIII Халықаралық ғылыми конгресс

1-4 қазан 2014 жыл,

АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН


XX


ХXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға-2017



Қазақтың спорт және туризм академиясының

70 жылдығына

Арналады


Құрметті әріптестер!
Қазақ спорт және туризм академиясы атынан Сіздерді 2014 жылғы 1-4 қазанда Алматы қаласында өтетін «Олимпиялық спорт және спорт бұқара үшін» ХVIII Халықаралық ғылыми конгресіне шақыруды мәртебе санаймын.

Барлық елдердің ғалымдарына Конгресс өткізудің кезекті құқығын Қазақстанға беру шешімдері үшін шын жүректен алғыс айта отырып, бұны біздің республиканың әлемдік спорттық қозғалыс пен спорттық ғылымды дамытудағы үлесін танығандық ретінде бағалаймыз.

Бұл ерекше маңызды оқиға Қазақ спорт және туризм академиясы үшін айтулы уақытта – құрылғанына 70 жыл толуы күндері өтетіні керемет нышан.

Конгресс ұйымдастырушылары, академия ұжымы Конгрестің әлемдік спорттық ғылымды дамытуға қомақты үлес қосуына және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етуіне бар қажеттілікті жасайды.

Алматыда кездескенше ерекше тілектер және зор үмітпен.

Қазақтың спорт және туризм

академиясы президенті,

профессор Қ. Закирьянов

Конгрестің ғылыми бағыты
Секция тақырыптары

1. Заманауи олимпиялық спорт. Олимпиялық білім беру (тәжірибе, мәселелер, болашақ).

2. Дене тәрбиесі мен спорттың гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық мәселелері. Менеджмент, маркетинг.

3. Балалар мен жасөспірімдер спорты.

4. Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық-психологиялық мәселелері.

5. Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығудың медициналық-биологиялық аспектісі.
Дөңгелек үстелдер

1. Дене тәрбиесін оқытуды инновациялық дамытудың мәселелері мен технологиялары.

2. Тынығу және бұқаралық спорт. Халықтың түрлі топтарының дене қимыл белсенділігін ұйымдастырудың заманауи формалары.

3. Спорттық медицина және физикалық оңалту.

4. Паралимпиялық спорт. Бейімдеме дене тәрбиесі.

5. Халықты дене қимылдық тәрбиелеу жүйесіндегі ұлттық спорт түрлері.
Конгрестің ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.


Конгресс өткізу формасы


  • Баяндамалар:

- пленарлық отырыстарда – 30 мин;

- жетекші баяндамалар – 20 мин;

- секцияларда – 10 мин;

- стендтік баяндамалар – 5 мин. Баяндама ені - 0,841 м, биіктігі - 1,189 м, ISO216 бетте ұсынылуы тиіс. Стендтік баяндама авторлары белгіленген уақытқа сәйкес сауалдарға жауап беру үшін қатысуы қажет.



  • Дөңгелек үстел отырысы

Баяндамалар ілеспе аудармамен қамтылады.


Байқау

Конгресс аясында «Үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» аталымында байқау өткізіледі. Үздік ҒЗЖ иегерлері 1000 $, көлемінде ақшалай сыйақы, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.




Қатысуға өтінім

Баяндама авторлары www.isc-almaty.kz Конгресс сайтының «Тіркеу» бөліміндегі тіркеу үлгісін толтырулары қажет.

Сіз 3 күн ішінде Өз өтініміңіздің қабылданғаны жайлы хабарлама аласыз.

Конгреске қатысуға арналған тіркеу формасы
Тегі _______________ Аты____________ Әкесінің аты _________________

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы ________________________________

Ұйым ____________________________________________________

Мекенжай _________________________________________________________

Ел ___________________ қала ______________ индекс ____________

Тел. _______________ факс _______________ e-mail ___________________

Тіл: ڤ қазақ ڤ ағылшын ڤ орыс

Баяндама: ڤ ауызша ڤ стендтік. Дөңгелек үстел ڤ

Ғылыми бағыт:

- секциялық отырыстың __________

- дөңгелек үстелдің _______________
Тіркеу жарнасының көлемі:

- қатысушы – 80 EURO

- докторанттар, аспиранттар, магистранттар – 40 EURO

Қазақстандық делегациялардың қатысуы үшін төлем – 5000 теңге.

Конференцияға қатысу шығынының бәрін іссапарға жіберуші ұйым өтейді.

Тіркеу жарнасын төлеу

Тіркеу жарнасын қолма-қол ақшасыз ақша аудару бойынша немесе Конгреске келгеннен кейін тіркелу кезінде төлеуге болады. Қолма-қол ақшасыз ақша аудару кезінде төлем аталымы (XVIII Халықаралық ғылыми конгресс), қатысушы Т.А.Ә. көрсетілуі және төлем туралы растау (e-mail: register@isc-Almaty.kz) электрондық пошта бойынша жіберілуі қажет.



Ұйымжарнасына ақша аудару үшін деректемелер:

AO KAZ AKAD SPORTA I TURIZMA (KAZAST)

ABAYA STREET 83/85 ALMATY KASAKHSTAN

Account: KZ578560000004009529 (EURO); KZ078560000000011507 (тг.)

RNN 600700016358

BIN 010840001890 SWIFT KCJBKZKX КБе 16

JSC BANKCENTERCREDIT, ALMATY KZ

Branch: SWIFT KCJBKZ1ALM



МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР


  • Конгресс өткізу уақыты - 1-4 қазан, 2014 жыл.

  • Алдын-ала өтінім беру мерзімі – 2014 жылғы 15 наурызға дейін.

  • Конгресс материалдарын беру мерзімі – 2014 жылғы 15 сәуірге дейін.


Ұйымдастыру комитеті:

Мекенжай: Қазақтың спорт және туризм академиясы

Абая даңғылы, 83/85

Алматы қ., Қазақстан

050022



Конгресс сайты: www.isc-almaty.kz

Жалпы ақпарат: Макогонов Александр Николаевич,

Кұлахметова Гүлбарам Амантайқызы

тел: (727)292-13-96

(727)239-06-51

факс: (727)292-68-05

e-mail: info@isc-Almaty.kz
Ғылыми ақпарат: Жұманова Әлия Сұлтанғалиқызы

тел: (727)292-30-07

факс: (727)292-68-05

e-mail: congress@isc-Almaty.kz




Мақалаларды рәсімдеу талаптары


  1. Материалдар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде беріледі.

  2. Мақала көлемі – әдебиет тізімі, кесте және суреттермен қоса, А4 пішімінің толық 4 беті.

  3. Мәтіндік редактор: Microsoft Word 2003/2007/XP.

  4. Жиекжолақ: жоғарғы, төменгі, оң - 2,0 см, сол - 4,0 см.

  5. Қаріп түрі: Times New Roman, мөлшер – 12 pt.

  6. Жоларасы аралығы – жадағай, бет ені бойынша теңестіру. Азатжолдар 1,0 см шегініспен басталады.

  7. Мақаланың құрылымдық элементтері мынадай ретпен орналасады:

- конгресс бағыты;

- Мақала атауы – бас әріптермен, сол жақ бойынша теңестірілген жартылайқою қаріптермен;

- автордың тегі мен аты-жөні, ғылыми дәрежесі – сол жақ бойынша теңестірілген бас әріптермен;

- ұйымның, қаланың, елдің атауы – сол жақ бойынша теңестірілген кіші көлбеу әріптермен;

- мақала, ұйымның атауы және негізгі мәтін бос жолмен бөлінеді.


  1. Мәтінде орналасқан суреттер қара-ақ болып, жеке файл ретінде берілуі қажет.

  2. Мәтінде мына бөлімдер бөлінуі қажет: кіріспе, әдістер, зерттеу нәтижелері, талқылаулар мен қорытындылар.

10. Әдебиет тізімі – әліпбилік. Егер жұмыста автор тегіне сілтеме жасалса, онда ол автор әдебиет тізімінде жазылуы керек. Сілтемелерді мәтіндерде тік жақшалармен көрсету керек.

11. Конференция ұйымкомитеті жарияланым үшін материалдарды таңдау құқығына ие болады. Мақала қарастырылғаннан кейін авторға жарияланым мүмкіндігі туралы электрондық пошта арқылы хабарланады.



12. Әрбір мақала жеке файл ретінде рәсімделеді.
Конгрестің әрбір тіркелген қатысушысы 2-ден аспайтын мақала ұсына алады doklad@isc-Almaty.kz электрондық пошта (e-mail) бойынша жіберуі қажет.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет