АҚПараттық хат құрметті әріптестер!



Дата02.04.2016
өлшемі20 Kb.
: images -> november2014
images -> Бюллетень «Новые книги» Вып. 3 Павлодар 2013 Құрастырушылардан
images -> Реферата: «Творчество Алвара Аалто»
images -> Программа с заездом суббота-суббота: 1 суббота // милан
images -> Jewish. Msk. Ru согласно еврейскому обычаю родители (папа и мама) произносят следующие благословения на рождение детей
images -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
november2014 -> Қазақстан республикасының білім жӘне ғылым министрлігі С. Торайғ
november2014 -> «білім сапасы: экономика, заңнама, технологиялар» атты халықаралық сырттай ғылыми-тәжірибелік конференция
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы «Өңір тарихы: Тәуелсіз Қазақстандағы зерттеудің негізгі бағыттары және тәжірибе» атты тақырыпта «VIII Қасымбаев оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Өткізілу уақыты: 2014 жылдың 9 желтоқсаны, сағат 10-00-де.

Өткізілу орны: Алматы қ., Жамбыл көшесі, 25. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 701 - дәрісхана

Конференция шеңберінде төмендегідей тақырыптар бойынша мәселелерді талқылау ұсынылады:

Секция 1. Өңір тарихы: негізгі ғылыми теориясы мен жергілікті зерттеу тәжірибесі

Секция 2. Тәуелсіздік идеясы: Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар мен адамдар тағдыры

Секция 3. Өлкетану: Тәуелсіз Қазақстандағы бастауыш, орта және арнайы орта білім жүйесіндегі оқу-әдістемелік тәжірибе және тәрбие жұмысы

Конференцияға қатысу үшін өтінішті 2014 жылдың 20 қарашасына дейін мына мекен-жайға беру керек: Алматы қ., Достық даңғылы, 13. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы, № 105 бөлме.



Конференцияға қатысу үшін өтініш беру үлгісі:

Аты-жөні;

Ғылыми дәрежесі және атағы, қызметі;

Елі, аймағы, қаласы;

Ұйым атауы, ЖОО;

Секция атауы;

Баяндама, хабарлама тақырыбы;

Қатысушының байланыс телефондары мен электронды поштасы.

Ұйымдастыру комитетінің телефондары: 8 ( 727) 293-93-67. Электронды пошта : otech.history@mail.ru

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ,орыс.

Мәтінді рәсімдеу тәртібі:

Мақаланы,баяндаманы жариялау үшін 2014 жылдың 20 қарашасына дейін конференцияның ұйымдастыру комитетіне төмендегідей талаптарды сақтай отырып мәтінді жіберу керек: «Times New Roman» немесе «Times New Roman KZ»,14 кегль, біраралық интервалмен беттің параметрлері: алаң-жоғары және төменгі- 2 см, сол жағы- 3 см және оң жағы – 1см. Автордың аты-жөні, баяндама тақырыбы жартылай қою шрифтпен (жоғары оң бұрышында) жақшаның ішінде қатысушының қаласы мен елі, ғылыми дәрежесі мен атағы, қызметі мен жұмыс орны көрсетіле отырып беріледі. Мәтін ғылыми, стилистикалық және техникалық редакцияланған болуы тиіс.



Мақала көлемі - 5 бетке дейін: соңғы беттегі мәтіннің толық болғаны дұрыс. Баяндама мәтінінің қағаздағы және электронды нұсқасымен бірге, авторының (авторларының) аты-жөні мен файлы көрсетіле отырылып жіберіледі.

Конференция материалдары жеке жинақ болып басылады. Мақала жариялау Абай атындағы ҚазҰПУ есебінен (тегін). Іс-сапар шығыны қатысушының өз есебінен. Ұйымдастыру комитеті мерзімінен кеш келген, тақырыпқа сәйкес емес, талапқа сай келмейтін және ғылыми деңгейі төмен баяндамалардың өтінішін қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет