Арқа ажары. 2010. №114. 23 қыркүйек



жүктеу 14.42 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі14.42 Kb.
Арқа ажары. – 2010. - № 114. – 23 қыркүйек

Сансызбай Т.



Тағзым мен тағылым
Осындай тақырыппен Астана қаласындағы Бөгенбай батыр ескерткішінің жанында жанында Қазақстан халқы тілдерінің XII қалалық фестивалі аясында мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымдары бірлесіп өткізген бұл шара зиялы қауым өкілдері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары мен былайғы жұртшылық көптеп қатысты.

Бөгенбай сынды хас батырдың ерлік істері барша қазақ халқына аян. Қазақтың қамал қорғаны атанған Қанжығалы қарт Бөгенбайдың батырлығы мен қолбасшылық дарынының арқасында қазақ қолы кешегі «Ақтабан шұбырынды мен Алқакөл сұламада» ірі жеңістерге жетіп, ел мерейін үстем етті. Қаймана қазақ осындай тұлғалы батырлардың арқасында жаугершілік кезінде талай қиын-қысталаңнан аман-есен шығып отырды. Сондықтан дәл осы тұғырлы ескерткіштің жанында тіл мерекесіне қатысты өткізілген іс-шара жас ұрпақтың санасында патриоттық сезімді оятары хақ.

Мәдени шара батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Алғашқы болып сөз алған Бөгенбай батырдың тікелей ұрпағы Қайролла Қайырұлы бабасының ерлік істеріне қысқаша тоқтала келіп, жас ұрпақты елдік пен ерлік секілді егіз ұғымды әркез ту етіп ұстап, туған тілге құрметпен қарауға шақырды.

Мұнан соң өз кезегінде сөз алған республикалық ардагерлер қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Бекболат Мұқышев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, профессор Айтбай Бұлашев, Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразгүл Асанғазы осынау мәдени іс-шараның мән-маңызына кеңінен тоқталды. Мәдени шара барысында қара сөздің қадірін түсінген жас ақындар өз өлеңдерін жиналғандар талқысына ұсынды.



Алдағы уақытта қаладағы Бауыржан Момышұлы, Жамбыл, Жәнібек пен Керей, Кенесары ескерткіштерінің жанында да Тіл мерекесіне қатысты бірқатар шаралар өткізілмек.




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет