Араб тілінің лексикасын меңгертуде проблемалық ОҚыту технологиясын қолдану



Дата03.05.2016
өлшемі93.73 Kb.
АРАБ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫН МЕҢГЕРТУДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Камишева Гүлнұр Аббасқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
Шетел тілін оқыту, ең алдымен, сол тілдің сөздерін, яғни лексикасын дұрыс түсіне, қолдана білуді үйрету. Бұл турасында біз белгілі әдіскер-ғалымдар В.В.Морковкин мен Е.М.Кочневаның «Тілде барлығы сөзден басталып, сөзбен бітеді. Тілдің сөздік қорын меңгеру шет тілін үйренудегі басты проблема» деген сөзімен толық келісеміз [1, 84 бет].

Шетел тілінің лексикасын меңгеру дегеніміз лексикалық бірліктерді қабылдаудағы бірізділік, олардың мағыналарымен танысу, сол мағыналарды санаға сіңіріп, есте сақтау және оларды сөйлеу барысында қолдану . Шет тілдерін оқытуға тілдік формаларды (лексика, грамматика, фонетика) және сөйлеу әрекетін (тыңдалым, сөйлеу, оқылым, жазылым) үйрету жатады.



Лексика (грекше lexikos- сөзге қатысты) дегеніміз- тілдің сөздік қоры. Сөз - сөйлеудің ең кішкентай бірлігі. Оның сыртқы формасы мен ішкі мазмұны болады. Ішкі мазмұны оның лексикалық мағынасы. Сөздің мағынасы (семантикасы) оның белгілі бір түсінікпен сәйкестігі.

Лексикамен жұмыс жасау барысында педагогтар оны негізгі үш кезеңге бөледі. Олар: а) жаңа лексикамен танысу; б) жаттығу жұмыстары арқылы оны бекіту; в) тіл үйренушілердің сол сөздерді өз ойларын жеткізуде қолдануы. Шет тілдік лексиканы меңгеру лексикалық бірліктерді қабылдау, олардың мазмұндық жағымен танысу, түсіну мен есте сақтау және оны ауызекі сөйлеу барысында еркін қолдану деген сөз. Осы ойымызды белгілі ғалым И.В.Рахманов лексикамен жұмыс жасау жүйесін мынадай үш кезеңге бөлу арқылы бекітеді: 1) жаңа лексиканы семантизациялау; 2) белсенді түрде бекіту; 3) үйренушілердің өз бетінше сөйлеу практикасында жаңа лексиканы пайдалануы [2, 56].

Аталған жүйе бойынша лексикамен жұмыс жасаудың бірінші кезеңі лексиканы семантизациялау, яғни сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оның синонимдік қатарын, антонимін таба отырып, мәнін ашу. Синонимдер қатарын дұрыс қолдана білу оқушыға әртүрлі лексикалық деңгейдегі сөздердің мағынасын анықтауға мүмкіндік береді. Тақырыптық және ситуациялық жағынан бірікпеген көп синонимдер тобын бірден беру лексикалық дағданы қалыптастыруда қиындық келтіреді. Лексиканы семантизациялауда антонимдерді қолдану әр түрлі сипаттағы сөздердің мағыналық реңкін терең түсінуге көмектеседі.

Көбінесе оқытушылар сөздердің контекстегі мағынасын түсіндіреді, бірақ бұл семантизацияланатын сөздің толық мағынасын ашпайды. Контекстік мағына түсіндіру тәсілі көп мағыналы сөздердің нақтылы контексте қолданылып тұрғанын ғана түсіндіру кезінде қолданылса, тиімді болып саналады.

Жоғарыда айтылғандай, лексиканы семантизациялағанда аударма тәсіліне ешқандай амал қалмағанда ғана жүгіну керек. Өйткені практика көрсеткендей, бұл тәсілді қолдану есте сақтау мен оқытуда тиімсіз. Сөздердің мағынасын студенттер өздері ойланып, аударма пайдаланбай тапқан жағдайда ғана олардың есінде жақсы сақталады. Аударма студенттердің сөз мағынасын табуда өз бетінше әрекет етуіне кедергі келтіреді.

Лексикалық бірліктердің барлық ерекшеліктері ауызша, жазбаша жаттығулар орындау барысында бекітілуі қажет. Педагогикада қайталау принципі деген бар. Оқыған, білген нәрсені үнемі қайталап, санада қайта жаңғыртып отырмаса, ол есте сақталмайды. Сондықтан, «Қайталау – білім анасы» деп бекер айтылмаған. Қайталау мен жаттығу жұмыстарын орындау принципі оқу пайда болғаннан бері онымен бірге жасап келе жатыр. Конфуций бүкіл оқыту жүйесін қайталау мен жаттығулар принципіне негіздеген. Ежелгі Шығыс пен Грекияда, Римде және тағы басқа да елдерде оқытудың негізі қайталау мен жаттығу жұмыстарын орындауда болған. Ұлы педагог Я.Коменский де осы принциптерге үлкен мән берген. Бұлар қазіргі кезде де өз өзектілігін жойған жоқ.

Проблемалық оқытудың негізін қалаушылар М.И.Махмутовтың, И.Я.Лернердің еңбектеріне және шетелдік араб оқытушыларының тәжірибелеріне сүйене отырып, лексиканы семантизациялаудың негізгі тәсілі ретінде проблемалық оқыту әдісін ұсынамыз. Бұл әдіс жаңа сөздің мағынасы оқытушы тарапынан проблемалық сұрақтар қойылып, студенттер сол мәселені өз бетінше шешуі барысында анықталаиындығымен ерекшеленеді. Егер студенттер қойылған сұраққа жауап таба алмаса, қосымша сұрақтар қойылады немесе бастапқы сұрақ өзгертіледі, сұрақтың мәні сақталып, құрамындағы сөздер алғашқыларының синонимдерімен алмастырылады. Мысалы, BUNDUQIYYATUN (ﺒﻧﺩﻗﻳﺔ) – «қару» сөзі түсіндірілгенде оқытушы бірден оның аудармасын айтпай, «аңға шыққан адам өзімен не алып шығады?» деген сұрақ қояды, немесе MUSAZZILUN (ﻤﺳﺟﻝ) – «магнитофон» сөзінің мағынасын анықтау барысында оқытушы: «Сендер үйге шаршап келдіңдер. Дем алғыларың келеді, нені қосасыңдар?» деп сұраса, студенттер: «телевизор» деп жауап беруі мүмкін. Бұл жағдайда сұрақ нақтылана түседі: «Бұл тоққа қосылады, бірақ ештеңе көрсетпейді, тыңдалынады». Қойылған сұраққа «радио» деген жауап болуы мүмкін, сонда оқытушы: «Радиода не берілсе, соны тыңдайсыңдар, ал бұл құралмен тыңдайтын нәрсені таңдауға болады » деп, дұрыс жауапқа жетелейтін сұрақтар қойылады. Мұнда студенттердің сөйлеу қабілеті мен тілдік болжам жасауы дамиды. Жасырылып отырған сөзді ойланып, ізденіп табу студенттің оқуға деген құлшынысын арттыратыны сөзсіз.

Өз жұмысында проблемалық оқыту технологиясын қолданатын оқытушы өзінің білімі мен даму деңгейін үнемі көтеріп отыруы қажет. Оқытушы жұмысқа шығармашылықпен кіріскенде ғана нақтылы нәтижеге қол жеткізеді. М.И.Махмутов мұның бәрін «өнер» деп есептейді. Ол: «Студенттен ауызша ақпарат алу өнері оқытушының оған сұрақ қоя білу шеберлігінде. Өзінің қызық сұрақтары арқылы оқытушы студенттің бойында оның алған біліміне деген қажеттілікті, үнемі ізденуді, зерттеуді, ой қорытуды қалыптастырады.Яғни сұрақ қоя білу оқушының шығармашылық қызметін арттырады», -дейді [3,49-50].

Лексиканы семантизациялауда проблемалық оқыту технологиясын қолдану шетел тілін оқытудың негізгі принциптеріне сай келеді. Шетел тілін оқыту теориясын зерттеген орыс ғалымы А.Н.Щукин оның негізгі принциптері ретінде белсенділік, проблемалылық, мотивтілік, дамыта оқытуды атайды [4].

Оқушылар оқу процесінің студентпен тең құқылы қатысушылары болған кезде, оқытудың белсенділік принципі жүзеге асады. Бұл мақсатқа жету үшін оқытушы оқушының өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыратын тапсырмалар беруі керек. А.Н.Леонтьевтің ойынша, белсенділікті арттыру үшін оқушылардың алдында үнемі проблемалық мәселелер тұруы қажет. Осы мәселелерді шешуге оған білім мен ізденіс керектігін оқушы түсінеді. Олардың алдына қойылатын мәселелердің бірте-бірте күрделенуі оқушылардың қызығушылығын арттырады [5].

Дамыта оқыту принципін ресейлік психологтар В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Е.И.Пассов, И.С.Якиманскаялар былайша сипаттайды:


  1. Оқытудың мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін білімді жаңартуға бағыттау;

  2. Сабақтың дидактикалық негізі- оқушылардың мәселені талдауы, талқылауы, жүйелеуі, қорытынды жасау;

  3. Оқушылар қызметінің оңтайлы түрі- топ болып талқылау барысында ақиқатқа қол жеткізу;

  4. Оқу субъектісін өз бетінше өзгертуге әрбір оқушыға жағдай жасау;

  5. Оқушының жеке басын құрметтеу, оның жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік беру [6, 121].

Дамыта оқыту принципі оқушыларға қойылатын проблемалық мәселелердің сипатын анықтайды. Атақты психолог Л.С.Выготский бұл кезең оқушыларды алға жылжуға итермелеуі керек деп есептейді [7]. Шетел тілін оқытуда оқытушы оқушыларға күрделі коммуникативтік әрі танымдық тапсырмалар беруі қажет.

Лексикалық материалды игертуде проблемалылық принципін қолдану барысында біз студенттердің бірте-бірте рефлексиясы дамығанын айттық. Рефлексия (латынша reflexio- кейін қарау, кейінге бұрылу )деп педагогика ғылымында атқарылған жұмысқа өзіндік талдау жасауды айтады. А.В.Купавцев: «Рефлексияның дидактикалық принципі білімді жетілдіру, жақсарту, көбейті мақсатында оған терең зерттеушілік талдау жасау дегенді білдіреді» [8,47]. Рефлексияны меңгерген студенттер өздеріне үнемі: « Мен не істедім? Қандай мақсатпен? Неге мен бұлай жасаймын? Мен қандай нәтижеге қол жеткіздім? Қай нұсқа дұрыс?» деген сияқты сұрақтар қояды.

Төмендегі кестеде оқыту мен оқудың бинарлық әдісінде оқытушы мен студенттің әрекеттері көрсетілген.

ﺃﻋﻣﻰ ﺍﻠﺣﺐ - «махаббат көзсіз (соқыр)» деген араб мақалын семантизациялаудағы бинарлық әдістің құрылымы




Оқыту әдістері

Оқу әдістері

Оқытушының әрекеті

Оқушының әрекеті

  • Ақпараттық-хабарламалық

- ﺃﻋﻣﻰ ﺍﻠﺣﺐ - «махаббат көзсіз (соқыр)» мақалының мәнін аудармасы арқылы хабарлайды

  • Орындаушылық

- Ақпаратты тыңдайды, қабылдайды

  • Түсіндірмелік

- Мақалдың әр сөзін аударып, араб тілінің морфологиялық ерекшелігі негізінде сол сөздердің жасалуын тақтаға жазып көрсетіп, түсіндіреді.

- ﺍﻠﺣﺐ – махаббат, зат есім, ﺤﺐ (ﻴﺣﺐ) – «сүю» деген қосарланған етістіктен жасалған .

- ﺃﻋﻣﻰ – «соқыр» - сын есім, ﻋﻣﻰ (ﻴﻌﻣﻰ) «соқыр болу» деген жеткіліксіз етістіктен жасалған.


  • Репродуктивті

- Оқытушының түсіндіргенін тыңдайды, бақылайды, қабылдайды және қабылдағанын тақтадан түсіне отырып көшіреді.

  • Нұсқаулы-практикалық

    • Әр сөздің мағынасын сөздіктен тап деп тапсырма береді және оларды қандай түбірден іздеу керектігін нұсқайды.

ﺍﻠﺤﺐ (ﺏ -ﺏ - ﺡ), ﺃﻋﻣﻰ (- - )түбірінен іздеу керек.

  • Продуктивті- практикалық

- Оқытушыны тыңдайды, оның нұсқауларына сәйкес арабша-қазақша сөздікпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.

  • Түсіндірмелі-ынталандыру

- Лексиканы семантизациялаудың аудармасыз тәсілін қолданып, сөздердің мағынасын түсіндіреді:

а) синонимдер-антонимдер

«ﺍﻠﺤﺐ» сөзінің синонимі - ﺍﻠﻌﺷﻖ, «ﺃﻋﻣﻰ» сөзінің синонимі - ﻀﺭﻴﺭ , ﻜﻓﻳﻒ , антонимі – ﺒﺻﻳﺭ


  • Жекелеген ізденушілік

- Оқытушыны тыңдайды, оның іс-әрекетін бақылайды, қиыншылыққа кездесіп, белсенді ізденушіліктің арқасында оқу материалын меңгереді. Мұнда мотивация басқаларына қарағанда, айтарлықтай жоғары дәрежеде.

  • Оқуға ынталандыру

- Сөздердің мағынасын түсіндіру барысында студенттерге араб тілінде проблемалық сұрақтар қояды.

Мысалы, ﺍﻠﺤﺐ -«махаббат» сөзінің мағынасын түсіндіру барысында оқытушы студенттерге: «Сендердің бойларыңды ең жақын адамдарыңа қандай сезім кернейді?» деген сұрақ қоюға болады.

Қажет болған жағдайда оқытушы ата-анаға, балаға, бауырға, жүбайыңа деген сезімің деп сұрақты нақтылай түседі.

ﺃﻋﻣﻰ сөзін семантизациялауда оқытушы: «Көзі көрмейтін адамды қалай атайды?» деген сұрақ қояды.

Студенттер мақал құрамындағы сөздердің мағыналарын түсініп болғаннан кейін оқытушы оларға араб тілінде проблемалық мәселе қояды: « Осы мақалдың мағынасын қалай түсіндіруге болады?»


  • Ізденімпаздық

- Оқытушыны тыңдайды, сұрақтарға жауап іздеу барысында интеллектуалдық қиындықтарға кездеседі, дұрыс шешім табуда түрлі болжамдар ұсынады, өз беттерінше әрекет етеді. Бұл жұмыстарды орындау барысында студенттердің ойлау қызметі жақсы жұмыс жасап, белсенділігі төмен студенттер де сабақ процесіне қосылады.

Студенттер : «Сыйластық, бауыр басу, махаббат» деп жауап беруі мүмкін.

Нақтылы сұраққа нақты жауап беріледі (махаббат).
Студенттер «соқыр» сөзінің мағынасын түсінеді.
Студенттер әртүрлі ситуацияны баяндауы мүмкін. Мысалы; Анасы өз баласын өте жақсы көреді. Ол оның бойындағы кемшіліктерді байқамай, баласын ең ақылды, ең жақсы бала деп есептейді. Бірақ шын мәнісінде баласының бойында жағымсыз қасиеттер бар.


Кестеден көргеніміздей, оқытушы мен студенттің әрекеттеріндегі соңғы екеуі (түсіндірмелі-ынталандыру-жекелеген ізденушілік; оқуға ынталандыру-ізденушілік) студенттердің ойлау қабілетін барынша ынталандырады. Сондықтан лексиканы семантизациялауда проблемалылықты қолдану өте тиімді.

Қазақ тіліне басқа тілдерден енген сөздердің ішінде белгілі бір дәрежеде араб тілінен енген сөздер де бар. Мұның өзіндік тарихы да бар. Қазақ тіліне араб тілінен енген сөздер тек көркем әдебиетте ғана емес, ауызекі сөйлеу тілінде де көптеп кезедеседі. Осы жағдайды ескере отырып, біз араб тілінен қазақ тіліне енген сөздердің негізгі және қазіргі қолданыстағы мағыналарын салыстыру тәсілін де қолданамыз. Бұл сөздердің мағыналарын түсіндіруде оқытушы араб тіліндегі дыбысталуын қазақ тіліндегі фонетикалық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндіреді.



Қазақ тіліне араб тілінен енген сөздер мынадый екі топқа бөлінеді:

  • Араб және қазақ тіліндегі баламалары толық сәйкес келетін сөздер: кітап, дәптер, қалам, иман, сабыр т.б.

  • Араб және қазақ тілдеріндегі баламаларымен мағынасы мен дыбысталуы өзгеріске ұшыраған сөздер: қазақша рахмет-алғыс айту мағынасында, арабша RAXMAT – қайырымдылық; қазақша қазір – «дәл осы кез» мағынасында, арабша HADIR- «дайын» деген мағынада.

Оқытуда салыстармалы аударма тәсілін пайдалану студенттердің ана тіліне, араб тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, оларды ізденуге итермелейді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Морковкин В.В. Лексика в обучении русскому языку М., Русский язык, 1988 г.

  2. Рахманов И.В. О задачах преподавания иностранных языков в школе \\ Известия АПН РСФСР выпуск 32 М., 1951 г.

  3. Махмутов М. И. Современный урок: Вопросы теории. М., Педагогика, 1985

  4. Щукин Г.И. Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся М., Педагогика, 1988 г.

  5. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики М., Мысль, 1965 г.

  6. Якминская И. С. Личностно- ориентированное обучение в современной школе М., Сентябрь, 1986 г.

  7. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 3-х томах Т.3 М., Педагогика, 1983 г.

  8. Купавцев А. В. Деятельностный аспект процесса обучения М., Педагогика , 2002 г. № 5

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет