Қарағанды қалалық мәслихатының



жүктеу 276.58 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі276.58 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
2007 жылғы 15 мамырдағы

Қарағанды қалалық мәслихатының

ХLІХ сессиясының №13 шешімімен

бекітілген



Қарағанды қалалық мәслихатының


Регламенті

Қарағанды қаласы мәслихатының регламенті (ар қарай - Регламент) мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткiзу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк және ұйымдастыру мәселелердi реттейді. 

1. Жалпы ережелер
1. Қарағанды қалалық маслихаты - қала халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергiлiктi өкiлдi орган.

2. Мәслихат қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңымен, , “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңымен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен және осы Регламентпен реттеледі.

3. Мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетудi маслихат аппараты жүзеге асырады.

Осы мақсаттарда мәслихат аппараты келесі қызметтердің түрлерін атқарады:

1) өткізілетін отырыстардың күн тәртібіндегі сұрақтарға сәйкес іс-қағаздармен, шешімдердің жобаларымен және басқа керекті ақпараттармен қамтамасыз етеді;

2) пленарлық отырыстарыға, тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысады және депутаттарға маслихаттың шешімдері мен қорытындыларының жобаларын сапалы дайындауға көмек көрсетеді;

3) регламентке сәйкес маслихат сессияларын өткізуде дайындау және ұйымдастырушы - техникалық жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

4) маслихатқа жіберілген хаттарды, азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне есеп жүргізеді және қарастырады, олардың орындалуын бақылайды, керек болған жағдайда, оларға жауап дайындайды;

5) мәслихат депутаттарының өкілеттігінің жүзеге асырылуына жәрдемдеседі, кеңестік және әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттардың ескертпелерінің, ұсыныстарының, сұрауларының уақытымен қарастырылуын және жүзеге асырылуын бақылайды;

6) депутаттармен өз өкілеттігін жүзеге асыру барысындағы айтылған ұсыныстарына , ескертулеріне есептеу және жалпылау жүргізеді;

7) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарына есеп жүргізеді, депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен және басқа да қызығушылық білдірген тұлғалармен депутаттардың кездесулерін ұйымдастырады;

8) тұрақты комиссиялардың отырысын, мәслихат сессияларына енгізілген мәселелерді тұрақты комиссияларда талдауды ұйымдастырады, керекті материалдармен қамтамасыз етеді;

9) нормативтік құқықтық актілерді дайындайды, оларды мемлекеттік тіркеуден өту үшін әділет органдарына жіберілуін қамтамасыз етеді;

10) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің, заңдармен бекітілген тәртіпке сай ресми түрде жариялау құқығын алған басылымдарда, ресми жариялануын қамтамасыз етеді;

11) мәслихаттың шешімдерімен басқа да іс-қағаздарының таралуын қамтамасыз етеді;

12) мәслихат сессияларымен басқа да отырыстарының хаттамаларын, стенограммаларын жүргізеді.

Мәслихат аппаратының құрылымы, штаттары, шығындар сметасы, еңбек ақы қоры қалалық маслихат хатшысының ұсынуы бойынша мәслихатпен бекітіледі.

4. Мәслихат қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін әр саланың мамандар келісім-шарт негізінде тартылады. Көрсетілген мамандардың еңбек ақысын төлеу, заңдарда бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Осы Регламенттің орындалуын мәслихаттың сессия төрағасы қамтамасыз етеді.

2. Қалалық мәслихат сессиясын өткізу, әзірлеу және шақыру тәртібі.


6. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi. 
7. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады

Бірінші сессия отырысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы сайланған депутаттар санын хабарлайды және осы Регламенттің 47 бабына сәйкес сессия төрағасын сайлау туралы мәселені қояды.

Одан әрі мәслихат сессиясының жұмысын сессияның төрағасы жүргізеді.

8. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.

Сессия ашылғаннан кейін Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Мәслихаттың келешек жұмыс жоспарына енгізілген мәселелерді кезекті сессияға дайындау кезінде әкімдік басқа да мемлекеттік органдар және мемлекеттік ұйымдар мәслихат комиссиясында қаралған, келісілген және дайындалған материалдарды сессиясының басталғанына дейін 10 күннен кешіктірмей тапсырады.

Қалалық жоспарлар жобалары, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, олардың орындалуы жөніндегі есептер, басқа жоспарлы және жоспарда жоқ сессияға енгізілетін мәселелерді, қаланы басқару схемасын, әкімдіктің жеке құрамын, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімдердің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына сессия басталарға дейін үш апта қалғанда енгізіледі.

9. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын қалалық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралады. 


10. Сессияның күн тәртібі мәслихаттың келешек жұмыс жоспары, сессия төрағасымен, маслихат хатшысымен, тұрақты комиссиялармен, депутаттық топтармен, депутаттардың және әкімнің енгізген мәселелері негізінде қалыптасады.

Қоғамдық ұйымдар, аумақтар, азаматтар өкілдері жиыны, билік және басқару органдары күн тәртібіне ұсыныстарды сессия төрағасына ұсынады.

Кезекті сессияның күн тәртібінің жобасы алдын ала мәслихат сессиясы отырысының соңында қабылданады.

Сессия барысында сессияның өткізу немесе күн тәртібіне өзгерту бойынша ұсыныстар хатшылыққа (техникалық хатшы) жазбаша түрде беріледі немесе сөйлеу барысында айтылады. Жазбаша түскен ұсыныстар түсу ретіне сәйкес төрағалық етушімен сессияда жарияланады.

Күн тәртібі бойынша дауысқа салу әр сұрақ бойынша жүргізіледі. Сессияға қатысып отырған депутаттардың жартысынан көбі дауыс берсе, сұрақ күн тәртібіне енгізілген болып саналады.

Күн тәртібін жалпы бекітуге, тек қана депутаттардың ешқайсысы қарсылық білдірмеген жағдайда ғана, жол беріледі.

Сессияның күн тәртібін бекіту туралы мәслихат шешім қабылдайды.

11. Әр сессияның отырысы алдында оған қатысып отырған депутаттар тіркеледі. Тіркеудің қорытындыларын төрағалық етуші сессия басталар алдында жариялайды. Депутаттардың талабы бойынша өкілеттік (кворум) тексеруі кез келген уақытта жүргізіледі.

12. Мәслихат қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысымен олардың ішінен отырыстың хаттамасын жүргізуді, сөйлейтіндерді тіркеуді, депутаттық сауалдарды тіркеуді, сұрақтарды, анықтамаларды, хабарламаларды, үндеулерді, өтініштерді, шешімдердің жобасын, шешімдердің жобасына түскен түзетулерді және басқа мәслихат органдарының және депутаттардың ынталы үндеулерін тіркейтін хатшылықты (техникалық хатшыны) сайлайды, ол лайықты мәліметті сессия төрағалық етушісіне тапсырады. Мәслихат басқа жұмыс тәртібін белгілеуі мүмкін. Хатшылық (техникалық хатшы) төрағалық етушіге сессия хаттамасын тапсырады.

Хаттамаға сессия төрағасымен мәслихат хатшысы қол қояды.

Шешімдердің жобаларын, тағы да басқа күн тәртібі бойынша ұсыныстар сессия кезеңінде хатшылықа (техникалық хатшыға), ал сессия аралықтарында – сессия төрағасына немесе мәслихат хатшысына беріледі.

13. Қалалық мәслихаттың отырыстары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Депутат басқа тілде сөйлетіндігін отырысқа кемінде бес күн қалғанда мәслихат хатшысына хабарлауы тиіс. Магнитофон тасбасы көмегімен отырысты хаттамалау және аудару мәслихат аппаратымен қамтамасыз етіледі, ол туралы төраға барлық қатысып отырғандарға хабарлайды.

14. Таңғы отырыстар сағат 10-нан 13-ке дейін өтеді. Кешкі 14-тен 19-ға дейін өтеді, әрбір 1,5 сағаттан кейін 10 минуттық үзіліс беріледі. Қалалық мәслихат өз шешімімен отырыстарын өткізуге басқа да уақыт белгілеуі мүмкін.

15. Баяндама, қосымша баяндама және қорытынды сөзге бөлінетін уақытты төрағалық етуші бачндамашылармен келіседі, бірақ ол келесі уақыттардан аспауы керек:

баяндамаға – 45 минут;

қосымша баяндамаға – 20 минут;

қорытынды сөзге – 15 минут.

Бұл мәселе төңірегінде төрағалық етуші мен баяндамашы келісе алмаған жағдайларда, қажетті уақытты қатысып отырған депутаттар санынан көпшілік дауыспен мәслихат белгілейді.

16. Жарыссөзде сөйлеушілерге 10 минутқа дейін, қайтадан жарыссөзде сөйлеушілерге, сондай-ақ шешімдердің жобалары баптар бойынша қаралғанда және кандидатураларды талқылауда 5 минутқа дейін, отырыстың өту тәртібі, мәлімдеме жасау, сауал, сұрақ, түсінік беру үшін 3 минутқа дейін уақыт бөлінеді. Мәслихат сөз сөйлеудің басқаша уақытын белгілеуі мұмкін. Сессия төрағасы, қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзарта алады.

17. Жарыссөзге қатысушы үшін сөз беру туралы өтініш жазбаша түрде хатшылыққа (техникалық хатшыға) беріледі, ол түсу ретіне қарай нөмірлеп төрағаға береді.

18. Сессия төрағасы сөз бергеннен кейін ғана депутат сөйлей алады. Төраға жарыссөзге қатысушыларға өтініштердің түсу тәртібі бойынша сөз береді. Талқылаудың алдында жарыссөзге қатысушылардың тізімі оқылады. Төраға қажет болған жағдайда неге бұлай істегенің түсіндіре отырып, мәслихаттың келісімімен сөйлеушілердің кезегін өзгерте алады. Егер жарыссөзге қатысушылардың тізімі бітсе, төраға депутаттардың ауызша өтініші бойынша сөз бере алады.

Мәслихаттың депутаты бір мәселе бойынша жарыссөзге екі реттен артық қатыса алмайды. Депуттатық сауалдар,репликалар, анықтама беру, жарыссөзге қатысу деп саналмайды.

19. Отырысты жүргізу ретіне байланысты депутаттарға сөз, алдағы сөз сөйлеуден кейін кезектен тыс берілуі керек. Төраға анықтама, сұраққа жауап, түсініктеме беру үшін сөзді кезектен тыс бере алады.

Баяндамашыларға сұрақ жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар төрағаға беріледі де, сессияда жарияланады. Төрағаның рұқсатымен жарыссөзге қатысқан депутатақа сұрақ қоюға болады.

20. Сессияда сөз сөйлейтін мәслихат депутаттары өз сөздерінде дөрекі теңеулер мен сөздерді қолданбауы, заңсыз әрекеттерге шақырмау және қаралып жатқан мәселе бойнша сөйлеуі керек.

Ондай жағдайларда төраға ескерту жасап, бұндай әрекеттерге, сөйлеуге және үндеу салуға жол берілмейтінін ескертеді.

Екінші ескертуден кейін сөз сөйлеуші тоқтатылады, талқыланып жатқан мәселе бойынша қайта сөйлеу құқығынан айырылады. Егер сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, немесе талқыланып жатқан мәселеден ауысып кетсе, төраға ескертуден кейін оны сөйлетпей қояды.

Сессия өтіп жатқан залда ұялы телефондармен, радиотелефондармен және басқа байланыс құралдарымен пайдалануға тыйым салынады.

21. Мәслихаттың депутаты емес адам тәртіпті өрескел бұзған жағдайда сессия төрағасының немесе депутаттардың үштен бірінің талабы бойынша отырыс залынан аластатылуы мүмкін.

22. Жарыссөз отырысқа қатысып отырған депутаттардың депутаттар санынан көпшілік дауыспен тоқтатылады.

Жарыссөзді тоқтатар алдында төраға депутаттарға жарыссөзге жазылғандардың, сөз сөйлегендердің санын айтып, сөз берілмеген адамдардың тізімін жариялауы керек. Сөз берілмеген тұлғалардың сөз мәтіні хаттамаға қосылады.
3. Қалалық маслихаттың мәселелерді қарау, шешімдері мен басқа да актілерін қабылдау тәртібі.
23. Талқылауға қабылданған шешімдердің жобалары немесе оларды қабылдау жөніндегі ұсыныстар сессия төрағасы немесе мәслихат хатшысы алдын ала талқылауға және ұсыныстар дайындау үшін тұрақты комиссияларға жібереді.

Шешімнің жобасын, оған ұсыныстарды, және басқа мәселелерді бірнеше тұрақты комиссия қарауына жіберсе, сессия төрағасы жетекші тұрақты комиссияны айқындайды.

24. Қажет болған жағдайда мәслихат осы регламенттің 23 тармағынағы қызметтерді атқаруды, сондай-ақ сессияға енгізілетін мәселе бойынша шешім жобасын әзірлеуді уақытша комиссияға тапсырады, оның жұмысына мемлекеттік органдар, мекемелер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және азаматтардың өкілдері тартылуы мүмкін.

Енгізілген азаматтар өздерінің қорытындыларын жазбаша түрде береді, қолымен, бар болған жағдайда мөрмен бекітеді.

25. Мәслихат, тұрақты комиссиялар, сонымен қатар, олармен құрылған уақытша комиссиялар өздеріне алдын-ала қарастыруға берілген мәселелерді немесе шешімнің жобасын ғылыми сараптауға жіберуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың пікірін сұрауға мүмкіндігі бар, дайындалып жатқан мәселелерді және шешімдердің жобасын халықпен, қоғамдық ұйымдармен алдын-ыла талқылай алады.

Керек болған жағдайда, маслихат шешімімен, шешімнің жобасы бұқаралық ақпараттық құралдарда жарияланады. Осы жағдайда азаматтардан түскен ұсыныстар мен ескертулердің жинақталу мерзімі мен тәртібі бекітеді.

26. Мәслихат сессиясына шығарылатын мәселені тексеру, алдын-ала қарастыруға қатысқан тұрақты комиссиялар ортасында шешім жобасы бойынша қаулы (қорытынды) дайындау кезінде келіспеушілік туса, реттеу шаралары қабылданады. Келіспеушілік еңсерілмеген жағдайда мәслихатқа мәлімденеді.

Мәслихат шешімдерінің жобасын дайындау үшін маслихат сессиясында кезекті сессияның редакциялық комиссиясы сайланады. Шешімдердің жобасындағы мәселелердің ерекшелігіне байланысты комиссияға кеңесші дауыс құқығымен мамандар тартылуы мүмкін.

27. Мәслихатқа жіберілетін шешім жобасы бойынша материалдар төмендегілерден тұруы керек:


  1. шешім жобасы;

  2. шешімді қабылдау қажеттілігін түсіндіретін түсініктеме хат, толық қабылдану мақсаттары мен міндеттері, қабылданған шешімнің болжаулы салдары және негізгі баптары.

  3. егер ол материалдық шығынды қажет етсе, қаржы-экономикалық есебі;

  4. шешімдердің жобалары атқарушы органмен жіберілген жағдайда, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қолданыстағы заңдарға сәйкестігі туралы қорытындысы;

  5. ынта білдіруші органдардың келісімі, олардың басшыларының қолы.

Шешімнің жобасы және қосымшаларының әр беті жобаны дайындаған органның бірінші басшысының қолымен расталады.

28. Сессияның шешімдері мәслихат отырысында ашық дауыс берумен қабылданады. Жасырын дауыс беру күн тәртібінің кез келген мәселесі бойынша депутаттардың жалпы санынан көбінің дауыс беруімен жүзеге асырылады.

29. Ашық дауыс беру кезінде, дауыстарды санау есептеу комиссиясына жүктеледі.

Ашық дауыс берудің алдында төрағалық етуші дауысқа қойылатын ұсыныстардың санын айтады, олардың түс-сипатын айқындайды, шешімнің қандай дауыс басымдылығымен қабылданатынын еске салады.

30. Жасырын дауыс беруді өткізу үшін мәслихат депутаттардың ішінен есептеу комиссиясын сайлайды.

Есептеу комиссиясының құрамына кандидатуралары сайланбалы қызметке ұсынылған депутаттар ене алмайды. Есептеу комиссиясы өз құрамынан төрағаны және комиссия хатшысын сайлайды. Жасырын дауыс беруде есептеу комиссиясы барлық дауыс беру процессін ұйымдастырады және оның қорытындысын хабарлайды.

31.Мәслихаттың әрбір депутатына сайланатын лауазымды тұлғаны сайлау немесе мәслихат талқылап отырған шешім бойынша бір бюллетеннен беріледі.

Депутат қаралып жатқан шешім немесе кандидат фамилиясының оң жағындағы бос квадратқа әр түрлі белгі қою арқылы бюллетенді толтырылады.

Бір квадраттан аса қойылған белгілері бар және белгіленбеген үлгідегі бюллетендер жарамсыз деп табылады.

32. Жасырын дауыс берудің қорытындысы бойынша есептеу комиссиясы хаттама жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Мәслихат ашық дауыс беру арқылы, депутаттардың жалпы санының көпшілігінің дауысымен хаттаманы бекіту жөнінде шешім қабылдайды.

33. Қатысып отырған депутаттардың кемінде үштен бірі қолдаған жағдайда мәслихаттың шешімімен қатысушылардың жеке-жеке дауыс беруі тағайындалуы мүмкін.

34. Қалалық мәслихаттың депутаттары дауыс беру құқықтарын өздері тікелей жүзеге асыруға міндетті. Дауыс беруге қатыспаған депутат өз дауысын ерте, не кейін бере алмайды.

35. Дауыс беруде не дауыстарды санаған кезде қате кеткен жағдайда мәслихаттың шешімімен қайта дауыс беру өткізіледі.

36. Мәслихат шешімдері Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасы заңды актарында бекіткен өкілеттіктерді қолдану, рәсімдік мәселелер, шешімдерді қабылдау, орындау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мәселелер шегінде қабылданады. Рәсімдік мәселелер бойынша шешімдер, егер заңды актармен немесе осы регламентпен басқадай көрсетілмеген болса, сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданады, және хаттамаға енеді.

Қатардағы мәселелер бойынша шешім сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігімен қабылданады, егер ол Заңмен және осы Регламентпен бекімеген болса және мәслихат отырысының хаттамасына жазылады.

Мәслихат оның отырыстарында қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысымен үндеулер, мәлімдемелер және басқа актілер қабылдай алады.

37. Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарау кезінде депутаттар баяндаманы және басты тұрақты комиссиямен, ал қажет кезінде саяси партиялар депутаттық топтарымен ұсынылған қосымша баяндамаларын тыңдайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндама жасаушылар депутаттар сауалдарына жауап береді.

38. Мәслихат депутаттары баяндаманы, шешім жобасы жөнінде тұрақты комиссияның қосымша баяндамасын, қорытындысын талқылайды, ұсыныстар мен ескертпелерін шешім жобасына түзетулер түрінде енгізеді. Жобаны талқылау жалпылай, сондай-ақ оның жекелеген бөлімдері мен тармақтары бойынша жүргізіледі.

Депутаттарға таратылған шешімдердің жобаларына түзетулер жазбаша түрде берілуі қажет.

Депутаттарға таратылған шешімдердің жобаларына тиісті түрде берілмеген, сондай-ақ ауызша берілген түзетулер қаралмайды. Бастамашыға түзетулерді аяғына дейін реттеу ұсынылады.

Жергілікті бюджет ұлғайту не қысқартуды көздейтін түзетулер тек әкімнің келісім қорытындысы болғанда ғана қабылданады.

39. Шешім жобасына балама жоба болған орайда ол негізі жобамен бірге талқыланады.

40. Қаралып отырған мәселені және шешімнің жобасын талқылау аяқталғаннан кейін мәслихат оны, қабылдамайды, немесе ақырғы түрде қабылдайды, немесе, депутаттардың жалпы санының көпшілігінің дауысымен шешімнің жобасын негізге алынып тұрақты комиссияға, немесе арнайы құрылған уақытша комиссияға келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып жобаны аяғына дейін реттеп оны қайта қарауға осы не кезекті сессияға ұсыну тапсырылады. Балама жобалар болған жағдайда соның бірі негізге алынады.

41. Мәслихаттың депутаттары тұрақты немесе уақытша комиссияда шешімнің жобасын аяғына дейін реттеуге қатыса алады, оларға қосымша түзетулер мен ұсыныстар бере алады.

Комиссия мәслихатқа енгізілмеген түзетулердің тізімімен қайта әзірленген жобаны ұсынады.

42. Қанығына жеткізілген шешім жобасы мәслихат отырысында қайта қаралады. Комиссия қорытындысында жобаға қандай ұсыныстар енгізілгені, қайсылары қабылданбағаны және қандай негізбен қабылданбағаны көрсетіледі.

Мәслихаттың шешімімен баяндама бойынша жарыссөз тағайындалуы мүмкін.

43. Бірінші оқылғанда шешімді қабылдауда дауыс берудің үш кезеңі жүргізіледі:



  • Депутаттардың жалпы санының көпшілігінің дауысымен мәслихат шешімнің жобасын негізге алады. Егер шешім жобасы қажетті көпшілік дауысқа ие болмаған жағдайда, әрі қарай дауыс беру тоқтатылады. Депутаттардың жалпы санының үштен екісі жақтағанда ғана кейінге қалдырылған шешімнің жобасы осы сессияда қайта талқыланады және дауысқа қойылады.

  • Негізге алынған шешім жобасына енгізілмеген барлық түзетулер дауысқа салынады. Тұрақты комиссия қабылдамаған түзетулер дауысқа тек қана оны ұсынған депутаттың талабы бойынша қойылады. Ақырғы өзінің түзетулеріне негіздемемен сөз алуға құқылы.

  • Мәслихат сессия бекіткен түзетулер есебімен соңғы шешім мәтінін қабылдайды. Соңғы шешім мәтіні тұтастай, бөлім бойынша немесе бабы (тармағы) бойынша дауысқа салынуы мүмкін. Шешім жобасы бойынша дауыс беру тәсілін таңдау сессияға қатысушы депутаттардың көпшілігінің дауысымен таңдалады. Депутаттардың ұсыныс бойынша жекелеген дауыс беру келіспеушілік тудыратын жекелеген баптар бойынша ғана жүргізіледі.

44. Осындай тәртіп шешімді екінші оқылуда қабылдауда да жүзеге асады. Бұл жағадайда дауыс берудің алғашқы кезеңі тұрақты комиссия өңдеген шешім жобасын құптау болып табылады.

Егер шешім жобасы немесе оған енгізілетін түзетулер қажетті дауыстар санына ие болмаса, мәселе кейін қайтарылған болып есептеледі. Сессияда бұл мәселені қайта дауысқа салуға болмайды.

45. Ерекше жағдайларда егер шешім мәселелердің шұғыл шешілуін көздейтін жағдайда мәслихат өзінің шешімімен уақытша комиссия құра алады, ол осы сессияда қабылданбаған шешім жобасын немесе түзетуді, депутаттардың пікірлерін еспке ала отырып жетілдіреді және ол бойынша қорытынды дайындайды.

Егер бұл комиссия сессия жұмысы уақытында тиісті мәмілелік шешімге келмесе немесе сессия оның қорытындысын қабылдамаған жағдайда бұл мәселенің талқылануы келесі сессияға қалдырылады.

46. Әрбір түзету жеке дауысқа салынады. Дауысқа қойылатын түзетулердің реттін төрағалық етуші шешеді. Ең алдымен өзге түзетулер жайлы мәселені шешетін түзетулер дауысқа салынады.

Егер шешімнің жобасына енгізілетін түзетуде бірнеше ұсыныс болсе, онда олардың әрқайсысы жеке дауысқа салынады. Бірнеше ұсынысты бірге дауысқа салуға, олар жобаның бір тармағына жатса да, жол берілмейді.

Түзетуді енгізген депутат, сондай-ақ орган немесе лауазымды адам дауысқа салардың алдында оны қайтып алуға құқылы.

47. Қабылданған шешімдер, қолданытсағы заңдар белгілеген тәртіпте күшіне енеді, қолданыска енгізіледі.


4. Сессияның төрағасы және мәслихат хатшысы.
48. Кезекті сессияның төрағасы депутаттар ішінен оның алдындағы сессияда мәслихаттың жұмыс жоспарын ескере отырып сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауысқа салумен депутаттардың жалпы санының көпшілігінің дауысымен сайланады.

Егер төрағаның орнына бір кандидатура берілген болып ол депутатардың қолдауын таппаса, осы адам екінші рет өз кандидатурасын бере алмайды. Егер төрағаның орнына екіден көп кандидатуралар беріліп, біреуі де керекті көпшілік дауысты алмаса, ең көп депутаттармен қолданған екі кандидатура қайта дауысқа салынады. Егер екі кандидатурадан біреуі де сайланған депутаттардың жалпы санының көпшілігінің дауысын алмаса, ең көп дауыс алған жалғыз кандидатура қайта дауысқа салынады.

49. Сессия төрағасы немесе мәслихат хатшысы сессияға дайындық кезінде тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын жүргізе алады.

50. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.


5. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
51. Тұрақты комиссиялардың тізімі, олардың сандық құрамы талқыланып, кейінен мәслихаттың бірінші сессииясында депутаттардың жалпы санынан көпшілік дауысымен бекітіледі.

52. Тұрақты комиссиялардың тізімі және сандық құрамы бекітілгеннен кейін осы комиссиялардың дербес құрамдары бойынша мәслихат депутаттарының ұсыныстары тыңдалады немесе жарияланады. Тұрақты комиссиялардың дербес құрамдарын талқылау кезіңде депутаттарға ұсыныстар енгізуге және өздігінен бас тартуға болады.

Қажет болған жағдайда тұрақты комиссиялардың дербес құрамы жөніндегі мәселе осы сессияда тағы да талқыланып екінші оқылымында бекітілуі мүмкін.

53. Тұрақты комиссиялардың дербес құрамдары жөнінде дауыс беру тізім бойынша немесе әр кандидатура бойынша жүргізіледі. Тұрақты комиссиялардың әр құрамы жеке дауысқа салынады. Тізіммен дауыс беру депутаттардың кандидатураларына ешкім қарсылық білдірмегенде, өздігінен бас тартпағанда және басқа комиссияға ауыстыруға ұсыныс түскен жағдайда жүзеге асырылады.

Депутат, егер ол үшін мәслихат депутаттарының жалпы құрамының көпшілігі дауыс берсе тұрақты комиссияның құрамына сайланған болып табылады. Егер тұрақты комиссиядағы орыннан ұсынылғандардың саны көп болса, онда ең көп дауыс алған депутаттар сайланған болып есептеледі.

54. Тұрақты комиссиялар құрамдары қалыптастырылғаннан кейін тұрақты комиссиялар отырыстарын жүргізу үшін, қайсыларында олардың төрағаларына кандидатуралар ұсынылады, сессия жұмысында үзіліс жасалады. Комиссиядағы төрағалар кандидатурасын алдын ала ұсыну ашық дауыспен қатысып отырған мүшелердің көпшілік дауысымен бекітіледі.

55. Олардың атынан комиссия төрағасының кандидатурасы тиісті комиссиялар депутаттарының бірі ұсынады, олардың саны шектелмейді. Қай депутат болса да комиссия төрағасының кандидатурасын ұсына алады. Мәслихат отырысындағы төрағалар кандидатураларын талқылаулар әр комиссия бойынша жеке жүргізіледі. Тұрақты комиссия төрағасының орынбасары және хатшысы оның ұйымдастырушылық отырысында комиссия төрағасы немесе мүшелереніңі ұсынысы бойынша сайланады. Тұрақты комиссиялар өз қызметінің бағыттары бойынша шағын комиссиялар құруы мүмкін. Қажет болған жағдайда жалпы саны жетіден аспайтын жаңа тұрақты комиссиялар, еретерек құрылған комиссиялар таратуға, қайта құруға болады.

56. Депутаттардың басым көпшілігінің дауысына ие болған адам тұрақты комиссияның төрағалығына сайланған болып есептеледі.

Егер тұрақты комиссияның төрағалығына екі кандидаттан артық ұсынылған болса, және олардың бірі де сайланбаса, ең көп дауыс алған екі депутаттың кандидатуралары бойынша қайтадан дауыс беріледі.

Егер төрағанын орнына екі кандидаттан артық ұсынылса немесе осы баптың 2 бөлімімен қарастырылған жағдайда қайтадан дауысқа саланып және бірде-бір кандидат сайланбаса, мәслихат шешімі бойынша ең көп дауыс алған депутат кандидатурасы дауысқа салынады немесе тұрақты комиссияның төрағалығына жаңа кандидатуралар ұсынылады. Бұл шешім мәслихаттың отырысына қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданады.

Тұрақты комиссиялардың құрамын сайлау мәслихаттың бірегей шешімі түрінде орындалады.

57. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын олардың өтініштері бойынша сессия шешімімен және де тұрақты комиссия бастамасы бойынша тоқтатылады.


6. Қалалық мәслихаттың уақытша комиссиялары
58. Мәслихат немесе мәслихат хатшысы мәслихаттың депутаттары санынан, төраға мен комиссия мүшелерінен тұратын уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамы, өкілеттік мерзімі және құқықтары оларды құрарда мәслихатпен анықталады. Комиссия өзінің қарауы бойынша жұмыстарға мәслихат депутаттары емес ғылымдарды, мамандарды және қызметкерлерді тартады.

59. Уақытша комиссия мәслихатқа есеп береді және тек соның алдында ғана жауапты. Уақытша комиссия мәслихат тапсырмасын орындап, қалалық мәслихатқа мәселенің негізі бойынша қорытынды тапсырады. Уақытша комиссия қорытындысы оның құрамының көпшілік дауысымыен қабылданады.

Оның түйіндеулерімен келіспеген комиссия мүшелері өздерінің ерекше пікірлерін мәслихаттың сессиясында тиісті мәселе бойынша уақытша комиссияның қорытындысы жарияланғаннан кейін жарыссөз басталмай тұрып бірінші айтуға құқылары бар.

Комиссияның қорытындысы бойынша мәслихат шешім қабылдайды.

60. Уақытша комиссия өз жұмысын өзіне жүктелген міндеттерді орындағаннан кейін немесе мәслихаттың шешіміне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатады.
7. Көпшілік алдындағы тыңдаулар
61. Тұрақты комиссиялар өз ынтасы немесе мәслихаттың шешімі бойынша аса маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатымен көпшіліктің алдындағы тыңдауларды өткізуі мүмкін.

Көпшіліктің алдындағы тыңдаулары комиссияның кеңейтілген отырысы түрінде жүргізіледі. Отырысты комиссия төрағасы жүргізеді.

62. Отырысқа депутаттар, атқарушы органдардың, жергілікті басқару органдарының, мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала халқы шақырылуы мүмкін.

Тыңдаулардың өткізілетін орны мен уақыты бұқаралық ақпарат құралдарында тыңдауға бір апта қалғанда жарияланады.

63. Көпшіліктің алдындағы тыңдауларға бір мәселе ұсынылады.

Тыңдауларды өткізетін тұрақты комиссия сұрақты талқылау тәрітібін анықтайды.

Барлық сөз сөйлеулер хаттамаланады, хаттамалаудың ыңғайлығы үшін магниттік жазба жүргізіледі.

64. Тұрақты комиссия ынтасы бойынша өткізілетін көпшіліктің алдындағы тыңдаулар қорытындысы бойынша комиссия қаулы қабылдайды және мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын шешім жобасын әзірлейді.

Комиссия қаулысы мен шешім жобасын мәслихат қарап, ол бойынша шешім қабылдайды.
8. Мәслихат депутаты, депутаттық сауал
65. Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы, және де олардың басшылары мен басқа лауазымды тұлғалармен кідіргісіз қабылдауына құқылы.

66. Мәслихат сессиясына немесе тұрақты комиссия отырысына келе алмаған жағдайда депутат ол туралы мәслихат хатшысына хабарлайды.

Тұрақты және уақытша комиссиялар мен тұрақты комиссия төрағаларының кеңесі отырыстарын өткізетін «Депутат күні» аптаның әр сәрсенбесі болып табылады. Комиссия мүшелерімен келіскен кезде комиссия төрағалары олардың отырыстарын басқа уақытта шақыра алады.

67. Депутат өз мүддесін және басқа депутаттардың мүддесін, сондай-ақ депутаттық міндетін орындаған кезде қарым-қатынас жасайтын азаматтар мен лауазымды тұлғаларды сыйлауы қажет.

Ол өзін, және қалалық мәслихаттың беделін түсіретін әрекеттерден, өтініштерден, қылықтардан сақтануы тиіс.

68. Депутаттық өкілеттікті тоқтату үшін негіз пайда болған ағдайда мәслихат хатшысы ол туралы қалалық сайлау комиссиясына хабарлауы тиіс. Депутаттық өкілеттікті мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қатысып отырған депутаттардың жалпы санынан көпшілік дауыспен қалалық мәслихаттың аумақтық сессиясында сайлау комиссиясының ұсыныс бойынша қабылданады.

Депутаттық өкілеттіктерді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

69. Мәслихат депутаттары, заңмен белгіленген тәртіппен тіркелген, құрамында кемінде бес депутат бар, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің депутаттық топтары түрінде біріге алады.

Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің депутаттық топтарын тіркеу мәслихат сессиясында олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің депутаттық топтары қалалық мәслихаттың қарайтын мәселелері бойынша пікір алмасады. Депутаттық топтар мәслихат сессиясында сөйлеуі үшін өздерінің өкілдерін ұсынуға құқтары бар.

Депутаттық топтардың өкілі сессияда талқыланып отырған мәселе бойынша депутаттық топтық жалпы пікірін білдіреді.

70. Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды тұлғаларына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ресми жазбаша сауал беруге құқылы. Сауал мәслихат аппаратында тіркеледі.

Сессияда берілетін сауал жазбаша және ауызша берілуі мүмкін.

71. Сессия ашылмай тұрып енгізілген сауал сессия күн тәртібінің жобасына енгізіледі, оның мәтіні депутаттардың назарына сауал мәтінін оларға тарату жолымен жеткізіледі немесе төрағалық етуші жариялауы мүмкін.

Егерде депутаттық сауал сессия қарсаңыңда енгізілсе, оны мәслихат хатшысы дереу сауал арналған органның немесе лауазымды тұлғаның назарына жеткізеді. Соңғысы сауалға осы сессияда ауызша немесе жазбаша жауап беруге міндетті.

72. Атынан сауал енгізілген депутат немесе тұрақты комиссия сауалға жауап берген органнан немесе лауазымды тұлғадан қосымша түсіндірмелер алуға, репликамен сөйлеуге, өтініш жасауы мүмкін.

Сауалға жауап тыңдаудан кейін талқылауға салынуы мүмкін. Сауалға жауап бойынша шешім қабылданады.

Сауал тікелей мәслихат сессиясында енгізілген жағдайда, сауал арналған орган немесе лауазымды тұлға оған осы сессияда жауап бере алмаса, мәслихат сауалға жауапты кезекті сессияда беру туралы шешім қабылдайды.

73. Мәслихат сессиясында айтылған немесе жазбаша түрде төрағалық етушіге тапсырылған ұсныстар, ескертулер қала әкімінің, тиісті мемлекеттік немесе лауазымды тұлғалардың қарастырылуына жіберіледі.
9. Мәслихаттың бақылаушылық өкілеттігін іске асыру. Қала әкімінің өз құзыреті шегіндегі есебін қарастыру.
74. Мәслихат сессия төрағасының, мәслихат хатшысының және тұрақты комиссия төрағаларының есептерін тыңдайды.

75. Қалалық мәслихат тікелей және өзі құратын органдар арқылы қаланың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына, қала бюджетінің орындалуына, өзі құратын немесе сайлайтын органдардың қызметіне қадағалау жүргізеді.

76. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары қалалық мәслихаттың шешімдерінің орындалуына, қала аумағында орналасқан мемлекеттік органдар қызметіне бақылауды жузеге асыра отырып, тиісті органдармен міндетті түрде қарауына жататын ұсыныстар дайындайды және өз ұсыныстарын береді.

77. Қала (қаладағы аудандар) әкімінің қалалық мәслихат депутаттары алдындағы есебі қалалық мәслихаттың сессиясында қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылда бір рет өткізіледі.

Қала (қаладағы аудандар) әкімінің есебі қалалық мәслихаттың немесе қала (қаладағы аудандар) әкімінің бастамалары бойынша өткізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығын орындау қала (қаладағы аудандар) әкімі оған жүктелген функциялары мен міндеттерініңорындалуы туралы жылына бір рет қалалық мәслихат депутаттарының алдында есеп береді. Есептің және оны талқылаудың қорытындылары бойынша қалалық мәслихаттың шешімі қабылданады.

78. Қала (қаладағы аудандар) әкімінің есебі қалалық мәслихатқа, депуттар саны бойынша, оны сессияға қарастыруға кемінде бір апта қалғанда жазбаша түрде беріледі. Сол уақытта ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.

79. Есепті, депутаттар ұсыныстарын жинақтау үшін және шешім жобасын әзірлеу үшін мәслихат хатшысымен уақытша комиссия құрылады.

Есеп және шешім жобасы барлық тұрақты комиссияларда талқыланады.

80. Сессия қала (қаладағы аудандар) әкімінің есебін тыңдаудан басталады, содан кейін уақытша комиссияның төрағасы және депуттатар сөз сөйлейді. Қала (қаладағы аудандар) әкімі қажетті жағдайларда өз есебінде одан бұрын көрсетілмеген және оны талқылау барысында депутаттармен көтерілген сұрақтармен толықтырылады.

Есепті қарастыру нәтижелері бойынша мәслихаттың шешімі қабылданады, қайсысының орындалуы туралы қала (қаладағы аудандар) әкімі мәслихатпен белгіленген мерзімде депутаттарды хабардар етеді.
10. Сайлау комиссияларының кұрамын сайлау тәртібі
81. Сайлау комиссияларының кұрамын калыптастыру бойынша уақытша жұмыс комиссияны құру қалалық мәслихат хатшысы өкімінің негізінде, сайлау комиссияларын кұру туралы бұқаралық ақпарат кұралдарында хабарландыру жарияланғанға дейін 3 күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

Уакытша комиссияның құрамы депутаттардан және қалалық мәслихат аппараты қызметкерлерінен құрылады.

Сайлау комиссиялары өкілетгігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі күнтізбелік айдан кешіктірмей қалалық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларын кұру бойынша жұмыстың басталғандығы туралы хабарлайды. Хабарламада кұрылуға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының кұрамына сайлау үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстардың тапсыру мерзімі мен тәртібі, осы ұсьшыстар тапсырылатын мекен-жай көрсетіледі.

Сайлау органдарының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде саяси партиялар және басқа да коғамдык бірлестіктер ұсынылған сайлау комиссияларын көрсете отырьп формаға сәйкес жібереді, оларға қоса келесі қүжаттар тапсырылады:

1) Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың филиалдарының органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасының көшірмесі;

2) Саяси партияны және өзге де қогамдық бірлестікті, олардың филиалдарын әділет органдарында тіркеу туралы кұжаттың көшірмесі;

3) Кандидаттың тиісті маслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына катысуға келісімі туралы өтініші және кандидат туралы өмірбаяндық мәліметтері.

82. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың филиалдарынан, жоғары тұрған комиссиядан кұрылатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсынады.

Сайлау комиссияларының кұрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.

Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде, уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының кұрамына дауыс беруге ұсыныс енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жургізбеу ұсынылады.

Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны кандай саяси партия енгізгенін көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетенді дайындайды. Бюллетенге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстарының келіп түсу кезектілігімен қосылады.

Депутаттар бюлеттенге кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы тек жеті квадратка ғана белгі кояды. Алғашқа жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады.

Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша басқа да қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгізеді.

83. Рейтингілік дауыс бергеннен кейін Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы айтады. Бұл кандидатураны Есептеу комиссиясы мәслихат депутаттарының берген дауысының санына қарай анықтайтын болады. Депутаттар дауысы бірдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттар ашық дауыс беруімен анықталады.

Аймактық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары, хатшылары сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін кемінде жеті күннің ішінде сайлау комиссиясының отырысында сайланады.

Сайлау комиссияларын, олардың құрамын және мекен-жайын құру туралы шешімді заңмен белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады. Сайлау комиссияларының құрамын калыптастыру заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.


11. Сайлау комиссиялары құрамына өзгертулер енгізу тәртібі
84. Сайлау комиссияларының құрамына өзгертулер енгізу қалалық мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды калыптастыру саяси партиялар мен басқа да коғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі.

Сайлау комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес анықталады.

85. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар кабылданады. Босаған лауазымды ауыстыру ресми осы регламенттің 95, 98, 99 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Қарағанды қалалық мәслихатымен әкімді тағайындауына

келісім беру туралы


86. Қарағанды қалалық мәслихатына жоғары тұрған әкімнің әкімді тағайындау туралы ұсынысы түскеннен кейін мәслихаттың сессиясы шақырылады.

87. Әкімді тағайындау туралы ұсыныс алдын-ала қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралады.

88. Сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысымен жарыссөз ашылыуы мүмкін. Депутаттардың үміткерге немесе оның өкіліне сұрақтар қоюға құқығы бар.

89. Дауыс беру тәртібі депутаттардың жалпы санының көпшілігімен анықталады.



90. Әкімді тағайындауға келісім берілмеген жағдайда мәслихат шешімінде келісім бермеудің кеңейтілген дәлелі болуы қажет.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет