Қарағанды қаласы, №34 негізгі орта мектеп 9 «Ә» сынып оқушысы Абильдина Айгуль Жетекшісі: Магауиянова Гульдана Саятовна



Дата03.05.2016
өлшемі37.17 Kb.
Қарағанды қаласы, №34 негізгі орта мектеп

9 «Ә» сынып оқушысы Абильдина Айгуль

Жетекшісі: Магауиянова Гульдана Саятовна
«Ұстазға тағзым»

Ұстаз болу - өз уақытын аямау,



өзгенің бақытын аялау. 
                                                                                Ж.Ж.Руссо
Ұстаз!!! Ұлылық пен адамгершілік, парасаттылық пен мейірімділік қасиеттерін бойына жинаған ұлағатты тұлға. Ұстаз шәкіртінің болашағының іргетасын қалай отырып, оның мықты, берік әрі сәулетті болып жабдықталуына зор үлесін қосады. Қолымызға қалам мен кітапты ұстатып, білім мен қатар тәрбиені қоса ұштастыра отырып, өзінің бар білген білімі мен тоқығанын біздің бойымызға дарытады. Анамыз бізді дүниеге әкеліп, бағып қақса, ұстаз да екінші анамыздай бізді тәрбиелеп, «өмір» атты айдында кемеміз үнемі алға жүзе беруіне үлес қосатын тұлға.

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің мектебіміздің аяулы да құрметті ұстаздары өздерінің білімділіктері мен біліктіліктері арқасында тек бізді ғана оқытып қоймай, білім ордасының көркеюіне белсенді түрде ат салысып жүр. Мектеп қабырғасында жүрген кезіңде шалалығыңды жасырып, балалалығымызды түсініп, еркелете білетін екінші анамыз. Менің ұстазым бар. Ол кісі бізге сынып жетекші болып алғаш рет 8-сыныпта келген болатын. Есімі-Мағауиянова Гүлдана Саятқызы. Мен 1-қыркүйек күні қолыма гүл алып, топ арасынан ұстазымды іздей бастадым, ол кісі көрінбеді. Сыныптастарымның бойларының ұзындығы сонша, артымызда жай ғана күлімсіреп тұрған мұғалімді көрдім. Сол кезде мен таң қалып қарап қалыппын. Не себепті таңғалғанымды білесіздер ме? Себебі, ол кісінің ажарынан бір мейірімділік пен адалдықты көргендей болдым. Сонда ол кісі маған қарады да: «Сен 8 «Ә» сыныбында оқисың ба?»,- деп сұраған кезде таң қалғаным сонша, сасқанымнан қолымдағы гүлімді ұстата салыппын. Ол кісі маған қайта қарап күлімсіреді де: «Рахмет!» деп жауап қатты. Міне, содан бері 1жыл өтті. Мен ұстазыма әр мерекеде гүл сыйлап, 1-қыркүйектегі сол оқиға есіме түседі. Менің ол кісіге деген алғысым шексіз. Себебі, оқушы білімінің бастапқы іргетасы қалай қаланса, кейінгі болашақ өміріндегі жолдары да сондай болмақ. Бізді білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбиесін бойымызға сіңіру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан, мейірімін бізден аямаған сынып жетекшіміз- Мағауиянова Гүлдана Саятовнаны ерекше бір ыстық ықыласпен атағым келеді. Өйткені, ол кісінің біз үшін сіңірген еңбегі орасан зор. Біздің қуанған және мұңайған кезімізде жанымыздан табылып, анамыздай бізді аялаған, сыныптағы бар баланың тілін тауып, жаманын жасырып, жақсысын асыратын, өзінің табиғатына лайық сабырлы мінезімен баурап алатын қасиеті біз үшін үлгі-өнеге. Сынып сағаттары мен қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында бізге тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар өмірдің соқпағы мен кедергілерінен сүрінбей өтуге әрдайым жөн сілтеп отырады. Өмірдегі болған оқиғалардан мысалдар келтіре отырып, тағдырдың сан қилы белестерінен мойымай, қанатымыз талмай өту керек екенін айтып отырады. Үнемі сабағымызға сәттілік тілеп, дәрісімізді жақсы көңіл-күймен бастауға ықпал етеді. Мектепішілік шаралар мен жарыстарда да үнемі бізді қолдап, дем беріп отырады. Кішкентай болса да жеткен жетістіктерімізді жоғары бағалап, үмітімізге қанат бітіргендей болады. Біздің даралық ерекшелігіміз бен тұлғалық қабілеттерімізді ескере отырып, әрқайсымыздың тілімізді таба біледі. Жасаған қателіктерімізді де жасырмай, оның дұрыс-бұрыстығын өзіміз жете түсінуге мүмкіндік жасайды. Ол кісі өте ақкөңіл,ақ жүректі,мейірімді адам. Ұстазымыздың: «Бір қиындық болса, маған айтыңдар! Сендер өтпелі кезеңдесіздер,сақ болыңыздар...»-,деп үнемі шырылдап жүреді. Осындай парасаттылығы мен білімділігі, әдептілігі мен сабырлылығы бойына жарасқан мұғалімімізге қарап, менде келешекте шәкірті мақтайтын, ұжымы жоғары бағалайтын маман иесі болғым келеді. Өйткені, бала өзінен үлкен аға-әпкелердің іс-әрекеттеріне қарап, «Болмасаңда ұқсап бақ» дегендей, үлгі-өнеге алады. Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деп айтқан нақыл сөзінің мағынасын ұққандаймын. Тәуелсіз мемлекетіміздің көк туын желбірететін, сарабдал саясатымызды әрі қарай жалғастыратын әрине біз. Сондықтан да, ұстаз берген білімді бағалап, оны өмірлік азығымыз болатындай дәрежеде қабылдауымыз керек. Осы тұрғыда біздің мектептің ұстаздары талмай еңбек етіп, бар жақсылық пен шапағатын біздің саямызға дарытуға тырысуда. Ал сол еңбектің жемісін тек шәкірт жеке тұлға болып қалыптасып, мемлекетінің өсіп-өркендеуіне ат салысқан жағдайда ғана көруге болады.

Кейде біз балалық шақтың дәуренімен, шалалықтың арқасында мұғалімнің еңбегін бағалай алмай жатамыз. Ер жетіп, есейген тұста оны жете түсініп, ұстазыңның төзімділігіне қайран қаласың! Қайрат пен жігері сарқылмаған даралығы көпке үлгі болары айқын. Сөзімді қорытындылай келе, ұстаздарымның еңбегіне басымды иіп, мың алғыс айтамын!!! Төмендегі жүрегімнен шыққан өлең шумақтарын барлық ұстаздар қауымына арнаймын:

«Ұстаз деген ұлылық,

Ұстаз деген даралық.

Бойыңызға сіңірген

Даналық пен жылылық


Сізге қарап бой түзеп,

Үлгі-өнеге аламыз,

Ұлылықтың бастауы

Бір өзің деп білеміз»



Құрметті №34 негізгі орта мектептің ұстаздары! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке мен бірлік, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін! Шәкірттеріңіз сіз берген білімнен нәр алып, әрдайым қуанта берсін!!
Каталог: images -> files
files -> Тақырыбы: «Қыс» өлеңі. Абай Құнанбаев Мақсаттары: Абайдың "Қыс" өлеңімен таныстыра отырып, сол кездегі
files -> Рефератның тулы исеме 1 Ясемин Демирджи, магистрант
files -> Сабақтың тақрыбы: Сандықтың бетін әр түрлі ою-өрнекпен әшекейлеу
files -> Урок по Новой истории в 8 классе по теме: США в XIX веке: модернизация, отмена рабства и сохранение республики
files -> Коммуникатив компетенция (аралашу осталыгы) формалаштыру. Компетенция
files -> Элективный курс «Абсолютная величина (модуль)»
files -> Техническое задание на выполнение мероприятия
files -> Программа реализуется в рамках образовательной программы мбоу дод «цвр «Тулпар», спортивно-технической направленности


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет