Қарағанды облыс орталығЫ



Дата03.05.2016
өлшемі56.37 Kb.



Бірінші бесжылдық жылдарында Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы, темір жол кұрылысының өркен жаюы, жаңа колхоздар мен МТС-тердің, совхоздардың құрылуы және халық шаруашылығының барлық саласындағы ілгерілеушілік республикалық басқару органдары тарапынан тікелей барлық ауданға жетекшілікетудің қиын соғатындығын көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, ауқымды істерді жүзеге асыру, жан жақты басқаруды жетілдіру, әрі бағыт беру үшін республикалық органдар мен аудандар арасында партия және совет органдарын шоғырландырған дәнекерші буынның қажеттігін алға тартты. Осындай дәнекер, әрі тірек пункттері облыс болатын еді. Сондықтан БК(б)П Орталық Комитеті 1932 жылдың қаңтарында Қазақстанда облыстар ашу қажет деп шешті.



ҚАРАҒАНДЫ - ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ

Қазақ ОАҚ-нің 1932 жылғы 20 ақпандағы VIII шақырылған 2 сессиясының шешімімен Қазақстан аумағында 6 облыс құрылды. Ол Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары еді. («Советская степь» 22.02.1932 ж.). Бұл шешімді Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Президиумы сол жылдың 10 наурызында бекітті. Әр облыстың құрамына орташа алғанда 17-20 әкімшілік аудан енді.

Міне, осы алты облыстың бірі орталығы Петропавл қаласы болған Қарағанды облысы еді.

Оған кейінгі Солтүстік Казак-стан, Ақмола, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған облыстарының аумақтары түгелге жуық, ішінара Қостанай облысының бірқатар өңірі енген.

Орталығы Петропавл болған Қарағанды облысының құрамында қазіргі елді мекендерімізден Жаңаарқа, Нұра, Тельман және Шет аудандары ғана болды. Қарқаралы өңірі сол 1932 жылы орталығы Семей қаласы болған Шығыс Қазақстан облысына қарады. Тек аймақтың дамуы жаңа деңгейге көтеріліп, біртектес өңірлердің басын қосу қажеттігі туғанда 1934 жылдың 4 шілдесінде дербес Қарқаралы округі қүрылған. Ол Қарағанды болысынан бөлек болды. Орталығы Қарқаралы қаласы болып белгіленген округтің құрамына Орталық Казақстанның далалы аймақтары, мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өңірлері енді. Атап айтқанда, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының құрамында болған Баянауыл, Карқаралы, Қу аудандары, Қарағанды облысынан Жаңаарқа, Шет аудандары (Шет ауданы 1933 жылдың 22 ақпанында Алматы облысы құрамынан шығарылып, Қарағанды облысына қосылған), Алматы облысынан Қоңырат ауданы - барлығы 6 аудан Қарқаралы округін құрған. Баянауыл ауданының орталығы Баянауыл селосы, Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу селосы, Коңырат ауданының орталығы Ақтоғай селосы, Қу ауданының орталығы Егіндібұлақ селосы, Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы селосы болды. (Справочник по административно-территориальному делению Казахстана, А-А., 1959). Округтің құрылғандығын Бүкілресейлік ОАК 1934 жылдың 20 шілдесінде бекіткен.

Сөйтіп Казақстанда 1934 жылы өзіміз жоғарыда атаған 6 облыспен бірге 2 округ болды. Оның бірі Карқаралы округі болса, келесісі 1933 жылдың 1 шілдесінде Батыс Қазақстан облысының құрамындағы аудандардан құрылған Гурьев округі еді.

1936 жылдың 29 шілдесінде Бүкілресейлік ОАҚ-нің қаулысымен Казақстанда жаңа облыстар ашылды. Ақтөбе облысының құрамынан Қостанай облысы бөлініп шықты. Сондай-ақ осы қаулымен Қарағанды облысынан Солтүстік Қазақстан облысы бөлінді. Қарағанды облысының орталығы 1934 жылдың ақпанында қала мәртебесіне ие болған, индустрия орталығына айналған Қараганды қаласына көшірілді, ал Петропавл қаласы жаңадан ашылған Солтүстік Казақстан облысының орталығы болып қалды. Осы қаулымен Қарқаралы округі де таратылды. Оның қүрамындағы аудандар селолық Советтер ретінде Қарағанды облысының құрамына енді. Әкімшілік-аумақтық жаңа бөлініске байланысты бұрынғы Қарағанды облысына қараған Пресногорск ауданы жаңадан ашылған Қостанай облысының құрамына берілді. Солтүстік Казақстан облысының құрамына 16 аудан өтті. Ал Оңтүстік Казақстан облысының құрамында болып келген Карсақбай ауданы Қарағанды облысына қарады. Сөйтіп, орталығы Қарағанды қаласы болып, 1936 жылдың жазында құрылған Қарағанды облысының құрамына Ақмола, Нұра, Вишневск, Новочеркасск, Еркіншілік, Корғалжын, Тельман, Карсақбай аудандары мен Қарағанды қаласы, Жаңаарқа, Шет, Коңырат, Қу, Баянауыл, Қарқаралы жене Прибалхашстрой селолық советтері енеді. (Справочник по административно-территориальному делению Казахстана. А-А., 1959).

1939 жылғы қыркүйекте Қарағанды облысы құрамынан Ақмола (кейінгі Целиноград) облысы бөлініп шықты. Ал 1973 жылдың 10 наурызында Жезқазған облысы жеке отау болып бөлінді. 1977 жылы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жезқазған облысының аумағы қайтадан Қарағанды облысына қосылды.

Облыс орталығының Қарағанды қаласына көшірілуі өңірді одан ері дамытуға, басқару аппараттарының өмірге келуіне мұрындық болды. Бұған дейін өндірісті өңір саналып, жерасты мол байлығын алуға баса көңіл бөлініп, жаңа шахталар, завод-фабрикалар бой көтеріп, әлеуметтік-мәдени ошақтарының қатары күн санап өсіп келе жатқан өндіріс ошағы, ендігі жерде ірі әкімшілік орталыққа айналды.

Каланың 300 мың тұрғынға арналған бірінші бас жоспарын Мәскеудің жобалау институты 1938 жылы жасады. Облыс орталығы негізінен осы жоспарға сейкес салынды. Коғамдық және медени мекемелердің ғимараттары, көп пәтерлі тұрғын үйлер салына бастады. Аз мерзім ішінде қаланың тұрғын үй қоры 412 мың шаршы метрге дейін өсті.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1938 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қарағандыда үш аудан құрылды, олар: орталығы Киров атындағы шахта поселкесі болып табылатын Киров, орталығы Жаңа қаладағы Ленин жене Ескі қаладағы Сталин аудандары еді.

Қарағандының облыс орталығы мертебесін алуы оның мәдени өміріне тың леп әкелді. Соның ішінде осы жылдары өмірге келген Қарағандыдағы радиокомитеттің қазақ хоры республикамыздағы тұңғыш профессионал ұлттық көркемөнер ұжымдарының бірі болғаның айту керек. В.Орловтың жетекшілік етуімен құрылған қазақ хоры 1933 жылдан 1947 жылға дейін жүмыс істейді. Ұжым 18-20 адамнан тұрған, оның қатарында халық таланттары З.Жұбатова, Қ.Байжанов, солистер Қ.Мұстафин, Ж.Қартабаева, Қ№Бабақов, домбырашы Баязитов, қобызшы Д.Мықтыбаев тәрізді басқа да көптеген өнерпаздар болды. Хор Алматы жене Мескеу қалаларында болған республикалық және бүкілодақтық байқауларға әлденеше рет қатысады.

Бүгінде барша елімізге танымал С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының да іргетасы сол жылдары қаланған. 1936 жылы ұжымға профессионал театр атағы берілді. Оған орайлас К.Станиславский атындағы орыс драма театры да өмірге келді. Ақын Тайжан, артистер Қ.Байжанов, Ж.Шашкина, З.Жұбатова, М.Сүртібаев, Ж.Тоғандықов жене басқалары 1936 жылғы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Одан өнерпаздарымыздың тамаша табыспен оралғаны тарихтан белгілі.

Қараганды топырағында тұңғыш дыбысты фильм шахтерлердің орталық клубында 1935 жылдың 20 сәуірінде көрсетілсе, сол жылы қаладағы алғашқы «Қазақстан» кинотеатры ашылды. Облыста кітапхана қызметінің бұқаралық түрлері осы жылдардан бастап өріс алды. Меселен, 1937 жылы жұмысшылардың орталық клубында Қарағандыдағы тұңғыш едеби кеш өтіп, оған қазақтың белгілі жазушылары мен артистері қатысты.

Өндіріс ошақтары онсыз да дамудың даңғыл жолына түссе, қала атанғанына небары екі жылдан сел асқан Қарағандының облыс орталығы мәртебесін иеленуі халық ағарту, денсаулық сақтау салалары тәрізді, өңірдің мәдени өміріне де осылайша тың серпіліс екелді. Қарағанды қаласы шын мәнісінде іргелі өнер ошағына айнала бастады. Бір кездегі шағын көлемде қалалық газетретінде жарық көрген басылымдар облыстық газеттерге айналды. Бір сөзбен айтқанда Қарағанды қаласының жаңадан құрылған Қарағанды облысының орталығы болуы оның ендігі күнде бір бағытта ғана емес, жан-жақты, түрлі салада дамып, одан ері өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді.
Аман Жанғожин,

Ермағамбет Лұқпан.


СУРЕТТЕ: қарағандылық өнерпаздар (солдан оңға қарай) Жабай Тоғандықов, Қали Байжанов, ақын Доскей Әлімбаев жене Забира Жұбатова.
Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Karagandy tarihy
Karagandy tarihy -> Тоқырауды тудырған толқу
Karagandy tarihy -> Зобалаң жылдарында Қазыналы қарашаңырақ
Karagandy tarihy -> Қазыналы қарашаңырақ
Karagandy tarihy -> Стахановшылар қозғалысы Қазыналы қарашаңырақ
Karagandy tarihy -> Қазыналы қарашаңырақ
Karagandy tarihy -> Донбастан түскен десант Қазыналы қарашаңырақ
Karagandy tarihy -> Қазыналы қарашаңырақ
Karagandy tarihy -> Алғашқы жұмысшы толқулары Қазыналы қарашаңырақ
Karagandy tarihy -> Облыс картасы алдында
Karagandy tarihy -> Қазыналы құтты өлке Қарағанды облысының құрылғанына – 70 жыл


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет