Қарағанды облысы аумағындағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және қайта атау, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын белгiлеу ережесiн бекiту туралы



жүктеу 245.53 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі245.53 Kb.
: files -> NPA
NPA -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
NPA -> «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»
NPA -> «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру»
NPA -> Инструкция по контролю и продлению срока службы металла основных элементов турбин и компрессоров энергетических газотурбинных установок
NPA -> Инструкция по защите трубопроводов тепловых сетей от наружной коррозии рд 34 рк. 0-20. 518-05 «Типовая инструкция по защите трубопроводов тепловых сетей от наружной коррозии»
NPA -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №244 бұйрығы
NPA -> Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240. 00-нысан) Жалпы ережелер
Қарағанды облысы аумағындағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және қайта атау, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын белгiлеу ережесiн бекiту туралы

Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 30 мамырдағы N 12/16 қаулысы. Қарағанды облысының Әдiлет департаментiнде 2007 жылғы 10 шiлдеде N 1831 тiркелдi


"Орталық Қазақстан", 2007 жыл 26 шiлде N 116-117


    "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-3) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақпараттандыру мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2007 жылғы 13 сәуiрдегi N 90-ө өкiмiн жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Қарағанды облысы аумағындағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және қайта атау, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын белгiлеу ережесi бекiтiлсiн.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Б.С. Камалиевке жүктелсiн.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

     Қарағанды облысының әкiмi              Н. Нығматулин

Қарағанды облысы   


әкiмдiгiнiң 2007 жылғы
30 мамыр N 12/16   
қаулысымен бекiтiлген

Қарағанды облысы аумағындағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және қайта атау, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын белгiлеу ережесi

    Осы Қарағанды облысы аумағындағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және қайта атау, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын белгiлеу ережелерi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы ", 2001 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы " Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы ", 1997 жылғы 11 шiлдедегi " Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңдарының талаптарына сәйкес Қарағанды облысы елдi мекендердiң басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беру, көрсеткiштер орнату және пайдалану талаптарын анықтауды бiрыңғай тәртiпке келтiру мақсатында әзiрленген.



1-бөлiм. Негiзгi ережелер

1-тарау. Ережеде пайдаланылатын түсiнiктер

    Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:

    мекенжай - Қарағанды облысының белгiленген шекарасы шегiнде объектiнiң (жер учаскесiнiң, ғимараттың, имараттың) орналасу орнының (орналасқан жерi) жинақталған деректемелерiнiң белгiленген құрылымдық сипаттамасы;

     саяжол - екi жағынан ағаштармен, бұталармен, құлпырған өсiмдiктермен шектелген жаяу жүргiншiлер көшесi немесе жол;

     желекжол - жаяу жүргiншiлер қозғалысы және қысқа мерзiмдi демалысы үшiн тағайындалған және жағаланған екi немесе бiр жағынан бөлiнген көгалдандырылған кең жолақ

     қосып салынған объектiлер - ғимараттар мен имараттарда ғимараттардың (имараттардың) қасбетiн қайта жаңартпай және жеке кiру жасамай ұйымдастырылған объектiлер, ғимараттың (имараттың) қайта құрылған бөлiгiнiң функционалдық маңызы өзгеруi мүмкiн;

     ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк үдерiстi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және тағы басқаларды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын көтергiш және қоршау құрылымдарынан тұратын, мiндеттi түрде жерге орныққан тұйықталған көлемдi құрайтын, жасанды құрылыс. ғимараттың жер асты бөлiгi болуы мүмкiн;

     инвестор - қолданыстағы заңнамаға сәйкес және (немесе) тартылған қаражаттарды қолданумен көше (өзге де қала құрылысы элементтерi) атауларының көрсеткiштерiн және ғимараттардың (имараттардың) реттiк нөмiрлерiн әзiрлеуге және орнатуға ниет бiлдiрген тұлға;

     қала құрылысы элементiнiң санаты - функционалдық қала құрылысы нысанын және объектiнiң (шағын аудан, ғимарат, имарат, көпiр, көлiк айырымы (айналым), фонтан, тас жол, даңғыл, көше, желекжол, саяжол, өту жолы, қысқа көше, тұйық көше және басқалар) ерекшелiгiн сипаттайтын қала құрылысы элементiнiң бөлiнбес бөлiгi;

     квартал - магистралды көшелермен, қысқа көшелермен бөлiнбеген құрылыстың құрылымдық бөлшегi;

     ландшафты-оңалту аумақтары - қалалық ормандары, орман саябақтар, орман қорғау аймақтары, сутоғандар, ауыл шаруашылығының пайдаланудағы жерлер және iрiктелген аумақтарда орналасқан, ашық кеңiстiк жүйесiн қалыптастыратын саябақтармен, бақтармен және желекжолдармен қоса басқа да пайдалы жерлерi бар аумақтар;

     магистралды жолдар - қалалар және басқа елдi мекендер арасында көлiктiк байланыс үшiн белгiленген жол;

     шағын аудан - қаланы қалыптастыратын көшелермен бөлiнбеген шекарада, не болмаса қоныстану, не болмаса өндiрiстiк, не болмаса ландшафты-оңалту аумағы болып табылатын құрылыстың құрылымдық-жоспарлау элементi;

     атаулар - шағын аудандарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, алаңдарға, қалалық және селолық елдi мекендердiң өзге де құрылымдық элементтерге берiлген, оларды бөлу және тану үшiн қызмет ететiн жеке атаулар;

     ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк - кеңесшi орган;

     сәулет органы - сәулет және қала құрылысы саласын реттеудi жүзеге асыруға әкiмдiкпен уәкiлеттiк берiлген жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

     тiлдердi дамыту органы - тiлдердi дамыту саласын реттеудi жүзеге асыруға және ономастикалық комиссия қызметiн үйлестiруге әкiмшiлiк - аумақтық бiрлiкке сәйкес әкiмдiктен уәкiлеттiлiк берiлген, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

     өту жолы - көлiк құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға және екi көше арасындағы (екi "т" тәрiздi қысқа көшелер құрайды) көлiктiк байланысты қамтамасыз ететiн ауданiшiлiк, шағын ауданiшiлiк, кварталiшiлiк қалалық және кенттiк құрылыс объектiлерiне өтуiн қамтамасыз ететiн негiзгi немесе екiншi дәрежелi өту жолы;

     объектiнiң реттiк нөмiрi - объектiнiң мекен-жай құрылымының элементi: атауы (көше, шағын аудан және басқалар) бар объектiлерге берiлетiн әрiптер және (немесе) бөлшектер қосылу мүмкiндiгiмен бiрiздiлiк цифрдан тұратын объектiнiң жай нөмiрi;

     жапсаржай объектiлерi - ғимаратқа, имаратқа жапсаржай салынған қосымша орын-жай салу жолымен ғимараттарда және имараттарда ұйымдастырылған, сонымен қатар, ереже бойынша өздiгiнен функционалдық маңызы бар объектiлер;

     түбегейлi жоспарлау жобасы - құрылыстың сәулеттiк - кеңiстiк және инженерлiк - экономикалық шешiмiн айқындау мақсатында қалалардың және басқа елдi мекендердiң бас жоспары негiзiнде жеке бөлiктерi үшiн әзiрленген жоба;

     өндiрiстiк аумақ - өнеркәсiптiк кәсiпорындарды және солармен байланысты объектiлердi орналастыруға арналған аумақ, тәжiрибелiк өндiрiстермен бiрге ғылыми мекемелердiң, коммуналдық - қоймалық объектiлердiң, сыртқы көлiк имараттарының, қаладан тысқары және қала төңiрегiндегi құрылыстардың кешенi;

     даңғыл - жалпықалалық маңызы бар магистралды жол немесе магистралды көше;

     бақ-саябақ - қала, кент немесе селоның қоныстану аумағында ұйымдастырылған және үштен он гектарға дейiнгi ауданымен халықтың бұқаралық демалуына арналған тұйық шекаралармен анықталған жалпы қолданыстағы оқшауланған көгалдандырылған аумақ

     санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсiп орындары мен елдi мекендегi басқа да өндiрiстiк, коммуналдық және қоймалық объектiлердi жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және имараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуiн әлсiрету мақсатында бөлiп тұратын аумақ

     қоныстану аумағы - тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-iскер) және оңалту аймақтарын, сондай-ақ инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының жекелеген бөлiктерiн, орналасуы мен қызметi арнаулы санитарлық қорғаныш аймақтарын талап етуге әсер етпейтiн басқа да объектiлердi орналастыруға арналған елдi мекен аумағының бөлiгi;

     шағынгүлбақ - қала, кент немесе селоның қоныстану аумағында ұйымдастырылған және үш гектардан аспайтын ауданымен халықтың бұқаралық демалуына арналған тұйық шекаралармен анықталған жалпы қолданыстағы оқшауланған көгалдандырылған аумақ

     имарат - жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк үдерiстердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға, немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды ауқымды, тегiстiктi немесе сызықты объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Имарат көркемдiк - эстетикалық, әшекейлi - қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкiн;

     тұйық - көлiк құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға және көше арасындағы (бiр "т" тәрiздi қысқа көшелер құрайды) көлiктiк байланысты құрамайтын ауданiшiлiк, кварталiшiлiк қалалық құрылыс объектiлерiне өтуiн қамтамасыз ететiн негiзгi немесе екiншi дәрежелi өту жолы;

     көрсеткiш - жарық түсiретiн, жарықты шағылыстыратын, контрастық объектiлердi, материалдарды пайдалана отырып құрылған, азаматтарды сол немесе басқа көше, ғимарат немесе имараттың орналасуы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету үшiн белгiленген түсiндiрме жазулары, цифрлары бар геометриялық нысанда белгiленген түрлi-түстi бейне;

     қаланың бөлiгi (қала құрылысының элементi) - алаң, даңғыл, желекжол, көше, қысқа көше, саябақ, тұрғын үй ауданының бағы, шағынгүлбақ және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерi. Осы Ережеде қаланың бөлiктерi деп әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (денсаулық сақтау, бiлiм, мәдениет және тағы басқа) айтылуы мүмкiн.

2-тарау. Көрсеткiштердi орналастыру және пайдалану, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын, қалалар немесе басқа елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және қайта атау белгiлеу саласында мемлекеттiк реттеу

     2. Қаладағы немесе басқа елдi мекендердегi аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөлiктерiне атау беру, жер учаскелерiне, ғимараттарға және имараттарға реттiк нөмiр беру, көрсеткiштердi орнату және пайдалану, оларды ретке келтiрудi мына мемлекеттiк органдар жүзеге асырады:

     1) сәулет органдары;

     2) тiлдердi дамыту органдары.

     3. Сәулет органының мынадай өкiлеттiктерi бар:

     реттiк нөмiрi жоқ ғимараттарды, имараттарды және өзге де объектiлердi анықтап, оларға меншiк иесiнiң бұйрығы бойынша реттiк нөмiр бередi;

     атауы жоқ көшелер тiзiмiн; атаулары ұқсас көшелер тiзiмiн; жылжымайтын мүлiктiң бұзылуына байланысты болған атауларды жойылған көше тiзiмiн қалыптастырады және оларды қайта атау немесе атау беру жөнiндегi ұсыныстарын бiлдiредi;

     атау беруде қолданылатын жолдар және көшелер санаттарымен қоса атауға немесе қайта атауға жататын қала құрылысы элементтерiнiң санаттарын анықтайды;

     Тiлдердi дамыту органымен Қарағанды облысының қалалары мен басқа елдi мекендерiнiң көшелерi көрсеткiштерiнiң, ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрi көрсеткiштерiнiң, көше атауларының бұрыштық көрсеткiштерiнiң нобайын келiседi;

     жеке объектiлердiң реттiк нөмiрлерiне атау беру немесе өзгерту туралы бұйрықтар көшiрмелерiн, жылжымайтың мүлiкпен мәмiленi, қалалар және басқа елдi мекендер бөлiгiне атау беру және (немесе) өзгерту туралы ақпаратты тiркеудi жүзеге асыратын органға ұсынады;

     мемлекеттiк қабылдау немесе қабылдау комиссиясының құрамы пайдаланымға ғимараттарды және имараттарды қабылдау бойынша осы Ережеге сәйкес көшелер қиылысында (тоғысуында), ғимараттар және имараттар қасбеттерiнде ғимараттар және имараттар реттiк нөмiрлер көрсеткiштерiнiң, көшелер және шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiнiң орналасуын және барын бақылайды;

     ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрi көрсеткiштерiнiң жағдайын, ғимараттар мен имараттардың қасбеттерiнде көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн, тоғысуында белгiленген көшелердiң көше атауларының бұрыштық көрсеткiштерiн бақылайды;

     ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрлер көрсеткiштерiнiң жоғалу, бұзылу, механикалық сыну деректерi, көше атауларының бұрыштық көрсеткiштерi анықталғанда және жоғалған немесе бұзылған көрсеткiштердi ауыстыруға тиiстi тұлғалармен қабылданбаған деректер белгiленгенде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шаралар қолданады;

     осы Ереженiң 3-бөлiм 6-тарауның 49-тармақшасында қарастырылған жағдайлардан басқа көше атауларының бұрыштық көрсеткiштерiн қондыруды, сондай-ақ оларды жөндеудi қамтамасыз етедi.

     4. Тiлдердi дамыту органдарының мынадай өкiлеттiктерi бар:

     шағын аудандар, даңғылдар, желекжолдарлар, көшелер және тағы басқа атаулардың дұрыс жазылуына, сондай-ақ көрсеткiштердегi атаулар транскрипциясының дұрыстығына тексерiс жүргiзедi;

     ғимараттар мен имараттарды пайдалануға беру жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау немесе қабылдау комиссиясының құрамындағы ғимараттар мен имараттар реттiк нөмiр көрсеткiштерiнде жазылған ақпараттардың, көше қиылысы (қиылыс), көше мен шағын аудандар, басқа көрсеткiштердегi ғимараттар мен имараттар салынған (тұрғызылған) қасбеттердегi көрсеткiштердiң дұрыс жазылуына бақылау жасайды.

3-тарау. Қарағанды облысының қалалары мен басқа елдi мекендерiнiң аудандарына, шағын аудандарына, көшелерiне, даңғылдарына және басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру (қайта атау), олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту тәртiбi

     5. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк - аумақтық құрылысы туралы заңнамамен белгiленген тәртiпте Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар қалалар (бұдан әрi - қалалар) және басқа елдi мекендер бөлiктерiнiң атаулары оларды бөлуге және оларды кеңiстiкте тануды қамтамасыз ету үшiн берiледi.

     6. Атау беру мынадай кезеңдермен жүргiзiледi:

     1) сәулет органы тiлдердi дамыту органына қаланың немесе басқа елдi мекен атаулары берiлмеген, не болмаса кеңiстiк орналасу элементтерi сызбасының қосымшасы мен атаулары ұқсас бөлiктерiнiң тiзбесiн жiбередi. Аталған тiзбемен бiрге сәулет органы сол жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiн (олар бар болған жағдайда) бұзуға байланысты жойылған көшелердiң тiзбесiн ұсынады;

     2) тiлдердi дамыту органы Қарағанды облысының елдi мекендерi мен қаланың құрамдас бөлiктерiн атау (қайта атау) немесе транскрипциясын өзгерту мәселесiне байланысты келiп түскен ұсыныстарды қарап, тоқсанына бiр рет өткiзiлетiн ономастикалық комиссия отырысының (отырыстарының) қарауына ұсынады;

     3) ономастикалық комиссия отырыста қаралған мәселелер бойынша ұйғарым жасап, аудан, қала, облыс әкiмдiктерiне елдi мекен, қаланың құрамдас бөлiктерiне байланысты нысандарды атау (қайта атау) туралы ұсыныстар енгiзедi;

     4) аудан немесе қала әкiмдiктерi ономастикалық комиссия ұсынған қалалар және Қарағанды облысының басқа елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiн атау мәселелерiмен келiсiп мәслихат қарауына енгiзедi, не болмаса ұсыныстарды қабылдамай, тiлдердi дамыту органына керi қайтарады.

     5) қала немесе аудан мәслихаты әкiмдiктiң қала және елдi мекендерге, қаланың құрамдас бөлiктерiне атау беру жөнiндегi шешiмiмен келiседi және қала және елдi мекендер бөлiктерiне атауды бекiтедi, не болмаса әкiмдiктiң шешiмiн қабылдамай, материалдарды әкiмдiкке қайтарады;

     6) қала немесе аудан мәслихаты мен әкiмдiгiнiң қала және елдi мекендер бөлiктерiне атау беру (қайта атау) туралы шешiмдерi қала құрылысы бөлiктерiнiң кеңiстiк ережесi сұлбасының мiндеттi қосымшасы мен оның шекараларының нақты анықтамасы бар мүдделi мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға жеткiзiледi.

     7. Қаланың және елдi мекеннiң бiр бөлiгiне бiрнеше атау беруге жол берiлмейдi. Бұрылыстары отыз градустан жоғары болған жағдайларда даңғылдардан (көшелер, қысқа көшелер, өту жолдары) басқа, мұндай жағдайларда қала бөлiгiнiң бұрылыс орындарына оқшауланған атау беруге жол берiлмейдi.

     Бiр санаттағы қала құрылысының бiрнеше бөлiктерiне бiр атау беруге жол берiлмейдi.

     8. Қала құрылысы элементi (даңғыл, көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар және тағы басқалар) қиылысқан жағдайда қалыптасқан учаскеге жеке атау беруге жол берiледi.

     9. Қаланың және жеке елдi мекен аумақтарын кезең-кезеңiмен игерген жағдайда қала құрылысы элементiн оқшауланған, атаулары қисынды байланысқан, осы қала құрылысы элементiнiң уақыт iшiнде iс жүзiнде қалыптасу және салыну кезеңiне сәйкес келетiн жекелеген учаскелерге бөлуге жол берiледi.

2-бөлiм. Қарағанды облысының қалалары және басқа елдi мекендерiнiң жер учаскелерiне, ғимараттарына және имараттарына реттiк нөмiр беру, көрсеткiштер орнату және пайдалану

     10. Шағын аудандардың, көшелердiң, ғимараттардың, құрылыстардың және қалалар мен басқа елдi мекендердiң басқа да объектiлерiнiң орналасуын (орналасқан жерi) анықтаудың бiрыңғай жүйесi жер учаскелерiне, ғимараттарға және имараттарға реттiк нөмiр беру, көрсеткiштер орнату және пайдалану Қарағанды облысының аумақтарында қалыптастыру үшiн тағайындалған.

     11. Қарағанды облысының аумағында орналасқан әрбiр жер учаскесi, ғимараттар мен имараттардың өздерiнiң бiрегей мекенжайы болуы керек.

     12. Осы Ережеге сәйкес реттiк нөмiр берiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерi:

     1) жер учаскелерi (игерiлмеген және құрылыс салынған);

     2) ғимараттар;

     3) имараттар болып табылады.

     13. Қарағанды облысының қалалары мен елдi мекендерi үйлерiнiң, ғимараттары мен имараттарының қасбеттерiндегi, даңғылдардың, көшелердiң, қысқа көшелердiң қиылыстарындағы периметрлер бойынша көрсеткiштердiң мынадай үлгiлерi орналасады:

     көшелердiң атауларының көрсеткiштерi;

     шағын аудандардың атауларының көрсеткiштерi;

     көшелердiң қиылыстарында (қиылысу орны) орналасқан көше атауларының бұрыштама көрсеткiштерi;

     ғимараттар, имараттардың реттiк нөмiрлерiнiң көрсеткiштерi.

     14. Көрсеткiштiң типтiк нобайлары сәулет органының тiлдердi дамыту органдары келiсiмiмен бекiтiледi.

     15. Қарағанды облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумағында орналасқан көшелер атауларының бұрыштама көрсеткiштерi көшелердiң, шағын аудандардың атауларының көрсеткiштерi, ғимараттар, имараттардың реттiк нөмiрлерiнiң көрсеткiштерi белгiленген тәртiпте бекiтiлген Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңнамасы талаптарына, техникалық талаптарға, осы Ережемен белгiленген үлгiлiк нобайларына мiндеттi түрде сәйкес болуы керек.



4-тарау. Реттiк нөмiрлер беру талаптары

     16. Ғимараттар, корпустар, құрылымдар, имараттар, жер учаскелерiнiң реттiк нөмiрлерi - цифрлардың ретiмен жасалатын әрiптер (А,Б,В,Г және тағы басқа есiмдiк болатын әрiптерден басқа мысалы "Я" әрiпi), алфавиттердiң қазақ әрiптерiн (ә, I, ғ, қ, ң, ө, ү, ұ, Һ) және айтылуы қиын әрiптердi (дыбысталмайтын), не болмаса цифрларға ұқсас әрiптердi (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) қосу мүмкiндiгi немесе қосалқы белгiсi, қосымша толық цифрлар арқылы тұратын объектiлер мекенжайларының деректемелерi.

     17. Егер бiр жер учаскесiнде екi және одан да көп бiрдей сәулеттiк үйлесiмiн құрайтын немесе бiр сәулеттiк - құрылыстық кешеннiң бөлiгi болып табылатын ғимараттар, корпустар, құрылымдар, имараттар салынған (бар болса) болса, ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, имараттардың жер учаскелерiнiң реттiк нөмiрлерiне әрiптер қосылады.

     18. Егер ғимарат, корпус, құрылым немесе имарат квартал iшiнде орналасып және ғимараттың, корпустың, құрылымның немесе имараттың бiр де қасбетi қалалық магистралға шықпаса ғимараттар, корпустар, құрылымдар, имараттар реттiк нөмiрiне бөлшек белгiсi арқылы қосымша толық сандар қосылады. Бұл жағдайда негiзгi реттiк нөмiр болып ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың нөмiрленуiне жақын ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың реттiк нөмiрi қабылданады.

     19. Ғимараттардың, имараттардың және өзге де құрылымдардың мекенжайларына мынадай мiндеттi деректемелерi: көше атаулары, ғимараттардың, корпустардың немесе құрылымдардың, имараттардың реттiк нөмiрлерi болуы керек.

     20. Жер учаскелерiне мынадай мiндеттi деректемелер:

     көше немесе шағын ауданның атауы, жер учаскесiнiң реттiк нөмiрi кiретiн шартты мекенжай болуы керек.

     21. Объект мекенжайының құрылымы объектiнiң түрi мен оның орналасқан жерiнiң географиялық жағдайымен ғимарат, имарат, жер учаскесi анықталады.

     22. Шағын аудандар, өндiрiстiк аумақтар, табиғатты қорғау кешендерiнiң (тарихи және сәулет ескерткiштерiнiң жиынтығы) атаулары, реттiк нөмiрi анықталатын объектiнiң орналасқан жерi тиiстi шағын ауданның, өндiрiстiк аймақтың, табиғатты қорғау кешенiнiң белгiленген шекараларында объект орналасқан жағдайда объектiнiң мекенжайына қосылатын болады.

     23. Даңғылдың, көшенiң (қысқа көше, алаң) атауына қатысты объектiнiң нөмiрленуi Қарағанды облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң көшелерi атауларының ресми тiзiмiне және нөмiрленетiн объектiнiң және көше-жол желiсi элементтерiн оңтайлы ұсынуға сәйкес қысқа көшелердiң, жолдардың және алаңдардың атауларын нақтылай отырып, даңғылдардың, көшелердiң, қысқа жолдардың, алаңдардың ресми мекенжай сұлбасына сәйкес қабылданады.

     24. Қарағанды облысының қалалары және басқа елдi мекендер көшелерiнiң атауларының ресми тiзiмi және нөмiрленетiн объектiнiң және Қарағанды облысының қалалары және басқа елдi мекендер даңғылдарының, көшелерiнiң, қысқа көшелерiнiң, алаңдардың және басқа да құрылымдық элементтерiнiң ресми мекенжай сұлбасы алаңдардың атаулары электронды түрде құрылады және Қарағанды облысының қалалары және басқа елдi мекендер аумағындағы қала құрылысы объектiлерiн және элементтерiн атау, қайта атау туралы, соның iшiнде мұрағат материалдарын пайдалана отырып, облыстық ақпараттық жүйе жүргiзу негiзiнде Қарағанды облысының Мемлекеттiк қала құрылысы Кадастрының базасында облыстық ақпараттық жүйе жүргiзу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер немесе кәсiпорындар жүргiзедi.

     25. Қарағанды қаласының көшелерiнiң атауларының ресми тiзiмi және нөмiрленетiн объектiнiң және Қарағанды қаласының даңғылдарының, көшелерiнiң, қысқа көшелерiнiң, алаңдардың және басқа да құрылымдық элементтерiнiң ресми мекенжай сұлбасы алаңдардың атаулары электронды түрде құрылады және Қарағанды қаласының аумағындағы қала құрылысы объектiлерiн және элементтерiн атау, қайта атау туралы, соның iшiнде мұрағат материалдарын пайдалана отырып, қалалық ақпараттық жүйе жүргiзу негiзiнде Қарағанды қаласының кадастрлық базасында қалалық ақпараттық жүйе жүргiзу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер немесе кәсiпорындар жүргiзедi.

     26. Жер учаскесiнiң, ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың реттiк нөмiрi сәулет органының облыстық ақпараттық жүйе және қалалық ақпараттық жүйе мәлiметтерiмен объектiнiң реттiк нөмiрiн алдын ала келiсу бойынша жобалауға, не болмаса құрылыс салуға жер телiмiн бөлу бойынша рұқсат беру құжаттамасын әзiрлеу сатысында белгiленедi.

     Жер учаскесiнiң, ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың реттiк нөмiрi сәулет органы жекелеген объектiлердi бұзу нәтижесiнде қаланың бiр бөлiгi объектiлерiнiң нөмiрленуi оннан артық бiрлiкке бөлiнген (жоғалған) жағдайда өзгертiлуi мүмкiн.

     27. Оңтүстiктен солтүстiкке қарай құрылыстың үздiксiз үдерiсiн құрайтын және магистралдарда орналасқан ғимараттарға реттiк нөмiр беру және нөмiрлеу көшенiң сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен оңтүстiктен солтүстiкке қарай жүргiзiледi.

     28. Батыстан шығысқа қарай құрылыстың үздiксiз үдерiсiн құрайтын және магистралдарда орналасқан ғимараттарға (үйлерге) реттiк нөмiр беру және нөмiрлеу көшенiң сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен батыстан шығысқа қарай жүргiзiледi.

     29. Әртүрлi санаттағы көшелердiң қиылысында орналасқан ғимараттарға магистралды көшелердiң сыныптамасына сәйкес жоғары санаттағы көше бойынша реттiк нөмiр берiледi.

     30. Санаттары тең көшелердiң қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың қасбетi шығатын болса қала орталығына бағытталған көше бойынша реттiк нөмiр берiледi. Егер бұрышқа бiр ғимараттың екi теңмағыналық қасбетi шықса жүргiншiге қаланың орталығына бағытталған көше бойынша реттiк нөмiр берiледi. Егер ғимараттың бас қасбетi ауланың iшiнде болса реттiк нөмiр ғимарат созылған бойы көше бойынша берiледi.

     31. Алаң периметрiн құрайтын ғимараттарға реттiк нөмiр беру орталық жақтан бас магистралдан бастап сағат тiлi бойынша жүргiзiледi. Егер бұрыштағы ғимарат қасбетке ие болса және жанасқан көше бойымен ұзындығы едәуiр болған жағдайда оны нөмiрлеу алаң бойынша емес, көше бойынша жүргiзiледi.

     32. Қала аумақтарына жаңа құрылыс салуды қалыптастырған жағдайда, осы Ереженiң 27, 28-тармақтарын орындау мүмкiн болмаған кезде, осы аумақтарда ғимараттарға (үйлерге) керiсiнше тәртiпте реттiк нөмiрлер беруге және нөмiрлеуге, яғни, солтүстiктен оңтүстiкке не болмаса шығыстан батысқа қарай, көшенiң оң жағы бойынша тақ нөмiрлермен және сол жағы бойынша жұп нөмiрлермен жүргiзуге жол берiледi.

     33. Осы аумақта орналасқан ғимараттар, имараттарды нөмiрлеудi жүзеге асыруға қатысты негiзгi ғимарат жер учаскесiнiң аумағында анықталады. Негiзгi ғимараттың реттiк нөмiрi көшелердiң белгiленген жiктелуi ескерiлiп анықталады.

     34. Жер учаскесiнiң аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға, имараттарға, негiзгi ғимараттың нөмiрi және Ережеге сәйкес корпустың немесе құрылымның қосымша нөмiрi берiледi. "корпус" немесе "құрылым" көрсеткiштерi қажет болған жағдайда ғимараттың орналасқан жер учаскесi аумағының функционалдық пайдалануын ескерiп, ғимараттардың функционалдық мақсатына және жақын орналасқан ғимараттарды нөмiрлеуге байланысты анықталады.

     35. Ғимараттарды нөмiрлеу бас ғимараттың орналасуын ескерiп, жер учаскесiнiң аумағына бас кiре берiсiнен басталады.

     36. Жеке немесе заңды тұлғаға меншiк, жалдау немесе өзге де заттай құқығында тиесiлi жер учаскесiнде қосымша бiр немесе бiрнеше жылжымайтын мүлiк объектiлерiн салған жағдайда корпустың немесе құрылымның қосымша нөмiрiн қоса әр объектiге реттiк нөмiр берiледi.

     37. Тiзбектегi нөмiрмен (объектiлердi тұрғызу) нөмiрленген екi ғимараттың, құрылымның арасында орналасқан ғимараттарды, құрылымдарды нөмiрлеудi тиiстi объектiнiң төменгi нөмiрiн осы Ережеге сәйкес әрiп немесе бөлшек қосып жүргiзу керек.

     38. Дербес объектiлердiң (ғимараттар, имараттар) белгiлерi бар жапсаржай және қосып салынған объектiлерге толық санға қосымша бөлшек арқылы негiзгi ғимараттың нөмiрiне қосымша дербес реттiк нөмiр берiлдi.

     39. Қоршауларды, көпiрлердi, қазылған шұңқырларды, құдықтарды, жертөлелерге, ауладағы тас жабындарды, жаяужолдарды және осылар тәрiздес объектiлердi есептемегенде, имараттардың ("негiзгi ғимарат" болмаған жағдайда) реттiк нөмiрi "имар." көрсеткiшi мен құрылыс нөмiрi қосылып берiледi.

     40. Игерiлген, бiрақ нөмiрленбеген жер учаскелерiне аталған жер учаскесiнiң шегiнде салынған ғимаратқа, имаратқа нөмiр берiледi.

     41. Жер учаскесiне бiр жер учаскесiнiң аумағы шегiнде бiрнеше ғимараттар, имараттар, басқа да объектiлер орналасқан жағдайда жер учаскесiне негiзгi ғимараттың, имараттың нөмiрi берiледi.

     Игерiлмеген жер учаскесiне осы Ережеге сәйкес қарапайым реттiк нөмiрi берiледi, бұл жағдайда мына талаптарды сақтау қажет: әрбiр жер учаскесiнiң өзiнiң бiрегей реттiк нөмiрi болуы қажет және жер учаскелерiне реттiк нөмiр жер учаскелерiнiң осы немесе басқа қала құрылысы бiрлiгiне (көше, даңғыл, алаңдар және тағы басқа) қатысты (жапсаржай) негiзiнде берiледi.

     42. Нөмiрленген игерiлмеген жер учаскесiнiң аумағынан жаңа ғимарат, имарат салғанда тұрғызылатын объектiге нөмiрлеудiң жалпы тәртiбiн сақтаған жағдайда аталған жер учаскесiнiң шартты реттiк нөмiрi берiледi, не болмаса осы Ережедiң талаптарын сақтай отырып, жеке жаңа нөмiр берiледi.

     43. Қайта тұрғызылған ғимараттың (имараттың) реттiк нөмiрi және қолданыстағы объектiлердiң реттiк нөмiрiне өзгерiстер енгiзу бөлшектi жоспарлау жобасы, облыстық ақпарат жүйесi және қалалық ақпарат жүйесi деректерi негiзiнде сәулет органымен жүзеге асырылады.

     44. Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiнiң алынуына байланысты жүргiзiлетiн қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар мен имараттар үшiн реттiк нөмiрлердi резервiлеуге жол берiледi.

5-тарау. Мекенжай құрылымының стандарты

     45. Объектiнiң мекенжай құрылымы мына талаптарға сай келуi тиiс:

     мекенжай деректемелерi жазудың қатаң белгiленген тiзбектелуi бойынша (жалпыдан меншiкке) көрсетiледi;

     "мекенжай" терминiнен соң ":" (қос нүкте) бөлушiден кейiн көрсетiлген деректемелерден құралған мәтiн бөлiгi объектiнiң мекенжайы болып табылады;

     объектiнiң мекенжайы мемлекеттiк, орыс және (немесе) басқа тiлдерде жазылады;

     объектiнiң мекежайын жазған кезде қала құрылысы элементiнiң санатын қысқартып жазуға болады:

     аудан - (ауд.);

     шағын аудан - (ш.ауд.);

     алаң - (ал.);

     тас жол - (тас.ж.);

     трасса - (тр.);

     даңғыл - (даңғ.);

     көше - (к-сi);

     желекжол - (жел.ж.);

     сая жол - (сая.ж.);

     өту жолы - (өту.ж.);

     қысқа көше - (қыс.к.);

     тұйық көше - (тұй.к.);

     үй - (ү.)

     объектiнiң мекенжайы жазылғанда қала және әкiмшiлiк ауданның атауы көрсетiлген мекенжайды толық мазмұндауға жол берiледi, сондай-ақ қысқартылған түрде: қала (қ.), аудан (ауд.) жазуға жол берiледi;

     мекенжайды жазу кезiнде қала құрылысы элементiнiң (шағын ауданы, алаңы, көшесi және тағы басқалар) бекiтiлген атауы толық көрсетiлуi керек.

     Мысалы:

     мекенжайы: Қарағанды облысы, Балқаш қ-сы, Қараменде би к-сi, 48 ү., 12-пәт.;

     мекенжайы: "Көгiлдр тоған" ш.ауд., 12 ү., 32-пәт.;

     мекенжайы: Сатыбалды к-сi, 13 ү.;

     мекенжайы: "Восток 2" ш. ауд., 3 б ү..

     46. Қаланың немесе басқа елдi мекендердiң бiрнеше бөлiктерiне қатысты бiр объектiге бiрнеше мекенжайлар беруге жол берiлмейдi.

3-бөлiм. Ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiр көрсеткiштерiн, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн, көше атауларының бұрыштық көрсеткiштерiн орнатуға қойылатын талаптар

6-тарау. Жалпы талаптар

     47. Ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрлерiнiң көрсеткiштерi, көшелер мен шағын аудандардың атаулары үйлер қасбеттерiнде мына тәртiппен орнатылады:

     1) жаңадан тұрғызылған ғимараттарды пайдалануға тапсыру кезiнде:

     тапсырысшы облыстық ақпарат жүйесi және қалалық ақпарат жүйесi негiзiнде ғимаратқа (имаратқа) реттiк нөмiр беретiн сәулет органына өтiнiш бiлдiредi және мекенжай беруге жататын объект географиялық бекiтiлген (ғимарат, имарат) даңғылдың, желек-жолдың, көшенiң дұрыс атауын анықтайды;

     сәулет органынан алынған мәлiметтер негiзiнде тапсырысшы өз қаражаты есебiнен алдын ала келiсiм бойынша сәулет органымен нобайдың жобалау құжаттамасының құрамына шағын ауданның және (немесе) көше көрсеткiшiн, ғимараттың (имараттың) реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi ғимараттың (имараттың) реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшiн, осы Ереже талаптарына сәйкес көше, шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн дайындау және орнату сәулет органы тiлдердi дамыту органымен келiсiм бойынша жүргiзiледi;

     2) ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрлерiнiң, көшелер, шағын аудандардың атаулары өзгерген жағдайда ғимараттардың, имараттардың реттiк нөмiрлерiнiң тиiстi көрсеткiштерiн, көшелер, шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн және өзге де көрсеткiштерiн айырбастауды және орнатуды облыстық және қалалық "Мекенжай тiркелiмi" ақпарат жүйесi мәлiметтерi негiзiнде сәулет органы жүргiзедi.

     48. Ғимараттар, имараттардың, көшелер мен шағын аудандар атауларының реттiк нөмiрлерiнiң көрсеткiштерiн орнату мемлекеттiк бюджет қаражаттары, сондай-ақ және инвесторлар қаражаты есебiнен жүргiзiлуi мүмкiн.

     49. Қасбеттерiнде көрсеткiштер орнатылған ғимараттарды (имараттарды) бұзғанда көрсеткiштiң құны ғимаратты (имаратты) бұзу жөнiндегi шығындар құрамына енгiзiледi және оның бастамасы бойынша бұзуға жататын ғимарат (имарат) белгiленген тәртiппен меншiк иесiне (пайдаланушыға, баланс ұстаушыға және инвесторға) қайтарылады.

     50. Көрсеткiштер жол белгiлерi, сыртқы жарнама құралдары және олармен тұстамамен бiрге бiр тiреуiшке орнатылмауы тиiс. Көрсеткiштердi бағдаршам тiреуiшiне орнатуға жол берiледi.

     51. Көрсеткiштер тәулiк уақытынан тәуелсiз ажыратылуы тиiс.



7-тарау. Көше атауларының көрсеткiштерi

     52. Көше атаулары көрсеткiштерiнiң мәтiндерi Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы заңнамасы талаптарына сәйкес келуi керек.

     53. Көше атауларының көрсеткiштерi жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейiнгi биiктiкте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе имарат бұрышынан 25-30 сантиметрге қашықтықта қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен имараттардың қасбеттерiнде орналастырылады.

     54. Көше атауларының көрсеткiштерi үлгiлiк нобайына тиiстi магистралды жолдарға шығатын барлық ғимараттар мен имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.



8-тарау. Шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi

     55. Шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi шағын ауданға жататын және шағын аудандарды шектеп тұратын көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан ғимараттар мен имараттарға немесе шағын ауданды көшелермен және шағын ауданға шыға берiстермен шектеу нәтижесiнде пайда болған шартты қиылыстарға орнатылады.

     56. Шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейiнгi биiктiкте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе имарат бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта қиылыс немесе шартты қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен имараттардың қасбеттерiнде орналастырылады.

     57. Шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi магистралды қозғалысы жылдам және реттелген жолдарға, шағын аудандар атаулары көрсеткiштерiнiң үлгiлiк нобайына тиiстi жалпықалалық және жалпыаудандық маңызы бар магистралды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.

     58. Ғимараттар немесе имараттар қасбеттерiнде шағын аудандардың атауларының көрсеткiштерi орнатылған болса, көше атауларының көрсеткiшi белгiленбейдi.

9-тарау. Объектiлердiң реттiк нөмiрiнiң көрсеткiштерi

     59. Ғимараттың, имараттың реттiк нөмiр көрсеткiшi әрбiр ғимараттың және имараттың қасбетiне көшенiң сол жағы бойынша тақ сандармен, жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейiнгi биiктiкте, үй бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта орналастырылады.

     60. Егер ғимарат, имараттың қасбетiнде көше немесе шағын аудан атауының көрсеткiшi, ғимарат, имараттың реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi көше немесе шағын аудан атауының көрсеткiшiнен кейiн көлденең ось бойынша орнатылады.

     61. Шағын аудандар мен кварталдар iшiнде ғимараттар немесе имараттардың реттiк нөмiрiнiң көрсеткiштерi ғимараттар немесе имараттардың реттiк нөмiрi көрсеткiшiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейiнгi биiктiкте, үй бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта, кварталiшiлiк жолға шығатын ғимараттар мен имараттардың қасбеттерiнiң сол жағына орналастырылады.



10-тарау. Көше атауларының бұрыштық көрсеткiштерi

     62. Көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан көшелер (аншлагтар) атауларының бұрыштық көрсеткiштерi көше қиылыстарында (тоғысуларда) орналастырылады және биiктiгi 4 метрден аспайтын металл тiректерде орналастырылады.



11-тарау. Қосымша талаптар

     63. Жер учаскелерiне, ғимараттарға және имараттарға реттiк нөмiр беру жөнiндегi мәлiметтер "Мекенжай тiркелiмi" облыстық ақпарат жүйесi және қалалық ақпарат жүйесi мәлiметтер базасында мiндеттi тiркелуге жатады.

     64. Реттiк нөмiрлер уақытша тұрғыдағы объектiлерге, жеке тұлғаның меншiгiндегi және (немесе) гараж кооперативтерiнiң, қоғамдардың, қалалардың және басқа елдi мекендердiң инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiнiң, бақ және саяжай учаскелерiнiң құрамына енетiн шаруашылық жапсаржайларға, гараждарға берiлмейдi.

     65. Уақытша тұрғыдағы объектiлердiң жеке реттiк нөмiрi жоқ, бiрақ анықтамамен жақын орналасқан объектiнiң тұрақты реттiк нөмiрiмен олардың орналасқан жерi нақтылануы мүмкiн.

     66. Гараж кооперативтерiнiң, қоғамдардың, бақ және саяжай (бау) учаскелерiнiң құрамына енетiн, тиiстi бақ қоғамын құрайтын гараждардың орналасқан жерiн анықтау осы кооперативтердi (қоғамды) басқару органының шешiмiмен белгiленедi, мұнда әрбiр объектiге жеке реттiк нөмiр берiледi. Тиiстi басқару органдары болмаған жағдайда жеке нөмiрлердi берудi сәулет органдары жүзеге асырады.

     67. Ұйымдармен әзiрлейтiн және шығаратын объектiлердiң реттiк нөмiрлерi туралы мәлiметтердi құжаттарда толтырғанда жер учаскелерiнiң, ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрлерiн өз еркiмен жазуға тыйым салынады.

     68. Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы заңнамасы және осы Ереженiң талаптары бұзылып ғимараттар мен имараттар қасбеттерiнде орнатылған көрсеткiштер тапсырысшымен алынып тастауға жатады.

     69. Ғимараттар мен имараттар иелерi (баланс ұстаушылар) ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрi көрсеткiштерiнiң, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi түзетiлген жағдайда ұстауға мiндеттi.

     70. Көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi, ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрi көрсеткiштерi қатардан шыққан, жоғалған, зақым келген, ескiрген жағдайда меншiк иелерi (баланс ұстаушылар) ауыстыруы қажет.

     71. Ғимараттар мен имараттар иелерi (баланс ұстаушылары) көрсеткiштер орнатылған объектiге, көрсеткiштердi орнатуды, ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметкерлерiне үздiксiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуi қажет.



4-бөлiм. Қала құрылысы элементтерiнiң атаулары немесе объектiлердiң реттiк нөмiрi өзгергеннен кейiн құқығын куәландыратын және өзге де құжаттарға өзгерiстер енгiзу тәртiбi

     72. Қарағанды облысының қалалық немесе аудандық мәслихаты мен әкiмдiгiнiң белгiленген тәртiпте жариялаған қала құрылысы элементтерiн (көшелер, шағын аудандар және тағы басқаларын) қайта атау туралы бiрлескен шешiмi, сондай-ақ объектiлердiң реттiк нөмiрлерiн өзгерту туралы сәулет органының шешiмi жеке және заңды тұлғалардың оған тиесiлi меншiкке (шаруашылық жүргiзуге, жедел басқару) құқығын куәландыратын құжаттарға, белгiленген тәртiпте өзге де құжаттарға өзгерiстер енгiзуге ынтагерлiк бiлдiруiне негiз болып табылады.

     73. Құжаттарға аталған өзгерiстердi енгiзу тiркеу органында мүлiкке қатысты қандай да мәмiлелердi тiркеген сәтте жеке және заңды тұлғаның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

5-бөлiм. Қорытынды ережелер

     74. Осы Ереже меншiк нысанына және ведомстволық керек-жарағына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.



     75. Осы Ережеде қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет