Қарағанды облысы мәдениет басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/5
Дата02.04.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4   5
: doc
doc -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
doc -> Аэробус а-320 Самолет а-320 — флагман семейства среднемагистральных узкофюзеляжных самолетов европейского концерна Airbus. Самолет полностью сертифицирован для полетов в России и за рубежом. Технические характеристики
doc -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»

Қарағанды облыс әкімдігінің

2010 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 39/18 қаулысына қосымша


Қарағанды облыс әкімдігінің

2009 жылғы «24 » желтоқсандағы № 34/10 қаулысымен бекітілген




Қарағанды облысы мәдениет басқармасының

2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Мазмұны


1. Қарағанды облысы мәдениет басқармасының миссиясы мен пайымдауы
2. Ағымдағы жағдайды талдау



3. Қарағанды облысы мәдениет басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және басты мақсатты индикаторлар



4. Мәдениет басқармасының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер



5. Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерінің тізімі



6. Бюджеттік бағдарламалар


  1. Қарағанды облысы мәдениет басқармасының

миссиясы мен пайымдауы
Миссия: мәдениет саласының қазіргі заманғы мәдени ортаны қалыптастыруына және азаматтардың, облыс тұрғындарының әлеуметтік жігерлілігін қалыптастыруға ықпал ететін сапалы қызмет көрсету.

Пайымдау: аймақта мәдениеттің қалпына келтірілуін, сақталуы мен дамуын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыұлттық мәдени, ақпараттық орта жасау.
2. Ағымдағы жағдайды талдау

Қоғам дамуының деңгейін көтерудің маңызды факторы ретіндегі азаматтардың мәдени қажетін сапалы қанағаттандыру міндеттері, тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі шараларды жүзеге асыру атқарушы орган жүйесіндегі идеологиялық мекеме ретінде мәдениет басқармасының статусын белгілейді.

Осыған орай таяу жылдардағы басқарма қызметі бірқатар тенденцияларға байланысты.

Біріншіден, кәсіби өнерді, халық шығармашылығын одан әрі дамыту, мемлекеттік жүйені сақтау мен дамыту, мәдениет нысандырының материалдық-техникалық базасын нығайту.

Бұл тенденция шет елдегі озық үлгілерімен бәсекелесетіндей қабілеті бар отандық мәдени өнімдер шығаруға баса көңіл бөлуді талап етеді.



Екіншіден, мәдениет саласындағы кадр саясаты мәселелерін шешу мен жүзеге асыру, білікті мамандар тарту жөніндегі жұмысты жандандыру, жас таланттарға қолдау көрсету.

Бұл тенденцияны сындарлы және жүйелі түрде шешімін күтіп тұрған мәдени-ақпараттық саланы дамыту проблемаларымен тығыз байланыста қарастыру қажет.



Саланың инфрақұрылымдық жағдайы.

Облыстағы мәдениет ұйымдарының жүйесін 651 нысан құрайды, соның ішінде: 340 кітапхана, 17 мұражай, 5 театр, 2 концерттік ұйым, 251 мәдениет үйлері мен клубтар, 21 бейнемобиль, 10 мәдениет және демалыс бағы, хайуанаттар бағы, көрме залы, кинобейнені жалға беру мекемесі, мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бар. Тұтастай алғанда облыс бойынша соңғы 3 жылда мәдениет нысандарының саны 50-ге өсті.



Мәдениет ұйымдарының көрсететін қызметі.

2008 жылы 2 мың спектакль мен концерт қойылды, 35 мыңнан астам шаралар өткізілді, 8,5 мың мұражай экскурсиялары ұйымдастырылды, 15 археологиялық зерттеулер тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ 522 экспонат қалпына келтіріліп, 5558 экспонат алынды, 542 көрме өткізілді, 1000-ға жуық дәріс оқылды, 8553 экскурсия ұйымдастырылып, 58 ғылыми мақала басылды, кітапханаларда 210 кітап көрмесі ұйымдастырылды, 22 семинар, 10 тұсаукесер, 350-ден астам түрлі шаралар өтті.

Облыс кітапханаларының кітап қоры 6985,5 мың дана, соның ішінде 1678,1 мың данасы мемлекеттік тілде. Өткен жылы кітапхана қоры 34,2 мың дана кітап пен толықты, соның ішінде 5,1 мың данасы мемлекеттік тілде. Модельді кітапханалар саны 24-ке өсті, ағымдағы жылы олардың саны 77 болды.



Мәдени шаралар өткізу.

2008 жылы 1 республикалық, 2 халықаралық және 8 облыстық фестиваль, 1 республикалық, 4 облыстық конкурс, сондай-ақ 23 облыстық және аймақтық деңгейдегі түрлі шаралар өтті.



Мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсету.

Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің әлеуметтік статусы мен еңбегінің маңыздылыған мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында облыстық әкімдіктің 2006 жылғы 21 желтоқасандағы № 27/37 қаулысы мен мәдениет пен өнер қызметкерлеріне берілетін жыл сайынғы Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы тағайындалды.

2008 жылдың қорытындысы бойынша 22 мәдениет пен өнер қызметкері Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаты атанды. Соңғы екі жылда 18 мәдениет қызмткері үкімет наградаларына ие болды.

Қаржыландыру. Мәдениет саласына 2005-2009 жж. бөлінген қаржы көлемі 15 503,7 млн. теңге; 2005 жылы - 1640 млн. теңге, 2006 жылы – 1817 млн.теңге, 2007 жылы – 3320,2 млн. теңге, 2008 жылы – 4 727,1 млн. теңге, 2009 жылы -6578,4 млн.теңге.

Саланың ағымдағы және болашақтағы проблемалары ішінен мыналарды атап өту қажет:



біріншіден, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, дамыту және кеңінен насихаттау деңгейінің жетімсіздігі;

екіншіден, қызмет көрсету нарығындағы шет елдік өндірушілердің басымдық жағдайында мәдениет саласындағы отандық өнімдердің бәсекеге төзімділік қабілетінің төмендігі;

үшіншіден, аймақтарда мәдениет мекемелері жүйесінің дамуы әртүрлі болуға байланысты облыс халқының мәдениет мекемелері қызметін пайдалануының теңсіздігі;

төртіншіден, аймақтардағы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының даму деңгейінің төмендігінен, маман кадрлардың жетімсіздігінен туындаған мәдениет саласы даму деңгейінің мардымсыздығы.


  1. Қарағанды облысы мәдениет басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және басты мақсатты индикаторлар


Мәдениет пен өнер саласының бәсекеге қабілетін арттыру.
1.1 мақсат. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және насихаттау.

1.1.1 міндет. Тарихи-мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру және сақтау.

1.1.2 міндет. Тарихи-мәдени мұраны насихаттау.

1.2 мақсат. Қарағанды облысында мәдениет пен өнер саласын кеңінен әйгілеу.

1.2.1 міндет. Мәдениет саласындағы отандық өнімге сұраныстың өсуіне ынталандыру.



1.3. мақсат. Халықтың жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мәдени құндылықтарға қол жеткізуін жақсарту.

1.3.1 міндет. Кітапханалардың ресурстарына қол жеткізуді жақсарту.

1.3.2 міндет. Облыстың тарихи-мәдени мұрасына қол жеткізуді жақсарту.

1.4 мақсат. Мәдениет пен өнер саласының инфрақұрылымын дамыту.

1.4.1 міндет. Мәдениет мекемелерін модернизациялау мен қалпына келтіру.

1.4.2 міндет. Мәдениет қызметкерлерінің кәсібилік деңгейін арттыру.

1.5 мақсат. Аймақты жұмыспен қамту және кадрларды қайыра дайындау стратегиясын жүзеге асыру аясында мәдениет нысандарын күрделі және ағымдағы жөндейден өткізу.

1.5.1 міндет. Жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтамасыз ету.



3.1. Қарағанды облысы мәдениет басқармасының даму көрсеткіштері

1 кесте


Атауы


Өлшем бірлігі


Көрсеткіштің/индикатордың қорытынды маңызы

Есепті кезең


Жоспарлы кезең


2008 жыл (есеп)

2009 жыл (жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл


СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ.

Мәдениет пен өнер саласының бәсекелестік қабілетін арттыру.

1.1 мақсат. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және насихаттау.

Мақсатты индикатор

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар туралы облыс тұрғындарының хабардарлық деңгейі

%

-

-

-

2010 жылғы зерттеу қорытындылары бойынша


1.1.1 міндет. Тарихи-мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру және сақтау.

Жүргізілген археологиялық зерттеулердің, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, жөндеу және сақтауға қою жұмыстарының саны.

бірлік


-

15

14

14

14

14

14

14

1.1.2 міндет. Тарихи-мәдени мұраны насихаттау.

Облыс мұражайларына келушілер саны

мың адам

-

403

404

329

406

407

408

409

1.2 мақсат. Қарағанды облысының мәдениет пен өнер саласын кеңінен әйгілеу.

Мақсатты индикатор

Мәдени-сауық шараларымен қамтылған халықтың үлесі

%

28

21

22

23

24

25

26

27

1.2.1 міндет. Мәдениет саласындағы отандық өнімге сұраныстың өсуіне ынталандыру.

Спектакльдердің жалпы ауқымындағы жаңа қойылымдар үлесі

%

6


2,8

2,8

3

3,5

4

4

4

1.3 мақсат. Халықтың жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мәдени құндылықтарға қол жеткізуін жақсарту.

Мақсатты индикатор

Кітапханалардың электрондық қызметтерін пайдаланушылар саны

мың адам

-

-

50,5

60

110

140

150

160

1.3.1 міндет. Кітапханалардың ресурстарына қол жеткізуді жақсарту.

Электрондық каталогқа енгізілген облыс кітапханаларындағы кітапхана қорының саны

дана

1200000


489122

600400

640000

826000

941000

1012000

1113000

1.3.2 міндет. Облыстың тарихи-мәдеи мұрасына қол жеткізуді жақсарту.

Цифрлы форматқа көшірілген тарихи-мәдени мұра нысандарының үлесі

%

80

3,7

5

10

20

30

40

50

1.4 мақсат. Мәдениет пен өнер саласының инфрақұрылымын дамыту.

Мақсатты индикатор

Техникалық жағдай саласындағы нормативтерге сәйкес келетін мәдениет ұйымдарының үлесі

%

-

Нормативтердің болу жағдайында


1.4.1 міндет. Мәдениет мекемелерін модернизациялау мен қалпына келтіру.

Облыс халқының 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарының саны

бірлік/1000 адам


0,5

0,45

0,48

0,49

0,5

0,55

0,6

0,65

1.4.2 міндет. Мәдениет қызметкерлерінің кәсбилік деңгейін арттыру.

Біліктілігін арттырған мемлекеттік қызметшілер саны.

адам.

-

3

3

6

5

3

3

3

1.5 мақсат. Аймақты жұмыспен қамту және кадрларды қайыра дайындау стратегиясын жүзеге асыру аясында мәдениет нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу.

1.5.1 міндет. Жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтамасыз ету.

Мақсатты индикатор

Жаңа жұмыс орындарының саны

адам

-





3967

2019













1.5.1 міндет. Жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтамасыз ету.

Мәдениет нысандарында жүргізілген күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының саны

бірлік

-




9

7













Мәдениет нысандарындағы жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының саны

бірлік

-




49

42














3.2. Мемлекеттік орган дамуының мақсаты мемлекетті дамытудың стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі
2 кесте


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары


Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органның мақсаттары


Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы


Стратегиялық бағыт

Мәдениет пен өнер саласының бәсекелестік қабілетін арттыру.

1.1. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және насихаттау.


«IV Қазіргі заманғы білім жүйесінің дамуы мәдениеттің өркендеп, халықтың рухани әлеуетінің дамуы». «Қазіргі заманғы мәдениеттің дамыған жүйесін қалыптастыру, бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайту, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дамыту»


Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 «Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы Жарлығы





Мәдениет пен адамгершілікті дамыту. «Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру мен сақтау»


«Нұр Отан»ХДП 2008-2012 жылдардағы Бағдарламасы


1.2. Қарағанды облысында мәдениет пен өнер саласын әйгілеу.


«Талантты жастарымыздың өздерінің шығармашылық қызметі арқылы лайықты өмір сүруіне тиісті жағдай туғызу»


Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елдің қатарына ену Стратегиясы» атты Жолдауы

1.3. Халықтың жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мәдени құныдылқтарға қол жеткізуін жақсарту.


Облыс тұрғындарының ең кемі 20 пайыздан астамы күнделікті тұрмыста желісін тиімді пайдалануы үшін қолайлы жағдай туғызу;

Қазақстан тұрғындарының өмірінде ақпараттық ресурстардың әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын арттыру.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы №995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті азайтудың 2007-2009 жылдары арналған бағдарламасы


1.4. Мәдениет пен өнер саласының инфрақұрылымын дамыту


Мәдениет пен адамгершілікті дамыту «Өнер саласында балалар мен жасөспірімдердің білім мекемелеріне қолдау көрсету шараларын күшейту,ауылдық жерлерде кітапханалар жүйесін, клубтарды қалпына келтіру және дамыту»


«Нұр Отан» ХДП 2008-2012 жылдардағы бағдарламасы





«4 артықшылық: Қазіргі заманғы білімді дамыту, кадрлардың біліктілігін және қайта дайындықтан өтуін үздіксіз арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі гүлденуі».

«Талантты жастарымыздың өз шығармашылық қызметі арқылы лайықты өмір сүруіне жағдай туғызу».




Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елдің қатарына ену Стратегиясы» атты Жолдауы


1.5. Аймақты жұмыспен қамту және кадрларды қайыра дайындау стратегиясын жүзеге асыру аясында мәдениет нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу.

«Аймақты жұмыспен қамтуды және кадрларды қайыра даярлауды қамтамасыз ету үшін мен Үкіметке ең кемі 140 млрд. теңге бөлуді тапсырамын».

«Кімде-кім жұмыссыз қалса, жаңа жұмыс орындарын ашамыз. Біз ең кемі 350 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз, бұл қазіргі кездегі қоғамдық жұмыстарды есептемегенде».

«Үшіншіден, әрбір нақты елді мекендегі жергілікті маңызы бар нысандар. Бұлар жергілікті биліктің шешіміне қарай көріктендіру және көгалдандыру, жолдарды, клубтарды немесе басқа да нысандарды жөндеу жұмыстары болуы мүмкін. Бұл жұмыстарға мақсатты трансферттер бөлінуге тиіс».

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Жолдауынан.


Сектораралық өзара іс-қимыл


Мәдениет пен өнер саласының бәсекелестік қабілетін арттыру

Стратегиялық мағынадағы шаралар

Мемлекеттік органдар – қосымша атқарушылар

Салааралық өзара іс-қимыл шаралары

Мәдениет қызметкерлерінің кәсібилік деңгейін арттыру


Қарағанды облысы әкімшілігі әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайыра даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығы» КМК


Қайыра даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жолдама



  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет