Қарағанды облысы Нұра ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы



Дата28.04.2016
өлшемі17.65 Kb.
Қарағанды облысы Нұра ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы

Бiрлескен Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 08 желтоқсандағы N 32/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының XХI сессиясының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы N 265 шешiмi. Қарағанды облысының Әдiлет департаментiнде 2010 жылғы 13 қаңтарда N 1876 тiркелдi


"Орталық Қазақстан", 2010 жыл 16 қаңтар, № 5-6 (20791)


      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Нұра ауданының әкiмдiгi мен мәслихаты ұсынған бiрлескен қаулы мен шешiмдi қарастырып, Қарағанды облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қарағанды облысының Нұра ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Нұра ауданының Құланөтпес селосының құрамына қоса отырып Оразалы селосы таратылсын;
      2) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Нұра ауданының Көбетей селосының құрамына қоса отырып Қызыл Жұлдыз селосы таратылсын;
      3) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Нұра ауданының Баршын селосының құрамына қоса отырып Ескi Баршын селосы таратылсын;
      4) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Тассуат селолық округiнiң Щербаков селосының құрамына қоса отырып Амантау селолық округi және Амантау селосы таратылсын;
      5) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Баршын селолық округiнiң Баршын селосының әкiмшiлiк бағынысына қоса отырып Аршалы селолық округi және Қарақасқа селосы таратылсын.
      2. Осы бiрлескен қаулының және шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасары Б.К. Исабаевқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтiк-мәдени даму және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн (С.М. Әдекенов).
      3. Осы бiрлескен қаулы мен шешiм олардың алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкiмi                                C. Ахметов



      Сессия төрағасы                            А. Нұралин

      Мәслихат хатшысы                           Б. Жұмабеков
Каталог: files -> NPA
NPA -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
NPA -> «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»
NPA -> «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру»
NPA -> Инструкция по контролю и продлению срока службы металла основных элементов турбин и компрессоров энергетических газотурбинных установок
NPA -> Инструкция по защите трубопроводов тепловых сетей от наружной коррозии рд 34 рк. 0-20. 518-05 «Типовая инструкция по защите трубопроводов тепловых сетей от наружной коррозии»
NPA -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №244 бұйрығы
NPA -> Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240. 00-нысан) Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет