Қарағанды облысындағы



жүктеу 307.7 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі307.7 Kb.


Қарағанды облысы әкімдігінің

2012 жылғы «___»_____________

№______________

қаулысына қосымша



Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер


  1. Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қарағанды облысының атқарушы билік органдарының қызметтерін үйлестіру, кезекті күзгі-қысқы кезеңде Қарағанды облысының тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешені нысандарының дайындығы мен олардың жылу маусымының өтуі кезеңінде тұрақты қызметін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу барысында инспекциялаушы және қадағалаушы органдарында барлық меншік түріндегі Қарағанды облысының тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенін ұйымдастыру мақсатында әзірленген.

2. Осы Қағида Қарағанды облысының аумағында орындалуға міндетті.

3. Осы Қағидада келесі негізгі түсініктер пайдаланылады:

1) жылумен жабдықтаушы ұйым – жылу және ыстық сумен жабдықтау қажеттігіне байланысты тұтынушылар (абонеттер) мен коммуналдық қызмет көрсететін нарық субъектілеріне орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі арқылы жылу энергиясын өндіретін, тасымалдайтын және жеткізетін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

2) коммуналдық қызметтерді көрсететін нарық субъектісі – тұтынушыға көрсетілетін коммуналдық қызметтерді қолдана отырып, ішкіүйлік инженерлік желілерге қызмет көрсетуге жауапты және коммуналдық ресурстарды сатып алатын, коммуналдық қызметтерді көрсететін заңды тұлғалармен қатар жеке кәсіпкерлер. Коммуналдық қызмет көрсететін нарық субъектісі пәтер иелері кооперативі, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй немесе мамандандырылған өзге де тұтынушы кооперативі болуы мүмкін, ал үй – жай иелері көппәтерлі үйлерді тікелей басқарған кезде – коммуналдық ресурстарды өндіретін немесе сатып алатын басқа ұйымдар;

3) тұтынушы (абонент) – орталықтандырылған инженерлік желіден коммуналдық қызметтерді алатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатысы жоқ өзіндік шаруашылық-тұрмыстық және (немесе) өндірістік қажеттілігі үшін коммуналдық қызметтерді пайдаланылатын жеке не болмаса заңды тұлғалар;

4) ресурспен жабдықтаушы ұйым – коммуналдық ресурстарды жеткізуді жүзеге асырушы заңды тұлға, сонымен қатар жеке кәсіпкер;

5) отын-энергетикалық ресурстарды жеткізуші (ОЭР) – отын энергиясын өндіру мақсатында отын-энергетикалық ресурсты жеткізуді жүзеге асыратын ұйымдастыру-құқықтық үлгіге тәуелсіз заңды тұлға, сонымен бірге жеке кәсіпкер.

6) коммуналдық қызметтерді орындаушы – ұйымдастыру-құқықтық үлгіге тәуелсіз заңды тұлға, сонымен қатар тұтынушыға коммуналдық қызметтерді жеткізуді пайдалана отырып, коммуналдық қызметтерді жеткізуші, коммуналдық ресурстарды сатып алатын және үйішілік инженерлік желілерге қызмет көрсетуге жауапты жеке кәсіпкер.

4. Қарағанды облысының атқарушы билік органдарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және Қарағанды облысының отын-энергетикалық кешені ұйымдарының негізгі міндеттері тұтынушыларды тұрақты жылу, су, электр, газ және отынмен жабдықтауды қамтамасыз ету, қажетті энергия тасымалдағыштарына қолдау көрсету және энергия тұтынудың белгісі мен төлемдік тәртібін ескере отырып ғимараттарда нормативті температуралық режимді қамтамасыз ету.

5. Жылу маусымына дайындық және оның өтуіне жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орнатылады.

6. Қарағанды облысының аумағында жылу маусымына дайындық және оның өтуі осы Қағидада анықталған тәртіппен, сонымен қатар алдағы жылу маусымына тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарының дайындығы жөніндегі міндеттерді ескере отырып, Қарағанды облысы әкімдігінің жыл сайынғы кезекті жылу маусымының өткізілу қорытындысында мазмұндалған тапсырмалар мен ұсыныстары бойынша шығарылған қаулыларымен жүзеге асырылады.

7. Жылу маусымына дайындық және өткізуге байланысты ісшаралар кешені алты кезеңнен тұрады:

1) жылу маусымына дайындық;

2) 100 Гкал/сағ қазандықтарының жылумен жабдықтау жүйесі мен жұмыс істеп тұрған резервтік отын шаруашылығын сынақтан өткізу (сынақтық жағып көру);

3) 100 Гкал/сағ дейінгі АЖЖ қазандықтарын кезеңдік жағып көру;

4) тұрақты жылыту;

5) ең жоғары энергетикалық жүктеменің қыстан өтуі;

6) жылу маусымының аяқталуы және жылыту кезеңіндегі аралықта ыстық сумен жабдықтауды (ЫСЖ) қамтамасыз ету.

8. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің диспетчерлік қызметтерінің, Қарағанды облысы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық кешендеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, барлық меншік түріндегі жылу және ресурспен жабдықтаушы ұйымдардың өзара іс-әрекеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

9. Жылумен жабдықтаушы ұйымдардың коммуналдық қызмет көрсететін нарық субъектілері мен тұтынушылармен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және өзара жасалған келісім шарттарымен анықталады. Коммуналдық қызмет көрсетуші нарық субъектілерінің, тұтынушылардың және жылумен жабдықтаушы ұйымдардың жауапкершілігі инженерлік желілердің баланстық қатыстылығы бойынша анықталады және инженерлік желілердің баланстық қатыстылығы мен тараптардың пайдаланылым жауапкершіліктері шектелген келісім шарты қоса тіркелген актіде көрсетіледі.

10. Коммуналдық қызметтер көрсететін нарық субъектілері мен тұтынушылар төмендегілерді қамтамасыз етуі қажет:

1) жылу тұтынатын жүйелерді уақытында жөндеу, әрі оған сапалы техникалық қызмет көрсету, сонымен қатар жылумен жабдықтау көздерінде уақытша жылу қуатының немесе отынның жетіспеушілігі барысында жылу қолданатын қондырғыларды жылу энергиясын пайдалануға арналған өшіру және шектеу кестесінің келісім шартына сәйкес әзірлеу және орындау;

2) мамандандырылған ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге және жылу қолдану жүйесін жөндеуге арналған келісім шарттарды жасаған кезде бұл ұйымның қызметкерінің объектіге кез-келген уақытта кіруіне рұқсат ету.

11. Ведомствалық қатыстылығы мен меншік формасына тәуелсіз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының кәсіпорындары мен объектілерін және отын-энергетикалық кешенін аралауды өкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңына сәйкес келесі мақсаттарда жүзеге асырады

1) энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындар мен жылу және электр энергетикалық тұтынушыларының жұмыстарына энергетикалық қадағалауды жүзеге асыру;

2) төтенше жағдайлар саласында бақылауды жүзеге асыру;

3) тұрғын үй қорының, әлеуметтік сала және инженерлік инфрақұрылымдар нысандарының күзгі-қысқы кезеңдерде тұрақты жұмыс істеуге дайындығы.

Кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын және отын-энергетикалық кешендерді аралау аталған кәсіпорын өкілінің немесе жеке меншік нысандарының өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

12. Инженерлік желілерде болмашы жолсыздықтар орын алған жағдайда пайдаланушы ұйым телефонхатпен зақымдануға шектес, жерасты коммуникациясы иесінің зақымдануы, қажет жағдайда тиісті деңгейдегі әкімдікті және өзінің өкілдерін тез арада зақымдану орнына жібере алатын жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекциясына хабар береді немесе ақау орын алған жерде байланыстың жоқ екендігі туралы жауап телефонхатпен хабарлайды.

13. Инженерлік қондырғыларда және коммуникацияларда технологиялық бұзылуларында жою уақыты 24 сағаттан асатын орын алған зақымданулар, апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде апаттарды локальдеу мен жобалар бойынша басшылық тиісті деңгейдегі әкімдікке және төтенше жағдайлар жөніндегі тұрақты қызмет атқаратын комиссияға жүктеледі.

14. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарындағы және әлеуметтік саладағы апаттарды жою қалалар мен аудандар әкімдіктері бекіткен жылу және ресурспен жабдықтаушы ұйымдардың, тұтынушылардың, коммуналдық қызметтерді, жөндеу-құрылыс, тасымалдау ұйымдарымен және басқа да қызметтердің өзара қарым-қатынасы регламентін ескере отырып апаттық жағдайларды жою тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

15. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарында апаттар мен дүлей апаттарды жою үшін материалдық құндылықтардың апатты қорларын толықтыру мен көрінбейтін апатты-қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығыстарды қаржыландыру кезекті қаржы жылында Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының бюджеттері мен облыстық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

16. Топырақ бетін және жол жабындыларын ашуға байланысты жер жұмыстары, аумақтарды абаттандыру және жол жабындыларын жөндеу, салу, жерасты инженерлік желілері мен қондырғыларын қайта құру мен жөндеу кезінде реттелетін өндіріс жұмыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

17. Инженерлік коммуникация орналасқан аумақты ұстауға жауапты жер телімдерінің иелері, ұйымдар, мен пайдалананушы ұйымдар, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекциясы технологиялық бұзылуларды (ыстық судың ағуы немесе жылу желілерінің жер асты құбырынан будың шығуы, жер асты коммуникациясы бетіне судың ағуы, жыралардың пайда болуы) анықтаған кезде:

1) қауіпті зонаны қоршау бойынша шаралар қолдануға және апатты қызметтің келгеніне дейін технологиялық бұзылулар зонасына бөгде тұлғаларды жібермеуі;

2) зақымданған инженерлік коммуникацияға байланысты барлық оқиғалар туралы тез арада тиісті деңгейдегі әкімдіктің диспетчерлік қызметін ақпараттандыруы қажет.

18. Инженерлік қондырғылар орналасқан немесе инженерлік коммуникациялар өтетін кіріктірме тұрғын емес жайлардың (кіреберістер, шатыр асты, мансард) иелері немесе жалға алушылары бұл жайларды қойма немесе басқа да нысан ретінде пайдалануда оларды тексеру, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету үшін үйішілік желілерге қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар мен (немесе) коммуналдық қызметтерді атқарушылардың өкілдеріне кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті. Инженерлік коммуникациялар өтетін кіріктірме тұрғын емес жайлардың жабдықтары бойынша жұмыстар жылу және ресурспен жабдықтаушы ұйымдармен арада келісілген, коммуналдық қызмет көрсетуді орындаушының техникалық шарттары бойынша орындалады.

19. Барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандар иелері инженерлік қамтамасыз ету жүйелері жұмыстарының технологиялық бұзылулары туралы хабарламаларды кестелердегі мекенжайлары мен телефон нөмірлерін көрсете отырып толтыруы қажет.

20. Жылумен жабдықтаудың тиімділігі бойынша жылуды тұтынушылар екі санатқа бөлінеді: бірінші санатқа адам өміріне қауіптілігі немесе едәуір материалдық шығынымен (технологиялық жабдықтың зақымдануы, өнімдердің жаппай жарамсыздығы) байланысты жылумен жабдықтаудың бұзылуына қатысты тұтынушылар; екінші санатқа – басқа жылуды тұтынушылар жатады.

21. Жылумен жабдықтау көздері тұтынушыларға жылуды берудің тиімділігі бойынша екі санатқа бөлінеді: бірінші санатқа қатыстылары: ЖЭО, жеке резервтік жылу көзі жоқ бірінші санат тұтынушыларын қамтамасыз ететін және жылумен жабдықтаудың жалғыз көзі болып табылатын қазандықтар жатады; екінші санатқа - басқа жылуды тұтынушылар жатады.

22. ЖЭО, қазандықтардың, жылу желілерінің және жылу қондырғыларының берілген жұмыс режимінің бұзылуы пайдаланушы ұйыммен тексеріліп, арнайы журналда жазылуға тиісті.
2. Жылу маусымына дайындық және оның өтуін бақылау
23. Қарағанды облысының аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен қызметтердің жылу маусымына дайындық және оны өткізу жауапкершілігі олардың ведомстваға қатыстылығы мен меншік түріне қарамастан қалалар мен аудандар әкімдіктеріне жүктеледі.

24. Энергетикалық нысандардың дайындығын бақылау, сонымен қатар ұтымды және үнемді өндіріс пен энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың, тұтынушылардың жылу энергиясын қолдануын:

1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі өкілетті орган;

2) облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі өкілетті органы жүзеге асырады

Коммуналдық қызметтерді атқарушылардың (тұтынушылармен) жылу энергиясын пайдалануын бақылауды жылумен жабдықтаушы ұйым (энергия беруші) нормативті-техникалық құжаттарға және жасалған келісім шарттарға сәйкес жүзеге асырады. Коммуналдық қызметтердің атқарушылары мен тұтынушылары жылумен жабдықтаушы (энергияберуші) ұйымның өкілдеріне өздерінің жылуды тұтыну жүйесіне кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге тиісті.

25. Қарағанды облысы аумағында жылу маусымына дайындық және оны өтуін жалпы үйлестіру облыста жылу маусымына дайындық және оны өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы арқылы жүзеге асырылады. Облыстық жұмыс тобының құрамы Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Облыстық жұмыс тобының қабылдаған шешімі ұсыныстар сипатында болады.

26. Қалалар мен аудандар аумақтарында жылу маусымына дайындық және оны өткізуін бақылау аудандық комиссия туралы қолданыстағы ережеге сәйкес қалалар мен аудандар аумақтарында жылу маусымына дайындық және оны өткізу бойынша қалалық және аудандық жұмыс тобымен іске асырылады. жылу маусымына дайындық және оны өткізу бойынша жұмыс тобының құрамы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қаулыларымен бекітіледі. Жұмыс тобының қабылдаған шешімі ұсыныс сипатын енгізеді.

27. Облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі атқарушы органына келесі күнтізбелік жылға арналған жылдық отынды тұтынудың шекті көлемі (лимит) 1 маусымға дейін тапсырылады:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары мен коммуналдық меншіктің әлеуметтік салалары бойынша – Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері;

2) облыстық меншіктегі әлеуметтік сала нысандары бойынша– Қарағанды облысының атқарушы мемлекеттік органдарының жүргізуіне жататын нысандар.

28. Облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі атқарушы органы Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері және облыстық меншіктегі әлеуметтік сала нысандарын жүргізетін атқарушы мемлекеттік органдары тапсырып, бекітілген лимиттері мен өтінімдеріне сәйкес жылу маусымына арналған тиісті көлеміндегі отынның дайындығына жазғы кезеңде мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.


  1. Жылыту маусымына дайындық

29. Қарағанды облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік салаларының нысандарын күзгі-қысқы кезеңге уақытында дайындау мақсатында Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері жылу маусымына дайындық жөніндегі ісшараларды қалыптастырады.

30. Жылу маусымына дайындық жөніндегі ісшаралар осы Қағиданың 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес қалыптасады. Жылу маусымына дайындық жөніндегі бекітілген ісшаралар облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі атқарушы органына 15 наурызға дейін тапсырылады.

31. Жылу маусымына дайындық ісшараларын орындау жөніндегі есептер қалалар мен аудандар әкімдіктерінен 1 мамыр мен 1 қазан айы аралықтарында осы Қағиданың 6 қосымшасына сәйкес қағаз және электронды түрде облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметіне және облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі атқарушы органына әр аптаның сәрсенбісінде тапсырылып отырылады.

32. Қалалар мен аудандар әкімдіктері 15 қыркүйектен кешіктірмей жылу маусымына дайындық актісі жоқ тұрғын үйлердің мекенжайлық тізімдерін анықтайды.

Жылу маусымына дайындық жөніндегі жоспарланған ісшараларды орындамау кезінде мекенжайлық тізімге орындамау себебі көрсетілген анықтама, жұмысқа кедергі келтірген кінәлі тұлға мен жұмысты орындаудың жаңа мерзімдері облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі атқарушы органына жіберіледі.

33. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары мен әлеуметтік салаларды кезекті жылу маусымына дайындау өткен жылу маусымының өтуі кезінде анықталған ақаулар мен нормативтік ауытқуларды жүйелендіруден, техникалық жағдайдың талдамасынан, орнатылған жабдықтарды пайдаланудың жұмыс режимі мен деңгейінен, жөндеу көлемдерін нақтылаудан, ұйымдастыру-техникалық ісшаралардың тізбесін құрудан, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге арналған тапсырысты рәсімдеуден, мердігер ұйымдармен және тағы басқаларымен келісім шарттарды жасаудан басталады.

34. Жылу маусымына дайындық төмендегілерден тұрады:

1) өткен жылу маусымында анықталған кемшіліктерді талдау, анықталған кемшіліктер мен ақауларды жою бойынша ісшараларды әзірлеу және орындау;

2) кезекті жылу маусымы жұмысына тұрғын үй қорын, әлеуметтік мәдени, тұрмыстық нысандар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын дайындау жөніндегі ісшараларды бекіту;

3) жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу, мердігерлік ұйымдармен келісім шарттар жасау;

4) жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде қажетті жұмыстарды жүргізу, соның ішінде қазандықтарды, түтікшелерді, құбырларды тексеру;

5) инженерлік желілердегі жұмыстарды орындау соның ішінде қайта жаңартуға, күрделі және ағымдық жөндеулерге, сынақтар өткізу мен шаюларға байланысты жылу желілеріне жылуды жіберудің кестесін және гидравликалық жұмыс режимін әзірлеу;

6) ғимараттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізу, инженерлік жүйелердің жабдықтарын алдын ала жөндеу және ауыстыру;

7) сумен жабдықтау және субұру жүйелерінде алдын ала, жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын орындау;

8) энергия үнемдеу ісшараларын жүргізу;

9) отын қоймаларын дайындау, резервті отын шаруашылығының инженерлік жабдықтарына, отын дайындау, отын беру және күлшлакжоюлар жүйелерінде, теміржол және автокөліктіктің кіре беріс жолдарында, өртке қарсы шаруашылықтарда жөндеу жұмыстарын орындау;

10) негізгі және резервтік отынның нормативті қорларын құру, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарында технологиялық апаттар мен дүлей апат салдарын жоюға арналған материалдық-техникалық ресурстардың апатты қорларын құру;

11) қалдықтар мен қоқыстарды жинау, сақтау, шығару, оңтайландыру жөніндегі қолданыстағы заңнамалар талаптарына сәйкес күл шлактарын қаттау үшін қажетті жағдайларды жасау.

35. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттеріндегі жұмыстар келесідей аяқталуы тиіс:

1) 1 қыркүйекке дейінгі – күзгі кезеңде жылыту мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған қажеттіліктер;

2) 1 қарашаға дейін қысқы ең жоғарғы жүктеменің өтуі кезеңіндегі жылыту мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған қажеттіліктер;

Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз ететін электр, су және газ коммуникацияларын жөндеу мен алдын алу жөніндегі жұмыстар 25 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.

36. Жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге қажетті жылу желілеріндегі, ғимараттар мен ішкіүйлік жүйелердегі жұмыстар 1 қазанға дейін аяқталуы қажет;

37. Жылу желілері келесідей сынақтардан өтуі қажет:

1) гидравликалық сынақтардан (орнықтылығы мен тығыздығына) – жылу маусымы аяқталған кейін екі аптадан кешіктірмей және жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін;

2) жылулық сынақтардан (жылу тасығыштың ең жоғарғы температурасына) – бес жылда бір рет;

3) гидравликалық сынақтар (гидравликалық жоғалтуларға) мен жылулық сынақтардан (жылулық жоғалтуларға) - бес жылда бір рет.

Жылу тасығыштың ең жоғарғы температурасына төзімділігі мен тығыздығына, сынағына жылу желілерінде гидравикалық сынақтарды жүргізу тәртібі тиісті нұсқаулықтарда көрсетіледі. Сынақтың нәтижесі бойынша акт жасалады.

38. Жылу желілеріндегі барлық сынақ түрлері жеке жүргізіледі, мұндайда жылу тасығыштары және сынақ басшылығы мен жеке орындаушылар арасындағы жедел байланыс мұқият қадағалануы қамтамасыз етілуі қажет.

39. Жылумен жабдықтау көздері мен жылу желілеріндегі жоспарлы жөндеулер, сондай-ақ жылу желілерін сынақтан өткізу мемлекеттік энергетикалық қадағалау бойынша өкілетті органдармен, электр энергетикасы саласындағы жүйелік операторлармен, қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, облыстың төтенше жағдайлар бойынша өкілетті органдарымен келісілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

40. Келісуге кестелерді тапсырудың мерзімі:

1) жылумен жабдықтау көздерін жоспарлы жөндеу – 1 ақпанға дейін;

2) жылу желілерін жөндеу мен қайта жаңарту – 1 наурызға дейін;

3) жылу желілерін жылулық сынақтары (жылу тасығыштың ең жоғарғы температурасына) 10 сәуірге дейін;

4) жылу желілерінің гидравликалық сынақтары (төзімділігі мен тығыздығына) жылу маусымының аяғында - 15 сәуірге дейін, жылу маусымын жүргізер алдында – 15 қыркүйекке дейін.

41. Жылумен жабдықтау көздері мен жылу желілерінде жоспарлы жөндеу кестесі келісілгеннен кейін жылумен жабдықтаушы ұйым апталық мерзім ішінде оларды мүдделі ұйымдарға мәлім етеді, соның ішінде:

1) коммуналдық қызметтерді көрсетушілерге;

2) бірінші санаттағы тұтынушыларға;

3) жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік полициясына;

4) қолданыстағы желілердегі ойымдарға байланысты үйішілік жылумен жабдықтау жүйесі мен жылу жүйелерін, жылумен жабдықтау көздерін қайта жаңарту бойынша келісілген жобалары бар құрылыс ұйымдарына.

42. Монтаждан, күрделі жөндеуден және қайта жаңартудан кейінгі жылу желілері гидравликалық шаюларға тартылады. Жылу желілерінің учаскелерін гидравликалық шаю, сонымен қатар апатты-қалпына келтіру жұмыстары орындалғаннан кейін жүргізіледі.

Ғимараттың орталық жылыту жүйесіне гидропневматикалық шаюды жүргізу әдістемесі тиісті нұсқаулықтарда көрсетілген.

Жылу желілерін шаю балансында жылу желілері бар ұйымның бас инженері бекіткен бағдарлама бойынша санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ашық жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу желілеріне залалсыздандыруды жүргізудің қажеттігі мен кезеңдігі, оларға байланысты жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелері тұтынуға берілетін ыстық суды сапасына қарай облыстың мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы өкілетті органымен анықталады.

Орталық жылыту жүйесін шаюға арналған желілік суларды шығындаудың көлемі және ғимараттарды ыстық сумен жабдықтайтын желі ішіндегі сулары жеке акт бойынша есепке алынады.

Шаю коммуналдық қызметтерді атқарушы өкілдерінің (тұтынушылар) және жылумен жабдықтаушы ұйымдардың ағындағы судың түсі шығындық судың түсімен сәйкестеніп сынамаға алынған талдамасы болған кезде аяқталды деп саналады.

Жылу желілерін шаюдың сапасына жауапкершілік жылу желілерін пайдаланушы ұйымдарға жүктеледі, ал орталық жылыту жүйесі, желдеткіштер және ғимараттарды ыстық сумен жабдықтау – үйішілік жүйелерді пайдаланатын ұйымдарға жүктеледі.

43. Жөндеу және құрылыс ұйымдары жұмыс басталғанша 15 күнтізбелік күн бұрын қолданыстағы жылу көзі жабдықтары немесе жылу желілері үшін жылумен жабдықтаушы ұйымның жұмыс өндірісі кестесімен келісуі керек. Егер технологиялық кестенің жұмысы ыстық сумен жабдықтауды ажыратудың кезеңінен бұрын едәуір уақытты талап етсе, жұмысты ұйымдастыру жобасында тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтауға мүмкіндік беретін ісшаралар қарастырылуы тиіс.

44. Жылу маусымына жылумен жабдықтау көздерінің, орталық жылу пункттерінің, жылумен жабдықтаушы ұйымдардың жылу желілерінің дайындығы 1 қазаннан кешіктірілмей күзгі-қысқы кезең жұмысына электр және жылумен жабдықтаушы ұйымдарының дайындығын бағалау жөніндегі ережеге сәйкес белгіленген және қолданыстағы тәртіпте құрылған комиссиялармен анықталады.

45. Коммуналдық қызметтерді тұтынушылар 15 мамырға дейін жылумен жабдықтаушы ұйымдармен бірге жеке жылыту пункттерінің ғимараттары мен үйішілік жүйелердің жылу маусымына дайындығын жұмысқа қосуды тапсыру кестесімен келіседі. Ғимараттар мен үйішілік жүйелерде дайындықтарды жүргізу мерзімдері ыстық сумен жабдықтауды ажырату кезеңімен сәйкес келуі қажет. Келісілген кестелер тиісті деңгейдегі әкімдіктерге тапсырылады.

46. Жылу маусымына дайындық барысында коммуналдық қызметтерді тұтынушылар тұрғын үй қорында жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізеді, тұрғын үй қорын техникалық пайдалану нормалары мен ережелерін басшылыққа ала отырып, тиісті үлгі бойынша толтырылған көппәтерлі үйлерді жалпы тексеру актісінде көрсетілген ғимараттар мен үйішілік жүйелерді көктемгі тексеру нәтижелерін ескеріп жүргізеді.

Жылуды тұтыну жүйесін дайындау келесі кезеңдерден тұрады:

1) шаю;

2) жөндеу;



3) гидравликалық тұщыту.

Барлық кезеңдерді жылумен жабдықтаушы (энергия беруші) ұйым өкілдерінің қатысуымен екіжақты актілерді толтыра отырып коммуналдық қызметті атқарушылар жүргізеді.

47. Жұмыстарды орындағаннан кейін жылу тұтыну жүйесін қабылдауды жылумен жабдықтаушы ұйым жүзеге асырады және осы Қағиданың 7 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша екі жақты актімен рәсімделеді.

Акт бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйелері жылу маусымына дайындалмаған деп саналады және 10 күнтізбелік күн ішінде қайтадан куәландыруға жатады.

Жылумен жабдықтаушы (энергия беруші) ұйымдары нысандарының дайындығын тексеру актісі рәсімделмесе оларды жылуды тұтыну жүйелеріне қосуға жол берілмейді.

48. Қайтадан қосылған жылу қолданушы қондырғылар жобалау құжаттамасына сәйкес орындалуы тиіс. Жылу қондырғылары мен желілерді пайдаланылымға қосқанға дейін коммуналдық қызметтерді орындаушы (тұтынушы) монтаждау ұйымымен бірге жылумен жабдықтау ұйымының өкілі қатысуы арқылы қажетті сынақтарды, жөндеулер мен шаюларды жүргізуі тиіс.

49. Жылыту жүйесін дайындағаннан кейін сыртқы желіні әрі қарай ажыратып, желілік суды тотыру арқылы оған консервация жасалады, ал қажет жағдайда - бітеуіштер орнатылады.

50. Нысандарды қысқы кезең жағдайына пайдалану дайындығы дайындық паспортымен расталып, жылумен жабықтаушы ұйым нысандарының дайындығын тексеру актісі мен күзгі тексеру нәтижелері бойынша толтырылған көппәтерлі тұрғын үйлер мен ғимараттардың, үйішілік жүйелерінің жалпы тексеріс актісі негізінде төмендегідей рәсімделеді:

1) әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар осы Қағиданың 8 қосымшасына сәйкес 1 қыркүйекке дейін;

2) тұрғын үйлер осы Қағиданың 9 қосымшасына сәйкес 25 қыркүйекке дейін;

51. Қазандықтардың, жылу желілерінің, орталық жылу пункттерінің, сору стансаларының, үй-құрылыстарын орталық жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің, пайдалануға қабылданбаған коммуналдық қызметтерді атқарушылардың (тұтынушылар) және жылумен жабдықтаушы ұйымдардың жылу маусымына дайындықтарын құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді. Қолданыстағы инженерлік коммуникацияға қажетті қосылулар 25 қыркүйекке дейін орындалуы тиіс.

52. Су құбыры желісінен суарналарының ұлғаюына байланысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарындағы кез-келген жұмыстарды жүргізу барысында жылумен жабдықтаушы ұйымдар күні бұрын (2-3 күн бұрын) бұл жайында сумен жабдықтаушы ұйымдарды хабардар етуі қажет. Осы тармақтың талаптары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарындағы апаттарды жою барысында кәсіпорындармен ұйымдардың өзара қарым-қатынасы туралы ережемен анықталған орындалуы маңызды тәртіпте іске асырылатын апатты-қалпына келтіру жұмыстарына таратылмайды.

53. Резервтік отын шаруашылығының жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс, ал негізгі және резервтік отынның нормативті қоры 1 қазанға қарай құрылуы тиіс.
4. Жұмыстағы жылумен жабдықтау жүйесі және резервтік отын шаруашылығын сынақтан өткізу (алдын ала жағулар)
54. Жұмыста жылумен жабдықтау жүйесі мен резервтік отын шаруашылығын сынақтан өткізу (алдын ала жағулар) кезеңдік жағудың басталуына және жасырын ақауларды анықтауға қарай резервтік отын шаруашылығы, жылу желілері мен жылумен жабдықтау көздерінің дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.

55. Жұмыста жылумен жабдықтау жүйесі мен резервтік отын шаруашылығын сынақтан өткізу (алдын ала жағулар) жылумен жабдықтаушы ұйымдар әзірлеген сынақтан өткізу кестесіне сәйкес жүргізіліп, коммуналдық қызметтерді көрсетушілер және ресурспен жабдықтаушы ұйымдармен 25 тамызға дейін келісіледі.

56. Жылумен жабдықтаушы ұйымдар 1 қыркүйекке дейін қалалар мен аудандар әкімдіктерінің бекітуіне алдын ала жағуды сынақтан өткізудің келісілген кестесін тапсырады.

57. Жұмыста жылумен жабдықтау және резервтік отын шаруашылығы жүйесін сынақтан өткізудің нақты мерзімі туралы шешімді қалалар мен аудандардың әкімдіктері коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың, жылумен және ресурспен жабдықтау ұйымдарының сынақтан өтуге дайындығы туралы жазбаша хабарламасынан кейін қабылдайды.

58. Жылумен жабдықтаушы ұйымдар арнайы бағдарлама бойынша жылумен жабдықтау жүйесін сынақтан өткізуді қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен, энергетикалық қадағалау жөніндегі өкілетті органдармен және төтенше жағдайлар жөніндегі өкілетті органдармен келісіп өткізеді. Жылумен жабдықтау жүйесіне сынақты өткізу барысында консерванттарды ауыстыру және қысымға жылумен жабдықтау мен жылу тұтыну жүйесін орнату жүргізіледі.

59. Жылумен жабдықтау жүйесін сынау 72 сағат ішінде жасалады, сонымен қатар жылу тасығыштың шығындары мен параметрлері есептерінің жұмыс сызбасы және толықтай ғимараттың жылыту жүйелеріне қосылуы бойынша жылумен жабдықтау көздерінің жұмысы қамтамасыз етілуі тиіс.

60. Жылумен жабдықтау жүйесін алдын ала жағулар режимінде іске қосу мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі өкілетті органмен, электр энергетика саласындағы жүйелік оператормен, қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі өкілетті органдарымен келісілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

61. Жылу көздері мен ғимараттар жабдықтарын қосу үшін:

1) алғашқы тәулікте жылу көздерінде жылуландыру жабдықтары сызбасын жинақтау, жабдықтарды консервациялау мен сынау, бак-аккумуляторларды ең жоғары деңгейде толтыру, сумен толтыру және жылу желілері құбырларының төмендейтін және кері қысымына қою бойынша айналымды орнату жұмыстары атқарылады;

үйішілік желілерде арматураларды іске қосу жағдайына қарай орнату, құбырлар мен жылумен жабдықтау жүйелерін сумен толтыру, тексерілген бақылау-өлшегіш аспаптарымен реттегіштерінің болуы бойынша жұмыстар жүргізіледі;

2) екінші тәуліктен бастап ғимараттарды қатаң түрде кестеге сәйкес қосулар басталады.

62. Жылу желілерін іске қосу жылу желілерін пайдаланушы ұйымның басшысы немесе бас инженері бекіткен, жылумен жабдықтау көзін пайдаланушы ұйымның басшысы немесе бас инженерімен келісілген жұмыс бағдарламасына сәйкес іске қосатын бригада жүргізеді. Іске қосқанға дейін жылу желісінің іске қосылатын жабдығының дұрыстығының тексерілуі, сынақ, шаю мен қабылдау актісі қарастырылуы тиіс. Бекітілген бағдарлама мен кестеге тәуелсіз жұмысты ұйымдастыруға жауапты тұлғаның тікелей берілетін жылу желілерін рұқсатсыз іске қосуына жол берілмейді.

63. Үйішілік желілерді жылу желілеріне қосу келесі тәртіпте жүргізіледі:

1) ғимараттың ыстық сумен жабдықтауы ажыратылады (тек жылумен жабдықтаудың ашық сулы жүйесінде ғана);

2) үйлер жүйесіндегі консервацияланған сулар кәрізге ағызудың тәсілімен келесі жылу жүйесі және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосыла отырып желілік сумен ауыстырылады.

Үйішілік жүйелерді суға толтыруды ғимараттың жылумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес коммуналдық қызметтерді орындаушылар жүргізеді.

Ауа жинақтағыш жүйесін толтыру кезінде жоғары нүктелер ауаның шығуы мен су пайда болғанға дейін ашық болуы тиіс. Ғимараттың жылумен жабдықтау жүйесін толтыру барысында ауа жинақтағышты тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету қажет. Айналым пайда болғаннан кейін ауа жинақтағыштан ауаны шығаруды оның әбден жойылып кеткенінше әрбір 2-3 сағат сайын қайталап отыру қажет.

64. Алдын ала жағуларды жүргізу кезеңінде:

1) жылумен жабдықтаушы ұйымның жұмыскерлерімен жылу желілері мен жылуды реттегіш қондырғыларының жұмысына бақылау жасалады, мүмкін болатын ақауларды анықтау және жылумен жабдықтаудың жолсыздықтары мен тұрақтандыруларын жою бойынша уақытында шаралар қабылдау мақсатында тексерулер мен байқаулар жүргізіледі;

2) тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері бағаналар мен жылыту аспаптарының жылынуын, жылу қолданушы жабдықтардың жұмысын, ғимарат пен реттегіш тораптарының жылу тасығыш параметрлерін тексереді.

65. Жылумен жабдықтау көздері мен жылу желілерінің жұмыстарын талдау үшін коммуналдық қызметтерді тұтынушылар жылу көздерін іске қосқаннан кейін 24 сағат және 48 сағат өткен соң жылумен жабдықтаушы ұйымға бақылау нүктелеріндегі жылу тасығыш параметрлері туралы жылумен жабдықтаушы ұйымымен келісілген ақпаратты жолдайды.

66. Алдын ала жағулардың аяқталуы бойынша коммуналдық қызметтерді тұтынушылар жылумен жабдықтаушы ұйымымен ғимараттың мекенжайын көрсете отырып, алдын ала жағулардан өткен және анықталған кемшіліктердің тізбесін құра отырып екіжақты актіні құрады.

67. Жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілерінің және тұтынушылардың сынақ процесінде анықтаған кемшіліктері алдын ала мерзімдік жағуға дейін жойылуы тиіс.

68. Қалалар мен аудандардағы жылумен жабдықтау жүйесіне сынақты жүргізу туралы ақпараттарды тиісті әкімдіктер 20 қыркүйек, 25 қыркүйек және 1 қазандағы жағдай бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі өкілетті органға жолдайды.



5. Кезеңдік алдын ала жағулар
69. Сыртқы ауа мен ауа райының басқа да қолайсыз факторларының белгіленген орта тәуліктік температурадан төмендігін ескере отырып қалалар мен аудандардың әкімдіктері жылуды жіберуді шектеу және жылумен жабдықтау барысында мерзімдік алдын ала жағулар жариялауы мүмкін. Сонымен қатар, мерзімдік алдын ала жағулар режімінде жылумен жабдықтау жүйесінің уақытша жұмыс кезеңі бес күнтізбелік күннен кем болмауы қажет.

70. Жылумен жабдықтаушы ұйымдар 1 қыркүйекке дейін жылумен жабдықтау жүйесіне қосу кестесін әзірлеп, қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Аймақаралық аумақтық басқармасымен және төтенше жағдайлар жөніндегі өкілетті органдармен келіседі, оны коммуналдық қызметті тұтынушыларға және ресурспен жабдықтаушы ұйымдарға жолдайды. Кестеде тұтынушыларды қосудың келесі кезегі сақталуы тиіс:

1) білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау нысандары;

2) тұрғын жайлар, қонақ үйлер, жатақханалар, мәдениет және спорт нысандары;

3) әкімшілік ғимараттар, өнеркәсіп кәсіпорындары мен басқа да ғимараттар.

Бірмезгілде толтырылатын үйішілік жүйелердің санын анықтау барысында жылумен жабдықтау көздерінің шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етілуін, су дайындағыш және су сіңіргіш қондырғыларының өнімділігін ескеру қажет.

71. Жылу көздері жабдықтарын қосу және ғимараттарға жалғау осы Қағидаға сәйкес жүргізіледі.

72. Барлық ғимараттарды жылуға жалғағаннан кейінгі жеті тәулік ішінде коммуналдық қызметтерді тұтынушылар жабдықтың жағдайы мен үйішілік жүйелердің алғашқы реттегішіне тексеру жүргізеді. Және де жылумен жабдықтаушы ұйымдар ғимараттарды қосу кезінде есептік гидравликалық параметрлерді қамтамасыз етуі тиіс.

73. Жылумен жабдықтау көздерінің іске қосылуы, сонымен бірге ғимараттарды жылумен жабдықтау жүйелеріне жалғау барысын жедел бақылау үшін күн сайын барлық ғимараттардың қосылуы бойынша қалалық және аудандық әкімдіктерден облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі өкілетті органға тиісті үлгі бойынша жедел анықтамаларды жолданады.

74. Кезеңдік алдын ала жылыту барысында жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілерінің және үйішілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылу маусымы басталғанға дейін жойылуы тиіс.


6. Жылыту маусымы
75. Сыртқы ауа температурасының +8°С және одан да төмен болғанда бес тәулік ішінде немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болған кезде қалалар мен аудандардың әкімдіктері жылу маусымын жариялайды.

76. Энергия, жылу беруші ұйымдардың жылумен жабдықтау режимдерінің жұмысын, уақытында анықталуын және бұзылуларды жоюды талдау үшін аптасына кемінде екі рет жылумен жабдықтаушы ұйымдармен келісіп, бақылау нүктелеріндегі жылу тасығыштардың параметрлері туралы ақпаратты жылумен жабдықтаушы ұйымға тапсырады.

77. Жылумен жабдықтаушы ұйымдар жылу маусымы басталғаннан кейін бір ай ішінде жылу желілерінде жылу желілерінің соңғы реттеуіштерін жасайды және ғимараттарға қосады, коммуналдық қызметтерді тұтынушылар – үйішілік жүйелердің соңғы реттегішін жүргізеді. Егер кварталдарға (шағынаудан) жылумен жабдықтау көздеріндегі жылу тасығыштардың есептік гидравликалық параметрлері барысында жеке ғимараттарға енгізу параметрлері қамтамасыз етілмесе, жылумен жабдықтаушы ұйым коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың ақпараттары бойынша 12 күндік мерзім ішінде пысылдауық пен диафрагмаға қайта есептеулер жүргізеді.

78. Жылу маусымы барысында Қарағанды облысының жылумен жабдықтау жүйелері келесі режімдердің бірінде жұмыс істейді:

1) қалыпты –-15°С дейінгі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы кезінде;

2) күшейгенде – 15°С бастап -26°С дейінгі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы кезінде;

3) есептелмегенде – -26°С дейінгі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы кезінде.

Жылумен жабдықтау жүйесін күшейген және есептелмеген жұмыс режіміне ауыстыру кезінде барлық деңгейдегі әкімдіктер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешені ұйымдары қалалар мен елді мекендерді жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жбдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қолданады. Қабылданған шаралар туралы ақпарат облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық жөніндегі атқарушы органына жолданады.

79. Жылу маусымының өтуі кезінде жылумен жабдықтаушы ұйым келесілерді орындауы қажет:

1) тұтынушыларға гидравликалық және темпаратуралық параметлердің есептерін қамтамасыз етеді. Жылумен жабдықтау көздерінің есептік температуралық жұмыс кестесінен жоспарлы ауытқуларына қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі өкілетті органдардың, облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі өкілетті органдарының келісімімен рұқсат етіледі;

2) жоспардан тыс шектеулер немесе жылуды беруді тоқтату барысында не болмаса ыстық су сапасының төмендеуі кезінде қалалар мен аудандар әкімдіктеріне, мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі өкілетті органға, облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі өкілетті органына, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың кезекшілік қызметтеріне себептерін, қолданылатын шаралар мен жою мерзімдерін көрсете отырып тез арада хабарлама жасалады.

3) жылумен жабдықтау көздері мен инженерлік желілердегі орын алған апатты жағдайлар кезінде жылу, электр, отын және сумен жабдықтаушы ұйымдардың, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың, жөндеу-құрылыстық, транспорттық ұйымдар мен басқа да қызметтердің өзара қарым-қатынастарын ескере отырып, электр және жылумен жабдықтау жүйелеріндегі апатты жағдайларды жою тәртібі туралы нұсқаулықпен анықталған мерзімде өздерінің өкілдерінің іссапарға шығуын қамтамасыз етеді;

4) Жылу желілері құбырларындағы ақаулар мен кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар қолданыстағы нормативтерге сәйкес мерзімде жүргізіледі. Қажет жағдайда жұмыстар жылумен жабдықтаушы ұйым әзірлеген және қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі өкілетті органдармен, облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі өкілетті органдармен келісіп, жұмыс жасаудың кестесі мен бағдарламасы бойынша жүргізеді;

5) ұйымның балансында тұрған инженерлік желілер мен жабдықтардың техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

80. Жылу маусымының өтуі кезінде энергия беруші ұйымдар:

1) тұрғындардың талаптарын қабылдауды ұйымдастыруға және талаптардың себептерін анықтау мен жою бойынша шаралар қабылдауға;

2) Энергия тұтыну режиміне қатысты энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жедел нұсқаулықтарын орындауға;

3) өз бетінше соқтығуларға (жылумен жабдықтаушы ұйымның рұқсатынсыз), диафрагма мен пысылдауықтарды шешуге немесе бұрғылауға, тіреушелер арқылы суды ағызуға және т.б. жол бермеуге;

4) барлық қыздырғыш аспаптардың бірқалыпты қыздыруын қамтамасыз етуге;

5) +50°С бастап +75°С дейінгі шегінде жылу алмастырғыш аппарат арқылы жылумен жабдықтаудың жабық жүйесінің құбырына жалғанған, және +60°С - +75°С шамасындағы жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінің тікелей және кері құбырына тікелей жалғанған – ыстық сумен жабдықтаудың жүйесіндегі су температурасының реттелуін қамтамасыз етуге;

6) ұйым балансында тұрған инженерлік желілердегі технологиялық бұзылуларды оқшаулау мен жою бойынша жедел шаралар қабылдауға және нормативті мерзімдегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарының инженерлік қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар мен ақауларды жоюды іске асыруға;

7) жылумен жабдықтаудың шектелу ұзақтығы мен шектеулерінің себептері туралы тұтынушыларды бұқаралық ақпарат құралдарымен және үй кіре берістеріне жарнамалар жариялау арқылы уақытында құлақтандыруға;

8) ыстық және суық су шүмектерінің тығыздығын жүйелі түрде бақылауға, сонымен қатар ақаулар мен кемшіліктерді анықтау мен жою бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

9) жылумен жабдықтауға не болмаса желілік су айналымының тоқтап қалуына байланысты сыртқы жылу желілеріндегі немесе жылумен жабдықтаудың көздеріндегі апаттар барысында жылытудың, ыстық және суық сумен жабдықтаудың үйішілік жүйесінің тиімді босатуларын, және де сыртқы ауа температурасының қолайсыздығы кезінде олардың қатып қалуларының алдын алуға арналған ақауларды жойғаннан кейінгі жұмысына қосылуын қамтамасыз етеді. Су жүйесін бұрғылау қажеттігі туралы шешімді қалалар мен аудандар әкімдіктерінің келісімдері бойынша және жылумен жабдықтаушы ұйымның алдын ала хабарламасы арқылы коммуналдық қызметтерді тұтынушылар қабылдауы қажет. Жылынатын ғимараттың топтаушы әдісі мен құрылымына тәуелсіз бұрғылаусыз су жүйелерін ағытуға жол беретін, әрі ұзақтығы жергілікті шарттарды ескеретін нұсқаулық бойынша анықталуы тиіс. Нұсқаулықты әзірлеу барысында тұрғын үй жайлары мен қоғамдық ғимараттардағы ауаны тазарту уақытын есептеу Әдістемесін қолдану ұсынылады;

10) технологиялық бұзылулар кезінде ажырату зонасына тиісті нысандар мен ведостваға қарасты нысандардағы апатты жағдайлар кезінде өз өкілдерінің іссапарын жылу және ресурспен жабдықтаушы ұйымдардың, коммуналдық қызметтерді орындаушылардың, жөндеу-құрылыстық, транспорттық ұйымдар мен басқа да қызметтердің өзара қарым-қатынасын ескере отырып, электр және жылумен жабдықтау жүйелеріндегі апатты жағдайларды жою тәртібі жөніндегі нұсқаулықпен анықталған мерзімде қамтамасыз етуге;

7. Энергетикалық жүктемелердің қысқы кезеңдегі жоғарғы шектен өтуі
81. Энергетикалық жүктемелердің қысқы кезеңдегі жоғарғы шегі жылытуға арналған есептеуге жақын сыртқы ауа температурасының қолайсыздығы кезеңінде анықталады.

82. Энергетикалық жүктемелердің қысқы кезеңнің жоғарғы шегіне өтуі кезінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін 1 қарашаға дейін жабдықтардың жөнделуі аяқталуы тиіс, жылу маусымының алғашқы кездерінде анықталған ескертулер мен ақаулар жойылуы қажет, резервтік отынға арналған жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ететін жылу желілері мен желілерді реттейтін кешенді сынақ өткізілуі қажет.

83. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінде Қарағанды облысының тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніндегі ұйымдардың қатысуымен энергетикалық жүктемелердің жоғарғы шегінің өтуі кезеңінде тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешені нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде жедел шаралар қабылдайтын тұрақты жұмыс тобы құрылады.

84. Сыртқы ауа -15°С орташа тәуліктік температурада болғанда қалалар мен аудандар әкімдіктері жылумен жабдықтаудың режімі күшейгенін хабарлайды, хабарлама барысы келесідей болады:

1) хабарландыру сызбасы анықталады, жылу және ресурспен жабдықтаушы ұйымдардағы жауапты жұмыскерлердің, коммуналдық қызметтерді орындаушылардың, сонымен қатар қажет жағдайда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қолданушылары мен жалға алушыларды тарта отырып, басқа да тұтынушылардың кезекшілігі жасалады.

2) жылу және ресурспен жабдықтаушы ұйымдардың апат бригадаларының дайындық жағдайын арттыру басты назарда болады, олардың апатты-қалпына келтіру жұмысын жасау үшін жабдықтарды, аспаптарды, материалдар мен қосалқы бөлшектерді жинақтауы тексеріледі.

85. Коммуналдық қызметті тұтынушылардан орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі мен ғимараттарды жылыту жағдайы жөніндегі жұмыстарға тұрақты бақылау ұйымдастырылады.

86. Жылумен жабдықтаушы ұйымдар арқылы жылумен жабдықтау көздеріндегі резервтік жабдықтардың жұмысы, негізгі және резервтік отынның қаншалықты екендігі тексеріледі.

87. Сыртқы ауа -26°С орташа тәуліктік температурада болғанда қалалар мен аудандар әкімдіктері жылумен жабдықтаудың есептелмеген режімін жариялайды, жариялау барысында:

1) барлық жылу және ресурспен жабдықтаушы ұйымдарда басшылық пен инженерлік-техникалық құрамы арасынан тәулік бойғы кезекшілік енгізіледі.

2) қалалар мен аудандар әкімдерінің өкімдерімен әкімдік қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылады.

88. Күшейтілген және есепке алынбаған режімді жариялау барысында жылу және ресурспен жабдықтаушы ұйымдардың, әкімдік қызметкерлерінің әрекеті мен ісшаралары тиісті нұсқаулықта көрсетіледі.


8. Жылыту маусымының аяқталуы және жылу кезеңі аралығында ыстық сумен жабдықтауды (ЫСЖ) қамтамасыз ету
89. Жылу маусымының аяқталуы орта айлық температураның қалыпты кезеңінде жүргізіледі.

90. Сыртқы ауа температурасы +8°С жоғары болғанда бес тәулік ішінде немесе сыртқы ауа температурасының кенет жоғарлау туралы болжам кезінде қалалар мен аудан әкімдіктерімен жылуды тұрақты берудің аяқталуы және жылудың жіберілуіне шектеу қойылып кезеңдік алдын ала жылытуға ауысуы жарияланады.

91. Кезеңді алдын ала жылыту уақытында сыртқы ауа +10°С жоғары орташатәуліктік температурада және екі тәулік ішінде жоғары болғанда ғимаратты жылыту жүйесі ажыратылып, олардың тұрақты толықтырылуын қамтамасыз ететін тірекке қойылуы тиіс. Орта тәуліктік температура +8° С дейін екі тәулік ішінде төмендегенде ғимаратты жылыту жүйелерін қосу бойынша және берілген режимде жылумен жабдықтау көздерінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар орындалады. Ашық сызба бойынша жұмыс істейтін жылумен жабдықтау жүйелерінде нормативті және санитарлық нормаларға сәйкес ыстық және суық сумен жабдықтаудың тиімділігін қамтамасыз ете отырып, жылу тасығыштардың айналымын жоғары деңгейде қысқарту қажет.

92. Сыртқы ауа +10°С орташа тәуліктік температурада және екі тәулік ішінде жоғары болғанда немесе сыртқы ауа температурасының күрт жоғарлауы туралы болжам барысында қалалар мен аудандар әкімдіктері жылу маусымының аяқталғанын жариялайды.

93. Жылу маусымының аяқталуы туралы жарнамадан кейін коммуналдық қызметтерді тұтынушылар жазғы жұмыс режимінде (ыстық сумен жабдықтау) жылумен жабдықтау жүйесін ауыстыру кезінде жарылулардан аулақ болу үшін запорлы арматура көмегімен ғимараттардағы жылыту жүйесін ажыратуға, қажет жағдайда тіреуіштерді орнатуға және жөндеу жұмыстары басталғанға дейін жүйелерді консервациялау үшін желілік сумен толтыруға, сонымен қатар жылу тұтынатын су қыздырғыштарын кептіруге және ауа айналымын орындауға, ыстық сумен жабдықтау жүйесінің жазғы кесте бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиісті.

94. Аралық жылу маусымы кезеңінде жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды жылумен жабдықтау көздерінің жұмыс режимін көрсете отырып жабдықтар мен жылу желілерінің бекітілген жұмыс сызбасы бойынша ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар бақылау нүктелеріндегі жылу тасығыш параметрлері берілген деректерге сәйкес болуы қажет. Суарналық нүктеден (шүмектер, қоспалағыштар) берілетін су температурасы санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына жауап беруі тиіс.

95. Жылу желілерін, жылу пункттерін және жылу тұтыну жүйелерін жөндеу 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында бірмезгілде жасалады. Ыстық сумен жабдықтауды тоқтатуға байланысты жөндеудің ұсынылатын мерзімі – 14 күн. Алайда, әрбір нақты жағдайда жөндеудің ұзақтығын қалалар мен аудандар әкімдіктері белгілейді.

96. Жылу аралық кезеңде ыстық сумен жабдықтаудың режимін бақылау үшін жылумен жабдықтаушы ұйымдар 1 мамырға дейін қалалар мен аудандар әкімдіктеріне жылумен жабдықтау көздерін жөндеу жұмысы кестелерін тапсырады.

97. Аралық жылу маусымы кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жылумен жабдықтау көздері мен жылу желілерінің дайындығы қалалар мен аудандар әкімдіктері бекітетін актімен рәсімделеді.

98. Өткен жылу маусымында, сонымен қатар көктемгі тексеріс нәтижелерінде тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды пайдалану процесінде анықталған қателіктер мен ескертулер тиісті үлгі бойынша алдағы жылу маусымында пайдаланылатын нысандардың дайындық паспортына енгізіледі.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет